Қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босату



Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатудың
түсінігі және түрлері
2. Қажетті қорғану шегінен асқан кезде қылмыстық
жауаптылықтан босату
3. Жәбірленушімен татуласуға байланысты қылмыстық
жауаптылықтан босату
4. Жағдайдың өзгеруіне байланысты қылмыстық
жауаптылықтан босату
5. Ескіру мерзімінің өтуіне байланысты қылмыстық
жауаптылықтан босату
6. Жазаны өтеуден мерзімінен бұрын шартты тұрде босату
7. Жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жаза
түрімен ауыстыру
8. Жүкті әйелдердін және жас балалары бар әйелдердің
Жазаны өтеуін кейінге қалдыру
9. Ауруға шалдығуына байланысты жазадан босату
10. Төтенше мән.жайлардың салдарынан жазадан
босату мен жазаны өтеуді кейінге қалдыру
11. Айыптау үкімін орындаудың мерзімі ескіруге
байланысты жазадан босату
12. Рақымшылық немесе кешірім жасау актісі негізінде
Қылмыстық жауапкершілік пен жазадан босату ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
13. Сотталғандықтан арылу және оны жою ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Пайдаланған әдебиет тізімі
Бірінші рет кішігірім немесе орташа ауырлықтағы қылмыс жасаған адам, егер ол қылмыс жасағаннан кейін айыбын мойындап өз еркімен келсе немесе қылмысты ашуға жәрдемдессе неме¬се қылмыс келтірген зиянды өзгеше түрде қалпына келтірсе, қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкін (65-бап, 1-бөлігі).
Қылмыстың жауаптылықтан босатудың бұл түрі Қылмыстық кодекстің Ерекше бөліміндегі жеке қылмыс құрамының санкцияларында көрсетілген реттерде ғана қолданылады. Мұның өзінде шын жүректен өкіну деп тану үшін кінәлінің кінәсін мойындап, өз еркімен келуі, шын жүректен өкінуі қылмысты ашуға жәрдемдесу және келтірілген зиянның орның толтыруы белгілері болуы шарт.
Кінәсін мойындап келу деп біткен немесе дайындық арасындағы (дайындалу, оқталу), қылмыстарды істегеннен кейін кінәлі адамның өзінін айыбын мойындап заңда көрсетілген орғанға келуін айтамыз. Кінәсін мойындап келу көп жағдайларда аяқталған қылмысты істегеннен кейін орын алады. Шын жүректен өкіну деп, істеген кінәлінің қылмысы үшін ағынан жарылып өкініш білдіруі; өзін-өзі айыптауы; істеген ісі үшін қандай да болсын жазаны адал өтеуге даяр екендігіне көз жеткізу; іштей қатты күйзеліп, қайғылануы сияқты әрекеттерін айтамыз. Келтірілген зиянның орның толтыру деп кінәлінің өз еркімен ешкімге айтқызбай-ақ келтірген материалдық зиянның орның толтыруы, жәбірленушіден келтірген моральдық зияны үшін кешірім сұрап, істеген іс-әрекеті үшін өзінің айыбын толық мойындап, болашақта оны қайталамауға уәде беруі және тағы басқа әрекеттер жатады. Қылмысты ашуға жәрдемдесу деп тергеу орғандарына болған мән-жайларды айқын баяндауы, қылмысқа қатысқандарды дұрыс анықтап беруді, қылмыстық құралдарды, қолды болған затты табуға көмек беруін, сондай-ақ жәбірленушіге келтірген моральдық зияны үшін одан кешірім сұрауын айтамыз. 65-баптың 1-бөлігі бойынша шын жүректен өкінуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату біріншіден, айыптының бірінші рет онша ауыр емес немесе ауырлығы орта қылмысты істеуі, екіншіден, қылмыс істегеннен кейін: а) айыбын мойындап өз еркімен келуі; б) қылмысты ашуға жәрдемдессе; в) келтірген зиянның орның қалпына келтірсе ғана қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкін. Сондай-ақ қылмыс жасаған адам егер ол ұйымдасқан топ немесе қылмысты сыбайластық (қылмысты ұйым) жасаған қылмыстарды болғызбауға, ашуға немесе тергеуге, ұйымдасқан топ немесе қылмысты сыбайластық (қылмысты ұйым) жасаған қылмысқа басқа да қатысушыларды анықтауға белсенді түрде жәрдемдессе, қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкін (65-бап, 2- бөлігі). 65-баптың 2-бөлігі жеке адамға қарсы ауыр немесе аса ауыр қылмыс істегендерге қолданылмайды. Демек, бұдан басқа қылмыстарды жасаған адамға сот осы көрсетілген қағидаға сәйкес егер ол ұйымдасқан топ немесе қылмысты ұйым жасаған қылмыстарға қарсы заңда көрсетілген іс-әрекеттерді шын жүректен жасағанда ол қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкін.
1. ҚР құқық негіздері. Е.Баянов, Алматы, 2001ж
2. С.Д. Баққұлов Құқық негіздері., Алматы, 2004ж.
3. А. Ағыбаев, 1998 «Жеті жарғы», 1998 ж.
4. А. Ағыбаев, 2007«Жеті жарғы» ЖШС, өнд. толықт., 2007 ж.
5. Табанов С.А.,2003 "Жеті жарғы" ЖАК, 2003 ж.
6. Назарбаев Н.А. Стратегия развития Казахстана до 2030 года. -Алматы, 1997. -34 б.
7. . Құқықтық статистиканың 2006 жылғы мәліметтері
8. ҚР ҚІЖК Алматы-2004 жыл.
9. Фаткуллин Ф.Н. Общие проблемы процессуального доказывания.- Казань: Изд. Казаньского Ун-та. 1973 ж. 173 б.
10. Джакишев Е.Г. Криминалистическая характеристика преступлений и ее значение в определении обстоятельств, подлежащих доказыванию// В кн. Некоторые вопросы борьбы с преступностью в Казахской ССР- Алма-Ата КазГУ, 1987, 77-79 б.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатудың
түсінігі және түрлері
2. Қажетті қорғану шегінен асқан кезде қылмыстық
жауаптылықтан босату
3. Жәбірленушімен татуласуға байланысты қылмыстық
жауаптылықтан босату
4. Жағдайдың өзгеруіне байланысты қылмыстық
жауаптылықтан босату
5. Ескіру мерзімінің өтуіне байланысты қылмыстық
жауаптылықтан босату
6. Жазаны өтеуден мерзімінен бұрын шартты тұрде босату
7. Жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жаза
түрімен ауыстыру
8. Жүкті әйелдердін және жас балалары бар әйелдердің
Жазаны өтеуін кейінге қалдыру
9. Ауруға шалдығуына байланысты жазадан босату
10. Төтенше мән-жайлардың салдарынан жазадан
босату мен жазаны өтеуді кейінге қалдыру
11. Айыптау үкімін орындаудың мерзімі ескіруге
байланысты жазадан босату
12. Рақымшылық немесе кешірім жасау актісі негізінде
Қылмыстық жауапкершілік пен жазадан
босату ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ...
13. Сотталғандықтан арылу және оны
жою ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Пайдаланған әдебиет тізімі

Кіріспе
Бірінші рет кішігірім немесе орташа ауырлықтағы қылмыс жасаған адам,
егер ол қылмыс жасағаннан кейін айыбын мойындап өз еркімен келсе немесе
қылмысты ашуға жәрдемдессе немесе қылмыс келтірген зиянды өзгеше түрде
қалпына келтірсе, қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкін (65-бап, 1-
бөлігі).
Қылмыстың жауаптылықтан босатудың бұл түрі Қылмыстық кодекстің Ерекше
бөліміндегі жеке қылмыс құрамының санкцияларында көрсетілген реттерде ғана
қолданылады. Мұның өзінде шын жүректен өкіну деп тану үшін кінәлінің
кінәсін мойындап, өз еркімен келуі, шын жүректен өкінуі қылмысты ашуға
жәрдемдесу және келтірілген зиянның орның толтыруы белгілері болуы шарт.
Кінәсін мойындап келу деп біткен немесе дайындық арасындағы
(дайындалу, оқталу), қылмыстарды істегеннен кейін кінәлі адамның өзінін
айыбын мойындап заңда көрсетілген орғанға келуін айтамыз. Кінәсін мойындап
келу көп жағдайларда аяқталған қылмысты істегеннен кейін орын алады. Шын
жүректен өкіну деп, істеген кінәлінің қылмысы үшін ағынан жарылып өкініш
білдіруі; өзін-өзі айыптауы; істеген ісі үшін қандай да болсын жазаны адал
өтеуге даяр екендігіне көз жеткізу; іштей қатты күйзеліп, қайғылануы сияқты
әрекеттерін айтамыз. Келтірілген зиянның орның толтыру деп кінәлінің өз
еркімен ешкімге айтқызбай-ақ келтірген материалдық зиянның орның толтыруы,
жәбірленушіден келтірген моральдық зияны үшін кешірім сұрап, істеген іс-
әрекеті үшін өзінің айыбын толық мойындап, болашақта оны қайталамауға уәде
беруі және тағы басқа әрекеттер жатады. Қылмысты ашуға жәрдемдесу деп
тергеу орғандарына болған мән-жайларды айқын баяндауы, қылмысқа
қатысқандарды дұрыс анықтап беруді, қылмыстық құралдарды, қолды болған
затты табуға көмек беруін, сондай-ақ жәбірленушіге келтірген моральдық
зияны үшін одан кешірім сұрауын айтамыз. 65-баптың 1-бөлігі бойынша шын
жүректен өкінуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату біріншіден,
айыптының бірінші рет онша ауыр емес немесе ауырлығы орта қылмысты істеуі,
екіншіден, қылмыс істегеннен кейін: а) айыбын мойындап өз еркімен келуі; б)
қылмысты ашуға жәрдемдессе; в) келтірген зиянның орның қалпына келтірсе
ғана қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкін. Сондай-ақ қылмыс жасаған
адам егер ол ұйымдасқан топ немесе қылмысты сыбайластық (қылмысты ұйым)
жасаған қылмыстарды болғызбауға, ашуға немесе тергеуге, ұйымдасқан топ
немесе қылмысты сыбайластық (қылмысты ұйым) жасаған қылмысқа басқа да
қатысушыларды анықтауға белсенді түрде жәрдемдессе, қылмыстық жауаптылықтан
босатылуы мүмкін (65-бап, 2- бөлігі). 65-баптың 2-бөлігі жеке адамға қарсы
ауыр немесе аса ауыр қылмыс істегендерге қолданылмайды. Демек, бұдан басқа
қылмыстарды жасаған адамға сот осы көрсетілген қағидаға сәйкес егер ол
ұйымдасқан топ немесе қылмысты ұйым жасаған қылмыстарға қарсы заңда
көрсетілген іс-әрекеттерді шын жүректен жасағанда ол қылмыстық
жауаптылықтан босатылуы мүмкін. Қылмыстық кодекстің осы 65-бабының бірінші
және екінші бөлігінде кезделген жағдайлар болған кезде басқа санаттағы
қылмыс жасаған адам тек осы Кодекстің Ерекше бөлімінің тиісті баптарында
арнайы көзделген реттерде ғана қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкін (65-
бап, 3-бөлігі). Мысалы, Кылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің кейбір
баптарының санкцияларында шын жүректен өкіну қылмыстық жауаптылықтан немесе
қылмыстық жазадан босатудың негізі ретінде көрсетілген. Мысалы, пара
бергендігі үшін (312-бап), есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін
заттарды заңсыз дайындау, сатып алу, тасу, тұтыну іс-әрекеттері үшін (259-
бап).

1. Қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатудың
түсінігі және түрлері
Жалпы қағидаға сәйкес қылмыстық жауаптылық сот арқылы қылмыс жасаған
кінәлі адамға жаза тағайындау арқылы жүзеге асырылады. Қазақстан
Республикасы Жоғарғы Сотының Қылмыстық жаза тағайындаған кезде соттардың
заңдылықты сақтауы туралы 1999 жылғы 30 сәуірдегі нормативтік қаулысында:
Қылмыстық белгілері бар әрекет жасаған, бірақ қоғамға елеулі қауіп
келтірмейтін адамдарға соттар қылмыстық жаза қолданбай-ақ, олардың
түзелетіндігі мен қайта қылмыс жасамайтындығы туралы мәселені талқылап,
негіз болған жағдайда ондай адамдарды ҚК-нің 65—68- баптарында көрсетілген
негіздер бойынша қылмыстық жауапкершіліктен босатуға тиіс.
Соттың адамды қылмыстық жаза шараларын қолданбай-ақ түзеуге
болатындығы туралы тұжырымы істің жан-ж[1]ақты, толық, және объективті
түрде зерттелген мән-жайларына және сотталушының жеке басы туралы
мәліметтерге негізделуі қажет, — деп атап көрсетілген (10-тармақ). Осыған
орай кейбір реттерде қылмыстылықпен күресте мақсатқа жету кінәлі адамды
қылмыстық жауапқа тартпай-ақ немесе оған жаза тағайындап, бірақ оны жазаны
нақты өтеуден босату арқылы, сондай-ақ жаза өтеуден мерзімінен бұрын
босату, өтелмеген жазаның бөлігін жеңілірек жазамен ауыстыру арқылы жүзеге
асырылуы да мүмкін.
Осыған байланысты қылмыстық құқық қылмыстық жауаптылықтан және
жазадан немесе жазаны жеңілірек жазамен айырбастау туралы институтты
белгілейді. Мұның әрқайсысы тәжірибеде кеңінен қолданылады. Сонымен бірге
ескерілетін жағдай, қылмыстық жауаптылықтан, жазадан босатуды кеңінен
пайдаланудында зиянды жағы бар. Бұл институтты практикада жиі қолдану
қылмыстық құқықтағы жауаптылықтын сөзсіз бо-луы принциптерін аяққа басады.
Сондықтан да көрсетілген мәселелерді қолдану заңға негізделген және тиімді
болған жағдайда ғана қылмыспен күрес мақсатының қылмыстық жауаптылық немесе
жазаны қолданбай-ақ жүзеге асырылуы жағдайында ғана қолданылуы қажет.
Осы тарауда жасы толғандардың қылмыстық жауаптылықтан және жазадан
босатудың негіздері қаралмайды. Жасы толмағандарды қылмыстық жауаптылықтан
және жазадан босату мәселелері арнаулы тарауда қарастырылады.
Қылмыстық заң бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатудың мынадай
түрлері көрсетілген:
1. Шын өкінуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату.
2. Қажетті қорғану шегінен асқан кезде қылмыстық жауаптылықтан босату.
3. Жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату.
4. Жағдайдың өзгеруіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату.
5. Ескіру мерзімінін өтуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату.
6. Рақымшылық немесе кешірім жасау актісі негізінде қылмыстық жауаптылықтан
босату.
Осы аталған негіздер мен қылмыстық жауаптылықтан босату түбегейлі
түрде шартсыз жүзеге асырылады.
Қылмыстық заң бойынша кінәлі деп танылған адам жаза өтеуден жазаны
өтеуді жалғастырудан босатылуы немесе оның жазасының жеңілірек жазамен
ауыстырылуы мүмкін.
Қылмыстық заң бойынша жазадан босату мынадай негіздер бойынша жүзеге
асырылады:
1. Ауруға шалдығуына байланысты жазадан босату.
2. Жазаны өтеуден мерзімінен бұрын шартты түрде босату.
3. Жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жаза түрімен
ауыстыру.
4. Жүкті әйелдердің және жас балалары бар әйелдерді жазаны өтеуден
кейінге қалдыру.
5. Төтенше мән-жайлардың салдарынан жазадан босату мен жазаны өтеуді
кейінге қалдыру.
6. Айыптау үкімінің ескіру мерзімі етуіне байланысты жазаны өтеуден
босату.
7. Рақымшылық немесе кешірім жасау актісі негізінде жазадан босату.
Қылмыстық жауаптылықтан босату, жазадан босату немесе жазаны одан әрі
өтеуден босатудың бір-бірінен айырмашылығы оларды қолдану негіздеріне
байланысты болады. Әдетте, қылмыстық жауаптылықтан босату (қылмыстық
жауапқа тартудың мерзімі ескіруге байланысты жауаптылықтан босатудан
басқасы) істелген қылмыстың. коғамға қауіптілігі онша көп болмаған және оны
істеген адамның түзелуі, жаза қолданбай-ақ мүмкін болған жағдайларда
қолданылады. Жазадан немесе оны одан әрі өтеуден босату сот үкімі бойынша
белгілі бір жазаға тағайындалып, соны өтеу барысында өздерінің
түзелгендігін дәлелдеген адамдарға қолданылады.
Мұндай жазадан босату тек заңда белгіленген тәртіппен сот арқылы ғана
жүзеге асырылады.
Қылмыстық жауаптылықтан немесе жазадан босатылудың кейбір түрлері
жұртшылық өкілдерінің қатысуы арқылы жүзеге асырылады. Мысалы, жазадан
шартты түрде мерзімінен бұрын босату жазаны өтеу мекемесінің және бақылау
комиссиясының бірлескен ұсынысы болған жағдайда ғана сот арқылы жүзеге
асырылады. Қылмыстық жауаптылыққа тартудың мерзімі ескіруге байланысты
қылмыстық жауаптылықтан босату, айыптау үкімін орындаудың мерзімі ескіруге
байланысты жазадан босату (69,75-баптар) жұртшылық өкілінің пікірін
ескермей-ақ қолданыла береді.

2. Қажетті қорғану шегінен асқан кезде қылмыстық
жауаптылықтан босату
Қылмыстық кодекстің 66-бабына сәйкес қоғамға қауіпті қылмыстан болған
үрейлену, қорқу немесе сасқалақтау салдарынан қажетті қорғану шегінен асқан
адамды сот істің мән-жайын ескере отырып, қылмыстық жауаптылықтан босатуы
мүмкін. Мұндай ретте қажетті қорғану шегінен асып кісі өлтірген немесе
денеге ауыр жарақат түсірген адамның іс-әрекеті коғамға қауіпті, заңға
қайшы, кінәлі түрде істелгендіктен қылмыс болып табылады.
Бірақта сот істің нақты мән-жайына қарай отырып, айыпты адамның нақты
қылмыс істеу кезіндегі болған үрейлену, қорқу немесе асып-сасу салдарынан
қажетті қорғану шегінен асқандығын есепке ала отырып, оны қылмыстық
жауаптылықтан босатуы мүмкін. Егер жоғарыда аталған мән-жайлар орын алмаса,
онда сот айыптыға осы бапта көрсетілген жеңілдікті қолданбауға құқылы.
Өйткені осы бап бойынша қылмыстық жауаптылықтан босату немесе босатпауды
сот нақты жағдайларға байланысты ғана шешеді.

3. Жәбірленушімен татуласуға байланысты қылмыстық
жауаптылықтан босату

Қылмыстық кодек[2]стің 67-бабының 1-тармағына сәйкес онша ауыр емес
қылмыс жасаған немесе адамның қайтыс болуымен немесе оның денсаулығына ауыр
зиян келтірумен байланысты емес орташа ауырлықтағы қылмысты бірінші рет
жасаған адам, егер ол жәбірленушімен татуласса және келтірген зиянның
есебін толтырса, қылмыстық жауаптылықтан босатуға жатады.
Орташа ауырлықтағы қылмыс жасаған адам, егер ол жәбірленушімен
татуласса және жәбірленушіге келтірген зиянның есесін толтырса, қылмыстық
жауаптылықтан босатылуы мүмкін (67-бап, 2-бөлігі).
Қылмыстық Кодекстің 67-бабының 1-бөлігіне сәйкес онша ауыр емес
(кішігірім) қылмыс жасаған адам:
а) жасаған әрекеті онша ауыр қылмыстар санатына жатса;
б) қылмыс жасаған адам жәбірленушімен татуласса;
в) қылмыс жасаған адам жәбірленушіге келтірген зиянның есесін
толтырса, жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан
босатылады.
Бұл орайда адамның мұндай қылмысты алғаш рет жасағанының не оның
әрекеттерінде қылмыстардың бірнеше мәрте жа-салғанының, жиынтығының немесе
қайталанғанының, оның бұған дейінгі үкім бойынша жазасын өтегендігінің
немесе жазасьш өтеу барысында не сынақ мерзімі ішінде немесе үкімнің
орындалуы кейінге қалдырылған кезде не мерзімінен бұрын шартты босатылғанда
жазаның қалған етелмеген бөлігінде жаңа қылмыс жасағанының маңызы болмайды.
Заңның нақ осы нормасы бойынша орташа ауырлықтағы қылмыс жасаған адам
төмендегідей негіздер болса, қылмыстық жауаптылықтан босатылуға жатады:
а) жасаған әрекеті орташа ауырлықтағы қылмыстар санатына жатса және
адамның қайтыс болуымен немесе жәбірленушінің денсаулығына ауыр зиян
келтірумен байланысты болмаса;
б) қылмыс алғаш рет жасалса;
в) қылмыс жасаған адам жәбірленушімен татуласса;
г) кылмыс жасаған адам жәбірленушіге келтірілген зиянның есесін
толтырса.
Осы жоғарыда көрсетілген негіздердін ең болмағанда біреуі
орындалмаған жағдайда Қылмыстық кодекстің 67-бабының 1-бөлігін қолдануға
болмайды.
Қылмыстық кодекстің 67-бабының 2-бөлігі бойынша орташа ауырлықтағы
кез келген қылмыс жасаған адам, әкеп соққан қылмыс салдарына, сондай-ақ,
оның әрекеттерінде қылмыстардың бірнеше рет жасалғанына, жиынтығына немесе
қайталанғанына қарамастан, мынадай негіздер болған жағдайда қылмыстық
жауапкершіліктен босатылуы мүмкін:
а) жасаған әрекеті орташа ауырлықтағы қылмыстар санатына жатса;
б) қылмыс жасаған адам жәбірленушімен татуласса;
в) қылмыс жасаған адам жәбірленушіге келтірілген зиянның есесін
толтырса.
Осы аталған негіздердің ең болмағанда біреуі болмаған жағдайда, ҚК-нің
67-бабының 2-бөлігін қолдануға болмайды.

4. Жәбірленушімен татуласуға байланысты қылмыстық
жауаптылықтан босату

1. Қылмыс белгілері бар әрекет жасаған адамды, егер істі сот қараған
кезде жағдайдың өзгеруі салдарынан ол жасаған әрекет коғамға қауіпті емес
деп танылса, сот қылмыстық жауаптылықтан босатуы мүмкін.
2. Бірінші рет кішігірім немесе орташа ауырлықтағы қылмыс жасаған
адамды, егер ол адамның содан кейінгі мүлтіксіз мінез-құлқына байланысты іс
сотта қаралған уақытта ол коғамға қауіпті деп есептеле алмайтындығы
белгіленсе, сот қылмыстық жауаптылықтан босатуы мүмкін (68-бап).
Қылмыстық кодекстің 68-бабына сәйкес жағдайдың езгеруіне байланысты
(баптың 1-бөлігі) және қылмыс істеген адамның содан кейінгі мінез-құлқының
мүлтіксіз болуына байланысты (баптың 2-бөлігі) істелген іс-әрекет коғамға
қауіпті емес деп танылады. Жағдайдың өзгеруіне байланысты өмірде болатын
объективті елеулі өзгерістердің болуынан бұрынғы істелген іс-әрекеттердің
коғамға қауіптілігі жойылады. Немесе ондай іс-әрекеттер жаңа қоғамдық
қатынастарға байланысты әкімшілік құқық бұзушы-лық немесе тәртіптік теріс
қылық болып қалуы мүмкін. Мысалы, соғыс жағдайынан бейбіт жағдайға өтуге
байланысты көптеген қылмыс құрамдары қоғамға қауіптілік мәнін жояды.
Осындай іс-әрекеттер істі сотта қараған кезде жағдайдың өзгеруіне
байланысты қоғамға қауіптілік сипатын жояды, осыған байланысты сот қылмыс
белгілері бар әрекетті жасаған адамды қылмыстық жауаптылықтан босатуы
мүмкін. Осы баптың екінші бөлігінде бірінші рет онша ауыр емес немесе
ауырлығы орташа қылмыс жасаған адам, қылмыс жасағаннан кейін, өзінің
өнегелі мінез-құлқымен көзге түссе, онда сот істі қараған кезде мұндай адам
қоғамға қауіпті емес деп тауып, оны қылмыстық жауаптылықтан босатуы мүмкін.
Мысалы, онша ауыр емес немесе орташа ауырлықтағы қылмыс істеген адам, істі
сотта карағанда басқа бір қылмысты топты әшкерелеп ерлік жасаса немесе
еңбекте зор табысқа жетсе, онда сот мұндай адамды қоғамға қауіпті емес деп
танып, оны қылмыстық жауаптылықтан босатуы мүмкін.
[3]
5. Ескіру мерзімінің өтуіне байланысты қылмыстық
жауаптылықтан босату

Қылмыстық жауапқа тартудың мерзімінің ескіруі деп қылмыс істеген
уақыттан бастап, кінәлі адамды сол қылмысы үшін заңда көрсетілген шарттарға
сәйкес жауапқа тартуға мүмкіндік беретін уақыттың өтуін айтамыз. Мұндай
мерзімнің өтуі қолданылатын шараның тиімділігін, қажеттілігін жояды,
сондықтан да ол қылмыс ескірген қылмыс қатарына жатқызылады. Уақыты өтіп,
ескірген қылмысты тергеу оған дәлелдерді жинау, істі сотта қарау кезінде
жинақталған мәліметтерді қайта жаңғыртудың өзі де кептеген қиындықтарды
туғызады. Сондықтан да жауапқа тарту мерзімі ескірген қылмысы үшін кінәлі
адамға қылмыстық жауаптылық жүктеудің қажеті жоқ. Қылмыстық кодексте (69-
бап) мұндай жауаптылықтан босатудың негіздері істелген қылмыстың ауырлығына
байланысты болып көрсетілген.
1) кішігірім қылмыс істегеннен кейін 2 жыл өтсе;
2) орташа ауырлықтағы қылмыс істегеннен кейін 5 жыл өтсе;
3) ауыр қылмыс істегеннен кейін 10 жыл өтсе;
4) аса ауыр қылмыс істегеннен кейін 15 жыл өтсе. Ескірудің мерзімі
қылмыс істеген күннен бастап және сот үкімі заңды күшіне енген кезге дейін
есептелінеді. Қылмыс істеген уақыт деп қылмыстың зардабының орын алған
уақытынан тысқары қоғамға қауіпті іс-әрекет жүзеге асырылған уақытты
айтамыз. Үзіліссіз қылмыста қылмысқа байланысты іс-әрекеттерді толық
тоқтатқан уақыттан бастап оның ескіру мерзімі есептелінеді. Сөзылмалы
қылмыста ескіру мерзімі ең соңғы іс-әрекетті істеп біткен уақыттан бастап
есепке алынады.
Егер заңда көрсетілген мерзім өткенше ауыр немесе аса ауыр қылмыс
істеген адам 69-баптың 1-бөлігінде аталған мерзім өткенге дейін жаңадан
қасақана қылмыс жасаса, ескіру мерзімі тоқтатылады. Бұл ретте ескіру
мерзімінің есептелуі жаңа қылмыс істеген кезден бастап, ал қалған реттерде
егер адам ескіру мерзімі біткенге дейін жаңа қылмыс жасаса, әрбір қылмыс
бойынша ескіру мерзімі өз бетімен, дербес жүріп отырады.
Егер қылмыс істеген адам тергеуден немесе соттан бой тасалап жүрсе,
оның ескіру мерзімінін өтуі тоқтатыла тұрады. Тергеуден немесе соттан бой
тасалаудың өзі кінәлі адамның қоғам үшін қауіптілігін, оның түзелу жолына
бет алмағандығын көрсетеді. Мұндай реттерде ондай адамдарды қылмыстық
жауаптылықтан босатуға жол берілмейді. Мұндай адамдар жөніндегі ескіру
мерзімінін өтуі ол адамды ұстаған күннен бастап немесе кінәсін мойындап өзі
келген күннен бастап, қайта жаңғыртылады. Бұл орайда, егер қылмыс жасалған
уақыттан бері 25 жыл өтсе және ескіру мерзімі тоқталмаса, адам қылмыстық
жауапқа тартылмауы керек.
Өлім жазасы қолданылуы мүмкін болған қылмыс құрамын істсгеі
істегендерге қылмыстық жауапқа тартудың ескіру мерзімін қолдану жөніндегі
мәселені тек қана сот шешеді. Егер ескіру мерзімінін. бітуіне байланысты
сот адамды қылмыстық жауаптылықтан босату мүмкін деп таппаса, өлім жазасын
тағайындауға болмайды. Бұл ретте сот 25 жылға дейінгі мерзімге бас
бостандығынан айыруды немесе өмір бойы бостандығынан айыруды тағайындайды
(69-бап, 5-бөлігі).
Мерзімі ескіруге байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатуға
болмайтын қылмыстар да бар. Қылмыстық кодекстің 69-бабының 6-тармағында
бейбітшілікке және азаматтың қауіпсіздігіне қарсы қылмыс істеген адамдарға
ескіру мерзімі қолданылмайды.

6. Жазаны өтеуден мерзімінен бұрын шартты тұрде босату

Жазадан шартты түрде мерзімінен бұрын босату жазаның алға қойылған
мақсатын тез әрі тиімді шешуге мүмкіндік берумен бірге, қылмыстылық пен
қарсы күрес жүргізуге зор үлесін тигізеді. Сот тәжірибесі көрсеткендей,
жазадан шартты түрде мерзімінен бұрын босатылғандардың қайталамалы қылмыс
жасауы жазаны толық өтеп шыққандарға қарағанда едәуір төмен. Мұның өзі,
жазадан шартты түрде мерзімінен бұрын босатудын қысқа мерзім ішінде
қылмыстық жазаның алға қойған мақсаттарына жетуіне тиісті көмегін
тигізетінін көрсетеді. Жазадан шартты түрде мерзімінен бұрын босату деп
сотталған адамды үлгілі мінез-құлқы және еңбекке, оқуға адал көзқарас
негізінде үкім бойынша тағайындалған жазаны өтеуден мерзімінен бұрын
босатып, оған сынақ мерзімі ішінде жаңадан қылмыс жасамау шартын қоюды
айтамыз.
Қылмыстық кодекстің 70-бабына сәйкес:
1. Егер сот түзеу жұмыстарын, әскери қызмет бойынша шектеу, бас
бостандығын шектеу, тәртіптік әскери бөлімде ұстау немесе бас бостандығынан
айыру жазасын етеп жүрген адам өзінің түзелуі үшін сот тағайындаған жазаны
толық өтеуді қажет етпейді деп таныса, ол мерзімінен бұрын — шартты түрде
босатылуы мүмкін. Бұл орайда адам қосымша жаза түрін өтеуден толық немесе
ішінара босатылуы мүмкін.
2. Сот мерзімінен бұрын шартты түрде босатуды қолдана отырып,
сотталған адамға осы Кодекстің 45-бабының 1-бөлігінде көзделген міндеттерді
жүктеуі мүмкін, ол бұларды жазаның өтелмей қалған бөлігі ішінде орындауға
тиіс.
3. Жазадан шартты түрде — мерзімнен бұрын босату сотталған адам:
а) кішігірім және орташа ауырлықтағы қылмыс үшін тағайындалған жаза
мерзімінің кемінде үштен бірін;
б) ауыр қылмыс үшін тағайындалған жаза мерзімінің кемінде жартысын;
в) аса ауыр қылмысы үшін тағайындалған жаза мерзімінің кемінде төрттен
үшін, сондай-ак бұрын жазадан мерзімінен бұрын, шартты түрде босатылған
адамға, егер мерзімінен бұрын — шартты түрде босату осы баптың жетінші
бөлігінде көзделген негіздер бойынша жойылған болса, тағайындалған жаза
мерзімінің кемінде үштен екісін нақты өтегеннен кейін қолданылуы мүмкін.
4. Бас бостандығынан айыруға сотталушының нақты өтеу мерзімі 6 айдан
кем болмауы керек.
5. Соттағайындаға[4]н өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасын етеп
жүрген адам, егер сот ол бұл жазаны одан әрі өтеуді қажет етпейді деп
таныса және кемінде 25 жыл бас бостандығынан айыруды іс жүзінде өтесе,
мерзімінен бұрын — шартты түрде босатылуы мүмкін.
6. Мерзімінен бұрын — шартты түрде босатылған адамның мінез- құлқына
бақылау жасауды босатылған адамның тұрғылықты жері бойынша оған
мамандандырылған өкілетті мемлекеттік орған, ал әскери кызметшілер жөнінде
— әскери бөлімдер мен мекемелердің командованиесі жүзеге асырады.
7. Мерзімінен бұрын — шартты түрде босату қолданылған адам, егер
жазаның калған өтелмеген бөлігі ішінде:
а) өзіне әкімшілік жазасы салынған қоғамдық тәртіпті бұзса немесе оған
мерзімнен бұрын — шартты түрде босатуды қолдану кезінде сот жүктеген
міндеттерді орындаудан әдейі жалтарса, сот осы баптың 6-бөлігінде аталған
орғандардың ұсынуы бойынша мерзімінен бұрын — шартты түрде босатудың күшін
жою және жазаның өтелмей қалған бөлігін орындау туралы қаулы ете алады;
б) қылмыс абайсызда жасалса, жаңа қылмысқа жаза тағайындау кезінде
мерзімінен бұрын — шартты түрде босатудың күшін жою немесе оны сақтау
туралы мәселені сот шешеді;
в) қылмыс қасақана жасалса, сот оған осы Кодекстін 60-бабында көзделген
ережелер бойынша жаза тағайындайды. Егер сот мерзімінен бұрын — шартты
түрде босатудың күшін жойса, абайсызда қылмыс жасаған жағдайда да жаза осы
ережелер бойынша тағайындалады.
Өлім жазасы түріндегі жаза кешірім жасау тәртібі бойынша бас
бостандығынан айырумен ауыстырылған адамға мерзімінен бұрын — шартты түрде
босату қолданылмайды.

7. Жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жаза
түрімен ауыстыру

Жазаның өтелмеген бөлігін жеңілірек жазамен ауыстырудың жазадан шартты
түрде мерзімінен бұрын босатудың айырмашылығы оның шартсыз, түпкілікті
босатылуында болып табылады. Жазаның өтелмеген бөлігін жеңілірек жазамен
ауыстырудын негізі болып жазадан шартты түрде мерзімінен бұрын босатудағы
сияқты сотталған адамның үлгілі мінез-құлқы және еңбекке, оқуға деген адал
көзқарасы е[5]сепке алынады. Сот тәжірибесінде түзелу жолына нақты түскен
адамдарға ғана жазаны ауыстыру қолданылады. Мұндай жағдайда жазаның алға
қойған мақсатына түпкілікті жету жеңілірек жазаны өтеу арқылы-ак, жүзеге
асырылады. Жазаның өтелмеген бөлігін жеңілірек жазамен ауыстыру сотталған
адамға мына негіздерде қолданылуы мүмкін:
1. Кішігірім, орташа ауыр және ауыр қылмыс үшін бас бос- тандығынан
айыру жазасын өтеп жүрген адамға сот оның жазасын өтеу жөніндегі мінез-
кұлқын ескере отырып, жазаның өтелмей қалған болігін оның жеңіл түрімен
ауыстыра алады. Бұл орайда адам жазаның қосымша түрін өтеуден толық немесе
ішінара босатылуы мүмкін.
2. Жазаның етелмеген бөлігі сотталған адам ауыр емес және орташа ауыр
қылмыс жасағаны үшін жаза мерзімінің кем дегенде үштен бір бөлігін, ауыр
қылмысы үшін немесе бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны өтеуден шартты
түрде мерзімінен ерте босатылған және жазаның өтелмей қалған бөлігі
кезеңінде жаңа қылмыс жасаған адам жаза мерзімінің жартысын нақты өтегеннен
кейін жазаның неғұрлым жеңіл түрімен ауыстырылуы мүмкін.
3. Жазаның өтелмеген бөлігін ауыстыру кезінде сот осы Кодекстің 39-
бабында аталған жаза түрлеріне сәйкес, осы Кодексте әрбір жаза түрі үшін
көзделген шекте жазаның кез келген неғұрлым жеңіл түрін тандап алуы мүмкін
(ҚК-нің 71-бабы).
Жазаның өтелмеген бәлігі жеңілірек жазамен ауыстырылу қолданылған
сотталған адамды сот қосымша жазадан толық немесе ішінара босатуы да,
босатпауы да мүмкін. Бұл мәселе нақты жағдайларға қарап шешіледі. Егер
жеңілірек жазамен ауыстырылған ретте, қосымша жаза одан гөрі қатаңырақ
болса, мұндай ретте сотталған адам міндетгі түрде қосымша жазадан да
босатылуы қажет. Жаза жеңілірек жазамен ауыстырылу қолданылған адам жазаның
өтелмеген бөлігі ішінде қылмыс істесе, сот мұндай жағдайда кінәлі адамға ҚК-
нің 60-бабына сәйкес үкімдердің жиынтығы бойынша жаза тағайындайды да,
бірінші үкім бойынша өтелмей қалған жазаны соңғы жазаға қосады.

8. Жүкті әйелдердін және жас балалары бар әйелдердің
жазаны өтеуін кейінге қалдыру

Қылмыстық кодекстің 72-бабыңда қаралған және бұл сот тағайындаған
жазаны өтеуден босатудың бір түрі болып табылады. Заңда жазаның қайсы түрін
өтеуді кейінге қалдыру туралы айтылмаған. Бірақ, заңның мәтініне зер
салсақ, жүкті әйелдерді және балалары бар әйелдерді бас бостандығынан айыру
жазасын өтеуін кейінге қалдыратының аңғарамыз. Заңға сәйкес жеке адамға
қарсы ауыр және аса ауыр қылмысы үшін бес жылдан астам мерзімге бас
бостандығынан айыруға сотталған әйелдерді қоспағанда, сотталған жүкті
әйелдерді және он төрт жасқа толмаған балалары бар әйелдерді сот тиісінше
бір жылға дейінгі немесе бала он терт жасқа толғанға дейінгі мерзімге
жазасын өтеуден босатуы мүмкін. Демек, жазаның бұл түрін өтеуден босату тек
қана жеке адамға қарсы ауыр немесе аса ауыр қылмыстардан басқа қылмыстарды
істеген ж[6]үкті әйелдер мен 8 жасқа толмаған балалары бар әйелдерге, егер
олар 5 жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталған болса,
колданылады. Заңға сәйкес жеке адамға қарсы ауыр немесе аса ауыр қылмысы
үшін 5 жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталған әйелдерге
72-бап қолданылмайды. Осыған байланысты жеке адамға қарсы ауыр немесе аса
ауыр қылмыстың түсінігін анықтау қажет. Жеке адамға қарсы қылмыстарға
адамның өмірін жоятын, денсаулығына зиян келтіретін қасақана істелген іс-
әрекеттер жатады. Бұған Қылмыстық кодекстін Ерекше бөлімінін 1-тарауындағы
жеке адамға қарсы қылмыстар, сондай-ақ басқа тараулардағы террорлық акт,
бандитизм сияқты адам өміріне қастандық жасайтын қылмыстар жатады. Осы жеке
адамға қарсы қылмыстардын бәрін емес, тек қана ауыр немесе аса ауыр түрін
істегендерге және сол үшін 5 жылдан артық бас бостандығынан айыруға
сотталғандарға жазаның бұл түрін қолдануға болмайды. Мысалы, мұндай
қылмыстарға 96-баптағы адам өлтіру, 103-баптағы денсаулыққа қасақана ауыр
зиян келтіру, 125-баптың 2—3 - бөліктеріндегі адамды ұрлау, 129-баптың 2, 3
бөліктеріндегі сияқты қылмыстар жатады. Ауыр және аса ауыр қылмыстың
түсінігі Қылмыстық кодекстің 10-бабының 4,5-бөліктерінде ай-тылған. Осы
көрсетілген шектеуден басқа кез келген қылмысты істеген жүкті, жас балалары
бар әйелдерге 72-бапты қолдана беруге болады. Жазаның бұл түрін өтеуді
кейінге қалдыру тек әйелдерге, оның ішінде жүкті және жас балалары бар
әйелдерге ғана қолданылады. Жүктілік тиісті медициналық құжаттармен
расталады, ал жас балалары бар екендігі арнаулы анықтамалармен дәлелденеді.
Заң бойынша жазаны өтеуді кейінгі қалдыру немесе жазаны өтеуден
босату жүкті немесе 8 жасқа дейінгі жас балалары бар әйелдерге ғана
қолданылады.
Заңда қандай ретте осындай адамдарға жазаны өтеуді кейінге қалдыру
немесе жазаны өтеуден босату туралы тура айтылмаған. Бұл мәселені шешу тек
қана соттың құзыреті болып табылады. Заңда үкімнің орындалуының кейінге
қалдырылу мерзімі жүкті әйелдерге бір жылға, жас балалы әйелдерге бала
сегіз жасқатолғанға дейін деп көрсетілген.
Егер осы баптың бірінші бөлігінде аталған сотталған әйел баладан бас
тартса немесе баланы тәрбиелеуден жалтаруды жалғастырса немесе сотталып,
жазасын өтеу кейінге қалдырылған әйелді бақылауды жүзеге асыратын орған екі
рет жазбаша түрде ескерту жасағаннан кейін қоғамдық тәртіпті бұзса, сотсол
орғанның ұсынысы бойынша жазаны өтеу мерзімін кейінге қалдыруды тоқтатып,
сотталған әйелді сот үкіміне сәйкес тағайындалған жерге жазасын өтеуге
жібере алады (72-бап, 2-бөлігі).
Жазаны отейтін жерге мұндай әйелдер қамауға алынып жөнелтіледі.
Бұл мәселені қылмыстық атқару заңдары реттейді. Бала 8 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қылмыстық жауаптылықтан босатудың негіздері
Қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босату туралы
Қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатудың түсінігі
Қылмыстық жауаптылық. Жауаптылықтан босату себептері
ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПТЫЛЫҚТАН БОСАТУДЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
ЕСКІРУ МЕРЗІМІНІҢ ӨТУІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПТЫЛЫҚТАН БОСАТУ
Шын өкінуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату
Қылмыстық жауаптылықтан босату негіздері және олардың түрлері
Қылмыстық жауаптылық босату түрлері
Қылмыстық жауаптылықтан босатудың түсінігі
Пәндер