Жеткіншек шақта өзіндік бағалау


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 51 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . .

1 Жеткіншек шақта өзіндік бағалаудың психологиялық мәселелері

1. 1 Өзіндік бағалаудың теориялық мазмұны

1. 2 Жеке тұлға дамуына өзіндік бағаның маңыздылығы . . .

1. 3 Жеткіншек шақта өзіндік бағалаудың қалыптасу ерекшелігі . . .

2 Жеткіншек шақта өзіндік бағалауды қалыптастырудың

алғышарттарын эксперимент арқылы зерттеу.

2. 1 Жеткіншек шақта өзіндік бағаның қалыптасу деңгейін

анықтау . . .

2. 2 Жеткіншектердің өзіндік бағалауын жетілдіру жолдары

2. 2 Зерттеу нәтижесін жинақтау . . .

Қорытынды . . .

Әдебиеттер тізімі . . .

Қосымша . . .

ӨЗ күшіңе сенудің өзі күш береді Л. Воверанг

Кіріспе

Зерттеу өзектілігі :

Бүгінгі таңда қоғамымыздың даму бағыты жан-жақты дамыған, саналы азамат қалыптастыру мәселесін жүктеп отыр. Білім беру жүйесінде болып жатқан елеулі өзгерістер осы мәселеден туындайды. Қазіргі заман талабына сәйкес білім дегеніміз - жеке тұлғаның әлеуметтік жетілуі мен өз деңгейінің өсуіне қол жеткізуге болатын мүмкіндіктері мен тәртібін жетілдіру процесі және нәтижесі болып саналады. Әрбір балаға жеке тұлға ретінде қарап, оның өзіне тән санасы, еркі, өзіндік әрекет жасай алатын ортасы бар екенін ескеру. Қазақстан өз дамуында жаңа серпіліс жасау қарсаңында Елбасының Қазақстан халқына Жолдауында «Білім беру реформасы - Қазақстанның бәсекеге нақты қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдардың бірі. Бізге экономикалық және қоғамдық жаңару қажеттіліктеріне сай келетін осы заманғы білім беру жүйесі қажет» деп ерекше атап өтті.

Адамның сыртқы дүниемен қарым-қатынас жасау процесінде қажеттілік туындап отырады. Адамға алдына мақсат қойып, оны шешуге ұмтылдыратын оның қажеттіліктері мен іс - әрекетінің бағалануы. Кез-келген адамның бойында ішкі түрткі, қызығу нсезімдері болады. Бұл “ Мен - концепциясы” негізінде орындалады. Өзін - өзі бағалау тұлғаның өзіндік дамуы мен жетілуінің маңызды факторларының бірі. Тұлғаның өзін - өзі бағалауы оның дұрыс, үйлесімді қалыптасуы негізінде болады. Өзін - өзі бағалау - адамның өзінің психологиялық сапалары мен қылықтарын, жетістіктері мен сәтсіздіктерін, кемшіліктері мен артықшылықтарын бағалауы.

Өзіндік бағалау - тұлғаның адамдар арасындағы орны, өзіндік мүмкіндігі және қарым - қатынас сапасы. Өзіндік баға тұлға қалыптасуының барлық кезеңдеріне және іс - әрекетінің нәтижелілігіне ықпалын тигізеді. Сондықтан адамның өзіне деген қатынасы оның тұлғалық дамуындағы ең маңызды қасиеттерінің бірі болып саналады. К. Левин тұлғаның қажеттіліктері, оларды қызықтырушылар деңгейінің өзіне баға беруі оның топтағы мәртебесіне тәуелді екендігін көрсетсе, әлеуметтік орта тұлғаның бейімделуіне, ішкі талаптары мен сыртқы психологиялық жағдайлары үйлесімінің ықпалының өзіне баға берудегі маңыздылығын американ психологы К. Роджерс еңбектерінде айтылған. Ал, К. Хорни тұлға бойындағы қиын ішкі дағдарыстардың өзінің «Мен» қасиеттеріне ықпал болатындығын тұжырымдаған.

Оқушылардың өзіндік бағалауы мектеп психологының жеке балалардың және ұжымның психологиялық жас ерекшелігі мене білім деңгейінің сәйкес даму өрісінің құнды көрсеткіші. Осыған қоса, өзіндік бағалау ұжымның психологиялық ахуалын, оқушылардың қарым - қатынасын және жеке оқушылардың психологиялық мәселелерін анықтауға көмектеседі. Жеткіншек жас туралы Л. И. Ананьев, С. Л. Рубинштейн, Л. И. Божович, Д. И. Фельдштейн, И. С. Кон, Д. Б. Эльконин, Л. С. Выготскидің және тб. еңбектерінен көреміз.

Л. И. Божович жеткіншек шақтағы дағдарысты, өзіндік сананың жаңа деңгейінің пайда болуы, оның өзін тұлға ретінде тануға және өзінің қажеттілігін ажырата алу мүмкіндігінің бар екендігін тұжырымдаған. Мұндай қасиеттер баланың өзіндік реттелуге, құнды деп санаған сапаларын жеткізуге және өзін-өзі тәрбиелеуге көмектесетінін ерекше атаған. Жеткіншек шақта өзіндік бағалаудың жағымсыз жиынтығы оның сыныппен ұжымдық қарым - қатынасы және оқу әрекетінен туындайтын мәселелер көбіне осы топтағы өзара статустың сай келмеуі.

Барлық жағдайларда адамдар анықталынған қызметтерді орындайды және нақты коммуникативті қажеттілікті қанағаттандырады. Жеткіншектің әлеуметтік белсенділігі; ол белгілі бір үлгілер мен игіліктерді игеруге, үлкендермен, құрбыларымен қарым-қатынас орнатуға бағытталады. Балалардың күнделікті дамуы мен қоршаған ортаны тануында өзара тілдесіп қарым-қатынас жасаудың қаншалықты әсер ететіндігін жете түсінуге болады. Қазіргі таңда жеткіншек шақта өзіндік бағалауы оның болашақ жемісті іс - әрекеті. Әрбір тұлға өзінің жетістіктеріне төмен деңгейде қарауы оның болашаққа деген қорқынышы мен сенімсіздігінен екендігін көрсетеді. Сондықтан осы мәселенің маңыздылығын аша отырып біз зерттеу жұмысымыздың тақырыбын «Жеткіншек шақта өзіндік бағалауды қалыптастырудың алғышарттары» деп алдық.

Зерттеу мақсаты - жеткіншек шақта өзіндік бағалаудың психологиялық ерекшеліктерін теориялық негізде қарастырып, алғышарттарын тәжірибе арқылы қалыптастыру.

Зерттеу нысаны - жеткішектердің өзіндік бағалау ерекшеліктері.

Зерттеу пәні - жеткіншек шақта өзіндік бағаудың дамуы және оны қалыптастыру алғышарттары.

Зерттеу болжамы - жеткіншек шақта өзіндік бағаның қалыптасу алғышарттарын психодиагностика жасау арқылы анықтап, жетілдіру жолдары арқылы мазмұнды нәтижеге қол жеткізуге болады, егер де:

  1. жеке тұлғалық құндылықтар сақталынып, сәйкестендірілсе;
  2. мінез-құлық ерекшелігі, іс - әрекеті мен қабілеті бағаланса;
  3. қолданылатын әдістемелер оның қызығушылығына әсер етсе.

Зерттеу міндеттері:

  1. Психологиялық әдебиеттерге талдау жасау
  1. Психологиялық мәселе ретінде жеткіншек шақта өзіндік бағаның қалыптасуын саралау және әрекеттік ықпал жолдарын қарастыру.
  2. Жеткіншектердің өзіндік бағалау деңгейін жетілдірудің тиімді

жолдарын тәжірибеде қолдану.

Зерттеудің әдіснамалық негізі - тұлғаның өзіндік бағалауы туралы қарастырған К. Роджерс, К. Хорни, В. С. Мерлин, И. В. Дубровина, Б. Г. Ананьев, С. Л. Рубинштейн, Л. С. Выготский, Г. У. Оллпорт, А. А. Бодалев, К. Левин және жеткіншек шақта өзіндік бағалаудың маңыздылығын А. Г. Ковалев, В. Штерн, Э. Шпрангер, Р. Бенедикттің зерттеулеріндегі теориялық тұжырымдамалары мен тәжірибелік еңбектері.

Зерттеу нәтижесінің дәйектілігі мен сенімділігі - зерттеудің ғылыми әдістері жүйесін мақсатты түрде қолдану мен теориялық тұрғыда негіздеу арқылы жүзеге асырылды. Тәжірибе жүргізу барысында алынған деректер сандық және сапалық жағынан талданып өңделді, ұсыныстар енгізілді.

Зерттеу әдістері -

1. Зерттеу мәселесі бойынша әдебиеттерге теориялық талдау.

2. Эксперименттер - анықтау, қалыпқа келтіру, бақылау.

3. Психокоррекциялық жаттығулар.

4. Тест.

Зерттеудің тәжірибелік мәні - зерттеуде қолданылған әдіс - тәсілдер жеткіншектік шақта өзіндік бағауды қалыптастыру алғышарттарының психологиялық маңыздылығын жетілдіру.

Зерттеу базасы - №44 Ш. Смаханұлы атындағы қазақ орта мектебі, 7 «ә», «г» сынып оқушылары.

Дипломдық жұмыстың көлемі және құрылымы:

Дипломдық жұмыс кіріспе, екі тарау, қорытынды, қолданылған әдебиеттер тізімі, қорытынды және қосымшадан тұрады.

Зерттеу кезеңдері :

Зерттеудің бірінші кезеңінде мәселенің зерттеу заты мен нысаны анықталынып, болжам жасалды, мақсаты, міндеттері, зерттеу әдістері құрастырылды. Сонымен қатар жұмыстың мазмұны мен негізгі бағыттары анықталынды. Әдебиеттер жинақталынды.

Зерттеудің екінші кезеңінде жеткіншектердің өзіндік бағалау деңгейі анықталынып, түзету - дамыту жұмыстары ұйымдастырылды.

Зерттеудің үшінші кезеңінде зерттеу жұмысымызға теориялық және тәжірибелік тұрғыда жалпылама қорытынды берілді. Жеткіншектердің өзіндік бағалау деңгейін арттыру мақсатында ұсыныстар енгізілді.

1 Жеткіншектік шақта өзіндік бағалаудың психологиялық

мазмұны

  1. Өзіндік бағаның теориялық мәселелері

Өзіндік баға тұлғалық білім беру мен оның өзіндік дамуының күрделі негізі. Мұнда адамның басқалардан өзі туралы біледі, өзінің әрекетін белсенділігінің неге бағытталғанын және жеке тұлғалық сапаларын ұғынады. Бірақ, осыған қарамастан тұлғаның дамуында өзіндік бағалау ерекше орын алады.

Әрбір адам өзіндік тәрбие, өзіндік сөйлеу, өзіндік бағалау, өзіндік ұғыну арқылы өзін - өзі таниды. Адам өзінің сыртқы дүниесін ғана танып қоймай, сондай - ақ сол арқылы әрекет жасауға тырысады. Адам обьективті шындықты бейнелендіре отырып, сол процестерді ғана емес, сонымен бірге сезіне алатын және ойлай білетін тіршілік иесі ретінде өзін - өзі, өзінің мұрат - мүдделерін, адамгершілік бет - бейнелерін де саналы түрде түсінуге шақырады. Өзін - өзі бағалау тұлғаның өзіндік дамуы мен жетілуінің маңызды факторларының бірі болып табылады. Тұлғаның тұрақты өзін - өзі бағалауы оның дұрыс, үйлесімді қалыптасу негізінде жатыр. Өзін - өзі бағалау адамның мінез - құлқы ғана емес, оның тұлғалық сипатына да әсер етеді. Тұлғаның жас өспірім шақтағы қалыптасуы тек ол өскен орта ғана емес оқушының өз талаптарына жауап бере алуына да байланысты.

К. Левиннің және оның шәкірттерінің еңбектерінде тұлғаның қажеттіліктері, оларды қызықтырушылар деңгейі зерттеу нәтижесінде алынған деректер бойынша өзіне баға беру тұлғаның берілген тапсырманы орындау жетістіктері немесе кемшіліктеріне, топтағы мәртебесіне тәуелді екендігі көрсетіледі.

Жеке тұлға алдымен белгілі қоғамның мүшесі. Ол қандай болмасын бір іспен айналысатын, азды-көпті тәжірибесі, білімі мен дағдысы, икемі, белгілі дүние танымы, сенімі мен талғам-мұраты, бағыт-бағдары мінезі, қабілеті бір сыдырғы қалыптасып үлгерген өзінің іс-әрекетін тізгіндей алатын кісі. Әрбір адам өзіндік тәрбие, өзіндік бағалау, өзіндік түсіну арқылы өзін - өзі таниды. Өмір адамның сыртқы дүниесін танып біліп қоймай, сондай - ақ өзін де танып білуді талап етеді.

Өзіндік бағалау К. Роджерс пікірінше, қоршаған әлеуметтік ортада бейімделуге, оның ішкі талаптары мен сыртқы психологиялық жағдайларының үйлесіміне әсер етеді және өзіне баға беруге икемділік бұрынғы құндылықтарды жаңадан бағалауға мүмкіндік береді. Тұлғаның дамуы мен қалыптасуы мен өзіне баға берудің маңыздылығы американ психологы К. Роджерс еңбектерінде айтылған. Ол тұлға құрылымында өзін өзі тану мен өзін бағалау маңызды екенін зерттеген. Бірақ Роджерс тұлғаның қоршаған ортаны, өзара қатынастарымен қатты байланыстырып жіберген, осы қатынастарды нақты «Мен» және идеалды «Мен» арасындағы қатынастық жалғыз факторы ретінде көрсеткен.

Адамның бойында қолдау тапқан өзін өзі бағалау тек сол тұлғаға ғана тең және сол адамның дара психологиялық жағдайы, ішкі дүниесі. Осындай пікір, өзін - өзі бағалауды зерттеп білуге, оқып - тануға болады, себебі адамның іс -әрекетінен өзіне берген бағасы көрініп тұрады. Баланың бойында қоғамнан аластатылған, ешкімге керек емеспін, еш нәрсемен ісім жоқ деген ойлар болады. И. Куперсмит «Өзін өзі бағалау шарттары» деген кітабында өзін - өзі бағалаудың психологиялық сипатын көрсетті. Куперсмиттің ойынша өзіне баға беру - жеке тұлғаның өз бағасын білу сезімінде, ал өзгелерге тұлғаның кейбір әрекеттерінен білінеді.

Розенбург өзіне өзі баға беруді зерттеп, жеке тұлғаның идеалы мен нақты жетістіктерінің қатынасы өзіндік танудың мәне болып табылатындығын айтқан. Бұл пікір У. Джемстің зерттеуімен қатарлас келеді. Өзіне өзі баға беру жетістіктерге тура пропорционал жеке тұлғаның алдына қойған мақсатына жететін жетістіктеріне кері пропорционал. К. Гроув баланың өзіне баға беруіне үш түрлі фактор әсер ететіндігін анықтап берді. Олар: жазалау, қадағалау және психологиялық қолдау. Оның ойынша, өзін - өзі бағалау көбіне әкесіне қарағанда, анасының іс - әрекетіне қатысты. Ата - аналардың мінез - құлқы қыз балаға қарағанда ұл балаға қатты ықпал ететіндігінде. Бұл зерттеуге анна баланың өзіне баға беруі арасында байланыс бар екендігі тіркелген. Анна балаға қамқор болып, қолдау көрсетіп отырса және кінасы үшін қатаң жазаламаса, баланың бойында өзіне - өзі бағалауға жағдай жасалады. Егер бала анасының қамқорлығын сезінсе, ол өзіне де сондай баға береді.

К. Хорнидің тұлғаның бойындағы қиын ішкі дағдарыстар өзіне артық баға беруден, өзімшілдіктен туындайтындығын сипаттап, «Мен» деген өзімшілдіктің нақты «Мен» қақтығысы болатындығын тұжырымдаған. Г. Салливен өзіне баға беру адамның мінезіне бақылау жасайды деп көрсетеді.

Өзіне баға берудің атқаратын қызметі адамды ішкі толғаныстардан сақтау. Өзін бағалау қоршаған ортаға ыңғайлану, қоршаған ортамен қатынасқа түсу арқылы біржақты баға беріледі. Сонымен жоғарыдағы ғалымдардың зерттеулерінен өзін өзі бағалау қоршаған ортаның қатынастарынан, оның әлеуметтік ортаға бейімделуі, оның сыртқы талаптарының сыртқы жағдаймен үйлесуі екендігін көреміз.

Кеңестік кезеңдегі зерттеулер өзіндік бағалауды тұлғаның өзін тануының, оның қалыптасуының өмірдегі іс -әрекетінің нәтижесі деп түсіндірді. Өзіне баға берудің қоғамдық сипаты бар және әлеуметтік құбылыстардың өзгеруіне байланысты қалыптасатындығын Б. Г. Божович, Л. И. Ананьев, С. Л. Рубинштейн еңбектерінен көреміз. Өзін өзі бағалау еңбектің, қарым - қатынастың қиын өнімі, мінезді үйлестіру және қоршаған ортаға қатынас әрекетінен туындайды.

Өзіңді басқалармен салыстыру, теңеу өзіне баға берудің алғы шарты екендігін тұжырымдаған. Адам өз әрекетінде өзін өзгелермен салыстырып, басқалардан байқаған қылықтарды өз бойынан іздеп, кемшілігін түзетуге ұмтылыады. Л. И. Божовичтің өзгені тану өзіңді танудан бұрын қалыптасады және оның негізі мен тіреуі болып табылады. Тұлғаға тән кейбір қасиеттерді қайталап, өзіне алуға тырысады.

Осындай көзқарастардың ішінде Б. Г. Ананьев адамның өзі туралы пікір қалыптасуға ұжымдық өмір, жағдайлар мен әрекеттерге дұрыс баға беру шешімі маңызды орын алатындығын айтқан.

Өзін өзі бағалауды В. С. Мерлиннің пайымдауынша, өз әрекетіңді бағалауда ұжымның берген бағасы, әлеуметтік бағалау маңызды қызметке ие болатындығын ерекше атаған. Әлеуметтік баға толық және жан - жақты болған сайын, бала оны терең таниды және бұл тұлға қалыптасуына үлкен әсерін береді.

Адамды адамның тану ерекшеліктерін А. А. Бодалев жас және жеке дара ерекшеліктеріне бөле отырып, неғұрлым жасы үлкейген сайын олардың қабілеті, танымы мен сенімі туралы пікірлері өзгере түседі, олардың еңбекке көзқарасын, адамның еркі мен өзіне тән ерекшеліктерді жақсы ажыратады. Адамның өзіндік сипат белгілері - оның еңбектену әрекеті нәтижесінде материалдық игіліктерді өндіретіндегі, дыбысты анық сөйлеу тілі арқылы тәжірибе алмасатындығы .

Жеке тұлға обьектіге түрлі мақсатты көздеп қызығады. Өмір сүретін ортасына қоғамдық (экономикалық идеологиялық) тікелей әсер етуінен қалыптасып отырады. Бұл жеке тұлға сөзімен “Мен концепциясы” деп атайды. Роджерс көзқарасы бойынша жеке тұлға сыртқы обьектілерді өзінің ішкі әлемінде қабылдайды.

Жеке адам қоғамдық өмірде тіршілік етіп, өзге адамдармен қарым - қатынас жасайды. Осындай әрекеттеріне сәйкес жеке адамның тұлғалық сипаттары, қадір қасиеттері, іс-әрекет жасау қабілеттері қалыптасады. Тұлғаның кісілік қасиеттері мен даралық ерекшеліктері оның іс-әрекеттегі белсенділігінің өрістеуіне ықпал етеді. Қазіргі кезде психологтар жеке тұлға бірнеше Мен-концепциясын иемденуі мүмкін дейді, олардың біреуі - жақсы, екіншілері - нашар, үшіншілері-жеке тұлғаның қазіргі шағы, төртіншілері - болашақ мүмкін болатын «Мен» концепциясы. Іс - әрекеттің белсенді болуы жағдайында өзінің әрекетін бағалау психологияда әр алуан көзқарастар мен пікірлер бар. Соның бірі - австрия ғалымы З. Фрейдтің пікірі. Ол адам бойындағы белсенділік әрекеттің табиғи әрі биологиялық құбылыс екенін дәлелдеді. А. Кординер, Е. Фромм, К. Хорни т. б. көзқарастары адамның дамуындағы өзін өзі бағалауда іс-әрекетке жан - жақты сипаттама жасаған. Өзін - өзі қалыптастыру адамның тұлғасын жан - жақты тәрбиелеу мен дамытуға ықпал етеді. Өзін - өзі қалыптастыру ережесі төмендегі мінез-құлық пен жеке қасиеттерге:

  • асқан сабырлылық;
  • сөзбен іс - әрекетте жауапкершілік;
  • іс - әрекетті жан - жақты ойластыру;
  • батылдық;
  • санасыз уақыт өткізбеу;
  • өзі жөнінде қажетсіз бір сөз айтпау;
  • әуестік пен құмарлыққа емес, қажеттілік және жетістікке ұмтылу;
  • күнделікті өз істері туралы есеп беру;
  • жалаң сөз емес, іс - әрекет нәтижесін көрсету;
  • болғанды, болатынды мақсатсыз мақтанып айтпау.

Балалар мен ересек адамдардың әр алуан іс - қимылы нәтижесінде олардың автоматталған әрекеті - дағдылары, іс - әрекет түрлерін орындауға бейімділігі мен ептілігі, тіршілікке қажетті әдеттері қалыптасып, адамның анатомиялық, физиологиялық және психикалық жағынан дамып жетілуіне әсер етеді. Оның рухани өмірінің мазмұнын байытады. әсіресе өзінің іс - әрекетін қадағалап, жағымды жетістікке жетуге мүмкіндік алады. Өзін өзі бағалау арқылы іс -әрекетінің нәтижесін қадағалайды. Дағды, ептілік, ниет, әдет адамның өзіндік бағалауының алғы шарттары. Жеке адам санасы мен ақылы арқылы дараланады. Оның дыбысты анық тілі, еңбектену әрекеті қоғамдық жағдайда, бір - бірімен қарым - қатынаста қарастырылады. Іс - әрекеттің жеке тұлға дамуындағы ерекшеліктері әрекетінің нәтижесінен көрінеді. Оқу, еңбек, ойын - адамның дамып жетілуіндегі және қажеттіліктерін өтеудегі негізгі әрекет түрлері. Сол әрекеттердің жас ерекшелігіне сай орындалуы да өзіндік іс -әрекетті бағалаудың нәтижесі. Өзін өзі бағалау арқылы орындалатын әрекеттің мақсаты мен міндетіне байланысты.

Адамының іс - әрекетін тиімді ұйымдастыру оның өз ісіне қызығу мен жауапкершілік сезімін оятады. Адам өмір сүру барысында өз психикасын түрлі жолмен жарыққа шығарады. Мектеп жасына дейінгі бала өз психологиясын ойын арқылы көрсетсе, мектеп оқушысы оқу әрекетінің нәтижесімен бағалаланды. Ал ересек адам өзіне тән ерекшеліктерін еңбек процесінің сан алуан салаларында көрсетеді. Осындай мәселенің байыбын барлап оның тиімді жолын табу әлеуметтік өмірде адамның жеке басының қалыпты дамуын қамтамасыз ете алмай, оған зиянды әсер етері даусыз. Мақсатсыз ұйымдастырылған іс - әрекет болашақ ұрпақтың бойында да жағымсыз мінез-құлықтардың туындауына ықпал етуі мүмкін. Іс - әрекетті баланың дамуы мен оның қалыптасуына жағымды әсер ететіндей жоспарланады.

Адамдар өзара тілдесіп өмір сүруге бейімделуі организм тіршілігі үшін су мен ауа, күн шұғыласы сияқты табиғи қажеттілігімен бірдей. Бұл мәселенің өзектілігі қазіргі кездегі адамдардың іс-әрекетінің ұжымдық ерекшелігінің артуымен байланысты, тәжірибенің талаптарымен байланысты және адамдарды ұйымдастырудың, басқарудың тиімділігінің өзекті мәселелерімен, олардың араларындағы қарым-қатынастың күшеюін реттеу, тәрбиелік және психотерапиялық әсерлерді қолдану мәселеріне байланысты. Сондықтан, баланың іс - әрекетін ұйымдастыру арқылы оның неге қабілетті екенін анықтаумен қатар болашақта жағымды жетістікке жетуге мүмкіндік туғызады. Ол баламен оған бағыт беруші ата-ана, педагог немесе үлкендердің ықпалымен іске асады.

Біріккен іс-әрекеттің тиімділігі, көбіне жеке тұлғалық және топтық мүмкіндіктердің қолайлы жүзеге асуына байланысты болады. Топтағы қолайлы іс -әрекет тек оның нәтижелерінің өнімділігіне ғана әсер етпейді, сонымен бірге адамды қайта қалыптастырады, оның жаңа мүмкіндіктеріне жол ашады. Осыған байланысты өзара әркеттесудің стилін үйлесімді ету қажеттілігі туындайды. Топтық іс-әрекетті орындау барысында жеке бағалау мен топтық бағалау қасиеттері қалыптасады.

Өзін өзі бағалаудың психологиялық сипаты төмендегі деңгейде болады:

- Өзіндік бағалаудың дамуы - жағдайға байланысты іс - әрекет. Бұл деңгейде адам өзінің қылықтары мен тұлғалық сипаты арасында байланыс тудырмайды. Ол өзіндік «менді» іс - әрекеттің сыртқы нәтижесіне қарай бағалайды. Осыған байланысты бұл нәтижелер адам мүмкіндіктеріне сәйкес байланысты болуы қажет. Сыртқы жағдайлардың бірден болуы өзіндік бағаны тұрақсыз етеді.

- Жағдайға байланысты сапалы бағалау. Бұл деңгейде адам өз қылықтары мен әрекетіне есеп береді. Тұлғаның қадір қасиеті толық көрінеді. Адамның мінез - құлқы мен дара қасиеттері арасында байланыс туындайды. Адам өзінің бойындағы жақсы қасиеттерін саралап, өзін өзі тәрбиелеудің маңыздылығын байқайды. Өзін өзі бағалаудың тербелісте болуы өзін - өзі дамытуда жағдайға байланысты қарасытрылады.

- Сапалы консервантты деп аталады. Мұнда тұлғаның қылықтары мен қасиеттері арасындағы тура байланыс бұзылады. Тұлғаның қасиеті нақты қылыққа байланысты оның танымына обьективті шындық түрде бейнеленеді. Нақты іс - әрекет тұлғаның қасиетін толық көрсетпейтінін таныған тұлғаның ішік таным дүниесі оның іс әрекетінен бөлінеді. Өзін - өзі бағалау толық емес болады, жеке қылықтар арқылы жетістікке жету. Өзін - өзі қалыптастыру деген сенімі азаяды. Өзін - өзі тәрбиелеп дамытуға күш салмайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жеткіншектердің құрбы - құрдастарымен қарым - қатынас мәселелерінің психологиялық аспектілері
Жеткіншектер қарым - қатынасының өзіндік бағалауын анықтау
Жеткіншектердің өзара қарым-қатынасы мен өзін-өзі бағалауының психологиялық ерекшеліктері
Жоғары мектеп оқушысының тәрбиедегі өз-өзін бағалау ерекшеліктері
Жеткіншек дамуындағы қарым - қатынастың маңызы
Жеткіншек жас кезеңіндегі мінез ауытқулары және оларға көмек көрсету жолдары
Жеткіншек кезеңіндегілердің психикалық дамуы
Жас өспірімдік кезең
12 жылдық білім беру үдерісінде тұлғаның өзіндік танымына әлеуметтік орта әсерінің психологиялық ерекшеліктері
Жеткіншек шақтағы агрессивті тәртіптің мәселелері жөніндегі теориялық анализ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz