Ауа, жер, су мәселелері



Кіріспе
1. Ауа . өмір арқауы
2. Жер қойнауын пайдаланушылардың атқарылған шаруалары
3. Судың сандық мөлшерінің сарқылуы мен ластану мәселері
Қолданылған әдебиеттер
Соңғы жылдарда, әсіресе кейінгі он жыл ішінде дүние жүзінің барлық елдеріндегі, сондай-ақ, Қазақстан Республикасындағы халық денсаулығының тым нашарлап кетуіне байланысты және адамдардың тіршілік ету мерзімінің қысқаруына сәйкес адамдардың денсаулығына көп көңіл бөліне бастады.
Денсаулық – адам өміріндегі ең жоғары бағалы дүние. Өмірдің шаттығы мен қызығы денсаулыққа байланысты. Адам бақыты – денсаулық. « Денсаулық – зор байлық » - дейді қазақ. Ол адам символы. Дені сау қайыршы адам ауру хандардан артық деген нақыл сөз бар. Негізі дұрыс. Дені сау адам өте көңілді жүреді. Әлемде болып жататын кішігірім, ұсақ түйектерге ол ешқандай көңіл аудармайды. Көңілді күймен неше түрлі қиыншылықтарды жеңіп тіршілік ете береді. Дүниежүзілік медицина ғылымдарының ұлы өкілдері, денсаулық адамзат баласына табиғаттың тартқан үлкен сыйы деп түсіндіреді. Адамзат баласының тіршілік өміріндегі ең бір бағалы нәрсе – оның денсаулығы. Денсаулықты сақтап, оны орынсыз ысырап етпеу керек, үнемі денсаулық қорын көбейтіп отыру керек дейді дәрігерлер мен биологтар. Біз денсаулығымызға немқұрайлы қарап, оған үлкен зиян келтіреміз. Әркім өзінің денсаулығының нашарлауына өзі кінәлі. Ауруды ағзаларға жолатпау, адамдардың өз қолында.
Халықтың денсаулығын сақтау аурулардың алдын алу мен оларды емдеу бағыттары мемлекеттік, әлеуметтік, экономикалық, медициналық және биологиялық мәселе. Адамның еңбек пен тұрмыс жағдайын жақсарта бер, аурулардың алдын алу, халықтың дене және рухани күшінің жан-жақты дами беруіне қолайлы жағдайлартуғызу, халыққа тегін, жалпыға бірдей, жоғары дәрежедегі мамандандырылған медициналықкөмек көрсетуді қамтамасыз ету біздің тәуелсіз егеменді ата заңымызға кең көлемде жазылған.
Денсаулық әрдайым адамның басты құндылығы болып қала береді. Адам әр уақытта өзіне тәндік рухани және әлеуметтік игілігінің негізгі көзі ретінде денсаулығын сақтауға ұмтылады. Денсаулық, сымбаттылық, сергектік – адамның ежелгі заманнан бергі арманы. Адам әр уақытта ұзақ өмір сүргісі, бақытты болғысы, жастыққа тән күш-жігерін сақтағысы келеді. Денені шынықтырумен және спортпен шұғылданудың денсаулықты нығайтатындығы және оның ұзақ өмір сүруге ықпал ететіндігі баршамызға мәлім. Дене шынықтыру мен спорттық маңызы техника, көлік және автоматика күрт дамыған қазіргі уақытта арта түсіп отыр. Күнделікті телегей-теңіз ақпарат ағыны адамның белсенділігі мен қозғалысын айтарлықтай төмендетеді. Бұған жүйелік-психологиялық жүктемені қосыңыз. Сондықтан да гипертония, миокард инфаргі, қан тамырының қатаюы және стенокардия сияқты аурулардың соңғы 10-20 жылда 50 пайызға неліктен өскендігін түсінуге болады.
« Тәні саудың жаны сау » дейді көне Ресейдегі өмір сүрушілер. Жүгірумен, туризммен, жүзумен тұрақты шұғылданған немесе таңертең гимнастика жасайтын адамдарға қараңыз. Олар әр уақытта ақкөңіл, ұстамды, басқалардың кемшіліктеріне кешірімді болып келеді. Ой еңбегі мен дене еңбегі үйлесімді дамыған жас ұрпақты тәрбиелеу ата-аналардың алдында тұрған негізгі міндеттердің бірі болып табылады.
1. Ғ. Сағымбаев «Экология негіздері», Алматы 1995
2. А. К. Бредский «Жалпы экологияның қысқаша курсы», Алматы «Ғылым»1998
3. Ж. Ж. Жатанбаев.
4. Оқу әдістемелік құрал
5. А.К. Сатбаев.
6. А.Б. Жілдібаева.

Жоспар
Кіріспе
1. Ауа - өмір арқауы
2. Жер қойнауын пайдаланушылардың атқарылған шаруалары
3. Судың сандық мөлшерінің сарқылуы мен ластану мәселері
Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе

Соңғы жылдарда, әсіресе кейінгі он жыл ішінде дүние жүзінің барлық
елдеріндегі, сондай-ақ, Қазақстан Республикасындағы халық денсаулығының тым
нашарлап кетуіне байланысты және адамдардың тіршілік ету мерзімінің
қысқаруына сәйкес адамдардың денсаулығына көп көңіл бөліне бастады.
Денсаулық – адам өміріндегі ең жоғары бағалы дүние. Өмірдің шаттығы
мен қызығы денсаулыққа байланысты. Адам бақыты – денсаулық. Денсаулық –
зор байлық - дейді қазақ. Ол адам символы. Дені сау қайыршы адам ауру
хандардан артық деген нақыл сөз бар. Негізі дұрыс. Дені сау адам өте
көңілді жүреді. Әлемде болып жататын кішігірім, ұсақ түйектерге ол ешқандай
көңіл аудармайды. Көңілді күймен неше түрлі қиыншылықтарды жеңіп тіршілік
ете береді. Дүниежүзілік медицина ғылымдарының ұлы өкілдері, денсаулық
адамзат баласына табиғаттың тартқан үлкен сыйы деп түсіндіреді. Адамзат
баласының тіршілік өміріндегі ең бір бағалы нәрсе – оның денсаулығы.
Денсаулықты сақтап, оны орынсыз ысырап етпеу керек, үнемі денсаулық қорын
көбейтіп отыру керек дейді дәрігерлер мен биологтар. Біз денсаулығымызға
немқұрайлы қарап, оған үлкен зиян келтіреміз. Әркім өзінің денсаулығының
нашарлауына өзі кінәлі. Ауруды ағзаларға жолатпау, адамдардың өз қолында.
Халықтың денсаулығын сақтау аурулардың алдын алу мен оларды емдеу
бағыттары мемлекеттік, әлеуметтік, экономикалық, медициналық және
биологиялық мәселе. Адамның еңбек пен тұрмыс жағдайын жақсарта бер,
аурулардың алдын алу, халықтың дене және рухани күшінің жан-жақты дами
беруіне қолайлы жағдайлартуғызу, халыққа тегін, жалпыға бірдей, жоғары
дәрежедегі мамандандырылған медициналықкөмек көрсетуді қамтамасыз ету
біздің тәуелсіз егеменді ата заңымызға кең көлемде жазылған.
Денсаулық әрдайым адамның басты құндылығы болып қала береді. Адам әр
уақытта өзіне тәндік рухани және әлеуметтік игілігінің негізгі көзі ретінде
денсаулығын сақтауға ұмтылады. Денсаулық, сымбаттылық, сергектік – адамның
ежелгі заманнан бергі арманы. Адам әр уақытта ұзақ өмір сүргісі, бақытты
болғысы, жастыққа тән күш-жігерін сақтағысы келеді. Денені шынықтырумен
және спортпен шұғылданудың денсаулықты нығайтатындығы және оның ұзақ өмір
сүруге ықпал ететіндігі баршамызға мәлім. Дене шынықтыру мен спорттық
маңызы техника, көлік және автоматика күрт дамыған қазіргі уақытта арта
түсіп отыр. Күнделікті телегей-теңіз ақпарат ағыны адамның белсенділігі мен
қозғалысын айтарлықтай төмендетеді. Бұған жүйелік-психологиялық жүктемені
қосыңыз. Сондықтан да гипертония, миокард инфаргі, қан тамырының қатаюы
және стенокардия сияқты аурулардың соңғы 10-20 жылда 50 пайызға неліктен
өскендігін түсінуге болады.
Тәні саудың жаны сау дейді көне Ресейдегі өмір сүрушілер.
Жүгірумен, туризммен, жүзумен тұрақты шұғылданған немесе таңертең
гимнастика жасайтын адамдарға қараңыз. Олар әр уақытта ақкөңіл, ұстамды,
басқалардың кемшіліктеріне кешірімді болып келеді. Ой еңбегі мен дене
еңбегі үйлесімді дамыған жас ұрпақты тәрбиелеу ата-аналардың алдында тұрған
негізгі міндеттердің бірі болып табылады.

1. Ауа - өмір арқауы
Айналаны қоршаған сыртқы орта – ауа, су, топырақ адам өміріне орасан
зор ықпал жасайтыны белгілі. Денсаулығымыздың жағдайы да осыған байланысты.
Сондықтан қоршаған ортаны қорғау еліміздің аса маңызды міндеттерінің бірі
ретінде Қазақстан Республикасының Конституциясында көзделген. Қазақстан
Республикасының қоршаған ортаны қорғау, ерекше қорғалатын табиғи аймақтар,
жануарлар дүниесін сақтау, халықтың санитарлық-эпидемиялық салауаттығы
туралы заңдармен қатар ҚР Президентінің заң күші бар жер туралы, жер
қойнауларын пайдалану туралы жарлықтары мен қоршаған ортаны қорғау туралы
қатынастарды реттейтін басқа да заңдық және нормативтік құжаттарда адам
өміріне қатер төндіретін экологиялық апаттардың алдын алудың көптеген
шаралары белгіленген. Мұның бәрі қазіргі ғылыми-техникалық өрлеу жағдайында
қоршаған ортаны ластанудан қорғау мен оны адамның физиологиялық талаптарына
сәйкестендіру шаралары аса маңызды мәселеге айналып отырғанын көрсетеді.
Ең алдымен адам өмірінің арқауы – ауаны таза сақтаудың мәні зор. Оның
физикалық және химиялық қасиеттері кәдуілгі табиғи қалпынан сәл өзгеріп,
бактериологиялық ластануға ұшырап, шаң-тозаңға батса, адамды сан алуан
ауруға душар етеді. Ауаны ластайтын автокөліктен атқылайтын түтін, зиянды
газдардың өнеркәсіптік тастандылары, түтіндік аймақтар. Металлургия, химия
кәсіпорындары мен өнеркәсіптік басқа да салалары атмосфераға өндірісте неше
түрлі технологияны қолданудан шығатын орасан зоршаң, күкіртті және басқа да
зиянды газдарды жібереді. Автокөлік қазіргі қалаларды көміртегі тотығымен,
азот тотықтарымен, көмірсутегімен, әрі консерогендермен, қорғасын
қоспаларымен ластайды. Бір литр бензинде қорғасынның әртүрлі қоспасы
түрінде тасталатын 1 грамм тетраэтиль қорғасын сақталуы мүмкін.
Автокөліктен атқылайтын газдар фотохимиялық қосылыстар нәтижесінде өте
күшті тотықтырғыш қасиеті бар фотооксиданттарды: озон, органикалық асқын
тотықтар, азот тотықтары, еркін радикалдар деген жаңа өнімдер шығарады.
Жылу электр станциялары, қазан қондырғылар әуеге түтін, көміртегінің
тотығын, күкіртті газ, ұшпа күл, күйе, шайырлы заттар жібереді. Қаланы
түтін қаптап, тұман басып, бұлдыр тарататыны, ультракүлгін радиацияның
кемитіні осыдан. Қара металургия – шойын мен құрыш қою шаң-тозаңмен қоса
алуан газ шығарады. Бір тонна шойыннан 4,5 кг шаң, 2,7 кг күкіртті газ бен
0,5-0,1 кг марганец шығады; атмосфераға біраз мөлшерде мишьяк, фосфор,
сурьма, қорғасын, сынап және сирек кездесетін металдардың қоспаларымен
қатар цианды сутегі және шайырлы заттар тарайды. Қара металлургияның
елімізде көп тараған жерлері – Теміртау, Қарағанды, Өскемен қалалары.
Негізгі өндіріс ошақтары еліміздің Қарағанды және Ақтөбе өңірлерінде
орналасқан көмір өнеркәсібіндеқоршаған ортаны қатты ластайтын көмір мен
пириттің өзінен-өзі жануы салдарынан күкіртті газ көміртегінің тотығын,
шайырлы заттарды бөліп шығаратын бос кен жыныстарының үйінділері. Ал
Қызылордада, Атырау, Ақсай(Орал), Ақтөбе, Тараз өңірлеріндегі мұнайөндіру,
мұнайхимия және химия өнеркәсібі ауаға көмірсутегін, күкірт сутегі мен сан
алуан газдарды таратудың орасан зор көзі.

2. Жер қойнауын пайдаланушылардың атқарылған шаруалары

Ал жер қойнауын пайдаланушылардың қаражаттары есебінен атқарылған
шаруалар төмендегідей:
- “Нұрдаулет” ЖШС 2002-2003 жылдары жүргізген зерттеулер нәтижесінде
Қазақстан Республикасының қорлар жөніндегі мемлекеттік комиссиясы, Қосқұдық
кен оргындағы алтын-полиметалл кенінің, Солтүстік Балқаш өніріндегі
Көкзабай кен орнындағы қорғасын-мырыш кенінің қор көлемін белгіледі.
Барланған осынау кен орындарының базасында кеніштер салынуда. Олардың кен
қоры тиісінше 6 және 20 жылға жетеді.
- “Казхром” ААҚ зерттеулердің барысында Қарағанды облысындағы Тур кен
орындағы марганец рудасының қоры анықталды. Ол кеніштің 19-20 жыл жұмыс
істеуін қамтамасыз етеді деп болжануда.
- “Жалын” ЖШС барлау жұмыстарының қорытындысында Қонырат кен орындағы
баланстан тыс бірнеше тотықтанған мыс рудаларының үйінді қорлары белгілі
болды. Бұрыннан жинақталған техногендік түзілістерді өңдеу жаңа жұмыс
орындарын ашып қана қоймай қосымша қаншама мыс алуға, ауданның экологиялық
жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді.
- “Ақмола Голд” ЖАҚ 1998-2000 жылдары Ақмола облысындағы Теллур алтын
кен орны бойынша жасаған зерттеу жұмыстарынның қортынды есебін ҚР қорлар
жөніндегі мемлекеттік комиссиясына тапсырды. Барланған қорлар өзінің алтын
айыратын фабрикасы бар жаңа кен өндіру кәсіпорнының қызметін 7 жылға
ұзартады. Одан әрі осындағы жаңа кен аймақтарындағы қорларды барлап зерттеу
оның жасын екі есе көбейтіп, 15-20 жылға жеткізеді.
- “Рапид” ЖШС Қарағанды көмір бассейннің өнеркәсіптік аймағындағы
бұрынғы №17 және №20 шахталар алаңдырында шағын тау-кен кәсіпорынның
жұмысын қамтамасыз ете алатындай К10 және К12 тас көмір қабаттарының қорын
анықтап, оны мемлекеттік комиссияға тапсырып, бекітілді.
- “Недра Казахстана” ЖШС жұмыстарының нәтижесі бойынша “Центрказнедра”
аумақтық басқармасы жанындағы қорлар жөніндегі аумақтық комиссия Қарағанды
бассейніндегі өнеркісіп участкесінде а5-6 қабатын ашық өндеу үшін ХI
участке тас көмір қорын бекітті. Онын қоры 17 жылға жетеді.
- Қазақстан Республикасы қорлар жөніндегі мемлекеттік комиссиясы
Жезқазған қаласындағы кәсіпорындарды (“Қазақмыс корпорациясы” ААҚ) сумен
жабдықтау үшін Ескұлын кен орнындағы жер асты суларының пайдаланылатын
қорын бекітіп, Тур марганец кен орны үшін Басақтымақ кен орнында, Павлодар
облысындағы Бастау, Роса және Мойылды участкелеріндегі жер асты минералдық
суларының қорларын анықтауда осындай жұмыстар жүргізді. Қарағанды
өнеркәсіптік аймағындағы түрлі кәсіпорындарды сумен жабдықтау мақсатында 7
скважина участкелері бойынша жер асты суларын пайдаланылатын қорын
“Центрказнедра” басқармасы жанындағы аумақтық комиссия бекітті.
Бұдан бөлек, қорлар жөніндегі аумақтық комиссия жер қойнауын
пайдаланушылардың жұмыстарының нәтижесінің қорытындысында Қарағанды
өнеркәсіптік ауданында (“Ремас” ЖАҚ) Шолаққарасуда жоғары сапалы барит
рудасының шағын кен орны қорын, Жезқазған өнеркәсіптік ауданында (“Еркін
Квац” ЖШС) отқа төзімді кірпіш пен оптикалық шыныны еріту өндірісі үшін,
Ақтас кен орынында кварц үйінділерін, Атасу өнеркәсіптік ауданында (“Анис”
ЖШС) Миқайнар жеріндегі қаттама әкті, Павлодар облысында Көміртұзда отқа
төзімді балшықты, сондай-ақ құрылысқа қажет тастың 8 кен орын, автомобиль
жолы құрылысына, негізінен Алматы-Екатеринбург жолы құрылысына керек
балшықты және киыршақ тасты 14 кен орны мен участкелерді, 1 құмды-гравиялық
қоспа кен орнын белгіледі.
Осындай оң нәтижелерге қарамастан қорғасын, мырыш, мыс, темір сияқты
бірқатар минералдық шикізаттарды көлемінен артық қазып алу байқалады.
Сондықтан біздің басқарманың негізгі міндеттерінің бірі әлеуетті жер
қойнауын пайдаланушылардың инвестицияларын ең бірінші кезекте геологиялық
барлау жұмыстарына тарту болып табылады. Ол минералды-шикізат базасының
жағдайына талдау жасау мен Қазақстан Республикасының үкімет конкурсқа
ұсынатын қабілетті объектілерді даярлауды көбейтеді.
2002 жылы Орталық Қазақстандағы пайдалы қазбалардың барлық негізгі түрлер
бойынша (алтын мен полиметалды қоспағанда) өндіру көлемі артты. Тау-кен
өндіру кәсіпорындары кешенінің бәрінде соңғы төрт жылда тұрақтылық
қалыптасты. Көмір өндіру саласы кәсіпорындары өндіріс көлемін ұдайы
арттырып келеді. Мәселен, “Испат-Кармет” көмір департаменті 10 миллион
тонналық межеден асты. “Шұбаркөлкөмір” ЖШС, “Молодежный” разрезі (“Қазақмыс
корпорациясы” ААҚ), “ЕЭК” ААҚ “Восточный” разрезінде көмір өндіруді
арттыруға қол жеткізілді. Жаңа кен орындарын игерудің белсенді процесі
басталады. Атап айтқанда, “Қазақмыс коропрациясы” ААҚ Жаман-Айбат және
Қыпшақбай мысты құмдауыт кен орны қорын өңдеуге даярлық жасауда.
Үстіміздегі жылдан бастап ол Нұрқазған алтын-мыс кен орны қорын ашуға
кіріседі. “Жәйрам кен байыту комбинаты” ААҚ Жомарт марганец кен орның
қатарға қосты.
Бұрын тоқтап тұрған кәсіпорындарда руда өндіру мен ұқсату қалпына
келтірілуде. Ұзақ уақыттан кейін Ақшатау байыту фабрикасының жұмысы қайыра
жанданып, Қараоба сирек кездесетін металдар кен орнын пайдалану құқығы
алынды.
Алайда алтын өндірудегі айтарлықтай құлдыраудың барлығын атап өту
керек. Бұл негізінен “АБС-Балқаш ” тау-кен комбинатында өндірістің
құлдырауы мен “Қазақалтын” ААҚ объектілерінде жобалық қуаттарға жетпеуге
байланысты.
Орталық Қазақстанның минералды-шикізат кешенінде жер қойнауын
пайдалануға жұмысалған инвестициялардың жалпы көлемі 2002 жылы 543,7
млн.АҚШ долларын (Қарағанды облысы бойынша 428,2 миллион АҚШ долларын)
құрады.
Шетелдік инвесторлар салған инвестициялар 498,1 млн.АҚШ доллары
(Қарағанды облысы бойынша 396,3 млн. АҚШ доллары) болды.
Инвестициялардың негізгі бөлігі, 362,1 миллион АҚШ доллары көлеміндегі
сома (Қарағанды облысы бойынша 282,9 млн. АҚШ доллары) минералдық шикізат
өндіру жөніндегі операцияларды жүргізуге бағатталды.
“Центрказнедра” аумақтық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанның зардап шеккен аудандары және экологиялық мәселелері
Қоршаған ортаны қорғау экономикасы және табиғи ресурстарды тиімді қолдану
Экологиялық қауіпсіздіктің негізгі міндеттері
Қазақстанның экологиялық мәселелері туралы
Экология ( лекциялар )
Қазақстандағы ірі су қоймаларының экожүйесінің фаунасы мен флорасы зардаптары
Атмосфераның құрылысы
Қазақстанның жалпы экологиялық проблемалары
Экономикалық ресурстардың мәні мен түрлері
Қоршаған ортаны қорғаудың құқықтың механизмі
Пәндер