Қазақстан Республикасының банк жүйесіндегі төлем карточкалары



Кіріспе
1. Қазақстан Республикасының банк жүйесіндегі төлем карточкаларының теориялық негіздері
1.1 Төлем карточкаларының банк жүйесіндегі рөлі
1.2 Қазақстан Республикасында төлем карточкаларын қолдану
1.3 Шет елдерде төлем карточкаларын қолдану тәжірибелері

2. Екінші деңгейдегі банктердің төлем карточкаларына талдау жургізу(АҚ «Альянс Банк» тәжірибесінде)
2.1 Қазақстан Республикасында төлем карточкаларының дамуын бағалау
2.2 АҚ «Альянс Банк» шығаратын төлем карточкаларының түрлері
2.3 АҚ «Альянс Банк» төлем карточкаларының қолдануын талдау

3. Коммерциялық банктердің төлем карточкаларын жетілдіру жолдары

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Тақырыптың өзектілігі. Төлем карточкаларының қолма-қолсыз есеп айырысуда пайдалануы қолма-қол ақшалардың алдында көп артықшылықтарға ие.
Қолма-қолcыз есеп айырысуға өту мемлекет үшін салықтың тиімді жиналуын,қолма-қол ақшалардың көлеңкелі айналамының қысқаруын, ақша айналамына бақылау жасауды білдіреді. Сондықтан, қазіргі кездегі маңызды мәселелердің бірі болып тұтыну нарығында қолма-қолсыз төлемдерді ұлғайту табылады.
Қолма-қол төлемдерді қолма-қолсызға аударудың ең тиімді құралы болып төлем карточкасы табылады.
Төлем карточкасы – бұл ақша емес, ол электронды терминалдар мен басқа да құрылғылар арқылы ақшаңызды басқару құралы. Электронды терминалдар мен құрылғылар төлемдерді жүзеге асыруға, қолма-қол ақша алуға, валютаны айырбастауға және т.б. операцияларды орындауға мүмкіндік береді. Карточканы жоғалту ақшаны жоғалтуды білдірмейді: ақшаңыз толық сақталады.
Төлем карточкаларын пайдалана жүргізілетін төлемдер қолма-қол ақша беру төлемдері мен сауда терминалдары арқылы жүзеге асырылатын тауарлар мен көрсетілген қызметтер үшін ақы төлемдері болып жіктеледі.Ал төлем карточкалары жергілікті жүйелер карточкалары және халықаралық жүйелер карточкалары болып бөлінеді.Жергілікті жүйелердің карточкалары ұлттық валютада тек Қазақстан Республикасының аумағында (ALTYN,ЕРТІС,Каспийский) қолданылады. Халықаралық жүйелердің карточкалары еліміздің ішінде де және сыртында да қолданылады (VISA International, Europay International, American Express, HSBC, Dinners Club International).

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 40 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе
1. Қазақстан Республикасының банк жүйесіндегі төлем карточкаларының
теориялық негіздері
1.1 Төлем карточкаларының банк жүйесіндегі рөлі
1.2 Қазақстан Республикасында төлем карточкаларын қолдану
1.3 Шет елдерде төлем карточкаларын қолдану тәжірибелері

2. Екінші деңгейдегі банктердің төлем карточкаларына талдау жургізу(АҚ
Альянс Банк тәжірибесінде)
2.1 Қазақстан Республикасында төлем карточкаларының дамуын бағалау
2.2 АҚ Альянс Банк шығаратын төлем карточкаларының түрлері
2.3 АҚ Альянс Банк төлем карточкаларының қолдануын талдау

3. Коммерциялық банктердің төлем карточкаларын жетілдіру жолдары

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Төлем карточкаларының қолма-қолсыз есеп
айырысуда пайдалануы қолма-қол ақшалардың алдында көп артықшылықтарға ие.
Қолма-қолcыз есеп айырысуға өту мемлекет үшін салықтың тиімді
жиналуын,қолма-қол ақшалардың көлеңкелі айналамының қысқаруын, ақша
айналамына бақылау жасауды білдіреді. Сондықтан, қазіргі кездегі маңызды
мәселелердің бірі болып тұтыну нарығында қолма-қолсыз төлемдерді ұлғайту
табылады.
Қолма-қол төлемдерді қолма-қолсызға аударудың ең тиімді құралы болып
төлем карточкасы табылады.
Төлем карточкасы – бұл ақша емес, ол электронды терминалдар мен басқа
да құрылғылар арқылы ақшаңызды басқару құралы. Электронды терминалдар мен
құрылғылар төлемдерді жүзеге асыруға, қолма-қол ақша алуға, валютаны
айырбастауға және т.б. операцияларды орындауға мүмкіндік береді. Карточканы
жоғалту ақшаны жоғалтуды білдірмейді: ақшаңыз толық сақталады.
Төлем карточкаларын пайдалана жүргізілетін төлемдер қолма-қол ақша беру
төлемдері мен сауда терминалдары арқылы жүзеге асырылатын тауарлар мен
көрсетілген қызметтер үшін ақы төлемдері болып жіктеледі.Ал төлем
карточкалары жергілікті жүйелер карточкалары және халықаралық жүйелер
карточкалары болып бөлінеді.Жергілікті жүйелердің карточкалары ұлттық
валютада тек Қазақстан Республикасының аумағында (ALTYN,ЕРТІС,Каспийский)
қолданылады. Халықаралық жүйелердің карточкалары еліміздің ішінде де және
сыртында да қолданылады (VISA International, Europay International,
American Express, HSBC, Dinners Club International).
Банктерге карточкалардың беретін артықшылықтарының бірі – олардың
банктен алыс қашықтықта тұратын клиенттерде қызығушылық тудырғанында.
Әдеттегідей клиенттер жұмысына немесе тұрғылықты жеріне жақын банкті
таңдайды. Карточкалардың пайда болуымен бұл мәселе аса маңызды болмады.
Банктерге өзінің карточкаларын мыңдаған шақырым жерлерге тарату арқылы
өзінің ықпал ету дәрежесін ұлғайтуға мүмкіндік туды.
Пластикалық карточкалар Қазақстан нарығын белсенді жаулап алуда. Соңғы
бірнеше жылдарда электронды әмияндарды белсенді шығарып отыратын
банктердің саны өсті. Қазақстандық нарықта барлық негізгі халықаралық
карточкалар бар.
Қазақстанда магнитті карточкалар саласы бойынша барлығы әдеттегі
классикалық сызба бойынша жүзеге асырылады:
- халықаралық карточкалардың эмитент-банктері санының қарқынды өсуі;
- алдыңғы қатарлы төлем жүргізу бәсекелестігі;
- магнитті карточкаларды банктік технологиялық процесте пайдалануды
ұлғайту, мысалы, шотты бақылау құралы ретінде.
Қазақстанда карточкалық іс қазіргі кезде нағыз бумды бастан кешіп
жатыр. Көптеген банктар магнитті карточкаларды, микросхемалы және смарт-
карточкаларды пайдалану арқылы жеке төлем жүйесін құруда. Қазақстандық
банктердің көбі Visa және Europay халықаралық жүйелеріне қосылуда. Елімізде
пластикалық карточкаларға негізделіп жүзеге асырылатын жүйелердің барлығын
атап отыру мүмкін емес. Бұнда бірден бірнеше бағдарламаларды көруге болады.
Бұл халықаралық төлем жүйелері, магнитті карточкаларға негізделген жинақ
кітапшалары және смарт-карталар.
Дипломдық жұмыстың мақсаты. Қазақстанда пластикалық карточкалар
негізінде төлем төлеу нарығының қалыптасу барысын, қызмет көрсету деңгейін
жүйелі түрде талдау; карточкалардың түрлері мен құрылымын анықтау және
Қазақстан Халық Банкінің төлем карточкаларына талдау жасау.
Жұмыстың нәтижелері. Төлем карточкалар ұғымының мәні мен ерекшеліктері
дәлірек дәлелденген, төлем карточкалар нарығындағы электронды құрылғылардың
рөлі анықталды.
Қазақстанда төлем карточкаларының шығарылуы мен пайдаланылуына рұқсат
беретін жалғыз орган Ұлттық банк болып табылады. Қазақстандағы төлем
карточкалар нарығы 1994 жылдан бастап дами бастады. Олардың бірінші
шығарылымы Қазақстан Халық Банкі АҚ-ның ИртышCаrd жүйесімен жүзеге
асырылды. Республика территориясында айналыста жүрген карточкалардың саны
соңғы екі жылда 3,6 есеге өскен. Қазақстанда ең танымал төлем карточкалары
болып Visa және Eurocard-Mastercard табылады. Олар арқылы 300-ден аса
елдердің 18 млн-нан аса сауда және сервис мекемелерінде қызмет көрсетіледі.

Зерттеу көрсеткіштері болып төлем карточкалар нарығының дамуы туралы
отандық және шетел авторларының кітаптары мен журналдары табылады.

1.Қазақстан Республикасының банк жүйесіндегі төлем карточкаларының
теориялық негіздері
1.1 Төлем карточкаларының банк жүйесіндегі рөлі
Банктік карточкалардың күрт жылдам таралуы, олардың жаппай қаржылық
құралға айналуы, тұрғындардың басым бөлігі арасында олардың кең
танымалдылығының ұдайы өсуі жүйеге қатысушылардың негізгі категорияларына,
яғни, банктерге, сауда орындарына және карточка иелеріне есеп айырысудың
бұл нысаны сөзсіз табысты болып табылатындығының нақты куәсі. Қандай да бір
кәсіпорынның тұрақты жұмыс жасап тұруын қамтамасыз етуі үшін мынадай 3
міндетті шарттардың қатаң сақталуы тиіс: сенімділік, өнімділік және
табыстылық. Несие карточкалары бойынша жүргізілетін операциялардың
табыстары мен шығыстары 1-суретте көрсетілген.
Банк-эмитенттің негізгі функцияларына мыналар жатады:
- Карточкалар шығару (карта иесінің жеке деректерін өңдеу және кодтау,
эмбоссинг, клиентке карточканы жеткізу, карточканы жаңарту);
- Несиеге қабілеттілікті талдау (өтініш иесінің қаржылық жағдайын
анықтау, карточкалық шот ашу, несиелік лимитті анықтау);
- Авторизация (мәміле жүргізу мүмкіндігі туралы автоматты түрде немесе
телефон бойынша сатушының сұрауларына жауап беру, мастер-файлдарды жаңарту,
ақпараттық айырбастау жүйелерімен өзара әрекеттесу);
- Ақпараттармен алмасу және интерчейндж үшін сыйақылар алу;
- Биллинг (карточка иесіне қарыздар сомалары мен оларды жабу мерзімдері
көрсетілген көшірімдер дайындау және жіберу);
- Карточкалық шот бойынша операцияларды бухгалтерлік есепке алу;
- Мерзімі өткен қарыздарды қайтару және несиелік лимит шектерінің
сақталуын бақылау;
- Клиенттермен жұмыс (сұрақтарға жауап беру, шағымдарды қарастыру);
- Қауіпсіздікпен қамтамасыз ету және алаяқтыққа бақылау орнату
(ұрланған және жасанды карточкалар бойынша есеп берулер, шоттарды
оқшаулау);
- Маркетинг (жаңа клиенттер іздеу, жарнамалау, карточкалық шоттар
бойынша операцияларды белсендіру бағдарламалары);
Эквайрингпен айналысушы банктің міндеттемелері карточкалық жүйенің
оның саудалық қатысушыларына қызмет көрсетуі бойынша рөлімен анықталады.
Оның негізгі атқаратын қызметтері:
- Карточкалармен жасалған операциялар бойынша сатушының банкке ұсынған
сауда шоттарының процессингі;
- Мәмілелер туралы ақпараттармен айырбастау және банк-эмитентке
интерчейндж үшін сыйақылар төлеу;
- Сауда орындарының есеп айырысу жүйесіне қосылуға білдірген
өтініштерін қарастыру, бұрынғы және жаңа сатушылардың несиеге
қабілеттілігін талдау, алаяқтықпен байланысты күдік туғызған сатушыларды
тексеру;
- Маркетинг, пластикалық карточкалар үшін қажет құрылғыларды сатып
алуға сатушыларға көмектесу.
Несие карточкаларының табыстылығы:
А) Эмитент үшін.
Несиелік карточкаларды шығару бойынша бағдарламалардың пайдалылығын
табыстар мен шығыстардың келесідей негізгі құрамдас бөліктермен анықтауға
болады:

Алдымен табыстың құрамдас бөліктері анықталады, яғни, пайыздан түсетін
табыстар карточка ұстаушысына ұсынылатын несиенің пролонгация деңгейіне
қатынасы бойынша жылдық пайыздық қойылым жүргізу бойынша анықталады. Ал
пролонгация жеңілдетілген мерзімде қайтарылмаған, яғни, пайыз есептелетін
несиелер сомасының барлық берілген несиелердің сомасына қатынасы ретінде
белгіленеді.
Банк-эмитентке міндетті банк-эквайердің жасаған мәмілелерінің (өткізу
көлемінің) сомаларынан түсетін пайыздар эмитентке эквайердің орнын
толтыруы, өтеуі болып табылады.

Жылдық төлемақылар (жылдық мүшелік жарна) дегеніміз банктік картаны
қолдану құқығы үшін карта ұстаушысынан банк-эмитентке төленетін сома. Карта
ұстаушысы банкпен жасалған келісім-шарт талаптарын бұзған жағдайда, мысалы,
төлемдер өз мерзімінен кідірілген жағдайларда, Pin-кодты жоғалтқан немесе
несиелік лимиттен асып кеткен жағдайда әр түрлі айыппұл ықпал-шаралары
пайда болуы мүмкін.
Ал, енді шығын құрамдас бөліктерін қарастырсақ, ресурстар құны –
карточка шығару бағдарламасындағы шығындардың басым, ең үлкен бөлігі болып
табылады. Бұл дегеніміз карта ұстаушыларына ұсынылатын несиелер сомасын
қамтамасыз ету үшін банк-эмитентпен тартылатын ақша ресурстарының әралуан
түрлері бойынша орташа шамамен алынған пайыздық мөлшерлеме.
Несиелік тәуекелдерге резервтер құру – қосымша ресурстар тарту
қажеттілігін тудыратын, клиенттерге берілетін ссудаларға арналып резерв
құру мақсатындағы аударымдар болып табылады.
Банк міндеттемелеріне резервтер құру деп коммерциялық банктердің
ізденді және мерзімді міндеттемелер шоттары бойынша міндетті резервтер
қорына деген аударымдарды айтамыз. Залал, зияндар, мерзімі өткен қарыздар
немесе қылмысты сипаттағы іс-қимылдар нәтижесінде пайда болады, әдетте,
жабылмаған несиелер сомасынан есептелінген пайыздар ретінде бейнеленеді.
Қызмет көрсету шығындары – бұл тікелей клиенттерге қызмет көрсетуге
жұмсалатын қаражат.
Операциялардың орындалуымен тікелей байланысты шығындар, мысалы,
операцияларды құжатты түрде рәсімдеуге жауапты штатты ұстауға кететін
шығындар, процессингтік, телекоммуникациялық компанияларға бағытталған
пайда болып қалуы мүмкін шығындар және тағы басқалары операциялық шығындар
болып табылады.
Б) Эквайер үшін.
Банк-эквайер үшін пайдалылық келесідей көрсеткіштермен анықталады:
Эквайерге ұсынылатын жеңілдіктер (сатушы жеңілдіктері, саудалық
түсімдер, дисконттар) – бұл эквайер жасаған мәмілелер құнын төлегені үшін
сауда немесе қызмет көрсету орнынан алатын карточкалар бойынша жасалған
мәмілелер сомасының бір бөлігі. Жеңілдіктің мөлшері карточкалар бойынша
өткізудің ақшалай көлемінің орташа пайыздық жеңілдіктерге қатынасына тең.
Ал, басқа да табыстар төлем терминалдары мен импринтерлері сияқты
құрылғыларды сатудан немесе жалға беруден тікелей пайда болады.
Эквайердің эмитентке жүргізілген операцияларды өтеуі шығындар көлемінің
ең үлкен бөлігін қамтиды.
Операциялық шығындар – сауда және қызмет көрсету орындарының
карточкалары бойынша операцияларды, мысалы, авторизация, кәсіпорын
шоттарын жүргізу сияқты операцияларды қолдауға кететін шығындар.
Дебеттік (есеп айырысу) карточкаларының табыстылығы.
А) Эмитент үшін.
Дебеттік карточкалар шығару бойынша бағдарламалардың табыстылығын
анықтаушы негізгі табыстар мен шығыстар несиелік карточкаларға тән
позицияларға ұқсас. Тек қана ерекшелігі сонда, пайыздық табыстар мен
ресурстар құнында. Дебеттік карточкалар бойынша ресурстар карта
ұстаушыларының шоттарында орналасқан ақша құралдарынан құралып, оларды банк
басқа да тартылған құралдар сияқты ұқсас қолдана береді.
Пайыздық табыс дебеттік карточка ұстаушылардың шоттарына тартылған
құралдарды қолдану бойынша банк-эмитенттің активтік операцияларын
сипаттаушы орташа жылдық пайыздық мөлшерлемемен анықталады.
Жылдық төлем (жылдық мүшелік жарна) – карта ұстаушының банктік
карточканы қолдану құқығы үшін банк-эмитентке төлейтін сомасы. Банкпен
жасалған келісім-шарт талаптары бұзылған жағдайда карта ұстаушысынан
алынатын айыппұлдар да бар.
Ал, шығындар құрамына келетін болсақ, ресурстар құны дегеніміз
карточка ұстаушысының шотындағы қалдықтар бойынша банк-эмитентпен төленетін
пайыз болып саналады.
Дебеттік карточкалар бойынша жобаның шығындарының негізгісі карта
ұстаушыларының ұқыпсыз, құқықтық нормаларға қарсы және қылмыстық іс-
әрекеттерінен туындайтын зияндар.
Б) Эквайер үшін.
Банк-эквайердің шаруашылығының табыстылығын анықтайтын көрсеткіштер
несиелік карталарға қызмет көрсету бойынша көрсеткіштермен толық ұқсас,
ешқандай өзгешелігі жоқ.
Жалпы карточкалық бизнес жобасын жүзеге асыру бойынша әрбір белгіленген
қандай да бір уақыт аралығындағы банктің табыстылығын мынадай формула
арқылы анықтауға болады:

Эn = (Ттікелей + Тжанама) – (Штікелей + Шжанама) – [(Ттікелей +
Тжанама) –

– Тжеңілдіктер]*Т–К+С

Эn – n-кезеңдегі табыстар ағымының элементі;
Ттікелей – Тікелей табыстар (дүкендегі сатып алулардан сыйақылар,
банкомат арқылы қолма-қол ақша алудан сыйақы, валюта конвертациясы үшін
сыйақы, кәсіпорынға қызмет көрсету бойынша пайыздық табыс, клиент немесе
кәсіпорыннан алынатын картаның құны);
Тжанама – Жанама табыстар (банкпен активті операциялар жүргізу
барысында банк клиенттерінің карт-шоттарындағы ақша құралдарын банктік
ресурстық базасында қолданудан n-кезеңде табылған банктің пайдасы);
Штікелей – Тікелей шығындар (процессингтік компанияға тұрақты
аударымдар; банкоматты қондырған орындарды жалға алу бойынша ұйымдарға
төлем; картаны дайындау бойынша шығындар);
Шжанама – Жанама шығындар (құрылғылардың құнына байланысты шығындар:
клиенттердің карт-шоттарындағы қалдықтар бойынша шығындар; жарнамаға
шығындалу; еңбекақыға шығындалу және басқа шығындар);
Тжеңілдіктер – салықтық жеңілдіктер тарапынан табыстар;
Т – салықтық қойылым;
К – инвестициялық шығындар;
С – әр түрлі компенсациялар түрлері.
Экономикалық есептік көрсеткіштер көрсеткендей, банк үшін табыстардың
негізгі көзі болып оның ресурстық базасында клиенттердің шоттарындағы ақша
қалдықтарын қолданудан түсетін табыстар болып табылады. Жоспарлау кезінде
банк еңбекақы қорын және кәсіпорын қызметкерлерінің санын есепке алады және
сонымен қатар, банк табыстылығының орташа пайызын анықтайды.
Алдын-ала есептеу банктің мүмкіншілік деңгейін бағалауға, карточкалық
бизнес бойынша жобаны жүзеге асыруды қолға алудың керек немесе керек
еместігі туралы шешім қабылдауға көмектесуі мүмкін.
Карта иегерлері үшін картаның мынадай негізгі жағымды жақтары бар:
1. Қолдану ыңғайлылығы;
2. Банктік несиенің автоматты түрде ұсынылуы;
3. Қарызды жабу мерзімін кідірте алу мүмкіндігі;
Жүргізілген операциялар туралы үнемі толық ақпараттарға ие бола алу
мүмкіндіктерін және сонымен қатар, сауда орындары үшін карталық есеп
айырысулардың келесідей жасайтын жағдайлары бар:
1. Сатылу көлемін кеңейте алады және жаңа сатып алушыларға ие болу
мүмкіндігі көбейеді;
2. Жеке құралдарын қолданбай-ақ несиеге ұсына алу мүмкіндігі және
есепке алудың арнайы жүйесін енгізу;
3. Банктік чектерді карточкалармен алмастыру жолымен тәуекелді
төмендету сияқты жағдайларды және сонымен қатар, ең басты жағымды
жақтарды, атап айтқанда:
- колма-қолсыз ақша айналымының дамуына әсері және айналыс шығындарын
азайтуға әсері;
- банк табыстары мен айналымын арттыруға әсері;
- банктер мен әр түрлі сауда және қызмет көрсету кәсіпорындарының
беделі мен бәсекеге қабілеттілігін жоғарылатуға тигізетін әсері;
- төлемдер кепілдігін ұсыну.
Жұмыстылық (шетелдік туризм сферасындағы) өсіміне тигізетін әсері
сияқты жағдайларды қарастырған сайын банктік карточкалардың нақты
тиімділігіне еріксіз көз жеткізуге болады.
Бұл бизнес түрінің тиімділігіне көз жеткен сайын мынадай тұжырым
айқындала түседі: карталық бизнестің табыстылығы үш алып китке
негізделеді: есеп айырысуларды тиімді ұйымдастыру; қаржылық есепке алу;
маркетинг. Бұл үшеуінің қайсысы негізгісі екендігін басып айту қиын, бірақ
үшеуінің бірісіз жүйенің жұмыс жасауы мүмкін емес, ал бұл үшеудің біреуінің
әлсіздігі міндетті түрде барлық жүйенің ақсауына әкеліп соқтырады.
Банкоматтарды пайдалану үлкен көлемді инвестицияларды талап етеді,
сондықтан оларды тек ірі банктер ғана пайдаланады. Банкоматтардың қолданылу
тиімділігін бағалау көрсеткіштеріне бір банкоматқа қолданылатын пластикалық
карточканың көлемін есептеуге болады. Англия мен АҚШ-тағы атақты банкомат
жүйесінде бұл көрсеткіш 2-4 мың карточка банкоматты құрайды. Бұнда әр
банкомат аптасына шамамен 1000 рет немесе күніне шамамен 150 рет
пайдаланылады. Көптеген жағдайларда шамамен 67% банкоматтарға көшеден қол
жеткізіледі, ал 24% банкоматтар банктің өзінде орналастырылады.
Банкоматтар 2 режимде жұмыс істей алады: off-line және on-line.
Оff-line режимі кезінде банкоматтар орталық БЖ (БС) байланысты емес
және тәуелсіз жұмыс атқарады. Көбінесе, бұндай режимде жұмыс істейтін
банкоматтар орындалған операциялар туралы ақпараттарды есінде және КК
магнитті сызығында сақтайды. Оff-line режимінде жұмыс істейтін банкоматқа
қызметті арнайы жұмысшы – банк кассирі көрсетеді, ол қолма-қол ақшамен
банкоматты толтырады және банкомат есіне мерзімі өтіп кеткен төлемдер,
шоттар, жоғалған карточкалар және т.б. туралы ақпараттарды енгізеді.
Банкоматтың тағы да бір жұмыс істеу режимі – on-line. Бұнда
банкоматтар БЖ-мен тікелей байланысты. Егер банкомат бұл режимде жұмыс
істесе, ол клиентке оның шотының ағымдығы туралы анықтама бере алады.
Банкоматтарды қолдану кезінде телекоммуникациялық жағдайларды
ұйымдастырудың 2 жолының бірін таңдау керек:
- жекеменшік банкоматтар жүйесіне қызмет көрсету;
- бірнеше банктермен бірлесіп бір банкомат жүйесіне қатысу.
Жекеменшік жүйені пайдалану кезінде банк бұл жүйеге толық бақылау
жасайды. Бұл жүйенің бір кемшілігі жүйені құру мен пайдалануға айтарлықтай
шығын кетеді.
Банкоматтарды пайдалана отырып телекоммуникациялық жағдайларды құру
тәжірибесі банктерге ортақ банкоматтар жүйесін құру пайдалы екенін көрсетіп
отыр.
Internet және банк-клиент арнайы жүйесінің қарқынды дамуына
қарамастан, банкоматтар бұрынғыдай маңызды рөлді атқарады.
Өкінішке орай, Қазақстанда банкоматтар жүйесінің дамуы баяу жүріп
жатыр. Бұның негізгі себебі болып банк жүйесінің шетел деңгейіне
салыстырғанда дамымағандығы және тұрғындарда бос ақша қаражаттарының
болмауы және несие карточкаларына қажеттіліктерінің болмауы.
Банкоматтар (АТМ – Automated Teller Machine) – сөзбе-сөз аударсақ
автоматты кассалық машина немесе банкомат. Банкомат – бұл төлем карточкасы
арқылы қолма-қол ақшаны алуға және тағы да басқа операцияларды орындауға
мүмкіндік беретін электронды механикалық құрылғы.
Банкоматтың құрылымы:
1. Монитор;
2. Кард-ридер (карточканы салу орны);
3. Екі клавиатура: біреуі сандық, екіншісі меню пункттарын таңдау үшін;

4. Принтер;
5. Банкоматтың ішінде ақшалар орналасқан төрт кассета. Онда әр түрлі
ақша номиналдары орналасқан. А кассетасында 5000 теңге, В
кассетасында 1000 теңге, С кассетасында 500 теңге, D кассетасында
200 теңге.
Сонымен қатар, арнайы қолданбалы ДҚ (ПО) барлық блоктардың жұмысын
басқару үшін және компьютер желісіне қосылу үшін телекоммуникациялық
құрылғы керек.
60-жылдардың аяғында қолма-қол ақша беретін аппараттардың пайда болуы
карточкалық бизнесте революция жасады. Карточкаларды ұстаушылар бұндай
аппараттарды пайдалана алуы үшін карточканың артқы жағына магнитті
пленкадан жасалған сызық жапсырылатын болды. АҚШ-та магнитті сызығы бар
карточкаға қызмет көрсететін бірінші банкомат 1969 жылғы Docutel
фирмасының банкоматы болды. Магнитті сызығы бар карточканың пайда болуынан
бастап қана әрбір ұстаушыға Pin-кодты ендіру мүмкіндігі туды.
Pin-код – ДСН-код – Дербес Сәйкестендірме Нөмір, карточканың иесіне
берілетін және карточканы ұстаушыны сәйкестендіруге арналған төрт таңбалы
саннан тұратын құпия код. Банктен карточка алғанда Сізге аузы жабылған
арнаулы конверт қоса беріледі, онда ДСН-коды басылған қағаз бар. ДСН-кодын
Сіздің өзіңізден басқа ешкім де білмейді, сандық код банк қызметкерлеріне
де белгісіз, сондықтан карточканы пайдаланатын мерзім ішінде Сіз ДСН-
кодыңызды құпияда ұстауыңыз керек, оны ешкімге еш жағдайда жария етпеуіңіз
керек.
Бірінші банкоматтардың көбі қолма-қол ақшаның аз ғана сомасын беретін,
60-жылдардың аяғы – 70 жылдардың басында банкоматтарды пайдалануда көптеген
қиыншылықтар көріне бастады (банкоматтардың бұзылуы, дербес карточкалардың
жиі бұзылуы немесе карточкаларды операция орындалғаннан кейін ұстап қалу).
Осының негізінде банктің көптеген клиенттері өз операцияларын дәстүрлі
түрде банкте жүргізуді жөн көрді.
Банкоматтарды қарапайым банктік операцияларды орындау үшін пайдалану
банк жұмысшыларының жұмысын жеңілдетіп, оларға мамандандырылған қызмет
түрін көрсетуге кететін шығындарды төмендетуге мүмкіндік береді.
Банкоматтардың қолданылуы банктерге өз қызметтерін клиенттерге
жақындатуға мүмкіндік береді. Тұтынушы үшін олардың бағалылығы клиент үшін
қолма-қол ақша алу немесе салым операциялары бойынша уақытша және кеңістік
шектеулерді кеңейтетіндігінде. Банк үшін банкомат қызметкерлердің санын
қысқартуға және үлкен пайда табуға мүмкіндік беретін тиімді құрал.
Банкоматтар тәулігіне 24 сағат, еш демалыссыз жұмыс істейді.
Клиенттердің көзқарасы бойынша банкоматты пайдалану банкте қызмет
көрсетуден гөрі тиімді. Ең алдымен клиент үшін тез қызмет көрсету және
ыңғайлылық, банкомат арқылы операцияны кез-келген уақытта күндіз немесе
түнде жүзеге асырудың мүмкіндігі. Сондықтан соңғы жылдары банк клиенттері
банк бөлімшелерінен гөрі, банкоматтар қызметін пайдаланғанды жөн көреді.
Банк клиенттерінің жартысынан көбі банкоматтар қызметін пайдаланады.
Мысалы:
- қолма-қол ақшаны алу,
- несие лимитін алу;
- ақша аударымдарын жүзеге асыру;
- карточкалық депозит ашу;
- Мобильді банкинг қызметін пайдалану;
- салық төлеу мүмкіндігі;
- мобильді байланыс қызметтерін төлеу т.б.
Банкоматты пайдалану кемшіліктеріне мыналар жатады:
а) клиенттің шотынан операция атқарылған күні қаражаттарды сызып тастау
(сенбі мен жексенбіні санамағанда);
б) карточканың жоғалу не ұрлану мүмкіндігі;
в) керекті кезде банкоматтың әр түрлі жағдайларға байланысты жұмыс
істемей қалуы (эксперттердің анализі бойынша, банкоматтардың бұзылу уақыты
оның жұмыс уақытының 5%-нен аспайды. Банкоматтардың атқаратын барлық
жұмысын есептегенде, бұл банк пен оның клиенттері үшін айтарлықтай шығын
болып табылады).
Карточкаларды қабылдайтын басқа да электронды құрылғылар:
POS-терминал (ағылшын тілінен Point of Sale Terminal – сауда
орталығының терминалы) – магнитті сызықтан немесе карточканың микрочипінен
ақпаратты оқуға және төлем карточкасы арқылы операцияларды жүзеге асыруға
банкпен байланыс орнатуға мүмкіндік беретін электронды құрылғы. Банкпен
байланыс телефонды желі арқылы жүзеге асырылады. Банкоматтан айырмашылығы
POS-терминалда кассир қызмет көрсетеді.
Импринтер – клиенттің төлем карточкасында эмбоссирленген мәліметтерді
алуға мүмкіндік беретін механикалық құрылғы. Берілген чек, мәліметтер
алынғаннан кейін, кассирмен толтырылып, клиентпен қол қойылады.

1.2 Қазақстан Республикасында төлем карточкаларын қолдану

Жуықта банк жұмыскерімен болған әңгімеден кейін, біздің
мемлекетімізде төлем карточкалар нарығының дамуы кейбір қиындықтарымен
байланысты болады. Оның айтуы бойынша, бұл төлем карточкаларды тағайындалу
түсінігімен және оларды қалай қолдану принциптерімен байланысты. Бұл
Қазақстан Республикасында банктік карточкалар өмірінің 10 жыл барысында !
“Міне, қарапайым мысал - дейді ол,- көшеде маған ер адам жақындап келіп
тұр, пенсионер болуы керек, және оның орнына банкоматтан соның “номерін”
(ПИН-код) теріп беруді өтінді, себебі ол экранда не жазылғанын дұрыс
көрмейді. Ол қолтаңбасы тұру керек жерде семіз фломастермен сол ПИН-код
жазылған карточкасын маған береді”.
Бірақ ондай сорақылыққа қарамастан қазақстан банкирлері, қайғыға
түспейді. Себебі, карточкалық сауданың - бір шоттан басқа шотқа ауыса
беретін үлкен ақша сомасы екенін түсінеді, және ең бастысы - бұдан жақсы
табыс табуға болады.
Төлем карточкалардың отандық нарығына шетелдік қаржылық құрылымдар да
қызығушылық көрсетеді. Мысалы, европалық комиссия белгілі бір уақыт
аралығында Қазақстанда ұлттық клирингтік жүйені құруға жобаны әзірлеу. Егер
ол іске асырылса, онда практикалық түрде біздің кез-келген дүкенімізде
арнайы құралымен қамтамасыз етілген, кез-келген карточканың түрімен төлем
жасауға болады.
Көрнекі мысал келтірейік: бұдан 10 жыл бұрын тұрғылықты банкте
берілген Visa карточкасы қазақстандықтардың еш-қайсысында болмады, бүгінгі
күнде 1 млн. астам адам оның иесі болып отыр. Бірнеше отандық банктерге
Visa International халықаралық ассоциациясы өздерінің жеке карточкаларына
Visa логотипын қоюға мүмкіндік берді. Бұл, осы банктің карточкасы
қабылдайтын торларында Visa карточкасы да қабылдана алатынын білдіреді.
Мысалы, қазірдің өзінде 50 мыңнан астам пенсионерлер, Алтын- Visa
“Қазақстаның Халық Банкінің” карточкалық жүйесінің клиенттері болып отыр.
Жақын болашақта оның қолданушылар саны жүз есе көбее түсетіндігінің
болжанылып отырғанын сенімділікпен айтуға болады. Өйткені он жыл ішінде
банкоматтардың саны елеулі өсе түскендігін де қосып айту керек. Осы кезең
аралығында Visa карточкасы бойынша төлемдер 100 млн. доллардан астам болды.
Белгілі бір даму айқын көрініп тұр. EurocardMasterCard компаниясының
көрсеткіштері біраз төмен. Бірақ Қазақстан Республикасында банк-эмитенттер
санға қарамастан, шартсыз озушы Visa International болып табылады.
Басқаша, банк-эмитенттер саны - банктік карточкаларының нарығы үшін
соншалықты маңызды көрсеткіш емес. Мысалы, қазіргі уақытта Қазақстан
Республикасында бірнеше банктер Аmerican Express өкілдері болып табылады
(олардың кейбіреулері шетел банктерінің құрылымдары болып табылады). Бірақ
та олардың карточкаларды таратуда белсенді айналысатындары көп емес.
Аmerican Express -ті алу үшін бұрынғыдай шығындар өте жоғары (карточка
минимумде 5 мың доллар тұрады).
Элиттік карточкалардың басқа жүйесінде - Diners Club - Қазақстанда
ісі оңша сәтті өтіп жатқан жоқ. Бір сөзбен айтқанда, элиттік төлем
карточкалар Қазақстан республикасында өз клиентін әлі көпшілік арасында
тапқан жоқ.
Visa International халықаралық ассоциациясының карточкаларын айтатын
болсақ, бүгінгі күнде олар қазақстандықтар арасында үлкен атаққа ие.
Ұлттық жүйеге есеп-айырысуды еңгізу тұрғылықты транзакцияларды
тікелей тенгемен жүзеге асыруға мүмкіндік берді.
Жетістікті дамыта отырып, Visa International Қазақстанда микрочипті
бар Smart-карточкалар арқылы төлем технологиясын енгізуді ұсынды. Оның
артықшылығы мынадан тұрады, яғни оның көмегі арқылы карталар неғұрлым
сенімді және қолдануға қолайлы болады. Және ең бастысы, бұл технология
әртүрлі айлакерліктін асырмау шегі болады.
Бәсекелестіктің өсуі қазірге әлі төмен табысты іс-әрекетте, бірақ
тұтастай перспективті карточкалық нарықта халықаралық төлем карточкаларға
банк тарифтерінің төмендеуі куәландырады. Бұдан бірнеше жыл бұрын, 100-ақ
долларға төлем карточканың толық иесі болу туралы армандауға да болмайтын.
Шынында, қазір банктер өзінің шығындарын қысқа мерзім ішінде клиентті тарту
үшін, төмен тарифтерді орнатады. Бірақ өте төмен тарифтердің өзі кейде жаңа
клиенттердің тарту үшін жеткіліксіз болады. Сондықтан банктер қосымша
бағдарламаларды ұсынады - әдетте карточка бойынша жүргізілген операция үшін
бонус есептеледі: жинақталған бонустардың санына байланысты төлем
карточканың қызмет ету құның төмендетеді.
Ерте немесе кеш болсын, бұндай банктік өсу өзінің табысын әкеледі.
Және қазіргі таңдағы банктік төлем карточкалар тек қана нарықты жаулап алу
үшін ғана шығындалып отырғандарға да әкеледі.
Ұлттық банктің ақпараты бойынша, 2009 жылдың 1 наурызына дейінгі
кезеңде республикамыздың банктерімен барлығы 7 миллион төлем карточкалары
шығарылды (2008 жылдың аралогиялық кезеңімен салыстырғанда 18 пайызға
өсті), ал осы карточкаларды ұстаушылар саны 6,6 миллион адамға жеткен (өсім
– 17,3 пайыз).
Олардың ішінде халықаралық жүйесіндегі карточкалар - 65%, жергілікті -
35% (сызба №1).

Сызба №1

ҚР-ның айналымында төлем карточкаларының көлемінің құрылымы.

Соған қарамастан бұндай салыстырмалы түрде төлем карталардың біраз
бөлігі айналымда, оның ішінде жалақы мен зейнетақы төленетін карточкалардың
үлесі үлкен бөлігі деп сеніммен айтуға болады. Осы жағдайда азаматтардың
төлем карточкаларын ерікті таңдауында сөз жоқ.
Жалпы алғанда, республикада төлем карточкаларын шығару 19 банкпен және
АҚ Қазпочта жүзеге асырылады. Екінші деңгейдегі банктермен локальды
жүйедегі: Altyn Card – АҚ Қазақстан Халық Банкі және АҚ АТФБанк,
SmartAlemCard – АҚ БТА Банк, Ситибанк локальді карточкасы, Цесна Банк
локальды карточкасы және TemirCard – АҚ Темiрбанк. Сонымен қатар,
Қазақстан банктерімен халықаралық жүйелердің төлем карточкалары шығарылып,
таратылады: VISA International, Europay International, American Express
International, China Union Pay және Diners Club International.
ҚР-ғы төлем карточкаларының нарықтағы үлесі ірі банктер арасында
бөлінген (Сызба №2).

Сызба №2

ҚР банктер бойынша төлем карточка нарығы көлемінің құрлымы

Ұлттық банктің ақпараты бойынша, 2009 жылдың ақпан айында Казақстан
банктерімен шығарылған төлем карточкасын қолданумен, транзакциясының жалпы
көлемі 185,5 млрд. тенге құрайды (2008 жылдың ақпан айымен салыстырғанда
14,9 пайызға өскен). Олардың ішінде 100,5 млрд. тенге халықаралық жүйедегі
төлем карточкаларын қолданумен төлемдеріне келеді, 85 млрд. тенге
жергілікті жүйедегі карточкаларына келеді.
Неғұрлым кең таралғаны қолма-қол ақшаны шешу операциялары болып
табылады. ҚР-ның банктерімен шығарылған карточкаларды қолданумен берілген
операциялардың үлесі, төлемдердің жалпы соммасынан 90,7% құрайды, 9,3% есеп-
айырысулары сауда терминалдарына келеді. Бұл негізінде Қазақстанда карточка
арқылы төлеуге мүмкін болатын қызмет ету орта мекемелері және сауда
нүктелері онша көп еместігімен байланысты. Қазіргі таңда төлем карточкалар
ірі супермаркеттерде жұмыс істейді. Және әдеттегі ең қымбат дүкендерде және
шетелдіктерге негізделген.
Сауда мекеме бастықтарының қарсылығының себептерінен қолма-қол
ақшасыз төлем жүйесін енгізу, ҚР-да төлем карточкаларының әлсіз таратуында
ғана емес, сонымен қатар, ең бастысы өзінің бухгалтериясын ашқысы
келмейтінінде.
Төлем карточкаларының таралуы, банктер үшін де тиімді. Бұл банк
саудаларының бір түрі - карточкалық қызмет көрсету үшін комиссиялық ақы,
әсіресе валюталық, олардың құны кірістің бір бөлігі болып табылады. Мысалы,
Казкоммерцбанкпен шығарылатын карточканың ең төмен бағасы 360 тенге, ең
жоғарғысы - 80 доллар. Сонымен қатар, төлем карточкалар банктік депозиттер
санының өсуіне әкеледі, ол сондай-ақ пайдалы. Банктердің қызығушылықтары
төлем карточка иелерінің көбейе түсуінде екендігі түсінікті.
Жеке іс-әрекетте қолма-қол ақша айналымының қысқаруы және бөлшек
саудасында қолма-қол ақшасыз төлемдерінің көбею мақсатында, дебеттік және
несиелік функциясымен карточкаларды, электрондық қолма-қол ақшаны қолдану
арқылы төлем жүйесін енгізу жоспарланады. Инфрақұрылымның біріңғай
қоймасында микропроцессор негізінде төлем карточкаларының біріңғай жүйесін
құру мүмкіндігі қарастырылады.
Берілген жобаны жүзеге асыру үшін АҚ “Процессингтік орталығы”
ұйымдастырылған, негізгі міндеті төлем карточкаларын қолдану үшін Қазақстан
Республикасында біріңғай төлем кеңістігін құру болып табылады.
Сол уақытта банкаралық жүйесінде Eyropay International төлем
карточкалары бойынша ақшаны аударуының таза позициялардың есеп-айырысулар
сұрағы қарастырылады, ол Visa International халықаралық қауымдастығының
карточкаларымен сияқты жүзеге асырылған, осы транзакциялардың өзіндік құның
төмендетуіне және қазақстандық банктерінің шетелдегі валюталық активтерін
қысқартуға мүмкіндік береді.
Барлық бұл фактілер бойынша, жақын болашақта Қазақстан
Республикасында әрбір тұрғын төлем карточкаға ие болады.
Пластикалық карта - бұл жалпылаушы термин, карточкалардың
барлығын бiлдiредi, әртүрлi тағайындалуы бойынша, Tүpiнe қарай, олардың
көмeгiмeн көрсетiлетiн қызмет жиынтығы бойынша, сондай-ақ, өзінің
техникалық мүмкiншiлiктерi және оларды шығарушы ұйымдар.
Пластикалық карталардың даму барысында тағайындалу айырмашылығы
бойынша, функционалдык, және техникалык, сипаттамаларына тән пластикалық
карточкалар пайда болды.
Төлем карточкаларын шығаруға шешiм қабылдаған компаниялар, ең басында
не үшiн оны шығаратынын және бұл қандай карталар болатынын анык,тауы қажет.
Төлем карточкасын бөлшек саудасында қолдану арқылы қолма-қол ақшасыз
төлемінің тез дамуына кедергі келтіретін негізгі себептері, мемлекеттегі
дамыған инфрақұрылымның жоқ болуы болып табылады. Сондықтан, мемлекеттің
маңызды міндетінің бірі, төлем карточкаларын мәселесі сауда және қызмет
көрсету ұйымында қызмет ету үшін, төлем ретінде қолдану мүмкіндігін
қамтамасыз ету үшін жағдайларды тұғыздыру болып табылады. Бұл мақсатта
Қазақстан Республикасының “бюджетке салық туралы және басқадай міндетті
түрде төленетін төлемдер” кодексі бойынша ҚҚС-тен төлем карточкасының
қызметі үшін қамтамасыз ететін жабдықтың импорты, қосымша құн салығынан
босатылады. Бұл шаралар елге осындай құрал-жабдықтарды, оның бағасының
төмендеуіне мүмкіндік жағдай жасауын, олардың сауда ұйымдарына тиімді ықпал
етіп, кейіннен мемлекетке әкелуін көбейтеді.
Төлем карточкалардың болашағы бар екені күмәнсіз, және электрондық
ақшалар қолма-қол ақшаны, бір кездегі қағаз купюралары практикалық түрде
металдық монеталарды ығыстырып тастағандай ығыстыруы толығымен мүмкін.
Пластикалық карточкалардың жiктелiну үшiн көптеген негiздемелер бар:
1. Оларды дайындалған материалдары бойынша:
- қағаздық (картонды);
- пластикалық ;
Қазiргi уақытта тәжірибелiк түрде барлық жерге кең таралғаны -
пластикалық карточкалар. Ламинацияланған (картонды) карточкалар карапайым,
арзан және әpкімнің қолы жететiн, сондықтан егер карточка карточканы есеп-
айырысу үшін пайдалынатын болса, онда жасанды түрден қорғауды көтеру
мақсатымен, пластиктен карталарды шығару неғұрлым жетілген және күрделі
технологияны қолданады. Сонымен бiрге пластикалық ка рточкалардың
артықшылығы пластиктің эмбоссиялануға жеңіл берiлетiнi, яғни оны клиентке
берер алдында карточканы персонализациялау өте маңызды.
2. Ақпараттарды карточкаға жазу тәсілі бойынша:
- графикалық жазу;
- эмбоссингілеу;
- шартты белгілер арқылы таңбалау;
- магнит сызығында шартты белгілер арқылы таңбалау;
- микросхемаға жазу;
Басылып шығарылу графикалық бейнелеуді ығыстырмады. Одан қалса,
қағазсыз технологияда негізделген жүйенің пайда болуымен, карта номері және
иесінің аты карточкаға персонализатордық көмегі арқылы графикалық тәсілмен
қайтадан түсіріле бастады. Қазіргі персонализациялық құралдар бірнеше минут
барысында карточка иесінің қолтаңба үлгісін және оның түрлі-түсті
фотографиялық бейнесін пластикке аударуға мүмкіндік береді.
Ақпараттарды шартты-штрих белгілер көмегі арқылы карточкаға жазу,
магниттік сызықтарды жасап шығарылғанға дейін қолданылып келді, және
төлемжүйесінде кеңінен тарая алмады.
Магниттік жазу бүгінгі күнде пластикалық карточкаға ақпаратты түсіру
тәсілінің бірден бір ең кең таралғаны болып табылады. 15-20 жыл өткеннен
кейін, магниттік сызықты ақпаратты айлакерлік тәсіл мен қолданжасаудан
қажетті қорғау деңгейін қамтамасыз ете алмайтындығы белгілі болды. Ал бұл
картаға негізделген банктік төлем жүйесіндегі критикалық кезең болып
табылады. Сол кезде мамандар ақпаратты жазудың неғұрлым сенімді тәсілін
іздей бастады. Оларға чип немесе микросхема болды (ағыл. Chip - интегралдық
схемасы бар кристалл). Чипті бар карточка интелектуалды немесе смарт-карта
деп аталады (ағыл. smart-card).
Смарт-картаның микросхемасында осы картаны жеке топқа бөліп тұратын
логикасы бар. Смарт-картаның микросхемасында персоналды компьютерге ұқсас
есеп айырысу атқаруға қабілетті микрокомпьютері бар. 80 жылдардың басындағы
персоналды компьютерлердің қуатымен салыстырғанда, қазіргі смарт-
карталардың қуатына тепе-тең. Олардың негізгі шығарушылары Gemplus
(Франция), АТ&Т (АҚШ), Bull SP8 (Франция), Data card (АҚШ), Philips ТRТ
(Германия), Solaic Sligos (Франция), Тoshiba (Жапония).
Сол сияқты суперсмарт-карта да бар. Үлгі ретінде Visa жүйесінде
қолданылатын Тoshiba фирмасының көп мақсатты картасы қызмет атқара алады.
Кәдімгі смарт-картаның мүмкіндігіне қосымша онда кішкентай дисплей мен
мәліметтерді еңгізу үшін көмекші клавиатура бар. Бұл карта өзінде несиелік
және дебеттік картаны біріктіреді, және де сағаттық, күнтізбектің,
калькуляторлық, валютаны конвертациясы бойынша есеп айырысуды жузеге
асырады, жазу кітапшасы ретінде қызметін атқарады. Бағасының жоғарлығына
байланысты суперсмарт-карталар бүгінде кеңінен таралмаған, бірақ, оны
қолдануортасы ешқандай күмәнсіз, ұқсас картаның болашағы болуына қарай
өседі.
3. Функционалды белгілері бойынша оларды шартты түрде 2 топқа бөлуге
болады:
- несиелік карталар;
- төлем (дебеттік) карталар;
4. Эмитент бойынша:
- банктер шығаратын, банктік карточкалар;
- қаржылық компанияның карточкалары;
5. Эмитент бағдар алатын, клиентура категориясы бойынша:
- Кәдімгі карточка;
- күміс карточка;
- алтын карточка;
Кәдімгі жәй карточка қатардағы клиентке тағайындалған. Бұл Visa
Classic Mass (standard) EurocardMasterCard.
Күміс карточка сауда-картасы деп аталады (Business Card) және ол жеке
адамдарға емес, ұйымдардың (компаниялардың) тағайындалған қызметкерлеріне
өз компанияның қаржы шегінде және басқа жағдайда шығындануға болады.
Алтын карточка неғұрлым бай, жағдайлы клиенттерге тағайындалған.
Россиялық және қазақстандық тәжірибеде жалақылық карточка бар -
эмитент ұйыммен келісім-шартқа отырады, ал карточканың иесі тұлға адам
ретіндегі оның қызметкері болып табылады.
6. Халықаралық төлем жүйесімен шығарылған карточкалар:
* Visa International
Дәстүрлі өнім карточкаларының қатарына Visa халықаралық төлем
жүйесінің шығарушы банк-мүшелерімен, карточканың келесі түрлері Visa
Plus, Visa Electron, Visa Classic, Visa Gold, Visa Business”
жатады.
Visa Plus - төлем карточкасын тәжірибеде қолдануда әлі жоқ
көпшілік клиенттерге үшін шығарылады.
Plus әлемдік банкоматтар жүйесіне ену үшін рұқсат беретін бұл
дебеттік карточка. Тек бұл ғана емес, картамен барлық Visa
банкоматтарынан қолма-қол ақша алуға болады. Солай етіп, карточка тек қана
қолма-қол ақша алуға мүмкіндік береді. Бұл міндетті авторизацияны білдіреді
және эмитенттің тәуекелдігін минимумға әкеледі.
Visa Electron . Көпшілік қолданылатын қарапайым карточка. Оның
иесі болу үшін сақтық депозит толтырудың қажеті жоқ. Осының арқасында,
практиқалық түрде әрбір адам пайданың деңгейінен тәуелсіз, осы карточканың
иесі бола алады.
Бұл дебеттік карточка ПОС-терминалдық әлемдік жүйесіне енуге рұқсат
беретін, электрондық есеп айырысу үшін арналған (картаны оқуға арналған
арнайы жабдықталған құрылғы) сауда нүктелерінде картамен Visa ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТӨЛЕМ ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ДАМУ ЖОЛДАРЫ
Қазақстан Республикасындағы төлем операцияларының маңызы
Корпоративтік төлем карточкалары
Төлем жіберуші банк
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ТӨЛЕМ ЖҮЙЕСІ ХАЛЫҚ БАНК АҚ МЫСАЛЫНДА ТАЛДАУ
Банкаралық ақша аудару жүйесі
Пластикалық карточкалармен есеп айырысудың түрлері
Банктер арасындағы төлемдер
Институционалдық аспект
Ақша айналысын ұйымдастырудағы төлем карточкаларын қолданудың тиімділігі және оның даму келешегі (ҚР екінші деңгейдегі банктер материалдарында)
Пәндер