Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Жапония экономикасының “Ғажайып дамуы”



КІРІСПЕ 3
І.тарау. ЕКІНШІ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК СОҒЫСТАН КЕЙІНГІ
ЖАПОНИЯ ЭКОНОМИКАСЫН ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ

1.1 Соғыстан кейін Жапониядағы АҚШ.тың саясаты 7
1.2 Жапониядағы саяси қайта құрулар 13

ІІ.тарау. ЕКІНШІ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК СОҒЫСТАН КЕЙІНГІ
ЖАПОНИЯНЫҢ ІРІ ИНДУСТРИАЛДЫ ЕЛГЕ АЙНАЛУЫ

2.1 Экономиканың дамуындағы басты бағыттар 20
2.2 Экономикалық реформалардың жүзеге асуы 31
2.3 Әлеуметтік.экономикалық реформалар 40

ҚОРЫТЫНДЫ 47
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 49
Тақырыптың өзектілігі. Азия құрлығындағы сан ғасырлар көлемінде ең күшті мемлекет ретінде дамып, өркениеттілік дәрежесі жетіп келе жатқан Жапония тарихының қазіргі кезеңдегі сипаты сан-алуан. Міне, сондықтан да бүгінгі таңда өзекті мәселе ретінде де қарастырылып отырған тақырыптың бірі, екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Жапония мемлекетінің экономикасының ғажайып дамуына арналған.
Дамыған елдер қатарындағы Жапонияның екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі әлеуметтік-экономикалық, саяси, сонымен қатар ғылыми-техникалық өрлеумен қатар дамыған білім және ғылым жүйесінің өркендеуі біздің еліміз тәрізді дамушы елдер үшін өзекті мәселе болып табылады.
Екінші дүниежүзілік соғыста Жапонияның жеңілуі секілді саясат, бұл елдің экономикалық позициясын мүлдем өзгертіп жібергені мәлім. Алайда Американың көмегімен антигитлерлік коалицияның күшін әлсіретті және өзінің экономикасын қайта құруға жол ашты. Соғыстан кейінгі Жапонияның бүгінгі күнде қызығып, оқып, үлгі алатын жерлеріміз көп. Екінші дүниежүзілік сағыста елдің экономикасы да, саяси билігі де ірі державалардың қолында қалған, енді ешқашан бас көтермейді деген Жапония көп ұзамай-ақ ірі державалардың бәсекелестеріне айналды. Осындай табысқа қалай, қандай жолдармен жүріп өтіп жетті, осының барлығы Жапонияның екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі тарихымен жақынырақ танысуға итермелейді. Жапонияның соғыстан кейінгі жеткен жетістігін қазіргі кезде капитализмнің максимумы деп атай аламыз.
Соғыстан кейінгі жылдардағы Жапонияның мемлекеттік қайта құру кезінде ірі державалардың жүргізген саясаты Қиыр Шығыс Комиссиясы болып (ДВК) құрылды. Оған он бір мемлекет қатысқан бұл комиссия Жапонияны капитуляция бойынша талаптарын орындауды қадағалау болды. Көп дауыстың шешімімен бұл саясатты АҚШ мемлекеті жүргізді. АҚШ Жапонияда тек комиссия талаптарын ғана орындамай, жеке өз мақсатын іске асыруда да тиімді жақтарын пайдалана білді.
Американың жеке мақсатын іске асыруда Жапонияның экономикасы көрсетілді. Кореяға соғыс ашу барысында Жапонияны негізгі әскери базасы ретінде пайдаланды. Жапония мен Америка өздерінің жеке мүдделері үшін жақындаса түсті. Ал бұндай жақындасу Жапония үшін өте тиімді болды десе де болады. Кейіннен екі мемлекет бейбіт келісімге отырады. Осының барлығы бітіру жұмысымыздың өзекті мәселелерінің бірі болмақ.
Сонымен екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Жапония мемлекетіндегі мемлекеттік қайта құрулардағы ерекшеліктер мен байланыстарды жан-жақты ғылыми тұрғыда сараптай келе, осы елге ортақ әр түрлі мәселелерді тарихи негізде анықтау арқылы және қазіргі Жапонияның жалпы жай-күйін өркениетті әлемдік көрсеткіштер деңгейінде танып білу негізгі мақсат болып отыр.
1. Внутреняя политика Японии. М., 1988.
2. Очерки новейшей истории Японии 1918-1963. М.,1965.
3. Новейшея история Японии. 1945-1975 гг. М., 1980
4. Кузнецов Ю.Д. История Японии. М., 1991.
5. Проблемы аграрно-промышленной интеграции в Японии. М., 1982.
6. Япония в системе мировых хозяйственных связей. М., 1987
7. Арская Л.П. “Открытая экономика” и рабочий класс Японии. М., 1972.
8. Власов В.А. Японская промышленность. Научно-технический прогерсс и его последствия. М., 1979.
9. Игнатущенко С.К. Экономическая экспанция японских монополии после второй мировой войны. М., 1966.
10. Маркарьян С.Б. Селскохозяйственная кооперация Японии. М., 1987.
11. Кузнецов Ю.Д. Япония. М., 1994.
12. История Японии. Т.3. М., 1971.
13. Кутаков Л.Н. Очерки новейшей истории Японии. М.,1965; Кутаков Л.Н. Портсмутский Мирный договор. М.,1961.
14. Власов В.А. Научно-техническая революция в Японии. М., 1975
15. Гольдберг Д.И. Очерки истории рабочего и социалистического движения в Японии. М., 1975.
16. Савин А.С. Японский милитаризм в период второй мировой войны. М., 1997.
17. Васиельев Л.С. История Востока. М., 2004.
18. История Востока в новейшее время. В 6-ти томах. М., 2004.
19. Алиев Р.Ш. Внешняя политика Японии в 60-х начале 80-х гг. М., 1992.
20. Вербицкий С.М. Японо-американский военно-политический союз.(1951-1970 гг). М., 1972
21. Латышев И.А. Конституционный вопрос в послевоенной Японии. М., 1959.
22. Арская Л.П. Научно-технический прогресс в сельском хозяйстве Японии. М., 1994.
23. СССР-Япония. К 50-летию установления советско-японский дипломатических отношении. М., 1978
24. Сырицын И.М.Борьба Японской трудящихся против войны и фашизма. М., 1960
25. Очерки новой и новейшей истории Японии. М., 1955
26. Японское промышленность. Научно-технический прогерсс и его последствия. М., 1979.
27. Еремин В.И. Россия-Япония: территориальные проблемы. Поиск решения. М., 1992
28. Вербицкий С.И. Япония в поисках новой роли в мировой политике. М.,1992
29. Алиев Р.Ш. Внешняя политика Японии. М., 1996. -232.
30. Арская Л.П. Научно-техническая интеллигенция Японии. –М., 1974. -301 с.
31. Арутюнов С.А. Современный быт японцев. –М., 1968.
32. Бердняк И.Я. Япония в период перехода к ипериализму. М., 1962.
33. Бербицкий С.И.Японо-американский военно-политическии сою. –М., 1972. –305 с.
34. Гальпери А.Л. Англо-японский союз. М., 1947.
35. Искандеров А.А. История Японии 1945-1975. М., 1978.
36. Маркарьян С.Б. Проблемы агропромышленной интеграций в Японии. М., 1983.
37. Петров Д.В. Внешняя политика Япониипосле второй мировой войны. М., 1965.
38. Подполова Г.И. Социалистическая партия Японии 1946-1972 гг. М., 1975.
39. Певзнер Я.А. Государственно-монополистический капитализм в Японии. М., 1961.
40. Певзнер Я.А. Государство в экономике Японии. М., 1976.
41. Спеваковский А.Б. СССР и Япония. М., 1978.
42. Сутягина М.В. Мицубиси. М., 1973.
43. Эйдус Х.Т. Япония от первой до второй мировой войны. М., 1947.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 54 бет
Таңдаулыға:   
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ТАРИХ ФАКУЛЬТЕТІ

Шетелдердің жаңа және қазіргі заман тарихы кафедрасы

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ

ЕКІНШІ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК СОҒЫСТАН КЕЙІНГІ ЖАПОНИЯ ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ “ҒАЖАЙЫП ДАМУЫ”

Ғылыми жетекші: т.ғ.к., аға
оқытушы
Сманова А.М.
Орындаған: сырттай оқу бөлімінің 5 студенті
Молдабаев Е.Қ

Қорғауға жіберілді:
_____” _____________________ 2007 ж.

Кафедра меңгерушісі, т.ғ.д., профессор

____________________ Мұқаметхан Н.

АЛМАТЫ 2007

М А З М Ұ Н Ы

КІРІСПЕ 3
І-тарау. ЕКІНШІ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК СОҒЫСТАН КЕЙІНГІ
ЖАПОНИЯ ЭКОНОМИКАСЫН ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ

1.1 Соғыстан кейін Жапониядағы АҚШ-тың саясаты 7
1.2 Жапониядағы саяси қайта құрулар 13

ІІ-тарау. ЕКІНШІ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК СОҒЫСТАН КЕЙІНГІ
ЖАПОНИЯНЫҢ ІРІ ИНДУСТРИАЛДЫ ЕЛГЕ АЙНАЛУЫ

2.1 Экономиканың дамуындағы басты бағыттар 20
2.2 Экономикалық реформалардың жүзеге асуы 31
2.3 Әлеуметтік-экономикалық реформалар 40

ҚОРЫТЫНДЫ 47
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 49

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Азия құрлығындағы сан ғасырлар көлемінде ең
күшті мемлекет ретінде дамып, өркениеттілік дәрежесі жетіп келе жатқан
Жапония тарихының қазіргі кезеңдегі сипаты сан-алуан. Міне, сондықтан да
бүгінгі таңда өзекті мәселе ретінде де қарастырылып отырған тақырыптың
бірі, екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Жапония мемлекетінің
экономикасының ғажайып дамуына арналған.
Дамыған елдер қатарындағы Жапонияның екінші дүниежүзілік соғыстан
кейінгі әлеуметтік-экономикалық, саяси, сонымен қатар ғылыми-техникалық
өрлеумен қатар дамыған білім және ғылым жүйесінің өркендеуі біздің еліміз
тәрізді дамушы елдер үшін өзекті мәселе болып табылады.
Екінші дүниежүзілік соғыста Жапонияның жеңілуі секілді саясат, бұл
елдің экономикалық позициясын мүлдем өзгертіп жібергені мәлім. Алайда
Американың көмегімен антигитлерлік коалицияның күшін әлсіретті және өзінің
экономикасын қайта құруға жол ашты. Соғыстан кейінгі Жапонияның бүгінгі
күнде қызығып, оқып, үлгі алатын жерлеріміз көп. Екінші дүниежүзілік
сағыста елдің экономикасы да, саяси билігі де ірі державалардың қолында
қалған, енді ешқашан бас көтермейді деген Жапония көп ұзамай-ақ ірі
державалардың бәсекелестеріне айналды. Осындай табысқа қалай, қандай
жолдармен жүріп өтіп жетті, осының барлығы Жапонияның екінші дүниежүзілік
соғыстан кейінгі тарихымен жақынырақ танысуға итермелейді. Жапонияның
соғыстан кейінгі жеткен жетістігін қазіргі кезде капитализмнің максимумы
деп атай аламыз.
Соғыстан кейінгі жылдардағы Жапонияның мемлекеттік қайта құру кезінде
ірі державалардың жүргізген саясаты Қиыр Шығыс Комиссиясы болып (ДВК)
құрылды. Оған он бір мемлекет қатысқан бұл комиссия Жапонияны капитуляция
бойынша талаптарын орындауды қадағалау болды. Көп дауыстың шешімімен бұл
саясатты АҚШ мемлекеті жүргізді. АҚШ Жапонияда тек комиссия талаптарын ғана
орындамай, жеке өз мақсатын іске асыруда да тиімді жақтарын пайдалана
білді.
Американың жеке мақсатын іске асыруда Жапонияның экономикасы
көрсетілді. Кореяға соғыс ашу барысында Жапонияны негізгі әскери базасы
ретінде пайдаланды. Жапония мен Америка өздерінің жеке мүдделері үшін
жақындаса түсті. Ал бұндай жақындасу Жапония үшін өте тиімді болды десе де
болады. Кейіннен екі мемлекет бейбіт келісімге отырады. Осының барлығы
бітіру жұмысымыздың өзекті мәселелерінің бірі болмақ.
Сонымен екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Жапония мемлекетіндегі
мемлекеттік қайта құрулардағы ерекшеліктер мен байланыстарды жан-жақты
ғылыми тұрғыда сараптай келе, осы елге ортақ әр түрлі мәселелерді тарихи
негізде анықтау арқылы және қазіргі Жапонияның жалпы жай-күйін өркениетті
әлемдік көрсеткіштер деңгейінде танып білу негізгі мақсат болып отыр.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Жапонияның тап осы аталып отырған кезеңін
жазу барысында көптеген зерттеушілердің ғылыми еңбектеріне тоқталдық.
Алайда екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Жапонияның мемлекеттік қайта
құрулары жөнінде зерттеушілер еңбектерінде өте әлсіз орын алған.
Бұл бітіру жұмысын жазуда екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Жапония
экономикасының ғажайып дамуына қатысты жазылған бірқатар деректерді мысалға
келтіре кетсек болады. Айта кету керек, мұнда әсіресе “Внутренняя политика
Японии” 1 атты еңбекті алар болсақ онда жапон тарихынан үлкен мағұлымат
алуға болды. Сонымен бірге “Очерки новейшей истории Японии” 2 атты
еңбекте екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Жапония экономикасының
“ғажайып дамуы” және елдегі саяси қайта құрулар жөнінен құжаттық
материалдар келтіруге болады. “Новейшая история Японии” 3 және “История
Востока” атты кейінгі жылдары жарық көрген еңбектердің де диплом жұмысын
жазу барысында қолданар тұстары мол.
Ал жапон экономикасының аграрлық тұстарына қатысты “Проблемы аграрно-
политической интеграции в Японии” 5 жинақты келтіре кетуге болады.
Жапония өндірісінің даму тұстары жөнінде “Япония в системе мировых
хозяйственных связей” 6 атты еңбекті атауға болады. Мұнда екінші
дүниежүзілік соғыстан кейінгі жапонияның шаруашылық саладағы сыртқы
байланыстары мен елдің әлеуметтік жағдайына қатысты құжаттық материалдар
берілген.
Ал енді арнаулы зерттеулерге жеке-жеке тоқталып өтетін болсақ екінші
дүниежүзілік соғыстан кейінгі жапон экономикасы мен саяси өміріне қатысты
зерттеп жүрген ғалымдар еңбегіне сараптама жасауға болады. Соғыста жеңіліп,
үлкен зардап шеккен Жапония мемлекеті көп ұзамай-ақ тез даму үрдісін
бастады. Міне осы тұрғыда Л.П.Арская 7, В.А.Власов 8, К.С.Игнатущенко
9, С.Б.Макарьян 10 ғылыми зерттеулері бар. Бұл еңбектерде елдегі ауыр
және жеңіл өнеркәсіп салаларының даму қарқыны, ондағы ішкі халық
өндірісінің тез көтерілуі тұрғысында көптеген мәліметтер келтірілген.
Сонымен қатар тағы біраз тарихшылар еңбегіне сүйенуге болады, олардың бірі
Ю.Д.Кузнецов “История Японии” еңбегінің орны ерекше 11. Бұл еңбекте автор
Жапония тарихының ерте орта ғасырдан бүгінге дейінгі тарихы, ондағы
феодалдық қатынастары, жаңа және қазіргі заман тарихы төңірегін толық
қамтып өткен. Әр бөлімде сол кезеңге сай мемлекеттік құрылымның барлық
саласына қатысты мәселелерге ерекше тоқталып өткен.
Тағы бір құжаттық материалдармен жазылған зерттеудің бірі “История
Японии 1945-1975” 12 атты еңбекте екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі
Жапонияның саяси, экономикалық, мәдени, ағартушылық жағдайы толық
қарастырылған. Әсіресе, соңғы мемлекеттік қайта құрулар мен сыртқы
саясаттың ықпалы туралы ерекше тоқталып өткен. Профессор Л.Н.Кутаков ірі
капиталистік елдің бірі-Жапония туралы көптеген еңбектер жазған, соның бірі
“Очерки новейшей истории Японии” деп аталады 13. Мұнда автор қызықты
факторлар мен бай мұрағат материалдарын пайдалана отырып, Жапонияның саяси,
әлеуметтік, экономикалық, ғылыми-техникалық өрлеу жағдайын жан-жақты
қарастырған.
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Жапония мемлекетінің қайта
құрылуына байланысты, яғни бұл тақырып бойынша кеңестік тарихнамадан біраз
мәліметтер алуға болады. Әсіресе онда АҚШ үкіметінің Жапонияға қатысты
саясаты, мұндағы демилитаризация, демобилизация, демократизация саясаты,
елдің ішкі әлеуметтік жағдайы туралы ғылыми зерттеулер баршылық. Сондай-ақ
Жапонияның халықаралық аренадағы орны, сыртқы саясаты, және АҚШ жүргізіп
отырған Сан-Франциско бейбіт келісім шартының да қыр-сыры бітіру жұмысын
жазу барысында үлкен басшылыққа алынды.
Сондай еңбектердің бірқатарына тоқталып өтетін болсақ, Жапониядағы
ғылыми-техникалық өрлеуге байланысты бірқатар зерттеулер 14 арналып, онда
жапон халқының үлкен жетістік-терге қол жеткізгендігі туралы баяндалады.
Ал, Д.И.Гольдберг 15 өз еңбегінде соғыстан кейінгі Жапониядағы жұмысшылар
ұйымы, социалистік қозғалыстар мен елдегі коммунистік партияның саясатына
да үлкен мән бере отырып қарастырған. И.А.Латышв зерттеуі екінші
дүниежүзілік соғыстан кейінгі оккупациялық үкіметтің жобасы арқылы жазылып,
қабылданған Жапония Конституциясына үлкен мән берген, ондағы Конституция
мазмұнында, жапонияға әскер ұстауға және қайта қарулануға мүлдем тыйым
салынғандығы, ал кейін көп ұзамай-ақ бұл қайта өзгертілгендігі т.б. мәселер
қаралған.
Тарихшы ғалым А.С.Савин 16 еңбегінде соғыстан кейінгі Жапониядағы
милитаризация кезіндегі Америка саясатына тоқталған. Онда соғыстан кейінгі
елдегі ауыр, қыса-таяң кез бен, саясат жүйесінің бастапқы кездегі тұрақсыз
құбылып тұруы да, елдің экономика жүйесінің тоқырауға түсуі туралы өз
еңбегінде көптеген құжаттық материалдармен жазған.
Сонымен көріп отырғанымыздай екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі
Жапониядағы мемлекеттік қайта құруларға байланысты көптеген кеңестік
тарихшылар қалам тартты. Бірақ, мұнда көптеген ақтаңдақ мәселелерді осы
күні қайта қарап, әділ бағалауға да мүмкіндік туып отыр. Өйткені жапон
үкіметіне қарсы жүргізген Вашингтон саясаты кеңестік тарихнама негіздерінің
көбінің мазмұнынан әлдеқайда алшақ жатыр. Онда кеңестік көзқарас бойынша
капиталистік жүйеге қарсы саясат пен “қырғи-қабақ соғыстың” өршіп тұрған
тұсында бұл мүмкін де болмады.
Міне, сондықтан да соғыстан кейін жапон саясаткерлері тіпті император
Хиротимо, қаржыгерлер мен ауқатты әулеттердің бәрі үкіметтің тұтастығы мен
экономиканың қайта гүлденуіне зор үлес қосты, бұл туралы біз
Л.С.Васильевтің еңбегінен көреміз, онда “...жапондықтар үкімет саясаты
экономиканы сақтап, қайта дамыту үшін бәріне де барды, тіпті қас жауы
американдықтармен де одақтасты”,-деп жазды 17. Сондықтан ел ішіндегі
“сөмкелі самурайлар” саясатын бағаламауға болмайды.
Соңғы жылдары жарық көрген “История Востока в новейшее время” 18
деген еңбекте де соғыстан кейінгі жапон үкіметінің тарихи даму үрдісі мен
оған қатысты шетелдіктердің саясаты, оның пайдасы мен салдарлары жөнінде
толығымен мағлұматтар алуға болады.
Бітіру жұмысының мақсаты мен міндеттері. Тақырыпты зерттеу мақсатымыз-
екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Жапония экономикасының ғажайып дамуы
және ондағы саяси қайта құрулардың тарихи тәжірибелерін ғылыми түрде ашып
көрсету. Ол міндеттер бъективті мәселенің негізін ашу барысында туындалып
отыр. Жұмысты жазу барысындағы мақсатымыз Жапонияны қайтақұру кезінде
Американың ықпалын зерттеуден туған міндеттер:
- Жапонияны қайта құру кезіндегі елдегі бірқатар жүргізілген
реформаларға талдау жасау;
- Американың Жапонияға қатысты өзінің жеке мақсаттағы саясатына
анализ жасау;
- Жапония экономикасының қайта көтерудегі ішкі-сыртқы
фактілерді қарастыру;
- Экономиканың ғажайып дамуындағы басты факторларды анықтап,
оған талдау жасау.
Бітіру жұмысының құрылымы. Бітіру жұмысы кіріспе, екі тарау, қорытынды
және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Бірінші тарауда, екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Жапонияның ішкі
жағдайына тоқталдық. Онда әсіресе оккупациялық Америка үкіметінің саясаты,
елдегі беделді элита саясаты, тағы басқа мәселелер қарастырылды. Сонымен
бірге осы жылдары болған америка-корей соғысына байланысты, яғни жапон
үкіметінің сыртқы экспорт көлемінің осы соғыс нәтижесінде үлкен қолға
алынғандығын да қарастырдық.
Екінші тарауда, соғыстан кейінгі Жапония мемлекетінің әлеуметтік-
экономикалық қайта құрылуына баса назар аудардық. Үкімет билігінің қалпына
келтірілуі, жапон экономикасының қайта жандануы, сыртқы инвестиция, сыртқы
саясаттың қайта қолға алынуы, елде жаңа Конституцияның қабылдануы мен саяси
партиялардың құрылуы, әлеуметтік-экономикалық және саяси реформалар
төңірегінде негіздеп жаздық.
Қорытынды бөлімде осы жоғарыда келтірілген барлық мәселер мен фактілерді
қорытындылап, түйіндеп шығардық.

І-тарау.

ЕКІНШІ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК СОҒЫСТАН КЕЙІНГІ ЖАПОНИЯ ЭКОНОМИКАСЫН ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ

1.1 Соғыстан кейін Жапониядағы АҚШ-тың саясаты

1945 жылы көктемде Жапония үкіметі бірден үш фактіге келіп тірелді.
Елдің экономикалық қоры толығымен күйреп бітті, бейбіт халықты аштық жайлау
қаупі туды; жапон аралдары Окинавтағы американдықтардың жеңісінен кейін
Қытай мен Оңтүстік-Шығыс Азия арасындағы қарым-қатынастан толығымен бөлініп
қалды. Соғыстың соңғы қорытындысы әбден түсінікті болды, яғни мұндай
күйреуден Жапония қашып құтыла алмайтынына көзі жетті. Осы кезде елдегі
министрлер кеңесі кабинеті ары қарай не істейміз деп бастарын қатырып
жатқанда, яролық бомбалау да басталып кетті. Енді біршама алысты болжай
білетін саясаткерлер мен бизнисмендер капитуляцияға дайындықтың соншалықты
маңызды екенін де түсінді. Кейін бұл дзайбацулар-елдің ірі өнеркәсіп иелері
мен қаржы жүйесін бақылап отырған беделді холдинг компанияларының да
мүддесіне сай келді. Өйткені олар үкіметпен тығыз байланыста, сонымен
бірге, жапон элитасының билігі мен ең бай көздерін иемденген болатын. Тіпті
император әулеті де өзінің байлық қорының көп бөлігін дзайбацу өндірісін
дамытуға беріп отырды. Тап осы жеке меншік иелері өздерінің талап-
тілектері, билік-үстемдіктерін, тіпті табыстарын сақтап қалу үшін елдегі
саяси элитаны өздерінің қас жаулары Америка Құрама Шататтарымен бірге жұмыс
жүргізуге бел буды.
Жапонияны оккупациялау негізінен екі кезеңге бөлінді:
1-кезең. 1945-1948 жылдар аралығы;
2-кезең. 1948-1952 жылдар аралығы.
Бірінші кезеңнің ерекшелігі АҚШ өзінің жеке қызығушы-лығымен аса
қарқынмен Жапонияның ішкі саясатына кірісті. Бірақ АҚШ өзін 1945 жылы шілде
айында қабылданған Потсдам декларациясынан аса алмады 1,145.
Милитаристік Жапонияны жеңуі ірі державалардың гитлерлік коалицияны жеңуі
еді.
Сондықтан, осы уақытта үкімет өзінің капитуляцияға дайын екенедігін
Вашингтонға хабарлауды қолға алып жатқанда (1945 жылдың 10 тамызы)
Жапонияның арнайы тобы осы істі қалай іске асыру керектігі туралы идеяны
талқыға алды. Император Хирохита өзінің көп ғасырлық дәстүрін бұзып, елдегі
саяси жағдаймен белсенді түрде араласып кетті, яғни бұл жағдайда байланысты
тағы бір айғақ, оның американдықтарға жариялаған үндеуі болды. Онда:
“Жапония АҚШ үкіметімен бірге қызмет істеуге дайын”-деп көрсетілді. Ол
радиодан да сөйледі, ондағы мақсаты Вашингтонмен арадағы жағдайды жеңілдету
үшін, сондай-ақ өз халқын бас жаулары болып отырған американдықтарға
қарсылық көрсетпеудің, ондай жағдай болмаған күнде істің аяғы жақсылыққа
апармайтынын атап көрсетті 1, 148.
Император әулеті соғыс қимылы болып жатқан жаққа қарай жол тартты,
өйткені ол жерде капитуляцияға дайындық болып жатқандықтан істің басы-
қасында болуды өз міндетіне алды. Осы кезде Жапонияда жаңа үкімет құрылды,
яғни олар елдегі саяси билікті оккупациялық үкіметке тапсырулары керек
болатын. Тарихта бірінші рет император отбасы министрлер кабинетін
басқарды, мұның да мақсаты сол, айтып өткендей бәрі көздеген мақсатқа сай
жүру керек болды. Қайта құрылған үкіметке 10 млрд. доллар көлемінде құнды
қағаз берілді, яғни ол бойынша дзайбацу және басқа ірі фирмаларды
дағдарысқа түсірмей ұстап тұру үшін жаңа жүйе саясатына көну болатын. Бұл
қадамның ең басты мақсаты ірі фирмалар мен саяси және экономикалық
биліктегі элитаға көмектесе отырып оларды ең қысаң таяу кезде елдегі бизнес
пен саясатты жаңа қалыпты жағдайға қарай апару көзделді. Жапония үкіметіне
тек осылай ғана өз беделін сақтап қалу мүмкіндігі болды, өйткені Хиросима
мен Нагасакидегі қасірет соғыстың аяқталуын одан әрі жылдамдата түсті,
тіпті американдықтар өз экспедициялық корпустарын түсіріп те үлгере алмай
қалды. Сол үшін капитуляция тек формальді түрде 2 қыркүйек күні болды,
жапондықтар бұл күнді “жоғары эффектпен” қарсы алды 1,149.
Жапония үкіметінің қарулы күші майданда толықтай капитуляцияға түсті,
сонымен бірге өзінің ішкі мүддесін толықтай сақтап қалуға қол жеткізді. Өз
кезегінде, американдықтар да олармен бірге қызмет жасауға қызығушы-лық
танытты, сондай-ақ шексіз капитуляцияны да көздеді. Бұл жерде біріншіден,
ең басты елдің экономикасы мен саясатына белсене араласып кететіндей АҚШ
жағында жапон тілін еркін меңгеретін мамандарға зәру болатын. Ал тап осы
кездегі жағдайда АҚШ өзінің ақыл-ойына сүйеніп қана жапон билігінің
құрылымы мен меңгеруіне тура келді. Екіншіден, американдықтар жапон
қоғамына дезинтеграцияға ешқандай да жол бермеуге кірісті, өйткені мұнда
солшыл партиялардың беделінің өсуінен қауіптенді. Елдегі дзайбацудың ең
басты табыс көзі арзан жұмыс қолы болды, сол үшін пайдаланғысы келді.
Осының барлығы Американы Жапония үкіметіндегі саяси тұрақтылық және
қалыпты тәртіпті сақтауға итермеледі, ал енді фактіге сүйенер болсақ,
генерал Дуглас Макартурды американдық әскер арқылы жапон жеріндегі аяқ асты
туындайтын ереуілдер мен саяси бас көтерулерді басып жаншуға пайдаланады
деп атап көрсетті. Елдегі саяси тұрақтылықты орнату үшін, билеуші топтардың
билігін сақтау керек болды, яғни олар елдегі тәртіпті қалыптастыруды жүзеге
асыра алатындығын дәлелдеп берді, үшіншіден американдықтар дәстүрлі жапон
қоғамын толықтай жоюды көздеген жоқ, оның аяғы өкінішке апарарын олар да
жақсы түсінді. Американың ең басты көздеген мақсаты, ол Жапонияны
американдық бәсекелестік бизнестен шектеп және оларды сыртқы нарық пен
капиталдан оқшаулау керек болды. Токионы капитуляциялау осы процесті
толықтай жүзеге асырды. Жапонияның әскери күшін толықтай жою Вашингтон үшін
жапондықтар енді Азия жерінде “үстемдік жағдайын” жүргізе алмайтын болды.
Сонымен, жоғарыда туындаған мәселелер жайдан-жай емес еді, 1947 жылғы
оккупациялық үкімет жазған Жапонияның Конституциясы мазмұнына қарағанда,
жапондарға армия ұстауға мүлдем тыйым салынды, өзін-өзі қорғау да шектеп
қалды, бір сөзбен айтқанда болашақ шиеленіс пен түрлі мәселені шешу үшін
осындай саясат керек болды 4,214.
Американдық және жапондық үкіметтер екеуі де елдің тұрақтылығы және
екі елге де тиімді өзара қарым-қатынас орнатуды қолға алды. Император
бұрынғыдай арнайы, яғни елдің тұрақтылығы мен әлеуметтік жүйенің кепілі
болып қала берді. Оның үкімет басында болуының басты маңызы болған, Штаттар
билеуші элитаға немесе мемлекетті төтенше жағдаймен күшейтуге қызығушылық
тудырмауында болатын. Әрине, жапон үкіметінде күшті өзгеріс болды, онда
әсіресе жалпыға бірдей сайлау құқығы және жер реформалары бағдарламасына,
бірақ бұдан әрі айтарлықтай өзгеріс бола қойған жоқ 2,211.
Сонда да америка үкіметі және қоғамы Жапониядағы болып жатқан жағдайға
немқұрайлы қараған жоқ. Осы кезде Америка саясаткерлерінің бағы бір
мазаландырғаны елдегі жазалау мен қайта құрудағы тепе теңдікті қалай іске
асыру керектігі болды, мұның өзі қарама-қарсы шешім қабылдауға әкеп соқты.
Алайда, түптеп келгенде мәселе Жапонияны өзінің одақтасына айналдыру
мақсаты жатты, яғни қатынастың жалпы тенденциясы осы болатын.
1946 жылдың басында милитаристерді қоғамдық жұмыстан босату
бағдарламасы қабылданды. Дегенмен бұл әділ жолмен жүргізілді. Сонымен,
екінші дүниежүзілік соғыстан кейін бұл процедурадан елдің тек 029 % ғана
өтті, өз кезінде Германия-дағы (американдық зонада) бұл көрсеткіш тек 25
пайыз ғана болатын. Оның ішінде 200 000 адам (80 % әскери қызметкерлер), ал
қалған саясаткерлер мен бизнесмендер толығымен түптеп келгенде 99 пайызы
әртүрлі міндеттерден босатылды 15,104.
Осы кезде, әскери уақыттағы премер-министр Тоджо Хидеки тұтқындалып
түрмеге қамалған кезде, тіпті У.Черчилль-дің өзі бұған қарсылығын білдірді.
Оның пікірі бойынша: “...яғни кез-келген елде мұндай жағдай болған күнде мен
де Ф.Рузвельт те әскери қылмыскер болып тұтқындалар едік...”-деп хабарлады.
Ал түптеп келгенде не бюрократия, не саяси жүйе, не бизнес түбірімен қайта
құруды басынан кешірген жоқ, тек жеке тұлғалар ғана болмаса.
Қиыр Шығыстағы әскери қимылдар аяқталып, Жапония тізе бүкеннен кейін,
одақтас мемлекеттер атынан мұнда соғысып жатқан американдық әскери блок
болатын. Елдің жоғарғы басшылығы американдық оккупациялық армия қолына
көшті, оны генерал Д.Макартур басқарған болатын.
Жапонияның екінші дүниежүзілік соғыста жеңілуі Тынық мұхит бассейіні
үшін күрескен империалистік елдердің ішіндегі жеңілген ел емес. Бұл жеңіліс
Азиядағы Кеңес үкіметіне қарсы елдің жеңілісі еді.
Жеңілуіне байланысты Жапония өзінің отар елдерінен айырылды. Корея мен
Тайвань елдері Жапонияның билеуінен босап шықты. Жапония өзінің Қытайдағы
адамдарын шығарды. Кеңес Одағы Куриль аралына және Оңтүстік Сахалинге деген
өз билігін қайтарып алды. Әскери саяси және мораль жағынан жеңілуі
Қытайдағы және басқа Азиядағы отар елдердің көтерілуіне алып келді.
Кеңес Одағы әскери күшімен Квантун армиясын талқандап тастады, бұл
армия солтүстік-шығыс Қытайда орналасқан болатын. Жапония милитаризмінің
дамуы, Жапонияның жоғарғы билігінің мүмкіндігінің жоқтығы, әскерлерінің
масқара мен жеңілуі және капитуляция мемлекеттің жұмысшылары мен
шаруаларының болашақ тағдыры қатты ойландырды 1,147.
Кеңес үкіметі бейбітшілік сүйгіш демократиялы Жапония құру үшін
мемлекетті демилитаризациялап Жапонияның жериеленушілерін аластатуды
көздеді. Азиядағы Жапония милитаризміне қарсылық соғыс кезінде басталған
болатын. Милитаризм-империалистік мемлекеттердің қарулану және соғысқа
әзірлену жолындағы реакциялық саясаты. Милитаризм кейбір капиталистік
мемлекеттерде соғыс құмарлардың саяси үстемдік алуы болып табылады.
Бұл АҚШ-тың Азия елдерін өзініңотарына айналдырам деген мақсатына
қарсы болды. Осыдан Азия және басқа империалистік державалар ұлттық
революцияларды тоқтатып, Тынық Мұхитқа және Азияның басқа елдеріне Кеңес
Одағының ықпалын күшейтпеуге тырысты. АҚШ оңтүстік-шығыс Азиядағы, Қытай,
Үндістан, индонезия елдеріндегі шикізат пен сыртқы нарыққа бұрынғы отар
елдерді державалар Ұлыбритания, Франция, Голландияны шетке итеріп барлығын
жалғыз өзі иеленгісі келді 2,213.
АҚШ көздеген мақсатын іске асыру үшін бірнеше көзқарастар қарастырыла
бастады. Соғыстың соңғы кезеңінде “Қытай тобы” үлкен ықпал етті. Топқа
атақты экономистер Корван Эдвардс, Т.Биссон, Джеймс Аллен, Латтимор,
журналист А.Рут және басқалары кірді. бұл топқа монополия-лық топтар көмек
көрсетіп отырды. Монополистердің негізгі себебі олар Жапония
монополистерімен бәсекелес АҚШ билігінің айналасында “Жапония тобы” деген
тағы бір топ өмір сүрді, топты Жапониядағы бұрынғы елші Грю басқарды. Бұл
топта да ірі монополиялар қолдады, бұл монополиялық топтар жапон
монополистерімен қарым-қатынаста болған болатын. Бұлар императорлық билікті
сақтай отырып, Жапонияны АҚШ-тың негізгі саяси ортасына айналдырғысы келді
17,136.
Өз кезегінде, американдықтар да олармен бірге қызмет жасауға қызығушы-лық
танытты, сондай-ақ шексіз капитуляцияны да көздеді. Бұл жерде біріншіден,
ең басты елдің экономикасы мен саясатына белсене араласып кететіндей АҚШ
жағында жапон тілін еркін меңгеретін мамандарға зәру болатын. Ал тап осы
кездегі жағдайда АҚШ өзінің ақыл-ойына сүйеніп қана жапон билігінің
құрылымы мен меңгеруіне тура келді. Екіншіден, американдықтар жапон
қоғамына дезинтеграцияға ешқандай да жол бермеуге кірісті, өйткені мұнда
солшыл партиялардың беделінің өсуінен қауіптенді. Елдегі дзайбацудың ең
басты табыс көзі арзан жұмыс қолы болды, сол үшін пайдаланғысы келді.
Вашингтонды Жапония үкіметіндегі саяси тұрақтылық және қалыпты
тәртіпті сақтауға итермеледі, ал енді фактіге сүйенер болсақ, генерал
Дуглас Макартурды американдық әскер арқылы жапон жеріндегі аяқ асты
туындайтын ереуілдер мен саяси бас көтерулерді басып жаншуға пайдаланады
деп атап көрсетті. Елдегі саяси тұрақтылықты орнату үшін, билеуші топтардың
билігін сақтау керек болды, яғни олар елдегі тәртіпті қалыптастыруды жүзеге
асыра алатындығын дәлелдеп берді, үшіншіден американдықтар дәстүрлі жапон
қоғамын толықтай жоюды көздеген жоқ, оның аяғы өкінішке апарарын олар да
жақсы түсінді. Американың ең басты көздеген мақсаты, ол Жапонияны
американдық бәсекелестік бизнестен шектеп және оларды сыртқы нарық пен
капиталдан оқшаулау керек болды. Токионы капитуляциялау осы процесті
толықтай жүзеге асырды. Жапонияның әскери күшін толықтай жою Вашингтон үшін
жапондықтар енді Азия жерінде “үстемдік жағдайын” жүргізе алмайтын болды
12,147.
Жоғарыда туындаған мәселелер жайдан-жай емес еді, 1947 жылғы
оккупациялық үкімет жазған Жапонияның Конституциясы мазмұнына қарағанда,
жапондарға армия ұстауға мүлдем тыйым салынды, өзін-өзі қорғау да шектеп
қалды, бір сөзбен айтқанда болашақ шиеленіс пен түрлі мәселені шешу үшін
осындай саясат керек болды.
Американдық және жапондық үкіметтер екеуі де елдің тұрақтылығы және
екі елге де тиімді өзара қарым-қатынас орнатуды қолға алды. Император
бұрынғыдай арнайы, яғни елдің тұрақтылығы мен әлеуметтік жүйенің кепілі
болып қала берді. Оның үкімет басында болуының басты маңызы болған, Штаттар
билеуші элитаға немесе мемлекетті төтенше жағдаймен күшейтуге қызығушылық
тудырмауында болатын. Әрине, жапон үкіметінде күшті өзгеріс болды, онда
әсіресе жалпыға бірдей сайлау құқығы және жер реформалары бағдарламасына,
бірақ бұдан әрі айтарлықтай өзгеріс бола қойған жоқ 12,211.
Америка үкіметі және қоғамы Жапониядағы болып жатқан жағдайға
немқұрайлы қараған жоқ. Осы кезде Америка саясаткерлерінің бағы бір
мазаландырғаны елдегі жазалау мен қайта құрудағы тепе теңдікті қалай іске
асыру керектігі болды, мұның өзі қарама-қарсы шешім қабылдауға әкеп соқты.
Алайда, түптеп келгенде мәселе Жапонияны өзінің одақтасына айналдыру
мақсаты жатты, яғни қатынастың жалпы тенденциясы осы болатын.
1946 жылдың басында милитаристерді қоғамдық жұмыстан босату
бағдарламасы қабылданды. Дегенмен бұл әділ жолмен жүргізілді. Сонымен,
екінші дүниежүзілік соғыстан кейін бұл процедурадан елдің тек 029 % ғана
өтті, өз кезінде Германия-дағы (американдық зонада) бұл көрсеткіш тек 25
пайыз ғана болатын. Оның ішінде 200000 адам (80 % әскери қызметкерлер), ал
қалған саясаткерлер мен бизнесмендер толығымен түптеп келгенде 99 пайызы
әртүрлі міндеттерден босатылды 15,49.
Осы кезде, әскери уақыттағы премер-министр Тоджо Хидеки тұтқындалып
түрмеге қамалған кезде, тіпті У.Черчилль-дің өзі бұған қарсылығын білдірді.
Оның пікірі бойынша: “...яғни кез-келген елде мұндай жағдай болған күнде мен
де Ф.Рузвельт те әскери қылмыскер болып тұтқындалар едік...”-деп хабарлады.
Ал түптеп келгенде не бюрократия, не саяси жүйе, не бизнес түбірімен қайта
құруды басынан кешірген жоқ, тек жеке тұлғалар ғана болмаса.
Қиыр Шығыстағы әскери қимылдар аяқталып, Жапония тізе бүкеннен кейін,
одақтас мемлекеттер атынан мұнда соғысып жатқан американдық әскери блок
болатын.
1948 жылы “Қытай тобы” Грю тобынан әлдеқайда алда болды. Бірақ екі
топтың АҚШ және Жапония мәселесі ешқандай елдің көмегінсіз өзі шешеді деген
позицияны ұстанды.
Екінші кезең 1948 жылы басталды. Осы жылдың соңында халықаралық
аренада үлкен өзгеріс болды. Кеңес Одағы өзінің атом бомбасын жасап
шығарып, осыған дейін атом бомбасын шығарған АҚШ мемлекетіне ірі бәсекелес
болды.
1949 жылы қазанда Қытайдағы халық революциясының жеңіске жетіп, Қытай
Халық Республикасының құрылуы, социализм жүйесін тағы да күшейте түсті.
Америка үкіметі сыртқы саясаттағы өз позициясын сақтап қалу үшін
әскери базалар құрып, социалистік бағытқа қарсы, 1949 жылы сәуір айында
Вашингтон қаласында ірі державалармен бірге келісімге келе отырып, НАТО-ны
құрды.

1.2 Жапониядағы саяси қайта құрулар

Сонымен, американдық үкімет жапон экономикасын да қайта құруды өз
қолдарына алды. Бұл экономикалық жүйедегі өзгеріс бастапқы кезде эффективті
бола қойған жоқ. Ең басты “мұндай мақсаттағы дзайбацу көздегені Үлкен
Төрттік-Мицуи, Мицубиси, Сумитомо және Ясуда болды. Америка реформаторлары
дзайбацумен арадағы кикілжіңді өршітіп жібермеу жағына да аса мән берілді
және есептері бойынша, яғни оларды құртып та жіберу керек деп тапты.
Қаржылық қатынастағы ең күшті, алып өнеркәсіптер, мұндағы басқыншылық
салдарынан болған бақылаудың құрбанына айналды. Алайда, жаңа нарық пен
пайдалы табыскөздеріне апарар жол да осылар екенін назардан тыс қалдыруға
болмайды.
Сонымен қатар, олардың адам күшін, еңбегін қанау саясаты да көздеген
мақсатқа сай болып отырды. Алайда, бұл ел ішінде әртүрлі топтар арасында
әлеуметтік шиеленістерге әкеп соқты. Ең төмен еңбек ақы Жапонияның ішкі
экономикасы мен нарық жүйесінің дамуына еш өзгеріс енгізе алмады, экспорт
тауары мен үнемі сыртқы нарық жүйесін іздеу үстінде болды. Сол үшін, ішкі
экономиканы қайта құру мен соғыс салдарынан болған жағдайға байланысты
ортақ байланыс туындады (дзайбацу ролін түсіндіру мақсатында). Сонда да,
Америкадағы көптеген саясаткерлер жапон экономикасын түбегейлі қайта
құрудан қауіптенді 14,124.
Өйткені бұл қадамның нәтижесі экономикалық хаосқа әкеп соқтыруы мүмкін
еді, яғни ол одақтастық күш-жігерін төмендетіп, “оккупация құны” өсіп
кетері сөзсіз болды. Сондықтан, Америка Құрама Штаттары өзінің 80 пайыз
инвестициясын Жапонияның экономикасын қайта дамытуға салды, сол үшін
көптеген американдықтар қаржылық мүддеге сай жүргізілген “бағдарламаға”
қарсы болды. Мысалы, американдық ірі компаниялар “Дженерал электрик” өз
ақшасын Тошибуға салды, “Вестинхаус” компания-сы Мицубисиге салды, “Оуэн”
Сумитомоға, “Американ Кэн” компаниясы Мицуиге және “Гурдич” компаниясы өз
ақшаларын Рурукаваға салған болатын. Түптеп жапон экономикасын келгенде
қайта “орталықтандыру” бағдарламасына түскен 1200 компаниядан 1948 жылғы
тізім бойынша тек 9 ғана қалды 12,198.
Батыс болгындағы екі оқиға Жапонияның болашық жағдайын анықтап берді.
1949 жылы Қытай коммунистер чан Кайшиді жеңіп және елді Қытай Халық
Республикасы деп жариялауы болды. Бұл фактіден көрінгені енді Вашингтон
Қиыр Шығыста гоминдань билігіндегі Қытайды одақтасы ретінде көре
алмайтындықтарына көздері жетті. Ал келісі 1950 жылы Кореяда соғыс
басталды. Мұндағы АҚШ-тың әскери бөлімшесі мен әртүрлі артық өнім шығаратын
Жапонияның беделі өсе түсуіне еш күмән келтіруге болмайды. Ал 1951 жылы
қыркүйек айында Вашигтон Токиомен бейбіт келісім шартқа қол қойды. Мұнда
олар КСРО үкіметінің қарсылығына да, тіпті Жапонияның ең бірінші олжасы
болған Қытайдың да қарсылығына қараған жоқ. Әсіресе КСРО және ҚХР, екеуі де
коммунистік мемлекеттер болғандықтан аяқ асты бұрқ ете түскен корей
соғысында АҚШ одан әрі батыл қадамға барып, Жапониямен “қауіпсіздік
келісіміне” де қол жеткізді, алайда бұл елдің 1947 жылғы Конституциясына
қайшы келіп тұрса да осыны іске асырды. Айта кету керек, екі ел де енді
басқа өмір бастады 7,174.
Қытаймен салыстырғанда екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Жапония
мемлекеті Қиыр Шығыста тез арада көшбасшы ролін иемденіп алды, тіпті мұның
өзі американдықтардың бастамасы арқылы болса да. Көп уақыттан бері Токио
Азияда көптеген отарларға да ие болып келгендігі мәлім, енді міне, ол осы
Азия елдері ішінен АҚШ-тың әлемдегі екінші серіктес мемлекетіне айналды.
1951 жылғы бейбіт келісім шарт бойынша Жапонияға өзінің бұрынғы қол
астындағы иеліктеріне бақылау жүргізуге тыйым салынды. Дегенмен, бұның оған
ешқандай кедергісі де болған жоқ, өйткені Жапония екінші дүниежүзілік
соғыстан кейін көп ұзамай-ақ Қиыр Шығыстағы ең ірі қаржыгер мемлекеттің
біріне айналып шыға келді. 1950-ші жылы Токио өзінің бұрынғы “Азияны
гүлдендіру бастамасымен” көптеген елдермен дипломатиялық қарым-қатынас
орнатуға қол жеткізді. Бірақ қалыс қалған елдер де болды, мысалы Оңтүстік
Кореямен тек 1960-шы жылдары ғана қол жеткізді. Ал Пекинмен елшіліктер
ауыстыруға да қол жеткізді, бірақ арнайы емес сауда-саттық қарым-қатынастар
бұған дейін де болды.
Осы 50-ші жылдардағы Жапонияның ішкі даму жағдайын “ғажайып” деп айдар
тағып айтуға әбден болады. Онда екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі
халықтың орташа кірісі 150 доллардан 1951 жылға дейін 2000 долларға дейін
өсті, осындай даму қарқынымен Жапония Ұлыбританияны қуып жетті. Азық-түлік
өнімінің баллдық үлес салмағы 1946 жылы 1 млрд. 300 млн. доллар болса, 1951
жылы 300 млрд. доллар болды. Көптеген сыртқы елдердің бақылауышыларының
пікірінше Жапонияның мұндай “ғажайып дамуы” құпия болып қала берді 7,175.

Мүмкін бұл Жапония үкіметінің ішкі саясатына байланысты ақпараттық
хабарлардың аздығынан да шығар. Шетелдіктер жапондық “қайта өркендеудің”
мұндай тез қарқынмен жүруін ұлттық мүддеден деп атап көрсетті, яғни ол
дәстүрлі даму үрдісі мен және үкіметке деген құрмет, сонымен бірге
жапондықтардың еңбек сүйгіштігі деп дәріптеген болатын. Мұның бәрі де
дұрыс, өйткені бизнес болсын, үкімет болсын осындай құндылықтарды олар
қадірлей білді, онда әсіресе оқу жүйесі мен оған керек оқулықтардың барлығы
күшті тексеріс цензурадан өтіп елдегі әлеуметтік бақылау мен үгіт-насихатта
белсенділік әділ жолмен іске асып отырды. Сонда да мұның басқа да себептері
болды, соны да айта кету керек.
45-51-ші жылдардағы жапондық “қайта өркендеу” үш фактор арқылы іске
асқандығын түсіндіруге болады.
Біріншіден: бастапқы кезде американдықтар елдің ішіндегі әлеуметтік
революцияның өршіп кетуінен қатты үрейленді, оның адам айтқысыз салдарлары
олардың бұрынғы тәртіпті сақтап қалуларына итермеледі, яғни олар
милитаристерді тазалауды шегіне дейін жеткізбей тез арада ғана іске асырды.
Екіншіден: “қырғи қабақ соғыстың” тереңдей түсуі, 1949 жылғы
коммунистік жүйемен Қытай Халық Республикасының жариялануы, 1950 жылғы
Кореядағы соғыстың басталуы АҚШ-тың Жапонияны өзінің әскери одақтық
серіктесі етуге итермеледі, яғни американдықтар өздерінің бұрынғы жауына
көмек көрсетуді автоматты түрде тез арада іске асырды. Әрине, Құрама
Штаттар 1945 жылы оккупациялық әскерін бейбіт келісіміне дейін жапон
жерінде ұстап тұрды, мұның өзі бастапқы кезде көптеген проблемалар
туғызғаны рас.
Үшіншіден: осы кездегі жапондық билеуші топтар (олар үнемі бір орында
болған жоқ, олардың кейбіреулері дзайбацумен, кейбіреулері үкімет
билігіндегі іскер топтармен тығыз байланыста болды) ұжымдаса отырып және
күшті саясат жүргізе білді, олар үкіметтік және бизнестік серіктестікті
қайта қарап оны өте тиімді пайдаланып, яғни сол арқылы Жапонияның ұлы
держава болуына жол ашты 3,45.
Енді мұнда айтудың да керегі жоқ, яғни бұл жерде жоғарыда келтірілген
үш фактор да бір-бірімен тығыз байланыста екендігінде дау жоқ. 40-шы
жылдардың аяғында Вашингтонның Қиыр Шығыста коммунистерге қарсы күшті
одақтас иемденуіндегі мақсатын жапондық саяси өкілдердің ақыл-ойы елдің
қауіпсіздігіне қарай жұмсауына зор үлес қосты. Бұл жолы Токио Қиыр Шығыста
ең басты “ойыншылардың” біріне айналуы керек болды, әрине, мұны Вшингтонның
басшылығымен іске асыру болатын. Бұл жердегі Жапонияның міндеті осы аймақта
Вашингтон саясатына қолдау көрсетіп, АҚШ-тың Азиядағы әскери іс-қимылдарын
қамтамасыз етіп отыру керек болды. Егер Токио осы міндеттердің бәрін
қабылдаған, яғни өз мойнына алған болса, онда Жапония экономикалық қайта
құруды бастай беруге жол ашық екендігінде күмән жоқ. Бұл өз кезегінде, жаңа
нарық пен шикізатты талап етті, ал мұны іске асыру орындары кезінде Жапония
бұрынғы басып алған елдермен байланыс орнатуы керек болды 12,214.
Тап осы кезде АҚШ-тың жапондықтарға деген сауда көзі тез өсті, онда ол
ауыл шаруашылық өнімі және жаңа технология саласына бағытталды. Бұл жолда
Вашингтонның күшті және гүлденген Жапонияны өзінің одақтасы ретінде көру
мүддесі арқылы іске асты. Рас, АҚШ яғни өзінің бәсекелесіне мұндай көмек
көрсетуі сол кезде американдық саясаткерлердің көзқарасы бойынша 50-ші
жылдары “қырғи-қабақ соғыс” саясатына да қатысты маңызға ие болды.
Американдық көмек (1947-1952 жылдар аралығында 12000 млн. доллар
болды) жапондықтардың қайта өркендеуінде ең үлкен роль ойнады. Сонымен
бірге, ол 40-шы жылдардың аяғында Вашингтонның Жапонияға қатысты
экономикалық бағдарламасында көрсетілгендей, ең басты міндет елдегі
инфляцияны тоқтатып, жалақы көлемін қысқарту болатын. Экономиканың тағы бір
дамыған жері корей соғысына байланысты болған “экспорттық бум” болды: ол
соғыс біршама ұзақ уақытқа созылды, сондықтан осы кезде жапондықтардың
тауары мен американдықтарға көрсеткен қызметі үшін АҚШ үкіметі 4000 млн.
доллар жұмсады3,48.
50-ші жылдары Токио өзінің Оңтүстік-Шығыс Азиядағы бұрынғы жауларымен
бейбіт келіссөздерге қол қояды және бұл жапон нарықтық экономикасында жаңа
бастауға жол ашты. Рас, бекітілген келісім процестері біршама уақытқа
созылып, яғни кешеуілдеп қалды. Өйткені Жапонияның бұл елдерге соғыс
жағдайынан туындаған репарация төлеу мәселесі әлі аяқталмаған еді. Жапон
басқыншылығынан зардап шеккен мемлекеттер компенсация төлеуді талап етті,
және осы жағдайдың бәрін ретке келтіру үшін біраз уақыт керек болатын.
Алайда, Жапония үшін бұл аймақтарда экономикалық мүмкіндіктерді
пайдалану үшін күрес өте бір қиындық тудырған да жоқ.
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Жапонияның бұлай тез гүлдену негізі
тек үкімет пен бизнес қызметкерлерінің ісіне ғана байланысты ғана емес.
Жұмыс беруші мен жұмысшы арасындағы (немесе жүйелілік басқарудағы) байланыс
та өте маңызды, бірақ ол шетелдіктер үшін жұмбақ күйінде қала берді.
Басқарушы аппарат жұмысшы табын, яғни оларға бақылау мен жұмысшы
қолының дамуын сақтау үшін бірнеше топқа бөліп отырды. Ең жоғарғы
топтағыларды “өмірлік еңбекшілер” деп атады, олар бірнеше жылдық сынақтан
мүдірмей өткендер болатын. Ал қалған қызметкерлер бірнеше категорияларға
бөлініп, “уақытша жұмысшылар” деп аталды. Олар “өмірлік жұмысшыларға”
қарағанда жалақыны төмен мөлшерде алып отырды. Бірақ, мұның бәрі қандай
болған күнде де олар бүкіл өнеркәсіптерде барлық жағынан жан-жақты
қамтамасыз етілді. “Өмірлік жұмысшылар” талапқа сай, жоғарғы деңгейде мықты
болды, ал осы кезде қарапайым жұмысшылар бірінші статус үшін олармен
таласқа түскен де жоқ.
Алайда, бұл жүйе тек белгілі өндіріс аудандарында ғана болды, яғни ірі
корпорация мүшелері, мемлекеттік аппарат қызметкерлері және университет пен
бүкіл оқу жүйесін қамтыды. Сонда да капиталистік жүйедегі нарықтық
экономика еркін жұмыс қолын қажет етті: сондықтан да 1950-ші жылыдары
Жапонияда автомобиль жасау өнеркәсібінде 19 пайыз жұмысшылар уақытша жұмыс
істеді, ал 60-шы жылдары бұл көрсеткіш 52 пайызға жетті 12,214.
Сонымен қатар, “өмірлік” жүйе келесі факторлармен өте өзгеше
ерекшеленіп тұрды: жеңілдіктер бастапқы карьерадан бастап есептеген жұмыс
жылдарына байланысты болды. Сол кезде “уақытша” резервтегі жұмысшылар тез
арада зейнеткерлердің орын ауыстыруға қол жеткізді.
Ірі корпорация болса да, ұсақ және орташа бизнес болса да бұл жүйе
шындығында жан-жақты болды.
Ал, жұмысшы әйелдер жағдайы болса, олар өнеркәсіп салаларының барлығын
қамтып, яғни жұмыс орнының 60 пайызын қамтыды. Дегенмен олардың жалақысы
өздерімен бірге жұмыс істейтін ерлердің жалақысының жартысына тең болды.
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Жапонияда экономиканың тез
қарқынмен дамуының екінші факторы, елдегі саяси жағдайдың тұрақтылығы
болды. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Жапонияда көптеген саяси
партиялар құрылды, бірақ, 1947 жылы ең басты үш коалиция бірікті: сол
қанаттағы социалистер және екі оңшыл топтар-бұл Либералдар және
Демократиялық партия болды. Жапонияда басқа да елдердегі сияқты, аталып
өткен партиялар өте белсенділік танытса да, осы екі партия да 1955 жылы
бірігіп, енді олар Либералды-Демократиялық партия деп аталды. Демократтар
мен Либералдар 1947-1948 жылдары коалицияға біріккен болатын, бұл өте сирек
кездесетін құбылыс. Олар парламентте бірде бір бағдарламаға жол берген жоқ.
Социалистер өзгеріс енгізгілері келді, ал сол кезде Либералдар да
Демократтар да статус-квоны ұсынып тұрып алды. Американдық оккупациялық
үкімет солшылдарға қарсы көзқарас танытты, бірақ ішкі партиялармен
шиеленіске түспеу жағын да қарастырды.
Қиыр Шығыста тез арада көшбасшы ролін иемденіп алды, тіпті мұның өзі
американдықтардың бастамасы арқылы болса да. Көп уақыттан бері Токио Азияда
көптеген отарларға да ие болып келгендігі мәлім, енді міне, ол осы Азия
елдері ішінен АҚШ-тың әлемдегі екінші серіктес мемлекетіне айналды
(Канададан кейін). 1951 жылғы бейбіт келісім шарт бойынша Жапонияға өзінің
бұрынғы қол астындағы иеліктеріне бақылау жүргізуге тыйым салынды.
Дегенмен, бұның оған ешқандай кедергісі де болған жоқ, өйткені Жапония
екінші дүниежүзілік соғыстан кейін көп ұзамай-ақ Қиыр Шығыстағы ең ірі
қаржыгер мемлекеттің біріне айналып шыға келді. Осы жылдары Токио өзінің
бұрынғы “Азияны гүлдендіру бастамасымен” көптеген елдермен дипломатиялық
қарым-қатынас орнатуға қол жеткізді. Бірақ қалыс қалған елдер де болды,
мысалы Оңтүстік Кореямен тек 1960-шы жылдары ғана қол жеткізді. Ал Пекинмен
елшіліктер ауыстыруға да қол жеткізді, бірақ арнайы емес сауда-саттық қарым-
қатынастар бұған дейін де болды.
50-ші жылдардағы Жапонияның ішкі даму жағдайын “ғажайып” деп айдар
тағып айтуға әбден болады. Онда екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі
халықтың орташа кірісі 150 доллардан 1951 жылға дейін 2000 долларға дейін
өсті, осындай даму қарқынымен Жапония Ұлыбританияны қуып жетті. Азық-түлік
өнімінің баллдық үлес салмағы 1946 жылы 1 млрд. 300 млн. доллар болса, 1951
жылы 300 млрд. доллар болды. Көптеген сыртқы елдердің бақылауышыларының
пікірінше Жапонияның мұндай “ғажайып дамуы” құпия болып қала берді
12,175.
Жапония үкіметінің ішкі саясатына байланысты ақпараттық хабарлардың
аздығынан да шығар. Шетелдіктер жапондық “қайта өркендеудің” мұндай тез
қарқынмен жүруін ұлттық мүддеден деп атап көрсетті, яғни ол дәстүрлі даму
үрдісі мен және үкіметке деген құрмет, сонымен бірге жапондықтардың еңбек
сүйгіштігі деп дәріптеген болатын. Мұның бәрі де дұрыс, өйткені бизнес
болсын, үкімет болсын осындай құндылықтарды олар қадірлей білді, онда
әсіресе оқу жүйесі мен оған керек оқулықтардың барлығы күшті тексеріс
цензурадан өтіп елдегі әлеуметтік бақылау мен үгіт-насихатта белсенділік
әділ жолмен іске асып отырды. Сонда да мұның басқа да себептері болды, соны
да айта кету керек.
Бастапқы кезде американдықтар елдің ішіндегі әлеуметтік революцияның
өршіп кетуінен қатты үрейленді, оның адам айтқысыз салдарлары олардың
бұрынғы тәртіпті сақтап қалуларына итермеледі, яғни олар милитаристерді
тазалауды шегіне дейін жеткізбей тез арада ғана іске асырды.
“Қырғи қабақ соғыстың” тереңдей түсуі, 1949 жылғы коммунистік жүйемен
Қытай Халық Республикасының жариялануы, 1950 жылғы Кореядағы соғыстың
басталуы АҚШ-тың Жапонияны өзінің әскери одақтық серіктесі етуге
итермеледі, яғни американдықтар өздерінің бұрынғы жауына көмек көрсетуді
автоматты түрде тез арада іске асырды. Әрине, Құрама Штаттар 1945 жылы
оккупациялық әскерін бейбіт келісіміне дейін жапон жерінде ұстап тұрды,
мұның өзі бастапқы кезде көптеген проблемалар туғызғаны рас.
Осы кездегі жапондық билеуші топтар (олар үнемі бір орында болған жоқ,
олардың кейбіреулері дзайбацумен, кейбіреулері үкімет билігіндегі іскер
топтармен тығыз байланыста болды) ұжымдаса отырып және күшті саясат жүргізе
білді, олар үкіметтік және бизнестік серіктестікті қайта қарап оны өте
тиімді пайдаланып, яғни сол арқылы Жапонияның ұлы держава болуына жол ашты
3,45.
Мұнда айтудың да керегі жоқ, яғни бұл жерде жоғарыда келтірілген үш
фактор да бір-бірімен тығыз байланыста екендігінде дау жоқ. 40-шы жылдардың
аяғында Вашингтонның Қиыр Шығыста коммунистерге қарсы күшті одақтас
иемденуіндегі мақсатын жапондық саяси өкілдердің ақыл-ойы елдің
қауіпсіздігіне қарай жұмсауына зор үлес қосты. Бұл жолы Токио Қиыр Шығыста
ең басты “ойыншылардың” біріне айналуы керек болды, әрине, мұны Вшингтонның
басшылығымен іске асыру болатын. Бұл жердегі Жапонияның міндеті осы аймақта
Вашингтон саясатына қолдау көрсетіп, АҚШ-тың Азиядағы әскери іс-қимылдарын
қамтамасыз етіп отыру керек болды. Егер Токио осы міндеттердің бәрін
қабылдаған, яғни өз мойнына алған болса, онда Жапония экономикалық қайта
құруды бастай беруге жол ашық екендігінде күмән жоқ. Бұл өз кезегінде, жаңа
нарық пен шикізатты талап етті, ал мұны іске асыру орындары кезінде Жапония
бұрынғы басып алған елдермен байланыс орнатуы керек болды.
Тап осы коалицияның бөлініп кетуі Йошида Шигеруді үкімет билігіне алып
келді. Ол либералдар партиясының төрағасы болатын, және соғыстан кейінгі
Жапонияның бірінші премьер-министрі болды. Йошида Шигеру американдықтар
үшін өте қолайлы фигура болды, ол соғыстың тез аяқталуы мен елде
революциялық жағдайды болдырмауға күш салды.
Йошида Шигеру 1948 жылы сайлауда жеңіске жетіп, осы премьер-министр
орнында 1954 жылға дейін отырды. Ол американдық оккупациялық үкіметпен
жағдайды жақсартып, бірінші кезекте бейбіт келіссөздерге қол жеткізді. 1951
жылғы Қауіпсіздік келісім-шартында АҚШ-пен белсенді түрде қызмет жүргізді.
Жапония соғыстан кейінгі жылдар алғашқы экономикалық бум мен корей
дағдарысы тап осы Шигеру билігі тұсында болды.
Йошида демократиялық түрдегі ескі тәртіпті қайта орнатуды көздеді,
американдықтардың талабы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жапония экономикасының қазіргі жағдайы
Жапония экономикасының қазіргі жағдайын талдау
ЕКШШІ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК СОҒЫСТАН КЕЙІНГІ ЖАПОНИЯНЫҢ ЖАҒДАЙЫ
Жапон өнеркәсібі және экономикалық перспективасы
9-сынып. Қазіргі дүние жүзі тарихынан сабақ жоспарлары
Жапониядағы ғылыми-техникалық прогресстің жалпы дамуы
Халықаралық экономикалық байланыстар
Әлемдік шаруашылықтың басқа салаларының географиясы
Жапония елі туралы мәлімет
Жапонияның 50 жж саяси өмірі
Пәндер