Жұмыссыздық мәселесі туралы


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

Кіріспе.

Жұмыссыздық мәселесі адамдарды қор ететіні сөзсіз. Әр қоғамды алаңдатып отыратын - осы. Сонда экономиканың дамуына кедергі болып отырған және оны тежейтін не?- деген сұраққа жауаптардың ішінен бірінші орында болмаса да, бірақ екінші орында жұмыссыздық мәселесі тұратынына ешкім таңқалмас. Жұмыссыз адамнан бақытсыз жан жоқ. Өйткені табыс көзі жоқ адамда не үйі, не киетін киімі, күнделікті тамағы да жоқ екенін көрсетпей ме?

Қоғамымыздың бір бөлігі күн санап дәулеті артып, байи түссе, екіншісі барған сайын сіңірі шығып, кедейленуде. Бар мен жоқты теңестіру үшін не істеу қажет?

Ел экономикасының алға ілгерілеп дамуымен қатар еңбек нарығы да жылдан-жылға дамып, жаңа жұмыс орындары ашылып, жұмыссыздық азайып, халықтың басым бөлігі тұрақты жұмыспен қамтылуда. Бірақ көптеген кәсіпорындарда еңбек шартын бұзу, еңбек заңдылықтарын сақтамау, өздерінің лауазымдық міндеттерін асыра орындау, жұмысшылар мен қызметкерлердің құқықтарын шектеу, олардың әлеуметтік жағдайларына көңіл бөлмеу секілді келеңсіз жайттар орын алуда. Әсіресе, бұл жағдайлар мұнай-газ, құрылыс, тау-кен өндірісі, өнеркәсіп салаларында қызмет ететін шетелдік фирмалар тарапынан көптеп кездеседі. Олар тек еңбекақы дұрыс есептелмеуін былай қойғанда, адам денсаулығына зиян келетін ауыр жұмыстарды қолмен атқаруға, сондай-ақ мөлшерленбеген жұмыс уақытын пайдалануға жол беріп отыр. Себебі, елдегі арзан жұмыс күші және жұмыс орнына деген жұмыссыздар арасындағы қатаң бәсекелестік жағдай жұмысшылардың жұмысынан айырылып қалмау үшін барлық шараларға көнуіне тура келеді.

Мақсаты.

Осыған дейін біз жұмысшылар активті түрде өз еңбегін ұсыну үшін бәсекелеске түседі деген ұйғарыммен шектелгенбіз. Көптеген нарықтарда жұмысшылар өз еңбек қызметтерін провсоюздар арқылы сатады. Провсоюздардың ең негізгі көздейтін экономикалық мақсаты - еңбекақыны жоғарылату

Осы бөлімде мен ҚР-да адамдарды қор ететін жұмыссыздық мәселесін шешуге, оны біршама қысқартуға қандай іс-әрекеттер, шаралар бағдарламалар жақын арада жүзеге асырылатындығына тоқталғым келеді. Қазірде бұл өткір тұрған бірден бір мәселелердің бірі. Жалпы қоғамдағы барлық қиындықтар осы мәселенің негізінде, оның әсерінен туындап отыр десем артық айтылған сөз болмас. Бұл адамдардың баршасын толғандырып отыратын мәселе болып бүгін немесе кеше пайда болған жоқ, қаншама уақыт бойы біз онымен күресудеміз, бірақ бүгін бұл мәселе өз шешімін табатын уақыт та келді.

Республика үкіметі "2000-2002жылдары кедейлікпен және жұмыссыздықпен күрес бағдарламасын" бекіткен болатын. Осы бағдарламаның маңызы өте зор болады, онда көптеген міндеттер талқыланып, қамтылған болатын. Бағдарламадағы мақсаттар мен міндеттерін қарастырайық. Бағдарламаның мақсаты - жұмыспен қамтудың белсенді саясатын жүзеге асыру және негізінен еңбекке жарамсыз кедей азаматарға, сондай-ақ еңбек базарындағы жағдайы осал халыққа атаулы көмек көрсету есебінен кедейліктің ауқымын қысқарту жұмыссыздық деңгейін төмендету болып табылады. Бағдарлама Қазақстандағы әр отбасының кемінде бір мүшесін жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге бағытталған және жұмысы жоқ халықты еңбек етуге ынталандыратын жаңа жұмыс орындарын құруды көздейді. Аталған мақсаттарға байланысты экономикалық өсу негізінде әлеуметтік салада дәйекті реформалар жүргізу жолымен халықтың тұрмыс деңгейін төмендетпей көтеру, әлеуметтік бейімдеу шаралары, халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына экономикалық және әлеуметтік қолдау көрсету негізінде кедейлікпен күрес жүргізу міндеттері де жүзеге асырылу қаралды. Ал жұмыссыздық деңгейін еліміздің тұрақты экономикалық-әлеуметтік дамуына қауіп төндірмейтін деңгейге дейін төмендету міндеті көзделген. Бізде кедей адамдар бар, бірақ, оларды одан әрі кедейлендірмеу үшін, олардың қоғамдық өмірден, қоғамың ішкі өмірінен шеткері қосылмауы үшін оларға жұмыс істеп жүрген басқа адамдар есебінен көмек көрсету керек. Оларға қалай көмек көрсетуге болады? Біріншіден, олар үшін жұмыс орындарын ашу. Екіншіден, жаңа жұмыс орындарын аша отырып, бірте- бірте жалақыны өсіру. Сонымен бірге, жұмыс істегісі келген адамдарға жұмыс іздеп табуға көмек жасамақ. Ол үшін оларға қажетті ақпараттық көмек көрсетуді жолға қоймақшы. Қазіргі кезде адамдардағы нақты біліктілік пен қажет етілетін, яғни сұраным бар біліктілік өзара қабыспай тұр. Міне, осы екеуінің арасын жақындастыру, үйлестіру керек. Ол үшін жұмыссыз жүрген адамдарды қысқа мерзімде курстарда оқытып, қайта дярлау бағдарламасы жасалған. Сондай-ақ шетелдік инвесторлар келген кезде, шетелдік мамандар мен жұмыскерлер көбірек орын алып кетпейтіндей етіп, сол жаңадан ашылған жұмыс орындарына мамандығы мен біліктілігі бар адамдарымызды жұмысқа орналастыра алатындай ішкі еңбек базарын құру қажеті де жоспарланған. Бағдарламада жаңа жұмыс орындарын өнеркәсіпте қаншалықты көбейтуге болатыны, әр саласы бойынша анықталған.

Міндеті.

Еңбек нарығын дамыту, еңбек қатынастары жіне халықты жұмыспен қамту саласында тараптар өздеріне мынадай міндеттемелер қабылдайды:

  1. Жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктердің әрқайсысының заңнамада белгіленген өкілеттіктері шегінде еңбек заңнамасының сақталуын бірлесіп бақылауын қамтамасыз ету;
  2. Келісім қолданылатын кезеңде республикалық, салалық және аумақтық деңгейлерде қызметкерлердің жаппай босап қалуына, жұмыссыздықтың өсуіне, ХЕҰ әдіснамасы бойынша есептелген жұмыссыздық деңгейінің экономикалық белсенді халық санының 9, 0 -%-нанасуына әкеп соғатын. Іс-шаралар жүргізілуіне жол бермеу.
  3. Қазіргі заманғы өндірістер мен жаңа жұмыс орындарын құруға бағдарланған, ғылымды қажетсінетін кәсіпорындарға қолдау көрсету.
  4. Қызметкерлердің конституцялық құқықтары мен еңбек заңнамасын бұзушылықтар жөніндегі мониторингтің халықаралық тәжірибесін зерделеу жөніндегі жұмысты жалғастыру.
  5. Өндірістік саладағы жалақы бойынша берешекті өтеуге ықпал ететін қажетті шараларды қамтамасыз ету.

Ал кәсіподақтардың республикалық бірлестіктері өздеріне мынадай міндеттер қабылдайды:

  1. 2003 жылы Қазақстан Республикасында жалақыны ұйымдастыруды реформалау тұжырымдамасы жобасын әзірлеу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына енгізу.
  2. Жұмыс берушілер мен консультациялар негізінде жеке еңбек және ұжымдық шарттарды жасау практикасын жетілдіру жөнінде ұсынымдар әзірлеуді қамтамасыз ету.
  3. Өндірісте қауіпсіз және салауатты еңбек жағдайын жасау жөніндегі қоғамдық бақылауды қамтамасыз ету. өндірістегі жазатайым оқиғаларды зерттеп-тексеру жүргізуге, оларды жою жөнінде шаралар әзірлеуге қатысу.
  4. Республика аймақтарындағы кәсіпорындар мен ұйымдарда қызметкерлерге, кәсіподақ мүшелеріне тегін консультациялар беру мен құқықтық көмек көрсету.
  1. Еңбекті қорғаумен айналысатын кәсіподақ өкілдерін оқытуды ұйымдастыру, бұл саладағы жұмыстың оң нәтижелерін зерделеу әрі насихаттау.

Обьектісі.

Жұмыссыздықтың деңгейі - жұмыс істегісі келетіндердің жалпы санындағы жұмысты иемденбейтіндер үлесінің статистикалық көрсеткіші. Жұмыссыздықтың деңгейі анықталғанда әр адамды үш категорияның біреуіне кіргізеді: жұмысы бар, жұмыссыз, жұмыс күшіне қосылмайтындар. Адам үй шаруашылығымен, оқумен айналйспай, алдыңғы аптаның көп бөлігін жұмыс істесе, онда ол жұмыспен қамтылды деп есептеледі.

Егер адам жаңа жұмысқа шығуды күту барысында жұмыс істемесе, уақытша жұмыстан шығарылған немесе жұмысты іздеп отырған жағдайларда - жұмыссыз болып есептелінеді. Алдыңғы екі категорияға жатпайтын адамдар (мысалы, студенттер) жұмыс күшінің құрамына жатпайды: олар жұмысты иемденбейді, оны іздемейді және жаңа жұмысқа ауысуды күтпейді.

Үкімет бізді жұмыспен қамтамасыз етуі міндетті, тағы сол сияқты сөздерді көп кездестіреміз. Иә, Кеңес Одағы кезінде мүмкін солай болған шығар, ал қазір заман басқа - нарықтық заман. Бұнда өмірге икемділер ғана көздеген мақсаттарына қол жеткізе алады. Жалпы еңбек етуге ұмтылу мәжбүрліктен емес, қажеттіліктен туындайтын жағдайға ұмтылуы керек. Бұрынғы жүйеде еңбек ету мәжбүрліктен туындағаны белгілі. Еңбек етпеген адам жатып ішер, арамтамақ деп айыпталып, жазаға тартылғанын да білеміз. Ендігі жерде еңбек етуді қажеттіліктен туындатуымыз керек.

Пәні.

Жұмыссыздық - бұл жұмыс істегісі келетін еңбекке жарамды халықтың өндірісте жұмыспен қамтылмауы. Жұмыспен қамтылмау өндірістің тиімділігін арттыруы, сонымен бірге жұмысшы күшінің бір бөлігін жұмыстан босатуға мүмкіндік жасайтын немесе оның құрылымына, сапасына жаңа талаптар қоятын ғылыми-техникалық прогрестің салдары болуы мүмкін.

Жұмыссыздық түрлері:

  1. Жасырын
  2. Фрикциондық
  3. Маусымдық
  4. Құрылымдық
  5. Технологиялық
  6. Циклдық

Гипотеза.

Болжаммен, үстіміздегі жылдың аяғына қарай, Қазақстанда тіркелген жұмыссыздардың саны 250-500 мың адам болуы мүмкін деп күтілуде. Сондықтан, мемлекет дүние жүзінде жинақталған тәжірибеге сүйене отырып, бұл процесті реттеуді үйренуі қажет. Жұмыссыздықтың әлеуметтік және саяси өткірлігін азайту үшін соңғы 30 жыл бойына жұмыссыздарға жәрдем берудің әр түрлерін қолдануда.

2005 жылдың III тоқсанында 15 жас және одан жоғары жастағы экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың саны 7, 6 млн. адамды құрады және өткен тоқсанмен салыстырғанда 61, 4 мың адамға (0, 8%-ға) көбейді. Экономикалық белсенділік деңгейі 71, 8% болып, өткен тоқсанға қарағанда 0, 6 пайыздық тармақта көп, еркектер -77, 1%, әйелдер - 67, 1%. Республика экономикасында осы жылдың III тоқсанында 7 млн. адам жұмыспен қамтылған, бұл өткен тоқсандағыдан 115, 9 мың адамға (1, 7%-ға) көп. Қалалық жерде жұмыспен қамтылғандар үлесі, жұмыспен жалпы қамтылғандардың 55, 8%, ауылда - 44, 2% болды.

2005 жылдың үшінші тоқсанында еңбек нарығының негізгі индикаторлары.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жұмыссыздықты күту
Жалпы жұмыссыздық
Жұмыссыздықты топқа бөліп қарастыру және циклдік, құрылымдық жұмыссыздық
Жұмыссыздық түсінігі және оның түрлері
Қазақстан республикасындаы жұмыссыздыты төмендету мәселесі
Жастардың жұмыссыз қалуы оңай
Жұмыссыздықтың әлеуметтік – экономикалық мәні
Жүмыссыздық туралы жалпы түсінік және оның теориялары
Жастар және жұмыссыздық мәселесі
Жұмыссыздық мәселесі туралы мәлімет
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz