Қазақстандағы сақтандыру нарығы


Пән: Сақтандыру
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 68 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

  1. Сақтандыру теориясы, сақтандырудың экономикалық негізіСақтандыру түсінігі және оның экономикалық мәні . . . Cақтандыру қызметінің құрылымы мен жіктелу

ерекшеліктері . . .

  1. Сақтандыру қызметінің құқықтық мазмұны және

мемлекеттік реттеу тетіктері . . .

  1. Қазақстандағы сақтандыру нарығының қалыптасуы және дамуы. Қазақстан сақтандыру нарығының ерекшелік сипаты . . . Қазіргі кездегі сақтандыру қызметінің жетілдіру жолдары . . .

2. 3. Әлемдік сақтандыру нарығының негізгі даму үрдістері . . .

Қорытынды . . .

Қолданылған әдебиеттер . . .

Қосымша . . .

КІРІСПЕ

Диплoмдық жұмыс тақырыбының өзектілігі. «Жаңа әлемдегі Жаңа Қазақстан» деп аталатын 2007-жылдың 28-ақпанында жасаған халыққа Жолдауында Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев айтады: «Осыдан 10 жыл бұрын, 1997- жылы Қазақстан халқына алғашқы Жолдауда біздің қоғамымызды болашақта қалай көретіндігіміз және мемлекетіміздің міндеттері жайлы 2030-жылға дейінгі Стратегия ұсынылған болатын. Біз бұл Стратегияны не орнатқымыз келетіндігін, біздің дамуымыздың басты траекториясы қандай болу керектігін анық білуіміз және түсінуіміз керек деген принциптен шыға отырып жасадық . Біз өзіміздің маңызды бағыттарымызды анықтап алып, сәйкес стратегияларды таңдап, ерік-жігер мен шыдам, мақсатқа тырысушылық таныта отырып біздің жолымызда тұратын кез келген қиындықтарды жеңе алатындығымызға сенімді болдық. Және біз адаспадық. Бүгін толық жауапкешілікпен айтуға болады: Қазақстан өтпелі кезеңді сәтті аяқтап, өз дамуында сапалық жағынан жаңа деңгейге өтті.

Сөз берілгендей, экономиканың тұрақты дамуы реформалардың әлеуметтік бағыттылығын күшейтуге мүмкүндік туғызып отыр. Бұл біздің экономикалық саясатымыздың маңызды қорытындысы. «Қазақстан-2030» Стратегиясын жүйелі түрде орындау ары қарай даму үшін сенімді негіз берді.

Бізде алға қарай бұдан да сәтті қозғалуға барлық негізіміз бар, және біз өзіміздің тарихи мүмкіндігімізді қолдан жібермейміз.

Қазақстан расында да тауарлардың, қызмет көрсетулер мен еңбек ресурстарының, қаржы және қазіргі заман технологиялар мен идеялар нарығының ажырамс қарқынды бөлігіне айналуы үшін он маңызды міндеттің бірін орындауымыз қажет. Олардың бірі:

Жұмыс істейтін әйел адамдардың жүкті болғанындағын, босануын, балаға аналық күтім жасау кезінде міндетті әлеуметтік сақтандыру. Сонымен қоса олардың зейнетақылық жинақтамасы декреттік демалыста кезінде және бала бір жасқа толғанға дейінгі оған күтім жасауға байланысты алған мерізім барысында түсіп отырады.

Бұл жәрдем ақыны төлеу әлеуметтік салықты қайта бөлістіру есебінен құрылған әлеуметтік сақтандыру қорының қаражатынан жүргізіледі.

Бұған мемлекеттік бюджеттен қосымша 9, 2 млрд. теңге бөлу қажет.

Қазақстанның сақтандыру нарығы негізінен банктердің қосалқы құрылымдарынан тұрады және оның дамуы айтарлықтай дәрежеде банктік өнімдердің сақтандырылуымен байланысты .

Қазақстанның сақтандыру нарығы көптегн себептерге байланысты тенденциялар жиынтығымен сипатталады, олар : мемлекеттің әлеуметтік - экономикалық даму деңгейі, сақтандыру саласы заңнамаларының жалпы жағдайы, сақтандырылушылар мен сақтандырушылардың төлемқабілеттілігі және мемлекеттік реттеу құралдары мен олардың тиімділігі. Маңызды ықпал етуші себептер қатарына тек қан ішкі фактоларды ғана емес, сонымен қоса сыртқы- Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі, ТМД елдері мен Шығыс Еуропа елднрінің сақтандыру нарықтарының дамуы.

Нарықтың қозғалысы мен көлемдерін сипаттайтын көрсеткіштерді сараптай отырып, отандық сақтандыру нарығының дамуын үш кезеңге бөлуге болады: қалыптаса бастауы, әлеуметтік сақтандырудың дамуы және банктік сақтандырудың дамуы. Төртінші кезең, біздің ойымызша, Қазақстанның ДСҰ-ға кіруімен және шет елдік сақтандырушылар тарпынан болтын бәсекелестіктің күшеюімен байланысты болатын сияқты.

1992-жылы Қазақстан Республикасының «Сақтандыру туралы» Заңы қабылданған болатын және ол бүкіл отандық сақтандыру нарығының қатысушылары үшін олардың іс қызметі барысындағы бағдар ретінде болды. Сол жылдар сақтандыру іс қызметін мемлекеттік реттеу жүйесі енгізілді, яғни сақтандыру ұйымының капитализациясына талаптар күшейтілді, олардың сақтандырудан басқа кәсіакерлік түрімен айнаысуына тиым салынды, жекеленген келісімшарттардағы жауапкершіліктің барынша жоғары көрсеткіші енгізілді. Бірақ бұған қарамай, сақтандыру компанияларының саны өсе берді және 1999 - жылға қарай олардың саны 71-ге жетті.

1998-жыл мен 2004-жыл арлығы қазақстандық сақтандырушылар үшін сандық жағынан да, сапалық жағынан да ерекше кезең болды. Міндетті сақтандыру сыйақыларының көлемі бірден 2000%-ке өсіп кетті. Бұған айтарлықтай әсер еткен автокөлік иелерінің азаматтық құқықтық жауап- кершілігіндегі сақтандырудың енгізілуі болды. Содан кейінгі жылдары әлеуметтік сақтандыру түрлері 9-ға дейін жетті және бұл жалпы сақтандыру нарығының дамуына түрткі болды.

Бірақ осы үрдіспен қатар, сақтандырушылардың саны қысқарды. Капитализация дәрежесіне, қаржылық тұрақтылығына және төлем қабілеттілігіне деген талаптардың күшеюі бірден бірнеше ондаған сақттандыру компанияларының жабылуына әкелді. 2004-жылы нарықта 34 сақтандыру компаниясы қалды.

Дәл осы кезеңде ерікті мүліктік сақтандыру түрлерінің айтарлықтай өсімі басталды: 2004-жылы осы саладағы сақтандыру кірістері 33%, ал 2005-жылы - 40%, ал 2006 -жылы 93% құрады. Мамандар сақтандыру сыйақыларының көлеміні ңжағымды қарқынмен өсуін банктік «жарылыспен» байланыстырады. Осылайша, егер қарыз алушы банктердің бірінде автокөлік немесе пәтер несиеге алғысы келсе, ол сол банктің қосалқы сақтандыру компаниясының сақтандыру полисін сатып алуы қажет. Бұл шартты орындамайынша несиелендіру жүзеге асырылмайды.

Банктік сақтандырудың үлкен қарқынмен дамуы өз өзінен ресми емес түрде отандық сақтандыру компанияларының банктік және нарықтық болып бөлінуіне әкелді. Біріншілерінің міндеттері айтарлықтай дәрежеде өзінің бас бөлімінің банктік өнімдерін сақтандыруды қамтамасыз ету деуге болады. Ал екіншілеріне диверсификацияланған сақтандыру бумасы бар сақтандыру компаниялары жатады.

Көптеген зерттеушілер мен осы сала мамандарының пікірінше банктік сақтандырудың біржақты даму тенденциясы отандық сақтандыру нарығының да, жалпы қаржы нарығының дамуына тиімді емес. Банктік сақтандыру компаниялары өздерінің басты құрылымдарының (банктің) қанатының астында өз қызметін жүзеге асыра отырып, тәуекелділіктерді басқарушылардың орнына банк кірістерінің оптимизаторларына айналып отыр. Бірақ мұнысымен банктік бизнес душар болып отырған жүйелік тәуекелділіктердің артуына салдарын тигізуде.

Нәтижесінде сақтандыру компаниялары қаржылық нарықта тұрақтандырушы рөл ойнай алмайды, себебі тәуекелділіктер өз құрылымдарының ішінде шоғырланады. Басқа сөзбен айтқанда, ақша жай ғана бір қалтадан екінші бір қалтаға өткізіледі.

Қалыптасып отырған бұл жағдай сақтандыру нарығының мүмкіндіктерін толық пайдалану мүмкіндігін бермей отыр. Банктік сақтандыру қауымдастығының күннен күнге өсіп отырған резервтері банктік трансакцияларға оралады да, қайтадан сол банктік индустриясының мүдделеріне бағынышты болып қалады. Нәтижесінде, сақтандыру нарығының шынайы капитализациясы шектеулі, жекеленген түрде жүзеге асады да, ал бұл өз уақытысында сақтандырушылық қызмет көрсету саласының ел экономикасна енуге кедергі болады. Шет елдердің тәжірибесі көрсеткендей, сақтандыру компаниялары капитализация көлемі бойынша ол елдерде сөзсіз көшбасшы болып отыр. Онда сақтандыру компаниялары банктерге қатысты «кіші іні» емес, серіктес ретінде болады. Сондықтан, біздің пікірімізше, бүкіл Қазақстан экономикасы үшін отандық сақтандыру нарығын транспоренттілік бағытында және «ата аналық әлпештеусіз» дамыту тиімді болар еді.

Дипломдық жұмыстың мақсаты - сақтандыру ұйымының төлем қабілеттілігіне баға беру.

Қойылған мақсатты жүзеге асыру үшін келесі міндеттер қойылды және шешілді:

- сақтандыру ұйымының төлем қабілеттілігінің мәні мен ерекшелігін ашу;

- сақтандыру ұйымын мемлекеттік реттеу органын қарастыру;

- Еуропалық Одақ елдерінің сақтандыру нарығын зерттеп-үйрену;

- сақтандыру ұйымының іс қызметі түрлеріне сараптама жасау;

- сақтандыру ұйымының қаржылық құрылымын зерттеу және оның төлем қабілеттілігін бағалау;

- сақтандыру нарығын жетілдіру жолдарын қарастыру.

Дипломдық жұмысты жазуда әдістемелік негіз болған осы саладағы отандық және шет ел авторларының еңбектері. Бұл бағыттағы ТМД елдері мен Қазақстан ғалымдарының еңбеңтерін өте құнды деп атауға болады.

Ақпараттық база ретінде Қазақстан Республикасының Президентінің 2007-жылдың 28-ақпанында халыққа Жолдауы, «Қазақстан-2030» стратегиясы, Қазақстан Республикасының Конститутциясы, Қазақстан Республикасының Президентінің Нұсқаулары, Қазақстан Республикасының құқықтық нормативтік актілері және «Тұран Әлем Банкі» АҚ-ның қаржылық есептерінің мәліметтері пайдаланылды.

Зерттеу пәні сақтандыру ұйымының төлем қабілеттілігіне баға беру және бақылау.
Зерттеу объектісі болып сақтандыру компаниясы табылады.

Дипломдық жұмыстың құрылымы:

Кіріспеден, үш маңызды бөлімнен, қорытындыдан, 23 кестеден, 9 суреттен, 28 әдебиеттерден құралды.

Бірінші бөлімде сақтандыру ұйымының төлем қабілеттілік ұғымы, төлем қабілеттілігінің мәні, және оның сақтандыру ұйымының ерекшелігі.

Сақтандыру ұйымының төлем қабілеттілігін мемлекеттік реттеу орган- дары, отандық және шетелдік үлгілерінің салыстырмалы анализі көрскетілген.

Дипломдық жұмыстың екінші бөлімінде сақтандыру ұйым төлем қабі- леттілк факторы ретінде капиталдың құрамы мен құрылымының қалыптасуы қарастырылады.

Үшінші бөлімдесақтандыру ұйымының дамуының қиындықтары мен басылымдықтары қарастырылады.

  1. Сақтандыру теориясы, сақтандырудың экономикалық негізі.

1. 1. Сақтандыру түсінігі және оның экономикалық мәні.

Cақтандырудың түп-тамыры ежелгі ғасырлар қойнауында жатыр. Б. ғ. д. үшінші мыңжылдықта вавилондықтарды теңіз шаруашылығында қарыз беру жүйесі болған, осы жүйеге сай іс зиян шегіп тоқтап қалған жағдайда қарыз қайтарылмайтын болған. Б. ғ. д. 916 жылы жалпы орта мәнін алу жүйесі енгізілген. 1584 жылы қабылданған теңіз жүктерін сақтандыру тәртібі жүктерді тасып жеткізу үшін 5% ақшалай сыйлық төлеуді қарастырған. XVI ғасырдың аяғында Англияда теңіз тасымалдарын сақтандыру 1601 жылы Парламент Актісімен бекітілді, ол саудагерлер арасындағы сақтандыру жағдайларына қатысты «Акт» деп аталады [6. 34] . Ұзақ уақыт бойы сақтандыру бизнесі сауда операциясының бөлігі ретінде өмір сүріп келеді. 1584 жылы сақтандыру полисінде үш сақтандырушы қол қойған, олардың бірі жарты міндетті мойнына алса, екінші жартысын қалған екеуі бөліп алған. XVIII ғасырда сауда көлемінің ұлғаюы алғашқы кәсіби сақтандырушылардың шығуына әкелді.

Өрттен сақтандырудың элементар түрлері орта ғасырда дамыды. Англияда 30 жылдың ішінде бірнеше тәртіпсіз компаниялар мен бірлескен қоғамдар құрылды. Олар халықтан ақша жинаумен ғана айналысып, нақты жұмыс жасаған жоқ. Сақтандыру ісіндегі ең маңызды оқиға 1797 жылы Орталық Еуропадағы селден қорғану жөніндегі бірлескен сақтандыру компаниясының құрылуы болды. Өмірді сақтандырумен айналысқан алғашқы компания 1706 жылы құрылған. «Достық қоғам» болды. Ресейде XVIII ғасырдың аяғына дейін отандық сақтандыру ұйымдары болған жоқ, тек шетелдік сақтандыру қоғамдарының қызметі пайдаланылады. Сөйтіп көп қаржы шетелге кетіп қалып, Ресей экономикасына зиянын тигізді. 1786 жылы Ресейде мемлекеттік сақтандыру монополиясы бекітілді. Сақтандыру экспедициясы өрттен құрылыстарды сақтандыру, оның құныны 75% көлемінде жүргізілді. Төлемдер жылына сақтандыру соммасының 1, 5% құрады. 1827 жылы жеке сақтандыру кәсіпорындары пайда болды. 1846 жылы «Саламандр» акционерлік сақтандыру қоғамы құрылды, ол елдің жекелеген аймақтарындағы құрылыстарды сақтандыру құқына ие болды. 18 35 жылы Ресейде жеке сақтандыру ұйымдастырылып «Өмір» жеке акционерлік сақтандыру қоғамы құрылды. 1875 жылы алғашқы үстемдік етуші бірлестік сақтандыру синдикаты ұйымдастырылды. Бұл синдикат 1918 жылға дейін қызмет жасады. 1864 жылы алғашқы өзара сақтандыру қоғамдары пайда болды. 1885 жылы Ресейде капиталының сақтандыру ісіндегі үлесі 1890 жылы 24% жетті. Шетелдік сақтандыру қоғамдары ішкі істер министрлігі тарапынан мемлекеттік бақылауға алынды. 1913 жылы Ресейдің барлық сақтандыру мекемелерінде 21 млрд. Сомның мүлкі сақтандырылды, мұндағы акционерлік сақтандыру қоғамының үлесі-65%; жергілікті қоғамдардыкі-15%; өзара қалалық қоғамдардыкі-8% болды. Орыс акционерлік сақтандыру қоғамдары 1913 жылы 129 млн. Сақтық төлемдерді жинаса, шетелдіктер-12 млн. сом, өзара қоғамдар-14 млн. сом жинады. Сақтандыру қоғамдарының қаржылық ресурстарына ірі инвестициялардың көзіне айналды[11. 98] . Олар мемлекеттік қарыздар мен акцияларға жұмсалынды.

Қоғамдық ұдайы өндіріс процесі - табиғи және әлеуметтәк - экономикалық әртүрлі күштердің қарсыласуы мен өзара әрекет етуі болып табылады. Адам мен табиғат арасындағы қарама-қайшылық (су тасқыны, құрғақшылық, дауылдар жер сілкінісі және т. б. табиғи кездейсоқ апаттар), бір жағынан, қоғамдық қарама-қйшылықтар (экономикалық, саяси, діни, ұлтаралық дағдарыстар, әртүрлі сипаттағы соғыстар және т. б. ), екінші жағынан, бұлар жинақтала келе, кездейсоқ сипаттағы жағымсыз салдарлардың пайда болуына жағдай жасайды, қоғамдық - ұдайы өндірістің әртүрлі кезеңдеріне және кез-келген әлеуметтік - экономикалық қатынастатарға тән белгілі бір тәуекел пайда болады. Осындай жағдайлар бүкіл әлемдегі сақтандыру іс - әрекетінің пайда болуына және дамуына әкеледі.

Сақтандыру экономиканың маңызды, бірақ азырақ зерттелген саласы болып табылады. Сақтандыру өте ертеректе пайда болған категориялардың бірі және ол кездейсоқ қауіптерден сақтық қорғаудағы адамның әртүрі қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталады. Сақтандыруда өндіріс, айналым, материялдық игіліктерді айырбастау және тұтыну процестерде адамда арасында қалыптасатын бегілі экономикалық қатынастар іске асады. Ол барлық шаруашылық жүргізуші субъектілер мен қоғам мүшелеріне шығындарын өтеуде кепілдік береді, яғни көптеген тұлғалар арасында бөлу арқылы заңды немесе жеке тұлғаның мойнына алған шығындарын өтеу әдісі ретінде көрініс береді. Осылайша, шығындарды өтеу (немесе орнын толтыру) сақтандыру ұйымдарының басшылығындағы сақтандыру қорларының қаражаттарымен жүзеге асырылады.

Эономикалық категория ретінде сақтандыру әртүрлі тәуекелдер кезіндегі сондай- ақ азаматтарға олардың өмірінде белгілі бір жағдайларда көмек көрсету кезіндегі шығындарын өтеу үшін ақша қаражаттарының мақсатты құру және пайдалану әдістері мен формаларының жиынтығын қамтитын экономикалық қатынастар жүйесі болып табылады.

Сақтандыру, бір жағынан, адамдардың бизнесі мен ал - ауқатын қорғау құралы. Ал екінші жағынан, табыс әкелетін іс - әрекет түрі ретінде кқрініс табады. Сақтандыру ұйымдарының табыс көздері келесідей:

  • саақтандыру іс - әркетінен түсетін табыстар;
  • мемлекеттік бағалы қағаздар бойынша табыстар;
  • басқа кәсіпорындардың ауциялары бойынша табыстар;
  • банктік депозиттер бойынша табыстар;

Экономикалық категория ретіндегі сақтандырудың қажеттілігі келесідей белгілермен анықталады:

  • табиғи апаттардың немесе басқа да қиратушы күштерінің кездейслқ сипаты;
  • залалдың (зиянның, шығынның) натуралды немесе ақшалай формадағы көрінісі;
  • шығындарды өтеудің объективтік қажеттілігі;
  • нақты оқиғалардың салдарын алдын алу және өзгерту бойынша шараларды іске асыру.

Сақтандыру экономикалық категория ретінде қаржының құрамбас бөлігі болып табылады, бірақ оның бірқатар ерекшеліктері бар:

  • қаржыға әрқашан ақшалай қатынастары және ақша қаражат қорларын құру тән болса, сақтандыру натуралдық - заттық сипатты болуы мүмкін;
  • сақтандыру әрқашан сақтандыру жағдайының болу мүмкіндігіне ие, яғни сақтандыру қатынастары кездейсоқ мінездемелі; сақтандыру қорының қаражаттарын пайдалану, сақтандыру оқиғаларының болуы мен салдарлары мен байланысты;
  • егер мемлекеттік бюджет табыстары заңды және жеке тұлғалардың міндетті төлемдері есебінен құрылатын ьолса, мұнда, бұл қаражатты пайдалану осы төлемдерді төлейтін төлеушілер шегінен шығын кетеді де белгілі бір уақыт ішінде және аумақтық бірліктер арасында қайта бөлу жүреді, ал сақтандыру - сақтандыру жарналары есебінен құралатын арнайы ақшалай сақтандыру қорының көлемінде шығындардың тұнықталған қайта бөлінуін қарастырады;
  • құнның ақшалай формасының қозғалысы сақтандыруда сақтандыру оқиғасының нәтижесінде әкелінетін шығын ықтималдығының дәрежесіне бағынады[13. 65] .

Сондай - ақ, сақтандырудың «қаржы» және «несие» категорияларымен ұқсас белгілері бар:

  • «қаржымен» - сақтандыру кезінде арнайы сақтандыру қорын қалыптастыру және пайдалану бойынша қайта бөлгіштік қатынастары пйда болады;
  • «несие мен» - сақтандыру қорының қаражаттары қайтарымды болады. (өмірді сақтандыруға қатысты) ; мүліктік сақтандыру кезінде, қайғылы оқиғалардан сақтандыру және тағы басқа сақтандырудың түрлері бойынша, төлемдер сақтандыру оқиғасы пайда болғанда және сәйкес қаражаттар негізінде төленеді. Бірақ, бұл төлемдердің экономикалық мазмұны сақтандыру төлемдерін қайтарудан айрықша.

«сақтандыру» - «қаржы» және «несие » категориялары мен байланыстырушы белгілерге байланысты, экономикалық категория ретінде тек өзіне тән функцияларды атқарады. Сақтандырудың функцияларын жалпы және арнайы деп ажыратуға болады. Жалпы функциялары ретінде келесілерді көрсетуге болады:

1. Ақша қаражатының арнайы сақтандыру қорын құру: ол міндетті және ерікті түрде құрылады. Бұл функция арқылы келесі жағдайлар іске асырылады:

  • банктік және басқа да коммерциялық құрылымдардың қызметіне уақытша бос қаражаттарды инвестициялау;
  • жылжымайтын мүлікке ақша қаражаттарын салу;
  • бағалы қағаздарға ие болу т. б.

2. Заңды және жеке тұлғалардың материалдық қамсыздандырылуы және залалдардың орнын толтыру. Сақтандыру қорын қүруға қатысушылар болып табылатын, заңды және жеке түлғалар ғана шығындардың орнын толтыруға құқылы. Осы фунция арқылы олар сақтық қорғануда өздерінің экономикалық қажеттілігін іске асырады.

3. Сақтандыру оқиғасын алдын ала ескерту және шығынды (зиянды) төмендету. Бұл функция табиғи апаттар, қайғылы оқиғалардың жағымсыз салдарын азайту немесе болдырмауға байланысты іс шараларды қаржыландыруды қамтитын шаралар кешенін қарастырады. Осы функцияны іске асыру мақсатында сақтандырушы алдын-ала ескерту іс-шараларының жүргізуде ерекше ақшалай қорын құрады. Қорды құрудың көзі болып сақтандыру сомасы бойынша сақтандыру төлемдері табылады.

«Қаржы» категориясы өзінің мәнін бөлгіштік функциясы арқылы бейнелейді, бұл функция сақтандырудың арнайы қызметтерінде көрініс табады: - тәуекелдік; - ескерту; - жинақтық; - бақылау;

Ескерту фунциясы- сақтандыру тәуекелінің салдарымен дәрежесін төмендетуге және сақтандыру қоры қаражатының бөлігін пайдаланумен байланысты.

Жинақтау функциясы - отбасының жетістіктерін сақтық қорғауды қажетсінуімен байланысты өмір сүруінің соңына дейін сақтандыру көмегімен ақша сомаларын жинақтау.

Бақылау функциясы - сақтандыру қорын міндетті құру және оның қаражаттарын мақсатты пайдалану ретіндегі, сақтандыру категориясының қасиетін сипаттайды. Бұл функция сақтандырудың жоғарыда көрсетілген функцияларынан шығады, және солармен бір уақытта нақты сақтандыру қатынасында, сақтандыру жағдайларында көрініс табады. Бақылау функциясының талаптарына сәйкес, сақтандыру операциясын дұрыс жүргізу бойынша қаржылық - сақтандыру бақылауы жүзеге асырылады[16. 69] .

Сақтандыру теориясы және тарихы

Сақтандыру - экономикалық категория ретінде қауіптіліктің алдын алу. өндірісті бөлу, айырбастау процестерінде экономикалық қатынастардан туындайтын негативті факторлардың әсерінен шаруашылық субъектісі немесе жеке тұлға алдын ала сақтану мақсатындағы байланыстарға түседі.

Сақтану мәні табиғат пен адамның етене байланысында, қарым-қатынасында әртүрлі негативті жағдайлардың әсері болуы мүмкін. Осы тұрғыда қауіптіліктің алдын алу мақсатында жеке адамның өз өмірінен бастап, әртүрлі жағдайдан сақтануы қамтылуы мүмкін.

Сақтандырудың мақсат-міндеті әрине шаруашылық субъектілердің өкілдері үшін әртүрлі жағдайдың алдын алуға мәжбүр. Мысалы, мал-мүлікті, капитал қорын, жеке өмірді т. б. сақтау.

Сақтандыру нарықтық экономикасында жеке дара қауіптіліктен сақтану мақсатында негізгі үш кезеңдік ерекшеліктеріне байланысты дамыды:

1. ХІV-ХV ғғ нарықтық экономикадағы сауда қарым-қатынасынан туындаған капитал қорларын әртүрлі негізгі жағдайлардан сақтандыру мақсатында қалыптасты. Мысалы Еуропадан Шығыс Азияға тауар өнімінің кішкене бөлігін жергілікті сақтандыру мақсатынлда тұлғаларға тапсырып отырған.

2. Кейінгі кезең капиталистік жүйенің қарқынды даму кезеңдері ХVІІІ-ХІХғғ еркін бәсекелестік дамуымен байланысты, ірі өнеркәсіп салаларында, шаруашылық қатынастарда дамыды.

3. Сақтандыру кезеңі ХХ-ХХІ ғғ ерекшелік негізі кәсіпкерліктің алпауыт монополия ұйымдастыру формалары өту кезеңдерінен бастап, ірі сақтандыру компаниялары қалыптасты.

Б. ғ. д. 916 жылы жалпы орта мәнін алу жүйесі енгізілген. Бұл жүйе қазіргі сақтандыру тарифтеріне сәйкес келеді. 1584 жылы қабылданған теңіз жүктерін сақатндыру тәртібі жүктерді тасып жеткізу үшін 5% ақшалай сыйлық төлеуді қарастырған. XVI ғасырдың аяғында Англияда теңіз тасымалдарын сақтандыру 1601 жылы Парламент Актісімен бекітілді, ол саудагерлер арасындағы сақтандыру жағдайларына қатысты «Акт» деп аталады. Ұзақ уақыт бойы сақтандыру бизнесі сауда оперциясының бөлігі ретінде өмір сүріп келеді. 1584 жылы сақтандыру полисінде үш сақтандырушы қол қойған, олардың бірі жарты міндетті мойнына алса, екінші жартысын қалған екеуі бөліп алған[20. 58] .

XVIII ғасырда сауда көлемінің ұлғаюы алғашқы кәсіби сақтандырушылардың шығуына әкелді. Өрттен сақтандырудың элементар түрлері орта ғасырда дамыды. Англияда 30 жылдың ішінде бірнеше тәртіпсіз компаниялар мен бірлескен қоғамдар құрылды. Олар халықтан ақша жинаумен ғана айналысып, нақты жұмыс жасаған жоқ. Сақтандыру ісіндегі ең маңызды оқиға 1797 жылы Орталық Еуропадағы селден қорғану жөніндегі бірлескен сақтандыру компаниясының құрылуы болды. Өмірді сақтандырумен айналысқан алғашқы компания 1706 жылы құрылған. «Достық қоғам» болды.

Ресейде XVIII ғасырдың аяғына дейін отандық сақтандыру ұйымдары болған жоқ, тек шетелдік сақтандыру қоғамдарының қызметі пайдаланылады. Сөйтіп көп қаржы шетелге кетіп қалып, Ресей экономикасына зиянын тигізді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қаржы нарығының теориялық негіздері
Сақтандыру нарығының құрылымы
Экономикалық ұғымдар
Екінші деңгейлі банктердің бағалы қағаздармен жасайтын операцияларын эмиссиялық операциялар
Қаржы нарығының инфрақұрылымы
Қаржы нарығының мәні мен құрылымы
Қазақстандағы қаржы нарығы және оның құрылымының жағдайы мен дамуы
Инфрақұрылым мәні, оның мазмұны және функциялары
Қаржы нарығының құрылымы
Сақтандыру нарығы мемлекеттік реттеудің объектісі ретінде
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz