Қалалардың қалыптасуы


Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

VI ғ. - IV ғ. Бірінші жартысындағы қалалар

Оңт. Қазақстан мен Жетісу - қала мәдениеті қалыптасқан екі аудан. Бұл екі ауданның мәдениеті, негізінен, Орта Азия мәдениетіне ұқсас болды. VII - VIII ғасырлардағы қалалардың басты міндеті әкімшілік орталығы болу еді, ал сауда, қолөнер қызметі екінші орында тұрды. Бұл жөнінде біз жазба деректерден білеміз. Деректер әр қаланың тәуелсіз өмір сүргенін, әрқайсысының дербес өз билеушісі болғандығын мәлімдейді. Мысалы, VIII ғасырдың басында Сырдарияның бойындағы Отырартөбеде орналасқан Фараб аймағының жеке өз «патшасы» болған.

Жетісудың оңтүстік-батысында Керминкет қаласының билеушісі кутегин-лабан атағын алған; Барысханды манап немесе барысхан тебіні атанған басқарушы биледі; Науакет билеушісі яланшах атағын иеленсе, Семекна әкімі инал-тегін деп марапатталған. Әрбір қала билеушісінің өз қарулы әскері болды. Қала әкімдерінің өз теңгесін шығаруы олардың тәуелсіздіктері мен дербестіетерін білдірді.

Оңтүстік-батыс Жетісуда қала құрылымының басқаша түрлері байқалады. Мұнда Қазақстанның оңтүстігіндей дамыған отырықшылық және егіншілік дәстүрлері болған жоқ. Бұл арадан Ұлы Жібек Жолының өтуі қалалық және отырықшы-егіншілік мәдениеттің дамуында маңызды рөл атқарды. Алайда бұл жерлерде қалалар орнауының басты сауда болғанымен, ол қалалардың әкімшілік, қолөнер және ауыл шаруашылық қызметтерінің өркендеуіне кедергі болған жоқ.

Қалалардың сауда-қолөнер орталығы ретінде дамуы.

Бұл ауыл шаруашылығынан қолөнер кәсібі бөлініп шығып, өз бетінше дами бастауының нәтижесі еді. Оңт. Қазақстан мен Жетісуаймағының ерте ортағасырлық қалаларында қолөнердің дамуы туралы мәліметтер әзірге аз. Ол бізге тек археологиялық қазба кезінде табылған дайын бұйымдар түрінде ғана белгілі. Тоқымашылық, теріден, жүннен, киізден бұйымдар жасау өнері жайлы жазба деректер де бар. Қазба кезінде түркілердің темір балқыта білгенін дәлелдейтін түрлі пышақтар, орақ т. б. темір бұйымдар табылды. Қола айылбас пен тоғалардың көп табылуына қарағанда, мыс қорыту өнеркәсібі болған деп те айта аламыз. Ерте орта ғасыр зергерлерінің өнері бізге сырға, білезік, алқа, жүзік секілді әшекейлер түріне жеті. Сүйектен жасалған бұйымдар - садақ бекітпелпрі, жануарлар сүйегінен тесіп жасап, мойынға тағып жүретін тұмарлар табылды. Тас қашаушылар тастан қолдиірмен, үккіштер жасаған.

Сауда қала дамуындағы негізгі факторлардың бірі болды. Қола өндіріп қана қойған жоқ, сонымен қатар, сол өндіргендерін сатумен де айналысты және сауда сол кез адамдары үшін ең маңызды іс болып есептелді. Қалаларда мемлекетаралық, қала мен оның төңірегі арасындағы, қала мен көшпелі дала арасындағы үш басты тауар айналымы тоғысып жатты.

IX ғ. екінші жартысы мен XII ғ. қалалар

Қалалардың көбеюі және қала мәдениетінің дамуы.

IX-XII ғасырлардағы ірі қалаларда мыңдаған халық өмір сүрді. Испиджабта - 40 мың, Отырарда - 16 мың, Таразда - 10 мың, Баласағұнда - 10 мыңдай, Қаялықта - 10 мың адам тұрды. Дегенмен, халқы 1-1, 5 мыңнан 3 мыңға дейін шағын қалалар басым болды.

Қала мәдениеті бұл кезде солтүстікке қарай, Орталық Қазақстанға, Нұра, Кеңгір, Сарысу аңғарлары, Ұлытау бөктеріне қарай жылжи түсті.

Археологиялық қазбаларға қарап қалада қолөнердің дамуы, негізінен қыш-құмыра жасау, шыны үрлеу, ұсталық өнер, металл өңдеу, зергерлік, қоладан жасалған көркемөнер туындылары болғаны жайлы қорытынды жасай аламыз.

IX-XII ғасырлардағы қалалар халықаралық және жергілікті сауданың орталығы болды. Қала мен даланың арасында сауда қызу жүрді. Испиджаб, Отырар, Йассы, Тараз және Баласағұн қалаларында теңге сарайлары жұмыс істеді. Орта Азия және Таяу Орта Шығыспен байланыс күшейе әрі кеңейе түсті. Қала халқы арасында ісләм діні тарала бастады. Ірі орталықтарда дүниежүзілік мәдениет үлгілері бір-бірімен жақындасып, тәжірибе алмасу жүзеге асады. Қорасаннан Жетісуға дейінгі аралықта ортақ мәдениет пайда болды.

Оңт. Қазақстан мен Жетісудың қалалық мәдениеті дамуының екінші кезеңі алғашқы және кейінгі кезеңге қарағанда, қалалалық өмір салты неғұрлым қарқынды өсумен ерекшеленеді. Көшпелілердің отырықшылануы арқасында Орта Азияға қарағанда қалалар жылдам өсе бастады. Мұны араб-парсы деректерінен білуге юолады. Деректер Оңт. Қазақстан мен Жетісу қалаларының тұрғындары қарлұқтар, оғыздар, қимақтар, қыпшақтар т. б. болғандығын айтады. Тараз IX ғ. қарлұқтар қол астында болды. Xғ. Олар Фарабта, Сүткентте билік жүргізген, автор Худут әл-Әлемнің баяндауынша Құлан, Мерке, Науакет, Қармыкент, Барысхан қалалары да қарлұқтардікі болды. Қарлұқтар мен жикилей тайпалары аралығында (Солт. -Шығыс Жетісу) Талхиз бен Тон қалалары тұрды. Қарлұқ билеушілерінің орталығы Қаялық қаласы.

Қаратаудағы, Сырдариның орта және төменгі ағыстарындағы қалалар оғыздар иелігінде болды.

Әл-Идрисы Алакөл және Ертіс жағалауында қимақтар қалаларының болғанын жазды.

XII - XIII ғғ. Қазақстанның оңтүстігіндегі Жент, Сығанақ, Баршынкент, Талас аңғарындағы Кеңжақ-Сеңшір қыпшақ қалалары болған.

XI ғ. басым сипат алған отырықшылыққа, қала тұрмысына ұмтылкшылық Ж. Баласағұнның «Құтты білік» («Құдадғу біліг») атты еңбегінде егіншілікті, қолөнершілер мен саудагерлерді мажақтауынан анық білінеді. IX - X ғғ. Солт. -Шығыс Жетісуда12 қала болса, XI - XII ғғ. 70-ке жетуі бұл аймақта отырықшы-егіншілік және қалалық мәдениеттің қаншалықты өркендегенін көрсетеді. Отырықшы халық саны XI - XII ғғ. аралығында 1200-3000 адамнан 35-45 мың адамға өсті, яғни 20-30 есе көбейді. Осы мысалдың өзі бұл аймақта отырықшы-егіншілік және қалалық өмір салты қаншалықты зор қарқынмен жүргенін көрсетеді.

Қолөнердің, сауда мен ауыл шаруашылығының дамуы.

Қалалар санының өсуі, олаодың жер көлемінің артуы, халқының көбеюі қолөнер мен сауданың одан әрі дамуына алып келді. Қолөнер өнімдерін тұтынушылар құрамы да өзгерді. Бұрын тек бай саудагерлер мен диқандар ғана сатып алатын болса, енді қолөнер саудасымен саудасымен айналысатын халық негізгі тұтынушыға айналды. Осы кезде шеберханаларды мамандандыру орын ала бастады. Мысалы, құмыра жасаушылар цехтық ұйымдарға бірікті.

Қазақстан қала жұртының X ғ. қабатынан шыны бұйымдар көп табылды. Осы кезден XIII ғ. басына дейін шыны заттардыңформасы, түрлері мен жиынтығы өте аз өзгерген. Ыдыстан басқа шынышылар кішірек көлемді әйнектер жасай білген.

Ұсталық кеңінен таралған қалалық кәсіп болды. Ұсталар әдетте тұтас махаллаларға (квартал) жайғасатын.

Темір кені қазып алынған жерінде өңделген. Металды сол жерде қорытқан. Ұста дүкендеріне темір илеуге дайын күйіндежәне темір немесе шойын сынықтары түрінде түсетін.

Жібек жолы және сауда.

IX - XII ғғ. бұрығы Жібек жолының маңызы басым болды. Жібек жолының қазақ жеріндегі бөлігі Газгиоден басталып, Испиджабқа, Таразға, Құланға, Науакет, Баласағұн қалалары және Бедел, Ақсу асулары арқылы өтіп, Шығыс Түркістанға жалғасқан.

Тараздан Бестас және Қоғарт асулары арқылы өтіп Ферғана аңғарына, ал Адахкес және Дех-Нуджикес қалаларын басып өтіп қимақтарға дейін жеткен.

Осы арадағы сауда жолдарымен Енисейдегі хакастарға әр 3 жыл сайын жібек тиеген керуен өтіп тұрған.

Испиджабтан шыққан керуендер Усбаникент, Кедер, Сығанақ арқылы Янгикентке, одан әрі Қызылқұм, Хорезм, Маңғыстау арқылы Еділ бойына, Кавказға, Еуропаға барып жеткен. Усбаникент, Кедер, Сығанақтан Қаратаудың Солтүстік беткейіндегі Баладжу және Созақ қалаларына, одан Бетпақдала арқылы Дешті-Қыпшақ даласына апаратын жолдар болған. Ұлытау бөктеріндегі Сарысуға және Есіл бойымен Ертіс аңғарындағы қимақтарға жеткізетін белгілі жолдар Янгикент қаласынан шығатын еді.

Х ғ. Қордай, Қастек, Санташ асулары арқылы Кегенге жетіп, одан әрі Шығыс Түркістанға асты. Енді бір тармағы Шелек арқылы Сүмбеге, одан әрі Алмалыққа кетті.

Ақша айналымы

Отырар теңгелері.

Ерте орта ғасырларда (VII - VIII ғғ. ) теңгелерді белді тайпалардыңатақты адамдары шығарып, оған өз таңбаларын бастыратын. Таңба дегеніміз - ру атының өзіндік идеограммысы, оған қарап оның иесінің қай әулеттен екендігін, руын, сол ру жайлы мәліметтерді білуге болады. VII - VIII ғғ. Оңт. Қазақстанжағы сауда жолында орналасқан ең ірі саяси-экономикалық орталықтың бірі - ежелгі Отырар болды. Отырар мен оның айналасындағы өмір салты шеткері аймақтарға да өз әсерін тигізіп отырды. О. қолөнер-ң өнімдері Қаратаудың слт. және оңт. беткейлеріндегі, Сырдарияның орта ағысындағы көптеген қалалар базарларында сатылды.

Түркеш теңгелері.

Түркеш қағандығының теңгелері VIII ғ-ң басынан белгілі. Бұл теңгелердің алғ. түрі түркеш билеушілері үстемдік еткен 716-766 жж. Шығарылған. Бұл т-ң оң бетінде түрк-ң таңбасы - садақ бейнеленген, ал екінші жағында «түркеш - қаған-ақша» деп оқылатын түсініктемесі бар.

Белгілі ағылшын түркологы Дж. Клоусонның болжамы бойынша алғ. түркеш теңгелері ежелгі Батыс, Түрік қағанаттарының астанасы Ақбешімде (Суяб) соғылған.

748 ж. Суябты қытайлар талқандағаннан кейін Жетісудың батыс бөлігі Талас қаласының иелігіне айналды. Талас (Тараз) қаласында түркеш билеушілері теңге шығаруды жалғастыра берді. Тараз теңгелері алғ. Ақбешім теңгелеріне ұқсас болды.

Қарлұқ заманында да (VIII - Х ғғ. ) Қазақстан аумағында түркеш теңгелері айналамда болды.

Саманилер мен Қарахандықтар теңгелері.

Саманилер мемлекетінде алтын динарлар мен мыс фельстермен қатар «исмаили» деп аталған жоғарғы сапалы күміс дирхемдер үнемі соғылып тұрды. Бірақ ол негізінде тауар ретінде сыртқа шығарылды. Ішкі саудада ІХ - ХІ ғғ. Бұхархудат теңгелері (мусейяби, мухаммеди, гитрифи) үлгілерімен соғылған «қара дирхемдер» т. б. бірсыпыра теңгелер қолданылды. Олардың ішінде мусейяби дирхемдері ең жоғары сапалы болды, мухаммеди дирхемдері ең төменгі сапалы күмістен, гитрифи дирхемдері мысы басым жәй металдар қорытпасынан соғылды.

Сәулет өнері және жалпы өнер

Сарайлар сәулет өнері.

Түріктер, түркештер, қарлұқтар, қархандықтар дәуірінде қалалар мен далаларда түрлі сәулет өнері құрылыстары, кесенелер мен мешіттер бой көтерді, қолданбалы және бейнелеу өнері, мүсін жасау өркендеді.

Археологиялық қазбалар нәтижесінде Кедер Жамукет қамалдарындағы көлемді құрылыстар, Құлан мен Көкмардандағы тұрғын үйлер, Суяб пен Науакеттегі будда храмдары мен монастрлар Исфиджабтағы ғибадат орындары бізге белгілі болды. Құрылыс шикі кірпіш пен пахсоты блоктан өріліп салынды. Құрылыс төбелері жайпақ күмбездене немесе шатыр тәріздес етіп жабылды. Соңғысында ағаш кеңінен қолданылған. Есік ойықтары аркатүрінде жасалып, ағаш есіктер орнатылған.

Діни құрылыстар сәулет өнері.

ХІ - ХІІ ғғ. Салынған Айша бибі кесенесі өте көрнекті ескерткіш болып табылады. Кесене 1 бөлмелі, тікбұрышты (7, 7х7, 6 м), төбесі күмбезделе жабылған құрылыс. Бұрышына үлкен тіреу-бағаналар қойылған. Әрбір қасбетінің орта тұсында терезе тәріздес таяздау ойық жасалып, өрмелі аркамен жиектелген. Есігі шығыс қабырғасында. Кесене ортасында шағын құлыптас тұр. Қабырғалары және тіреу бағаналардың бұрышы геометриялық және өсімдік тектес өрнектері бар күйдірілген саздан жасалған тақтайшалармен жабылған. Айша бибі кесенесінің өрнектері ерте кездегі қышшылар мен қолданбалы өнердің тамырынан нәр алғандығы байқалады.

Қарахандықтар сәулет өнері ескерткіштерінің бірі Тараз қаласындағы салтанатты күмбезді Қарахан кесенесі . ХХ ғ. басындағы өңдеу-жөндеу жұмыстарынан кейін кесене қабырғалары өзіне тән үлгісін жоғалтып, сәлеттік-сәндік бейнесінен түгел дерлік айрылды.

Х - ХІІ ғ. ескерткіштерінің өзіндік құрылым үлгілері, сәулет формалары, әшекей түрлері зерттеушілерге оларды дала өнерінің дәстүрлерімен тығыз байланысты слт. түркістандық сәулет өнеріне жатқызуға олады.

Тіл және жазу, әдебиет, дін

Ежелгі түрік жазуы туралы деректер.

Мемлекет күшейіп, экономикасы нығайған ерте феодализм дәуірінде жазу өнерінің маңызы арта түседі.

Түріктер өзге мемлекеттермен елшілік қатынастарда ресми қағаздарды кеңінен қолданды. Түріктердің жазу туралы алғ. деректер Менандр Протектор қалдырған. Византия императоры І Юстиннің түрік елшісі Манахты қабылдауын суреттей отырып, Менандр қағанның «скиф жазуымен» хат жолдағанын айта кетеді.

Түріктерде жазудың болғандығы жайлы қытай деректері ашық айтады. Олар «Түрік жазуы ху (соғды) жазуына ұқсас» дейді. Бұл дерекке қарағанда VІғ. Екінші жартысында-ақ түріктердің өз жазуы болған.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ХІ – ХІІ ғасырлардағы Италия қалаларының қалыптасуы. Қала – коммуналар
Қазалы қаласының құрылу және даму тарихы
Алтын Орда дәуіріндегі Сыр бойы қалаларының қалыптасу тарих
Қазіргі кезең
Батыс Еуропаның орта ғасыр кезеңдері
Қазақстанда қалалардың қалыптасуы мен олардың орналасу ерекшеліктері
Ортағасырлық қалалық мәдениеттің қалыптасуы
Қазақстан аумағындағы Ұлы Жібек жолының тарихы
Урбанизация тарихы және перспективасы
Ортағасырлық қалалардың қалыптасуы мен даму тарихы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz