Ахысқа түріктері


МӨЖ
ТАҚЫРЫБЫ: Ахысқа түріктері
ЖОСПАР
Кіріспе
I. Ахысқа түріктерінің тарихы
II. Қазақстандағы түріктердің мәдени орталығы
Қорытынды.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
КІРІСПЕ
Депортация латынша Deportatio -”қуғындау” көшіру деген мағынаны білдіреді. Халықтар депортациясын белгілі бір ұлт өкілдерінің белгілі бір іс әрекетіне байланысты елден қуылуы деп түсіну қажет. КСРО-да ең көп орын алған жаппай қуғын сүргінге көші-қондардың төмендегідей түрлері қолданылады:
-этностық белгілері бойынша депортация” жазаланған халықтар”, ”шекараларды тазалау сенімсіз халықтар”
-әлеуметтік таптық белгілері бойынша депортация “1934 жылғы дейінгі кулактарды жер аудару ”кезінде келгендерді арнайы көшіргендер\ спецпереселенцы\ деп атады.
-Саяси мүдде негізіндегі 1934-1944 жылдары көшірілгендерді “еңбек қоныстандырылғандар”деп атады. 1944 жылдан бастап “арнайы қоныстандырылғандар”деген атау қолданылды. \ 1. \
КСРО кезінде бірнеше бүтін бір ұлттардың қуғын-сүргінге ұшырап, қазақ еліне зорлықпен жер аударылғаны баршаға аян. Кеңес өкіметінің қаһарына ұшырап, арып-ашып келген халықтарға қазақ елі аяушылық сезіммен қарап, үлкен жанашырлық танытты. Оларға ығысып орын ұсынып, бір тілім нанын бөліп берді. Сол қамқорлықтың нәтижесінде жер аударылғандар тезірек аяғынан тік тұрып кетті.
Әр түрлі әлеуметтік топтар мен жіктерді, сондай-ақ аз ұлттар мен этникалық топтарды күштеп жер аудару Ұлы Отан соғысына дейін басталған. Мәселен, Қазан төңкерісінен соң Мәскеуден, Ленинградтан және Ресейдің басқа да қалаларынан Оралға, Қазақстан мен Сібірге үстем тап өкілдері, бұрынғы патшалық әкімшілік аппараты шенеуніктері, ақсүйектер мен діндарлар жер аударылды. Азамат соғысынан соң ВЦИК-тің шешімімен «казачество» жойылды. Ресей, Украйна, Белоруссияның орталық аудандарынан ұжымдастыру кезінде тәркіленген шаруалар көшіреледі. Мәселен, Қазақстанда тақап қалған ашаршылық нәубетінің барлық белгілері байқала бастаған 1931 жылдың мамыр-маусым айларында тек Қарағанды мен Семей облыстарының 8 ауданына ғана Ресейден көшірілген 150 мыңнан астам адам орналастырылады.
Сөйтіп, Қазақстан 30-шы жылдардың өзінде жер аударылған халықтар үшін резервацияға айналады. Бұл сталиндік саясаттың нәтижесі еді.
Ал депортацияға ұшыраған халықтар тарихына тереңірек үңілсек, Қазақстанға басқа халықтарды жаппай қоныстандыру 1937 жылдан басталғанын көреміз. \ 2. \
АХЫСҚА ТҮРІКТЕРІНІҢ ТАРИХЫ
Түркі тілдес халықтардың ішіндегі ең көбі - түріктер. Өз атауы - түрік. Олар түркі тілдес халықтардың оғыз тобына жатады. Түрік халықтарының жалпы саны 1995 ж. 55 млн. адам (д. ж. бойынша) Түрік халықтарының дүние жүзіндегі жалпы саны 60 млн. адамға жуық (2005ж. ) Соның 54 млн. -дайы ата-қонысы Анадолыда отыр. Олардың көп татарған елдері: Германия - 1 млн. астам, Болгария - 1 млн. жуық, Нидерланды - 160 мың, Франция - 150 мың, Кипр - 140 мың, Македония - 110 мың, Грекия - 100 мың және т. б. елдер. ТМД елдеріндегі түріктердің жалны саны 300 мыңға жуық. Соның ішінде Әзербайжан мен Өзбекстанда, Қазақстанда және т. б. елдерге қоныстанған. Түрік диаспорасы Румынияда және Албанияда кездеседі. Шет елдерде көбінесе олар уақытша жұмыс бабымен жүреді.
