Ж. Аймауытұлы әңгімелері



І. Кіріспе
ІІ. Негізі бөлім
1. Жазушы еңбектері туралы
«Елес», «Боранды болжағыш әулие», «Әнші» әңгімелері
2. Ақынның лирикалары: «Сарыарқаның сәлемі», «Ұршығым», «Жәмилә», «Әскер марсельзасы» өлеңдеріне талдау
3. «Нұр күйі» поэмасы
ІІІ. Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Жүсіпбек жан-жақты білімді, әрі талантты болған адам. Оның сан-салалы еңбектері өз дәуірінің талап-тілегінен туындады да, жаңа заманның жас ұрпағын өнерге, білімге, күрескерлікке, адамгершілікке тәрбиелеуге құзмет етті. Жазушының әдебиеттің әр жанрында өызмет етуі де сол жанрларға маманданған кадрлардың тапшы кезінде ұлттық әдебиет алдында тұрған міндеттерді түсініп, өз шама-шарқынша соларға жауап беру ниетінен туды. Дәуір сырын танытар өлең де, мақала, публицистика, әңгіме, повесть, роман, пьеса, сын еңбектер жазды. Мектертерде сабақ бере жүріп, жас ұрпаққа арнап оқылықтар дайындап, оларды тәрбиелеудің мәселелерін көтерді. Мұның негізінде ұлттық өнердің көп салалық, өзара байланыстылық ерекшеліктері де жатқанв даксыз. Оны жаңа дәуір талаптары жаңғыртып қанағаттандырады. Бір Жүсіпбектіңемес, оның көп замандастарының жан-жақтылығы да оысндай қажеттікті өтеу міндетінен туындады.
Жүсіпбектің балаларға арнап бірсыпыра шығарма жазғаны қазір белгілі болып отыр. Кезінде оның «Жаман тымақ», «Шал мен кемпір», «Көк өгіз», «Үш қыз» атты ертегі кітапшалары басылыпты. Олар-кіші мектеп жасындағы балалар үшін қазақ тілінде шыққан алғашқы суретті кітапшалардың үлгісі. Жазушы онда жас өспірімдердің ой-санасын жетілдіруге, тілін дамытуға халықтың ертегі-аңыздарын пайдаланған.
1. Қирабаев С. Ж.Аймауытов Жұлдыз 19898 ж №10

2. Тұрысбек Р. Ж.Аймауытұлы және 20-жылдардағы қазақ поэзиясы А.1998

3. Қожакеев Т. Көк сеңгірлік А.1992 ж

4. Тұрысбек Р. Жүсіпбек туралы жұлдыз 2003 № 3

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ
ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКА ИНСТИТУТЫ

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Ж. Аймауытұлы әңгімелері

Орындаған: Ешенкулова Н.
Тексерген: Рахманова Ж.

Алматы, 2007
Жоспар

І. Кіріспе
ІІ. Негізі бөлім
1. Жазушы еңбектері туралы
Елес, Боранды болжағыш әулие, Әнші әңгімелері
2. Ақынның лирикалары: Сарыарқаның сәлемі, Ұршығым, Жәмилә,
Әскер марсельзасы өлеңдеріне талдау
3. Нұр күйі поэмасы
ІІІ. Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Жүсіпбек жан-жақты білімді, әрі талантты болған адам. Оның сан-
салалы еңбектері өз дәуірінің талап-тілегінен туындады да, жаңа заманның
жас ұрпағын өнерге, білімге, күрескерлікке, адамгершілікке тәрбиелеуге
құзмет етті. Жазушының әдебиеттің әр жанрында өызмет етуі де сол жанрларға
маманданған кадрлардың тапшы кезінде ұлттық әдебиет алдында тұрған
міндеттерді түсініп, өз шама-шарқынша соларға жауап беру ниетінен туды.
Дәуір сырын танытар өлең де, мақала, публицистика, әңгіме, повесть, роман,
пьеса, сын еңбектер жазды. Мектертерде сабақ бере жүріп, жас ұрпаққа арнап
оқылықтар дайындап, оларды тәрбиелеудің мәселелерін көтерді. Мұның
негізінде ұлттық өнердің көп салалық, өзара байланыстылық ерекшеліктері де
жатқанв даксыз. Оны жаңа дәуір талаптары жаңғыртып қанағаттандырады. Бір
Жүсіпбектіңемес, оның көп замандастарының жан-жақтылығы да оысндай
қажеттікті өтеу міндетінен туындады.
Жүсіпбектің балаларға арнап бірсыпыра шығарма жазғаны қазір белгілі
болып отыр. Кезінде оның Жаман тымақ, Шал мен кемпір, Көк өгіз, Үш
қыз атты ертегі кітапшалары басылыпты. Олар-кіші мектеп жасындағы балалар
үшін қазақ тілінде шыққан алғашқы суретті кітапшалардың үлгісі. Жазушы онда
жас өспірімдердің ой-санасын жетілдіруге, тілін дамытуға халықтың ертегі-
аңыздарын пайдаланған.
Жазушының еңбектері туралы
Жүсіпбек-өз заманының белгілі сыншысы болған, әдебиет мәселелеріне
қатысты көптеген ой-пікір қалдырған жазушы. Оның мақаларынан, хаттарынан
тіпті көркем шығармаларының ішінен де автордың жазу өнері жайлы қызықты
ойлар кездеседі. Әдебиеттің жаңа дәуірдегі міндеттерін түсіне білген бір
дәуір әдебиеті дамуына арналған шолу да, жеке ақынның шығармашылық бетін
анықтауға құрылған портрет те, рецензиялар да кездеседі. Бірсыпыра қызықты
ойлар жазушы хаттарында да орын алған.
Жүсіпбектің алғашқы сын еңбектерінің бірі –оның М.Әуезовпен бірігіп
жазған (Екеу деп қол қойған) Абайдың соңғы ақындар атты мақаласы. Ол
Абайжурналының бірінші санында (1918) басылған. Мұнда қазақтың болашақ
екі ұлы жазушысы өздері сусындаған, ұлттық әдебиеттің бүгінгі күйі мен
болашағы жөнінде сыр бөлімеді. Онда ұлттық сана-сезімнің оянуы, оның
әдебиетке әсері, қазіргі ақындар шығармашылығының бет алысы сияқты маңызды
міселелер қаралады. Әдебиеттің өркендеп ақын-жазушылардың қатары өсуін олар
ұлттық оянумен байланыстырады. Бұл оянуға бірінші-Абай, екінші
–Қазақгазеті, үшінші-жалпы жұрттың ғылымға бет алуы себеп болды,-деп
жазады олар. –Абайдың қай өлеңі болсын кейінгі буынды жетектеп, түртіп,
қозғайтын бір әсер берді. Кейінгілерді бұл әсер ойлантты, оятты, бұған
жалғас оянған ойдың бетін түзеп жолға салып, ілгерілеуіне қамшы болған-
Қазақ газеті. Бұл газет халықтың саяси көзі ашылуына, Жұрттық деген
ойдың кіруіне қандай себеп болса, әдебиеттің гүлденіп өркендеуіне де сондай
себеп болды. Егер келешекте қазақ әдебиеті буынын бекітіп, қатарға кіретін
болса Қазақ газетіне борышы үлкен.
Абайдан кейінгі дәуірдің әдебиетін қарастыра отырып, мақала
авторлары оның негізгі бағытын, тірілетін қазығын ұлтшылдықпен
байланыстырады. Оны Бұл ұлтшылдық қазақ жұртының қысылып, таршылықта
келіп, өнер-білім жүзінде өзгеден кейін қалғандығынан, енді сол
қысымшылықтарн босанып, тез ілгері бассам деген табиғи мақсатынан шыққан
нәрсе-деп түсіндіреді.
Аталған дәуір ақындары шығармашылығы мақалада үш топқа бөлініп
талданады. Оның бірі-сыршыл (лирик) ақындар, екіншісі –сезім мен қиялға
тәрбие, әсері аз, ақылға азығы бар, халықшыл (народник) ақындар, үшіншісі-
ескі қлең, жыр, тақпақтарға еліктеушілер. Осы қатарда сыншылар Мағжан,
Ахмет, Сұлтанмахмұт, Ахмет Мәметов, Міржақып, Сәбит Дөнентаев сияқтв сол
дәуірдің көрнекті тұлғаларының шығармашылық өнерін салыстырады. Мағжан мен
Сұлтанмахмұттың кейбір сыршыл жырлары мен Ахметтің ойды оятуға, мидв
сергітуге мұңды, мұқтаж, терең мақсат түртіп шығарғанөлеңдерін зор
бағалайды.
Елес - қазақ халқының өткен және кеңес дәуірі тұсындағы тұрмысын,
келешек келбетін көрсететін туынды.
Жол үстінде жазушының жастық кезеңінің бір сәтін суреттейтін
әңгіме. Қызылбас дейтін автордың әдеби бүркеншек есімімен Терме атты
жинақта басылған. Бұл шығармашы Қазақ әдебиеті газеті арқылы қалың көпке
ұсынған ғалым Қ.Мұхамедханов: ...әңгіме қарапайым халықтың ұлттыө
характері мен тұрмвс тіршілігі, ел мен жердің табиғи суреті, ең бастысы
Аймауытов қолтаңбасына тән әуезді тіл, сұлу ырғақ анық сезіледі деп
таныстырды.
Бұл белгілермен қос әңгімеде, -бір түннің оқиғасы, яки үшкілге жаңа
түскен жиырмаға тарта шәкірттердің жолдағы, арба үстіндегі өзара сөздері,
ерекшеліктері, болашақ туралы көзқарастары арқау болған. Сондай-ақ өгіз
арбадан жалыққан оларға жол бойындағы жылқыларды жеке-жеке иемденуі,
кейіннен жылқының иесі кез болып, шәкірттер қайтадан өгіз арбалармен әлгері
жылжулары баяндалады.
Әңгімеде ел тұрмысы, қазақ даласының көрінісі. Құлтума сынды
арбакештің бейнесі тәп-тәуір көрінеді. Құлтуманың бір топ шәкірттерді өз
арбасымен жол үстінде әкетіп бара жаьқан бейнесі мынау: -Но-о-о! Дейді,
өгіздер мыңқ етпейді, мәкіл бастары, шаңырақ мүйіздері ырғаң-ырғаң етіп
құйрығын асықпай бір сипап қыбырлай береді. Өгіздерінің сыры өзіне мәлім
болса керек, Құлтума өк демейді, құрмаға маужырап отыр. Айда! деп қанша
қақсасаң да, Құлтумадан но-о-дан басқаны естімейсің. Жасынан орыста
малшылықта жүріп, қалша болған байғұс но-оны жақсы жаттап алыпты. Одан
басқа мінезі жұқсашы... Жалпы Құлтумада артық сөз, іс-әрекет, мінез жоқ.
Ол осылай бірсыдырғы өгізі алда, өзі арбада ілгері жылжи береді. Өйткені:
Ұзын жолдың шегіне
Кімнің көзі жетеді.
Өгіздердің тұяғы
Қыбыр-қыбыр етеді.
Ал үшкілде оқитын шәкірттер бейнесі қандай? Олар көбінесе жұптарын
жазбай, бірге келе жатқанымен іс-әрекеттерінде, мінез қырларында, сөзінде
өзгешеліктер бар. Айталық бұқа көз, қыр мұрынды, шүйдесі томпақтиай балуан
денелі-Қайырбек, иір қара, салпауыз-Сарбасов т.б. болашағын болжауда жол
үстінде, жылқы ұстап мінуде даралана түседі. Шығармада бұл жайлар өмір,
уақыт, табиғат секілді ұштаған ұғымның мән-маңызына сай сөз етіледі. Кең
дала, шәкірттер мінезі, іс-әрекеттері де едәуір дәрежеде көркемдік сипатқа
ие болған.
Әңгімедегі үшкіл (мектеп) шәкірт (ученик), тарнтас (арба) секілді
жекелеген сөздер, қаладан шыққан бір топ қыр тұрмысының жұпыны көріністері
т.т нанымды әсер қалдыратынын айтқан орынды. Автор әрбір көріністі жанды
бейнеге, ал шәкірттердің жеке-жеке мінезі, іс-әрекеттері өз орындарында
беріліп, дістүрі де өзгеше әлем-сыр айтады, сырлы суреттей әсер қалдырады.
Рухани әлемнің сыры мен сымбаты – адам, оның іс-әрекеттерін ортаға,
өзгеше өнеге ету емес пе? Сөз болған әңгімеден осындай биіак мұрат
танылатыны анық.
Әншідегі баяндалатын жайлар-Жетішатырда, яки Семей қаласы бұрын
(Семейпалатинск-Семь палат аталған), Ар жақта, яки Жаңа Семейде өтеді.
Осындағы Жетішатыр жақсы қада. Қаптап жатқан қазақ.
Жазы-қысы қымыз, ойын-сауық кататься . Айт, той, құдалық, ат
жарыс күрес... Жаз шықса параход, паром, желқацық, жасыл арал, қалың
орман... Қайткенмен сергек қала. Ар Ар жақ – қазақ даласы. Өзен өрлей
салынған, екі мешіті бір шіркеулі ығы-жығи тайпақ қала. Әншідегі
баяндалған оқиға осы қалаларда өтеді.
Әңгімеде ән, әнші жайында баяндалады. Ән-халық әуені, әнші Әмірхан
шағырмадағы басты тұлға. Оның прототипі-Әміре Қашаубаев. Шығармадағы ән де,
әнші де осы есеммен байланысты. Алғаш ол мынау көріністен көрінген болатын:
Әзілі жараса алмай, қымыз ұсынуға зорлап отырғанда, арсаландаған бір жігіт
кіріп келді. Бұл-Әмірхан еді. Ән саларда ол гармонды барылдатып күйледі.
Ұшатын құстай қамтанып, қомданып алды. Ал әнді сүмірейте, қвлмита соқьв.
Желеңдете, құтырта соқты. Лебізі құлаққа жағып кетті, жүректі тербетті,
тамырды желпіндірді, бойды шымырлатты. Ән мен әншінің әсерінен: Көңіл бір
жадырап шайдай ашылды. Әттең ауыздың дәмін ала алмай қалдық деген
таңдаушылар сөзінде шындық бар.
Әмірханның ән өнері хақындағы ойлары да маңызды: Әнді еркіне
жіберіп, қвсвлмай салған ғой қызығы,-дейді. Әншілердің көбі мақтан үшін, не
мал табу үшін айтады. Шабыты келмесе де зорланып айтады. Зорланып айтқан ән
дұрыс шыға ма? Ән салу көңілден ғой... Кейбіреулер орысқа еліктей ме,
ноғайша жырлай ма? Қазақ әндерін бұзып жібереді.Қазақтың нағыз өз әнін
салшы, қандай тыңдар екен? Бұ шіркіннің соңына түскен соң құнттамаса
болмайды ғой... Мұндай ой-пікірлерді жоққа шығару қиын әрі қиянат болар
еді. Керісінше, ән өнерін зерттеушілер, орындаушылар мен насихаттаушылар
Әмірхан ойларына көз жүгіртсе, ден қойса шын таланттың бағасын беріп, бағын
ашар еді дейсің...
Әмірханның әні театрда өткен ойын-сауық кешінде де айрықша зор,
асқақ болдв. Оның сахнадағы киімі де, жүріс-тұрысы да, қазақтың еркіндігін
еске түсіруші еді. Әсерлі ән, әуезді тағылымы да зор болды. Мысалы: Бір-
бірін қиып кете алмай мұратына жете алмай, қош айтысқан жарға ұқсап :
жалғызынан айрып, қантынан қайырылып, зарлаған бейне жарға ұқсап, болмаса
жылап езілген көзден жасы төгілген бейне бір қайғы-зарға ұсап, өкінішті
қксікті, қасіретті мұңды әнді сарнады. Қалғып кетіп оянған қызықты тәтті
түс көрген, қайтарам деп талпынған кісідей жанға жаққан тәтті үннің
кеткеніне өкініп өршелене соғылды, немесе: Жай жүргенде Әмірханды ешкім
де елемейді. Әмірхан ән салса, сонда кім екенін білесің. Ән салса ол өзін-
өзі ұмытады, әннәі әуеніне төңкеріледі, оның даусы көмейінен шықпайды,
жүрегінен шығады.
Әмірхан кісі емес, әнге айналады. Бұл әншінін өнердегі орны мен
бейнесі. Өмірдің өнерге айналған тұсы да, мәңгілік бастауына ұласқан,
үндескен сәті де осы шақ. Әңгімедегі Әмірханның өмір өткелдері, адами-
имандық қырлары мен тұрмысы хақындағы баяндаулар, Ақтамақпен арадағы қысқа
мерзімдегі қатынас т.т. әнші тұлғасын толықтыра түседі.
Әігәмедегә Шәкет, Әбіжан сынды бейнелер де өз орындарында тұрған,
іс-әрекеттерді де өзгеше ой салғандай.
Шәкет-он бес, он алтыдағы жас бала. Пәлен сұлу да емес.Бірақ бет
пішіні, көз қарасы неше алуан құбылады.Бірақ бет пішіні , көз қарасы неше
алуан құбылады. Кейде қасын керіп сызыла қалады, кейде назданғандай көзін
қысыңқырап қылымсиды, кейде сені сүйем дегендей құлақтанып терең қарайды,
кейде көзін жалт еткізіп жайларына қалады.
Тұрмыс, жоқшылық не қылғызбайды.Шәкетті бұзған да сол мұқтаждық.
Шәкет бір үйлі жанды көзімен асырап отыр. Бұл-тұрмыстың адам өміріне
салаған ізі, жеке бейнедегі нақты көрінісі.
Әбіжан-мақтаншақ жігіт. Бірақ көпті ұйыта да, еркіне баули да
біледі. Наурыз мейрамына арналған ойын-сауықта ол, Басқарушы міндетін,
мүлтіксіз, көппен ортақ тіл табу арқасында атқарып шықты.
Боранды болжағыш әулие (Барометр) атты әңгіме Лениншіл жас
журналында деген бүркеншік есімімен жарияланды. Осындағы жұпыны қазақ ауылы
мен бұлардың қоңыры тіршіліктері, азын-аулақ ірі-қара, санаулы қойлары да
күнделікті әрекеттеріне сай суреттеледі. Сондай-ақ құбылған ауа райының
мінезі, сары аяздың қуаты нақты беріледі: Саңқылдаған сары аяз. Қарадан
қарап тұрып бірдеңеге шақ ете түсті. Не терезенің шынысы шытынайды, не жер,
не мұз айырылып ырсиып қалады. Жермен бірге мұздақ қарда жарылып кетеді.
Ақырында сары аяз мұрныңды қариды. Жеңінен шығарсақ, қолың ілікпей тас
болып қалады. Түнде пешке қойып кептіріп алған етік, аяғын, биенің бір
сауымында ағаштай қақшиып таяқпен қақсаң сақ-сұқ етеді , немесе: Жел
құтырды. Алай-түлей. Түк көрінбейді. Етіктенкірген жел тұла бойды кеулелі.
Ауызды ашып айғайласақ боран қақалтып, дауысты шығармайды... Міне, қыстың
қаһарына мініп, оған аяз бен желдің үн қосуы осындай. Мұндай көрініс,
құбылыстар малды ауылды әбіржітпей қоймайды. Олардың малдары ығып, сиырдың
көпшілігі сорға түсіп өліпті. Әрине, табиғаттың мұндай тылсым да қатаң
заңының кілтін табу оңайға түспейді. Әңгімеде боранды күнді бұрын болжайтын
аспаптың амалы ізделедң. Физика пәніндегі Барометр жайында айтқан
оқытушы әңгімесі де осы оқиғадан соң еске түскен еді. Барометр дегеніміз
не? Оның қызметі қандай? Әңгімеде оның жауабы былай берілген: Ол аспап
күннің райв қалай құбылатынын күні бұрын көрсетіп тұрады екен. Жаңбыр бола
ма, қар жауа ма, боран бола ма, ашық бола ма, бәрін де күні бұрын (бір
сәтке бұрын) білдіріп отырады екен. Өзі сағат сықылды дөңгелек, сағаттың
тіліндей тілі бар.Тіл жауын деген жазуға қарай бейімделсе-жауын болғаны,
ашық деген сызықты басса-күн ашық болғаны. Сондай-ақ әңгімеде
барометрдің маңыздылығына мән беріледі. ...Осы аспапты қазақ ауыл сатып
алса, несі кетеді? Бір қараның құнына да тұрмайтын шығар... Егін салсаң да,
орсаң да, шөп шапсаңда, мал бақсаң да, жол жүрсең де, қт ойсаң да, кір
жусаң да, қора, там қаласың да, қысқасы не істесең де күннің ашық, бүркеу
боларын күні бұрын біліп отырасың. Артық бүлінбейсің де, еңбегің де зая
болмайды...
Қысқасы, қайсыбір шаруашылқпен айналысатындарға, әсіресе қазақ жұрты
үшін қолайлы барометрдің қызметі мен маңыздылығы әңгімеден кеңінен
көрінеді. Шығарма құндылығы-адал еңбекке, пайдалы іске дұрыс көзқарас
қалыптастырып, оны жеңілдету мен тиімділігін арттыруға негізделген.
Барометрдің кілтін табу-тұрмысты жеңілдету, өмңр сырын ұғу, келешекке оң
көзқарасты да көрсетеді. Әңгіме-барометрдің қызметін қажеттілігн көрсету
негізінде адам еңбегңн ардақтау, мерейін асқақтату, сол арқылы ұдайы
ізденіске бастау болып табылады.
Жүсіпбек поэзиясы – Жүсіпбек әдеби творчествасын ақындықтан бастаған
адам.
Ең алғаш шығармашылығын өлең жазумен бастағанымен, бірақ ол
поэзияда көп аялдамаған, кешікпей-ақ драмалық және прозалық шығармалар
жазуға ауысқан.
Өлеңдері жеке кітап болып басылмай, кезінде жарық, көрген күнделікті
баспасөз бетінде қалған. Одан қалған поэзиялық туындылар көп емес. Қазіргі
бізге белгілі Жүсіпбектің поэзиялық туындылары – Сарыарқаның сәлемі,
Ұршық , Ах-ха-ха-хау (1917), Көшу, Ұран, Жәмилә (1920), Әскер
марсельзасы (1918), Тұңғиық түпсіз астында, Ленинге (1924) атты
өлеңдерімен Нұр күйі (1929) атты поэмасы негізінен, жас ақынның өнерге
деген алғашқы талабын, өмір қиындығын өзінше танып бейнелеуге ұмтылысын
көрсетеді.
Бұлардың көбінде автор ескі өмірдің келеңсіз суреттері мен жаңа
дәуір өзгерістерін ақындық сезіммен жырлауға тырысады. Ал құбылысты сурет
арқылы көруге ұмтылады.
Жүсіпбек шығармаларындағы идеяның анықтығы –одан біздің
құбылысымызға, социализмге халыққа дұшпандық іздеген, оны буржуазияшыл
–ұлтшылдардың қатарынан көргісі келген әпербақан белсенді сынның қолдан
жасалғанын, бурмалаудан тұрғанын дәлелдейді. Ол жаңа өмірді социалистік
шындықты жырлайды. Жүсіпбектің сан салалы творчествалық қызметі дәуірдің ап
етуінен туады. Бұл бір Жүсіпбектің басындағы ғана емес, қазақ
интеллигенциясының алғашқы буынына түгелдей ортақ сипат. Әр саланың өз
мамандары жоқ кезде олар заман, өзгеріс дәуірі күн тәртібіне қойып отырған
қажеттікті өтеуге бар мүмкіндіктерін жұмсады.
Ақын да, жазушы да, драматургта, сыншы да, ғалым да болып еңбектер
жазды. Жүсіпбек қазақ қоғамы дамуының ең бір күрделі кезінде, әлеуметтік
революциялар дәуірінді өмір сүрді. Сол дәуірдің қайшылықты сипаттарын да
бойына сіңірді.
Сондықтан оның шығармашылығы, көз-қарасындағы қайшылықты сәттерді
көргенде оның себебін алдымен дәуірдің күрделілігінен іздеуіміз керек.
Сонымен бірге жалпы өнер адамына тән сезім ырқында кетіп, өмірді өз
ыңғайына, ұғымына лайықты түсіндіруге тырысу да Жүсіпбек басында болды.
Сондықтан оның кейбір пікірлері ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жүсіпбек Аймауытов прозасының көркемдігі
Жүсіпбек Аймауытов - әдебиет сыншысы жайлы ақпарат
Ж. Аймауытұлының өмiрi мен шығармашылығы
Ж. Аймауытов Ғ. Қарашев Б. Күлеев С. Сейфуллин І. Жансүгіров Б. Майлин шығармашылықтары
Ж.аймауытов шығармашылығы. ғ.қарашев шығармашылығы. б.күлеев - лирик ақын. с.сейфуллин, і.жансүгіров, б.майлин шығармашылықтары
Ж.Аймауытов еңбектерінде көтерілген педагогикалық мәселелер маңызы
Әдебиетті оқыту әдістемесінің ғылыми пән ретіндегі мазмұны
Алаш зиялыларының ақырғы сөзі
Жүсіпбек Аймауытұлы және қазақ руханияты, тарих, таным, көркемдік арқауында
С.Садуақасұлы шығармашылығы
Пәндер