Жаза өтеп жатқан адамдарға қатысты халқаралық қалыптық ережелер


Мазмұны

Кіріспе . . . 3-6

І Тарау. Жаза өтеп жатқан адамдарға қатысты халқаралық қалыптық

ережелердің мазмұны.

1. 1 Жаза өтеп жатқан адамдарға қатысты халқаралық

қалыптық ережелердің негізгі мазмұны . . . 7-13

1. 2 Жаза өтеп жатқан адамдардың құқықтарын қорғау

мәселесіндегі халықаралық мамандырылған

ұйымдардың үлесі . . . 13-18

ІІ Тарау. Жаза өтеп жатқан адамдарға қатысты халықаралық қалыптық ережелердің Қазақстан Республикасының пенитенциарлық

жүйесі үшін маңызы .

2. 1 Қазақстан Республикасының қылмыстық - атқару

жүйсінің ерекшелері мен өзекті мәселелері . . . 20-26

2. 2 Шет мемлекеттердің пенитенциарлық жүйелері мен

қылмыстық - атқару заңнамаларының ерекшелерінің . . . 26-31

2. 3 Жаза өтеп жатқан адамдарға қатысты халқаралық қалыптық

ережелерінің Қазақстан Республикасының қылмыстық - атқару

жүйесі орагандарының қызметінде қызметінде қолданудың

практикалық проблемалары . . . 32-39

ІІІ Тарау. Қазақстан Республикасындағы Сотталғандардың құқықтары мен міндеттері.

3. 1 Сотталған адамдарының құқтық жағдайының түсінігі . . . 40-51

3. 2 Сотталғандардың құқығы мен міндеті . . . 51-61

Қорытынды . . . 62-67

Пайдаланған әдебиеттер тізімі . . . 68-73

Кіріспе

Қазақстан Республикасында Жүргізіліп отырған Шаралар, ең қымбат қазынасы адам және адамның өмірі мен бостандықтары болып табылатын демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтыру жөніндегі басты қағиданы қамтамасыз етуге бағытталған. 1 Сол себепті елімізде болып жатқан саяси, әлеуметтік және эконоикалық рнформалар, бірқатар қолданыстағы заңдардың түбегейлі өзгерту қажеттілігін айқындап отыр.

Елбасы қылмыстық жазалар жүйесін ізгілендіру және түзету мекемелерінде ұстау жағдайларын жақсарту жолымен ілгері басу қажеттілігін нұсқайды. Осыған байланысты ол халыққа Жолдауында: « . . . айқын да ашық қылмыстық саясатты іске асыру талап етіледі: заң ауыр қылмыс жасаған адамдарға қатыстықатал, бірақ кішігірім немесе орташа ауырлықтағы қылмыстарды алғаш рет жасағандарға, сондай-ақ кәмелетке толмағандар мен әйелдерге иманды болуы керек » - деп атап өтеді 2 .

Бүгінгі таңда, еліміздің барлық аймақтарында жұмыссыздық пен кедейшілік, сондай-ақ қылмыс жасаулық өзекті де өткір мәселенің біріболып отыр. Бұл әрине қылмыстылықпен күресуде қылмыстық-құқықтық шараларды кеңінен қолдануға әкеп соқтырады. Ол өз кезегінде қылмыскерлерді ұстау мен оларды реабилитациясы проблемаларын өзекті мәселелерге айналдырып отыр.

Қамаудағы сотталушылар санынның пайдаланудың кесімді шегінен асып кетуі, гигиеналық ережелердің өз дәрежесінде сақталмауы, медициналық қызметтің әлсіздігі, инфекциялық дерттердіңжоғары деңгейі мен сотталғандар арсында өлімнің көбеюі, әділ соты жүргізүдің әр-түрлі сатыларында қамаудағы адамдардың конституциялық құқықтары мен заңды мүдделерінің жиі бұзылуы, елімізде қылмыстылықпен күресудің дәстурлі және жаңадан енгізіліп жатқан шараларды халықаралық стандарттарға сай қолдану керектігін көрсетіп отыр.

Бұл мақсатта Қазақстанға жаза өтеп жатқан адамдарға қатысты халқаралық стандарттарды алдымен зертеп, осы саладағы халықаралық құқықтық құжаттарды қарастырып, оларды Қазақстан Респуликасының заңнамаларымен салыстырып, осы заңнамаларды халықаралық стандарттарға сәйкестендіру қажет1.

Еліміздегі осы өзекті мәселелердің ғылыми тәжірибелік маңызы, сондай-ақ оның жан-жақты талқыланбағандығы маған осы зертеу тақырыбын таңдауға негіз болып ортыр.

Жаза өтеп жатқан адамдардың құқықтыарын қамтамасызету проблемасының теориялық және тәжірибелік аспектілерін оқып-білу, сондай-ақ осы адамдарға қатысты халқаралық стандарттарды зертеп, талдау және оларды Қазақстан Республикасының пннитенциарлық жүйесінде іске асыру проблемалары, осы салада көптеген шешілмеген және даулы мәселелердің бар екендігін және қылмыстық -құқықтық әдебиетте бұл проблеманы оқып-білуге көңіл бөлінгендігін дәлелдейді.

Десекте, кейінгі кездері осы проблемаға қатысты түйінді мәселелер Қазақстан мен Ресей заңгер ғалымдары тарапынан белсенді түрде қолға алынып шешіле бастады. Нақтырақ айтсақ, осы проблеманың кейбір аспектілерін өңдеуге өз үлестерін Рогов И. И., Валиев Х. Х., Сқақов А. Б., Мәми Қ. А., Ағыбаев А., Артамонов В. П., Бородин С. В., Уткин В. А., Зубков И. А., Беляев Н. А. т. б. қосты.

Сонымен қатар, Қазақстан заң ғылымына орасан зор еңбек сіңірген Қ. Ж. Балтабаевтің ”Проблемы соотношения международного-правовых норм и законадательства Республики Казахстан в сфере исполнения наказаний ” атты, Д. С. Чукмаитовтың ” Теоритические основы системы исполнения наказаний по законадательству Республики Казахстан” атты диссертациялық жұмыстарындағы, және ресеилік заң-ғалымдар Г. Ю. Федосееваның “ Международно-правовые вопросы зашиты осужденных” атты, Д. В. Усиктің “ Международные правовые стандарты по обрашению с осужденными и проблемы их отражения в законадательстве об исполнении наказаний в виде лишения свободы” атты авторефераттарындағы олардың ой-пікірлері мен ұсыныстары аталмыш тақырыптың мәнінің ашу барысында жан-жақты оқып-талдап, пайдаланғандығын айта кеткен жөн.

Диплом жұмысының нақты мақсаты - зерттеу тақрыбына айналған жаза өтеп жатқан адамдарға қатысты халқаралық стандартардың маңызды аспектілерін жан-жақты терең зерттей отырып, олардың Қазақстан Республикасының пенитенциарлық жүйесі үшін маңызын анықтауға және оларды қолдану тәжрибесін жетілдіруге бғытталған ғылыми түрде негізделген ұсыныстарды жасау болып табылады.

Осындай мақсатқа сәйкес төмендегідей негізгі міндеттер айқындалмақ:

  • Жаза өтеп жатқан адамдарға қатысты халықаралық құқықтық құжаттарды оқып, танысу;
  • Жаза өтеп жатқан адамның құқықтарын қорғаудағы халықаралық үйымдардың рөлін анықтау;
  • Қазақстан Республикасының жаза атқару саласындағы заңнамаларын қарастырып, талқылап, Қазақстан Республикасының Қылмыстық - атқару жүйесіндегі өзекті мәселелерін көтеріп шешу;
  • Шет мемлекеттердің пенитенйиарлық жүйесіндегі тәжірибелерімен танысып, зерттеу;
  • Жаза өтеп жатқан адамдарға қатысты халқаралық қалыптық ережелердің Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару жүйесі органдардың қызметінде қолданудың практикалық проблемаларына тоқталып кетіп, оларды жою бойынша ұсыныстар беру.

Диплом жұмысының жалпы әдістемелік негізін баршаға бірдей диалектикалық таным әдіс құрайды. Бұл зерттеу жұмысын жазу барысында басқа да тәсілдер пайдаланылды. Нақтылай кетсек заң-логикалық, тарихи шолу, салыстырмалы-құқықтық, статистикалық, нақты-әлеуметтік әдістері қолданылады. Диплом жұмысының негізгі жағдайлары мен нәтижелері Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қылмыстық, Қылмыстық атқару кодекстері және т. б. құқықтық-нормативтік актілерді, жалпы танылған адам құқықтары саласында халқаралық құқықтық актілерді, шет мемлекеттердің қылмыстық саясат саласындағы кейбір құқықтық актілерін талдау нәтижесінде алынды. Сонымен қатар, Адам құқықтары мен заңдылықтарын сақтау жөніндегі Халықаралық Бюро, Халықаралық түрмелерді зертеу орталығы, Халықаралық Түрме Реформасы ұйымдарынан, Қазақстан Республикасы Президенті жағындағы Адам құқықтары жөніндегі Комиссиясынан алынған кеибір мәліметтер мен интернет мақалалары мен сайттары пайдалынады.

Жалпы Қазақстан Республикасының қылмыстық, қылмыстық іс жүргізу және қылмыстық атқару құқықтарының нормаларына қатысты олқылықтарын толықтыруда маңызы зор. Бұл еңбектің тұжырымдары мен ұсыныстары жаза атқаруда, қамаудағы адамдарға қатысты заңдар мен нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру үшін практикалық қызығушылықты да туғызады. Демек, осған сәйкес, заң шығарушылық процесіне белгілі үлес қосуда. Жұмыстың жетістіктері қылмыстық құқық, қылмыстық атқару құқықғы, қылмыстық іс жүргізу құқығы мен адам құқықтары пәндері мен арнаулы курстардың шеңберінде, оқу процесінде және құқық қорғау, тергеу мен анықтау, атқару органдардының практикалық қызметінде пайдаланылуы мүмкін.

І Тарау. Жаза өтеп жатқан адамдарға қатысты халқаралық қалыптық

ережелердің мазмұны.

1. 1 Жаза өтеп жатқан адамдарға қатысты халқарплық қалыптық (стандарттық) ережелердің негізгі мазмүны.

Жазаны атқару жүйесіне қатысты адам құқықтары саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың нәтижесінде, қазіргі заманғы пенитенциарлық теориясында жаза өтеп жатқан адамға қатысты халықарлық стандарттар депаталатын ережелер жасалынып, қабылданып жатыр. Бұл стандарттарда қылмыстық-атқару практикасының әлемдік тәжірибесі, жазаны атқару жүйесінің дамуының ізгілік тенденциялары да көрініс тапқан. Негізінен, жаза өтеп жатқан адамдарға қатысты халықаралық стандарттар жалпы (мысалыға, Бала құқықтары туралы ковенция немесе Азаптау мен басқа да зорлақ-зомбылыққа, немесе қадір-қасиетін қорлайтындай адамщыллыққа жатпайтын қатігездік жолымен жәбір көрсетуге я жазалауға қарсы конвенция. Бұл құжаттарда жаза өтеп жатқан адамдарға қатысты ішінара ережелер бар. ) және арнайы стандарттар (мысалы; БҰҮ-ның тұтқындарға қараудың минималды қалыптық ережелері және т. б. ), міндетті (мысалы; Әйелдерге қатысты кемсітудің барлық турлерін жоютуралы конвенция және т. б. ) және ұсыныстық сипаттағы стандарттар (мысалы; Ұстау мен қамауға алудың қандай да болмасын түріне ұшратылған барлық тұлғаларды қорғау принциптерінің жиынтығы және т. б. ) әмбебаптық (мысалы; Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларация, Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пакт және т. б. ) және аймақтық (мысалы; Еуропалықтүрме ережелері) стандарттар болып жіктеледі 3 .

Енді, жаза өтеп жатқан адамдарға қатысты халықаралық қалыптық ережелердің негізгі мазмұнына тоқталып кетейік.

Жаза өтеп жатқан адамдардың ұсталу жағдайы мен орналастыру:

(санитария мен гигиена, киім-кешек, тамақтану, демалыс)

1988 жылы БҰҮ-ның Бас Ассамблеясымен қабылданған Ұстау немесе қамауға алудың қандай да болмасын түріне ұшыратылған барлық тұлғаларды қорғау принциптерінің жиынтығының 4 1-ші қағидасына 2 сәйкес, ұсталу мен қамаудың қандай да болмасын түріне ұшыратылған барлық тұлғалар өздеріне деген адамгершілікті көзқарасқа және адам баласына тән қадір-қасиеттің құрметтелуіне құқылы. Бас бостандығынан айырылған адамдарға арналған түзету мекемелерінің ұсталу олардың тартып алынбайтын қадір-қасиеттің сақталуына және әділеттілікті, өзін-өзі қадірлеу сезімін дарытып, әрбір адамнаң негізгі құқықтарын құрмет тұтуға бағытталуы тиіс.

Тұтқындарға қарудың халықаралық минималдық қалыптық ережелердің 5 9, 10, 11 ережелеріне сәйкес, бас бостандығынан айрылған

адамдар өздеріне жасаған жағдай мен көрсетілген қызмет санитария, гигиена және адам қадірін құрметтеу талаптарына сай болуына құқықлы. 12, 13, 19 ережелерге сәйкес, әрбір тұтқынға жергілікті немесе ұлттық нормаларға сәйкес төсек-орнымен қамтамасыз етіліп, төсек-орны әрқашан да таза болып, тиісті түрде сақталып, тазалықты сақтау мақсатында жиі-жиі ауыстырылып берілуі тиіс. 17, 18 ережелер негізінде мекемелер әрбіреуіне табиғат жағдайы мен ауа-райына және санитарлық гигиена жағдайына сәйкес және оның қадір-қасйетін қорламай, намыстанбай киетін киіммен қамтамасзіз етуі тиіс. Оларға, далаға шыққан кезде, немесе қандай мақсаттаболмасын берілген рұқсат бойынша түзету мекемесінен басқа жерге барған кезде өз киімдерін (азаматтық киім) киюге рұқсат етілуі тиіс. 20-шы ережеге сәикес, тузету мекемелері жаза өтеп жатқандарға кунделікті тамақтанатын кезде тиісті түрде дайындалған тамақтың берілуін қамтамасыз етіледі. Тамақтың сапасы мен мөлшері, диета және санитарлық гигиена нормаларынасай болуын, мүмкіндігінше олардың діни және мәдени талаптары ескеріліп дайындалуын қамтамасыздандыруы тиіс. Олардың әрқайсысы кез-келген уақытта ауыз сумен қамтамасыз етілуі тиіс.

Медициналық қызмет көрсету:

Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы халықаралық пакттің 12 бабы әр адамның рухани саулығы мен денсаулығының ең жоғарғы деңгейіне жету құқығын мойындайды 6 . Ал, БҰҮ-ның Бас Ассамблеясының 45-ші сессиясында 1990 жылдың 14 желтоқсанында қабылданған Тұтқындарға қараудың негізгі принциптерінің 9-ші қағидасына сәйкес, жаза өтеп жатқандар олардың құқықтық жағдайларына байланысты еш кемсітусіз сәйкес елдің медициналық қызметіне пайдаланылады. Тұтқындарға қараудың халықаралық минималдық қалыптық ережелердің 22, 24, 25, 26 ережелеріне сәйкес, жаза өтеп жатқандарға, профилактикалық еммен қатар емдеттіру түріндегі, оның ішінде стомотологиялық, офтольмологиялық және психиатриялық медициналық қызмет пен фармацевтикалық препараттарын қамтитын тиісті медициналық қызмет көрсетіледі. Оларға арналған әрбір түзету мекемесінің, осы мекемеде отырған адамдардың саны мен. Мұқтаждықтарына сәйкес медициналық құрал-жабдықтарына тікелей қол жеткізу мүмкіндігі болып, профилактикалық күтім мен жедел медициналық жәрдем көрсете алатын персоналы болуы тиіс.

Білім беру, кәсіби дайындық пен еңбек әрекеті:

Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясының 26 бабы әр адамның білім алуға құқығын, білім беру адамның жеке басының толық кемелденуіне және құқықтары мен негізгі бостандықтарына деген құрметті арттыруға бағытталуы қажеттілігін көздесе, 27 бабы әр адамның қоғамның мәдени өміріне қатысуға, өнерден рахат алуға,

ғылыми прогреске ат салысуға, әрі оның игілігін пайдалануға құқығын таниды 7 . Бұл құқықтар сонымен бірге, Экономикалық әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы халықаралық пактте де бекітілген. Ал, 1990 жылда қабылданған Тұтқындарға қарудың негізгі принциптерінің 6 қағидасына сәйкес, барлық тұтқындар адамның жан-жақты дамуына бағытталған мәдени және білім алу қызметіне қатысуға құқылы. Минималды қалыптық ережелердің 40, 77, 78 ережелерінде өз білімін одан әрі жалғастыруға мүмкіндік тұғызып, қолдан келгенше білім берудің тиісті бағдарламаларына қол жеткізуін және оларға арналған оқұлық кітаптарымен қоса көңіл көтеретін әдеби кітаптар мен мерзімді басылымдар құрайтын кітапханаларға қол жеткізуді қамтамасыз етілуін көздейді.

Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің 8 бабына сәйкес, ешкім де ықтиярсыз, немесе міндетті еңбекке мәжбурленуі тиіс емес 8 . Ал, минималдық ережелер бойынша. Жаза өтеп 3жатқан адамдарға, өзінің қауымына қайтып оралғаннан кейін қолайлы жұмысты қамтамасыз етуөрісін кеңейту мақсатында жүзеге асырыланатын кәсіби даярлықтың қосымша түрі ретінде, мүмкіндік болып, жүзеге асыруға жағдай туып жатса, қолдан келгенше жергілікті қауым шеңберінде, ақылы жұмыс істеуі мүмкіндігі де берілуі тиіс. Олардың тапқан табысын, жиналған ақшасын тұтынатын тауарлар сатып алу үшін, өзі жасаған құқық бұзушылықтың салдарынан қурбандарға келтірілген зияндарды өтеу үшін немесе осы қаражатты өз отбасына немесе басқада тұлғаларға жіберу үшін жұмсауға құқылы.

Қарым-қатынас өрісін кеңейту:

Сыртқы әлем мен қарым-қатынас орнату әділетті турде адамгершілік пен қарау құқығының ажырамас бөлігі және де жаза өтеп жатқандарды қоғам өміріне қайта оралуына дайындау ісіне қосар улесі орасан зор. Сондықтан да олардың сыртқы әлеммен лайықты түрде қарым-қатынас орнатуын қамтамасыз ететін барлық құралдарды пайдаланған жөн.

Біріккен Ұлттар Ұйымының қабылданған халқаралық стандарттары бойынша жаза өтеп жатқандардың ерекше категориялары бар, әйелдер мен кәмелетке толмағандар.

  • жаза өтеп жатқан әйелдердің құқықтары мен еркіндіктерін қорғаудағы негізгі қағидаларды атап кеткен жөн:
  • әйелдердің барлық эканомикалық, саяси әлеуметтік, медени, азаматтық құқықтарымен тең пайдалануын және олардың қорғалуын қамтамасыз ету;
  • түрмедегі әйелдерге қатысты кеьсіту, күш көрсету мен қанаудың барлық нысандарын жою;
  • жаза өтеп жатқан әйелдер ер адамдардан бөлек ұсталуын тиіс;
  • жаза өтеп жатқан әйелдерді қадағалау мен тінту әйел офицерлерімен жүргізілуі тиіс;
  • жаза өтеп жатқан жүкті әйелдер мен емшектегі балалары бар аналарға қатысты түрмеде ұстаудың ерекше жағдайларын туғызу қажет;
  • мүмкіндігінше босану кезінде бас бостандығынан айырылған әйелдер кәдімгі ауруханаларда орналастырылуы тиіс;

Жаза өтеп жатқан әйелдердің құқықтары мен ерқіндіктерін қамтаиасыз етүге арнайы халықаралық құжаттар жоқ болғанымен, Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларацйясы, Азаматтық және саяси құқықтартуралы пакт, Әйелдерге қатысты кемсітушілік жою туралы конвенция, Әйелдерге қатысты кемсітушілік жою туралы декларация, Ұстау немесе қамауға алудың қандайда болмасын түріне ұшыратылған барлық тұлғаларды қорғау принциптерінің жиынтығы мен Тұтқындарға қараудың минималды қалыптық ережелер сияқты халықаралық құжаттар маңызды рөл атқарды.

Сонымен қатар, жаза өтеп жатқан кәмелетке толмағандарға қатысты халықаралық қалыптық ережелерге де тоқталып кеткен жөн.

Жаза өтеп жатқан кәмелетке толмағандардың құқықтары мен еркіндіктеріне қорғаудағы келісім маңызды қағидаларды атауға болады:

  • Кәмелетке толмаған балалар ересек адаидарға берілген адам құқықтарының сақталуының барлық кепілдіктерімен қолдануы тиіс;
  • Жаза өтеп жатқан кәмелетке толмағандардың қоғамға құайтарылуын жеңілдетуге қамқорлық жасап, олардың қадір-қасиетінің құрметтелуін, мүдделері мен қажеттіліктерінің ескерілуін қамтамасыз ету;
  • Жан-тәнінің денсаулығына нұқсан келтіретін жазалардың барлық түріне және босату мүмкіндігін қарастырмайтын жазаларға (өлім жазасы, түрмеге өмірлік қамау) тартылмауы тиіс;
  • Жаза өтеп жатқан кәмелетке толмаған балалар ересек адамдардан бөлек ұсталуы тиіс; 4
  • Кәмелетке толмағандардың отбасымен кездесуге, хат жазысуға немесе телеграф арқылы байланысуға құқықтарын қамтамасыз ету үшін ерекше шаралар қолдану;
  • Бас бостандығына айырылған балалардың құқықтарын құрметтеу, баланың жеке ісіндегі ақпараттардың құпиялығын сақтау;
  • Кәмелетке толмағандар білім алуға, кәсіби дайындылықтан өтуге құқылы;
  • Кәмелетке толмағандарды устау мекемелерінде қару устау тыйым салынады;
  • Тәртіптік шаралар баланың ар-намысының құрметтелуін қамтамасыз етіліп, оны әділеттілікке, өзін-өзі құрметтеуге, адам құқықтарын құрметтеуге үйрету қажет;
  • Балаларының турмеге қамалуы, шуғыл, ауырып жатқандығы, жарақатталғандығы немесе өлім жайлы ата-аналары хабардар болуы тиіс.

Жаза өтеп жатқан кәмелетке толмағандардың құқықтарының сақталуын қамтамасыз ету саласында келесі маңызды халықарлық құжаттар бар: Бала құқықтары туралы конвенция, БҰҰ-ның, кәмелетке толмағандар жөніндегі сот төрелігін іске асыруға қатысты минималды қалыптық ережелері (Пекин ережелері), Бас бостандығынан айырылған кәмелетке толмағандарға қатысты Біріккен Ұлттар Ұйымының ережелері.

Жалпы алғанда, бұл ережелер БҰҰ қабылданған тұтқындарға қарудың минималдық қалыптық ережелері көздейтін барлық талаптарына сәйкес келеді.

Қорыта айтқанда, Біріккен Ұлттар Ұйымы жарияланған жаза өтеп жатқан адамдарға қатысты осындай минималдық қалыптық ережелерн өз ықпалын, жалпы жүртшылықтың тануы бойынша, бүкіл әлемге тигізген. Бұл ережелер жүзеге асырылмай тек қана ұсыныс ретінде қалып отырған елдердің бар болғандығына қарамастан бұл ережелер жаза өтеп жатқан адамдарға арналған пенитенциарлық мекемелерін әділдік, адамгершілік, тұрғыдан пайдаланудың маңызды факторы болып отыр.

1. 2 Жаза өтеп жатқан адамдардың құқықтарын қорғау мәселесіндегі халқаралық мамандандырылған ұйымдардың үлесі.

Бүгінгі күні Қазақстанда жаңа нарықтық қатынастарға көшумен қатар, демократиялық құқықтық мемлекет орнатуға талпынуда. Осы ретте тиімді эканомика мен Қазақстанның егемендігін нығайтуда мемлекеттік қайта құрулар мен мемлекеттік жүйені жетілдіруге бағыттау мақсатындағы қоғамдық өзгерістер әрқилы бейүкіметтік ұйымдарды дамытусыз мүмкін емес. Шын мәнінде бейүкіметтік ұйымдар мемлекет пен азаматтар арасындағы қатынастарды жүйелеп, қоғамдық қатынастарды жұйелеп, қоғамдық қатынастың өзіндік әлеуметтік реттеушісі іспеттес. Мұндай бейүкіметтік ұйымдар жалпы қоғам үшін аса маңызды қызмет атқара отырып, мемлекет жағынан да қолдауды қажет етеді 9 .

Жаза өтеп жатқан адамдардың құқықтарын қорғайтын қандай ұйымдар іс-әрекет жасайтындығына және оның адам құқықтарын қорғаудағы рөліне тоқталанатын босақ, Халқаралық Түрме Реформасы

(International Penal Reform), Халықаралық Амнистия ұйымын (Amnesty International), Халықаралық түрмелерді зерттеу орталығы (International

Centre of Penal Studies), Адам құқықтары мен заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстандық халықаралық Бюроны ерекше атап кеткен жөн.

Халықаралық Амнистия-бұл адам құқықтарын қорғауға шақыратын активистердің әлемдік ерікті қозғалысы. Негізінен, Халықаралық Амнистия мемлекеттің азаматтарынан келетін хаттармен өкіметке қысым жасау арқылы адам құқықтарын қорғау тәсілін кең масштабты пайдаланғаннан бастап осы күнге шейін хаттар әділеттікті қалпына келтірудің негізгі әдісі болып қалады.

Халықаралық Амнистияның негізгі мақсаты адам құқықтарының әділетті қорғалуы болып табылады 10 .

Халықаралық Амнистия адам құқықтарын, соның ішінде:

  • Физикалық және психикалық қолсуғылмаушылыққа құқығын (азаптаумен басқа да зорлық-зомбылыққа, немесе қадір-қасиетті қорлайтындай адамшылыққа жатпайтын қатігездік жолмен жәбір көрсетуді болдыртпау, бүкіл әлемде өлім жазасын жою, соттан тыс жазаларды тоқтату арқылы) ;
  • Ой-пікір, ар-ождан, наным-сенім және дін бостандығына құқығын;
  • Нәсіліне, түр-түсіне, жынысына, тіліне, дініне, саяси немесе басқа да наным-сенімдеріне, ұлттық немесе әлеуметтік тегіне сияқты кемсітудің барлық түрлеріне ұшырамау құқығын қорғайды.

Соңғы мәліметтер бойынша, Амнистия 1, 8 милионнан астам мүшелерден тұрады. Жыл сайын 800-дей жедел көмек көрсету акцичларын өткізуді. Өзінің қырық жылдық тарихында Халқаралық Амнистия көптеген жетістіктерге жетті. 1977 жылы Нобель сыйлығын алса, 1978 жылы адам құқықтарын қорғауда үлес қосқаны үшін БҰҰ-ның премиясына ие болады.

Енді, жаза өтеп жатқан адамдардың құқықтарын қорғауда өз үлесін қосқан Халқаралық Түрмелерді зертеу орталығы үкіметтік және үкіметаралық агентстволардан тәуелсіз үйым болып табылады. Орталықтың негізгі мақсаттары:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Қылмыстық атқару-құқығы» пәнінен лекциялар
СПИД және оны болдырмау сақтану жолдары
Республикасының азаматтығынан айыру
Жазаны өтеуден босату
Тәрбиелеу колонияларында жазаны атқарудың тәртібі мен жағдайлары
Қылмыстық істердің соттылығы
Сотталғандардың құқықтық жағдайы ұғымы
ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПТЫЛЫҚТАН БОСАТУДЫҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ТҮРЛЕРІ
Қылмыстық құқықтың кері күші - қылмыстық құқықтың кері күші
Қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босату туралы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz