Банк қарыздарын қамтамасыз ету нысандары



Кіріспе
1. Банк қарыздарын қамтамасыз ету нысандары
1.1 Банктің қарыздарының түсінігі және экономикалық ролі
1.2 Корпаративтік клинеттерге берілген несие түрлері және несиелеуге қажетті құжаттар мен несие қабілеттілігін талдау
1.3 Несие беру, қайтару,аудару, несиеге пайыз есептеу кезіндегі бухгалтерлік жазулар мен несиелік қабілетті және тәуекелді бағалаудағы шетел тәжірибесі
2. Казкоммерцбанк және банк қарыздарының қамтамасыз ету нысандарын талдау
2.1 Казкоммерцбанк туралы және оның қарыз қаражатының есебі
2.2 «Халлибуртон Интернэшнл Инк.» компаниясының несие қабілеттілігін талдау
2.3 “Облгаз” АҚ.ның несие қабілеттілігін талдау

Пайдаланған әдибиеттер
Қорытынды
Қосымша
Банк дегеніміз ол «Банк» сөзі «banco» - деген ағылшын тілінен аударғанда «айырбас столы» деген білдіреді. Бұл «айырбас столы» тауарлармен сауда жасалатын алаңдарда құрылады. Сауда мемлекеттер мен қалалардың, жекелеген тұлғарлардың әр түрлі монеталарымен жасалған. Ол уақытта монеталардың бір тұтас жүйесі болмағандықтанолармен сауда – соттық барысында әр түрлі формадағы монеталар кездескен. Банктер пайда болардың алдында ақша – сауда капиталының өкілдері саудагерлердің ақшалай салымдарын қабылдап, оларды әр түрлі елдің ақшаларына айырбастауға маманданып отырған. Уақыт өте келе, айырбастаушылар біртіндеп банкирлерге айналады.
Банктің мәнін талдағанда оның бастапқы атқарған қызметтерін (валюта айырбасы, несие беру, есеп айырысу) жоққа шығаруға болмайды. Жалпы, кез келген құбылыстың мәнін танып білуде, оның қандай операцияларды орындайтыны немесе орындағандынғы туралы сұраққа жауап іздеудің қажеті шамалы, бұл жерде ең бастысы, оның сапасына және басқа институтардан өзара айырмашылығының мән берген дұрыс.
Бұл курстық жұмыс үш бөлімнен тұрады:
Бірінші бөлімінде, Банктік қарыздарының түсінігі оның экономикада атқаратын ролін және қызмет ету аясын туралы жазылған. Сонымен қоса банктік несие туралы айтылған. Бұда несиенің түсінігі мен оның атқаратын жолдары мен кімдерге беріліп, олардың несиелік қабілетін бақылауы туралы жазылған. Сонымен қоса несие берген кезде қажетті құжаттары мен несиелік мониторинг және проблемалық несиемен банктің жұмысытары да жазылған.
Екінші және үшінші бөлімінде АҚ «Казкоммерцбанк»-тың несие беру жұмыстары мен несие алушы тұлғалардың несиелік қабілетін қалай талдайтыныдығын туралы айтылған. Және мысалы реттінде бірнеше ұйымның талдау жұмыстарын көрсетілген. Казкоммерцбанкінің қандай болашағы бар мен оның алдындағы анализдері көрсетілген.
Осы курстық жұмыстың негізгі мақсаты осы банк қарыз және банктің несие туралы толық түсініктеме беріп олардың жұмыстарын толық талдап несиені беруді қалай талдау керек екенін түсіндіру болып табылады және оған қоса «Казкоммерцбанк»-тің қалай жұмыс істейтінін көрсету.
Осы курстық жұмыстың негізгі міндеті, атқарылып жатқан жұмыстардың барлығы ҚР «Банктер және банктік қызмет туралы» заңына сәйкес келуі тиістігі.
Осы айтарлықтай жұмыстың негізгі өзектілігі, банк және банктік несиенің жұмыстарымен танысу мен атқаруын үйрену.
1. Н. Ә. Назарбаев «Бәсеке қабілетті Қазақстан», «Бәсеке қабілетті Қазақстан», «Бәсеке қабілетті экономика» және «Бәсеке қбілетті халық» деген Қазақстан халқына Жолдауы. Егемен қасақсан, 19 наурыз, 2004ж.
2. Қазақстан Республикасының Конституциясы
3. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы» заң күші бар Жарлығы
4. 1 наурыз 2006 жылы Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан халқына арнаған өзінің кезекті Жолдауы//Егемен Қазақситан, 2 наурыз
5. ҚР-сы Президентінің № 1720 «ҚР – ң мемлекеттік басқару жүйесін одан ары жетілдіру туралы» жарлығы
6. Қазақстан Республикасының Президентінің «Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы» заң күші бар Жарлығы
7. «ҚР аумағында төлем құжаттарын пайдалану және қолма – қолсыз төлемдер мен ақшалай аударымдарды жүзеге асыру ережесі» туралы ҚР 2000ж. 25 сәуірде бектілген № 179 қаулысы
8. Программа развития денежно – кредитной политики национального Банка РК 2006-2008
9. Банк аралық статистика бюлитен
10. Международные стандарты финансовой отчетности КМСФО/ Пер.И.Тарусина/ Ред. коллегия:А.С.Бакаев, Л.В. Горбатова, Т.Б. Крылов и др. – М.; 1998 г.
11. Бухгалтерлік есеп шоттарының үлгілік жоспары (Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2007 жылғы 23 мамырдағы №185 бұрығымен бекітілген)
12. Кушербаев Б.П. «Банктер және несие алушылар қарым – қатынастарын реттеу», Қарағанды – 2002
13. Жүнісов Б., МәмбетовҰ., Байжомартов Ү. «Нарықтық экономика негіздері» / Алматы «Экономика»-2000ж /
14. Көшенова Б.А. «Ақша, Несие, Банктер, Валюта қатынастары»
/ Алматы «Экономика»-2000ж /
15. Мәдешев Б. «Нарықтық экономика теориясына кіріспе»
/ Алматы «Экономика»-1998ж /
16. Мақыш С.Б. «Ақша айналысы және несие», Алматы – 2000 ж.
17. Мақыш С.Б. «Ақша айналысы және несие», Алматы 2004ж.
18. Общая теория денег и кредита: Учебник / Под ред. Е.Ф. Жукова-
М.: Банки и биржи, ЮНИТИ, 1998
19. Сейітқасымов Ғ. С. «Ақша, Несие, Банк» /Алматы «Экономика» -2001/
20. Сейткасымов и др. « Ценные бумаги и фондовый рынок»
/Алматы «Экономика» -1998 /
21. Шалгимбаева Г. Н. «Рынок ценных бумаг. Механизмы государственного регулирования» / Алматы Қаржы қаражат-1997/
22. Шаяхметова К.О. «ҚР-ның екінші деңгейлі банктеріндегі шағын және орта бизнесті несиелеу жағдайы», Хабаршы-2005, N 1
23. «Ақша, кредит, банктер» Ғ.С. Сейтқасымов, Алматы, 2006. Коммерциялық банктер операциялары. Авторы: Мақыш С.Б. Алматы 2004ж.
24. Ақша, кредит, банктер. Автор Сейтқасымов Ғ.С. Алматы 2006ж.
25. Банк ісі. Автор: Хамитов Н.Н. Аматы 2006ж.
26. Банктегі бухгалтерлік есеп. Автор Мыржақыпова С.Т.
27. Банк ісі. Автор Мақыш С.Б. Алматы 2007ж.
28. Сейітқасымов Ғ.С. «Ақша Несие Банктер»: Оқулық. – Алматы: «Экономика», 2005.
29. С.Т. Міржақыпов Банктегі бухгалтерлік есеп Алматы: Экономика, 2004ж

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 38 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе
1. Банк қарыздарын қамтамасыз ету нысандары
1.1 Банктің қарыздарының түсінігі және экономикалық ролі
1.2 Корпаративтік клинеттерге берілген несие түрлері және несиелеуге
қажетті құжаттар мен несие қабілеттілігін талдау
1.3 Несие беру, қайтару,аудару, несиеге пайыз есептеу кезіндегі
бухгалтерлік жазулар мен несиелік қабілетті және тәуекелді бағалаудағы
шетел тәжірибесі
2. Казкоммерцбанк және банк қарыздарының қамтамасыз ету нысандарын талдау
2.1 Казкоммерцбанк туралы және оның қарыз қаражатының есебі
2.2 Халлибуртон Интернэшнл Инк. компаниясының несие қабілеттілігін
талдау
2.3 “Облгаз” АҚ-ның несие қабілеттілігін талдау

Пайдаланған әдибиеттер
Қорытынды
Қосымша

Кіріспе

Банк дегеніміз ол Банк сөзі banco - деген ағылшын тілінен
аударғанда айырбас столы деген білдіреді. Бұл айырбас столы тауарлармен
сауда жасалатын алаңдарда құрылады. Сауда мемлекеттер мен қалалардың,
жекелеген тұлғарлардың әр түрлі монеталарымен жасалған. Ол уақытта
монеталардың бір тұтас жүйесі болмағандықтанолармен сауда – соттық
барысында әр түрлі формадағы монеталар кездескен. Банктер пайда болардың
алдында ақша – сауда капиталының өкілдері саудагерлердің ақшалай салымдарын
қабылдап, оларды әр түрлі елдің ақшаларына айырбастауға маманданып отырған.
Уақыт өте келе, айырбастаушылар біртіндеп банкирлерге айналады.
Банктің мәнін талдағанда оның бастапқы атқарған қызметтерін (валюта
айырбасы, несие беру, есеп айырысу) жоққа шығаруға болмайды. Жалпы, кез
келген құбылыстың мәнін танып білуде, оның қандай операцияларды орындайтыны
немесе орындағандынғы туралы сұраққа жауап іздеудің қажеті шамалы, бұл
жерде ең бастысы, оның сапасына және басқа институтардан өзара
айырмашылығының мән берген дұрыс.
Бұл курстық жұмыс үш бөлімнен тұрады:
Бірінші бөлімінде, Банктік қарыздарының түсінігі оның экономикада
атқаратын ролін және қызмет ету аясын туралы жазылған. Сонымен қоса
банктік несие туралы айтылған. Бұда несиенің түсінігі мен оның атқаратын
жолдары мен кімдерге беріліп, олардың несиелік қабілетін бақылауы туралы
жазылған. Сонымен қоса несие берген кезде қажетті құжаттары мен несиелік
мониторинг және проблемалық несиемен банктің жұмысытары да жазылған.
Екінші және үшінші бөлімінде АҚ Казкоммерцбанк-тың несие беру
жұмыстары мен несие алушы тұлғалардың несиелік қабілетін қалай
талдайтыныдығын туралы айтылған. Және мысалы реттінде бірнеше ұйымның
талдау жұмыстарын көрсетілген. Казкоммерцбанкінің қандай болашағы бар мен
оның алдындағы анализдері көрсетілген.
Осы курстық жұмыстың негізгі мақсаты осы банк қарыз және банктің несие
туралы толық түсініктеме беріп олардың жұмыстарын толық талдап несиені
беруді қалай талдау керек екенін түсіндіру болып табылады және оған қоса
Казкоммерцбанк-тің қалай жұмыс істейтінін көрсету.
Осы курстық жұмыстың негізгі міндеті, атқарылып жатқан жұмыстардың
барлығы ҚР Банктер және банктік қызмет туралы заңына сәйкес келуі
тиістігі.
Осы айтарлықтай жұмыстың негізгі өзектілігі, банк және банктік несиенің
жұмыстарымен танысу мен атқаруын үйрену.

1 Банк қарыздарын қамтамасыз ету нысандары
1.1 Банктік қарыздарының түсінігі және экономикалық ролі

Нарықтық экономикаға көшу – ұзақ, күрделі және қайшылықты жол. Әлемдік
тәжірбие көрсетіп отырғандай, ежелден қалыптасып қалған шаруашылық жүйесін
түбірінен қайта құруға байланысты әлеуметтік-экономикалық шаралар соңы
өндіріс дәрежесінің анағұрлым төмендеуімен, демек тұтынудың құлдырауымен
қатар жүретіндігін өмір көрсетіп отыр. Бұл заңдылық экономиканы қайта
құрудың стратегиясы мен тактикасын сенімді болжап, экономикалық саясаттың
ықпалды да тиімді жолдарын таңдай білуді талап етеді.
Қаралып отырған тақырып, бүгінгі күннің бірден-бір ең маңызды
мәселеоерінің бірі. Бұл тақырыптың маңыздылығы Қазақстан Президентінің
“Қазақстан - 2030” бағдаламасынан шығады: Соңғы 5 жыл ішінде біздің
экономикалық стратегиямыз макроэкономикадағы жетістіктердің тұрақтылығын
қамтумен болды. Бұл қатаң монетарлық және несиелік саясатты тікелей түрде
жүргізу деген мағынаны білдіреді
Қарыз ресми мәртібесі бар банктерге, мерзім, төлеу және қайтару
шарттарын қарастыратын коммерциялық келсімшарт негізінде кредиті төлеу
қабілеті бар ұйымдарға беріледі.
Банктің қарызы – бұл бактің клиентке соманы белгілі бір мерзімге сыйақы
төлеумен ұсынумен және бөлісуі.
Бактен қарыз алу – қарыз беруші жақ қарыз алушы жаққа белгілі бір
кезеңде қайтару шартымен ақша немесе материалдық қорды келсімшарт бойынша
қарызға береді.
Бактың қызметіне ұйымдар мен елдерді несиелеу бұл негізгі салтына
кіреді. Бекерден Банктерді Неселеу ұйымы деп екінші атын атайды. Осы
активдың көбірек үлесі осы несие операциясынан құралады. Казахстан әр
Банкінің орташа есептегенде 72 пайызы осы несие түрінен қаражатынан
құралады. Және осыдан Банктің 85 пайызы пайдасы осы несиенің қарызын
өтеуден құралады. Банктің қаражат алумен қатар несие беру үшін өздері
қарызға алады, сондықтан екінші деңгейлі банктің 80 пайызы шығындары осы
депазиттің сияқысын мен қарызынын өтеуден құралады.
Банктік қарыз, класикалық түрде түрлендіруге байланысты мағынасына
қарай көпке тұрлендіруге болады:
1. Қарыз беруші бойынша: орталықтандырылған, бюджеттік, банктік,
банктен тыс қаржылық мекемелер, коммериялық және сыртық
мемлекеттер
2. Қарзы алушылар бойынша.
- несиелік қаржы институттар – әкімшіліктерге (Минфин), бюджеттен тыс
қорлар, банктерге,банктен тыс қаржылық мекемелерге
- Барлық өспелі экономикалық тармақтарындағы меншік түрлері -
өндірістік, ауыл – шаруашылық, сауда және т.б.
- Жеке меншіктік кәсіпкерлер (предприниматели) (заңды тұлғалық
білімсіз жүзеге асыратын кәсіпорындар)
3. Банктің неселеу мерзіміне байланысты
- қысқа мерзімді
- ұзақ мерзімі
- орта мерзімді
4. Орындалуының мінезі мен мақсатына қарай: незгі қордың несесіне,
қайтарма капиталдың несиесі.
5. Қамтамасыз түріне байланысты ерекшелендіру:
- Қамтамасыздандыру: тұрақсыз, гарантық, мүлікті залоққа қою бойынша

- Сақтандырылуы
- Қамтамасыздандырылмайтын: бланктер (сенімділік)
- Валютаға байланысты берілуі: тенгемен немесе шетелдік валютамен
- Қамтамасыздандыру шарты бойынша:
8. Неселеу обектісі бойынша:
Банктен тыс мекемелерден берілстін қарыз мыналар бойынша
айырықшаланады:
• Өтемақылық – шетелдік валюта қарызын отандық валюта қарызына
айырбастау;
• Тіркелген – тіркелген уақыт кезеңіне, тіркелген процент.
• Бактің қарыз түрлері:
• Қысқа мерзімді – бір жылға дейін, бірақ екі жылдан көп болмауы
керек;
• Орта мерзімді – бір жылдан үш жылға дейін;
• Ұзақ мерзімді – үш жылдан жоғары.
Орташа мерзімді және ұзақ мерзімді қарыздар өндірістік және кәсіпорының
әлуметтік даму мақсаттарына пайдаланыды.
Кредиттеу түрлері:
- Аванстық – дайындаушы ұйымдарға беріледі
- Бланктік (сенімгерлік) – қаржысы тұрақты субъектіге, сенімді
төлеушіге толық сеніп беріледі
- Консорциумдық (синдицированный) – бірлестірілген кредит – бір қарыз
алушының (бактердің синдикаты мен консорциумы) екі немесе одан да
көп бакілерне аса ірі мақсатты бағдарламаны неселеу (бір бактің
қаражат жетпеген жағдайда) үшін беріледі;
- Ипотекалық – мүлік (жылжымайтын мүлік) кепілдігімен берілетін ұзақ
мерзімді несие
- Овердрафт – нәтижесінде дебеттік сальдо пайда болатын бактегі клиент
шотынан (шоттағы қалған бөлікті) қаражатты есептен шығарып тастау
арқылы жүзеге асырылатын қысқа мерзімді кредиттеу түрі
- Кредиттік желі (жаңартпалы кредит) – міндеттемесі заңмен ресімделген
бактің қарыз алушыға өзінің алғашқы талап етуі бойынша немесе ең
аз деңгейдегі нақты төлем шегінде кредитті кезең ішінде беру
- Тұтынушы мақсаттарына арналған кредит (қызметкерлерге берілетін
кредит) кредитке алынатын тауарлармен; басқа да жеке қажеттіліктерге
(шаруашылық құруға, мал, құс өсіруге және т.б.)
- Стэнд-бай – Халықаралық валюта қорының елдерге ұсынатын кредиті.
Бактің қарыз есебі Қарыз бөлімшелер шотында жүзеге асырылады.

1 кесте. Бактің қарыз есебінің жіктемесі
№ Шаруашылық Дебет Кредит
операциаларының мазмұны
1 2 3 4
Банк мекемелеріне Ағымдық шоттағы ақша, Банк қарызы
1 кредитті алуда есеп Шетелдік валютадағы
айырысу (валюталық) ағымдық шоттағы ақша
шотынан есепке жатқызу
2 Бактің кредиті есебінен Төлеу шоты Банк қарызы
алынған
тауарлық-материалдық қор
(жұмыс, қызмет) үшін
төлеу
3 Аккредитивке, чек Аккредитивтердегі Банк қарызы
кітапшасына есепке ақша, Чек
алынған қаражат. кітапшасындағы ақша
4 Банк несие үшін Сыйақы түріндегі шығынТөлемге сыйақы
есептелген процент
5 Проценттерді төлеу Төлеген сыйақы Ағымдық шоттағы
ақша
6 Мерзімі ұзартылған несиеБак қарызы Мерзімі
ұзартылған қарыз
7 Несиені қайтару Банк қарызы Ағымдағы шоттағы
ақша, Шетелдік
валютадағы ағымдық
шоттағы ақша
8 Есептік кезеңнің соңындаТабыс жиыны Сыйақы түріндегі
табыс жиынын пайыз шығындар
бойынша кеміту
шығындарые есептен
шығару
Қызметкерлерге арналған кредиттер
1 Қызметкерлерге несиеден Қызметкерлер мен басқа Кассадағы ұлттық
берілген сомаға тұлғалардың берешегі валюта түріндегі
қолма-қол ақшалар
2 Қызметкерлердің несиесінКассадағы ұлттық валютаҚызметкерлер мен
жабу түріндегі қолма-қол басқа тұлғалардың
ақшалар, Еңбекақы берешегі
бойынша қызметкерлермен
есеп айырысу
3 Ұйым жапқан сомаға Жалпы және әкімшілік Қызметкерлер мен
шығындар (салық салуданбасқа тұлғалардың
кейін) берешегі
4 Жеке табыс салығын ұстауЕңбекақы бойынша Жеке табыс
жүзеге асырылады қызметкермен есеп салығы
айырысу
Банктегі бухгалтерлік есеп. Автор Мыржақыпова С.Т.

Салықтар туралы және бюджетке міндетті басқа төлемдер кодексінің 151-
бабы, 4-тармағы сәйкес оның қызметіне қатысы жоқ қызметкердің шығынын
жабуға жұмсайтын жұмыс берушінің шығыны (қызметкердін жұмыс берушіге борыш
немесе міндеттеме сомасы есептен шығарылады) қызметкердің материалдық пайда
түрлеріндегі табысы болып табылады және оған Салық кодексінің 145-бабындағы
мөлшерлеме бойынша жеке салығы саналады.
Банк — нарықтық экономиканың ең маңызды әрi ажырамайтын құрылымы.
Банктер мен ақша-тауар қатынасы тарихи тұргыда қатар (параллель) дамып, бiр-
бiрiмен тыгыз байланыста болды. Банктер басқарудың барлық деңгейiндегi
халық шаруашылыгымен күн сайын тiкелей байланысты. Банктер арқылы ұдайы
өндiрiс процесiне қатысушылардың экономикалық мүдделерi қанагаттандырылып
отырды. Бұл арада банктер қаржы делдалдары ретiнде халықтың жинақ ақшасын,
шаруашылық органдардың капиталын және басқа да шаруашылық процесiнен
босаган еркiн ақшалай қаражатты тартып, оларды қарыз алушыларга уақытша
пайдалануы үшiн бердi, бұл қаражатпен ақшалай есеп айырысуды жүргізді,
экономикага басқа да көптеген қызмет түрлерiн көрсеттi. Банктерге
шоғырландырылған қаражат өндiрiстiң тиiмдiлiгiн арттыруга және қоғамдық
өнімдердiң айналысқа түсуiне тiкелей ықпалын тигiздi.
Банк стратегиясы көшбасындағы банк пен қаржы қызметтерінің провайдері
позициясын сақтап қалу, өсім мен операциялық тиімділік арқылы пайданы
ұлғайту. Осы стратегияны жүзеге асырудағы  Банк ұстанымы.  
Банк стратегиясы өзіне көшбасшы банк позициясын және қаржылық қызметтер
провайдері (жеткізушісі) позициясын ұстануды кіргізеді.
Банктер нарықтық экономикада ең басты қаржылық делдалдар болып
табылады. Өз қызметiнiң процесiнде олар ақша нарығында тауарга айналатын
жаңа талаптар мен мiндеттемелердi тудырады. Мәселен, Банктер клиенттердiң
салым ақшаларын қабылдай отырып, жаңа мiндеттеменi — депозиттi құрады, ал
жаңа талаптың ссудасын қарыз алушыга бередi.
Жаңа мiндеттеменi және жаңа талапты тудыратын бұл процесс қаржылық
делдалдың негiзiн құрайды. Қаржы ресурстарының несие берушiден қарыз
алушыга қозгалысы, орналасуы, ағылуы және осылармен байланысты болатын
қаржы институттарынның қызметi қаржылық делдал деп аталады.
Банктер ақшалай капиталды әр түрлi көздерден шоғырландыра отырып,
ақшалай қаражаттың жалпылама пұлын қалыптастырады әрi оларды қолданысқа
түсетiн капиталға айналдырады және шарттары әр қилы несиелер талабын
қанагаттандырады.
Банктер нарықтық экономикада монополистерге айналып, барлық
қаржылық капиталдарга ие болады. Олар делдалдық қызметтiң негiзiнен шыгып,
ұдайы өндiрiстің барлық фазасының салаларына дендей енедi. Несие жүйесi
сыйқырлы күшке ие және ең қатерлi жолмен нақты өндiрiске араласуы
ықтимал. Басқа тұста К.Маркс Сауда мен өнеркәсiпке үстемдiгiн жүргiзетiн
агылшын банкiсi секiлдi мекеменiң орасан зор билiгiне назар аударады.
Банктер шаруашылық өмiрдiң орталыгына, барлық экономиканың ең басты жүйке
торабына айналды.
Банк жүйесінің мақсаттары мен мiндеттерi негiзiнен тұтас
экономиканы басқарудың мақсаттары мен мiндеттерiне ұқсас. Алайда, банктер
басқарудың қосалқы жүйесi ретiнде экономиканы баскарудың жалпы мақсаттарына
қол жеткiзудi қамтамасыз ететiн өзiндiк ерекшелiгі бар жеке мiндеттердi
орындайды. Банктердiң рөлi экономиканы басқарудың органы ретiнде өздерiнiң
қызметтерiн орындау процесiнде және банк iсiн ұйымдастырудың жалпы
принциптерi сақталғанда анықталады.
Банктердің несиелік операциялары, банктердің және клиенттің
өзара қатынастары, қарыз берудің барлық шарттары реттерліп жасалған
несиелік келісімшарттар негізінде жүзеге асырылады. Несиелік келісімшарттың
шарттары коммерциялық банкпен жүргізілетін несиелік саясаттың әрбір нақты
сәтіне байланысты. Несиелік саясаттың құрамдас бөлігі болып пайыздық саясат
болып табылады.
Лизингтік операциялар. Лизинг ағылшын тілінен аударғанда жалға
беру деген ұғымды білдіреді. Лизингтік операция деп ұзақ мерзімді
пайдаланатын заттарды (ғимарат, машина, ұшақ, автомобиль, компьютерлерді)
жалға беру.
Лизинг бірнеше қызмет атқарады. Біріншіден, ол негізгі қорларға
ақша жұмсау, яғни қаржыландыру формасы. Лизинг алушының өз қаражаттарын бір
уақыттық жұмылдыруынсыз, немесе тартылған қаражатсыз өзіне керекті мүлікті
пайдалануға мүмкіндігі болады. Ол мүліктің құнын бір жолғы төлеуден
босатылады. Екіншіден, бұл өндірісті жаңа құрал – жабдықпен, алдыңғы
техникамен материалдық – техникалық қамтамасыз етудің анағұрлым прогресивті
формасы. Лизинг түрлері әр түрлі:
1. Жедел лизинг анағұрлым қысқа мерзімге беріледі. Оның объектісі
болып моральдық төзу қарқыны өте жоғары машиналар мен құрал – жабдықтар.
2.Қаржылық лизинг анағұрлым ұзақ мерзімге беріледі. Ол мерзім
машиналар мен құрал – жабдықтардың амортизациялық тозу мерзімімен сәйкес
келеді. Бұл жерде мәміле аяқталмай, күшін тоқтата алмайды. Онда мүлікті
лизинг алушымен сатып алыну мүмкіндігі көрсетілген.
Қалдық құны бойынша лизинг пайдалануда болған құрал жабдықтарды
жалға беру. Сондықтан лизинг объектісі бастапқы құнымен емес, қалдық құны
бойынша бағаланады.
Факторингтік операциялар – клиентпен төленбеген қарыздық талаптар
бойынша төлемді талап ету құқын басқаға беру. Факторингтің мәні – банктер
өз клиенттерінен төлем құжаттарды пайыздық ақы үшін сатып алу. Бұндай
мәміле келісімшартпен жүзеге асады. Ол келісімшартта сатып алынған қарыздың
сомасы және пайыз көрсетіледі. Бұл пайыз көрсетілген қызмет үшін қарыздың
қандай мөлшері алынатынын көрсетеді.
Халықаралық факторинг туралы Конвенцияға сәйкес, келесідей төрт
белгі қанағаттандырылғанда ғана факторинг операциясы болып саналады.
- қарыздық талаптарды алдын ала төлеу формасында несиелеудің болуында;

- жабдықтаушымен бухгалтерлік есеп жүргізу мен өткізу есебінен;
- жабдықтаушы қарызын инкассалау;
- несиелік тәуекелден жабдықтаушыны сақтандыру;
Факторингтік келісімнің бірнеше типі бар. Толық қызмет ету туралы
келісім әдетте факторингтік компания мен жабдықтаушы тұрақты, ұзақ
қатынаста болатын болса, қолданылады. Толық қызмет ету мыналарды қамтиды:
күмәнді қарыздардың пайда болуынан толық қорғау, несиені басқару, сатуды
есептеу, белгілі бір мерзімге төлем формасындағы несиелеу.
Регистік құқы бар толық қызмет етудің алдыңғысынан айырмашылығы –
факторингтік компания жабдықтауды көрсететін несиелік тәуекелді
сақтандырмайды. Бұның мәні компания егер төлем құжаттары төленбесе, оларды
жабдықтаушыға қайтарып бере алады.Банктiк несие – бұл банктiк мекемелерден
қарыз алушыларға ақшалай түрде берiлетiн несиенi бiлдiредi. Банктiк несие –
бұл экономикадағы кеңiнен тараған несиелiк қатынастардың формасы болып
табылады. Банктiк несие бойынша несиелiк қатынастардың құралына несиелiк
шарт немесе несиелiк келiсiм жатады. Банктiк несиеде несие берушi: банк
және арнайы қаржы мекемелерi болса, ал қарыз алушылар ретiнде:
кәсiпкерлiкпен немесе бизнеспен шұғылданатын қаржы ресурстарына деген
сұранысы бар кез келген заңды ұйым болып табылады. Мұндағы қарыз берушiнiң
басты мақсаты – пайыз түрiнде табыс алу.
Коммерциялық несиенiң банктiк несиеден айырмашылығы келесiдей:
• Қарыз берушi ролiнде банктiк мекемелер емес, яғни тауар немесе
қызметтi сатумен айналысатын кез келген заңды тұлға бола алады;
• Коммерциялық несие тек қана тауар формасында берiледi;
• Қарыз капиталы өнеркәсiптiк немесе сауда капиталымен байланысты;
• Коммерциялық несиенiң орташы құны сол кезендегi банктiк пайыз
мөлшерлерiмен салыстырғанда төмен болады;
• Қарыз берушi мен қарыз алушы арасындағы несиелiк мәселенiң заңды
түрде рәсiмделуi барысында, бұл несие үшiн төленетiн ақы тауар
бағасының құнына қосылады.

1.2 Корпаративтік клинеттерге берілген несие түрлері және несиелеуге
қажетті құжаттар мен ұйымның несие қабілеттін талдау

Банктердің несиелік қызметтерінің маңызды бағыттарының біріне
корпаративтік клинеттерді несиелеу жатады.
Корпаративтік клинет – қызмет көрсетуде ерекше басымдылықтарды
иеленетін және даму барсында ынтымақтасуға болатын банк клиенті.
Корпаративтік клиент деп материалдық өндіріс саласының өнім шығаратын
және қызмет көрсететін кез келген кәсіпорындарын түсінуге болады.
Корпаративтік клиенттерге акционерлік қоғамдар, жеке компаниялармен
фирмалар, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер, шаруа қожалықтары,
бірлескен кәсіпорныдар жатады.
Корпаративтік клиентерді несиелеу – банктік мекемелерден өзге заңды
тұлға болып табылатын банктің клинеттеріне несие беруді білдіреді.
Корпаративтік клиенттерді несиелеу мынадай екі қызмет атқарады:
- Макроэкономикалық – елдің экономикасын инвестициялауға арналған
ақшалай ресурстарды жұмылдыру
- Микроэкономикалық – банктердің табыстылығы мен тұрақтылығын арттыруға
ықпал ететін негізгі табыстарды алу.
Корпаративтік клинеттерге берілетін несиелерге мыналар жатады:
Овердрафт (ағылшын overdraft – жоспарда жоғары) – клиенттің ағымдық
шотындағы қаражат қалдығынан төлейтін төлемдер сомасы жоғары болған
жағдайда банктің беретін қысқа мерзімді несиесінің ерекше формасы. Мұндай
жағдайда клиенттің шотынан қаражатты толық көлемінде шегеріп тастап, банк,
шоттағы қалдықтан асатын сомада клиентке автаматы түрде несие береді.
Овердрафт нәтижесінде, бухгалтерлік тілмен айтқанда банкте дебиттік
қалдық түзіледі. Овердрафт келсімшарт бойынша банктің сенімді клиенттері
ғана пайдалана алады, ол келсім шартта овердрафтың ең жоғарғы сомасы,
овердрафт бойынша несие беру және оны қайтару шарты көрсетіледі.
Овердрафтың басқа қарыздардан ерекшелігі, несиенің қатарудағы барлық
сома клиенттің ағымдық шотында есепке алынады.
Лизингтік несие – банк клиеттерінің құрал – жабдықтарды және техниканы
жалға алумен байланысты берілетін несие.
Маусымдық несие – жабдықтаушының қаржыландыру уақыты мен түсімді алу
мерзімі арасындағы уақыт бойынша алшақтықты жабуға арналған несие.
Маусымдық несие көбіне ауыл шаруашылығы өндірушілеріне егін салып одан
табыс алғанға дейінгі шығынды жабу мақсатында беріледі.
Сенім несиесі – банк сеніміне кірген, төлем қабілеті жоғары
корпаративтік клиентерге берілетін несие.
Мұндай несиелер қамтамасыз етусіз беріледі.
Кансорциалдық несие – ірі жобаларды несиелеу мақсатында банктердің
өзара қосылып беретін несиелері.
Мұндай несиелер негіщзінен ірі жобаларды несиелеуде бір банктің
несиелеу шегінен асқан жағдайда қолданылуы мүмкін.
Инвестициялық несиелеу – жаңа өндіріс орын ашуға, өндірісті қайта ашуға
және кеңейтуге арналған ұзақ мерзімді несие.
Иновациялық несие – банк клиентерінің өндіріске озық технологияларды
немес нау-хауды игерумен байланысты берілетін ұзақ мерзімді несие.
Вексельді несие – банктің сенімді клиентеріне вексель формасында
берілетін қысқа мерзімді несиесі. Мұндай вексельдерді банктер шығарады және
олардың наминалдық құны болады, сондай-ақ олардық бағасы жәй банктік
несиеге қарағанда біршама арзан.
Рамбурсстық несие – шикізаттарды ішке алып кіру және жартылай фабрикат
және дайын өнімдерді сыптқа шығару тәжірибесінде пайдаланылатын несие.
Контокорренттік несие – клиенттің барлық түсімдері мен төлемдері есепке
алынатын банктегі бірыңғай ағымдық шоты бар, өзінің тұрақты клиентеріне
банктің беретін несиесі.
Ломбарттық несие – тауарлы-материалдық құндылықтар мен мүліктік
құқықтарды, бағалы металдарды, бағалы қағаздарды және т.б. кепілге ала
отырып қысқа мерзімде несие берушінің қатаң тіркелген сомада беретін
несиесі.
Форфеитингтікі несие - сыртқы сауда аперацияларында қолданылатын
коммерциялық вексельді сатып алу жолының экспортерлерді немесе сатушыларды
қысқа мерзімді (180 күнге дейінгі) несиелеу нысаны. Банк (Форфеитор)
экспортерден (сатушыдан) сатқан тауары үшін импортерден (сатып алушының)
берген ақша міндеттемесін (векселін) сатып алуы арқылы экспортердің сатқан
тауарының құнын толық немесе жартылай төлейді. Кейінен импортер (сатып
алушы) форфейтордың көрсеткен міндеттемесін бойынша ақшалай соманы оған
төлейді. Тез арада төлегені үшін форфейтор – банк экспортерден пайыз ұстап
қалады.
Факторингтік несие – жабдықтаушының немесе банк клиентінің жабдықтаған
тауары мен көрсеткен қызметтері үшін төленбеген төлем талабын (шот-
фактурасын) банкке сатумен байланысты несиелік операция.
Экспорттық несие – экспортты қолдау құралы ретінде өнімді сатуды
қаржыландыру мақсатында сатып алушыға немесе оның банкіне берген несие.
Фирмалық экспорттық несие экспортер тарапынан беріледі де банктен
қаржыландырмайды. Банктік экспорттық несие банктен шетелдік сатып
алушыларға тікелей беріледі.
Несиелік желі – келсілген лимит шегіндегі белгілі бір уақыт ішіндегі
қарыз алушыға несие беріп отыруға несиелік мекеменің оған берген заңды
түрде рәсімделген міндеттемесі.
Ашылған несиелік желі арқылы несиенің есебінен банк пен қарыз алушының
арасында жасалынған несиелік келсімшартқа сәйкес, кез келген есеп айырысу
құжаттарын төлеуге болады. Несиелік желі көбіне бір жылға ғана ашылады,
бірақ кейде одан да қысқа мерзімге ашылуы мүмкін. Клиент банкте несиелік
желі мерзімінің кез келген уақытында қосымша келі сөзден жүргізбей – ақ
және еш қандай бланк толтырусыз несие алады, бірақ банк қарыз алушының
қаржылық жағдайының нашарлағаның байқап қойса, бектілген шек көлемінде
несие беруге келіспеу құқығы сақталады. Бектілгенне тәртіп бойынша несиелік
желі тұрақты қаржылық жағдайы және жақсы ресурстары бар клиентерге
ашылады. Клиенттің өтініші бойынша несиелеу шегі қайта қаралуы да мүмкін.
Несиелік желінің жаңатылатын және жаңартылмайтын түрлері болады.
Жаңартылмайтын несиелік желі ашқан жағдайда несиені беріп және оның
өтегенен кейін банк пен клиент арасындағы қарым – қатынас аяқталады.
Жаңартылатын несиелік желі барсында несие автаматты түрде қарыздың
белгіленген лемит шегінде беріледі және өтеледі. Несиелік желі, сол сияқты,
мақсатты да болуы мүмкін. Мұндай мақсаты несиелік желі клиентің бір
контаркт төңгірегінде белгілі бір тауарлардың жабдықтаудың төлеуі үшін
ашылады.
Жоғарда аталған несиелерді банктер корпаративтік несиелеу
тәжірибесінде кеңінен қолданылуда.
Корпаративтік клиентерді несиелеуге қажетті құжаттар
Корпаративтік клиентерді несиелеуге қажетті құжаттар жинау несиелеу
үрдісінің 1 – кезеңінде жүзеге асады. Бұл кезеңінде клиент банк несие
менеджермен сұхбаттасып, кеңес ағының және неселеу шартымен толық келіскен
жағдайда банктің жасаған формасында құжатты немес құжатсыз түрінде несие
алу үшін өтініш және сауалнаманы толтырады және несие алуға қажетті
құжаттарды жинақтап банкке тапсырады. Қажет құжаттардың тізімін несие
менеджері клиентке тапсырады. Клиентердің әр түрлі құжаттар пакеті әзірлену
мүмкін.
Жалпы банкке тапсыратын клиенттің құжаттары 2 топқа бөлінеді: несиелік
сараптама және заңи сараптамаға арналған құжаттар.
Клиентердің әр түрлі топтары үшін әр түрлі құжаттар пакеті әзірленуі
мүмкін. Мысалы ретіндегі құжаттар пакетінің құрамына жататындар:
- Құрылтайшылық құжаттардың, жарғының, жалға алу шарттарының, тіркелген
куәліктерінің немес патенттерінің, жерді пайдалану құқығын
куәландыратын құжаттардың нотариалды түрде куәландырған көшірмесі,
- Кәсіпорын басшысының немесе кәсіпорын атынан несие алуға сенім
білдірген тұлғаның төл құжаты және клиенттің несие алуға құқығын
растайтын дасқа да құжаттардың көшірмелері,
- Қаржылық есебі, яғыни соңғы екі жылдық қарыз алушының балансы,
қаржылық қызметінің есебі, ақша қаражаттарының қозғалысының есебі,
- Несиеленетін шаралардың рентабельдік деңгейін және оның қайтарылуы
мерзімін сипаттайтын технологиялық – экономикалық есебі,
- Несиеленетін мәмілелерді растайтын келсім шарттар көшірмелері
(материалдық бағалықтарды жабдықтауға және сатуға арналған шарттар,
тауарлы-материалдық бағалықтар шотының көшірмелері және т.с.с)
- Алашақ және берешек қарыздар туралы құжат (қарыздарының пайда болу
себебі мен мерзімі және оны өтеу мерзімдері көрсетілуге тиіс)
- Басқа банктерден алынған несиелер туралы мәліметтер (шоттар бойынша
көшірме)
- Қамтамасыз ету мақсатында кепілге берілген мүлікке қарыз алушының
меншік құқығын растайтын құжаттар
- Несиені растауға байланысты міндеттемені куәландыратын құжаттар
- Қызметін жаңадан бастаған, яғни қаржылық есептер және басқа да
құжаттары жоқ кәсіпорынның бизнес жоспары.
Қажет жағдайларды банк қарыз алушыдан несиені қайтару қамтамасыз ететін
басқа да құжаттар мен мәліметтерді талап ете алады. Сонымен қатар – банкпен
тұрақты несиелік қатынаста болатын қарыз алушылар үшін кейбір құжаттар
тізімі басқару мүмкін.
Қарыз алушы банкке несие алуға өтініш жасаған уақыта, банк несиелеудегі
оның мүмкіндігін алатын ала бағалау үшін сауалнама толтыруы мүмкін. Онда:
фирманың жетекшісі мен қарыз алушының аты – жөні; қызметі және меншік
түрі; клиенттің заңды мекен жайы; ағымдық және валюталық шот ашқан банктің
аты және реквизиттері; негізгі құрайтышылары; ол сұрайтын несиенің мақсаты;
сомасы және мерзімі; соңғы есептік күнге берілген баланс құрлымы және
басқа да көрсеткіштер.
Қарыз алушының несиелік қабілетін бағалауда мынадай ақпарат көздерінің
маңызы зор:
• Өтініш жасаушымен тікелей сұхбаттасу, яғни банк қызметукері ссуда
алуға өтініш жасау себептерін біле отырып, өтініш банктің несиелік
саясатынан туындайтын талаптарына жауап беретіндігіне мән береді.
Қарыз алушының тарихы, өнімнің және көрсететін қызметінің сипаты,
шикізат көздері, жұмыскерлерінің біліктілігі туралы ақпараттар
жинайды. Бұл ақпараттар басқа жолдармен тексеріледі;
• Клиенттерінің несиелік қабілеті, олардың өткен уақыттардағы
несиелерге қатынасы, шоттардағы қалдықтары және т.б. туралы
ақпараттардан тұратын банк картотекасын жүргізу;
• Орнында инспекция жүргізу;
• Қаржылық есебін талдау;
• Басқа банктермен контракт арқылы, қарыз алушының жабдықтаушылары
арқылы, салық инспекциялары арқылы сырттай ақпарат көздері.
Шетелде клиенттердің несиелік қабілеті туралы ақпараттар жинауға
маманданған және оны беретін арнайы фирмалар немесе агенттіктер бар.
Қазіргі уақытта дамыған елдерде, банктерге келсімшарт негізіндегі қызмет
көрсететін сондай бірнеше тәуелсіз ұйымдар жұмыс жасайды. Банктер әлі де
болса несиелік қабілетті талдауда тек қана клиенттердің берген құжаттарын
пайдаланумен шектеледі.
Қарыз алушы кәсіпорының несиелік қабілетін талдау. Қарыз алушының
несиелік қабілетін бағалау оның қаржылық жағдайына баға беруді сипаттайды.
Қаржылық жағдайына баға беруде клиенттің қаржылық құжаттары қолданылады.
Қарыз алушының қаржылық жағдайы оның мынадай төлем қабілетінен
байланысты:
1. Шаруашылық шарттарына сәйкес төлем талаптарын уақтылы қанағаттандыру
2. Несиені қайтару
3. Жұмыскерлер мен қызметкерлерге жалақы төлеу
4. Бюджетке төлемдерді және салықтарды төлеу.
Қарыз алушының қаржылық жағдайы жақсы болса, ол барлық міндеттемелері
бойынша есеп айырыса алады.
Қарыз алушының несиелік қабілетін банктік талдау шектеулі және кең
келемде жасалады. Қарыз алушының несиелік қабілетін талдау үшін оның
тиімділігін, төлем қабілеттілігін, шаруашылық-қаржылық қызметін жан-жақты
бағалауға мүмкіндік беретін көрсеткіштер жүйесін ұсынатын көптеген
әдістемелер қолданылады.
Кәсіпорының қаржы – экономикалық жағдайын талдау үшін негізгі көздер
ретінде Қаржы министрлігі бекіткен келесідей жылдық бухгалтерлік есеп
формалары қызмет етеді: кәсіпорын балансы (1 форма); Қаржы нәтижелері
және оларды пайдалану туралы есебі (2 форма); Кәсіпорын баланысына қосымша
бет (3 форма); сондай-ақ ҚР Статистикалық есеп формасы Кәсіпорынның
қаржылық қызметінің негізгі көрсеткіштері туралы есебі (1-форма-мерзімді-
тоқсандық формалары) және Кәсіпорынның өнімінің кеткен шығындары туралы
есебі (5-3 – мерзімді – тоқсандық – жылдық - формалары).
Отандық банктік тәжірибеде қарыз алушының компаниялардың несиелік
қабілетін бағалауда мынадай қаржылық коффиценттердің төрт тобы пайданылады:

- Өтімділік коэфициенті;
- Қаражат көздерін тиімді басқаруда талдауға арналған қаржылық
тәуекелділік коэффициенттер;
- Компанияның ресурстарын пайдалану тиімділігін талдауға арналған
айналымдылық коэффиценттер;
- Пайдалылық коэффиценттер.
Осы корсеткіштердің есептелу алгоритіміне тоқталайық.
1. Өтімділік коэффиценті.
Өтімділік коэффицентінің өзі екі коэффицент көмегімен анықталады:
- Ағымдағы өтімділік коэффиценті
- Тез өтімділік коэффиценті

Ағымдылық өтімділік ағымдағы активтер (1.1)
коэффиценті = ағымдағы міндеттеме

Мұндағы ағымдағы активтерге кассадағы және банктік шоттағы қаражаттар,
дибиторлық таза қарыз, тауарлық – материалдық қорлар, өзге ағымдағы
активтер (алдағы уақыт шығыстары, өтімділігі жоғары бағалы қағаздарға
жұмсалымдар және т.с.с.).

1.3 Несие беру, қайтару,аудару, несиеге пайыз есептеу кезіндегі
бухгалтерлік жазулар мен несиелік қабілетті және тәуекелді бағалаудағы
шетел тәжірибесі

Несиені беру мен қайтару есебі (Қарыздарды). Кредиттік комитетің
шешімінене негіздене отырып, несиелік оддел мен заңды одел бірігіп отырып
несиелік келсімшарт пен мүліктік шарт дайындайды. Несиелік одел керек
қолдарды жинап оны тіркеп мөр бастырады. Толық құрастырылып жиналған
несиелік келсім-шарт, мүліктік келсім-шарт және басқа да қажетті құжаттар
заңды оделге беріледі және олар оны мемлекеттік заңи органдарға
сәкестендіріліп мүлңктң тіркеу үшін немесе гаранттық хат алу үшін, ҚР
мемлекеттік банкінің талаптарына сәкестендіріліп құрастырылады немесе
несені қайтарылуын қамтамасыздандыру үшін басқада құжаттарды құрастыруға.
Несині қайтаратын қамтамасыздандыратын құжаттар болған жағдайда,
Кредиттік комитеттің шешімі бойынша, несиелік одел бухгалтерияға несиені
аударуға иелік етеді, қамтамасыздандыру басқару банкімен несиелік оделінің
басқарушысының қол қоюмен беріледі. Ал заңды тұлғаға шұғыл міндеттемені
құжатты дайындау қажет етеді. Бухгалтерия жоғарыдан айтылған иелікпен
тұтынушының төлем-поручениясы арқылы несиені аударады, төлем – поручения
келсім шартпен сәкестігін мен бизнес-жоспардың міндеттемесімен тексеріп
несиелік оделдің қол қоюмен аяқталады.
Тұтынушының несие шоты ашылуы мен жабылуы ішкі бухгалтерияның
иелігімен жүзеге асырылады.
Несие соммасы түгел бір мезгілде немесе бөлшектеп жолымен беріледі.
Тұтынушыға несиені беру жағдайда, қызмет көрсету банкі, мынандай
корреспондеттік шот құрастырады:
Дт 1411, 1417 Қысқа және Ұзақ мерзімді қарыз, тұтынушыға ұсынылатын
Кт 1001 Кассадағы қолама-қолақша қаражаттар
Кт 2003 Тұтынушының ағымды шоты
Сонымен қатар мерзімді міндеттеме баланстан тыс келеді – Әр түрлі
бағалы заттар мен құжаттар (7339).
Тұтынушыға несиені ұсынған кезде, қызмет көрсеттетін банкте мынандай
бухгалтерлік жазу жазылады:
Дт 1411, 1417 Қысқа және ұзақ мерзімді қарыз, тұтынушыға ұсынатын
Кт 1050 Банктегі корреспондеттік шоты
Несиені шетелдік валютада тұтынушыға ұсынған кезде мынанадай жазу
толтырылады:
Дт 1411, 1417 Қысқа және ұзақ мерзімді қарыз, тұтынушы ұсынатын
Кт 1858 Шетелдік валюта бойынша қысқа мерзімді банктегі валюталық
позициясы
2858 Шетелдік валюта бойынша ұзақ мерзімді банктегі валюталық
позициясы
Сонымен қатар теңгемен
Дт 1859 Шетелдік валютадағы тенгемен баға бақылауы (қысқа мерзімдік
валюталық позициясы бойынша)
2859 Шетелдік валютадағы тенгемен баға бақылауы (ұзақ мерзімді
валюталық позициясы) .
Кт 1001 Кассадағы қолма-қол ақша қаражаттар
2203 тұтынушының ағымдағы шоты
1050 Банктегі корреспондеттік шоты
Несиені қайтарғанда қайтарма провоткасы бөлінеді.
Тенгемен несиені қайтарғанда.
Дт 101 кассадағы қолма – қол ақша қаражаттар
2203 Тұтынушының ағымды шоты
1050 Банктің корреспонденттік шоты
Кт 1411, 1417 Қысқа және Ұзақ мерзімді қарыз, тұтынушыға ұсынатын
Несиені шетелдік валютамен қайтарғанда:
Дт 1001 Кассадағы қолма – қол ақша қаражаттар
2203 Тұтынушының ағымдағы шоты
1050 Банктегі корреспонденттік шоты
Кт 1858 Шетелдік валюта бойынша қысқа мерзімді банктегі валюталық
позициясы
2858 Шетелдік валюта бойынша ұзақ мерзімді банктегі валюталық
позициясы
Сонымен қатар тенгемен
Дт 1859 Шетелдік валютадағы тенгемен баға бақылауы (қысқа мерзімді
валюталық позициясы бойынша)
2859 Шетелдік валютадағы тенгемен баға бақылауы (ұзақ мерзімді
валюталық позициясы
Кт 1411, 1417 Қысқа және ұзақ мерзімді қарыз, тұтынушыға ұсынатын.
Тұтынушы негізгі қарыз соммасын қайтармаған жағдайда, оны мерзімнен өту
деп танылады:
Дт 1424 Банктық қарыз бойынша тұтынушының кешіктірілген қарызы
Кт 1411, 1417 Қысқа және ұзақ мерзімді қарыз, тұтынушыға ұсынатын
Егер белгілі бір уақытқа дейін тұтынушы қарызын өтемеген жағдайда қор
құрылады:
Дт 5455 Қарыз және лизингтік қаражат бойынша белгіленген қор
тағайындау, тұтынушымен ұсынған
Кт 1428 Қарыз және лизингтік қаражат бойынша белгіленген қор,
тұтынушымен ұсынған
Содан соң өтемеген қарызды сақтандыру қор шоты арқылы жабылады.
Дт 1428 Қарыз және лизингтік қаражат бойынша белгіленген қор,
тұтынушымен ұсынған
Кт 1424 Банктық қарыз бойынша тұтынушының кешіріктелген қарызы
Тұтынугшының болашақтағы мерзімінен өтіп кеткен қарызын төлемі:
Дт 1001 Сассадағы қолма – қол ақша қаражаттар
2203 Тұтынушының ағымды шоты
1050 Банкінің корреспондеттік шоты
Кт 1424 Банктық қарыз бойынша тұтынушының мерзімінен өтіп кеткен
қарызы
Бір мезгілде шұғыл міндеттеме баланыстан тыс шотында 7339 Әр түрлі
бағалықтар мен құжаттар бойынша шығындалады және баланстан тыс шотында
кірістеледі 7130 Ұзақ мерзімді, залалды есептен шығару. Бұл шотта 5
жылға дейін кірістеліп отырады. Мерзім өткеннен кейін бұл қарыз 7130 Ұзақ,
залалды есептен шығару шотынан шығарып тастайды.
Несие пайызын аудару мен қабылдау есебі.
Неселеудің принциптің біріне кіретін ол төлеу ақы, несиені тұтынушылар
қолданған үшін белгілі пайызда сиақы төлеу қажет.
Несиені беру арқылы олар бұдан тұтынушының несиесін қайтармау тәуекелін
мойынан алған үшін өтем (компенсация) алады. Банк депозитке салған
тұтынушылардың ақшасын қолдана отырып несие береді, ал тұтынушы банкке ақша
салған үшін несиеден төмен пайыз ретінде сиақы береді. Екуінің сиақы
айырмалары банкінің пайдасы болып табылады.
Осы пайыздың мөлшері бірнеше қатар факторға байланысты болады:
- Сұраныс пен ұсыныс қарыз қаражаттың қатынасы. Қандай нарық болса да,
ұсыныс қарыз қаражатына сұраныс көбейген де оның сыйақы пайызы да
көбейеді және керсінше.
- Мемлекеттік банкінің политикасына бағыттап реттелу.
- Ұсынатын несиенің мерзімі мен көлемі
- Несие капиталдың өзіндік құны
- Тұтынушының несие қабілетті
- Несиенің мақсаты
- Қамтамасыздандырудың заттың құны
Тағы да бір маңызыды фактордың бірі бар. Кәзір біз айтып жатқанымыз ол
банкінің қаржылық жағдайы. Қаржылық жағдайы толық қалыптаспаған банктерде
қатаң агрессиялық банктік пайыздық политикаға қадалып жүргізіледі, өйткені
олар пайда көлемі көп емес болғандықтан күтпеген жағдайға немесе
жоғалтуларға арналған сенімді қор болмайды, сол себептен олар басқалап
жұмыс жұргізе алмайды. Ал, қаржылық жағдайы толық қалыптасқан банктерде
олар либеральдық пайыздық поликаны ұстауға мүмкіндіктері болады.
Банктің пайызының көлеміне үлкен маңызының бірі инфляцияға да
байланысты. Инфляция өскен сайын, сонымен қатар банктік несие пайызының
ставкасы да өседі.
Осыған байланысты шешім шығаруға болады, пайыздың ең жоғарғы мөлшері
нарықтық шартына байланысты қойылады, ал ең төменгі пайыздық қойылым ол
банктің функционалдық өзіндік несиелік учережденеге байланысты қойлады.
Несиені берген жағдайда пайызды қатаң немесе өзгермелі пайызды қоиюға
болады. Қатаң пайыз ол несие шартының мерзімі біткенше дейін ол
өзгермейді, ал өзгермелі пайыз банктің қалауынша несие шартының мерзімінің
ішінде пайыз мөлшері өзгертілуі мүмкін.
ҚР мемлекеттік Банкінің несиелік пайыз айдару реті мен оың бухгалтерлік
шотындағы есепті көріуіндегі қойылымы арқылы есептелінеді. Осыған
байланысты анналитикалық есепте пайызды аудару үшін банкте жеке
салымшыларға шот ашылады: объетіге, несие пайдалану мерзіміне және пайыздық
ставканың көлеміне байланысты.
Банкінің Несиелік комитетінің шешімі бойынша пайыздық көлемі, реті,
пайызды аудару мерзімі, қайтарып алу реті анықтайды. Бұл шешім банкінің
паредседател растайды, банктік және клиенттік келсім-шартты тіркейді және
басқару банкінің операцияларына міндетті болып табылады.
Несиелік келсімшаты бойынша пайыз мерзімі мен уақытқа байланысты
аударылады, сонымен несиені алған жағдайда аударылатын және несиені
аванспен қайтаруға рұқсат етілмейді. Шот жабу кезіндегі пайыз, шоттың жабу
қатаң күнінде ғана тұтынушының штынан банктік штына ғана аударылады.
Аударылған пайыз сол уақытта аударылған кезде банкінің табысы болып
мойындалады.
Несиелік пайызды есептеу мен төлеу бойынша келесідей бухгалтерлік
жазуды толтырады:
Пайызды аудару, егер несие тенгемен берілген жағдайда:
Дт 1740 қарыздан және лизингтік қаражаттан түскен табыс
Кт 4411, 4417 Ұзақ және қысқа мерзімді қарыздан алынған сияқыдан
түскен табыс, тұтынушыдан алынған
Пайыз аудару егер несиені шетелдік валютамен берілген жағдайда:
Дт 1740 қарыздан және лизингтік қаражаттан түскен табыс
Кт 1858 шетелдік валютада, қысқа валюталық пазиция банкінің
2858 шетелдік валютада, ұзақ валюталық пазиция банкінің
Бір мезгілде тенгемен:
Дт 1859, 2859 Шетелдік валютадағы тенгемен баға бақылауы (қысқа және
ұзақ мерзімді валюталық позициясы бойынша)
Кт 4411, 4417 Ұзақ және қысқа мерзімді қарыздан алынған сияқыдан
түскен табыс, тұтынушыдан алынған
Аударылған пайызды төленген кезде:
Дт 1001 Кассада қолма-қол ақша қаражаттар
2203 Тұтынушының ағымды шоты
1050 Банкінің корреспондеттік шоты
Кт 1740 қарыздан және лизингтік қаражаттан түскен табыс
Егер келсім-шарты бойынша сыйақы төлемі ай сайын төленсе, онда пайызды
банк алған кезде, ұлттық валютадағы несиеде:
Дт 1001 Кассада қолма-қол ақша қаражаттар
2203 Тұтынушының ағымды шоты
1050 Банкінің корреспондеттік шоты
Кт 4411, 4417 Ұзақ және қысқа мерзімді қарыздан алынған сияқыдан
түскен табыс, тұтынушыдан алынған
Егер келсім-шарты бойынша сыйақы төлемі ай сайын төленсе, онда пайызды
банк алған кезде, шетелдік валютадағы несиеде:
Дт ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекеттік несие
Талап етілетін қарыз алулар
Қазақстандағы ипотекалық несие
Мемлекеттік борыш оның түсінігі және түрлері
Банктердің экономикалық ролі
Несиенің банк балансындағы көрінісі
ҚМГ-Астана жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің төлем қабілеттілігінің ерекшеліктері
Мемлекеттік бағалы қағаздар нарығы
Кәсіпорынның қаржылық стратегиясын талдау
Дебиторлық берешектің есебі
Пәндер