Ерте темір дәуіріндегі жылқы ауыздығының зерттелу тарихы (б.з.д. VIII-V ғасыр)



Жылқы – адамзат өркениетіндегі, әсіресе, дала өркениетіндегі дамудың жарқын да елеулі көрсеткіштерінің бірі деуге болады. Жылқыны қолға үйрете бастау көшпелі шаруашылық пен өркениет дамуының негізін қалады [1, 183]. Жылқыны қолға үйретудің бастамасына жылқы әбзелдерінің пайда болуын жатқызамыз. Яғни жылқы әбзелдерін зерттеу арқылы жылқыны қолға үйрете бастаған алғашқы мекендер мен мәдениеттерді анықтаймыз.
Б.з.д. I мыңжылдықтан бастап жылқы адам өмірінде маңызды рөл атқара бастады. Осылайша осы кезеңдерде, шамамен қола дәуірінде жылқы әбзелдерінің бірінші түрлері пайда болды. Бастапқысында әбзелдер мүйізден немесе сүйектен жасалынды. Осы кезге жататын жерлеу орындарында жылқы жүгенінің бөліктері арасынан сулық көптеп кездеседі. Ал ауыздықтар жұмсақ заттардан жасалынғандықтан қазіргі уақытқа дейін сақталмаған. Жылқы әбзелінің осындай түрін К.Ф. Смирнов өзінің еңбектерінде талдап, ауқымды етіп көрсетеді [2, 46-47]. Мүйізден және сүйектен жасалынған әбзелдердің жасалу техникасы металл әбзелдерде де байқалып, кейіннен бұл дами түсіп, біршама өзгерістерге ұшырайды.
Қола дәуірінің соңғы кезіңінде, яғни б.з.д. X ғасырларда өмір сүрген тайпалар металл ауыздық пен сулықты ойлап табуы адамзат өркениетіндегі ең ұлы төңкерістік жетістік болды [1, 183-184]. Уақыт өте келе бұл заттар барлық аймақтарға тарап, кең қолданысқа ене бастайды.
Ерте көшпенділер немесе ерте темір дәуірінде Орталық Азия жерінде жылқы әбзелдерінің жетілген түрі пайда болып, кейіннен өзгерістер байқалады. Осы кездерде жергілікті сақ мәдениеті көркейе бастайды.
Алғаш рет сақтардың жылқы әбзелдері Орталық Азия аумағында XIX ғасырдың аяғында табыла бастады. Олар Мәскеудің тарихи мұражайында сақтаулы. Жинақ 20 қоладан жасалған заттардан тұрады. оның ішінде ауыздық, сулық, үзеңгі және басқа да жылқы әбзелінің бөлшектері бар. Бұл заттар Ыстықкөлдің шығыс жағалауындағы қазба жұмыстары нәтижесінде табылды [3, 179]. Осы уақыттан бастап жылқы әбзелдері туралы зерттеулер жүргізіліп, кең қарқын алады.
Бұл мақаланың негізгі қарастырушы бөлігі XX ғасырдың 70 жылдарына дейінгі жылқы әбзелдері туралы зерттеу жұмыстарының тарихы. Оның ішінде б.з.д. VIII-V ғасырға жататын ауыздықтың алғашқы типологиясы мен кезеңделуі.
Ұзақ уақыт бойы А.А. Иессен мен М.П. Грязновтың еңбектері жылқы әбзелдері туралы жұмыстардың бастамасы ретінде саналды. Кейіннен материалдардың көптеп жиналуына байланысты сақ дәуірінің жылқы әбзелдерінің пайда болуы мен таралуына басқада ғалымдар көңіл бөле бастады. Қазіргі таңда бұл негіздер кең өріс алып, әр аймақтағы зерттеушілердің өзіндік әдістері қалыптасты [3, 179].
1. Хинаятұлы Б. Ат жалынындағы мәдениет // Shahar-Культура, 2004, №2, – С. 183-186.
2. Смирнов К.Ф. Археологические данные о древних всадниках Поволжско-Уральских степей // СА, 1961, №1, – С. 46-72.
3. Горбунова Н.Г. Конская упряжь ранних саков Центральной Азии // Древние цивилизации Евразии, 2001, – Москва, – С. 179-197.
4. Грязнов М.П. Памятники майэмирского этапа эпохи ранних кочевников на Алтае // КСИИМК, 1947, №18, – С. 9-17.
5. Грязнов М.П. Северный Казахстан в эпоху ранних кочевников // КСИИМК, 1956, №61, – С. 8-16.
6. Иессен А.А. К вопросу о памятниках VIII-VII вв. до н.э. на юге Европейской части СССР // СА, 1953, №18, – С. 49-110.
7. Кадырбаев М.К. Памятники тасмолинской культуры // Древняя культура Центрального Казахстана, 1966, – Алматы. – C. 303-389.
8. Кадырбаев М.К. Некоторые итоги и перспективы изучения археологии раннежелезного века Казахстана // Новое в археологии Казахстана, 1968, – Алматы, – С. 21-36.
9. Тереножкин А.И. Дата мингечаурских удил // СА, 1971, №4, – С. 71-84.

Пән: Мәдениеттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Ерте темір дәіріндегі жылқы ауыздығының зерттелу тарихы
(б.з.д. VIII-V ғасыр)

Сапатаев Самат Абдиразакович, КазҰУ, 2-курс студенті

Жылқы – адамзат өркениетіндегі, әсіресе, дала өркениетіндегі дамудың
жарқын да елеулі көрсеткіштерінің бірі деуге болады. Жылқыны қолға үйрете
бастау көшпелі шаруашылық пен өркениет дамуының негізін қалады [1, 183].
Жылқыны қолға үйретудің бастамасына жылқы әбзелдерінің пайда болуын
жатқызамыз. Яғни жылқы әбзелдерін зерттеу арқылы жылқыны қолға үйрете
бастаған алғашқы мекендер мен мәдениеттерді анықтаймыз.
Б.з.д. I мыңжылдықтан бастап жылқы адам өмірінде маңызды рөл атқара
бастады. Осылайша осы кезеңдерде, шамамен қола дәуірінде жылқы әбзелдерінің
бірінші түрлері пайда болды. Бастапқысында әбзелдер мүйізден немесе
сүйектен жасалынды. Осы кезге жататын жерлеу орындарында жылқы жүгенінің
бөліктері арасынан сулық көптеп кездеседі. Ал ауыздықтар жұмсақ заттардан
жасалынғандықтан қазіргі уақытқа дейін сақталмаған. Жылқы әбзелінің осындай
түрін К.Ф. Смирнов өзінің еңбектерінде талдап, ауқымды етіп көрсетеді [2,
46-47]. Мүйізден және сүйектен жасалынған әбзелдердің жасалу техникасы
металл әбзелдерде де байқалып, кейіннен бұл дами түсіп, біршама
өзгерістерге ұшырайды.
Қола дәуірінің соңғы кезіңінде, яғни б.з.д. X ғасырларда өмір сүрген
тайпалар металл ауыздық пен сулықты ойлап табуы адамзат өркениетіндегі ең
ұлы төңкерістік жетістік болды [1, 183-184]. Уақыт өте келе бұл заттар
барлық аймақтарға тарап, кең қолданысқа ене бастайды.
Ерте көшпенділер немесе ерте темір дәуірінде Орталық Азия жерінде жылқы
әбзелдерінің жетілген түрі пайда болып, кейіннен өзгерістер байқалады. Осы
кездерде жергілікті сақ мәдениеті көркейе бастайды.
Алғаш рет сақтардың жылқы әбзелдері Орталық Азия аумағында XIX
ғасырдың аяғында табыла бастады. Олар Мәскеудің тарихи мұражайында
сақтаулы. Жинақ 20 қоладан жасалған заттардан тұрады. оның ішінде ауыздық,
сулық, үзеңгі және басқа да жылқы әбзелінің бөлшектері бар. Бұл заттар
Ыстықкөлдің шығыс жағалауындағы қазба жұмыстары нәтижесінде табылды [3,
179]. Осы уақыттан бастап жылқы әбзелдері туралы зерттеулер жүргізіліп, кең
қарқын алады.
Бұл мақаланың негізгі қарастырушы бөлігі XX ғасырдың 70 жылдарына
дейінгі жылқы әбзелдері туралы зерттеу жұмыстарының тарихы. Оның ішінде
б.з.д. VIII-V ғасырға жататын ауыздықтың алғашқы типологиясы мен
кезеңделуі.
Ұзақ уақыт бойы А.А. Иессен мен М.П. Грязновтың еңбектері жылқы
әбзелдері туралы жұмыстардың бастамасы ретінде саналды. Кейіннен
материалдардың көптеп жиналуына байланысты сақ дәуірінің жылқы әбзелдерінің
пайда болуы мен таралуына басқада ғалымдар көңіл бөле бастады. Қазіргі
таңда бұл негіздер кең өріс алып, әр аймақтағы зерттеушілердің өзіндік
әдістері қалыптасты [3, 179].
XX ғасырдың 30 жылдарының аяғында М.П. Грязнов Алтайда Пазырық
ескерткіштерінің ашылуына байланысты (1929 жылы) жиналған материалдарды
қарастыра отырып, ерте көшпенділер дәуіріне жататын жергілікті
ескерткіштерді үш кезеңге бөлуді ұсынды. Олар 1) майемерлік (майэмирлік),
2)пазырықтық, 3)шибелік. Майемерлік кезеңді басқасына қарағанда ерте
ескерткіштер тобына жатқызды [4, 9].
М.П. Грязновтың айтуынша Енисей мен Дунай аралығындағы жерлерде сақ
кезеңінде жылқы жүгенінің екі типі тараған. Біріншісі сулық үш тесікті
немесе үш саңылаулы (петельчатый) келіп, ауыздықпен үшке бөлінген жүгеннің
жібімен қосылады (сурет 1-1). Сібір жері мен Қазақстанда сулықтың ілгіш
тәріздес немесе ортаңғы бөлігі ұзын болып келген түрлері кездеседі.
Сулықтың осы түрлері алғашқысында Шығыс Қазақстан мен Алтай тауының
батысынан табылған, олар Омск қаласының мұражайында сақталған [5, 13]. Ал
екіншісінде ауыздықтың сыртқы қайқы басы дөңгелек болып, сулыққа
горизанталь орналасып, кигізіледі [4, 9-10] (сурет 1-2,3). М.П. Грязнов
бірінші типті б.з.д. VI ғасырдың соң мен V ғасырдың басына, екінші типті
б.з.д. V ғасырға жатқызды. Жүгеннің бұл түрлері көбінесе Оңтүстік Сібір мен
Алтай аумағына, яғни майемер мәдениетіне тән болды.
1953 жылы А.А. Иессен Новочеркаста табылған қола ауыздықтарды талдай
отырып, сыртқы қайқы бастарының пішіні бойынша төрт типке бөлді. Олар I)
қайқы бастарында кезектескен екі сақинадан тұратын ауыздық (сурет 2-1.I),
II) қайқы басы бір сақинадан тұратын ауыздық (сурет 2-1.II), III) қайқы
басы үзеңгі тәріздес сақинадан тұратын, сақинаның ұшы орталық бөлікке
қаратылған ауыздық (сурет 2-1.III), IV) қайқы басы үзеңгі тәріздес
сақинадан тұратын, сақинаның тегіс бөлігі орталыққа қаратылған ауыздық
(сурет 2-1.IV). III-IV типтегі ауыздықтағы үшбұрыш сақиналарды латынның D
әріпіне ұқсатқан [6, 52]. А.А. Иессен I типтегі ауыздықтар СССР-дың
еуропалық бөлігінің оңтүстігінде б.з.д. VIII ғасырда пайда болып, эволюция
барысында б.з.д. VII ғасырдың екінші жартысында II типке өткенін баяндайды.
II типтегі ауыздықтар Батыс Еуропа, Сібір және Орталық Азия территориясында
қола дәуірінен ерте ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тасмола археологиялық мәдениетінің әскери қару-жарақтары және ат әбзелдері
Ерте темір дәуірі отрядын
Алтай-Тарбағатай аралығындағы ерте темір дәуірінің археологиялық ескерткіштері (кезеңделуі, мерзімделуі және мәдени атрибуциясы)
Диссертациялық кеңестің ғалым хатшысы, тарих ғылымдарының докторы
Алтай – Тарбағатай аралығындағы ертесақ ескерткіштері
Қазақстан мен Орта Азиядағы сақтардың мәдениеті
Шыңғыстау өңірінің қола дәуірі ескерткіштері
Савромат-сармат тайпаларының археологиялық ескерткіштерінің зерттелу тарихы
Қазақ Алтай жеріндегі көне түріктердің жерлеу ғұрыптық ескерткіштері
Сақ дәуіріндегі ескерткіштерге археологиялық зерттеулер
Пәндер