Белбұлақ ауылдың тұрғыны, ауылдағы аурухананың бас маманы- Бадалов Ахмет Аладинұлына жолыққанымда ол кісі маған түріктер жайлы біраз мәліметтер берді. (Ол өзінің берген сұхбатында) .
«Біз өзімізді Ахыска турклері «турки Ахыска»яғни түрік халықтарымыз деп санаймыз. Біздің тарихи Отанымыз қазіргі Грузия жерінің оңтүстік аймағы. Бұл аймақта Осман империясы кезінде Ахыска патшалығы болды. 1829 жылы орыс-түрік соғысынан кейін Ахыска патшалығы Ресей империясының қол астына өтіп Ахалцих уезді болып аталды. Мәселен бұл аймақта ең ірі ауылдар - Адиген, Ошоро, Понокет, Лебис, Ахалцих, Аспиндза, Толоши, Хиртиз, Азгур сияқты барлығы 228-ге жуық ауылдар болған. Бұл кездері шекара дәл бүгінгі кезеңдердегідей жабық емес ашық болатын. Сондықтан да болар шекарадан ары - бері ел еркін қатынасып- араласып тұратын. Ахыска түріктері көрші елдері грузин, армян, әзірбайжан, орыс халықтарымен достық қарым- қатынаста болып, бірге еңбек етіп өмір сүрді.
Кеңес өкіметі кезінде әміршіл- әкімшіл жүйенің өктемдігі түріктер және басқа да көптеген ұлттарды жоюға дейін барған. Сондай-ақ бұл халықтардың өз Отанына қайтуға да рұқсат бермеген. Халықтарды қорлау 1930 жылдардан басталады, өйткені осы кезден бастап, түрік азаматтарының аты-жөні, тегін грузин халқының тегімен алмастарып жазып жіберген. Сондай-ақ 1932 -1940 жылдары түріктердің төлқұжаттарын әзірбайжан халқымен ауыстырылып жазылған.
Екінші дүниежүзілік соғысқа дейін Ахыска түріктерінің саны 160 мыңдай адам болған. Кеңес өкіметінің яғни Отанын қорғауға 42 мыңдай түрік азаматттары қатысқан. Олардың 8-і Кеңес Одағының Батыры атанды. 1944 жылы қарашаның 14 -нен 15- не қараған түні Ахыска түріктерін күштеп көшіре бастады. Олар Орта Азия елдеріне, сондай-ақ Қазақстан жеріне жіберілді. 120 мыңдай адамды (әйел, бала, қарттар т. б. ) бар -жоғы 4-5 сағаттың ішінде халықтарды жүк таситын вагондарға тиеп, жан-жақққа аттандырған. Жолда аурудан және аштықтан көптеген адамдар қаза тапты. Олардың жалпы саны 20 мыңдай.
Ұлттың беделін түсіру сондай-ақ Отанынан айырылу сияқты қиыншылықтардың бәрін жеңуге тура келді. Біз ол кездері кішкентай ғана бала болдық. Алла тағалам қолдап, біз осы Қазақстанға келдік. Қазақ халқы бауырмашыл, қонақжай халық. Бізді жатсынбай жылы қарсалды. Қиыншылықтарды қолдан келген көмектерін аямады. Біз қазақ халқына ризамыз!» -деп берген сұрақтарыма толық жауап берді. Сондай-ақ маған түрік халықтары жайлы жазылған материалдарын берді. Қазақстанға келіп, қоныстанған соң қазақ тілін меңгере бастадық, ал балаларымыз орыс тілінде білім алды. Көпшілігі өз ана тілін білмейді, олай деп айту себебіміз, Кеңес өкіметі кезінде түріктерді ТМД елдерінің әрбір аймақтарына таратып жіберген. Олардың бір-бірімен араласа алмауы салт- дәстүр, әдет- ғұрыптарының тілдерінің ұмытыла бастауына әкеліп соқтыра бастады. 1956 жылы қатаң коменданттық жүйе алынып тасталынды. Кезінде түрік қоғамын құруға әміршіл-әкімшіл жүйе жол бермеген болатын. Соның салдарынан өзі аз халық жойылып кетуге әзер тұрды.
Ғасырлар бойына өмір сүрген тарихи Отаны Оңтүстік Грузияда, әсіресе, оның батыс бөлігі Мисхетияда түріктер 220 ауылда шоғырлана тұрды. Олар жеке-жеке ауыл болып та, грузиндермен, армяндармен араласып өмір сүрді. “Ақысқа түріктері ” бөтен түріктер емес. Анатолия түріктерінің түрлі тарихи-географиялық жағдайларға байланысты сыртта қалыптасқан тармағы. \4. \
Ал “Ақысқа ”- Оңтүстік Грузиядағы бес ауданының ең ірісі «Ахалцехенің» түрікше айтылу формасы. Бұл өңір осы ауданның атымен “Ақысқа ” өңірі деп аталады.
Өткен ғасырдың 20-30 жылдарында Ақысқа түріктеріне қарсы қорлау, ұлттық беделі мен адамшылық абыройын аяққа басу шаралары жүзеге асырыла бастады. Күштеп олардың фамилиялары мен аттары, тіпті ұлты өзгертіліп жазылатын болды.
1937-1938 жылдары Ақысқа түріктерінің онсыз да аз зиялыларын құртып жіберді. Олардың бірі ұлтын өзгерту туралы Сталиннің ұсынысын қабылдамай тастаған көрнекті ағартушы, жазушы-драматург Омар Файық еді.
Л. Берияның 1944 жылы 28 қарашада И. Сталиннің, М. Моловтың, Г. Маленковтың атына жазған хатында түріктердің, күрділердің кемшилердің көпшілігі Түркияның шекаралық аудандарындағы туыстарымен байланыстары барлығы шетелге өтіп кету көңіл күйде екендіктері және түрік барлау орындары үшін тыңшы элементтерін табудың негізі болып отырғандығы атап көрсетілді. Жекелеген адамдар әрекеттерін бүкіл халыққа жабатын сталиншілдіктің нағыз сорақы көрінісі еді бұл. \5. \
1989 жылғы қайғылы Ферғана оқиғаларына дейін Ақысқа түріктерінің басым көпшілігі Өзбекстанда тұрған. Құпия коммунистік күштер әзірлеп, жүзеге асырған туыс 2 халықтың арасындағы бұл қанды оқиғалардан кейін Ақысқа түріктері Ресейдің құнарсыз, батпақты өңірлеріне бас сауғалап кетуге мәжбүр болды. Қазақстан мен Қырғызстанда да едәуір Ақысқа түріктері тұрады. Олардың жалпы саны 100-150 мың деуге болады. Ал Қазақстанда 76 мыңдай Ақысқа түрігі бар. Олардың басым көпшілігі Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында тұрады. Қазіргі таңда Қазақстандағы басқа ұлт өкілдерінің ішінде түріктердің саны 1989 жылғы Бүкілхалықтық санақ бойынша 49567 болса, 1999 жылғы Бүкілхалықтық санақта олардың саны 75933-ке өскен. \6. \
Қазақстандағы түріктердің мәдени орталығы
Еліміздегі әрбір ұлттың өзінің мәдени дәстүрлері бар. Сондықтан да әрбір ұлттың тілін пайдаланып, балаларын оқытып-тәрбиелеуге деген құлшынысы заңды. 80-жылдардың соңынан бастап ұлттық сана-сезімнің күрт өсуі байқалады. Бұл қоғам санасындағы түбірлі өзгерістер Қазақстанда ұлттық қатынастарды реттейтін заңдарды қажет етті
Осылайша Қазақстандықтар ұлттық мәдени орталықтар Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 1989 жылғы 14 сәуірдегі “қоғамдық ұйымдардың құрылу тәртібі мен қызметі туралы ”Жарғысы негізінде жұмыс істей бастады. Сонымен қатар оған қосымша 1995 жылы 14 шілдеде “Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің аймақтық органдарында заңды тұлғаларды мемлеккеттік тіркеу тәртібі жөніндегі Ережелер”. 1996 жылы отызыншы мамырда “Қазақстан Республикасындағы қоғамдық ұйымдар туралы”заңдар қабылданды. Қазақстан Республикасы көп ұлтты Қазақстандағы барлық ұлттардың тең құқықтық дамуы үшін заңдық негіз жасалған. \7. \
Конституциялық құқықтық базалар негізінде ұлттың мәдени қайта өрлеу үдерісі басталды. Тек 1994-1996 жылдарғы республикалық және аймақтық ұлттық мәдени орталықтардың 27-сі қоғамдық ұйым ретінде статусқа ие болды. Олардың әр қайсысының облыстық құрылымдарында бөлімшелері бар. Жоғарыда аталғандардың бірі “Түркия мәдени орталығы”(Республиканың түрік қоғамы) 1829 жылы Ресей Түркияның солтүстігіндегі үш ауданын жаулап алып, бұл жердегі Ресей империясының аумағына қосты. Кеңес өкіметі тұсында Сталин ежелгі түрік ауданын Грузия аумағына қосу мақсатымен жергілікті халықты Қазақстанға жер аударды. \ 8 \
Түркия қоғамы Қазақстан халықтарының арасындағы ұлттық, татулықты саяси тұрақтылықтың негізі деп түсінеді. Түрік тілін оқытатын 46 мектеп жұмыс істейді. Жергілікті аймақтық және Республикалық ұлттық мәдени орталықтардың белсенді араласуымен жоғарғы оқу орындарындағы ұлттық тілдерден маман-тілшілер даярлайтын факультеттермен бөлімдер саны көбейді. Атап айтар болсақ, Абай атындағы Ұлттық педагогикалық университетте түрік бөлімі ашылды. 1961 жылы түріктер арасында Уақытша Ұйымдастыру Комитеті(ВОК) құрылып жұмыс істей бастайды. Бұл комитеттің атауы 1990 жылдан бастап «Ватан» (Отан) қоғамы болып ауыстырылды.
1989 жылдан санақ бойынша жалпы КСРО-да 207 мың 512 түрік болған. Олардың негізгі шоғырланған жерлері Өзбекстанда 51. 2 % ал Қазақстанда 23. 9 % құраған.
Қазақстан Республикасы өз егемендігіне қол жеткізген соң1991 жылы ақпан айында республикамызда түрік халықтарының ұлттық мәдени орталығы Түркияда деген, кейіннен 1996 жылы түріктер қоғамы “Түркия-Қазақстан ” деп аталып қазіргі таңда өз жұмысын жүргізіп жатыр. Ол орталық Алматы қаласы бұрынғы Экран кинотеатрында орналасқан. Ал бұл қоғамның облыстық және аудандық филиалдары Шымкент, Тараз, Мерке, Есік, Қаскелен, Ұзынағаш, Талғар, Шелек аймақтарында орналасқан.
Қазіргі таңда Түркия мен Қазақстан арасында қарым-қатынас жақсы дамып келеді. Қазақстандағы түрік азаматтарына арналған телерадио кешендерінде арнайы түрік тіліндегі бағдарламалар жүргізіліп отырады. Бұл бағдарламада түркі халықтарының тарихи, әдет-ғұрып, салт-дәстүрлері, діни наным сенімдері туралы айтылады. Қазақстанда маусым сайын түрік халықтарының мәдени іс-шаралар жүргізіліп тұрады. Мысалы, 1992 жылы түрік халықтық фестивальі Алматы қаласында, 1993 жылы 1 қарашада Түркияның Қазақстандағы мәдени күндері, 1994 жылы 30 қарашада-6 желтоқсан аралығырда түрік фильмдерінің фестивальі, 1996 жылы 30 қарашада Түрік республикасы құрылғанына 73 жыл толғанына арналған кеш Алматы қаласында \Медеу\қонақ үйінде, 1996 жылғы қыркүйек айында Жамбыл қаласында Түрік мәдениетінің күндері, 1997 жылы қазанда Шымкент қаласында Түрік музыкасының фестивальі жоғары дәрежеде өтті.
1991 жылғы маусым айында Алматы облысындағы Түрік диаспорасы туралы «Мы эхо друг-друга»атты документальді фильм түсірілді.
1994 жылы қыркүйек айында Түркиядан келген кинооператорлар Белбұлақ, Қызылқайрат ауылдарында Ленинск және Александровка совхозында Түрік диаспоралары жөнінде фильм түсірілді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz