Алаңдарды және тұрғын аймақтарды жоспарлау және салу



1 Елді мекен алаңдарының түрлері және көлемдері.
2 Тұрғын аймақтың құрылымы және тұрғын кварталдар түрі
3 Ауылдық тұрғын кварталдар, олардың түрлері, көлемі мен формасы.
4 Тұрғын аумақтарды жоспарлау және салу тәсілдері.
5 Қоғамдық маңызы бар учаскелерді жоспарлау.
6 Қоғамдық ғимараттар жанындағы учаскелерді жоспарлау және салу.
7 Саябақтарды жоспарлау.
1 Елді мекен алаңдарының түрлері және көлемдері.
Елді мекендегі алаң деп арнайы мақсаттарға арналған, кеңейтілген көше кеңістігі аталады. Атқаратын қызметі бойынша алаңдарды төрт негізгі топқа бөлуге болады: 1) қоғамдық, 2) көлік, 3) жүк түсіру, 4) сауда алаңдары.
Қ о ғ а м д ы қ а л а ң д а р – елді мекендердің ең шерулік (парадный) бөлігі, ол басты қоғамдық ғимараттар орналасқан жерге салынып, демонстрация, митинг және басқа да халықтық жиналыстар өткізу үшін пайдаланылады. Көлік алаңдары магистралдар түйіскен жерлердегі қозғалысты дұрыс ұйымдастыру қызметін айтады. Жүк түсіру алаңдары вокзалдар мен айлақтардың, театрдың, клубтың, стадионның, саябаққа кірер жерде және т.б. алдында жиылып қалған көліктің тез жүк түсіруін жеңілдету үшін салынады. Сауда алаңдары, базар, жәрмеңке және т.б. орналастыру үшін қажет және сауда үйлері алдындағы алаңдар болады.
Алаң кеңістігі оны жиектейтін ғимараттармен безендіріледі. Қағида бойынша олар қоғамдық мақсаттағы ғимараттар: әкімшілік, клуб, сауда орталығы және т.б. Бұл ғимараттардың ауылдық елді мекендердегі көлемі үлкен емес, биіктігі 1-2 қабат. Сондықтан да алаңдардың да көлемдері шағын болады, әйтпесе алаң өзінің маңызды қасиеті – кеңістіктің тұйықталуын жоғалтады. Егер қала алаңдарының көлемдері 2-5га кейде одан да көп болатын болса, онда алаң кеңістігінің тұйықталуы оны қоршаған ғимараттар ірілігінің арқасында бұдан жоғалып кетпейді. Ауылдық елді мекендердегі алаңдардың көлемі 1га аспайды. Ең көп таралған көлемі 0,3-0,5га.
Алаңның сәулеттік айқындылығы оны қоршаған құрылыс пен биіктігі мен алаңның ұзындығына (немесе еніне) да байланысты болады. Бір қатар қалалардың алаңдарында бұл қатынас 1:6 шегінен аспайды. Мұндай қатынасты ауылдық елді мекендер алаңдары үшін де ұсынуға болады. Егер алаңды қоршаған қоғамдық ғимарат биіктегі 10-11 м, ал жалпы көлемі (жоспардың шаршы формасында) жағдайда алаң көлемі үлкен емес.
Алаңның құрылуы және формасы. Елді мекеннің алаңдары аумақты кварталдардың бұрыштық бөліктерін салу есебінен көше қиылыстарында немесе көшенің бір, не болмаса екі шетін де кеңейту арқылы көше кесіндісінде құрылады. Тұтас бір кварталды алатын және көшелермен қоршалған алаңдар да болады, бұлар көбіне – сауда алаңдары.
Қоғамдық орталық алаңдарын жобалауға ерекше көңіл бөлінуі қажет, өйткені олар елді мекен композициясының орталығы болып саналады. Бұл алаңдар сәулеттілігі жағынан айрықша, сәнді, есте қалатындай болуы тиіс.
Алаң жоспарының формасы, оның өлшемдері, жанасып жатқан көшеге қарай орналасуы, алаңдағы ғимараттарды, жасыл екпелерді, сәулеттік-кеңістікті мазмұндағы оның басқа да компоненттерін орналастырумен бір мезгілде, сондай-ақ, жалпы елді мекенді жоспарлаумен тығыз байланыста шешіледі.

Пән: Іс жүргізу
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Алаңдарды және тұрғын аймақтарды жоспарлау және салу

1 Елді мекен алаңдарының түрлері және көлемдері.
Елді мекендегі алаң деп арнайы мақсаттарға арналған, кеңейтілген көше
кеңістігі аталады. Атқаратын қызметі бойынша алаңдарды төрт негізгі топқа
бөлуге болады: 1) қоғамдық, 2) көлік, 3) жүк түсіру, 4) сауда алаңдары.
Қ о ғ а м д ы қ а л а ң д а р – елді мекендердің ең шерулік
(парадный) бөлігі, ол басты қоғамдық ғимараттар орналасқан жерге салынып,
демонстрация, митинг және басқа да халықтық жиналыстар өткізу үшін
пайдаланылады. Көлік алаңдары магистралдар түйіскен жерлердегі қозғалысты
дұрыс ұйымдастыру қызметін айтады. Жүк түсіру алаңдары вокзалдар мен
айлақтардың, театрдың, клубтың, стадионның, саябаққа кірер жерде және т.б.
алдында жиылып қалған көліктің тез жүк түсіруін жеңілдету үшін салынады.
Сауда алаңдары, базар, жәрмеңке және т.б. орналастыру үшін қажет және сауда
үйлері алдындағы алаңдар болады.
Алаң кеңістігі оны жиектейтін ғимараттармен безендіріледі. Қағида
бойынша олар қоғамдық мақсаттағы ғимараттар: әкімшілік, клуб, сауда
орталығы және т.б. Бұл ғимараттардың ауылдық елді мекендердегі көлемі үлкен
емес, биіктігі 1-2 қабат. Сондықтан да алаңдардың да көлемдері шағын
болады, әйтпесе алаң өзінің маңызды қасиеті – кеңістіктің тұйықталуын
жоғалтады. Егер қала алаңдарының көлемдері 2-5га кейде одан да көп болатын
болса, онда алаң кеңістігінің тұйықталуы оны қоршаған ғимараттар ірілігінің
арқасында бұдан жоғалып кетпейді. Ауылдық елді мекендердегі алаңдардың
көлемі 1га аспайды. Ең көп таралған көлемі 0,3-0,5га.
Алаңның сәулеттік айқындылығы оны қоршаған құрылыс пен биіктігі мен
алаңның ұзындығына (немесе еніне) да байланысты болады. Бір қатар
қалалардың алаңдарында бұл қатынас 1:6 шегінен аспайды. Мұндай қатынасты
ауылдық елді мекендер алаңдары үшін де ұсынуға болады. Егер алаңды қоршаған
қоғамдық ғимарат биіктегі 10-11 м, ал жалпы көлемі (жоспардың шаршы
формасында) жағдайда алаң көлемі үлкен емес.
Алаңның құрылуы және формасы. Елді мекеннің алаңдары аумақты
кварталдардың бұрыштық бөліктерін салу есебінен көше қиылыстарында немесе
көшенің бір, не болмаса екі шетін де кеңейту арқылы көше кесіндісінде
құрылады. Тұтас бір кварталды алатын және көшелермен қоршалған алаңдар да
болады, бұлар көбіне – сауда алаңдары.
Қоғамдық орталық алаңдарын жобалауға ерекше көңіл бөлінуі қажет, өйткені
олар елді мекен композициясының орталығы болып саналады. Бұл алаңдар
сәулеттілігі жағынан айрықша, сәнді, есте қалатындай болуы тиіс.
Алаң жоспарының формасы, оның өлшемдері, жанасып жатқан көшеге қарай
орналасуы, алаңдағы ғимараттарды, жасыл екпелерді, сәулеттік-кеңістікті
мазмұндағы оның басқа да компоненттерін орналастырумен бір мезгілде, сондай-
ақ, жалпы елді мекенді жоспарлаумен тығыз байланыста шешіледі.
Жоспардағы алаң формасы белгілі бір геометриялық фигурада болады. Ол
неғұрлым қарапайым, жинақы, мүмкіндігінше дұрыс, әрі алаңның өзінің негізгі
арналуына сәйкес қызметтерін орындауға ыңғайлы болуы тиіс.
Ауылдық елді мекендерге арналған қоғамдық орталық алаңы жоспарының
неғұрлым ұтымды фигурасы ретінде қабырғалары 2:3–1:2 шегіндегі қатынаста
болатын, аздан ұзартылған тікбұрышты есептеуге болады. 1:1, 6:2 алтын
қима классикалық қатынасы да, сондай-ақ, оған жақын 3:5, 5:8, 8:13 және
т.б. қатынастары да осы шекте. Едәуір созылыңқы болған жағдайда алаңның
жинақылығы жоғалып, тұтастығы мен оның кеңістікті ұйымдастырылуының
бірыңғайлылығы бұзылады.

Ауылдық елді мекендердегі қоғамдық орталықтарының дөңгелек (сондай-ақ,
доғал) жоспары жарамайды, өйткені олардың дөңгеленген бейнелері
ғимараттардың тікбұрышты формалары мен олардың жазық беттеріне қайшы
келеді.
Алаңның сәулеттік формасы – бұл үш өлшемді, толық немесе ішінара
тұйықталған, сәулеттік ұйымдастырылған кеңістікті ортаның формасы. Ол
ғимараттармен, өзге құрылыстармен және т.б. бекітіледі. Осы көлемдік
элементтер алаңның сәулеттік ұйымдастырылған кеңістігін құрайды. Жоспар –
бұл алаңды ұйымдастырудағы, бірыңғай сәулеттік ансамбль ретінде кешенді
шешілетін элементтердің бірі ғана. Алаң жоспарының геометриялық формасы
оның сәулеттік формасын ұйымдастыруға арналған негізгі қызметін атқарады.
Алаң формасы оның айналасына салынған үйлеріне қаспеттерімен,
қоршауларымен және т.б. көлемді заттармен бекітіледі. Бұл кеңістікте
тұйықталуын құрайды. Ал, көшлер алаңның периметрін ажырата және оның
бекітілген бөлігін қысқарта отырып, алаңның тұтастығын, бірыңғайлылығын
бұзады, бұл оның формасының жоғалуына әкеледі. Сондықтан алаңға көшелер
санының көп болуы қажет емес.
Қоғамдық орталық алаңның жанасатын көшелермен мақсатқа сай байланысына
келесідей негізгі шарттарды сақтау көзделеді:
1. алаңның көшелермен байланысы оны қоршаған аудандағы көшелер
жүйесін жобалау кезінде, ал кейде жалпы елді мекенегі барлық
көшелер жүйесін жобалау кезінде ескеріледі;
2. алаңға шығатын көшелер саны көп болмайды (3-5);
3. алаңмен қосылып кететін көшелердің ені оның жалпы периметрінің
жартысынан аз болады;
4. көшелер алаңның жалпы кеңістігіне кіргізіледі немесе оның
жиегімен өте отырып алаң ауданын жанап қана өтеді (тура қозғалыс
көшесі);
5. көшелердің алаң арқылы өтетін жері оның аумағын бөлмейді, майда,
пайдалануға ыңғайсыз бөліктерге кесіп тастамайды;
6. алаңға шығатын барлық көшелер жүйесі ыңғайлы ұйымастырылған
дұрыс жанасу көше осі мен алаң шекарасы тікбұрыш құрған жағдайда
алынады;
7. басты көшелер алаңның басты алаңдарына бағытталады (алаң
ортасы, басты ғимарат қасбетінің ортасы, монумент және т.б.);
8. алаңдағы көшелер айрығын жобалау кезінде ондағы мүмкін қозғалыс
кестесі дайындалады.
Бұл шарттардың сақталуы, әрине, алаңдарды жобалаудың өзге де
мәселелерімен және бірінші кезекте, елді мекендегі белгілі бір алаңның
түрімен және мақсатымен, оның құрылыстарымен және жергілікті жағдайлармен
сәйкес болуы қажет.
Алаң құрылысы. Алаң құрылысы бірқалыпты немесе айрықша белсенді сипатта
бола алады. Алаңның жан-жағынан құрылыстар салынуы, немесе су айдынына,
тартымды ландшафтқа және т.б. ашылуы мүмкін.
Құрылыстың қалыпты (немесе бірқалыпты) сипаты алаңда биіктігі мен көлемі
бірдей және шамамен бірдей қалыпта орналасқан үйлер салуда алынады.
Құрылыс белсенді сипатқа алаңның басты жерінде неғұрлым ірі ғимарат
орналастырылған және қалған құрылыс бағыныңқы болған жағдайда жетеді. Бұл
ғимараттың арнаулы мақсаты алаң түріне сәйкес болуы қажет. Қоғамдық мәдени
ортадық алаңда мұнда йсәйкестікке жету үшін басты жерге клуб, ал әкімшілік-
қоғамдық алаңда әкімшілік үйі орналастыруы тиіс.
Алаңдардың сәулеттік ұйымдастырылуы. Алаңдар елді мекеннің сәулеттік
композициясының орталығы бола отырып, олардың жалпы орналастырылуында
маңызды орын алады. Сондықтан, алаңдардыжобалаудағы басты міндеттердің бірі
олардың сәулеттік ұйымдастырылуы болып табылады. Ауылдық елді мекендерде
ерекше орынды, олардың басты сәулеттік басты ансамблі болып саналатын
қоғамдық орталық алаңдарын сәулеттік ұйымдастыру алады. Алаңның сәулеттік
кеңістікті ансамблі ретіндегі біртұтастығына оның формасы мен өлшемдерінің
безендірілуші ғимараттарымен белгілі бір сәйкестігі арқылы жетуге алады.
Мұндай біртұтастыққа жетудегі негізгі тәсілдердің бірі ғимараттар осьтері
мен алаң осінің өзара келісілуі болып саналады. Алаң айналасында салынатын
ғимараттардың симметрия осьтері өзара, алаң және оған кіретін көшелердің
осьтерімен келісілуі қажет.

2 Тұрғын аймақтың құрылымы және тұрғын кварталдар түрі
Тұрғын аймақтағы құрылыс құрамы. Ауылдық елді мекен тұрғын аймағының
негізгі құрылыс қорын тұрғын үйлер мен қажетті шаруашылық құрылыстары бар
қоғамдық ғимараттар құрайды. Тұрғын үйлер тұрғынды аумақтарда, қоғамдық
ғимараттар – қоғамдық мақсаттарға арналған аумақ учаскелерінде
орналастырылады. Бұдан басқа, бұл учаскелерде әртүрлі өзге де ғимараттар
тұрғызылады (спорт, ойын алаңдары және т.б.).
Тұрғын аймақ құрылымы. Барлық құрылыс қоры елді мекеннің селитебтік
(тұрғын) аймағында, оның жоспарлық құрылымына сәйкес орындалады.
Ж о с п а р л ы қ қ ұ р ы л ы м деп, аймақтың ұйымдастырылуы
бойынша дербес, ал атқаратын қызметі бойынша бірдей бөлек бөліктерге бөлуді
және олардың құрылуын – орналастыру тәртібін айтады. Бұл бөліктер
құрылымдық-жоспарлау бірліктері болып табылады.
Қ ұ р ы л ы м д ы қ – ж о с п а р л а у б і р л і г і – бұл негізіне
халыққа қажетті практикалық мұқтаждао: өмір, тұрмыс және мәдени тұрмыстық
қызмет көрсету алынған тұрғындық құрылым (тұрғынды аймақ аумағынығ бір
бөлігі).
Елді мекеннің жоспарлық құрылымы сатылы жүйе бойынша құрылған. Неғұрлым
жоғарырақ сатыдағы әр құрылымдық-жсопарлық бірлікте кіші сатыдағы
құрылымдық-жоспарлық бірлік құрылады. Сатылар саны елді мекен көлеміне
байланысты болады.
Бірнеше тұрғынды кешендер немесе тұрғын үйлер тобы ықшам аудандарға –
екінші тәртіптегі құрылымдық-жоспарлау бірлігіне біріктіріледі. Ықшам
аудандар халқының саны, қалалар мен кенттер үшін, 4 мыңнан 6 мыңға дейін
қабылданған. Ауылдық елді мекендер үшін ондағы халық саны 1,5 мыңға дейін
болуы мүмкін.
Бірнеше ықшам аудандар елді мекеннің әкімшілік аудандарына
біріктіріледі. Олардың өлшемдері мерзімдік пайдаланымдағы мекемелердің
қызметтік радиусымен белгіленеді. Бұл мекемелер аудандық, қоғамдық орталық
алаңдарда орналастырылады. Әкімшілік аудандарда бақтар немесе спорттық
қондырғылары бар саябақтар құрылады. Әкімшілік ауданның спорттық кешен
аумағында спорттық сауықтыру топтары құрылып, жаттығулар мен аудандық
жарыстар өткізіледі. Әкімшілік аудандар басты көшелермен және ірі көлік
магистралдарымен шектеседі.
Бірнеше әкімшілік аудандар тұрғын аудандарға біріктіріледі, олардың
қоғамдық орталық алаңдарында эпизодтық пайдаланымдағы мекемелер орналасады.
Тұрғын аудандарға кіретін әкімшілік аудандардың аумағында мәдениет және
демалыс саябағы салынады. Спорттық кешендер құрылып, онда білікті
спортшылар жаттығып, жарысады.
Тұрғын аудандардың шекараларына әдетте табиғи және жасанда межелер
(рубеж): өзен, арық, жасыл алқаптар мен ірі транзит магистралдары жатады.

3 Ауылдық тұрғын кварталдар, олардың түрлері, көлемі мен формасы. Ең
кіші құрылымдық-жоспарлау бірлігінің құрылымдық бөліктеріне құрылымдық-
жоспарлау элементтері жатады. Бұл – тұрғын үйлер, өтпе жолдар, демалуға
арналған көгалдандырылған саябақтар, кварталдар. Негзгі жоспарлау элементі
болып квартал саналады. Квартал деп, көшелермен және жалпы пайдаланымдағы
өтпе жолдармен жиектелген елді мекен бөлігін айтады. Кварталда құрылыс
салынуы да мүмкін, салынбауы да мүмкін, мысалы: саябақ орналасқан
кварталда. Егер кварталда тұрғын үйлер салынған болса, онда ол тұрғын
квартал деп аталады. Тұрғын кварталдар біріге отырып, тұрғынды аумақ
құрайды.
Тұрғын кварталдардың қарапайым үлгілерін ірі көлемдегі мекенжай маңы
учаскелерінде (0,15 га және одан көп) пайдалануға болады. Егер учаскелер
шағын болса (0,06-0,15 га), онда кварталдар жіңішке болады, көше торы
қалыңдайды, олар орналасқан елді мекен аумағы күрт ұлғаяды. Ондықтан
учаскенің кіші өлшемдерінде неғұрлым күрделі түрде жоспарлық
ұйымдастырылатын кварталдарды қолданған дұрыс.
Ауылдық тұрғын үйлер және олардың орналасуын айқындаушы жағдайлар.
Қазіргі заманғы ауылдық құрылыста тұрғын үйлердің негізгі үш түрі:
мекенжайлы, блокты және секциялық қолданылады.
Мекенжайлы үйлер – бұл көбіне бір немесе екі пәтерге арналған жеке
үйлер. Пәтердің екі есігі бар: алдыңғы жақтағы және мекенжай маңы учаскесі
жағына қаратылған. Осы жаққа асүйдің терезесі де қарайды. Мұндай үйді
мекенжай маңы учаскесінің басты орталық бөлігінде, алдыңғы кіреберіс есігі
бар қасбетін көше жаққа қаратып орналастырады.
Б л о к т ы ү л г і д е г і ү й л е р - бұл 2, 4, 6 және одан да
көп пәтерлері бар екі қабатты үйлер. Олардың әрқайсысы екі деңгейде
орналастырылған. Пәтер ішіндегі қабаттар арасындағы байланыс ішкі
баспалдақтар арқылы жүзеге асырылады. Әр пәтердің бірінші қабатында – жалпы
тұрғын бөлме, асүй, санитарлық жүйе және шаруашылық бөлмелері, ал екінші
қабатта – жатын бөлмелер салынады. Пәтерлердің әр қайсысында да екі
кіреберіс бар: біреуі үйдің көшеге шығатын қасбеттік бөлігі жақтан,
екіншісі – пәтер маңы учаскесімен байланыс үшін, артқы жақтан. Пәтерлер
саңылаусыз қабырғалармен бөлінген.
Үйді көшеге қарсы алдынан, одан 4-6 м қашықтықта орналастырады;
қасбетінің алдына қоршау белгіленеді. Артқы жағынан бауы, бақшасы бар пәтер
маңы учаскелері орналастырылады. Блокты тұрғын үйлердің әлем жақтарына
қарай бағдарлануы еркін түрде болады, өйткені әр пәтердің бөлмелерінің
терезесі қарама қарсы екі жаққа шығады.
С е к ц и я л ы т ұ р ғ ы н ү й л е р – бұл бөлек жекеленген
секциялардан тұратын, 2 және одан да көп қабатты көп пәтерлі үйлер. Әр
секциядағы пәтерлердің барлығы ортақ баспалдақ торымен біріктіріледі – бұл
секциялы үйдің ерекшелігі болып табылады. Үйде 1, 2, 3 және одан көп
секциялар болады.
Секциялы тұрғын үйлер бөлек секциялардағы пәтерлердің орналасуына қарай,
үш үлгілік бағдарда болуы мүмкін: шектеулі, ішінара шектеулі және еркін.
Өртке қарсы аралықтар. Ауылдық елді мекеннің тұрғын аймағындағы кез
келген ғимарат арасындағы өртке қарсы аралықтардың шамалары материалдар мен
конструкциялардың тұтанғыштығына байланысты болатын, олардың өртке
төзімділік дәрежесімен анықталады. Тұтанғыштықтың үш түрі белгіленген:
жанбайтын, қиын жанатын және жанатын.
Жанбайтын материалдар оттың немесе жоғары температураның әсерімен
тұтанбайды, бықсып жанбайды және күймейді. Оларға барлық табиғи және
жасанды органикалық материалдар, сондай-ақ құрылыста пайдаланылатын
металдар жатады. Жанбайтын материалдардан жасалынған конструкция жанбайтын
конструкция деп аталады.
Санитарлық аралықтар. Елді мекендерді салу кезінде адамдар болатын
бөлмелердің инсоляциясына үлкен көңіл бөлінеді. Мұндай үйлер мен аумақтар
солтүстік ендіктен 500 оңтүстіктеу аудандарда 22 наурыздан 22 қыркүйекке
дейін және 500 солтүстіктеу аудандарда 22 сәуірден 22 тамызға дейінгі
кезеңдерде тәулігіне 3 сағаттан кем болмайтын үздіксіз күн сәулесін алуы
қажет. Бұл талаптың маңызы зор, өйткені күн сәулесі жарық пен жылу беріп
қана қоймай, ортаға сауықтыру әсерін де тигізеді.
Тұрғын үйлердің инсоляциясын оларды әлем жақтары бойынша тиісті
бағдарлау арқылы қамтамасыз етуге болады. Бірақ күн сәулесінің бөлмелер мен
аумаққа түсуі көлеңкелендірілмеген жағдайда мүмкін болады. Ол үшін үйлер
арасында жарық аралықтарі сақталуы тиіс. Ол көлеңке түсіретін ғимараттың
биіктігіне байланысты болады. Тұрғын үйлер арасында, сондай-ақ олар мен
қоғамдық ғимараттар арасында келесідей санитарлық аралықтар қабылданған (4-
кесте).
Бедерді ескеру. Ауылдық елді мекендерде тұрғын үйлер мен қоғамдық
ғимараттар көбіне үлгілік жобалар бойынша салынады. Үлгілік жобалар
жергілікті жағдайларға, соның ішінде аумақ бедеріне байластыруға жатады.
Бұл кезде іргетастардың, төменгі қабаттардың, кіре беріс баспалдағының
жобаларын қайта қарау қажет болуы мүмкін.
Едәуір еңістікті учаскелерде тұрғын үйлерді горизонталдар бойымен немесе
оларға кішкене бұрышпен орналастыру ұсынылады. Егер де үйлерді әлем жақтары
бойынша бағдарлау жағдайларына немесе өзге де ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ауылдық елді мекен аумағын жалпы ұйымдастыру
Сәулеттік және конструктивтік шешімдер жайында
Балалар мекемесінің гигиеналық талаптары. Қазіргі кезеңдегі балалардың мектепке дейінгі мекемелерін салудың гигиеналық аспектілері
Алматы облысындағы шағын елді-мекенді жобалау
Ғимараттың класы класс
Елді мекендердің жерлерін пайдалану
Жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау
Ландшафтық дизайн
Жарықтандыру қондырғыларын жобалау
Құрылыс - монтаж жұмыстары
Пәндер