Мінез және оны тәрбиелеу


КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі. Халқымыздың болашағын анықтайтын «Қазақстан -2030» жолдауында Президентіміз ел белгісі барысты сипаттай келе «Ол жаңа асулар мен шыңдарды бағындыруда мақсатына жетелейтін елеусіз, бірақ сенімді соқпатарды іздестіруде табанды да бірбеткей болуы тиіс» деген екен [1, 6 б. ] Осындай бір елеусіз, бірақ сенімді соқтықпақтың бірі: жас ұрпақты болашаққа жетелейтін білім мен тәрбие жолы екендігі даусыз.
Еліміздің болашағы - бүгінгі шәкірт. Ал олардың қандай азамат болып шығуын қадағалау мұғалімге жауапты жұмыс. Педагог, психологтар қауымының алдында үлкен міндет, ауыр жүк тұр. Бүгінгі таңда мектептің негізгі міндеті - баланың бастапқы тұлғалық қалыптасуын қамтамасыз ету, оның қабілеттерін айқындау және дамыту [2, 8 б. ]
Нарықтық қатынас кезінде адамзатқа ортақ құндылықтар мен тәрбие теорияларына, озат тәжірибеге сүйеніп, Қазақстанның ұлттық және әлеуметтік-экономикалық ерекшеліктерін ескере отырып, мінезінде олқылығы бар оқушыларды қоғам алдындағы өзінің дербестігі мен жауапкершілігін сезінетін, ұлттық сана сезімі оянған, биік парасаты, ар-ожданы мол азамат етіп тәрбиелеу өмір талабы болып отыр. Бірақ, қазіргі көп мәдениетті қоғамда балаға сырттан әсер етуші жағдайлар оның жаңа қалыптасып келе жатқан тұлғасына әсерін тигізеді. С. Т. Холлдың айтуынша, «бала толыққанды дамуы үшін» өз халқының сезімдері мен көзқарастарын басынан өткеруі қажет [3, 10 б. ]
Әр жас кезеңінің адамның тұлғалық қалыптасуында алатын өзіндік орны және соған байланысты мектептегі кезеңнің өзіндік маңызы бар. Бұл баланың «мен» бейнесін қайта құрып, айналасындағыларға сыни көзқарас қалыптастырады. Жас кезеңдерінде физиологиялық өзгертулермен қатынастар психологиялық өзгертулер де болатындығы баршаға мәлім. Осы психологиялық зерттеулер дағдарыс туғызады. Әрбір жас кезеңіне сай дағдарыс түрлі өмірге келу дағдарысы, үш жастағы дағдарыс, жеті жастағы дағдарыс, жасөспірімдік кезеңдердегі дағдарыс және сұрақтар дағдарасы сияқты кезеңдерге жіктеледі.
Балалық шақтан есею кезеңіне өту кезіндегі дағдарыс жасөспірімнің қоршаған ортаға деген қатынасын білдіріп, қажеттілік және тілектерінің өзгеруіне, ішкі дүниесінің қайта құрылулар әкеледі. Сондықтан да ерекшеленуге өз мінезін көрсетуге тырысады. Осы уақыттан бастап оқушылардың мінезінің және оның тәртіптерінің түрлері байқала бастайды. Сол уақытта бала өз беттілікке ұмтылу әсерінен отбасы ықпалынан құтылуға, олқылық істерді жасауға, өзін ерекше етіп көрсетуге әкеледі. Одан келіп әлеуметке қарсы қалыпсыз мінез және тәртібі пайда болады. Қалыпсыз мінез девиантты тәртіп немесе девиантты мінез деп атайды.
Психологиялық-педагогикалық зерттеулерде бала мінез-құлқының ауытқу мәселесі түбегейлі зерттеліп сипат алғанымен, қалыпты дамыған бала мінезінің жағымсыз түрлерінің туындау себептері ғылымда өз деңгейде зерттелінбеуде.
Балалар бастауыш мектепте мәдени мінезінің негізгі ерекшеліктері жөнінде аса үлкен көлемдегі білімдерді игеріп, оларды саналы түрде орындауға әдеттенуге тиіс. Әдептілік пен мінез-құлықытарды олардың бәрімен бірдей таныстыру өте қиын. Сондықтан да оқушыларға мінез-құлық және адам тәртіптілігінің ережелерін үйретумен бірге ереже рухына сай әрекет етуге, яғни жаңа жағдай кезінде бұрыннан мәлім ережелер негізінде, әрекеттің дұрыс жолын таба білуге баулу керек. Бұл өте күрделі міндеттердің бірі болып отыр. Балаларды мінез және тәртіп ережелерін мектепте, көшеде, қоғамдық орындарда орындауға баулу керек, сондықтан да бүгінгі дипломдық жұмысымыздың тақырыбын «Мінез және оны тәрбиелеу жолдары» деп алуымызға негіз болды.
Зерттеудің мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларының мінез ерекшеліктері және оны тәрбиелеу жолдары
Зерттеудің нысаны:бастауыш сынып оқушылары
Зерттеудің пәні: бастауыш сынып оқушыларының мінез мәдениетін қалыптастыру үрдісі
Зерттеудің міндеттері:
1. Мінез және оны тәрбиелеудің ғылыми-теориялық негізі;
2. Мінездің қалыптасу заңдылықтарын анықтау;
3. Бастауыш сынып жасындағы бала мінезін қалыптастырудың жолдарын анықтау.
Зерттеудің болжамы: ата-аналар мен мектеп ұстаздары баланың мінез-құлық ерекшеліктері туралы барынша ақпараттанған болып, оны оқу-тәрбие үрдісінде тиімді қолдана білсе, бала бойында жағымсыз тәртіп пен мінез белгілері алдын алуға мүмкіндік артқан болар еді.
Зерттеудің базасы: №18 Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы орта мектеп-лицейі.
1. МІНЕЗ ЖӘНЕ ОНЫ ТӘРБИЕЛЕУДІҢ ҒЫЛЫМИ - ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Мінез, мінез құрлымы
Балалар мен жасөспірімдерге қоршаған адамдардың немқұрайлылығы, зейін қоймауы негізінде дамитын әлеуметтік-педагогикалық бақылаусыз қалу бұл тізбектегі ерекше рөл мен мағынаға ие. Нәтижесінде жалғыздық, қараусыз қалғандық, қажетсіздік, қорғансыздық сезімдері пайда болады. Үлкендерге деген қарсылық, жатырқаушылық, жек көру сезімдері, баланың пікірінің, тағдырының, қызығушылықтары мен икемділіктерінің өз бетінше ұйымға, кооперацияға, өзін-өзі ұйымдастыруға ұмтылуына алып келеді.
Жағымды әлеуметтік тәжірибесінің жеткіліксіздігі, өмірге көзқарасының, құндылықтар жүйесінің, әдет қалыптары мен эстетикалық талғамдарының жетілмегендігі және қалыптасқандығы жасөспірімдердің өз белсенділігі жағымсыз, құлыққа қайшы аймақтарға жұмсауын таңдауға ықпал етеді, бұл олардың мінездің, тұлғаның қалыптасуынан, әлеуметтік бейнесінен көрініс береді. Бұл үдерістегі ауқымды рөл балаларға кезінде педагогикалық, психологиялық, әлеуметтік және медициналық көмектің көрсетілуінде жатыр.
Қазіргі кездегі балалардың жүрген ортасы қолайлы емес. Ол қандай да бір шамада ауытқушы мінез-құлықтың әртүрлі нысандарын мектепке бара жатқанда да, ауылда, қоғамдық орындарда, тіпті үйде де және мектепте де көреді. Мораль мен мінездің аймағындағы ауытқушылықты тудыратын қолайлы жағдайларды жасырып, бейнесіз өзара қатынас сипатымен, еркіндігінің көптігімен, кері әсер ететін экономикалық, әлеуметтік және мәдени факторларының кең ассортименті бар қалалық орта құрайды. Дәстүрлі ұлттық құндылықтар нормасының босауы, ата-ананың, әсіресе, отбасындағы әке беделінің төмендігі, мінездің тұрақты үлгілері мен морлаьдық шекаралардың жоқтығы, әлеуметтік бақылаудың босаңсуы баланың ортасындағы ауытқушы және өзін-өзі жоюшы мінездің өсуіне әкеледі [4, 14 б. ]
Адам өмірге пәк, ештеңеден хабары жоқ, ақ қағаздай таза болып келеді. Өсе келе, адамдар мінез-құлық, іс-әрекеттері арқылы бір-бірінен ерекшеленеді. Біз белгілі бір адамды сипаттау немесе оған баға беру үшін, ең алдымен оның мнезін айтамыз. Соның ішінде ол адамның өзін қоршаған ортадағы іс-қимылын, адамдармен қарым-қатынасы, оның орны жайлы айтылады. Мінез - адамның бүкіл өмір бойғы іс-әрекеттері мен қылықтарына, өзін-өзі тәрбиелеуіне байланысты қалыптасып, дамып отыратын өзіндік психологиялық қасиеттер мен ерекшеліктердің жиынтығы [4, 18 б. ]
Кейбір адамдар қиын жағдайда қарама-қайшылықтарды жеңіп іс тындырса, содан өзіне рақат табады және осындай жағдайды өздері ұнатады, ал басқалары керісінше оңай жолды іздестіреді. Мұндай адамдарға өзіне тапсырылған істі қандай нәтижемен аяқтады және басқа адамдарға қандай әсер қалтырғаны аса маңызды емес, оларға тек істі өзгелерден қалмай орындағандары маңызды [5, 4 б. ]
Мінез дегеніміз - грек тілінен аударғанда із қалдыру ерекше білгі дегенді білдіреді. Адамның өмірге беталысын білдіретін, оның бір сындырып тұрақты және тұрлаулы жеке дара қасиеті. Мінезді адамның сан алуан қасиетін (оң, теріс) әр қырынан көрсететін, тіршілік бағытының өрнегі деуге болады. Мінез - кең мағыналы ұғым, онда адамның әртүрлі қасиеті мен саналары тоғысып жатады. Мінез - жеке адамның тіршілік жағдайындағы қылығын бейнелейтін тұрақты және мәнді психикалық ерекшеліктерінің үйлесімі. Мінез өмір, тәрбие қалпы мен жағдайын көрсетеді. Олардың өзгеруіне байланысты мінез де өзгереді. Мінез темпераментпен де байланысты. Оның 2 сипаты бар: 1) адамның ақиқат дүниеге қатынасы және оны жүзеге асырудың өзіндік амалдары. 2) өз әрекетін тәртіпке келтіре алатын өзіндік еріктері. Адам ғұмырының барлық жасында мінезге тәрбиелеу ықпалы зор. Оның ішіне қайта тәрбиелеу өзін-өзі тәрбиелеу кіреді. Ал мінез-құлық дегеніміз- адамның генетикалық ерекшеліктеріне байланысты болады, өмір жағдайына сәйкес және солардың ықпалымен байқалып отыратын тұрақты психикалық ерекшеліктерінің жиынтығы. Адам өзінің мінез-құлқына бақылау жасау арқылы, мінездегі мінін түзетуге, жағымсыз әрекеті, дөрекі мінездерден өзін тыйып ұстауға болады. Мінез-құлық адамның өзіне, маңайындағы басқа адамға, тапсырмалары ісіне қалай қарайтынынан байқалады. Ол оның бүкіл тәртібіне әсер етеді. Мінез-құлық - жануар мен адамдарға ортақ, оргникалық қимыл-қозғалысын белсенділігін сыртқы ортамен қалай байланыс жасай алуын білдіретін ұғым. Мінез-құлықтың қозғаушы көзі - қажетті үдеу. Мұның ауқымы кең, жан құбылысының әрқайсысынан түрлі деңгейде көрініп отырады, адам мінез-құлықының бастапқы көрінісі - қылық. Мұнда тұлғаның беталысы, адамгершілік талғам - сенімі көрініс береді [6, 12 б. ]
Мінез - белгілі бір адамға тән мінез-құлықтың өзгерісімен, адамдарға, өзіне, жұмысқа т. б. деген қарым-қатынасымен сипатталатын жеке адамның қалыптасқан ерекшіліктері.
Қайсы бір адам мінезінің мәнді белгілердің көрсету үшін әдетте «көпшіл», «өзімшіл», «ақкөңіл», «тұрақсыз», «ұяң мінезді», «кішіпейіл», «мақтаншақ», «өтірікші» адам т. б. терминдерді қолданамыз. Мінездің белгілері өте көп, сол себепті оларды тізіп жатудың мәнісі жоқ, тіпті ол мүмкін емес. Тек мінездің неғұрлым ортақ қасиеттерін бөліп қарастыруға болады.
Мінездің мықтылығы. Мұндай мінезді адам қойылған мақсатқа жетуге, қиындықтарды жеңуге бейім, өз сенімін дәлелдейді, іске қызу кірісіп, батылдық көрсете алады.
Мінездің ұяңдылығы жасықтықпен, тартыншақтықпен, жалтақтықпен, көзқарастың тұрақсыздығымен, көнгіштікпен, қорқақтықпен байқалады.
Мінездің өзіндігі адамның басқалардан тым ерекшеленіп тұратын жеке басының өзгешілігінен байқалады. Мысалы, аса сезімталдық, тым тұйықтық т. б.
Мінездің бірқалыптығы адамның өмірдің сан қилы жақтарымен тіл табысуынан байқалады. Іс пен сөздің біртұтастығы. Мінездің бірқалыптылығы Э. Тельманның озық ойлы адамның бойындағы ажырамас сапа болып табылады.
Мінездің тұрақтылығы мақсатқа жету жолындағы дәйектілігі, табандылықты, өз көзқарасындағы тұра алушылықты білдіреді [7, 9 б. ]
Психологияда мінез-құлық - ол адамның жұмысы барасында, өзара қарым-қатынасында туындайтын және де әр адамның өз бойына тән қалыптасқан тәлім-тәрбиенің жиынтығы.
Кейбір жағдайда мінез және тұлғаның іс-қимылы және эмоциялық сезімталдығы нәтижесінде де анықталады. Адамның қимылдау сферасына қарай оған «жинақы», «тиянақты» және т. с. с. баға берілсе, эмоция сферасы жағынан «ақ көңіл», «тұйық», «сенімсіз» деген баға беруге болады.
Жеке тұлға немесе мінез жайында айтқанда олардың бір-біріне айырмашылығын байқауға болады. Мысалы, адамды тұлға түрінде сипаттағанда «жоғары», «атақты», «шығармашылық», «қылмыстық»деген сөздер айталды, ал мінезді сипаттағанда «ауыр мінезді», «қатыгез», «темірдей қатты», «жұмсақ мінеді», «алтын адам» деген сөздер лайық келеді. Сондықтанда адамға мінездеме, сипаттама берер кезде керекті сөздерді дұрыс қолданған жөн. Өйткені кейбір жағдайда адамға баға берген кезде қолданған сөздер бір-біріне мағынасы жағынан қарама-қайшы келетіні өкінішті жағдай.
«Мінез» деген психикалық қасиеттердің төркіні. Психологияда бұл дербестік мағынасы бар адамға байланысты ұғым. Адам мінезінің даралық ерекшелік екендігін ғылым тарихында тұңғыш рет сипаттап жазған ертедегі грек философы Теофраст (б. з. д. IV-III ғ) бірақ ол мінезді адамның адамгершілік сапасына тән қасиет деген. Лабрюйер де Теофрасттың «Мінез» деген еңбегінде мінезді осы мағынада қолданған. Алғашында мінез адамның әлеуметтік адамгершілік ерекшеліктерін білдірген. Бұл әрине, темпераментке кері анықтама. Өйткені темперамент- адамда туа пайда болатын генотип организм қасиеті. Осы көзқарасқа орай мінез- адамның туа пайда болатын фенотипті ерекшелігі. ХІХ ғасырда француз ғалымы А. Бен мінезді тек психологиялық ерекшелік, дара адамның ақыл-ойы мен сезімінің және ерік ерекшеліктерімен қасиеті деп саналады. Т. Рибо мінезді сезім мен ерік ерекшеліктері десе, ал орыс медигі, әрі педогог П. Ф. Лесгафт ерік қасиеті деп көрсетті [8, 10 б. ]
Енді атақты адамдардың тұлғалық қасиеттерін еске алайық. Осы тұста тарихтағы ұлы адамдардың мінезі жаман бола ма деген сұрақ туындайды. Әрине, ондай атақты адамдар бар. Мысалы, Ф. М. Достоевский өте ауыр мінезімен ерекшеленген, ал И. П. Павлов «қиын» мінезді деп саналған. Бірақ бұл адамдардың мінезі ерекше болғанымен, олардың атақты болуына еш кедергі келтірген жоқ. Мінез және жеке тұлға мағынасы жағынан бір деуге болмайды. Мінез - адамның іс-әрекетін көрсетсе, жеке тұлғаның ерекшеліктері не үшін іс-әрекет жасайтынын көрсетеді. Мінез темпераментпен көбінесе байланысты болады. Мысалы, холериктердің табандылығы қызу іс-әрекетте байқалады, ал флегматиктер орнықты, дұрыс ойлауымен байқалады [9, 12 б. ]
Характерологияның ұзақ тарихы бар. Характерологияның басты мәселесі - мінез түрлерін анықтау, соған байланысты адамның мінездерінің, тәртіптерінің өзгеріп отыратындығын болжау. Ертеректе адамның мінезін анықтау үшін оның туған күнін пайдаланған. Адамның тағдыры туралы, мінезі туралы болжам айту үшін әртүрлі тәсілдер пайдаланған деп атаған. Сондай-ақ мінезді болжауды адамның есімімен байланыстырады.
Характерологияның дамуына әсер ететіні - физиогномика болып табылады. Физиогномика - адамның сырт келбетіне байланысты психологиялық мінездемесін анықтап, оның қандай тұлғалық типке жататынын анықтайтын ілім. Аристотель мен Платон адамның сырт әлпетінен жануарға ұқсастықты таба отырып, олар адамның мінезін анықтаған. Аристотельдің айтуы бойынша, егер адамның мұрны бұқанікі сияқты жалпақ, үлкен болса, онда ол адам жалқау, егер танаулары шошқанікіндей кең болса, онда ол адам ақымақ, егер мұрны арыстандікіндей жоғары дәрежелі деп есептеген. Егер шашы ешкінің, қойдың, қоянның жүніндей жұмсақ болса, онда ол адам жасқаншақ, ал егер шашы қатты болса, онда ол адам қайратты, ержүрек адам ретінде санаған.
И. К. Лафатер болса адамның бас сүйегінің құрылысы, конфигурациясына, мимикасына қарап мінездеме берген. Сондай-ақ, мінезді анықтауға кейбір ғалымдар адамның аузына да көп көңіл бөлген. А. Делестрадамның аузын жапқан кездегі еріндерінің қысыуларына қарап мінездеме береді [10, 13] . Еріндерін тең біркелкі жапқандар - қатты мінезді, еріндері еркін бос тұрса - жұмсақ, әйел мінезді деп есептеген. Адамның мінезін анықтау үшін басты орынды адамның көзі алады. Аристотельдің айтуынша үлкен көздер - ақкөңіл, ал томпақ, шығыңқы көздер - ақымақтықтың белгісі дейді. Л. Н. Толстой жазғандай: «Кейбір адамдардың көздері күлімсіреп тұрады, ондай адамдар қу және эгоисттер болады. Ал кейбіреулері аузымен күлгенімен, көздері күлмейді, мұндай адамдарды - әлсіз, сенімсіз, шешім қабылдай алмайтын адамдар» дейді.
Қазіргі уақытта американдық Дж. Плайв және Э. Клери әртүрлі ғылыми дәлелдер жүргізуде. Олар жасаған көптеген тәжірибе қорытындылары адамның мінезін анықтауда олардың көздерінің түсі, үлкен орын алғанын дәлелдейді. Көздерінің түсі қою көгілдік адамдар - табанды, бірақ көңілшек болып келеді. Олар тез өкпелегіш және кекшіл болады. Көздері сұр түсті адамдар айтқанынан қайтпайтын, қандай қиындық болса да өз ойындағы істі орындамай тынбайды. Сол сияқты мінезді анықтауда олардың дене бітімі, жүрісі, отырысы, сондай - ақ ұйықтағандағы жатысы да үлкен орын алады екен [14, 23 б. ]
Хиромантия - өте ерте ғасырдан дамыған. Еуропаның көптеген университеттерінде XVI-XVIII ғ хиромантия астрологиямен тығыз байланысты, себебі қолдың негізгі белгілері үшін алақанның 7 бөлігі ерекше назарға алынады. Олар күнмен және планеталар: Шолпан, Юпитер, Сатурн, Меркурий, Марс, Ай аттарымен аталады. Кейінгі кезде психологияда хиромантологияның дамуына теріс көзқарас болған. Соған қарамастан саусақ өрнектерінің эмбриондық дамуының өзі тұқымқуалаумен байланысты болуына қарай білімнің жаңа бөлігі, яғни - дермотологлифика дамыды. Баланың анасының құрсағында 3-4 айлық кезінде алақанының дамуы мидың дамуы сияқты ата - анасының тұқымқуалаушылықтыкң әсері арқылы дамитыны дәлелденген. Сондықтан хиромантияны ағзаның анатомиялық немесе физиологиялық ерекшеліктері деп қарау, және ол характерологияның конституциялық, бағыттарының қатарына жатады дейді. Э. Кречмер мінезді туа бітеді және оған эндокринологиялық себептердің әсері көп деп санаған. Бірақ қазіргі уақытта антропология да, анатомия да, психология да адамның мінезінің, оның дене бітісінен, көз бітімінен, көздің түсінен және тағы да сондай ерекшеліктермен байланысты деген нақты дәлелдер таба алмай отыр. Жазушылар өздерінің әдеби шығармаларында, атақты суретшілер кейіпкерлердің мінезін өз портреттерінде жазу, суреттері арқылы бейнелеп оқырманға, көрерменге жеткізуге тырысады. Бірақ та ғылыми психология адамның сырт пішіні оның мінезін толық көрсете алады деген тұжырымға қарсы болып отыр. Мысалы, А. В. Петровскийдің айтуынша адамның сәл ашылған аузы оның ақымақтығын көрсетеді деген ойға қарсы пікір айтады [9] . Оның ойынша, ол адам не керең немесе тыныс жолдарының сырқатына шалдыққан. Адамның мінезін, мінез-құқлы туралы оның іс-әрекеті, әдеттері көмектеседі.
Графология - бұл адамны жазуы арқылы оның психологиялық қабілетін анықтауға болатынын зерттейтін ғылым. Бұл ілім адамның жазуы мен оның мінезі тығыз байланысты дейді [15, 20 б. ]
Сонымен қатар, 19 ғасырда мінезге арналған ағылшынның Дж. Ст. Милль, Гальтон, Бэн, француздың Пере, Фулье, Рибо, Полан, Малапер, неместің В. Штерн, Кречмер, Гофман, Эвальд, Клягес сияқты ғалымдардың еңбектері дүниеге келген. Дж. Ст. Милль характерологияны этологияның астары ретінде қарастырып, этологияны жеке ғылым ретінде бөліп қарауды ұсынады. Мінез мәселелері тек психологтардың ғана назарын аудартпай, сонымен қатар Монтень, Лярошфуко, Лябрюйер, Вовенарг сияқты моралистердің де көңілін аудартқан. Мінез мәселлері сонымен қатар кеңестік психологтардың да, яғни П. Ф. Лесгафт, К. Д. Ушинский, А. Каптерева, А. Лазурскийсияқты ғалымдардың еңбектерінде де үлкен орынға ие болған.
40-50 жылдардан бастап кеңестік психологияда мінез мәселелеріне қызығушылықтың лезде өсуі байқалды. Оған дәлел мінез тақырыбы бойынша 4 докторлық диссертация қорғалған. Олар:И. В. Страхованың «Эмоцальные компоненты характера школьника в связи с общей характерологей» (1940), Н. Д. Левитованың «Проблема характера в психологии» (1942), В. С. Филатованың «Учение о характере и его формировании в условиях социалического общества» (1952), А. Г. Ковалева «Типические особенности характера старшего школьника» (1953) [10] .
1960 жылы В. А. Крутецкийдің «Проблема характера в советской психологии» атты үлкен мақаласы шықты. Бұл мақалада кеңестік психологтардың мінез мәселелері жөнінде жасалған жұмысының сарапталған қорытындысы жайында жазылған.
1957 жылы «Перспективы теории личности» атты кітап дүниеге келді. Бұл кітапты симпозиумға қатысқан АҚШ, Англия, Франция, Германия, Италия, Швейцария, Голландия елдерінің психологтарының еңбектері жазылған. Бұл симпозиумның жалпы әсері АҚШ-та мінез мәселелеріне байланысты қызығушылық әлдеқайда төмен, бұл яғни Батыс Евразиядағы қарағанда. Сондай-ақ АҚШ-та «мінез» термині өте аз қолданды. Шындап қарағанда, осы елдің психологтарының яғни, Кэттел, Мэрфи, Мюррей, Дреджер, Казарусжеке тұлға психологиясына арналған тараудың жоқтығы байқалды және мүлдем мінез мәселелері жайлы сөз қозғалғандығы байқалды [16, 12 б. ]
Психологтар жеке тұлға мен мінез ұғымдарының түсініктер деп санауға бейім. Сондықтан мінезді жеке тұлғадағы бөлуді керек деп естемейді. Мінезді көбінесе «жеке тұлғаның психологиялық тұрпаты» ретінде анықтама береді. Мінез туралы басқа да анықтамаларда, мысалы, А. А. Смиронов немесе А. Г. Ковалев редакцияланған В. А. Крутецкийдің психология оқулығында тек бағыттылық немесе қарым-қатынас жүйесі көрсетіледі, бірақ мінез құрылымының ашылуында ең басты мән ерік-жігерге беріледі. Әрине, мінезде көбінесе ерік-жігер бітістері - жеке тұлғаның компоненті ретінде көрінеді, бірақ олар бағыттылық бітістерінің тәуелділігінен түрленеді. Сондықтан олар біртұтас мінез ретінде қаралу керек.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz