Жаңа техниканы енгізудің экономикалық тиімділігі


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   

ЖАҢА ТЕХНИКАНЫ ЕНГІЗУДІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТИІМДІЛІГІ

Жаңалықтың техникалық деңгейінің көрсеткіштері

Нарықтық экономика жағдайында инновациялық қызметтің тиімділігін талдау қиындайды, көпсатылы және көпкезеңді сипатқа ие болады. Жаңа техника мен технологияның тиімділігін талдаудың бірінші сатысында жаңа техника мен технологияның техникалық деңгейі мен тиімділігінің дәстүрлі жалпы және жеке көрсеткіштерін қолданған жөн. Жаңалықтың техникалық деңгейінің көрсеткіштерінің сыныптамасы 1-суретте көрсетілген.

Жаңашылдығы өнімділігі сенімділгі

Патенттік тазалығы жылдамдығы қауіпсіздігі, тұрақтылығы

Стандарттау және параметрлері мен габариттері өнімділігі, қуаттылығы

уификациялау дәрежесі

басқарымдылығы технологиялылығы

ҒЗТКЖ шығындары

Оптималды құрылымы өмірлік циклының

Экономикалық тиімділігі ұзақтығы

Сенімділігі, қауіпсіздігі

Ғылымсыйымдылығы үнемділігі

Экономикалық көрсеткіштер:

Конструкторлық еңбекауқымдылығы, дизайн

қолданбалылығы материалауқымдылығы,

қорауқымдылығы, пайдалану шығындары

бұйымның күрделілігі өзіндік құны,

еңбек өнімділігі, құрама бөлшектерінің

модификацияға қабілеттігі үлестік капитал салымдары, барболуы

эргономикалық көрсеткіштері механизациялау, жөндеу мүмкіндігі

автоматизациялау дәрежесі кепілдік міндеттемелері

эстетикалық көрсеткіштер

қауіпсіздігі

экологиялық көрсеткіштер

Сурет 1- Жаңа техника мен технологиялардың техникалық дәрежесінің көрсеткіштерінің классификациясы.

Жаңалықты сәтті іске асыру үшін сәйкес технологиялық шешім және ұйымдастыру және өндірістік аппараттың сәйкес деңгейін таңдау қажет. Қолданатын техника мен технологияның деңгейін талдау тек олардың жаңашылдығы мен приоритетттілігін зерттеу ғана емес, сонымен қатар бұрыннан қалыптасқан жағдайларға бейімделу қабілеттігі, өндірістік аппараттың қайта қалыптастыру қабілеттігі сияқты маңызды қасиеттерін зерттеуді қажет етеді. Техника, технология және ұйымның икемділік сияқты қасиетіне ерекше көңіл бөлу керек.

Нарықтық кеңістіктің кеңеюімен, көптеп диверсификация жағдайында жаңару темптері және өнім түрлерінің және оларды өндіруде қолданылатын техника мен технологиялар әртүрлілігі артуда. Өндірісте бір уақытта әр түрлі өмір сүру стадиялардағы, әр түрлі моделдер мен технологияларға жататын тауар, техника, технологиялар қолданылады. Осыған байланысты техникалық өзгерулер және бұл өзгерістерге өндірістік аппараттың бейімделу қажеттігі жоғарылайды.

Бұрыннан бар өндірістік жағдайларға жаңа технологиялық шешімдердің «сіңіп кету» әсерін арттырудың арнайы тәсілдеріне қажеттілік артады. « Техника - технология - өнім» жүйесі қондырмалы гетерогендік аталатын арнайы әдістемелер бойынша құрылады, яғни функционалды сипаттар бойынша жаңадан әзірленген технологиялық шешімдердің фрагменттері мен бұрыннан бар өндірістік процестердің сәтті үйлесуі.

Өндірістің техникалық деңгейінің көрсеткіштері

Әдістемелік түрде техникалық-ұйымдастырушылық деңгейді көтерудің экономикалық тиімділік көрсеткіштері мен деңгейдің өзінің көрсеткіштерін, яғни техника, технология, ұйым, басқару, ҒЗТКЖ жағдайын айыра білу керек. Өндірістің техникалық-ұйымдастырушылық деңгейінің маңызды көрсеткіштері 2-суретте көрсетілген.

Жаңа техника мен технологияны енгізудің салыстырмалы экономикалық тиімділігі

Шаруашылық жүргізуші субъектілердің дәстүрлі тәсілдерінің жағдайында жаңа техника мен технологияны жобалау, әзірлеу және енгізу кезінде бұл іс- шаралардың экономикалық тиімділігін анықтау төрт сатыдан тұрады:

  1. Инновациялық іс-шараларды іске асыру үшін қажетті шығындарды анықтау;
  2. Мүмкін болатын қаржыландыру көздерін анықтау;
  3. жаңа техника мен технологияны енгізудңі экономиаклық әсерінің бағасы;
  4. экономикалық көрсеткіштерді салыстыру арқылы жаңалықты салыстырмалы бағалау.

Экономикалық тиімділік жыл бойында алынған экономикалық әсер мен берілген іс-шараларды жүргізуге кеткен шығындар арақатынасымен сипатталады. Жаңа техника мен технологияның әр түрлі варианттарын салыстырған кезде жалпы және үлестік капитал салымдарын, өнім бірлігінің өзіндік құны және басқалар салыстырылады. Алайда жаңалықтар жағдайында ең төмен шығындар тек жаңалықтың сапасының сәйкес емес деңгейімен ғана емес, сонымен қатар жоғары үлестік капитал салымдарымен қатар жүруі мүмкін. Техника-экономикалық көрсеткіштерді қарапайым салыстыру ең жақсы нұсқаны таңдауға мүмкіндік бермейді. Бұл жағдайда келтірілген шығындарды үнемдеу мәліметтерін салыстыру негізіндегі нұсқалардың салыстырмалы тиімділігнің ортақ көрсеткішін анықтау қажет. Техника мен технологияның базалық нұсқасын таңдау туралы ерекше айтқан жөн. Базаны таңдау салыстыру және варианттарды салыстырылатын түрге келтіру үшін қажет. Осылайша, өндірістің техникалық деңгейін және техникалық шешімді қаьылдау кезінде техника түрлерінің дамуын келесі түрде көрсетуге болады:

  • ескірген;
  • базалық,
  • жаңаландырылған және жақсартылған;
  • принципиалды жаңа.

Техника мен технологияның базалық нұсқаны таңдау кезінде қолда бар шешімдердің әр түрлерінің барлық жиынтығы зерттеуге алынады. Содан кейін ең басты жиынтық сапалық жағынан біртекті топтарға бөлінеді де әр топ бойынша таңдау жүргізіледі. Кейде бірдей базалық моделді алу үшін ұсақ технологиялық шешімдерді топтардың іріленуіне дейін агрегаттауға тура келеді.

Салыстыру базасын таңдау.

Жаңа техника мен технологиялардың бастапқы көрсеткіштерін салыстыру үшін базаны таңдау экономикалық әсерді анықтау кезінде маңызды роль атқарады, себебі жаңа техника мен технологиялардың салыстырмалы экономикалық тиімділігі енгізілетін және базалық варианттардың өлшемдерінің салыстырылуы негізінде анықталады. Бұл кезде төмендегілерді ескеру қажет:

  • базаны таңдау жаңа техника мен технологияның өмірлік циклінің сатысына тәуелді;
  • жаңа шешімнің базасы мен вариантын таңдау өмірлік циклдың әр түрлі сатыларында жүргізілуі керек;
  • жаңа конструкцияның (үлгінің) ҒЗТКЖ сатысындағысын базалықпен салсытырғандағы экономикалық тиімділік көрсеткіштерін бағалау;
  • жаңалықты енгізу, өндіру және пайдалану сатыларындағы жаңа шешімдердің тиімділігіне талдау жүргізу керек.

Жоғарыда көрсетілген принциптер инновацияның жүйелік талдауында маңызға ие, яғни жаңалықтың салыстырылатын түрге келтірілген көрсеткіштермен экономикалық тиімділігін бағалауда.

Салыстырылатын түр келесі сипаттар бойынша жүргізіледі: шығарылатын өнім көлемі, номенклатура құрылымы, өнімнің сапасы, кеткен шығындар, дайындау мерзімдері, әлеуметтік және экономикалық әсері. Бұдан басқа жаңа шешімдер варианттарын өндірістік ресурстардың бірдей құрамына келтіру қажет, яғни жаңалықтарды енгізуге қажетті қосымша құрал жабдықтар, қосымша жұмыс күшін, қосымша өндірістік аудандар анықтау. Осылардың негізінде жаңа техника мен технологиялық шешімдерді қабылдауда қосымша капитал салымдарын алдын ала ескеру қажет.

Ортақ капитал салымдары мен өнімнің өзіндік құнына түзетулерден басқа әр түрлі шығын баптары өндіріс көлемі мен сату көлемінің өзгеруіне байланысты өзгеретіндігін ескеру керек. Бұл әсіресе тұрақты және өзгермелі шығындар динамикасында айқын көрінеді.

Жаңа техниканы енгізу шығындары

Жаңа техниканы енгізу шығындары дегеніміз - капитал салымдарының, айналмалы құралдардың, тірі еңбектің жиынтығы. Экономикалық әсер келесі формуламен есептеледі:

Э т = Р т - З т

мұндағы

Э т - есептік периодта жаңа техника мен технологияны енгізудің экономикалық әсері;

Р т - есептік кезеңдегі нәтижелердің құндық бағасы, тг. ;

З т - есептік мерзімдегі жаңа техника мен технологияны әзірлеу, енгізу, игеруге кеткен шығындардың құндық бағасы, тг. ;

Жаңалықты енгізудің толық периодындағы әр түрлі уақыттағы шығындары келесідей есептеледі:

t

P T = ∑ P t t

t=1

мұндағы

P T - есептік кезеңдегі жаңа енгізулердің нәтижелерінің құндық бағасы;

P t - t-шы жылдағы құндық бағалауы;

α t - шығындарды келтіру коэффициенті.

Варианттар бойынша келесі жылдардың шығындары мен капитал салымдарын уақыт факторын, яғни шығындарды келтіру коэффициентін ескеру арқылы жүргізген жөн:

α t = ( 1+E ) T

мұндағы

t - шығындарды келтіру коэффициенті;

E- әр түрлі мөлшердегі шығндарды келтірудің қабылданған нормативі;

т - шығындар жылын олар келтірлетін жыл (уақыттың базистік мезетінен) нәтижелерінен ажырататын уақыт периоды.

Келтіру нормативі - Е қолданылатын методикаға, салаға, кәсіпорынның шаруашылық қызметінің түріне меншік формаларына байланысты әр түрлі жолдармен есептеледі. Дәстүрлі тәсілде E = 0. 08 ÷ 0. 10, ал жобалау тәсілінде инвестор үшін капиталға келетін табыс нормасына тең дисконт нормасы ретінде есептеледі.

Есептеудің «т» уақыт аралығында орын алған шығындар, нәтижелер және әсерлерді уақыттың базистік моментіне келтірген техникалық мақсатты болып табылады, ол кезде дисконттау (келтіру) коэфициенті қолданылады:

1

К д =

(1+E) т

Сонымен қатар бар методикалар бойынша инновацияға келтірілген капитал салымдарын есептеуге болады. Әдетте өндірістің және жаңа техниканы қолданудың келтірілген шығындары өзіндік құн мен нормативті пайданың қосындысы ретінде анықтайды:

З т = С т + Е н К уд

мұндағы

З т - өнім бірлігіне жұмсалған келтірілген шығындар, тг. ;

С т - өзіндік құн;

Е н - тиімділіктің нормативті коэффициенті;

К уд - өнім бірлігіне капитал салымдары, тг. ;

Е н К уд - нормативті пайда, тг.

Жаңа техниканы енгізудің экономикалық әсері

Жаңа техника мен технологияның жылдық экономиаклық әсері келесі формуламен анықталады:

Э нт = (З баз - З нов ) N нов =[( С баз + Е н К баз ) - (С нов + Е н К нов ) ] N нов

мұндағы

Э нт - жаңа техниканың экономикалық әсері, тг. ;

З баз - техника мен технологияның базалық варианты көмегімен өндірілген өнім бірлігінің кетірілген шығындары, тг. ;

З нов - жаңа техника мен технология көмегімен өндірілген өнімге жұмсалған келтірілген шығындар, тг. ;

N нов - жаңа техника мен технологияны қолданып өндірген өнім өндірісінің жылдық көлемі, бірлік;

С баз - базалық вариант өнімінің өзіндік құны, тг. ;

С нов - жаңа техника негізінде өндірілген өнімнің өзіндік құны, тг. ;

К баз - базалық вариант өніміне капитал салымдары, тг. ;

К нов - жаңа техника мен технология негізінде өндірілген өнімнің капитал салымдары, тг. ;

Е н - тиімділіктің нормативті тоэффициенті.

Берілген формула халық шаруашылығының барлық салаларында жаңа техниканың экономикалық әсерін есептеудің негізі болып табылады.

Капитал салымдары құрамындағы жаңа техниканы енгізуден жылдық экономикалық әсерді есептеуде жаңа техниканы жасау, әзірлеу, енгізу және пайдаланудың барлық сатыларындағы шығындар қолданылады, дәлірек:

  • ғылыми зерттеулерге, конструкторлық, тәжірибелік, тәжірибелік - өндірістік орнатуларға кеткен шығындар (Кнр) ;
  • техниканы сатып алу, жеткізу, монтаждау, техникалық дайындық, өндірісті қалпына келтіру және игеру шығындары (Ктп) ;
  • жаңа техниканы жасау, пайдалану мен байланыс, кәсіпорынның айналмалы шығындарын толықтыру шығындары (Коб) ;
  • есептік жылдың алдындағы өндірісті игеру периодындағы өнімді өндіру және сату шығындары (пайдасы) (Косв) .

Онда капитал салымдарының жиынтығы мын формула бойынша анықталады:

К сум = К нр + К тп + К об + К осв

Ұзақ уақыт қолданылатын жаңа еңбек құралдарының қызмет ету мерзіміндегі пайдалану және өндірудің экономикалық әсері келесі формуламен есептеледі:

N 2 а 1 + Е н ( И 1 - И 2 ) - Е н ( К п2 - К п1 )

Э ит = [ З баз · ∙ + - З нов ] * N 2

N 1 а 2 + Е н а 2 - Е н

мұндағы

Э ит - жаңа техниканы пайдалану және өндірісінің экономикалық әсер, тг. ;

З баз және З нов - базалық және жаңа еңбек құралы бірлігіне кеткен шығындар, тг. ;

N 1 және N 1 - базалық және жаңа еңбек құралы негізінде өндірілген өнімнің жылдық көлемі, бірлік;

а 1 және а 2 - базалық және жаңа еңбек құралының реновациясына аударымдар үлесі;

а 2 + Е н және а 2 - Е н - базалық және жаңа еңбек құралының моральды тозуды қосқандағы қызмет ету мерзімі есебінің коэффициенттері;

И 1 және И 2 - базалық және жаңа еңбек құралын пайдалану шығындары, тг. ;

К п1 және К п2 - базалық және жаңа еңбек құралын пайдаланудағы тұтынушының қосыша капитал салымдары, тг. ;

Егер жаңа немесе жетілдірілген еңдек құралдарының (шикізат, материалдар, отын) экономикалық әсері туралы айтылса, онда формула мынадай түрге келеді:

Р 1 И 1 И 2 К п2 К п1

Э нтп = [ З баз · + ― - ― - Е н ― - ― - З нов ] * N 2

Р 2 Р 1 Р 2 Р 2 Р 1

мұндағы

Э нтп - жаңа техниканы енгізу және пайдаланудың экономикалық әсері, тг. ;

З баз және З нов - базалық және жаңа еңбек құралы бірлігіне кеткен шығындар, тг. ;

И 1 және И 2 - базалық және жаңа еңбек құралын пайдаланудағы жұмыс бірлігіне кеткен тұтынушы шығындары, тг. ;

К п1 және К п2 - базалық және жаңа еңбек құралын пайдаланудағы тұтынушының қосыша капитал салымдары, тг. ;

Р 1 және Р 2 - базалық және жаңа еңбек құралының атқарылған қызмет бірлігіне кеткен үлестік шығындары, бірлік;

N 2 - өндірістің жылдық көлемі.

ЖАҢА ТЕХНИКАНЫ ЕНГІЗУДІҢ ОТАНДЫҚ ТӘЖІРИБЕСІ

Ашық тау-кен жұмыстары үшін контейнер тасымалдаушыны пайдалану тиімділігі

Әлемдік тәжірибеде ашық тау-кен өндіру жұмыстарында автомобиль көлігі кең тараған.

Алайда шешуші факторлардың бірі болып көліктік процесте тау массасының шамадан тыс жүктелмеуі табылады

Алайда автотасымолдаудың қымбаттығы ( әсіресе, карьер борты бойынша көтерілгенде ) шығындарды төмендетудің жаңа техникалық шешімдерін іздеуге мәжбүр етеді.

Автомобильді (маневренность и мобильность) мен скиптік (энергоүнемділігі) көлік артықшылықтарының ашық тау-кен жұмыстарының контейнерлік технологияларына тән, яғни бұл тау-кен массасын карьердегі уступтар бойынша тасымалдау, контейнерлердегі тау-кен массасын каьер борттары бойымен көтергіш машиналармен көтеру.

Контейнерлік технология өзінің жоғары тиімділігін теңіз және теміржол тасымалында дәлелдеді. Ұсақ нашар экскавацияланатын материалдың (карьерлердегі жарылған тау-кен массасы) өте үлкен жүктері Ашық тау-кен жұмыстары үшін осы технологияны айтарлықтай өзекті етеді.

Негізгі құрал ретінде контейнерлік алаңдарда ең кең қолданылатыны стреловые - ричстакерлер. Олар маневрлі, жүккөтерімділігі 45-50 тоннаға дейін және контейнерлерді көпярусты штабельдерге складттай алады.

Контейнер тасымалдаушы экскаватор маңындағы алаңда контейнерді көтеріп, оны қызметтік горизонт бойынша көтеру орнына экскаваторлық забойдан карьер борты бойынша көтеру орнына жеткізу керек, ал порожний контейнерді көтеру алаңынан экскаватор забойына жеткізу керек.

Күндізгі жер үстінде де контейлерді карьер бортынан байыту фабрикасы немесе отвалға ( бұлар әдетте экономикалық тұжырымдар бойынша карьерден миималды қашықтықта салынады) жеткізу жүргізіледі.

Ашық тау-кен жұмыстарының контейнерлік технологиялары үшін контейнер тасымалдаушыны пайдалану тиімділігі - транспортты құралдардың жүктелу себебінен тұрып қалуынынан болатын экономикалық шығындарды төмендету жәнеэкскаватордың экономикалық тиімді өнімділігін арттыру олып табылады. жұмыс цикліне автосамосвал мен теміржол поездарына тән жүктелу салдарынан тұрып қалу кірмейді.

Карьерлердегі тау-кен массасын тасымалдау арақашықтығының табиғи өсуі автосамосвалдардың жүк көтерімділігін арттыруға мәжбүрлетеді.

Бұның жағымсыз салдарының бірі болып автосамосвалдардың жүктелу кезіндегі тұрып қалулар табылады, ал бұл автосамосвалдың жоғары бағасы және үлестік эксплуатациялық шығындары себебінен экономикалық шығындарды арттырады. Мысалы, жүккөтерімділігі 120 тонна автосамосвалдың ЭКГ -10 экскаваторымен жүктелу уақыты 4-5 минут. Автосамосвалдың 2 километр қашықтыққа рейсі шамамен 20 минут болады. Автосамосвалдың негізгі жұмыс уақытының 20 - 25 % -н жүктелу барысындағы тұрып қалу құрайды.

Контейнертасымалдаушы жүктелу кезінде тұрудың орнына тек жүктелген контейнерді порожнийға ауыстырады, бұл шамамен 1, 5-2 минут алады, осылайша оның жұмыс циклы автосамосвалға қарағанда 2-3 минутқа кем, бұл көбірек рейс жасауға мүмкіндік береді және өнімділікті 10-15 % -ға арттырады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жаңа техниканы енгізу тиімділігі
Ғылыми техникалық прогрестің тиімділігі
Инновациялық прогресстің Қазақстан Республикасында дамуы
ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖЕКЕ САЛАЛАРЫНДАҒЫ ЖАҢАЛЫҚ ЕНГІЗУДІҢ ҚЫЗМЕТІ
Сәйкестік аудитін денсаулық сақтау мекемелерінде жүргізу ерекшеліктері
Денсаулық сақтау саласын басқаруды жақсартудағы қаржылық реттеу бағыттары
Денсаулық сақтау саласы қызметінің экономикалық - қаржылық көрсеткіштерін талдау
Кәсіпорынның инновациялық қызметі
Нарықтық жағдайда инновацияның экономикалық рөлі
Теориялық зерттеудің бағыты және әдістері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz