Еңбек нарығы әлеуметтік жағдайды қалыптастыратын фактор ретінде
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1 ЕҢБЕК НАРЫҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК ЖАҒДАЙДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРАТЫН ФАКТОР РЕТІНДЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.1 Еңбек нарығының пайда болу теориясы ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.2 Еңбек нарығының ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ...11
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЕҢБЕК НАРЫҒЫНЫҢ ДАМУЫ ЖӘНЕ БОЛАШАҒЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..16
2.1 Қазақстан Республикасындағы еңбек нарығының қалыптасуы ... ... ... ... ... 16
2.2 Қазақстан Республикасындағы енбек нарығын мемлекеттік реттеу ... ... ... 23
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..27
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..29

Еңбек нарығы экономикасы еңбек нарығы қалай ұйымдастырылғанын, қызметiн және оның нәтижесiн зерттейтiн, жұмыс берушiлер мен жұмыс алушылар арасындағы қатынастардың әр түрлi факторлардың әсет етуiне байланысты өзгеруi, жалақы, баға, пайда және мемлекет саясатының әлеуметтiк-еңбек қатынастарына тиетiн ықпалын зерттейтiн ғылыми сала.
Бәрiмiзге белгiлi, елiмiз экономикасының егемендiк алғаннан берi жекешелендiру саясатының жаппай жүруi, яғни еңбек нарығында еңбек сұранысын мемлекеттiк салалармен қатар, рыноктың қызмет етуiнiң басты көрiнiсi болып табылатын жеке кәсiпорындар мен фирмалар қалыптастыратын болады.
Кәсiпорын пайда табу мақсатында әр түрлi өндiрiс факторларын қолданады. Солардың iшiнде еңбек - өндiрiстiң негiзгi факторы, яғни жұмысшы күшi жалпы өнiмнiң көп бөлiгiн құрайды. Еңбек, сондай-ақ адамға байланысты болғандықтан, еңбек нарығы күрделi әлеуметтiк-экономикалық рынок деп аталады. Өйткенi қазiргi заманда адмзат өзiнiң өмiр сүруi үшiн белгiлi бiр қызметтер iстейдi. Бiреулерiнiң жалақысы көп болса, бiреулерiнiкi аз. Ал кейбiреулерi мүлдем жұмыссыз.
Осындай жағдайларды реттеп, әлеуметтiк мәселелердi шешiп отыратын еңбек нарығы болып табылады. Осыған орай, бүгiнгi таңда жұмыс орындарының негiзгi бөлiгiн құрап отырған кәсiпорындар мен фирмалар болғандықтан, сондай-ақ рыноктық қатынастардың күрделене түсуiне байланысты олардың реттелiп отыруы адамның еңбек ұсынысы мен фирмалардың еңбекке деген сұранысына байланысты болып отыр. Сондықтан курстық жұмыс тақырыбы “Қазақстан Республикасында еңбек нарығының дамуы” деп алынды.
Бұл тақырыптың өзектiлiгi бүгiнде елдiң халқының тұрмыс деңгейiн сипаттайтын, сол елдiң даму нәтижесiнiң көрсеткiшi болып табылатын жалақының деңгейi, яғни оның сатып алу қабiлетi болып табылады.
Бұл тақырыпты жазудағы мақсат пен мiндеттер келесiдей:
1) Еңбек және еңбек нарығының экономикалық мәнiн ашу;
2) Жалақының экономикалық мәнi мен оның теориялық негiзiн ашып көрсету;
3) Экономикадағы жалақының құрылымы мен оның түрлерiн атап өту;
4) Жалақы және жұмысбастылық және олардың өзара байланысын қарастыру, сонымен қатар елiмiздегi жұмысбастылық пен жалақы деңгейiн талдау;
5) Рыноктық экономика жағдайындағы жалақының маңыздылығын және оның әлеуметтiк-экономикалық ретеудегi орнын анықтау;
6) Еңбек одақтары және монопсонист фирмалардың жалақыға әсерiн қарастыру;
7) Жалақы, жұмысбастылық, кәсiподақтар және жұмыссыздық, олардың өзара байланыстары, мәселелерiн және шешу жолдарын ұсыну болып табылады.

1. Жұмамбаев С.К. Еңбек нарығы экономикасы: Оқу құралы. – Алматы: Қазақ университетi, 2003 – 171 б.
2. Мамыров Н.Қ., Тiлеужанова М.Ә. - Макроэкономика: Оқулық. – Алматы: Экономика. - 2003. – 432 бет.
3. Агапова Т. А., Серегина С. Ф. - Макроэкономика : Учебник. – МГУ. - Изд-во “Дис”. - 1999. – 416с.
4. Гальперин В.М. и др. - Макроэкономика. – СПб. - 1997г. - 630 с.
5. “Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы”: Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 10 желтоқсанындағы заңы // Егемен Қазақстан, 1999 ж., 24 желтоқсан.
6. “Ең төменгi күнкөрiс деңгейi туралы” Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 қарашадағы заңы // Егемен Қазақстан, 1999 ж. 19 қараша.
7. “Халықты жұмыспен қамту туралы” Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтарындағы заңы // Егемен Қазақстан, 2001 ж, 30 қаңтар.
8. Журнал. Экономика и права Казахстана, 2006 г. № 5, 6, 8, 13.
9. Статистический ежегодник. Алматы. – 2008г.
10. «Обзор макроэкономической ситуации в Казахстане» // Бердибек Сапарбаев, РЦБК, №4, 2007 г.
11. «Основные социально-экономические показатели» // Банки Казахстана, №3, 2008 г,. 58 стр.
12. «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» Н.Назарбаев 2008 жылғы Қазақстан халқына Жолдауы. – Астана, Ақорда, 2008 ж. 5 ақпан.
13. «Статистикалық мәліметтер» // Экономика и права Казахстана, 2008 г. № 10. – 2-11 б.
14. Е.Б.Жатканбаев, К.С.Мухтарова. Безработица как фактор снижения уровня жизни населения \\Вестник КазГУ. Серия Экономическая,2007№1
15. Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауы «Жаңа әлемдегі жаңа қазақстан», 2007ж 3 наурыз.

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1 ЕҢБЕК НАРЫҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК ЖАҒДАЙДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРАТЫН ФАКТОР РЕТІНДЕ

... ... ... ... ... ...5
1. Еңбек нарығының пайда болу теориясы ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.2 Еңбек нарығының ерекшеліктері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...11
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЕҢБЕК НАРЫҒЫНЫҢ ДАМУЫ ЖӘНЕ БОЛАШАҒЫ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...16
2.1 Қазақстан Республикасындағы еңбек нарығының қалыптасуы
... ... ... ... ... 16
2.2 Қазақстан Республикасындағы енбек нарығын мемлекеттік реттеу
... ... ... 23
ҚОРЫТЫНДЫ

... ... ... ... ... ... ... ..27
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...29
КIРIСПЕ
Еңбек нарығы экономикасы еңбек нарығы қалай ұйымдастырылғанын,
қызметiн және оның нәтижесiн зерттейтiн, жұмыс берушiлер мен жұмыс алушылар
арасындағы қатынастардың әр түрлi факторлардың әсет етуiне байланысты
өзгеруi, жалақы, баға, пайда және мемлекет саясатының әлеуметтiк-еңбек
қатынастарына тиетiн ықпалын зерттейтiн ғылыми сала.
Бәрiмiзге белгiлi, елiмiз экономикасының егемендiк алғаннан берi
жекешелендiру саясатының жаппай жүруi, яғни еңбек нарығында еңбек сұранысын
мемлекеттiк салалармен қатар, рыноктың қызмет етуiнiң басты көрiнiсi болып
табылатын жеке кәсiпорындар мен фирмалар қалыптастыратын болады.
Кәсiпорын пайда табу мақсатында әр түрлi өндiрiс факторларын
қолданады. Солардың iшiнде еңбек - өндiрiстiң негiзгi факторы, яғни жұмысшы
күшi жалпы өнiмнiң көп бөлiгiн құрайды. Еңбек, сондай-ақ адамға байланысты
болғандықтан, еңбек нарығы күрделi әлеуметтiк-экономикалық рынок деп
аталады. Өйткенi қазiргi заманда адмзат өзiнiң өмiр сүруi үшiн белгiлi бiр
қызметтер iстейдi. Бiреулерiнiң жалақысы көп болса, бiреулерiнiкi аз. Ал
кейбiреулерi мүлдем жұмыссыз.
Осындай жағдайларды реттеп, әлеуметтiк мәселелердi шешiп отыратын
еңбек нарығы болып табылады. Осыған орай, бүгiнгi таңда жұмыс орындарының
негiзгi бөлiгiн құрап отырған кәсiпорындар мен фирмалар болғандықтан,
сондай-ақ рыноктық қатынастардың күрделене түсуiне байланысты олардың
реттелiп отыруы адамның еңбек ұсынысы мен фирмалардың еңбекке деген
сұранысына байланысты болып отыр. Сондықтан курстық жұмыс тақырыбы
“Қазақстан Республикасында еңбек нарығының дамуы” деп алынды.
Бұл тақырыптың өзектiлiгi бүгiнде елдiң халқының тұрмыс деңгейiн
сипаттайтын, сол елдiң даму нәтижесiнiң көрсеткiшi болып табылатын
жалақының деңгейi, яғни оның сатып алу қабiлетi болып табылады.
Бұл тақырыпты жазудағы мақсат пен мiндеттер келесiдей:
1) Еңбек және еңбек нарығының экономикалық мәнiн ашу;
2) Жалақының экономикалық мәнi мен оның теориялық негiзiн ашып көрсету;
3) Экономикадағы жалақының құрылымы мен оның түрлерiн атап өту;
4) Жалақы және жұмысбастылық және олардың өзара байланысын қарастыру,
сонымен қатар елiмiздегi жұмысбастылық пен жалақы деңгейiн талдау;
5) Рыноктық экономика жағдайындағы жалақының маңыздылығын және оның
әлеуметтiк-экономикалық ретеудегi орнын анықтау;
6) Еңбек одақтары және монопсонист фирмалардың жалақыға әсерiн қарастыру;
7) Жалақы, жұмысбастылық, кәсiподақтар және жұмыссыздық, олардың өзара
байланыстары, мәселелерiн және шешу жолдарын ұсыну болып табылады.
Сонымен қатар, жалақы еңбек нарығының басқа да көрсеткiштерi
жұмыссыздық, экономикалық активтi халық, жұмысбасты халық және экономикалық-
әлеуметтiк көрсеткiштер инвестициялық климат пен халықтың тұрмыс деңгейiн
сипаттайды және оларды реттеудiң басты құралы болып табылады. Ал халықтың
тұрмыс жағдайы тiкелей елдегi еңбекке қабiлеттi адамдар санына, олардың
жұмыспен қамтамасыз етiлу деңгейiне, сонымен қатар жалақы және осыларды
реттеп отыратын еңбек одақтары мен ұйымдарына, жұмыс берушiлерге
байланысты.
Курстық жұмыстың құрылымы екі тараудан тұрады. Бірінші тарауда жалпы
еңбек нарығы, теориясы мен ерекшелігі жатады. Ал екінші тарауда
Қазақстандағы еңбек нарығының калыптасуы сонымен қатар еңбек нарығын
мемлекеттік реттеуде пайда болған келеңсіздіктер туралы жалпы талдау болып
табылады.

1.1 Еңбек нарығының пайда болу теориясы
Еңбек - өндiрiстiң негiзгi факторы, яғни жұмысшы күшi жалпы өнiмнiң
көп бөлiгiн алады. Еңбек нарығында жұмыс күшi бiр жағынан сатылады, ал
екiншi жағы оны сатып алады. Сондықтан жұмыс күшi деген ұғымға тоқталайық.
Жұмыс күшi дегенiмiз адамның физикалық және ой қабiлетi, осы қабiлетiн ол
материалдық және рухани игiлiктердi өндiруге пайдаланады. “Жұмыс күшi”
деген ұғым тек экономикада жалданып жұмыс iстеп жүргендердiң нақтылы
еңбекте пайдаланатын қабiлеттерi. Жұмыс күшiнiң еңбекке деген қабiлетi әр
түрлi болады, алайда еңбек кезiнде оның барлығы бiрдей қолданылмайды.
Сондықтан, жұмыс күшiнiң нақтылы еңбекке қажет қабiлеттерi бағаланады,
белгiлi кәсiп жасауға жұмсалынған жұмыс iстеу қабiлеттерi өмiрге,
тiршiлiкке қажет заттарға айырбсталады. Демек, еңбек нарығы дегенiмiз
“жұмыс iстеп жүрген” жұмыс күшi нарығы. 1, 30 б
Еңбек нарығы пайда болуы және iске кiрiсуi үшiн ең кем дегенде оның
құрылымында мына бөлiктер болуы қажет:
1) Еңбек нарығының субъектiлерi (жалданған еңбеккерлер және олардың
кәсiподағы, жұмыс берушiлер, яғни фирмалар; мемлекет және оның
органдары) ;
2) Рынок механизмi (жұмыс күшiне деген сұраныс пен ұсыныс, оның бағасы,
бәсекелестiк) ;
3) Субъектiлер қабылдаған экономикалық бағдарламалар, шешiмдер мен заң
нормалары;
4) Жұмыссыздық және оған байланысты әлеуметтiк төлемдер;
5) Рынок инфрақұрылымы.
Еңбек нарығының жоғарыда аталған бөлiктерi бiрлесiп жұмыс күшiне деген
сұраныс пен оның ұсынысын теңестiруге, адамдардың еңбекке және қызмет түрiн
еркiн таңдау құқығын iс жүзiнде асыруға, белгiлi әлеуметтiк қорғау жүйесiн
құруға бағытталады.
Еңбек нарығының екi түрiн көрсетуге болады:
1) Бiрiншiсi жұмыс күшiнiң территория жүзiнде жылжуға бейiмделген, яғни
жұмыс орындарын еңбеккерлермен фирма арасында ауыстыру жолымен
толтырады. Мұндай рынокты сыртқы рынок деп атайды.
2) Екiншiсi еңбеккерлердiң фирма iшiнде жылжуына бейiмделген. Бұл рынокты
кейде iшкi рынок деп атайды.
Еңбек нарығы басқа нарықтар сияқты сұраныс пен ұсыныс арқылы
реттеледi. Жұмыс күшiне сұранысты фирма анықтайды. Кәсiпорындағы
орындалатын жұмыстар көлемi мен сапасына қандай факторлар әсер етедi,
осыған орай қанша жұмыс күшiн жалдау керек екенiн анықтау өте күрделi
мәселе болып келедi.
Нарықта жеке мешiк кәсiпорындар саны және олардың экономикада үлесi
өскен сайын оның тиiмдiлiгi еңбек өнiмдiлiгi арқылы көтерiлген сияқты.
Демек, жұмыс күшiне сұраныс қалыптасуында жеке меншiк сектор нарықтық
принциптерiне толық ауысқан. Қанша және қай сапалы қызметкерлердi жұмысқа
алуда фирма тек экономикалық тұрғысынан шешедi, басқаша айтқанда, фирмаға
бұл адамдар барынша көп пайда түсiре ала ма деген критерийдi қолданады.
Жұмыс барысында бiз еңбек нарығы болғандықтан жеке меншiк секторды
қарастырамыз. 1, 36 б
Жұмыс күшiне сұранысты жұмыс бершiлердiң берiлген уақыт мерзiмiнде
белгiлi жалақы мөлшерi үшiн жалдайтын адамдар саны ретiнде анықтауға
болады. Жұмыс күшiне сұраныс, еңбекке деген сұраныс өндiрiс факторы ретiнде
туынды сұраныс болып келедi: тауарлар өндiрерде еңбек қолдану керек, демек
игiлiк көлемiн өндiру туралы шешiмнiң екiншi жағы қолданылатын еңбек көлемi
туралы шешiм болады.
Жалақы көтерiлсе, жұмыспен қамту деңгейi өсе ме, әлде азая ма – бұл
сұраққа жауап беру оңайға түспейдi. Кәсiпорын (i) мақсаты - өзiнiң iскерлiк
қызметiнен барынша көп пайда түсiру, ол әр түрлi ресурстар, оның iшiнде ең
бастысы адам ресурстарын қолданады. Бiздiң қарапайым моделiмiзде негiзiнен
екi факторды ескеретiн боламыз – еңбек пен капитал. Пайда фирманың өнiмiн
сатудан түскен түсiм мен орын тепкен шығындар айырымы болып келедi.
Кез-келген бәсекелестiк нарықтағыдай Dm нарығының сұранысы мен Sm
нарығы ұсынысының ара-қатынасының тепе-тендiгiн анықтайды, айта келсек w*
жалақы төлемiнiң тепе-теңдiк мөлшерiн 1-шi суреттен көрсек болады.
Аталған нарықта кәсiпорын SL еңбек ұсынысының горизанталды қисығымен
кездеседi, себебi ол w* тең МЕ тұрақты шектiк шығындарымен кез келген еңбек
санын жалдай алады. Егер фирманың табысы қосымша жалақы төлемдерiнiң
шығындарынан артық болса, онда оған қосымша еңбек санын жалға алу тиiмдi
болады.
w Еңбек нарығы w Фирма
Sm
ME, SL
w* w*
Dm
Lm L
Сурет 1 – Еңбектiң сұранысы мен ұсыны
Егер кәсiпорынның өзiнiң тауарын немесе қызметiн сататын өнiмнiң
нарығы бәсекелiк болса,онда ол қосымша табыс ала алады.
Еңбек нарығының қызметтерi қоғам өмiрiндегi еңбектiң ролiмен белгiленедi,
еңбек табыстың және жақсы хал-жағдайдың негiзiгi көзi. Экономикалық
тұрғыдан еңбек – маңызды өндiрiстiк фактор. Осыған сәйкес еңбек нарығының
екi негiзгi қызметi айқындалады:
1) Әлеуметтiк функция, яғни адамдардың жалақысы мен тұрмыс жағдайының
жақсы деңгейiн және жұмысшының өндiрiстiк қабiлетiнiң тиiмдi дәрежеде
ұдайы өндiруiн қамтамасыз ету.
2) Экономикалық функция, оған еңбекке рационалды тарту, оны бөлу, реттеу
және пайдалану жатады. Сондай-ақ еңбек нарығы ынталандырушы
функциялар атқарады, олар бәсекелестiк қабiлеттiң күшеюiне, еңбекке
ынтаның өсуiне, мамандардың жоғарылауына мүмкiндiк беру болып
табылады. 2, 186 б
Бәсекелестiк еңбек нарығында еңбекке сұраныс қисығы терiс ылдилы
болады, яғни жалақының мөлшерi өскен сайын кәсiпорындардың еңбекке деген
сұранысы төмендей бередi. Ал еңбек ұсынысы жалақы өсуiне тура пропорционал
болады, яғни жалақы мөлшерi өскен сайын еңбек ұсынысы да өсiп отырады.
Еңбекке сұраныс пен еңбек ұсынысы әр түрлi факторлар әсерiнен
қалыптасады: қалыптасқан баға деңгейi, шығындар, жалақы, жұмысшылар саны,
салықтық, заңнамалық жүйе, кәсiподақтар қызметi, қызметкерлердiң мамандану
дәрежесi және т.б.

қызметiн және оның нәтижесiн зерттейтiн, жұмыс берушiлер мен жұмыс
алушылардың арасындағы қатынастардың, әр түрлi факторлардың әсер етуiне
байланысты өзгеруi, жалақы, баға, пайда және мемлекет саясатының әлеуметтiк
еңбек қатынастарына тиетiн ықпалын зерттейтiн ғылыми сала. Мұнда еңбек
ұсынысы жалпы еңбекке қабiлеттi адамдар болса, ал еңбек сұранысын нарықтық
экономикада фирмалар мен кәсiпорындар қалыптастырады. Осы фирмалардың
қызмет етуi негiзiнен микроэкономика деңгейiнде болғандықтан жалпы фирма
теориясы ұғымына тоқталып өтуге тура келдi.
Экономиканың рыноктық қатынастар арқылы дамуында еңбекке деген сұраныс
және еңбек ұсынысы арқылы еңбек нарығында тепе-теңдiк жағдай орын алады деп
есептелiнедi. Бiрақ шын өмiрде мұндай еңбек нарығының тепе-теңдiгiнiң орын
алуы сирек кездеседi. Еңбек нарығының тепе-теңдiгi дегенiмiз экономикадағы
қызмет етiп отырған кәсiпорындар қанша жұмыс күшiн қажет етсе соған сәйкес
экономикада жұмысқа ынталы экономикалық активтi халықтың саны сондай
дегендi бiлдiредi.
Шындығында еңбек нарығында еңбек сұранысы еңбек ұсынысынан артық болып
отырады. Яғни, экономика заңдылығы бойынша жұмыссыздықтың табиғи деңгейi
орын алады дегендi бiлдiредi. Егер де осы табиғи деңгейден асып кетсе
(жұмыссыздық табиғи деңгейi Оукен заңы бойынша 3%) , онда экономикада
тұрақсыздық жағдай жұмыссыздық мәселесi орын алады.
Бұл жағдайды келесi еңбек нарығының тепе-теңдiк графигiнен көруге
болады. Сурет-2.
Бұл суреттен көретiнiмiз еңбек сұранысы қисығы Nd мен еңбек ұсынысы
қисығы NS қиылысында Е нүктесi пайда болады, ол нүкте еңбек нарығындағы
тепе-теңдiктi сипаттайды. Осы тепе-теңдiк нүктеге сәйкес WE нақты
жалақының және NE жұмысбастылық деңгейiнiң тепе-теңдігi шығады. Егер
жалақы W1 деңгейде жоғары болатын болса, онда рыноктық сәйкессiздiк
нәтижесiнде ұсынылатын еңбек көлемi еңбекке сұраныстан В-А мөлшерде өседi,
осының нәтижесiнде Nb- Na мөлшерде экономикада жұмыссыздық пайда болады.
2, 188 б
Жұмыссыздық NS
W1 A B
E
WE
Nd
Na NE Nb N
Сурет 2 – Еңбек нарығындағы тепе-теңдiк
Сонымен, жұмыссыздық бұл еңбек нарығындағы сұраныс пен ұсыныс
сәйкессiздiгiнен пайда болатын еңбек нарығының бөлiнбес элементi. Жұмысшы
күшi болып табылатын адамдар еңбек нарығына қатысуына байланысты бiрнеше
категорияға бөлiнедi.
Еңбекке қабiлеттi адамдар – жасына және денсаулығына қарай еңбек
етуге қабiлеттi адамдар. Адамдардың жекелеген категорияларға бөлiнуi
олардың экономиканың рыноктық немесе рыноктық емес секторларында жұмыс
iстеуiне байланысты жүргiзiледi. Яғни, рыноктық емес құрылымда қызмет
ететiндерге мемлекеттiк әскер, полиция, мемлекеттiк аппарат және т.б.
институттар кiредi.
Жұмыссыздар болып еңбекке жарамды жастағы еңбекке қабiлеттi, бiрақ
жұмыс орны жоқ адамдарды айтады. Жұмысы бар тұлғалар және жұмыс күнi толық
емес тұлғалар жұмысбасты адамдар болып табылады. Жалпы жұмысшы күшiне
жұмыспен қамтылғандар мен жұмыссыздар жатады.
Жұмысшы күшi құрамына кiрмейтiндер өзара жеке категория болып
табылады. Бұларға жұмысы жоқ және жұмыс iстеу талабы жоқ адамдар жатады.
Сондай-ақ жұмыс iстегiсi келетiн, бiрақ әр түрлi себептермен жұмыс iстеуден
күдер үзген адамдар. Адамдардың бұл категориясы жұмыссыздарға кiрмейтiн
адамдарға жатады. 3, 209 б
Жұмыспен қамтылу мен жұмыссыздық келесi көрсеткiштер арқылы
сипатталады:
1) Институционалдық емес адамдар;
2) Жұмыс iстеушiлiердiң саны;
3) Жұмыссыздар саны;
4) Жұмысшы күшiнiң құрамына кiрмейтiн адамдардың саны.
Еңбек нарығында кәсiподақтар еңбек қатынастарын және жалақы деңгейiн,
жұмыс уақытының ұзақтығын реттеп отыратын еңбек нарығы ұйымы болып
табылады. Кәсiподақтар жұмыс алушылардың мүддесiн қорғайды және олардың
өкiлi ретiнде есептелiнедi. Кәсiподақ қозғалысы Англияда XVIII ғасырдың
ортасынан басталып, кеiн бiрте-бiрте басқа елдерде тарай бастады.
Ұзақ уақыттар бойы кәсiподақ қызметi негiзiнен жалақы деңгейiн сақтау,
сирек жағдайларда оны көтеру үшiн күрестермен шектелiп келдi.
Бiрiншi кәсiподақтар жергiлiктi болды, сан жағынан шағын және олардың
арасында бiр-бiрiмен байланыстары әлсiз болды. Ал экономика құрылымдары
дамып, ондағы экономикалық қатынастар, кәсiпкерлер әрекеттерi және
монополиялар пайда болуына байланысты кәсiподақтардың қызметi күшеюiне тура
келдi. Қазiр кәсiподақтар жалақы деңгейiн өзгерту үшiн түрлi әдiстердi
пайдаланылады. Солардың iшiнен негiзгi үшеуiн атап өтуге болады:
1) Кәсiподақтар еңбектi ұсынуды шектей алады. Мысалы, олар шетелден
келген адамдарға тосқауыл қою, жұмыс күнiн зарту туралы заңдар
қабылдау, кәсiпке дайындау мерзiмiн ұлғайту, кәсiподақ жарнасын
көтеру, кәсiподаққа мүше еместедi жұмысқа қабылдамау шаралары;
2) кәсiподақтар шартта көрсетiлген жалақы ставкасын көтерудi, оның
рыноктың тепе-теңдiк нүктесiнен жоғары болуыды талап етуге құқықтары
бар;
3) кәсiподақтар еңбеккке сұранысқа әсер теуi мүмкiн. Ол үшiн сұранысты
көтеретiн кез келген тетiктердi пайдаланылады.
Сондай-ақ еңбек нарығында кәсiподақ қызметiнiң оң және терiс жақтары да
бар. Осыдан барып екi жақты көзқарастар туындайды. Бiрi кәсiподақты
жақтаушылар кәсiподақты қызметкерлердiң ұжымдық пiкiрiн жеткiзетiн, еңбек
өнiмдiлiгiн көтеретiн және теңдiк принципiн бекiтетiн механизм ретiнде
қарастырады. Шынында жұмысшылар еңбек өнiмдiлiгiн көтеретiн өз резервтерiн
басқаларан жақсы бiледi. Егер олар өз кәсiподағына сенiп, бағалы
информацияны қызметкерлердiң пайдасына қолданады деп ойласа, онда кәсiподақ
қызметi еңбек өнiмдiлiгiiнң өсуiне көп септiгiн тигiзедi.
Кәсiподақ артықшылығы – ұйымдасқан жұмысшыларың келiссөз жүргiзерде
жақсы позицияда болуы, өйткенi ереуiлдiң әр түрiн қолдануға шын мәнiнде
мүмкiншiлiк туғызады. Ал кәсiподақтардың кемшiлiгi жоғарыда атап өткендей
олар арқылы жалақының жоғары деңгейi белiленуi нәтижесiнде ұлттық
экономикаға инвестицияларың тартылуы азаяды. Ал бұл өз кезегiнде
экономиканың тиiмдi дамуына керi әсерiн тигiзедi.
Жалпы экономикада кәсiпкерлердi жақтаушылар келесiдей дәлелдердi
келтiредi:
1) қызметкерлердiң ағымдылығы қысқарады, осыған сәйкес шығындары
төмендейдi;
2) қызмет бойынша өсу ережелерi бекiтiледi, ал бұл iшкi еңбек нарығында
бәсекелестiктi тияды, соның салдарынан жасы үлкен тәжiрибесi бар
қызметкерлер жас қызметкерлерге өз тәжiрибесiн таныстыруға ынталы
болады;
3) қызметкерлер тәртiбiн түзеп, нығайтып отырады;
4) трансакциялық шығынды қысқартады;
Осы айтылғандардың барлығы еңбек өнiмдiлiгiн арттырып, өндiрiстiң
экономикалық тиiмдiлiгiн көтередi. 1, 39 б
Қазақстан жағдайына келсек ұжымдық келiсiм жасау жүйесi әлi де жетiле
қоймаған. Еңбек нарығында кәсiподаққа барлығы бiрдей болып кiру тәжiрибесi
бiздiң елде мұра болып қалған. Ең таңғаларлық жағдай Кеңес заманы кезiнде
әкiмшiлiк басшылардың кәсiподақтарға мүше болып кiруi. Қазiргi кезде
кәсiподақтар жаңа рынок жағдайына бейiмделiп, жұмыс берушiлермен
жүргiзiлетiн келiссөздерде өз көзқарасын тудыруда. Қазақстанда кәсiподақ
мүшелерi әлi де көп, бiрақ олардың әлеуметтiк еңбек қатынасын реттеудегi
ролi әлi де болса өте төмен. Бұған көптеген себептер бар: бiрiншiден,
кәсiподақтардың көпшiлiгi рыноктық қатынастарға бейiмделе алмай отыр.
Осыған қарамастан елiмiзде қызметкерлердiң көпшiлiгi кәсiподақтар
пайдалылығына қарамай бұрынғысынша кәсiподақ ақысын төлеуде. Екiншiден,
Қазақстанда 1990-1997 жылдары өндiрiс күрт құлдырап, жұмыс күшi ұсынысы
оған деген сұраныстан елеулi артық болды. Осы жағдайда кәсiподақтар өз
қызметтерiн толық көрсете алмады. Ол кездерде күрес кезiнде жұмыс берушiлер
ылғи да жеңiске жетiп отырды. Үшiншiден, кәсiподақ мүшелерi осы уақытқа
дейiн рынок экономикасы жағдайында өздерiнiң мiндетi мен атқаруға тиiс
қызметтерiн айқын көре алмай жүр.
Қазақстанда еңбек жөнiндегi мемлекеттiк органдардың рөлi мен құрылымы
бiрнеше рет өзгердi. Еңбек нарығында саясат жүргiзудiң алғашқы қадамдарын
көбiне пассивтiк шара ретiнде қарауға болады. Ал батыс елдерiнде жұмыспен
қамтуда негiзгi саясат белсендi саясаттарға жүктеледi. Пассивтiк шаралар
әдетте жұмыссыздарға жәрдем ақша төлеумен тынады. Мұндай саясат экономика
құрылымын ұтымды бағытта өзгеруiн тежейдi.

Жалпы еңбекке деген сұраныс еңбек нарығында жалақының өсуі кері икемді
болып табылады. Ал жалақы азайса немесе жалақының номиналдық құны төмендесе
нарықта еңбекке деген қажеттілік арта түседі. Яғни, еңбек нарығында еңбекке
деген сұраныс қисығын келесі суреттен көре аламыз.
6, 492 б
W
W1 A
W2 B
Nd
N1 N2 N
Сурет 3 – Еңбекке деген сұраныс қисығы
Суреттен көріп отырғанымыздай егер жалақылар өссе еңбекке сұраныс N1
көлемде, яғни аз шамада болады, егер де нақты жалақы W2-ге төмендесе онда
еңбекке сұраныс N2 көлемге артады.
Ал енді еңбек нарығында еңбектің ұсыныс қисығының әрекетін келесі
суреттен көре аламыз. 6, 492 б
Бұл суреттен көретініміз еңбек нарығында жұмысщылардың іс-әрекетін
көре аламыз. Яғни, жалақының шынайы деңгейінің өскені сайын еңбекке деген
жұмысшылардың ұсынысы арта береді. Өйткені жоғары жалақы деңгейі барлық
экономикалық активті халықты еңбек етуге ынталандырады. Алайда жалақының
мұндай ынталандыру деңгейі экономиканың әр саласында әр түрлі. Мысалы,
жалақы қаржы, қызмет көрсету, өндіріс және құрылыс салаларында айтарлықтай
жоғары болса, ал мемлекеттік қызметкерлер, ауыл шаруашылығы
қызметіндегілердің жалақылары біршама деңгейде төмен болып табылады.
Сондықтан бүгінгі таңда ауылды мекендерде көптеген орта жастағы адамдар мен
жастар жалақы жоғары болып келетін қалаларға барып жұмыс істеуге мұқтаж
болып отыр.
W
NS
W1 А
В
WE
NE Nb N
Сурет 4 – Еңбектің ұсыныс қисығы
Жастар арасындағы жұмыссыздық, еңбек ресурстарының кәсіптік-еңбек
потенциалының төмендеуі, келешекте оларға сұраныс болуы, қоғам үшін
проблемаға айналып отыр. Қазақстан еңбек нарығында- жоғары табысты, жұмысшы
күшінің лауазымды категориясын тез жинаушы, білімді және кәсіптік
дайындықты керек етпейтін- ол сауда мен қызмет көрсету саласындағы
жұмысшылар. Сондықтан жастардың көпшілігі, білімді және біліктік, жоғары
дәрежелі мамандықтарды таңдамай, табысы көбірек кәсіптерді жөн көреді.
Біздің экономикадағы мұндай өзгерістер Батыс елдеріндегі болып жатқан
тенденциялармен тез арада тексеріліп отырады.
Кейбiр жағдайлар - өндiрiс факторлары мен өнiм бағалары - сырттан
берiледi; шешiм қабылдау бостандығы – қанша адам және жұмыс сағат
қажеттiлiгi – тарифтiк реттеумен және жалдама қызметкердi қорғайтын басқа
да заңдармен шектеледi. Мысалы, Қазақстандағы еңбек туралы заң жұмыс апта
ұзақтығын 40 сағатпен шектейдi.
Жұмыс күшi ұсынысының көлемiн анықтауда қиындықтар кездеседi: фирма
өзiндегi қызметкерлердi нақтылы қолдана ма, әлде оған қосымша жұмыс күшiн
қажет ете ме – бұл анықтауды талап етедi. Институционалдық реттеуге сәйкес
фирма кей жағдайда артық қызметкерлердi жұмыстан дереу босата алмайды.
Сонымен қатар фирма қосымша жұмыс күшiне мұқтаж болуы мүмкiн, өйткенi бос
орындарды қызметкерлермен толтыруы керек.

Шектi өнiм
құны
Нарықтық
жалақы
Еңбекке сұраныс қисығы
Жұмысшылар санының Жұмысшылар саны
максималды пайдасы
Сурет 5 – Еңбектiң шектi өнiмдiлiгiнiң құны

қарастырамыз.

адамдарға жатады. 5, 146 б
Экономикада бiзге белгiлi бағалы және бағалы мес факторлардың болуы.
Еңбек нарығы экономиканың басты рыноктарының бiрi болып табылады. Мысалы,
егер елiмiз Дүниежүзiлiк сауда ұйымына мүше болып кiрсе, онда еңбек
нарығында еркiн жұмысшылар қозғалысы елдер арасында пайда болады. Басқа
елдiң жұмыссыздары немесе экономикасы төмен елдер жұмысшылары елiмiзге
жұмыс iстеуге көптеп келуi мүмкiн.
Жалақының өзгеруi шектi еңбек өнiмдiлiгiнiң өзгеруiне әкеледi, яғни
жұмысшылардың көп болуы қосмша өнiм өндiрудi арттырады, бiрақ еңбек
өнiмдiлiгi азаяды. Оны келесi суреттен көре аламыз 4, 398 бет .
Жалақы
Ұсыныс, S1 Ұсыныс, S2
W1
W2
Сұраныс, D
L1 L2 Еңбек көлемi
Сурет 6 – Еңбек ұсынысының жылжуы
Мұндай жағдайда еңбек нарығында еңбек ұсынысы артады, яғни 6-шы
суреттегi S1 еңбек ұсынысы S2 еңбек ұсынысы көлемiне артады. Еңбек сұранысы
тұрақты болғандықтан, еңбек еңбек ұсынысының өсуi жалақының W1-ден W2-ге
кемуiне әкеледi.
Ендi еңбек сұраныс қисығының жылжуына тоқталайық. Мысалы, фирманың
өндiрген өнiмi сапалы және ерекше болса, онда сол өнiмге сұраныс артады,
яғни сұраныс өсуiне байланысты сол фирманың шығарған өнiмiнiң бағасы өседi.
Нарықта сол өнiмнiң тапшылығы пайда болады. Бағаның өсуi еңбектiң шектi
өнiмдiлiгiнiң құнын артырады. Фирмада жалақы мөлшерi өседi. Жалақының өсуi
осы фирмаға қосымша еңбек күшiн шақырады. Оныны келесi 7-шi суреттен көрсек
болады 4, 399 бет .
Суреттен көрiп отырғанымыздай фирманың еңбекке сұранысы D1-ден D2-ге
дейiн оңға жылжығанда, тепе-теңдiк жалақы W1-ден W2-ге өседi, еңбек күшi
тепе-теңдiгi L1-ден L2 көлемге артады. Бұл жерде де жалақы және шектi еңбек
өнiмдiлiгiнiң құны бiр мезгiлде өзгередi. Бұған мысал ретiнде елiмiздiң
мұнай саласында қызмет етушiлердiң жалақысы әлемдiк мұнай бағасының
өзгеруiне тiкелей байланысты.
Жалақы Ұсыныс, S
W2
W1
Сұраныс,D1 Сұраныс, D2
L1 L2 Еңбек көлемi
Сурет 7 – Еңбек сұранысы қисығының жылжуы

Әрбiр елдiң экономикасы халықтың әлеуметтiк жағдайын көтеру үшiн
тұрақты экономикалық өсудi қажет етедi. Елiмiздiң нарықтық экономикаға
өтуiне байланысты еңбек нарығының қатынастары күрделене түсуде.
Қазақстан Республикасының Халықтың жұмыспен қамтылуы туралы заңы
бойынша жұмыссыздарға жұмыс істеуге қабілетті және дайын, еңбекпен қамту
қызыметтерінде жұмыссыз болып тіркелген адамдар жатқызылады. Соңғы жылдары
республикамыздың еңбек нарығында айқын өзгерістер болады: халық саны
азайды және соның салдарынан экономикалық белсенді халықтың саны
төмендейді.
Қазақстандағы еңбек нарығы жағдайына келетiн болсақ, әрине бұл
әлеуметтiк-экономикалық сала болғандықтан, елiмiздiң экономикалық
дағдарысты басынан кешiрген жылдары бұл еңбек нарығы да күрт нашарлап
кеттi. Оның келесiдей себептерiн атап өтуге болады:
1) Елiмiз егемендiгiн алғаннан кейiн Қазақстаннның еңбек нарығына жұмыс
күшi ұсынысының имиграциясы мен эмиграциясы ең күштi әсер бердi.
Яғни, елге келушiлерге қарағанда, елден кетушiлер саны көп болды.
Сондай-ақ елден кетiп жатқандардың көпшiлiгi бiлiктi, бiлiмдi және
бәсекелестiк қабiлетi жоғары, еңбекке қабiлеттi жастағы азаматтар
екенiн ескерсек, бiздiң қоғамымыздың еңбек потенциялына орны толмайтын
шығын әкелгенiн айтуымыз керек.
2) Елдегi экономиканың дағдарысқа ұшырауы, өндiрiс орындарының қысқарып,
халықтың жұмыссыз қалуына әкелiп соқтырды;
3) Елiмiздiң экономикасы құдарауымен байланысты әлеуметтiк сала да
нашарлап, халқымыздың өсiмi кемуде, оған бiр жағынан өтпелi кезеңде
басты әсер етiп отыр;
4) Фирма мен кәсiпорындар өнiмiнiң бәсеке қабiлеттiлiгiнiң нашар болуына
байланысты, олардың сатуға шығарған өнiмдерiне сұраныстың аз болуы
жалақының төмендеуiне әкелдi. Осының салдары экономикалық активтi
халықтың санының азаюына әкелдi немесе көлеңкелi экономикада қызмет
етушiлер саны артты.
Алайда осындай келеңсiз жағдайлар орын алғанымен, елiмiз
экономикасының соңғы жылдары жоғарғы қарқынмен дамуы, стратегиялар мен
реформалардың оң нәтижесiн беруi, жекешелендiрудiң толық қанды жүруi, шағын
бизнес саласының дамуы, бiлiм саласына реформаның жасауы еңбек нарығында
келесiдей оң нәтижелер көрiне бастады:
1) Елiмiздегi жұмыс күшiнiң жылдамдылығы жоғары, Ресеймен салыстырғанда
еңбек нарығын қалыптастыру алда. Кадрлар дайындауда жеке меншiктi оқу
орындары кәдiмгiдей үлкен роль атқарады.
2) Соңғы бiрнеше жыл iшiнде экономиканың тұрақты дамуымен байланысты,
фирма мен кәсiпорындардың санының өсуi, ауыл шаруашылығында
реформалардың жүргiзiлуi, өндiрiс немесе қызмет көрсету салаларының
дамуына байланысты жұмыссыздық азайып, экономикалық активтi халықтың
саны өсуде;
3) Бәсеке қабiлеттi экономика құру және рыноктық қатынастарды дамыту
адамдардың бiлiмiн жетiлдiруге, еңбек қабiлеттiлiгiн арттыруға
ынталандырады. Бұл дегенiмiз жалпы жалақының өсуiне әкеледi.
Елiмiздегi жалақының нақты өсiмi 2008 жылдың алғашқы алты айында 13,2%
құрап отыр, сондай-ақ зейнетақының өсуi де көрiнiс табуда;
4) Елде жалпы экономиканың тұрақты өсуi, несие және лизингтiк
қатынастардың дамуына байланысты жеке меншiк кәсiпорындар мен
фирмалардың еңбекке сұранысы өсiп, онда жалпы жұмыс iстейтiн адамдар
үлесi 70-80% болып отыр. 1, 83 б
Ауыл халқында жұмыссыздықтың көбеюінің негізгі себептеріне мыналар
жатқызуға болады:
1) Ұлттық экономика дамуында ауыл шаруашылығын пайдалануының
стратегиясының қалыптаспауы;
2) Жаңа заманға сай келетін аграрлық кадрлар даярлау жүйесінің
жоқтығы;
3) Ішкі және сыртқы рыноктардағы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz