Нәрестенің психикалық дамуы


Нәрестенің психикалық дамуы
Бір жас ішінде бала қимыл-қозғалыстарының дамуы және психикалық прогрестері мен қасиеттерінің қалыптасуы жағынан үлкен жетістіктерге жетеді. Ол басын ұстауды, отыруды, еңбектеуді, ақырында, тік тұруды және бірнеше қадам жасауды үйренеді. 3-4 айлық кезда жармасу қимылдары дами бастайды. Бала өзін қызықтырған жарқырауық затқа ұстылады, оған қолын созады, ұстауға тырысады.
Алғашқыда бұл қимылдар жөнді үйлеспейді; нәресте жиі қателіктер жіберіп, ұстай алмай қалады.
Жармасу әрекетінің қалыптасуымен қатар заттармен сілкілеу, тақылдату, лақтыру т. б. тәрізді қарапайым қимылдар жасау да дамиды. Мұндай іс-әрекеттерді орындай отырып, бала нәрестенің, заттардың толып жатқан қасиеттерімен жанысады. Нәресте үшін өткінші өзгермелі әсерлер негізінде тұрақты, оған тәуелсіз заттардың болатыны байқалына бастайды. Қабылдау заттыққа және тұрақтылыққа ие болады.
Нәрестелік шақты баланың психикалық белсенділігінің сипаты өзгереді. Әдейі іс-әрекет жасау тенденциясы көріне бастайды. Балада кездейсоқ қимылдарды қайта жаңғырту мүмкіндігі қалыптасады. Бұл қимылдарды жасаудан бұрын сәби оларды алдын ала болжап қоймаса да, осы қимылға байланысты қоршаған ортаның өзгерісін көру үшін қимылды әдейі қайталауға нәресте қабілетті болады.
Нәрестелік шақтың соңына қарай балалар үлкендердің көптеген іс-әрекеттерін қайталай отырып, үлкен еліктеушілік көрсетеді.
Әдейі жасалған әрекеттер мен еліктеу ақылдың күшті дамып келе жатқандығын дәлелдейді. Шындығында да, балалар заттармен әдейі (тарсылдатып, сілкілеп, бұрап) әрекеттер жасай бастаған соң, үлкендердің қарапайым әрекеттеріне еліктеуден қайсыбір жетістікке жеткен соң, балалардың әрекеттерінен ойлаудың қарапайым көріністерін байқауға болады. Затпен қимылдар жасау үстінде бала үшін проблемалық ситуация туады, оны да ол қимылдар жасау жолымен шешуге тырысады.
Сөйлеуді игерудің алғышарттарының қалыптасуы
Қарым-қатынастың қажеттілігі сөйлеуге еліктеудің пайда болуының негізін қалайды. өзімен үлкендер сөйлескен кезде бала ерте бастан-ақ бірден тынышталып, көңіл қоя тыңдайды.
Туғаннан кейін 3 айдан соң, егер баланың көңіл-күйі жақсы болса, ол уілдеп, дыбыс шығарады. Үлкендер балаға жақындап еңкейсе, бұл уіл күшейте түседі. Бала өзі шығарған дыбысқа құлақ қойып тыңдайды. Бірқатар кейінірек (туғаннан соң 4 ай шамасында) бала дыбысты мейлінше анық шығара алатын болады. Мысалы: оны тербетіп, «а-а-а! а-а-а!» - деп әндеткен кезде нәресте дыбыстың өзі болмағанымен оның ырғағын («-ы-ы-ы! Немесе о-о-о» деген дыбыс шығуы мүмкін) міндетті түрде қайталайды.
Сөйлеудің эмоцияалық үнін бала тез түсінеді. Эмоциялық көңіл күй баланың жалпы белсендігін арттырады. Дүниеге келген алғашқы жылдың екінші жартысында дұрыс дамып келе жатқан дені сау бала былдырлап сөйлегіш келеді.
Былдырлау арқылы сәби қарым-қатынас жасауға әзірлігін білдіреді, жаңа сөздерді ажырата және айта білуге үйренеді.
Қимыл мен іс-әрекетті дамыту. Бала дүниеге келген алғашқы бір жыл ішінде кеңістікте қозғалып, заттармен іс-әрекет жасауды үйрету арқылы елеулі табыстарға жетеді. Ол басын дұрыс ұстап, отырып, еңбектеп, тәй тұрып, қаз басуға үйренеді. Көзіне көрінген затқа ұмтылып, жармасады, ұстайды да, ақырында, оларды сілкілейді, лақтырады, керуетке соққылайды т. б.
Осындай прогрессивті қимылдар және іс-әрекеттермен қатар, дұрыс тәрбие болмаған жағдайда балада қимылдың тұйық түрлері қалыптасуы мүмкін, олар баланың онан әрі дамуына жағдай жасамайтыны былай тұрсын, қайта кедергі келтіреді. Бұған саусағын сору, бетіне апарған қолды қарағыштау, қолбасын шұқылау, төрт аяқтап теңселу жатады.
Айналасындағыларға бағдарлануды дамыту. Бала қимыл мен әрекеттің жаңа түрлерін меңгеріп, оларды жетілдірген сайын, оның қоршаған кеңістіктегі, заттардың қасиеттерімен қатынасын бағдарлауы әлі де болса бөлек-бөлек сипатта болмайды - одан кейін, қабылдау, ойлау, есте сақтау т. б. сияқты жеке салаларды бөліп алу қиынға түседі.
Нәрестенің сыртқы қимылдар мен іс-әрекеттердің көмегімен орындалатын қоршаған дүниені бағдарлауы психикалық процестің (қабылдау, ойлау) көмегімен орындалатын бағдарлаудан бұрын пайда болады және оның негізі болып табылады.
Нәресте мен үлкен адам
Нәресте мен үлкен адам (нәрестелік шақтың шегі - бір-екі айдан бір жылға дейін. ) бірқатар зерттеушілердің пікірі бойынша, бала алғашқы айларда өзінің тұйық дүниесінде тіршілік етуші асациалдық тіршілік иесі болып есептеледі. Сондықтан жаңа туған бала шыр ете қалуын олар баланың өзіне жат әрі жау болмыспен бетпе-бет кездескендігі, сасқлақтап, абыржып қалуы деп бағалайды. Мәселен, З. Фрейд жарық дүниеге келгені баланың шыр ете қалуын, оның ана органимінен бөлінген сәтте болатын қашыға жылауы деп есептейді. Фрейдтің айтуынша, осы сәттен бастап баланың инстинктік қажеттіліктері мен қоғамдағы өмір талаптары, арасындағы тұрақты қақатығыс пайда болады.
Фрейдтің бұл идеясы бала туған сәттен екі жасқа дейін болмыстан мүлдем аулақ болады: оның ішкі дүниесі өз қажеттіліктерін ақиқат денеде емес, өздерінің қиялдарында, түс тәріздес толғаныстарында қанағаттандырудың тума қабілетімен шектеледі деп есептеген. Ж. Пиаженің алғашқы еңбектерінде әсер етті.
Француздың прогресшіл зерттеушісі А. Валлон шырылдап жылауды бірдемені алдын ала сезу немесе соған байланысты өкіну ретінде психологиялық дәлелдеушілікті құрғақ бос қиял деп есептейді. Бала психикасының әуел бастан оқшаулануы жөніндегі Ж. Пиаже қағидасы өз кезінде Л. С. Выготский ал кейінерек басқа да психологтар тарапынан сынға ілікті. Зерттеулерде алынған көптеген фактілер нәресте өмірі тұтастай үлкендерге тәуелді болатыны көрсетіледі. Үлкен адам баланың органикалық қажеттіліктерін қанағаттандырады, тамақтандырады, шомылдырады, аударып салады.
Л. С. Выготский баланың болмысқа деген қарым-қатынасы әуел бастан әлеуметтік қарым-қатынас болады деп атап өтті.
Нәрестелік шақтағы психологиялық дамудың алғы шарттары мен ерекшеліктері
Жаңа туған бала. (туған сәттен бір-екі айға дейін) . Бала көптеген жануарлардың төліне қарағанда дәрменсіз болып туылады. Оның шартсыз рефлекстік мінез-құлық формаларының қоры, сыртқы ортаға бейімдеулері біршама шағын мөлшерде болады. Олар түрлі физиологиялық функциялардың өтуін реттеуші: сору рефлексі, қорғану мен бағдарлау рефлекстері, сондай-ақ бірқатар арнайы қозғалыс рефлекстері, жармасу және сүйену рефлекстері, атап басу рефлекстері және т. б. жатады. Олардың бәрі баланың сезім мүшелері сияқты туылатын сәтке қарай тиісті мөлшерде дамып жетілетін жұлын және ми қабағы, асты нерв орталықтарымен реттеліп отырады. Сыртқы әсерлердің көпшілігіне нәресте қолдары мен аяқтарының жалпы, жіктелмеген қимылдарымен жауап қайтарады. Туа біткен мінез құлықтың жаңа формаларын шексіз игерудің мүмкіндігіне ие болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz