Корпорацияның меншікті капиталы


Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Тақырып: Корпорацияның меншікті капиталы

  1. Меншікті капиталдың құрамы
  2. Меншікті капиталдың құрылу саясаты
  3. Меншікті капиталдың жеке элементтерінің бағасы
  4. Меншікті капитал тиімділігін өлшеу критерийлері

1

Қорпорацияның қаржылық әлеуетінің негізін меншікті капитал құрайды. Оған:

  1. Жарғылық капитал;
  2. Меншікті акциялар, олар иелерінен қайта жою немесе қайта сатуға шығарылған акционерлік қоғамның сатып алған акциялары;
  3. Резервтік капитал;
  4. Қосымша капитал;
  5. Мақсатты қаржыландыру құралдары;

Жарғылық капиталмен корпорацияның кредиторларының

қызығушылығын кепілдейтін корпорацияның мүлкінің минималды көлемін анықтайды. Жарғылық капитал негізгі құралдардың, басқа мүліктердің, материалдық емес активтердің жиынтығын және құрылтай шартына сай анықталған құрылтайшылар мен акционерлердің корпорацияға қосқан ақшалай сипаттағы мүліктік құқықтарын білдіреді.

Жарғылық капиталдың құрылуы ҚР Азаматтық кодексі мен «Акционерлік қоғамдар туралы» ҚР-ң Заңына сәйкеснегізделеді. Акционерлік қоғамдардың жарғылық капиталы жай немесе артықшылықты акциялардың минималды құнынан тұрады. Артықшылықты акциялардың номиналды құны жарғылық капиталдың 25% көлемінен аспауы керек.

Акционерлік қоғам құрғанда оның жарғылық капиталы тіркелгенннен кейін 30 күн ішінде өтелуі тиіс. Акционерлік қоғамның жарғылық капиталы акциялардың номиналды құнын өсіру және акционерлік қоғамның жалпы жиналысының шешімімен қабылдану арқылы акциялардың қосымша санын эмиссиялау арқылы жүзеге асады.

Жарғылық капиталдың көлемі акцияның номинал құнын төмендету немесе шығару көлемін азайту арқылы азайтылады.

Жарғылық капиталдың минималды көлемі 50 мың АЕК-ке және 1 миллион АЕК халықтық акционерлік қоғам бойынша болуы керек. Жарғылық капиталды көбейту мен азайту туралы шешімді жалпы жиналыс қабылдайды.

Акционерлік қоғамның резервтік капиталы жарғыда көрсетілген мөлшерде таза табыстан 5% ығыстыру арқылы акционерлік қоғам жарғысында анықталған көлемге жеткенге дейінгі уақыт аралығында құрылады.

Резервтік капитал өткен жылдар мен ағымдағы жылдардың шығынын жабу үшін, басқа ақша қаражаттары болмаған жағдайда акцияларды сатып алу үшін арналған.

Қосымша капитал мүлікті қайта бағалағанда оның өсімін, эмиссиялық табысты, қайтарымсыз алынған құндылықтарды және басқа кірістерді білдіреді.

Қосымша капиталдың құрамына келесі элементтер кіреді:

  1. Айналыстан тыс активтерді қайтабағалағанға дейінгі сомасы.
  2. Акциялардың сатылуында табысты алып тастағандағы орналастырылған акциялардың номиналды құнынан жоғары алынған сома.
  3. Басқа ұйымдардан алынған мүлік.
  4. Инвестициялық ресурстар түріндегі мақсатты қаржыландыру қаражаттары түсімдері мен басқа да түсімдер.

Бөлінбеген пайда акционерлік қоғамның меншікті капиталын құрудағы

маңызды көздердің бірі.

Бөлінбеген пайдаға мыналар жатады:

  1. Өткен жылдағы бөлінбеген пайда (шығын) ;
  2. Есепті жылдағы бөлінбеген пайда (шығын) ;

Өткен жылдағы бөлінбеген пайда мына мақсаттарға қолданылады:

  1. Резервтік капиталдың толығуы;
  2. Жарғылық капиталдың көбеюі;
  3. Қосымша капиталдың көбеюі;
  4. Акционерлік қоғам құрылтайшыларына табыс төлеу;

«Мақсатты қаржыландыру» статьясының құрамына капитал салымы

мақсатындағы бюджеттік ассигнования формасында мемлекет пен заңды тұлғалардан түсетін мақсатты бекітілген шараларды жүзеге асыруға арналған ақша қаражаттары кіреді.

2

Меншікті капиталды құрудың негізгі мақсаттары:

  1. Меншікті капитал негізінде айналыстан тыс активтер, яғни меншікті негізгі капитал (МНК) құру;
  2. Меншікті капитал негізінде айналыс активтерінің белгілі үлесін, яғни меншікті айналыс капиталын (МАК) жасау;

Меншікті негізгі капитал (МНК) мөлшерін мына формуламен есептейді:

МНК = АТА - ҰМ (7. 1)

мұнда АТА - кезең соңындағы (квартал, жыл) баланс бойынша айналыстан тыс активтер;

ҰМ - айналыстан тыс активтерін қаржыландыру үшін қолданылатын ұзақ мерзімді міндеттемелер;

Меншікті айналыс капиталының (МАК) кқлемі мына формуламен анықталады:

МАК = АА - ҰМ - ҚМ (7. 2)

мұнда АА - айналыс активтері;

ҰМ - айналыс активтерін қаржыландыру үшін қолданылатын ұзақ мерзімді міндеттемелер;

ҚМ - айналыс активтерін жабуға бағытталған қысқа мерзімді міндеттемелер;

Меншікті капитал көлемінің айналыстан тыс активтер көлемінен (ұзақ мерзімді міндеттемелерді алып тастағанда) өсуі таза айналыс капиталын (ТАК) береді.

ТАК = МК - (АТА - ҰМ) (7. 3)

мұнда МК - меншікті капитал.

Таза айналым капиталы еркін ақшалай құралдар соммасын сипаттайды, осыған орай оны есептеу кезеңін корпорация басқара алады:

Меншікті капиталды басқару коэффициенті(МКбк) :

МКбк=КМК/МК (7. 4)

МКбк-нің көрсеткіші 0, 2-0, 3 құрайды. Ол меншікті капиталдың қай бөлігі өтімді немесе мобильді формада тұрганын анықтайды.

Меншікті капиталдың құрылу көзі сыртқы және ішкі болып табылады.

Ішкі құрылу көзі:

1. Бөлінбеген табыс

2. Негізгі құралдарды есептегеннен кейін немесе есептегенге дейін меншікті капиталға біріктірілетін құралдар;

3. Өзге де ішкі көздер(резервтік қорлар)

4. Амортизациялық аударымдар(меншікті капиталдың өсуінде ол өспейді, тек оның қайта инвестициялануна негіз ретінде қызмет етеді)

Сыртқы құрылу көздері:

1. Қосымша үлестік капиталдың мобилизациялануы салынған құралдардың жарғылық капиталдағы иегерлерінің жолымен.

2. Қосымша акционерлік капиталды қайта эмиссиялауды ынталандыру және акцияларды алу.

3. Мемлекеттен және заңды тұлғалардан қайтарымсыз қаржылық көмек;

4. Корпоративтік облигацияларды акцияларға айырбастау жолында заемдық құралдарды жекеге конверсиялау.

5. Инвестициялық бағытқа түскен бағыттық құралдарды қаржыландыру.

6. Өзге де сыртқы құрылу көздері:акцияларды өзінің өзіндік құнынан жоғары сатудан түскен эмиссиондық табыс.

Меншікті қаржы ресурсын(МҚР) құру саясаты корпорацияның өзін-өзі қаржыландыруды қамтамасыз етуге бағытталған. Бірінші талдау кезеңінде мыналар қарастырылады:кірістің өсу қарқынына сай болуы және меншікті капиталдың активтердің өсу қарқынына сай болуы және сату көлемі; жеке құралу көздерінің динамикалық салмағы жалпы қаржы ресурсының көлемі болады және олардың арасында оптималды сәйкестік:

Қт>Қөтт>Қмк>Қа>100%(7. 5)

Мұнда:

Қ -қарқын

Қт- табыстың өсу қарқыны(%)

Қөтт- тауарды өткізуден түскен табыстың өсу қарқыны(%)

Қмк- меншікті капиталдың өсу қарқыны(%)

Қа- активтердің өсу қарқыны(%)

Осы (7. 5) формуладан байқайтынымыз табыс басқа параметрлерге қарағанда жоғары қарқынмен өсу керек екендігін көреміз. Бұл дегеніміз, яғни өндірістік шығындар мөлшері кеміп және сатудан түскен түсімнің мөлшерінің өсуі, ал меншікті капитал мен активтердің айналыста қолданылуы өте жылдам әрі тиімді ету қажет.

Екінші талдау кезеңінде ішкі және сыртқы құралу көздерінің арасындағы сәйкестік негізінде меншікті қаржы ресурстары пайда болады.

Үшінші талдау кезеңінде меншікті қаржы ресурстарының жеткіліктілігі және базистік периодта құрылуы бағаланады. Бұл өзін-өзі қаржыландыру коэффициентін анықтайды(Өқк) :

Өқк=МҚР/∆А(7. 6)

Мұнда:

МҚР- меншікті қаржы ресурсы, базистік периодта құрылады.

∆А- базистік кезеңмен салыстырғандағы болжанған кезеңдегі активтердің өсуі.

Жалпы МҚР қажеттілігін болашақ кезеңге есептеу мына формула арқылы анықталады(МҚРқ) :

МҚРқ=Кқ*ММК/100-Смбк+Ттс(7. 7)

Мұнда:

МҚРқ- меншікті қаржы ресурстарының қажеттілігі

Кқ- болжанған кезеңнің соңындағы капиталға деген қажеттілігі

ММК- болжанған кезеңнің соңындағы жалпы соммадағы меншікті капиталдың мөлшерленген салмағы

Смбк- кезеңнің басындағы меншікті капиталдың сомасы

Ттс- болжанган кезеңде қолдануға бағытталған таза табыс сомасы.

Компанияның өмірлік циклынан бөлек амортизациялық аударымдардың максималдау қажеттілігі және таза тасыстың да:

АА+ТТ→ МҚРmax(7. 8)

АА және ТТ -амортизациялық аударымдар мен таза табыстың болжанған көлемі

МҚРmax- меншікті қаржы ресурстардың максималды көлемі

Сыртқы көздерден меншікті қаржы ресурстарын тарту көлемі келесі формулалармен анықталады(МҚРсыртқы) :

МҚРсыртқы=Жалпы жеткіліктілік-МҚРішкі(7. 9)

ЖЖмқр- меншікті қаржы ресурсындағы жалпы жеткіліктілік

МҚРішкі- ішкі қаржы ресурсының көлемін айқындайды

МҚР- қалыптастыру саясатының тиімділігі, ол тұрақты экономикалық өсу коэффициенті арқылы анықталады(Тэөк) :

Тэөк=Тт-∑Д/КС*100(7. 10)

Мұнда:

∑Д- дивидендттер сомасы, акционерлермен төленеді

КС- есептік кезеңдегі меншікті капитал сомасы

Тт-∑Д- қайта инвестициялаудағы таза табыс

Қорытынды:

МҚР табысты құрылымы мыналарды қамтамасыз етеді:

1. Тәуелділік деңгейін ескере отырып табыс көлемін ұлғайту;

2. Өндірістің дамуы және таза табыстан төленетін дивидендттер рационалдық құрылымды қолданғанда болады.

3. Компаниядағы тиімді амортизациялық саясаттың дайындалуы.

4. Рационалды эмиссиялық саясаттың құрылуы.

3

Меншікті капиталдың құнын әрбір элементі бойынша бағалау, таңдау, корпорацияның қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Оны келесі формулалардан көруге болады:

1. Есептік кезеңдегі меншікті капиталдың құнын есептеу.

МКеқ=ТТ а /100СК(7. 11)

Мұнда:

МКеқ- меншікті капиталдың есептік кезеңдегі құны, (%)

ТТ а - қолдану барысында акционерлер есебінен төленген таза табыс

МК - есепті кезеңдегі меншікті капиталдың орташа шамасы

Алдағы кезеңде қолданатын капиталдың сомасы мына формула арқылы өрнектеледі:

МК акқ = МК екқ *1 (7. 12)

мұндағы,

МК акқ - алдағы кезеңде қолданылатын капиталдың сомасы

МК екқ - есепті кезеңдегі қолданылатын капиталдың сомасы

1 - корпорация бойынша болжанған таза пайдадан төленетін өсу индексі

Бөлінбеген табыс сомасын алдағы кезеңдегі қолданатын меншікті капиталдың сомасына теңестіреміз:

БТ с = МК акқ (7. 13)

мұндағы,

БТ с - бөлінбеген табыс сомасы

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Корпорация капиталының құны мен құрылымы
Корпорацияның айналым капиталы туралы
Корпорацияның меншікті капиталының рөлі
Корпорацияның негізгі және меншікті капиталдарын қалыптастыру
Корпоративтік қаржылар тұрғысынан капитал оның қалыптасуы мен пайдаланылуы
Корпорациялардың қаржы механизмі
Кәсіпорын қаржысын ұйымдастыру мен басқару
КӘСІПОРЫНДАҒЫ ПЕРСОНАЛДЫ БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
Корпорация капиталын басқару ерекшеліктері
Ұлттық банктің меншікті капиталын талдау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz