«Биология. Адам және оның денсаулығы» (8-сынып) пәнін оқытуда жеке тұлғаға бағытталған технологияны пайдалану


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 39 бет
Таңдаулыға:   

М А З М Ұ Н Ы

КІРІСПЕ . . .
3
: І.
КІРІСПЕ . . .: Әдебиеттерге шолу . . .
3: 6
: 1. 1
КІРІСПЕ . . .:

Жеке тұлғаға бағытталған технологияны пайдаланып

оқытудың теориялық негіздері . . .

3: 6
: 1. 2
КІРІСПЕ . . .:

Жеке тұлғаға бағытталған технологияны пайдаланып

оқытудың практикалық маңызы . . .

3: 8
: 1. 3
КІРІСПЕ . . .:

«Биология. Адам және оның денсаулығы» (8-сынып) пәнін

оқытуда жеке тұлғаға бағытталған технологияны

пайдаланудың маңызы . . .

3: 2
:

ІІ

2. 1

ІІІ

КІРІСПЕ . . .:

ЗЕРТТЕУ МАТЕРИАЛДАРЫ МЕН ӘДІСТЕРІ . . .

Зерттеу әдістері . . .

ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ МЕН ТАЛҚЫЛАУ . . .

3:

1818

20

: 3. 1
КІРІСПЕ . . .:

«Биология. Адам және оның денсаулығы» (8-сынып) пәнін

оқытуда жеке тұлғаға бағытталған технологияны

пайдаланудың жолдары . . .

3: 20
: 3. 2
КІРІСПЕ . . .:

«Биология. Адам және оның денсаулығы» (8-сынып) пәнінен

өтілетін тақырыптарды оқытуда жеке тұлғаға бағытталған

технологияны пайдаланудың мүмкіндіктері . . .

3: 22
: 3. 3
КІРІСПЕ . . .:

«Биология. Адам және оның денсаулығы» (8-сынып) пәнін

оқытуда жеке тұлғаға бағытталған технологияны пайдаланып

оқыту әдістемесі мен нәтижелері . . .

3: 26
:
КІРІСПЕ . . .: ҚОРЫТЫНДЫ . . .
3: 37
:
КІРІСПЕ . . .: ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .
3: 39

КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбының көкейкестілігі. Қай елді, халықты болсын, прогреске бастайтын жол-білім жолы. Егемендік алған Қазақстанның болашағы жастарға байланысты. Қазіргі кездегі ғылым мен техниканың дамып өркендеуіне байланысты дарынды жастарды тәрбиелеп шығару ұстаздар қауымына үлкен сын болуда. Сондықтан да жастарды білімге құштарлыққа, ізденуге, талпынуға тәрбиелеу арқылы баланың қабілет-қасиеттерін ашып көмектесу керек.

Өйткені, осындай жастар ғана егемендігіміздің ертеңін баянды ете алады; қазақ елінің ертеңіне қызмет ете алады.

Қазақстан Республикасында Білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында білім беру саясатының негізгі міндеттерінің бірі «Халықтың барлық жіктерінің сапалы білімге қол жеткізуін қамтамасыз ету» екендігі, оны іске асырудағы мектеп бағдарламасы баланың жеке тұлғасын қалыптастыруға, оның жеке қабілетін ашуға және дамытуға бағыттау қажеттілігі атап көрсетілген [1] .

Бұл міндетті іске асыру үшін аталған құжатта: «Оқу процесі:

- өз бетінше білім алу және оны практикада қолдану қажеттігі мен дағдысын қалыптастыруға, танымның ғылыми тәсілдеріне мақсатты және жүйелі түрде баулуға;

- оқушыны жеке тұлға және қызмет субъектісі ретінде дамытуға, өмірлік құнды бағдарларын қалыптастыруға;

- ұлттық мәдениетті құрмет тұтуға тәрбиелеуге және басқа да мәдени бастаулардан нәр алуын бойында қалыптастыруға;

- нарықтық экономика мен сапаның негізгі түсініктерін және оларды практикада қолдана білуді қалыптастыруға;

- жалпы негізгі білім беру сатысында бейіналды даярлықты және жалпы орта білім беру сатысында бейінді оқытуды қамтамасыз етуге бағытталатын болады», - делінген.

Мұның өзі бағдарламада атап көрсетілгендей, «оқытуды ұйымдастыру қағидаттарын және оқушының білім-білікті, дағдыны енжар «алушы» рөлін танымдық процестің белсенді субъектісіне өзгертуді» міндеттейді.

Көрнекті ғалым-психологтар мен педагогтар В. В. Давыдов, П. Я. Гальперин, Н. Ф. Талызина және басқалар өздерінің ғылыми зерттеулерінде жастардың білімге деген ынта-жігерін қалыптастырудың мол мүмкіндіктерін ашып береді. Білім берудің негізгі бөлігі оқушының өз бетінше жұмыс жүргізе алуында болып отыр. Мұның өзі оқу процесінің ұйымдастырылуы мен оқыту әдістемесінің жетістіктерімен сабақтас болады [2, 3] .

Қазіргі кездегі білім беру ісі дүние жүзілік білім беру кеңістігіне енуге бағытталып отырғандықтан, бұл реттегі жұмыстарға педагогика ғылымының теориясы мен практикасында елеулі өзгерістер енгізілуі тиіс. Осы ретте Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында [4], Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті орта білім беру стандартында (Негізгі қағидалар) [5], Қазақстан Республикасында гуманитарлық білім беру тұжырымдамасында [6], Қазақстан Республикасында 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы [7] мен тағы басқа соңғы кезде қабылданған ресми құжаттарда білім беру ісін ізгілендіру мен демократияландыру бағытындағы ережелер енгізілген. Осы және т. б. құжаттарда жалпы білім берудің ұлттық мақсаты мен оған қол жеткізуге жетелеуге тиіс міндеттер мемлекеттік білім беру саясатының негізгі принциптеріне сәйкес, қазақ халқының ұлттық-тарихи және этникалық дәстүрлері мен оқушылардың жалпығаламшарлық ауқымда ойлай алуына бағытталған жалпыадамзаттық құндылықтарды ескере отырып анықталған.

Соңғы кездегі экономикасы мен саясатындағы, мәдени өміріндегі өзгерістер болашақ жас ұрпақты тәрбиелеуде шығармашыл, өз көзқарасы бар, дүниежүзілік мәдениетті танып білетін, кәсіби жоғары білікті адамдар дайындау қажеттігін қоюда.

Мектептерде соңғы кезде бұл бағытта біршама жұмыстар жүргізілгенмен, әлі де болса, жеке тұлғаны ізгілік бағытында және нақты өмірге бейімді тәрбиелеу бағытына тек жаттап оқитын оқушылар мен белсенділікке талпындыратын әдістерді пайдалану және нақты өмір жағдайын ескермей оқыту ісі жалғасуда. Бұл қазіргі қоғам сұранысын қанағаттандырмайды.

Кез келген оқыту технологиясы оқытушыдан терең теориялық, психологиялық, педагогикалық-әдістемелік білімді, үлкен шеберлікті, шәкірттердің жан дүниесіне терең үңіліп, оны ұғына білуді талап етеді.

Қазіргі кездегі әдістемелік, педагогикалық және ғылыми еңбектерде «педагогикалық технология» ұғымына анықтама берілген, оның түрлері топтастырылған, пайдалану мүмкіндіктері жайлы жарық көрген көптеген еңбектер бар [8-10] .

Білім берудің даму бағыты мен технологияларын қамтитын көптеген педагогикалық технологиялар, атап айтқанда, В. В. Давыдов пен Д. Б. Элькониннің дамыта оқыту технологиясы [12], Ж. У. Кобдикова, Н. Н. Нұрахметов [13], т. б. технологиялары мектеп практикасына енгізілуде.

Шын мәнінде, педагогикалық технологиялар тарихын, олардың пайда болуы, мақсат-міндеттері, қолдану тәжірибесін зерделеп-талдау, ой елегінен өткізу оқытушыларға құнды педагогикалық біліммен қарулануға мүмкіндік береді.

Оқыту барасында жаңа технологиялық әдістерді пайдалану шәкірттердің ойлана білу қабілеттерін жақсартады. Бұл проблеманы зерттей келе, педагогикалық технологияны пайдалану қажеттігі мен оны пайдалануда қол жеткізіліп жақтан тиімділігі арасында алшақтық байқалады. Педагогикалық технологияның ғылыми негіздерін білмей, оның тиімділігіне көз жеткізбей, кездейсоқ, оқтын-оқтын пайдалану дұрыс нәтижеге әкелмейтіндігін практиканың өзі көрсетіп отыр.

Біздің республикамызда мектептегі биология курсының пәндерін, соның ішінде «Биология. Адам және оның денсаулығы» (8-сынып) пәнін оқыту технологияларының мектептердің білім беру процесінде пайдаланылуына талдау жасау негізінде және жүргізген сауалнамаларға сүйене отырып, қазіргі кездегі бұл процестің өте баяу жүруі, кейде шалағай пайдалану бұл бағыттағы істі жетілдіруді, оның маңызы мен мәнін дұрыс ұғынып, пайдалануды қажет етеді деген ойға келдік.

Сондықтан да біз бітіру жұмысымыздың тақырыбын: «Биология пәнін жеке тұлғаға бағытталған технология негізінде оқыту жолдары» деп таңдадық.

І. ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ

1. 1. Жеке тұлғаға бағытталған технологияны пайдаланып оқытудың

теориялық негіздері

Оқушылардың өз бетімен істейтін жұмысының маңызы туралы алғашқы мәліметтер көне Грекияның бірқатар ойшылдарының еңбектерінде кездеседі. Білім алу процесіндегі жеке адамның өз ізденісіне ұлы грек философы Аристотель (б. з. б. 384-322 жж. ) ас үлкен мән берген. Ол «Риторика» атты еңбегінде балаға зорлап ешнәрсе түсіндірудің мүмкін емес екендігін толық негізбен тұжырымдаған.

Аристотельдің ойынша, білімді жетістікпен игеру баланы оқу процесінде қанағат пен қуанышқа бөлесе ғана мүмкін болады [14] .

Оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуінің маңызы туралы мағлұматтар Ян Амос Коменскийдің (1592-1670) де еңбектерінде айтылған. Ол білім алуда балалардың өздерінің еңбектенуі пайдалы да қажет екенін уағыздады. Өзінің «Ұлы дидактика» [15] деп аталатын іргелі еңбегінде оқытушы аз оқытып, оқушы өзі көп оқитындай жағдайды зерттеу қажеттігін айтады. Я. А. Коменский балалардың қабілеттілігін барынша дамытып, ойлана білуге үйретіп, ең бастысы баланың білім мен оқуға деген ынтасын дамытуды барынша жақтады.

Я. А. Коменский оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуін ұйымдастыруға, олардың білімге деген белсенділігін дамытуға толық мүмкіндіктер беру жолдарына баса назар аударған. Осылайша Я. А. Коменский оқу процесінде оқушыларды белсенділікке, дербестікке дайындаудың психологиялық, педагогикалық мәселелерін шынайы талдаудың алғашқы қадамын жасауға тырысты.

Оқушының өз бетімен істейтін жұмысына педагогикалық энциклопедияда мынадай анықтама беріледі: «Оқушылардың өзі істейтін жұмысы олардың сыныпта не сыныптан тыс, мұғалімнің тікелей көмегінсіз орындалатын жеке және ұжымдық оқу әрекетінің жиынтық түрлері».

Мұндай тапсырмаларды орындау оқушылардан белсенді ой қызметін, әртүрлі танымдық мәселелерді өздігінен шешуді, бұрын меңгерілген білім-білікті қолдануды талап етеді. Өзіндік жұмыстардың әр түрін орындау нәтижесінде оқушылардың танымдық белсенділігі және ізденімпаздығы арта түседі.

Педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерде бұл ұғымға әртүрлі анықтамалар береді.

Кейбір ғалымдар оқушының өз бетімен істейтін жұмысын оқытудың әдісі деп қарастырады, профессор Т. Сабыровтың пікірінше, оқушылардың өз бетімен орындайтын жұмысы жеке өз алдына оқыту әдісі бола алмайды, себебі, өздік жұмыстардың өзі әртүрлі әдістер арқылы іске асады [16] .

Біздің көзқарасымыз бойынша, В. П. Беспалько анықтағандай, өз бетімен орындайтын жұмыс адамның белгілі бір жұмысты өз бетімен ешкімнің көмегінсіз орындауы болып табылады. Оқушының өзіндік жұмысы күрделі әрекет болғандықтан бір ғана белгімен сипаттауға келмейді [17] .

Бұл мәселелерге XVIII ғасырдың ойшылы Жан-Жак Руссо да көңіл бөлді. «Өзінің қателіктеріне (баланың өз тәжірибесін артық бағалауына, жүйелі білім алуды жете бағаламауына) қарамастан, оқытудың балалар дербестігін, дамытуға ықпал жасауына, олардың айналадағы көрінген заттар мен оқиғаларды «зерттеу» қабілеттілігі туралы ой салады».

Ғалым балаларды оқытудың негізгі міндеттерінің бірі олардың өз бетімен білім алуға тырысуы, ойлау қабілетінің дамуы, дұрыс та анық идеяның қалыптасуы деп таныды. «Мәселе ғылымды оқытуда емес, оны дәніктіруге, ол ғылымдарды сүйетін болсын, одан кейін оған оқып, білім алудың әдісін үйрету керек».

Ж. Ж. Руссоның ойынша, білім берудің басты міндеттері оқушылардың дербестігін дамыту, байқап-ұғына білуге үйрету. Алайда бұл міндетті жүзеге асыру тиісті жағдайлар жасуды қажет етеді. Бұл жағдайлар балаларға дербестікке тырысуға, таным белсенділігіне табиғи талаптануын дамытуға мүмкіндігін бере алатындай болуы керек.

Баланың ой және адамгершілік күшін тәрбиелеу міндетін және белсенділігін дамыту үрдісінде орындау XVIII ғасырдағы француз ойшылдары дербес ойлана білуді, білімге деген белсенділікті дамытуды оқыту үрдісінде қалыптастыруды жақтады [15] .

Батыстың озат, прогресшіл педагогикасы теориясының басты ерекшілігі- оқушының дербестігі идеясын қорғауында «Білім дайын күйінде берілмей, оқушылардың өздері зерттеп және текесеретін материал ретінде берілсе, баларды дамыту, шын мәнінде, қамтамасыз етілетін болады» деген нық сенім.

Ал оқытудың ең жоғарғы принципі мынандай: «тәрбиеленушіңді шындықты өз бетімен зерттеуге талпындыр» немесе «тәрбиеленушіні шындықты іздеу үстінде дамыту үшін танымға баулы». Педагогтар тұжырымдап берген бұл қағида оқушының оқу материалын зерттеу процесінде дербестік теориясын одан әрі дамытуға сөзсіз ықпал жасады.

К. Д. Ушинскийдің (1824-1871) ойынша, оқытушының мақсаты оқушыларға керекті білім беруде ғана емес, оларда жаңа білімді өздігінен алсам деген құштарлықты дамытып, дербестік қабілетін қалыптастыру, пайдалы білімді кітаптардан іздеп, тауып қана қоймай, қоршаған дүниеден, өмір құбылыстарынан да таба білу құралдарымен қаруландыру.

Ғалым оқушылардың өз бетімен ойлана білуге дамытудың қажеттігін ерекше атап көрсеткенін мына сөзінен байқаймыз: « . . . балалар мүмкігдігінше өз бетімен еңбектенсін, ал мұғалім олардың дербес еңбегіне басшылық жасап, оған материал беріп отырсын». Оқушылардың дербестігін дамыту үшін К. Д. Ушинский мынадай әдістерді ұсынады: оқулықпен жұмыс, жаттығулар орындау, өз істерін өздерінше байқау. Ол: «баланы кітап бойынша әңгімелесе білуге дағдыландыру, соған құмарландыру, мектептің ең басты міндеттерінің бірі», -деді [18] .

Оқушылардың дербестігі мен белсенділігінің принціпін К. Д. Ушинский оқу процесінің психологиялық негіздері мен оқушылардың жас ерекшеліктеріне терең ғылыми талдау жасай отырып дәлелдеп берді.

Оқу процесінің құрылысы, К. Д. Ушинскийдің ойынша, оқушылардың материалды белсенді де дербес оқып, білуге талпынуын дамыту үшін қажетті жағдайларды алдын ала жасауда болуы тиіс.

Шынында да, адамның мұндай жарасымды дамуы алғашында өте баяу жүреді, алайда уақыт өте тездей түседі, оқушы білімнің іріленген білім-білік, дағдыларды игерген сайын, оның жан дүниесін идеялар билеген сайын, осы «іргетасқа» үлкен да мықты «үй» тұрғызуға болады деген ұлы педагогтың ойы бұрынғыдан өзекті болып көрінеді.

Өйткені, қазіргі кезде мұғалімдер көбіне оқушылардың өз бетімен істейтін жұмысына көп уақыт бөлмейді, тиісінше назар аудармайды.

Қазіргі білім беру жүйесінің жаңа деңгейге көтерілуі, қоғамның ақпараттандыру саясатына байланысты. Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы «Ақпараттандыру туралы» №217 Заңына сәйкес «ақпараттандыру» бұл «ақпараттық технологияларды пайдаланудың негізінде электрондық ақпараттық ресурстарды, ақпараттық жүйелерді қалыптастыруға және дамытуға бағытталған ұйымдастырушылық, әлеуметтік-экономикалық және ғылыми-техникалық процесс» болып табылады [19] .

Ал, ақпараттық технологияларға ақпаратты жинауды, құруды, сақтауды, жинақтауды, өңдеуді, іздеуді, шығаруды, көшірмесін түсіруді, беру мен таратуды қамтамасыз ететін технологиялық кешенге біріктірілген әдістердің, өндірістік процестер мен бағдарламалық-техникалық құралдардың жиынтығы жатады. Демек, оқыту технологияларының ақпараттандыруда әдістердің бірі ретінде маңызы бар.

Қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды пайдалану оқу-тәрбие процесінде сабақты тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік береді, бұл өз ретінде педагогикалық процесті тұтастай өзгертуді қажет етеді.

1. 2. Жеке тұлғаға бағытталған технологияны пайдаланып оқытудың

практикалық маңызы

Білім беру жүйесіндегі өзгерістер тек педагогикалық технология теориясына ғана емес, практикасына да түзету енгізеді. Теория практикасыз ешнәрсені өзгерте алмайды. Теорияның практикалық күшімен энергиясы болады, алайда ол практика жүзінде пайдалана алатын адамдардың санасымен қабылданғанда ғана материалдық көрініс береді. Сонда ғана теория адамдардың қажеттіліктерін қанағаттандыратын, практиканың бағыттаушысы мен реттеушісі рөліне ие бола алады.

Ал теория практикаға технологиялық процесстер арқылы ғана ене алады. Технологиялық процестер нәтижесінде ғылыми теория мақсатты түрде практикалық жүйеге ене алады. Міне, сондықтан дәстүрлі жүйедегі теория мен практика алшақты нақты теория мен технологияның қолданбалы маңызға ие болмауынан орын алады. Осы алшақтықты жою мақсатында қазіргі кезде педагогикада технологияландыру процесінде қызығушылық туындап отыр. Жаңа мазмұн, жаңа әдіс, жаңа қарым-қатынас негізінде білім беру ісі жаңа мәнге ие болады. Осылайша өмірге білім берудің жаңа парадигмасы лайықты ауқымда және деңгейде іске асырылатын болады.

Осылайша елімізде педагогика ғылымның теориясы мен практикасында оқыту мен тәрбиелеу процесіндегі жаппай біркелкі біртіндеп өзгеріп әртүрлі нысандардағы мектептермен авторлық жобалар пайда бола бастады солардың ішінде жаңа педагогикалық технологиялар қазіргі заман талабын қанағаттандырылатын бағытқа қарай өзгереді.

Білім беру жүйесіндегі өзгерістер ондағы әдістермен тәсілдерді өзгертуге алып келсе олар өз ретінде оқу мазмұнын өзгертуді талап етті. Осы ретте мемлекеттік жалпыға міндетті орта білім берудің жаңа стандарты жасалынды. Онда вариативті оқу жоспарлары жасалды. Білім беру мазмұны өзгертудегі негізгі мақсат-оқытудың жаңа педагогикалық технологиялар негізінде ұйымдастырылуы. педагогикалық технология негізінде оқыту жаңа заманғы өмір талаптарына сай жас ұрпақты тәрбиелеуге мүмкіндік береді.

Педагогикалық технология арқылы оқытуды оқушы белсене субъект ретінде қарастырылады. Педагогикалық технология оқушыға өзінің еркіндігін сақтай отырып, өз мүмкіндігін, қабілетін іске асыруға тырысатын жеке тұлға ретінде қарайды. Оқыту технологияларын пайдалану арқылы білім беру тек белгілі бір пән бойынша білік пен тағды қалыптастыруға бағытталған дәстүрлі жүйеден ерекшеленеді.

Қазіргі қоғам өз мүшелеріне тек тапсырманы орындаушы ғана емес, олардан бәсекеге қабілетті белсенді өмір өзгерістеріне тез бейімделе алатын, дұрыс шешім қабылдай алатын маман болуды талап етеді. Ол үшін бүгінгі мектеп оқушысын осындай өмір өзгерістеріне дайындап, әртүрлі жоба жасай алатын, әртүрлі жағдайды, қиында болса, дұрыс шешім қабылдай алатындай етіп дайындау керек. Соңғы кезде практикаға жаңа идеялармен жаңа технологиялар, әртүрлі педагогикалық жүйелер жасалынып-енгізілуде. Білім беру жүйесінде балама бағдарламалар жасалынуда. Педагогикалық технологияның толығымен жан-жақты игерген мұғалім ғана алдына қойған мақсатқа жете алады. Соңғы кездегі оқыту процесін технологияландыру бағытында көптеген ғалымдар еңбек етуде. Ал біздің ойымызша, оқыту процесіне жаңа педагогикалық технологияны енгізу оқытудың тиімділігін арттыруға оқытуды ғылыми негізге қоюға, бұл қызметті ізгілік бағытында ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

Қазіргі кездегі әдістемелік, педагогикалық және ғылыми еңбектерде «педагогикалық технология» ұғымына анықтама берілген, оның түрлері топтастырылған, пайдалану мүмкіндіктері жайлы жарық көптеген еңбектер бар [8, 9, 17, 10] .

Қазіргі заманғы педагогикалық технология мектеп практикасында да енгізілуде [12, 13] . Дегенмен, оқыту технологияларын таңдау мен дұрыс пайдалануды, әдетте, қиындықтар туындайтындығы-шындық.

Сондықтан да оқыту технлогиясын педагогикалық процеске тиімді енгізу үшін қазіргі кездегі барлық педагогикалық технологияларды зерттеп, оларды жүйелеп, ғылыми негіздерін анық білу қажет. Әр мұғалім қазіргі кездегі оқыту технологияларын пайдалану арқылы өткізілетін сабақтың оқушының білім алуына тиімді екендігін түсіну тиіс. Бүкіл материалды толық білгізіп шығарудың мүмкін еместігін түсініп, оны игерудің жолдарын көрсетудің қажеттілігіне көңіл аудару-аса маңызды.

Оқыту мазмұнының, әдістері мен тәсілдерінің оқышының білімге деген қатынасының өзгеруіне алып келіп отыр. Білім берудегі жаңа білім беру парадигмасына байланысып педагогика ғылымымен мектеп практикасында негізгі орынды жеке тұлға бағытталған бағыт маңызға ие болуда, оның негізгі идеясы оқушының өзін-өзі дамытуға, жеке тұлға болып қалыптасуына бағытталады.

Қазіргі кездегі жаңа педагогикалық технологияны пайдалануды көптеген педагогтар мен психологтар оқу процесінде баланың өз бетінше ақыл-ойының дамытуы деп қарастырады. Баланың білімді саналы түрде қабылдауына мүмкіндік беретін жол деп түсінеді. Міне, мұндай жағдайда оқушы алға қойған жалпы мақсатқа жетуде белсенділік танытатын, топпен ынтымақтастықта қызмет ету арқылы белсенді түрде оқу процесіне араласатын, онда бір-бірін тексеру, талдау арқылы білім-білікті игеруге деген ішкі қажеттілік сезімі-түрткі пайда болады.

Оқыту технологияларының пайда болуыныңда себебі де, оның артықшылығы да, бұрынғы өзінің белсенді араласуынсыз өткізілетін дәстүрлі оқыту әдісінен де айырмашылығы-осында. Дәстүрлі оқыту кезінде өз бетінше шешім қабылданбайды, проблеманың шешу жолдары іздестірілмейді. Онда білім дайын түрде беріледі. Бұл қазіргі кездегі нарықтық жағдайдағы қажеттілікті қанағаттандырмайды. Сондықтанда педагогикалық технологиялар түрлерінің көп болуы, оларға қойылатын талаптардың да сан түрлі болуы өмір сұранысынан туындаған заңдылық болып отыр.

Оқыту технологияларының оқу процесіне енуін тарихында келесі кезеңдерді бөледі:

1. 1960- жылдары «оқыту технологиялары» деген ұғым пайда болады. Ол бағдарламалап оқыту әдістемесінің енгізілуіне байланысты болады.

2. 1970- жылдары «оқытудың ақпараттық технологиясы» пайда болды.

3. 1980- жылдары «термин педагогикалық технологиялар» деп тұжырымдалады.

4. 1990-жылдары педагогикалық технологиялар оқу процесінде ұйымдастыруы мен басқаруы үшін пайдаланылатын әдістер, тәсілдер мен құралдар жүйесі ретінде оқыту процесіне енді. Педагогикалық технологиялар түрлері қалыптаса бастады.

5. Қазіргі кезең-оқытудағы технологиялық бағыт дәстүрлі әдістерден тиімді екендігін көрсетті. Оқытуды педагогикалық технологияның пайдалану қажеттілік екені дәлелденді.

Сонымен, оқыту технологияларын оқыту процесінде пайдалану салыстырмалы түрде жаңа бағыт болып саналады. Әртүрлі ғалымдар бұл ұғымға әртүрлі анықтама береді. Олардың кейбіреулерін қарастырайық.

Педагогикалық технологияның әдістемелік негізін қалыптастырған В. П. Беспалько болып саналды. Ол педагогикалық жүйені екі жүйеден тұрады деп есептейді: 1) дидактикалық мақсат және 2) мақсатты шешуге арналған технология [17] .

В. П. Беспалконың ойы бойынша, әр мақсатқа белгілі бір технология арқылы жетуге болады. Мұның негізінде бір-бірімен байланысқан біртұтас компоненттен тұратын жүйе түзіледі: ұйымдастыруы нысаны, дидактикалық процесс және мұғалімнің шеберлігі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Химия сабақтарында интерактивті оқыту технологиясы
Оқушылардың сандық дағдыларын қалыптастыруда биология мен информатиканы кіріктіріп оқытудың тиімділігін анықтау
Адам анатомиясын оқыту үдерісінде сандық білім беру технологияларының рөлі
Модульдік оқыту технологиясы туралы
ТЕХНОЛОГИЯНЫ ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ЖОБАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ
Орта мектеп оқушыларына биологияны оқытудың пәнаралық байланыс арқылы оқытудың барысы
Қазіргі сабақтың педагогикалық ресурстары
Оқу - мектеп жасындағы балалардың негізгі таным әрекеті
АҚПАРАТТЫҚ ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ БОЙЫНША САБАҚ ӨТКІЗУ
Ақпараттық оқыту мақсатының құралдары және әдістері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz