Психикалық таным әрекеттерінің оқу іс-әрекетіндегі функциялары



1. Оқу іс.әрекетінде зейінді ұйымдастыру
2. Дүниені танудағы түйсіктің орны
3. Қабылдау. шындықты бейнелеудің жоғары формасы
4. Оқу іс.әрекетіндегі естің маңызы мен ерекшеліктері
5. Ойлау және оны белсендіру
6. Сөйлеу
7. Қиял
«Оқу іс-әрекеті» ұғымы жеткілікті біржақты ұғым емес. Бұл ұғым кейде үйрету, білім беру тіпті оқыту сөзіне синоним бола алады. Тар мағынасында Д.В.Эльконин бойынша, бұл- кіші мектеп жасындағылардың жетекші іс-әрекеттері болса, ал кең мағынасында оқу іс-әрекеті- оқу іс-әрекеттерінің жалпыланған тәсілдерін меңгеретін субъектінің іс-әрекеті.
Оқу іс-әрекетінің үш негізгі ерекшелігі бар: 1) ол оқу материалдарын меңгеру мен оқу міндеттерін шешуге арнайы бағытталған; 2) онда әрекеттің жалпы тәсілдері мен ғылыми ұғымдар меңгеріледі; 3) әрекеттің жалпы тәсілдері міндеттердің шешімінің алдын алады.
Оқу іс-әрекеті адамға ғана тән іс-әрекет, және ол адам өзінің іс-әрекетін саналы басқара алғанда ғана жүзеге асады.
Оқу іс-әрекетінде тек қана іс-әрекеттің танымдық функциялары ғана емес, сонымен қатар қажеттіліктер, мотивтер, эмоция мен ерік қосылады. Оқу іс-әрекетінде абстрактылықтан нақтылыққа, жалпыдан жалқыға өту жүреді.
Оқу іс-әрекетінің ең басты нәтижесі оқушыларда теориялық сана мен ойлауды қалыптастыру. Бұл жерде мәліметтер адамның сезім мүшелерінің қатысуымен жүзеге асады да, оның түйсігі мен қабылдауы іске қосылады, тек содан кейін ғана тану, есте сақтау, ассоциация, және саналы түсіну қосылады. Түйсік дегеніміз адамның сезім мүшелеріне әсер ететін материалдық дүниенің заттары мен құбылыстарының нақты жеке қасиеттерін, сапаларын, жақтарын бейнелейтін танымдық үрдіс.
Зейіннің маңызы адамның қоршаған ортадан бір объектіні бөліп алып, оған шоғырланып, өзге объектіге алаңдамай және таңдалған объектіні іс әрекетке қажетті уақыт бойы «ұстап» тұра алуында. Зейін сырттай мимикадан, қозғалыс белсенділігінің тежелуінен, көздің бағытталуынан, «оқталған» позадан көрініс береді. Қабылдаудың тиімділігі – зейіннің «өткізу қабілеттілігі» оның қасиеттерімен анықталады. Бұл қасиетердің табиғи шектеулері бар, бірақ жаттықтыру мен дамытуға болады.
1. Зимняя И.А. Педагогическая психология. М., 2004.
2. Столяренко Л.Д Основы психологии. Ростов-на Дону, 2005.
3. Намазбаева Ж.И. Психология. Алматы, 2005.
4. Немов Р.С. Психология. Кн.1., М.,2003.
5. Педагогическая психология: конспекты лекции /сост., С.В.Кошелева.- М., АСТ., Спб., Сова, 2005.
6. Елеусізова С. Қарым-қатынас психологиясы. Алматы, Рауан баспасы, 1995.
7. Намазбаева Ж.И. Жалпы психология. Алматы, 2006.

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
Психикалық таным әрекеттерінің оқу іс-әрекетіндегі функциялары

Жоспары:
1. Оқу іс-әрекетінде зейінді ұйымдастыру
2. Дүниені танудағы түйсіктің орны
3. Қабылдау- шындықты бейнелеудің жоғары формасы
4. Оқу іс-әрекетіндегі естің маңызы мен ерекшеліктері
5. Ойлау және оны белсендіру
6. Сөйлеу
7. Қиял

Оқу іс-әрекетін анықтау.
Оқу іс-әрекеті ұғымы жеткілікті біржақты ұғым емес. Бұл ұғым кейде
үйрету, білім беру тіпті оқыту сөзіне синоним бола алады. Тар мағынасында
Д.В.Эльконин бойынша, бұл- кіші мектеп жасындағылардың жетекші іс-
әрекеттері болса, ал кең мағынасында оқу іс-әрекеті- оқу іс-әрекеттерінің
жалпыланған тәсілдерін меңгеретін субъектінің іс-әрекеті.
Оқу іс-әрекетінің үш негізгі ерекшелігі бар: 1) ол оқу материалдарын
меңгеру мен оқу міндеттерін шешуге арнайы бағытталған; 2) онда әрекеттің
жалпы тәсілдері мен ғылыми ұғымдар меңгеріледі; 3) әрекеттің жалпы
тәсілдері міндеттердің шешімінің алдын алады.
Оқу іс-әрекеті адамға ғана тән іс-әрекет, және ол адам өзінің іс-
әрекетін саналы басқара алғанда ғана жүзеге асады.
Оқу іс-әрекетінде тек қана іс-әрекеттің танымдық функциялары ғана
емес, сонымен қатар қажеттіліктер, мотивтер, эмоция мен ерік қосылады. Оқу
іс-әрекетінде абстрактылықтан нақтылыққа, жалпыдан жалқыға өту жүреді.
Оқу іс-әрекетінің ең басты нәтижесі оқушыларда теориялық сана мен
ойлауды қалыптастыру. Бұл жерде мәліметтер адамның сезім мүшелерінің
қатысуымен жүзеге асады да, оның түйсігі мен қабылдауы іске қосылады, тек
содан кейін ғана тану, есте сақтау, ассоциация, және саналы түсіну
қосылады. Түйсік дегеніміз адамның сезім мүшелеріне әсер ететін материалдық
дүниенің заттары мен құбылыстарының нақты жеке қасиеттерін, сапаларын,
жақтарын бейнелейтін танымдық үрдіс.
Зейіннің маңызы адамның қоршаған ортадан бір объектіні бөліп алып,
оған шоғырланып, өзге объектіге алаңдамай және таңдалған объектіні іс
әрекетке қажетті уақыт бойы ұстап тұра алуында. Зейін сырттай мимикадан,
қозғалыс белсенділігінің тежелуінен, көздің бағытталуынан, оқталған
позадан көрініс береді. Қабылдаудың тиімділігі – зейіннің өткізу
қабілеттілігі оның қасиеттерімен анықталады. Бұл қасиетердің табиғи
шектеулері бар, бірақ жаттықтыру мен дамытуға болады.
Зейін – сананың бір объектіге бағыттала шоғырлануы, саналы түсіну
мен мақсатқа бағытталған іс әрекетке мүмкіндік беретін толық және белсенді
қабылдауды қамтамасыз етеді. Зейіннің объектісі кез келген зат, объективті
өмір құбылыстары немесе заттар, құбылыстар топтары, сонымен қатар осы
заттардың қасиеттері немесе адамның өзінің ойы, сезімі, әрекеті болуы
мүмкін. Зейін танымдық іс әрекетпен, оның ішінде еспен, ойлаумен байланысты
барлық таным үрдістердің пайда болуы мен жүзеге асуының негізі.
Зейін маңызды қызметтердің тұтас кешенінің көмегімен танымдық іс
әрекетті тиімді жүргізуге мүмкіндік береді. Егер адам саналы түрде өзінің
зейініне көмектессе, онда оның оқу іс әрекетінің тиімділігі максимальді;
егер де оған кедергі келтірсе, онда іс әрекет жүзеге аспайтындай
күрделенеді.
Зейіннің негізгі қызметтерінің оқу іс-әрекет тиімділігіне тигізер
ықпылын қарастырайық.
1. Танымдық іс әрекеттің қажеттіліктері мен мақсатына сәйкес
маңызды зерттеу объектісін таңдау.
Мұндай объектілер оқытушының сөзі, жаңа ұғымдар, заңдылықтар,
қандай да бір зат немесе құбылыстың қасиеті мен сипаты, формулалар,
міндеттерді шешу тәсілдері және т.б болуы мүмкін. Оқу жағдайындағы зейін
объектісі іс әрекет тәсілдерінің мағынасын ұғынуға не меңгеруге мүмкіндік
беретін мәлімет немесе әрекет элементтері болғаны маңызды. Оқытушы мен
оқушы мәліметті меңгеру үшін зейіндерін негізгі, маңызды объектілерге
аударып, өзге, маңызды емес объектілерге алаңдамаулары керек.
2. Зейіннің маңызды емес немесе кедергі келтіретін объектілер мен
ықпалдардан аударылуы, побочный іс әрекеттердің тежелуі.
Шоғырланған танымдық іс әрекетке кедергі келтіретін ішкі және
сыртқы факторлардан зейінді аудару үйдегі шу, өзге адамдардың болуы, шаршау
т.б. болуы мүмкін. Зейін объектісіне байланысты зерттелетін пән (мәлімет)
не өзге ойлар мен әрекеттер немесе зерттеу пәнімен (мәлімет) байланысты
емес іс әрекет, зейін бағытталмаған танымдық іс әрекет кедергі келтірушілер
ретінде тежеледі. Зерттелетін мәліметті меңгеру үшін бір мезгілде танымдық
іс әрекетпен және өзге де істермен еш қандай күш жұмсамай ақ айналыса
отырып зейінді сақтап қалу туралы кең тараған ой қате ой болып табылады.
Зейіннің психологиялық механизмі бойынша, зейін бағытталған бір ғана іс
әрекет түрі тиімді бола алады.
3. Орындалатын іс әрекет аяқталағанша, яғни мақсатқа жеткенше
объектіні (мәліметті) санада ұстап тұру.
Бұл дегеніміз қажетті уақыт ағымында бейнелерді, пікірлер
логикасын, іс әрекет тәсілдерін, оның жоспарланған кезеңдерін, аралық
нәтижелерін және т.б. есте сақтау. Іс әрекеттің мазмұнымен байланысты осы
мәліметті ұстау ұзақтығы адамның алдына қойған мақсатымен байланысты.
Мысалы, оқушы мәліметті алу үрдісінде өз алдына оқытушының не айтатынын
тыңдауды негізігі мақсат етіп қойды. Мұндай жағдайда зейін объектісі –
оқытушы айтқан сөздер, олар есту қабылдауы қанща уақытқа созылса, ол сонша
уақытқа созылады және оқушылардың мәліметтерді ұғынып, есте сақтауларына
мүмкіндік береді. Егер негізгі мақсат – зерттелетін мәліметті ұғыну мен
меңгеру болса, онда зейін барлық қабылданған мәліметтің негізгі мазмұнын,
оның мағынасын, оқытушының баяндау логикасын ұстайды; зерттелетін материал
үлкен көлемде және саналы меңгеріледі. Сондықтан да оқу іс әрекет алдында
алдыңызға өзіңіз қол жеткізгіңіз келетін нәтижеге бағытталған нақты мақсат
қоюыңыз керек.
4. Іс әрекетті реттеу және оның орындалуын бақылау.
Бұл үрдістер іс әрекеттердің кезеңдері, оның аралық операциялары
мен болжанған нәтижелермен салыстырылған жоспары бар нәтижелердің бірігуі
барысында жүзеге асады. Осындай салыстыру үрдісінде адам біртіндеп шынайы
істегендері мен не істеу керектігін салыстыра отырып, аралық нәтижелерін
бағалай отырып, өзінің іс әрекетінің тиімділігін бағалайды, жұмысын
түзетеді. Мысалы, оқушылар есту арқылы қабылданған мәліметтерді
конспектілей отырып, оны жазғанымен, оқытушының айтқанымен салыстырады,
егер қажет болса конспектіге түзетулер енгізеді.
Тәжірибелік жұмыстарды орындау кезінде орындаушы нұсқаумен немесе
методикалық оқулықпен сынаса отырып, жұмыстың әрбір кезеңінің орындалу
дұрыстығын бағалайды, жұмыста берілген жағдайларды сақтауды, алынған
аралық нәтижелердің нұсқауда берілген стандартқа, сипаттарға сәйкес келуін
бақылайды және т.б.
Зейіннің қызметтері қабылдауды ұйымдастыруға, адамның кез келген іс
әрекетін саналы түсіну мен реттеуге бағытталғандықтан оқу іс әрекеттің
тиімділігін анықтайды
Оқу тапсырмаларын орындаудағы зейінсіздіктерден, сабақ кезіндегі өзге
іс әрекеттен аулақ болу керек, өйткені осыдан барып қалыптасқан
интеллектуалдық іс әрекет стереотиптері өте жауапты сәттерде шоғырлануға
кедергі келтіреді. Танымдық іс әрекеттегі шоғырлану, мақсаттылық әдеттердің
жылдам және ақыл-ой жұмыстарының жемісті болуына мүмкіндік береді.
Іс әрекет жағдайларына, оған деген қатынасқа, көңіл-күйге, ден
саулыққа байланысты ұзақтығымен және жемістілігімен ерекшеленетін зейін
түрлерін бөледі: ырықты, ырықсыз және үйреншікті.
Ырықсыз зейін адамның саналы назарына тәуелсіз пайда болады. Оның
пайда болуының себептері келесілер болуы мүмкін:
▪ зейін аударатын объектінің ерекшеліктері (жаңалығы, әсер етуінің күші (не
қарқындылығы), кенеттен пайда болуы, кеңістіктегі, уақыттағы қозғалысы және
т.б);
▪ зейін объектісінің адамның ішкі жағдайына, яғни оның қажеттіліктеріне
сәйкес келуі; бұл объектінің маңыздылығын саналы ұғынудан көрініс береді;
оған эмоциялық қатынасы (қанағаттану, қызығушылық, еліктеу); өткен
тәжірибенің ықпалы (білімдер, елестер, дағдылар, біліктер мен әдеттер);
белгілі бір әсерлерді күту; мақсаттың болуы (белгілі бір әрекет түрімен
әрекет ету, жауап беруге дайын болу); тұлғаның жалпы бағытылығы (іс
әрекетке, дем алуға, іс әрекет үрдісіне не нәтижесіне, қарым-қатынасқа және
т.б.).
Еріксіз зейіннің пайда болуы адамның белгілі бір іс әрекетке деген
жалпы ішкі көңіліне, белгілі бір объектілерді қабылдауына, сонымен қатар
оның іс әрекетін ұйымдастырудың сыртқы жағдайларына, объектілерді қабылдау
жағдайларына байланысты. Сондықтан да белсенді танымдық іс әрекетке
психологиялық дайын болу, зерттелетін материалға қызығушылық, оның жемісті
кәсіби және болашақтағы қандай да бір өзге іс әрекетке маңызды екенін
саналы түсіну, сонымен қатар қабылдауға жағымды жағдай жасау зерттелетін
мәліметке зейінді қатынасты қамтамасыз етеді және оны меңгерудің жоғары
тиімділігіне мүмкіндік береді.
Танымдық іс әрекеттегі зейінді ұйымдастырудың тағы бір маңызды
аспектісін ескерген жөн. Бұл дегеніміз зейін объектіге немесе әрекетке
олардың іс әрекеттің жалпы құрылымынан алатын орындарымен анықталады.
Әдетте зейін іс әрекет нәтижесіне бағытталған (мысалы, міндеттерді шешуге,
мағынасын түсінуге не заңдылықтарды іздеуге, әрекет сызбасын не мінез-құлық
моделін өңдеуге және т.б.). Дегенмен егер де оқушылар нәтижеге жетуге
қажетті аралық әрекеттер мен операцияларды дұрыс орындау біліктіліктері мен
дағдыларын білмесе (мысалы, оқытушының баяндау логикасын түсінбесе,
тапсырмаларды шешу тәсілдерін, оқиғалар мен құбылыстар мәнін білмесе, іс
әрекеттің және мінез-құлық принциптерінің негізгі әдіс – тәсілдерін және
т.б. білмесе), онда оның зейіні әрқашан іс әрекеттің соңғы нәтижесінен
ауытқиды және жеке операциялар мен олардың элементтеріне бағытталады.
Нәтижесінде танымдық іс әрекет оқушы қабылдауындағы тұтастығын жоғалтады
және бұл оны ұғыну мен жүзеге асыруды күрделендіреді.
Еріксіз зейін уақыттағы тұрақсыздығымен сипатталады, сондықтан да
танымдық іс әрекетте тек оның мақсаттылығына сүйенеді.
Ырықты зейін эффективті болып табылады, ол белгілі бір мақсат қою
мен еріктік күштерді жұмсауға негізделген таным мен іс әрекет объектісіне
саналы реттелген шоғырлануды білдіреді.
Ерікті зейінді ұстап тұру да тұлғаның ішкі жағдайына тәуелді
(бағыттылығына, мақсатына, қызығушылығына, өткен тәжірибесіне және т.б.),
бірақ бұл тәуелділік қосымша, тікелей емес болып табылады, себебі мұндай
ерікті зейін табиғатынан әлеуметтік болып табылады (мақсатқа, қатынастарға,
өмір мен іс әрекет жағдайларына, қоғам мүшесі ретіндегі адамның
қажеттіліктеріне негізделген). Тұрақты ерікті зейінді ұстауға тәжірибелік
әрекеттер мүмкіндік береді. Мысалы, оқу барысында ұзақ уақыт бойы оқытушыны
мұқият тыңдау қиын, әсіресе баяндалған мәлімет күрделі, жаңалықтарға толы,
түсіну үшін күрделі болса, қызығушылық тудырмайды. Мұндай жағдайда негізгі
есептерді, мәліметтерді сызбалар, кестелер, графиктер, суреттер және т.б.
түрінде бейнелеу зейінді шоғырландыруы мүмкін, өзге объектілер мен
әрекетерге алаңдауға мүмкіндік бермейді. Оқу немесе ғылыми әдебиеттерді
конспектілеу, тапсырмаларды, сұрақтардың жауаптарын шешуде күрделі
материалдар мен өзге де белсенді іс әрекет түрлерімен ойлануда осындай
жағдай болады.
Оқу іс әрекетіне шоғырлануға жұмыс орнын дұрыс ұйымдастыру
көмектеседі. Стол үстінде зейінді аударатынадай өзге заттар болмауы керек.
Сонымен қатар танымдық іс әрекет үрдісінде қажет болатын заттар қажет
кезінде оларды іздеп уақыт кетірмеу үшін қасында болу керек.
Зейіннің көлемі – адамның бір мезгілде қабылдап және санада ұстай
білетін объектілерінің саны.
Меңгеруді талап ететін қабылданған және зерттелеген мәліметтердің
басым көлемі зейін көлемін кеңейтуді талап етеді. Сондықтан да қабылдаудың
объектісі не екенін анықтап алған маңызды: жеке сөздер, сөз тіркестері,
пікірлер блоктары, олардың мағыналық мазмұны, сонымен қатар сөйлеу тоны,
мәлімет алмасу жүретін жағдай. Зейін көлемі ұлғаяды, егер қабылданған
объектілерді (ұғымдар, сандар, белгілер, мағыналық және функциялық
конструкциялар және т.б.) логикалық жүйеге, мәліметтік бөлігін тұтас
мағынамен байланысса. Зерттелген мәліметтің логикалық талдануының негізгі
тәсілі – оны тұтас, жүйелі түсіну.
Зейіннің тұрақтылығы – қабылдау объектісіне ұзағырақ тұрақтау.
Зейіннің табиғи механизмі мынандай, зейін тұрақтылығының алмасуы
әрбір бірнеше секунд және 15-20 минутта жүреді. Олардың біріншісі адам үшін
байқалмайды және оны сезбейді де, ал екіншісі зейіннің өзге объектіге
ауысуына әкелуі мүмкін. Зейіннің бір объектіге, ол зат болсын, іс әрекет
болсын ұзақ шоғырлануы 15-20 минутпен шектеледі, одан кейін зейін өзге
объектіге ауысады. Сондықтан да адамның қабылдауына бағытталған ауызша не
жазбаша баяндамалар толық көлемімен 15 минуттан аспауы керек. Бұл жерде
зейіннің тұрақтылығы іс әрекетке деген қызығушылықпен, оған
жауапкершілікпен қараумен, оның орындалуын саналы бақылаумен, зейін
объектісімен белсенді өзара әрекет етумен жоғарылайтынын ескерген жөн.
Үйреншікті зейіннің пайда болуында тұрақтылық байқалады.
Зейіннің шоғырлануы – объект не іс әрекеттің поглощенност-гі,
шоғырланудың тереңдігі. Зейіннің бұл қасиеті адамның алаңдататын объектілер
не әсерлерге өздігінше қарсы тұруын қамтамасыз етеді. Зейіннің
шоғырлануы срнымен қатар оқу іс әрекеттің маңыздылығын түсінумен, оның
орындалуына жауапкершілікпен қараумен, оған қызығушылықпен, тұлғаның ерік
сапаларын дамыту деңгейімен байланысты. Зейіннің көп шоғырлануы үйреншікті
зейінде пайда болады.
Зейіннің ауысуы – зейінді бір объектіден келесі объектіге еркін
(саналы) ауыстыра білу қабілеті, зейін объектілерінің оңай ауысуы, іс
әрекеттің бір түрінен екінші түріне ауысуы. Зейінің ауысуы зейіннің
шоғырлануы мен тұрақтылығынан кері тәуелділікте. Зейіндері тұрақты адамдар
өзге объектілерге не іс әрекетке қиындықпен ауысады, оларға қайта ауысу
үшін уақыт керек, сондықтан әр түрлі мәліметтерді қабылдауда, әсіресе
жоғары жылдамдықпен берілетін мәліметтерді қабылдағанда олар мәлімет
бөліктерін жоғалтады, оның мазмұны бұрмаланады, нәтижесінде оларды
адекватты қолдануда қателіктер пайда болады. Олар мәлімет алуда мағыналық
блоктарын паузалармен немесе ауыспалы сөз тіркестерімен бөліп алулары
керек.
Зейіннің ауысуы оқу іс әрекеттің тиімділігі үшін маңызды, өйткені
әдетте оқушылардың біраз аралық уақыт барысында пәнімен, ұғымдарының
мазмұнымен, логикасымен ақыл ой іс әрекетін жүзеге асырудың әдістерімен
ерекшеленетін әр түрлі іс әрекет түрлеріне ауысуланына тура келеді. Егер
адам зейінін жылдам ауыстыра алмаса, бір мәлімет түрінен келесісіне өте
алмаса, онда оның есі мен ойлауы қайта құрылып үлгермейді, ол зерттелетін
материалды ұғынуда қиындықтар тудырады, ақыл ой іс әрекетінің тиімділігін
төмендетеді, шаршауға, өзіне қанағатсыздануға, іс әрекетке деген
қызығушылық пен мотивацияның төмендеуіне әкеледі.
Зейіннің шашыраңқылығы – сананың бір мезгілде бірнеше объектілер
немесе іс әрекет түрлеріне бағытталуы. Бұл мәліметтерді қабылдау мен
меңгерудегі зейіннің маңызды қасиеттерінің бірі, өйткені оқу іс әрекет
үрдісінде оқытушыны тыңдауға, тыңдағанды саналы түсінуге, негізгілерін
жазып алуға, баяндау логикасын бақылауға тура келеді және т.б.
Зейіннің шашыраңқылығымен негізделген мәліметтердің бірнеше
ағымдарын бір мезгілде оларды салыстыра отырып және алынған мәліметтің
мазмұны мен формасын бұрмаламай адамның қабылдай алу мүмкіндігі (мысалы,
оқытушының сөзін сыртқы мәлімет ретінде тыңдап және өзінде бар білімді
ішкі мәлімет ретінде талдау) аз ғана адамдарға тән, көпшілігі
мәліметтердің тек қана бір вариантын эффективті қабылдауға қабілетті,
қалғандары күшті бұрмалаушы ықпалға түседі.
Қоршаған дүниені танудағы алғашқы психологиялық үрдіс –түйсік болып
табылады.
Оқушылар түйсік арқылы заттар мен құбылыстардың жеке қасиеттерін,
сапаларын білетін болады. Түйсіктер сезім мүшелеріне байланысты: көру,
есту, дәм, иіс, тері, кинестетикалық, вибрациялық және органикалық
түйсіктер болып бөлінеді. Оқу іс-әрекетінде көру түйсігінің маңызы зор.
Олар арқылы оқушылар заттар мен құбылыстардың жеке сипаттарын айнытпай
толық бейнелейді. Өкінішке орай, оқытушылар осы мәселені әрқашан ескере
бермейді, лекцияларды акустиканы немесе кесте не суреттерді қолданған
уақытта балардың көру ерекшеліктерін ескерместен оқып пайдаланады.көп
жағдайда баланың көруіне ықпал ету оқытушының билігінде қалады. Көру
ерекшелігінің жарық пен контрасттыққа тәуелділігін зерттеу, фонның
яркийлығын күшейту көруді жақсартатындығын көрсеткен. Қаралатын объектілер
мен фон арасындағы контрасттық азайса, соған сәйкес көру күші де азаяды.
Сонымен көру түйсігі дүниетану үрдісінде өте маңызды орын алады. Өйкені,
оқушылар көру арқылы дүниедегі заттар мен құбылыстардың көпшілігін
түйсінумен бірге оларды анық танитын болады.
Сипау арқылы затты түйсіну ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Психологиялық ғылымның принциптері, ұғымдары және категориялары
Балалардың орындаушылық әрекетті талап ететін ойындар
Полиэтникалық аудиториядағы студенттердің танымдылық іс-әрекеттері
Колледж оқушыларының рефлексивті қабілеттерін оқу әрекетінде дамытуға арналған әдістерді қарастыру
Психология тарихы туралы
МЕКТЕПКЕ ДАЯРЛЫҚ ТОБЫНЫҢ ОҚУҒА ҚАБІЛЕТТЕРІН ОҚУ ІС-ӘРЕКЕТІНДЕ ДИАГНОСТИКАЛАУ ЖӘНЕ ТӘЖІРИБЕЛІК-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУ
Ұлттық ойындармен мектепке дейінгі балалардың танымдық әрекетін дамытудың әдістері
Менеджмент психологиясы бойынша дәрістер
Бастауыш сынып оқушыларының оқу іс-әрекетінде зейінді ұйымдастыру
Мектептегі оқу процесінің нәтижелі болуына танымдық әрекеттердің психологиялық әсерін зерттеу
Пәндер