Экологиялық ортаның психикалық денсаулыққа ықпалы


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ОРТАНЫҢ ПСИХИКАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҚҚА ЫҚПАЛЫ

КІРІСПЕ

ЖҰМЫСТЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТЫ

Зерттеудің көкейтестілігі. Қазіргі уақытта адамзат экологиялық қиын жағдайда тұр, ал оны дұрыс шешу үшін экологиялық білім мен тәрбиенің маңызы зор. екені белгілі. Соның ішінде экологиялық ортаның адамның денсаулығына, психикасына тигізетін әсерін зерттеу де маңызды.

Табиғи ресурстардың толықтай немесе кейбір бөліктерінің жоғалуы табиғи ландшафт өнімділігінің төмендеуі, топырақ су жүйесінің құрғауы, қоршаған ортаның ластануы Қазақстандағы табиғи ортаның жалпы экологиялық жағдайының бұзылуын сипаттайды.

Арал өңірінің апатты жағдайға ұшырауы, су көздерінің ластануы, 40 жылдан астамға созылған ядролық сынақтар зардабы, т. б. елдегі барлық эколог, педагог-психолог, дәрігер мамандардың біріккен жұмысы үшін күрделі зерттеуді қажет ететін мәселелер.

Экологиялық саулық Қазақстанның бәсекелестікке қабілеттілігінің басты артықшылықтарының бірі болып табылады. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев бірнеше рет Отандық және шетелдік инвесторлардың назарларын осы жағдайға аударды. Кімге болса да табиғатқа ұқыптылықпен қараудың қажеттілігін үйретудің реті жоқ та шығар. XX ғасырдың техногендік астаң-кестең өзгерістері, катаклизмдері бүкіл адамзатқа айғақты көрнекі сабақ іспетті.

Ең бастысы экологиялық апатты аймаққа көмектесу шешімдерін қабылдау кезінде қоғам алдымен халықтың әлеуметтік жағдайына, оның денсаулығына, әсіресе балалардың денсаулығына назар аударуы қажет. XXI ғасырдағы қоршаған орта мен даму бойынша БҰҰ конференциясындағы 179 мемлекеттің басшылары мақұлдаған тұрақты даму стратегиясын жүзеге асырудың негізінде ақпараттық экологиялық қоғамды құру жобаланды. Егер де мақсатқа сай жүргізілетін жұмыстар адамдардың табиғатпен қатынасының психологиялық потенциалын ашуға мүмкіндік берсе, онда олардың жеке дамулары үшін ғана ерекше мүмкіндіктерді жасап қоймайды, ол сондай-ақ табиғи әлемнің прагматикалық емес, рухани құндылығына деген сенімділікті қалыптастырады, ал бұл өздігінен де маңызды табиғатты қорғаушы фактор болып табылады.

Экологияның адам денсаулығы мен психикалық дамуына тигізетін әсері Қазақстан Республикасында мәселені қою деңгейінде ғана. Ал, күн сайын оқу-тәрбие процесінен тысқары қалып, дамуында елеулі ауытқушылықтар мен артта қалушылықтар байқалатын балалар санының күрт өсуі бұл мәселені шешу үшін кезек күттірмейтін әрекеттер істеу керектігін айғақтайды.

Зерттеудің өзектілігі , сонымен қатар қазіргі кездегі балалық шақ проблемаларын шешудің дұрыс жолын қарастыру мен оның аса күрделілігімен; білім берудегі психикалық қызметтің балалардың денсаулығын қорғауға бағытталуымен және де осы орайдағы практикалық психологтардың кәсіби іс-әрекетінің пәндік-теориялық негіздерін нақтылау қажеттілігімен де байланысты.

Балалар мен жасөспірімдердің психикалық дамуындағы ерекшеліктер, оларды қоршаған ортаға, әлемге деген ашықтығымен, өмірдің түрлі жағдайлары мен басқа да адамдардың әсеріне тез берілгіштігімен де шартталынады. Мамандардың көрсетуінше (А. Я. Варга, В. А. Гурьева, А. И. Захаров, В. В. Ковалев, Г. Я. Сухарева, А. С. Спиваковская, М. И. Лисина,

С. М. Жакупов, Х. Т. Шерьязданова, т. б. ) балалар мен жасөспірімдер психологиялық жарақаттаушы факторларға қатысты неғұрлым қолайлы топ болып табылады. Елімізде қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық, әлеуметтік-мәдени, рухани жағдайлардың ұрпақ денсаулығына қатер төндіру тұрғысынан зор қиратушылық әсері бар. Балалық шақтың қолайсыз экологиясы психогенді жарақаттар, моралді торығулар, рухани күйреулердің туындауына әкеліп соғуы мүмкін.

Қоршаған экологияның әсері балалар мен жасөспірімдердің өзіне тікелей ықпал етіп қана қоймайды, сонымен бірге отбасынада, адам арасындағы қарым-қатынастарға да әсер етеді, осы жағдайлардың бәрі де психикалық денсаулықтың бұзылуына әкеледі.

Осыған сәйкес Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында: «Жеке адамның шығармашылық, рухани және дене мүмкіндіктерін дамытуды, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, жеке басының дамуы үшін жағдай жасау арқылы ой-өрісті байыту» басым міндеттер қатарына қойылды. Сонымен психикалық денсаулық пен оның оқыту және тәрбие психологиясы, қарым-қатынас психологиясы мәселелерінде тиімді іске асырылуының арасында қарама-қайшылықтар бар. Осы орайда зерттеу жұмысының тақырыбы «Экологиялық ортаның психикалық денсаулыққа ықпалы» деп тағайындалды.

Зерттеудің мақсаты. Қоршаған ортаның психикалық денсаулыққа әсерінің ғылыми-теориялық негіздемесі, тәжірибелік-практикалық зерттелуі;

Зерттеудің міндеттері:

  • Психикалық денсаулық проблемасының теориялық негіздерін айқындау;
  • Экологиялық орта факторларының психикалық денсаулыққа әсерін айқындау;
  • Экологиялық ортаның психикалық денсаулыққа әсерін тәжірибелік- эксперименттік зерттеу;
  • Психикалық денсаулықты сақтау мен бекіту, қалпына келтіруге арналған шараларды ұсыну.

Зерттеу нысаны. Экологиясы әртүрлі аймақтардағы тұрғындардың психикалық денсаулығы.

Зерттеу пәні. Экологиясы әртүрлі аймақтардың психикалық денсаулықтың қалыптасуына әсері.

Зерттеудің ғылыми болжамы. Экологиялық ортаның психикалық денсаулыққа әсерін анықтау, психикалық денсаулықты түзету мен сақтау үшін қажетті шараларды дұрыс айқындауға мүмкіндік береді, психикалық денсаулықты түзету адамның психологиялық тұрғыдан сауығуына әкеле отырып, адам бойындағы бар әлеуеті мен мүмкіндіктерінің іске асырылуына жол ашады.

Негізгі болжам жекелеген тұрғыда төмендегідей нақтыланады:

  1. Мектепке дейінгілердің психикалық денсаулығын сақтау мен бекітуге арналған жұмыстар баланың мектепке даярлығына тиімді әсер етеді;
  2. Мектеп оқушыларымен денсаулық сақтау мен бекіту бағытында жүргізілетін іс-шаралар олардың психикалық ахуалының жақсаруына әкеледі;
  3. Балалардың психикалық денсаулығын сақтау мен бекіту ересектердің, әсіресе ата-аналарының психикалық күйлерімен байланысты болады.

Зерттеудің жетекші идеясы. Психикалық денсаулықты сақтау мен бекітуде жүйелі түрде жүргізілетін кешенді жұмыстар тиімді болады.

Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері. Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздеріне белгілі философ, психолог, педагогтердің еңбектері алынды.

Нақтылағанда: В. И. Слободчиковтың антропологиялық парадигмасы, адамның қалыпты дамуының психологиялық тұжырымдамасы (Б. С. Братусь), жас ерекшеліктерінің психологиялық-педагогикалық зерттеулері (Л. С. Выготский, Б. Г. Ананьев, Д. Б. Эльконин, Л. И. Божович, В. В. Давыдов, М. И. Лисина және т. б. ) философияның іргелі проблемаларының бірі «Адам - Әлем» проблемасына деген белгілі психологтар - А. Н. Леонтьев, С. Л. Рубинштейн, В. В. Давыдов, А. Маслоу, т. б. көзқарастары, тұлғаның ұлттық-рухани бейнесінің қалыптасуына деген Қ. Б. Жарықбаев, С. Қалиев, К. Ж. Қожахметова, т. б. көзқарастары.

Зерттеу көздері. Психологтардың, педагогтардың таным, тұлға туралы, танымдық әрекет теориялары мен тәжірибесі, рухани адамгершілік құндылық-тар туралы шетелдік және отандық зерттеулер, білім беруді демократияландыру мен ізгілендірудің нормативтік құжаттары. ҚР “Білім туралы” Заңы, Мемлекеттік білім бағдарламасы, ҚР 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамалары, педагогикалық психологиялық озық тәжірибелер. Сондай-ақ, диссертанттың педагогикалық және зерттеушілік тәжірибесі.

Зерттеу әдістері.

Мәліметтерді жинақтау әдістері (сұрақнама, әңгіме, сұхбат, байқау, сараптау, шкалалар тұрғызу), алынған мәліметтерді өңдеу мен интерпретация әдістері: пайыздар, орта арифметикалық шама, рангілік корреляция;

Психодиагностикалық әдістер: интеллектілік деңгейін айқындауға арналған Равен тесті, баланың жеке даралық мінез-құлқын анықтауға арналған Т. В. Сенько, Люшердің түрлі-түсті ассоциациялар тесті, диагностикалық сурет тесттері «Отбасы суреті», «Өмірде жоқ жануар», “Өзін-өзі бағалауды зерттеу” әдістері. Ата-аналармен әңгіме, сауалнамалар жүргізілді. Спилбергердің сұрақ-жауап әдістемесі, Холмс Рейдің стресс деңгейін айқындау әдістемесі, Тейлор әдісі, Экклз әдістемесі.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Тұңғыш рет салыстырмалы түрде түрлі экологиялық аймақтарда балалармен ересектердің психикалық денсаулығының мәселелері теориялық және тәжірибелік тұрғыдан қарастырылды;

  • психикалық және психологиялық денсаулық ұғымдары нақтыланды;
  • денсаулықты сақтау мен бекітуге арналған алдын-алу шаралары ұсынылды.

Зерттеудің теориялық мәнділігі. Зерттеуде қарастырылған психикалық денсаулықтыңтеориялық проблемалары экологиялық психология, валеология, медицина ғылымдарының денсаулыққа байланысты теориялық мәселелеріне өзіндік үлес болып табылады.

Зерттеудің практикалық маңыздылығы. Зерттеу-тәжірибелік жұмысының нәтижелерін балабақшадағы, мектептегі оқу-тәрбие жұмыстарында тиімді пайдалануға, арнайы курстар, факультативтік сабақтар мен үйірмелер жүргізуде қолдануға болады. Ұсынылған кешенді жұмыстар бағдарламасын білім беру жүйесінде тәрбиешілер мен мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттыруда қолдануға болады.

Зерттеу жұмысының базасы. Қызылорда облысы, Арал қаласы мен Алматы облысы, Балқаш ауданы, Ақши ауылы.

Зерттеудің негізгі кезеңдері.

Бірінші кезеңі (2000-2002 жж. ) .

Зерттеу проблемасы бойынша материалдар жинақталды, психологиялық, медициналық, педагогикалық еңбектерге теориялық талдау жасалынып, зерттеу мәселесінің тәжірибедегі жағдайы анықталынды, қоғамдық заңдар мен кодекстер сұрыпталынды, жұмыстың ғылыми аппараты, болжамы, жетекші идеясы нақтыланды. Зерттеуге қажетті әдістер таңдалынып, әдістемелік құралдар дайындалды.

Екінші кезең (2003-2005жж. )

Зерттеуге қажетті тәжірибелік топтар ұйымдастырылып, сынауға тиімді деп жинақталған әдістемелер бойынша тәжірибелер жүргізіліп, нәтижелері салыстырмалы түрде қорытындыланып жинақталды. Эксперименттік топ (Арал өңірі) және бақылау тобы (Ақши кенті) тұрғындарының (балалар мен ата-аналары) салыстырмалы көрсеткіштері алынды.

Үшінші кезең (2005-2007жж. )

Тәжірибелік жұмыстардың нәтижелері қорытындыланып жүйеге келтірілді, ғылыми қорытындылар жасалынды. Тәжірибе негізінде алынған мәліметтер сұрыпталынып тұжырымдар жасалды. Қорғауға ұсынылатын негізгі қағидалар нақтыланды. Психикалық денсаулықты сақтаудың алдын-алу шаралары дайындалды.

Бастауыш сынып оқушыларына арналып жасалған факультативтік сабақ бағдарламасы дайындалып, экологиялық сабақтарға пайдалануға арналған ойындар мен жаттығулар жүйесі жасалынды.

Жұмыс нәтижелерін сынақтан өткізу.

Зерттеу жұмысының мазмұны халықаралық және республикалық конференцияларда:

“Дарынды жас ғалымдар XXI ғасыр жаршысы атты Халықаралық практикалық ғылыми конференция” (Алматы, 2002 ж. ) ;

“Жоғарғы білім беру сапасын арттыру” Халықаралық ғылыми конференция (Санкт-Петербург, 2004 ж. ) ; Қазақстандағы этнопсихология және этнопедагогика ғылымдарының ел дамуының жаңа кезеңіндегі өзекті мәселелері - 2007 “Білім және ғылым дамуының перспективалары” ғылыми практикалық конференция (Орал, 2006) ; Т. Т. әжібаевтің 80 ж. арналған халықаралық практикалық конференция (Алматы, 2007) баяндалынып, бірнеше ғылыми практикалық жинақтарда басылды.

Қорғауға ұсынылатын негізгі қағидалар:

- психикалық денсаулықтың теориялық негіздері кешенді пәнаралық зерттеулерді қажет етеді және де әр түрлі тұрғыдан зерттелінеді;

- экологиялық апаттар аймағы адамның психикалық денсаулығына жан-жақты әсер етеді (эмоциялық күйі, таным процестері, денсаулығы) ;

- психикалық денсаулықты сақтау, қалпына келтіру және бекіту үшін ұсынылған алдын-алу шараларына жас ерекшеліктерін және әрбір жас кезеңіне сәйкесті максаттарды қою енеді.

Зерттеу нәтижелерінің дәлдігі мен негізділігі алынған қорытындылардың зерттеу проблемасына сәйкесті әдіснамалық және теориялық қағидалармен негізделуімен, зерттеудің ғылыми аппаратының мазмұнына сай болуымен, кешенді әдіс-тәсілдердің пайдаланылуымен, тәжірибелік-эксперименттік жұмыс барысында алынған нәтижелердің математикалық-статистикалық өңделуімен, тәжірибелік-эксперимент жұмысының жоспарлылығы мен кезеңділігімен, ұсынылып отырған алдын-алу шараларының тиімділігімен қамтамасыз етіледі.

Диссертацияның құрылымы: диссертациялық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімі және қосымшадан тұрады.

“Психикалық денсаулықтың ғылыми-теориялық негіздері” - атты бірінші тараоуда педагогикалық-психологиялық әдебиеттердегі психикалық денсаулық проблемасының теориялық негіздері айқындалып, экологиялық ортаның психикалық денсаулыққа әсері адам мен табиғаттың қарым-қатынасы тұрғысынан қарастырылды, психикалық денсаулықты нығайтудың жолдары ұсынылады.

“Экологиялық ортаның психикалық денсаулыққа әсерін анықтау” - атты екінші тарауда экологиялық апат аймағы саналатын Арал өңірі тұрғындары (балалар мен жасөспірімдер және ересектер) мен қалыпты аймақ саналатын Ақши кенті тұрғындарының психикалық денсаулығының көрсеткіштері тәжірибелік-эксперименттік тұрғыдан зерттелініп, нәтижелері келтірілген берілді.

Қорытындыда зерттеу жұмысының нәтижелері, тұжырымдар мен қорытынды және ғылыми-әдістемелік нұсқаулар берілді.

Қосымшада тәжірибелік-эксперименттік жұмыстар бойынша қосымша мәліметтер берілді.

ЖҰМЫСТЫҢ НЕГІЗГІ МАЗМҰНЫ

Денсаулық проблемалары және тұлға дамуындағы жайсыздықтың алдын-алу мәселелері XX ғасырдың 60 жылдарынан бастап қарқынды түрде зерттеле бастады. Дәл осы кезде дәрігерлік, педагогикалық және психологиялық басылымдарда ең алдымен мектеп жасындағы балалардың психикалық денсаулықтарының күрделі проблемаларын дәлелдейтін деректер белсенді түрде талқыланды. Атап айтқанда, планета тұрғындарының психикалық денсаулығының жалпы күйі және оның динамикасы, әрі балалар мен жасөспірімдердің арасында невроздардың біршама белең алуы да мазаны ала бастағаны айтылды. Балалардың психикалық денсаулығы жөнінде бүкіл әлемдік денсаулық сақтау ұйымы сарапшыларының комитеті (Женева 1976 ж. ) -психикалық денсаулықтың бұзылыстары жиырма баланың бірінде кездесетінін көрсететін әлемдік статистиканың орташа мәліметтерін жариялады. Европалық елдерде одан да едәуір жоғары сандық көрсеткіштер тіркелген. (1)

Қазіргі таңда балалардың денсаулығының мәселелері кәсіби іс-әрекеттің мақсаты ретінде әр түрлі салаларды біріктіруде.

Атап айтқанда, ғалым-педагогтар: “Қазіргі кездегі білім беру жүйесіндегі денсаулықты сақтау проблемасының маңыздылығы медицинаға қарағанда төмен болмауы мүмкін және солай болуға тиіс екендігіне одан сайын көзіміз жетуде. Ал “мінез-құлық ауруларын” алдын-алу жоспарында - аса маңызды болуы да ықтимал” - деп көрсетеді.

Осы мәселеге психологиялық білім беру тұрғысынан қарағанда ең маңызды проблема: “…оқушылардың тұлғасын дамыту, денсаулығын сақтау мен нығайту, ал шын мәнінде - қазіргі қоғамның маңызды ресурсы ретіндегі балалық шақты сақтау…” .

Мұның барлығы қазіргі уақытта әр түрлі мамандардың оқушылардың денсаулығын сақтау және баланың білім беру ортасында дамуы үшін қауіпсіздікті қамтамасыз ететін жүйені құру проблемаларын шешуді алғашқы кезектегі міндет деп есептейтіндерін көрсетеді. Сонымен бірге білім берудің екі базалық сипаттамасы “денсаулық” және “білім беру” арақатынасын қарастырудың бастауы болып табылатыны атап көрсетіледі.

Аталған мәселені жан-жақты талқылауда “денсаулық”, “психикалық денсаулық”, “психологиялық денсаулық” ұғымдарының ерекшелігін көрсеткен де маңызды.

Тұлғаның денсаулығы адам танудың қазіргі заманғы көптеген салаларының зерттеу обьектісіне айналды. Пәнаралық зерттеудің пәні ретіндегі денсаулық проблемасы бүгінгі күнде әрқилы әдебиеттерде көрсетілген .

Атап айтқанда, О. С. Васильева және Ф. Р. Филатов денсаулықты пән аралық зерттеудің пәні ретінде қарастырып, төмендегідей тұрғыларды көрсетеді:

  • кешенді немесе жүйелі тұрғы;
  • нормоцентрикалық тұрғы;
  • феноменологиялық тұрғы;
  • холистикалық тұрғы;
  • эволюционистік тұрғы;
  • әлеуметтік-бағдарланған тұрғы;
  • кросс-мәдени тұрғы;
  • дискурсивті (немесе диспозитивті) тұрғы;
  • аксиологиялық тұрғы;
  • акмеологиялық тұрғы.

1 кесте - «Тұлғаның денсаулығы» ұғымына деген әртүрлі тұрғылар

Ғылыми тұрғы
Авторлары, еңбектің аты
Мазмұны
№: 1
Ғылыми тұрғы: 2
Авторлары, еңбектің аты: 3
Мазмұны: 4
№: 1
Ғылыми тұрғы: Кешенді немесе жүйелік
Авторлары, еңбектің аты: Психологическое здоровье детей и подростков и психосоциальное развитие детей: Доклад комитета экспертов ВОЗ //Серия технических докладов № 613 - Всемирная организация здравоохранения. - Женева, 1979, с. 16-37
Мазмұны: Бұл тұрғының шеңберінде денсаулық-құрамы бойынша күрделі де әртекті, сондай-ақ гетерогенді, сапалы әрқилы компоненттерді қамтитын және де адам тіршілігінің іргелі аспектілерін сипат-тайтын көп өлшемді феномен ретінде қарастырылады.
№: 2
Ғылыми тұрғы: Нормоцентрикалық
Авторлары, еңбектің аты:
Мазмұны: Нормоцентрикалық тұрғы денсаулық индивидтің соматикалық жағдайының қалыпты көрсеткіштерімен бірге, қабылдаудың, ойлаудың, эмоциялы жауап берудің және мінез -құлықтың статистикалық орташа нормаларының жиынтығы ретінде қарастырылатын дәстүрлі медицина мен психиатрияда едәуір айқын сипатталған. Бұл организм мен психиканың қызмет етулерінің қайсібір оптималды деңгейі.
№: 3
Ғылыми тұрғы: Феноменді
Авторлары, еңбектің аты: Ясперс К., Ялом И. Және т. б.
Мазмұны: Бұл тұрғы адамның субьективті күйзелістерін бірінші орынға қояды. Мұнда денсаулық «әлемдегі болмыстың» дара, қайталанбас тәсілдің көрініс беруі арқылы қарастырылады.

1кестенің жалғасы - «Тұлғаның денсаулығы» ұғымына деген әртүрлі тұрғылар

4
Холистикалық
С. Гроф; Г. Оллпорт; К. Роджерс; Э. Эриксон; К. Г. Юнг және т. б.
Денсаулық жайында тұлға интеграциялануының нақты деңгейі ретінде, тұлғаның қалыптасу үрдісінде ие болатын тұтастылығы ретінде, жүйелі сапа ретінде түсінігіне негізделген.
4: 5
Холистикалық: Эволюционистік
С. Гроф; Г. Оллпорт; К. Роджерс; Э. Эриксон; К. Г. Юнг және т. б.: Вернадский В. И. ; Казначеев В. П. ; Спирин Е. А. ; Лоренц К. және т. б.
Денсаулық жайында тұлға интеграциялануының нақты деңгейі ретінде, тұлғаның қалыптасу үрдісінде ие болатын тұтастылығы ретінде, жүйелі сапа ретінде түсінігіне негізделген.: Рухани өмірдің кез келген құбылыстарының, кез келген тұлға ішілік өңдеулердің жалпыға мәлім эволюцияның кең мағынасында бағалануымен ерекшеленеді.
4: 6
Холистикалық: Әлеуметтік-бағдарланған және кросс-мәденилік
С. Гроф; Г. Оллпорт; К. Роджерс; Э. Эриксон; К. Г. Юнг және т. б.: Маркузе Г., Руссо Ж. -Ж., З. Фрейд, Э. Фромм, К. Хорни және т. б.
Денсаулық жайында тұлға интеграциялануының нақты деңгейі ретінде, тұлғаның қалыптасу үрдісінде ие болатын тұтастылығы ретінде, жүйелі сапа ретінде түсінігіне негізделген.: Әлеуметтік-бағдарланған және кросс-мәдени тұрғылар өркениеттің немесе әлеуметтік болмыстың едәуір жалпы формаларының жеке индивидтің денсау-лығына және толыққанды дамуына деген ықпалға назар аударып, денсаулықты нақты ұлттық топтардың шеңберінде ерекшелінетін мәдени - тарихи жағдайлардың аясында қарастырады.
4: 7
Холистикалық: Дискурсивті (немесе диспозитивті)
С. Гроф; Г. Оллпорт; К. Роджерс; Э. Эриксон; К. Г. Юнг және т. б.: В. М. Розин; М. Фуко
Денсаулық жайында тұлға интеграциялануының нақты деңгейі ретінде, тұлғаның қалыптасу үрдісінде ие болатын тұтастылығы ретінде, жүйелі сапа ретінде түсінігіне негізделген.: Дискурсивті (немесе диспозитивті) тұрғы денсаулық жайлы кез келген түсініктің әлеуметтік ақиқаттың құрылуының немесе тұжырымдалуы-ның дербес ішкі қисыны бар нақты дискурстың өнімі ретінде зерттелуі мүмкін екендігінен бастау алады.
4: 8
Холистикалық: Аксиологиялық
С. Гроф; Г. Оллпорт; К. Роджерс; Э. Эриксон; К. Г. Юнг және т. б.: А. Кемпинский, А. Маслоу және т. б.
Денсаулық жайында тұлға интеграциялануының нақты деңгейі ретінде, тұлғаның қалыптасу үрдісінде ие болатын тұтастылығы ретінде, жүйелі сапа ретінде түсінігіне негізделген.: Аксиологиялық тұрғының аясында денсаулық адамдардың әмбебап құндылығы ретінде анықталады, тұлға бағдарының негізгі құндылықтарымен сәйкестендіріледі және құндылықтар иерархиясында нақты орынды иеленеді.
4: 9
Холистикалық: Акмеологиялық
С. Гроф; Г. Оллпорт; К. Роджерс; Э. Эриксон; К. Г. Юнг және т. б.: Бодалев А. А., Ганжин Г. Т., Дергач А. А. және т. б.
Денсаулық жайында тұлға интеграциялануының нақты деңгейі ретінде, тұлғаның қалыптасу үрдісінде ие болатын тұтастылығы ретінде, жүйелі сапа ретінде түсінігіне негізделген.: Акмеологиялық тұрғыда денсаулық адам табиғатының жоғарғы мүмкіндіктері өзектелуінің негізгі және қажет жағдайы ретінде анықталады.

Психикалық және психологиялық денсаулық жөніндегі шет елдік және басқа да әдебиеттердің талдамасы бұрын қолданылған (кейбір бастауларда қазіргі кезге дейін пайдаланылатын) «психикалық денсаулық» ұғымында көбінесе психикалық денсаулықтың болмауы, психиканың бұзылыстық жағдайларына альтернатива бейнеленетінін көрсетеді. Әр түрлі мамандардың қызмет тәжірибесін қарастыру көптеген жағдайларда психологиялық тәжірибе негізінде сол «денсаулықтың болмауы», «кемістік» парадигмасының жатқандығын тұжырымдауға мүмкіндік береді.

Алайда жиырмасыншы ғасырдың аяғындағы әлемдік тәжірибедегі психикалық және психологиялық денсаулық жайындағы түсініктер әрбір адамда, сондай-ақ міндетті түрде әрбір жаңа туған балада денсаулыққа деген белсенді ұмтылыстың, дамуға, адам әлеуетінің өзектелуіне деген бейімділіктің жатқандығы жайлы мәліметтерге негізделгенін айта кету керек.

Денсаулық сақтаудың Бүкіл әлемдік ұйымының психикалық денсаулық бөлімінің директоры Н. Сарториус психикалық денсаулыққа төмендегідей анықтама береді:

  • біріншіден, бұл - айқын психикалық бұзылыстардың болмауы;
  • екіншіден - адамның төтенше жағдайларда пайда болатын күтпеген стрестерді немесе қиыншылықтарды жеңе алатын қуаттарының нақты қоры;
  • үшіншіден - адам мен қоршаған әлемнің арасындағы тепе-теңдік, оның қоғаммен үйлесімділігінің күйі, жеке адам түсініктерінің басқа адамдардың «обьективті ақиқат» жайлы түсініктерімен қатар өмір сүруі .
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тұлғаның денсаулыққа қатынасы
Адам денсаулығы және қоршаған орта
Қолайсыз қоршаған ортамен адам денсаулығына келтіретін зиян
Тұлғаның денсаулық психологиясы
Адамдардың денсаулығына әсер ететін негізгі факторлар
Биосфера және адам
Экология және халық денсаулығы
Денсаулық энцикполедиясы
Қоршаған ортаның экологиялық жағдайы
ПСИХОЭМОЦИЯЛЫҚ САУЛЫҚТЫ ДАМЫТУ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ АРТ-ТЕРАПИЯНЫ ҚОЛДАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНІҢ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz