Аудиторлық бақылау


Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Аудиторлық бақылау.

Аудиторлық бақылау туралы түсінік .

Қаржылық бақылауды жетілдірудің аса маңызды бағытттарының бірі қаржылық бақылаудың тәуелсіз нысаны - аудиторлық бақылауды дамыту болып табылады, бұл мемлекеттік емес шаруашылық органдар санының көбеюімен және тиісінше қаржы, бақылау, есеп санында қызметтің сан алуан түрлерінің өсуімен байланысты болып отыр. Аудиторлық бақылау - тәуелсіз аудиторлық фирма мен шаруашылық жүргізуші субъектілер иелерінің жасасқан келісімшарты негізінде қаржы шаруашылық қызметінің жай - күйін тексеру. Аудиторлық бақылаудың негізгі мақсаты - кәсіпорындардың, фирмалардың, ұйымдардың бухгалтерлік қаржылық есебінен дұрыстығын белгілеу, олардың ақпараттық жүйелерінің сенімділігін бақылау. Аудиторлық жұмыста талдамалық және экспорттық болжам қызметіне үлкен мән беріледі, ол тапсырыс берушілерге өздерінің іскерлік саясатының тиімді стратегиясы мен тактикасыны жасаудың мүмкіндінгі бар.

Аудиторлық палаты коммерциялық емес, тәуелсіз, кәсіби, өзін-өзі басқаратын және өзін-өзі қаржыландыратын ұйым болып табылады.

Қаржы аудиті деп уәкілеттігі бар ұйымдар мен мамандардың қаржылық есептемесіне сараптама талдау жүргізу, қаржы шаруашылық қызметін бақылау, шаруашылық жүргізуші субъектілерге олардың тапсыруы бойынша қызметтің басқа түрлерін көрсету жөніндегі солардың есебінен жүргізетін тәуелсіз қызметін айтады.

Қазақстан Республикасында 1998 жылдың 20 қарашасынан бастап «Аудиторлық қызмет туралы заң» жұмыс істейді. Ол аудиторлық қызметті жүзеге асыру процесінде мемлекеттік органдар, заңды және жеке тұлғалар, аудиторлар мен аудиторлық ұйымдар арасында туындайтын қатынастарды реттейді.

Аудиторлық қызмет - бұл аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың қаржылық есептеме аудитын жүргізу жөніндегі кәсіпкерлік қызметі.

Аудиторлар мен аудиторлық ұйымдар, өз қызметінің бағыты бойынша қаржылық есептеме аудитінен басқа да қызметтер көрсете алады. Мысалы: статистикалық және бақылау есептерін жасау, салықтық мағлұмдамаларды толтыру: қаржылық шараушылық қызметің анализін талдау; қаржылық, банктік, салықтық және т. б. шаруашылықтарға кеңес беру; автоматты түрде бухгалтерлік есепті жүргізуді үйрету; адвокаттық қызметпен байланысты емес, заңгерлік қызмет көрсету және сол сияқты. Бірақ бұл шаруашылық қызметтерін көрсету үшін аудиторлық фирмалардың арнайы лицензиялары болуы керек. Аудиторларға және аудиторлық мекемелерге басқа түрдегі кәсіпкерлікпен айналысуға тыйым салынады. Аудиторлық қызметтің негізгі қағидаттары: тәуелсіздік; объективтілік; кәсіби біліктілік; құпиялылық. Аудит Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленеген талаптарға сәйкес қаржылық есептеменің дұрыс және объективті жасалғаны туралы тәуелсіз пікір білдіру мақсатында заңды тұлғалардың аудиттелетін субъектілердің қаржылық есептемесін тексеру аудит болып табылады. Аудиттің түрлері - міндетті аудит және бастамашылық аудит. Міндетті жыл сайынғы аудитке мыналар жатады: бакнтер, кредиттік серіктестіктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар және бағалы қағаздар рыногында қызмет істейтін ұйымдар, сақтық ұйымдары, жинақтаушы зейнетақы қорлары, зейнетақы активтерін басқару жөніндегі компаниялар, шетел қатысатын кәсіпорындар, ашық халықтық қоғамдар. Аудит жүргізу, сондай - ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген өзге жағдайлардада міндетті болып табылады. Бастамшылық аудит - аудиттелетін субъектінің бастамасы бойынша аудиттелетін субъектінің және аудиторлық, аудиторлық ұйымының арасында аудит жүргізуге жасалған шартта көзделген нақтылы міндеттер, аудит мерзімі мен көлемі ескеріле отырып жүргізіледі. Аудит және сыртқы және ішкі болуы мүмкін.

Сыртқы аудит - аудиттің тәуелсіз нысаны, Ішкі аудит - шарушылық жүргізуші субъектісін бақылаудың ведомствалық немесе ішкі нысаны. Ішкі аудит шаруашылық жүргізуші субъектісінің тілегі бойынша және шартымен жүргізіледі.

Аудит мынадай дәйекті стадиялар бойынша жүргізіледі:

  • Жоспарлау тараптардың іс- қымилын іштей жүйелеуге ;
  • Аудитор объектісі туралы ақпарат алу, оны бағалау;
  • Аудитор рәсмін жасау және басқарманы әзірлеу;
  • Бақылау жүйелерін тексеру және оның тестері;
  • Аудит режімин жүргізу;
  • Аудиторлық қорытындыны қалыптастыру.

Аудитор - бұл кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржы шаруашылық және коммерциялық қызметіне жасалатын қаржылық бақылаудың біздің елдегі жаңа ұйымдық нысаны. Ол бақылау мен коммерциялық аудиторлық қызметі жеке кәсіпкер ретіндегі не аудиторлық ұйымның қызметкері ретінде жүзеге асыруға құқылы. Аудиторлық міндеттері мемлекеттік бақылаудың міндеттерінен ұқсас тексерілетін ақпарттық, жасалынғанм шарушылық операцияларының қолданыстағы заңға сәйкестігін анықтау.

Аудиторлық мекеме - бұл аудиторлық қызметті жүзеге асыру үшін ұйымдық құқықтық формада құрылған коммерциялық ұйым. Аудиторлық мекемедегі аудиторлардың саны екі адамнан аспауы қажет. Аудиторалрдың жарғылық капиталға салған үлесі 51 пайыздан кем болмауы тиіс. Аудиторлық мекеменің басшысында Қзақстан Республикасымен берілген, Кәсіби аудитор деген куәлігі болуы тиіс. Келсімшарт негізіде жүргізілген аудитттен кейін аудиторлық есеп жасалынады. Бұл жерде мыналар көрсетілуі тиіс: адиттің басталған күні; аяқталған күні; аудитордың аты - жөні; жіберілген қателіктер т. б. аудиторлық есеп қаржылық есептің ажырамас бөлігі. Ол жерге аудитор өзінің қолын және мөрін қоюы керек. Сонымен бірге бұл есепте аудиторға берілген лицензияның нөмірі және берілген күні көрсетілуі тиіс. Аудиторлық стандарттар дегеніміз - аудиттың қағитаттарын, аудит жүргізуге байланысты талаптарды айқындайтын нормативтік құжаттар. Бұл стандарттар республикалық аудиторлар палатарының конференциясында қабылданып, мемлекеттік органмен бекітіледі. Аудиторлардың және аудиторлық мекемелердің құқықтары:

  • Аудитті жүргізудің әдістерін өздері таңдау;
  • өздеріне қажетті келісім шартта көрсетілген қаржылық шаруашылық құжыттарды алу;
  • 20 бапта көрсетілген мамандардан басқа, кәсіби біліктігі бар қызметкерлерді еліктіруі;
  • Аудиттелетін субъек өзінің шарттарын бұзған кезде, жүргізуден бас тарту немесе аудиторлық сепеті бермеу;
  • Аудиторлар және аудиторлық мекемелер аудит жүргізетін отырғанда, үшінші субъектілердің, яғни мемлекет немесе басқа аудиторлардың жұмысқа араласуға құқықтары жоқ.

Аудиторолардың және аудиторлық ұйымдардың міндеттері:

  • Аудит жүргізген уақытта аудителетін субъектінің қаржылық жағдайының құпиялығын сақтау;
  • Жүргізген құжаттарды сақтау;
  • Қаржылық есептегі болаған қателіктерді аудиттелетін субъектіге хабарлау;
  • Егер қателіктер банкте, жинақтаушы зейнетақы қорында, сақтандыру мекемелерінде анықталған болса, оны дер кезінде мемлекеттік органға хабарлау.

Аудиттелетін субъектінің құқықтары:

  • Аудит жүргізуге байланысты заңдарды аудитордан немесе аудиторылық мекемеден хабардар болу;
  • Аудиттік байланысты болған ескертулермен танысу;
  • Қаржылық есептегі жіберілген қателіктерді білу;
  • Егер аудитор немесе аудиторлық мекеме өзінің шарттарын бұзатын болса, олардың қызметтерінен бас тарту.

Аудиттелетін субъектілердің міндеттері:

  • Сапалы аудиторлық бақылауды жүргізуге жағдай жасау;
  • Аудиторлық немесе аудиторылық мекеменың жұмысына араласпау;
  • Қажетті ақпарат алу үшін өзінің атының аудитордың қалауы бойынша үшінші тұлғаға немесе мекемеге сұрау жүргізу.

Аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың жүргізетін қызметтері сан

алуан. Оны Қазақстан Республикасындағы алғашқы және ең ірі аудиторлық ұйым - «Қазақсатанаудит» компаниясының мысалынан көруге болады. «Қазақстанаудит» компаниясының Астана қаласында және республиканың барлық облыстарында құрылымдық бөлімдері бар. Компания аудиторлық қызметтің қағидаттарын бұлжытпай сақтайды.

Қазақстанда аудиторлық бақылаудың тәжірибесі

Қаржылық бақылау комитеті 2004 жылы 5858 объектілерді тексерген. Нәтижесінде 11745, 5 млн теңгеге жасалған қателіктер табылды. Соның ішінде: бюджеттен бөлінген ақшаларды заңға қайшы пайдаланған ақша соммасы - 6430, 4 млн. теңге; шаруашылық жүргізуші субъектілердің өз ақшалары заңға қайшы пайдланған ақша сомасы - 2819 млн теңге; бюджеттік ақшаларды дұрыс пайдаланбаған ақшс сомасы - 918, 2 млн теңге; бюджеттік ақшаларды кредиттерді, кепілдендірілген мемлекеттік заемдарды толық пайдаланбаған ақша сомасы -111, 7 млн теңге; зейнетақыны, сыйақыларды төлеуден кеткен қателіктердің ақша сомасы - 39, 9 млн теңге.

Комитеттің 2004 жылға жасалған бақылауы бойынша қалпына келтірілген шығындар сомасы - 861 млн теңге; мемлекеттік бюджетке аударылған сома - 81, 4 млн теңге; жетіспеген тауарлы материалды құндылықтардың және ақшалардың қалпына келтірілгені - 43, 2 млн теңге. Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексіне сәйкес 259 айыпты тұлғаның мойнына 2 млн теңге айып салынды, соның ішінде бюджетке түскені 1, 5 млн теңге. әкімшілік жауапкершілікке және тәртіпке тартылған азаматтардың саны - 1107; осының ішінде 52 адам өзінің қызмет орындарынан босатылды.

Мемлекеттік қаржылық бақылау стандартына сәйкес әртүрлі бағдарламалар, қаржылық бақылауды жүргізу методикасы, ревизорлардың қызметтерін айқындайтын көптеген ұсыныстар жасалды. Электронды нұсқада бақылаушы ревизорға арнайы анықтама жасады. Ол жерде бақылауды жүргізу ережелері толық қамтылған.

Қаржы министрлігі, оның қаржылық бақылау комитеті және мемлекеттік сатып алу комитеті және аумақтық қаржы органдары әлеуметтік - экономикалық сфераның қаржы саласын тексеріледі. Олар жоспар, смета және қаржы тәртібінің сақталуын, кірістерді есептеудің дұрыстығын, толымдылығын және дер кезіндегі уақытын, мемлекеттік қаражаттары жұмсалуының заңдылығын және мақсатқа сәйкестігін, бухгалтерлік есеп - қисаптың және есептеменің дұрыстығын бақылап отырады. Қаржылық бақылау комитетінің маңызды функциясы бірлескен және шетелдік кәсіпорындарды, экспорт импорттық опирацияларды валюталық бақылау болып табылады.

Ал жалпы мемлекеттік қаржылық бақылауды мемлекеттік билік пен басқарудың мына органдары жүргізеді: Президенттің аппараты, Қазақстан Республикасының Парламенті, Үкіметі, жергілікті өкілетті органдар депутаттарының жиналыстары, жергілікті әкімшілік органдары. Бақылаудың бұл түрі Республикалық бюджеттің атқарылуына бақылау жасау жөніндегі есеп комитетіде жүргізеді.

Қаржылық бақылаудың шетелдік тәжірибесі.

Шет елдердегі дәрежесінің әр жақтылығының дамуы қаржылық бақылаудың түрлі әдістері мен тәсілдерінің пайда болуына негіз болып отыр. Көптеген елдерде тәуелсіз мемлекеттік қаржылық бақылау институттары бар. әртүрлі мемлекеттерде «Бақылау» деген түсінік «Аудит» сөзімен түсіндіріледі, онда механизмдердің әртүрлі болуының ерекшеліктері бар.

Израильде жалпы бақылау жүйесінде мемлекеттік аудит негізгі рөлді атқарады. Мемлекеттік аудит институты мемлекеттік бақылау қызметі болып табылады. Израильдің заңы бойынша мемлкеттік бақылаушы Кнессетке «( Парламентке! Есеп береді немесе Үкіметтен тәелсіз болып табылады. Бақылаушы Кнессетті билік пен оның өкілетті тұлғаларының жұмыс істеуіне қадағалау құрамын атқарады. Израильдің мемлекеттік аудиті үш негізгі элементті кіріктіреді:

  • Заңдылығы «Заңға сәйкес жұмыс істеуін тексеру, дұрыстығы (шығындар мен кірістердің дұрыс есепке алынуы; ) »
  • Экономиканың қолайлығы (инвестицияға салынған салымды тексеру), өндірістік(салымдар мен нәтижелердің арасындағы байланыстылық) ;
  • Моральдік бүтінділік (мемлекеттік қызметкерлердің тәртіптік нормалары мен ережелерін жинақтаушылығын тексеру)

Мемлекеттік бақылаушы осы прициптерді бұзғандарға әртүрлі ұсыныстар

мен осы қателіктерді жібермеу ережелерін белгілейді. Мемлекеттік аудиттің объектілері болып министрлік және мемлекеттік мекемелердің қызметі оған әскери құрылымы және сонымен қатар жергілікті органдардың өкілеттіліктері жатады.

Мемлекеттік бақылаушы шоттарға, құжаттарға және мемлекеттік аудит объектілерінің барлық деректер базасына шектеусіз қол жету мүмкіндігі мен қоғамдық есеп берушілікті қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік органдардың әкімшілік жүргізу және басқа джа ұйымдардың кең спектрлік қызмет бойынша көп жақты аудитті жүзеге асырады. Есеп беру ақпаратқа қарағанда міндетті жариялануын қажет етеді. Ал 1971 жылдан бастап мемлекеттік бақылаушы Онбудсмен функциясына байланысты, азаматтардың өкілетті органдарға жазған шығындары бойынша болған жетіспеушіліктерді қарастырады.

АҚШ-тың қаржылық бақылауы Израильдің мемлекеттік аудиттің құрылымды моделінен ерекшеліктері бар. Ең ірі қаржылық бақылау органы болып негізгі қаржылық бақылау басқармасы болып табылады. (ГФКУ) . Ал 1921 жылы құрылып, толық заңды өкілеттікке бағына бастады. Оның министрліктің және ведомствалардың барлық құжаттарына қол жеткізуге құқы бар. Екінші негізгі бақылау органы болып әкімшілік бюджеттік басқарма «АБУ» болып табылады. Ол АҚШ Президентінің құрамындағы атқарушы басқармасы болып саналады. әкімшілік бюджет басқармасының негізгі функциялары: президентке ұсынылған қаржы және экономикалық саясаты жөніндегі сұрақтарды бюджет жобасының дайындығы оны4 орындалуын бақылау, федералды бағдарламалардың жүзеге асырылуын бақылау, министрліктер мен ведомствалардың қызметтерін бағыттау және т. б.

Мемлекеттердің ішінде екі деңгейлі жүйесіндегі мемлекеттік бақылауды жүргізетін мемлекет Германия болып табылады. Германиядағы қаржылық бақылаудың негізгі органдары: Қаржы жағдайындағы федералды ведомствалар болып табылады. Олар мемлекеттік қаржының бақылау жөніндегі тәелсіз орган болып, мемлекеттің қаражаттарын тиімді және белгіленген тәртіпте жұмсалуын қадағалайды. Федералды есептеу палатасы тексеру нәтижелерін әр жыл сайын Бунденстагқа, Буденстагқа федералды Мемлекеттік қаржылық бақылау Ресей Федерациясының заң шығарушы мен атқарушы билік арқылы жүзеге асырылады. Ресей Федерациясының Парламентіне бақылау сферасында кең өкілеттіліктер берілген. Соның ішінде, федералдық бюджетпроцесін қарастыру мен бекіту, оның атқарылуын қамтамасыз ету. Кеңес Федерация мен Ресей Федерациясының мемлекеттік Думаның қаржы бақылау органы Ресей Федерациясының Санақ палатасы Ресей Федерациясының 11. 05. 05. жылы заңынан «Ресей Федерациясының Санақ палатасы туралы» палата мемлекеттік қаржы бақылау органы болып табылады. Санақ палатасының қызметі барлық шаруашылық субъектілерге, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына қоғамдық мекемелерге (федералдық бюджеттен қаржыландырылса) бағытталады. Бірақ Санақ палатасы ведомствалық қаржылық бақылауды жүргізе алмайды. Санақ палатасының қызметкерлерінің қорытындылары бойынша жіберілген бұзушылықтарды алдын алу, жолын кесу, ашу және тергеу жөнінде басшылыққа хабар береді. Қаржы бақылауының атқарушы билігінің басты органы Ресей Федерациясының министрлігі болып табылады. Оның қызметіне мемлекеттік бюджетінің атқарылуы, мемлекеттік қаржының шығыстарын бақылау кіреді. Ресей Федерациясының қаржы министрлігінің бөлімшелерінің ішінен мемлекеттік қаржылық бақылауды жүзеге асыратын негізгі орган - Ревизиялық бақылау басқармасы (К. Р. У. ) . бұл орган федералдық бюджеттен қаржыландырылатын кәсіпорындар мен мекемелерде бақылау ревизияларды жүргізуі, бюджеттік мекемелердегі ақша қорлары мен тауарлары материлдық құндылықтардың бар болуын қадағалайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Аудиторлық тапсырманы жасау
Аудиторлық тәуекелділік
Нарық экономикасы жағдайындағы аудит
Аудитордың жұмыс құжаттары
Аудиторлық тәуекел және оның компоненттері
Аудиторлық тексеруді жоспарлау кезеңдері
Аудитті құжаттау — аудит жұмысының маңызы
Аудиттің мәні, функциялары, принциптері
Аудит жалпылама түсінік; пайда болуы; мәні және түрлері
Аудиторлық дәлелдеулерді жүргізудің әдістемелік ерекшеліктерін қарастыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz