«Инвестиция мемлекеттік реттеу обьектісі ретінде»


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
«МЕНЕДЖМЕНТ» КАФЕДРАСЫ
«МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘНЕ ЖЕРГІЛІКТІ БАСҚАРУ » МАМАНДЫҒЫ
ҚОРҒАУҒА ЖІБЕРІЛЕДІ,
КАФЕДРА МЕҢГЕРУШІСІ, Э. Ғ. Д., ПРОФЕССОР
РОГАЧЕВА Т. М
«» 2010 ж.
Дипломдық жұмыс
Тақырыбы: «Инвестиция мемлекеттік реттеу обьектісі ретінде»
СТУДЕНТ Бегалиева А. Ж
ҒЫЛЫМИ ЖЕТЕКШІ, Адаева Н.
Алматы, 2010ж
ЖОСПАР
Кіріспе 3
I. Инвестицияның теориялық - әдістемелік негізі
1. 1Инвестицияның мәні, маңызы және түрлері6
1. 2 Шетелдік инвестициялар және олардың Қазақстан экономикасындағы қызметі 13
II. Инвестиция - мемлекеттік реттеу облъектісі ретінде және Қазақстан экономикасындағы инвестициялық жағдайды талдау
2. 1 Инвестиция - мемлекеттік реттеу облъектісі ретінде
Қазақстанның инвестициялық жағдайы және оның қалыптасу ерекшеліктері21
2. 2 Қазақстан Республикасының инвестициялық саясатының қағидалары мен негізгі бағыттары30
2. 3 Қазақстан экономикасына 2009 жылғы негізгі капиталға тартылған инвестициялар мен олардың технологиялық құрылымы33
III. Қазақстан Республикасының инвестициялық саясатын жетілдіру жолдары
3. 1 Қазақстан экономикасына инвестицияларды тартудың алдында тұрған мәселелер және оларды шешу41
3. 2 Инвестициялық қызметті салықтық ынталандыру механизімін жетілдіру44
3. 3 Отандық компаниялар инвестициялық стратегияны ұйымдастыруда кездесетін кемшіліктерді жою ұсыныстары52
Қорытынды 56
Қолданылған әдебиеттер 59
Кіріспе
Дипломның өзектілігі. Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың үстіміздегі жылғы «Жаңа онжылдық, жаңа экономикалық өрлеу-Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты жолдауында «Бүгінгі әлемдік конъюнктура нашарлаған жағдайда біз рөлі өсе түсіп отырған мемлекеттік холдингтердің, даму институттарының, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың ішкі инвестициялық ресурстарын белсенді етуге тиіспіз» деп, өзінің “Қазақстан-2030” Жолдауында республика экономикасына инвестицияларды тартуды маңызды стратегиялық мәселе ретiнде қарастырды. Қазiргi таңда Қазақстан жан басына шаққандағы инвестиция тарту ауқымын алғанда ТМД елдерiнiң арасында көш басында келедi, деген жоспарлар шешімінің айқын айғағы ретінде тағы баса айтып өтті.
Экономиканың созылмалы дағдарысы жағдайында отандық инвестициялық саясаттың қуатын күшейту мәселесі өткір күн тәртібінде тұрған міндет. Инвестиция экономикалық өсудің қажетті және міндетті алғышарты болып табылады. Олар жиынтық ішкі өнім көлемін арттырып қана қоймай, сонымен қатар мультипликативтік әсер береді. Дұрыс, инвестициялық саясат экономикалық өркендеудің маңызды құраушысы болып табылады.
Инвестициялардың экономикаға әсер етуінің ең басты құбылысы (аспектісі), елдің инвестициялық белсеңділік дәрежесін қолдау, сонымен бірге, экономикалық өсуді арттыру болып табылады. Қандай да бір елдің инвестициялық қорының жеткіліксіз немесе шектеулі қуыстарын толықтыра алады. Инвестициялық белсеңділіктің өсуі жоғарғы ұлттық өнімнің өсуіне әкеледі.
Қазақстан эканомикасы үшін инвестиция, ең алдымен оны тұрақтандыру, жандандыру және көтеру үшін қажет. Өндіріске, жаңа технологияға жұмсалған инвестиция қатаң бәсекелік күресте бәсекелестерді жеңуге көмектеседі, мейлінше икемді баға белгілеуге мүмкіндік берді. Бұған шетелдік инвестицияның орасан зор көмегі болғанына ешкім жоққа шығара алмайды. Оны Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтің өткен жылғы Қазақстан халқына арнаған Жолдауындағы « . . . Қазақстанның шетел капиталынсыз, технологиясынсыз және тәжірибесінсіз жедел экономикалық өрлеу мен жаңаруға қалай қол жеткізетін көз алдымызға келтіру қиын», - дегенмен-ақ байқауға болады.
Инвестиция маңызды экономикалық категория болып табылады және микро-макродеңгейде айтарлықтай рөл атқарады, ең алдымен, жай және ұлғаймалы ұдайы өндіріс, құрылымдық түрлендірулер, пайданы арттыру және соның көптеген әлеуметтік проблемаларды шешудегі инвестицияның маңызы өте зор.
Қазақстан Республикасының шикізатын әлемдік нарыққа шығару экономика үшін өте маңызды рөл атқарады. Ал сол шикізатты өндіру және өңдеу үшін шетел инвесторлары қажет, сондықтан Қазақстан Республикасының Үкіметі инвесторларды тарту үшін жағымды жағдай жасайды.
Шетел инвестицияларын реттейтін «Шетел инвестициялары туралы» қабылданған заң ол орган инвестицияларды приоритеттік экономикалық салаларға жеңілдіктер преференциялар арқылы құйылуын қадағалайды.
Инвестиция экономикалық даму деңгейі орта және төмен мемлекеттердегі және өндірірістің қатаюына, өсуіне көмектеседі. Қазақстан шетел инвесторларына жағымды әлеуметтік, қаржы экономикалық, құқықтық тәртіптерді жасайды және ықыласына инвестициялық климат, қойылған бағдармаларға жету және өзекті мәселелерді шешеді.
Қазақстан Республикасының жасалып жатқан барлық шараларға қарамастан, шетел инвесторлары инвестицияларын негізінен көп үлесі бар табиғи ресурстарға енгізеді.
Диплом жұмысының мақсаты - инвестициялардың теориялық негізін ашып, Қазақстандағы инвестициялық саясатын талдау негізінде шетел инвестицияларын тартудың артылықшылықтары мен кемшіліктерін көрсету және қазіргі уақыттағы инвестициялық климаттың жағдайын ашу.
Дипломдық жұмыстың зерттеу объектісі - Қазақстан Республикасында жүріп жатқан инвестициялық процестер.
Жұмыстың өзектілігі - Қазақстан экономикасының дамуы тартылған инвестиция деңгейі мен оны рационалды қолдануына тәуелді. Сондықтан таңдап алынған диплом жұмысының тақырыбы қазіргі кезеңде өзекті болып табылады.
Кіріспеде тақырыбтың өзектілігі, қарастырылу дәрежесі, мақсаты, міндеттері, методологиялық, ілімдік және тәжірибелік негіздері қарастырылған.
Бірінші тарауда инвестицияның мәніне, түрлеріне түсініктеме берілген.
Екінші тарауда Қазақстан Республикасының инвестициялық саясатының қағидалары мен негізгі бағыттары, инвестициялық процестің даму бағыты мен жағдайын бағалау қарастырылған.
Үшінші тарауда «Қазақстан Республикасының инвестициялық саясатын жетілдіру мәселелері» қарастырылған.
Жұмысты орындау барысында көптеген мерзімдік баспа материалдар, қазақстандық және ресейлік экономистердің еңбектері, бай статистикалық ақпарат базасы және ҚР-дағы инвестициялық процесті реттейтін нормативтік -құқықтық база материалдары қолданылды.
Инвестициялар деп өнеркәсіптің, құрылыстың, ауыл шаруашылығының және экономиканың баска да салаларының кәсіпорындарына капитал түрінде салынып, жұмсалатын шығындардың жиынтығын айтамыз. Инвестициялық кызметтің мақсаты - түпкі нәтижесінде кәсіпкерліктен табыс немесе процент алу болып табылады.
Инвестицияның кезі болып жаңадан қалыптасқан (құрылған) құн немесе таза табыстың жинақталған бөлігі саналады. Кәсіпкерлер (кәсіпорындар) оны өзінің табысының (таратылған) қаражаттарының есебінен жұмылдырады. Негізгі капиталды жаңартуға арналған инвестиция көзі болып кәсіпорынның меншігінде қалған табысы саналады. Бағалы қағаздардың көп түрлілігі инвестицияны жіктеудің көптеген критерийлерін алдын ала айқындайды.
Капиталды бағалы қағаздар кәсіпорынды дамыту үшін, оның капиталын (қорын) құрастыру немесе ұлғайту мақсатында шығарылады.
Міндеттері: Бағалы қағаздар құқығы бойынша кімге жататындығы туралы белгілерін куәландыру үшін олар былайша бөлінеді:
- бағалы қағазды ұсынушыға - құқықтарын орындау үшін, бірақ олардың иелерін теңестіруді (идентификациялауды) талап етпейді, ұстаушылардың атына тіркеу жасалынбайды. Ұсынушы бағалы қағазды куәландыратын құқығын басқа адамға қарапайым жолымен қолына береді.
- атаулы бағалы қағаздар - белгілі бір адамның атына жазылады. Бағалы қағаздарда куәландырылған құқықтары ондағы қойылған талапты жеңілдету үшін белгіленген тәртіппен басқа тұлғаға беріледі. Атаулы бағалы қағаздар бойынша құқық беретін адам соған сәйкес келетін талаптардың орындалуы емес, ондағы тиесілі талаптың занды еместігіне жауап береді.
- ордерлік бағалы қағаз - ол ең алғашында иемденушінің атына немесе оның бұйрығы бойынша жазылады. Бұл онда керсетілген құқықтар қағазға түсірілген тәртіпке байланысты ауыспалылығын сақтайтындай етіп - индоссаментке жазып береді. Индоссамент өзінде құқықтың болғанына ғана емес, сонымен бірге, оның жүзеге асуына да жауап береді. Бағалы қағаздардан алынатын табысқа қатысты оларды борыштық және инвестициялық етіп белуге болады.
Борыштық бағалы қағаздар пайыздарды (проценттерді) төлеуді және негізгі қарыздың негізгі сомасын графикке сәйкес жабуды эмитент өз міндетіне алады. Бұл кімнің эмитенті екендігіне қарамастан, оған барлық облигациялар, векселдер жатады.
Инвестщиялық бағалы қағаздар эмитент активтерінің бір бөлігін иемденуге құқық береді, оларға эмитенттердің барлық типтеріндегі акциялары тұтастай жатады.
Жұмыстың құрылымы: дипломдық жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытынды және қолданылған әдебиеттерден тұрады.
I. Инвестицияның теориялық - әдістемелік негізі
1. 1 Инвестициялардын ұғымы және оның жіктелуі
Қазақстан тәуелсіздігін жариялаған күннен бастап республиканың экономикасында күрделі, бұрын сонды болмаған, өзгерістер болды.
Қазіргі заманғы экономика жүйесін ауыстыру кезеңіңде ішкі қаржыландыру мүмкіндіктерінің шектелуі жағдайында үкіметтің іс-әрекет бағдарламасы негізінде құрылымдық қайта қалыптастыруды қамтамасыз ету үшін сыртқы капиталды тарту және пайдалану мәселелері өте маңызды орын алды.
Шамамен, 90-жылдардың басында біздің қоғамда «Инвестиция» термині күнделікті адамдардың арасындағы қатынаста, ресми түрде, публицистиқалық және ғылыми әдебиеттерде қолданыла бастады.
Инвестиция - пайыз немесе дивиденд түрінде табыс алу, капиталды көбейту мақсатында субъект иеленетін актив, өндірісті, кәсіпкерлікті дамыту, пайда алу немесе басқа да түпкілікті нәтижелерге қол жеткізу елдің ішінде немесе шетелдегі кәсіпорындарға, консорцииумдарға, жобаларға әлеуметтік-экономикалық бағдарламаларға, жаңартпалық жобаларға капиталдың ұзақ мерзімдік жұмсалымы.
Инвестициялық саясат - шаруашылық объектісінің, аймақ, ел ішінде, олардан сырт жерлерде өндірісті, кәсіпкерлікті дамыту, пайда алу, басқа да түпкілікті нәтижелерге қол жеткізу мақсатымен ұзақ мерзімді жұмсалымның көлемін, құрылымы мен бағыттарын айқындайтын шаруашылық шешудің жүйесі. Басқарудың экономикалық әдістерді кеңінен қолдану, дағдарысты ахуалдарды еңсеру, нарықтық қатыстарға көшу жағдайында келешекке арналған.
Инвестициялық саясатты ғылыми тұрғыда негіздеу инвестицияны жоспарлау (болжау) практикасын жаңа шаруашылық тетікпен байланыстыру ұзақ мерзімді жұмсалымның пайдаланылуын түбегейлі жақсарту, елдің әлеуметтік - экономикалық дамуын жеделдету бұдан былайғы шарттары ретіндегі ұзақ мерзімді жұмсалымның тиімділігін арттыру қажет.
Инвестициялық саясат дегеніміз - шетелдік инвестициялырды реттеу, ЖҰӨ өсуі, төлем балансын оңтайландыру, өндіріс және жұмыспен қамтылу мәселелерін реттеу қызметіне бағытталған мемлекеттік саясат.
Нақ қазіргі таңда «инвестициялық саясат» ұғымының маңызының теоретикалық аспектісін зерттеу нәтижесінде біз келесі қорытындыга келген, неғұрлым толық және көп аспектілі тұжырымды белгілі Ресейдің ғалым-экономисті И. А. Бланк «инвестициялық саясат дегеніміз - нақты қаржыландыру нысанына капитал салуды қарастыратын, уақыт арасында детерминисті инвестициялық мақсаттарды жүзеге асырудың жоспарланған нақты нәтижелерге қол жеткізуга бағытталған мемлекеттің ең тиімді саясаты»деп тұжырымдады.
«Инвестиция» экономикада да, жалпы, экономикалық теорияда да, өте маңызды «терминдердің» қатарына жатады, басқаша айтқанда, «ивестиция»термині нарықтық экономиканың - ажырамас бір бөлігі. Сондықтан, оны жеке бір тақырып ретінде жоғарғы оқу орындарының барлығында өтетін «экономика» сабағына енгізген. Кей оқу орындарында ол «экономикалық теория» курсынан белгілі. Қысқарта келетін болсақ, «инвестиция» термині жаңа заманға сай және өте қажет термин болып табылатыны сөзсіз.
Инвесторлар - кәсіпкерлік қызметінің және нәтижесінде пайда құалатынын немесе әлеуметтік тиімділікке қол жеткізілетін қызметтің басқа да түрлерінің объектілеріне жұмсалған мүліктік және интеллектілік құндылықтардың барлық түрлері, капиталдың ел ішіндегі және шетелдегі экономикаға ұзақ мерзімді жұмсалымы.
Инвестициялар ЖҰӨ-нің ен маңызды және ең өзгермелі компоненттерінің бірі болып табылады. Қашанда болмасын құлдырау кезінде тауарлар мен қызметтерге деген шығын қысқарады, бұл қысқарудың үлкен бөлігі инвестициялық шығындар көлемінің құлдырауына қатысты.
Мемлекеттің инвестициялық саясатының басты мақсаты - тауарлар өндіру, жедел дамыту, экономиканың беделді секторында жұмыстармен қызмет атқару үшін қолайлы жағдай тудыру.
Мақсатқа жету процесінде ҚР-сы мынандай мәселелер шешеді:
- жаңа да, озық технологияларды және ноу-хоу тағы басқаларды өндіріске енгізу;
- ішкі нарықтағы жоғарғы сапалы тауарлар мен қызметтерді толықтыру;
- отандық тауар өндірушілерді мемлекеттік қолдау және ынталандыру;
- экспортқа бағдарланған және импорт тауарларының орындарын толтыратындай өндірісті дамыту;
- ҚР-ның шикізат базасын ұтымды және кешенді пайдалану;
- жаңа өндіріс орнын ашу және оны күшейту;
- жергілікті кадрларды үздіксіз оқыту, олардың шеберлік деңгейін артыру жүйесін енгізу.
Мемлекеттік үдетілген индустриялық-инноватциялық бағдарламаны табысты жүзеге асырып, дағдарыстан кейінгі кезеңде ел экономикасының қарқынды дамуын қамтамасыз ету үшін мемлекет пен жеке сектордың, яғни шағын және орта кәсіпкерлік субъектілердің өзара ұғынысып, тізе қосып жұмыс істейтіні ләзәм. Соңғы жылдары мемлекет тарапынан кәсіпкерліктің кәсібін қолдап, шағын және орта бизнес субъектілерінің тынысын кеңейту үшін жүйелі жұмыстар жасалып келеді.
Бұл әсіресе дағдарыс табалдырықтан атттаған кезеңде ерекше білінді. Экономиканың өзге де нақты секторлары секілді шағын және орта бизнес саласы да алғашқылардың бірі болып қаржы дағдарысының қыспағында қалды. Мұндайда мемілекет оларды тағдыр тәлкегінде қалдырған жоқ. Керісінше, дағдарысқа қарсы бағдарлама шеңберінде бұл саланы қолдауға аса қомаққты қаржы бағытталды.
Бұл іс-қимыл тиісті нәтижесін берді, кәсіпкерлер кәсібінен нәсіп тауып, сонымен бір мезгілде ел экономикасының оңалуына мүмкіндіктерінше көмектерін тигізуде.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, қазіргі уақытта Үкімет Қазақстандағы іскерлік ахуалды жақсартуға күш салуда. Есте болса, 2008 жылғы « Қазақстан халқының әл- ауқатын арттыру- мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты Жолдауында Призидент Үкімет шағын және орта бизнестің бәсекеге қабілеттілігін ынталандыру жөніндегі дәйекті жұмысты жалғастыруға тиістігін айтып, әкімшілік реформа аясында Үкіметке бизнеске түсетін әкімшілік салмақты батыл азайтуды, рұқсат беру жүйесін, ең алдымен лицензиялауды, сертификаттауды, аккредиттеуді одан әрі оңайлатуды тапсырған болатын.
Мемлекет басшысының тапсырмасын жүзеге асыру үшін Үкімкт шағын және орта бизнесті қолдау жөнінде дәйекті әрі мақсатты жұмыстар жүргізіп келеді. Мәселен, бүгінге дейін салық реформасы жүргізіліп, бизнеске түсетін салық жүктемесі төмендетіледі.
Әкімшілік реформа қолға алынып, бизнесті құру және жүргізу үшін тосқауыл болған әкімшілік кедергілер айтарлықтай қысқартылды. Бұдан бөлек жеке кәсіпкерлік субъектілерін тексеру жүйесі жетілдірілді және реттелді. Айталық, ағымдағы жылғы шілденің 17- сінде «Жеке кәсіпкерлік мәселелері бойынша ҚР-ның кейбір заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» заң күшіне енді. Сөйтіп тәуекелдерді бағалау жүйесін енгізуесебінен мемлекеттік органдар жүргізетін тексерулер оңтайландырылды және реттелді.
Сонымен қатар, Премьер-Министердің бұйрығымен рұқсат беруші құжаттарды қайта қарау және оңтайландыру жөніндегі сарапшы топ құрылды. Бүгінге дейін бұл топтың 43 отырысы өткізіліп, онда мемлекеттік ргандардың 22 жұмыс тобының рұқсат беруші құжаттарды түгендеу және қайта қарау жөніндегі жұмыстарының нәтижелері қаралған. Отырыстардың қортындысы бойынша сарапшы топ 43 қызмет түрін литцензиялауды, 238 әртүрлі рұқсат беруші құжаттарды қарастыруды ұсынған.
Дағдарыс кезінде мемлекет шағын және орта бизнесті қолдауға теңдессіз қаржылық көмек көрсетті. Ресми мәләметтер бойынша, 2007 жылдың соңынан бастап шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне 330 млрд. теңгеден астам қаржылық көмек көрсетіліпті. Осы қолдаудың арқасында 8700-ден астам жоба несиелендіріліп, 16 мыңнан астам жұмыс орны құрылып, қолдауға ие болған. Қуантатыны- бөлінген қаржы желге ұшпады, мемлекеттің экономиканың осы бір нақты сектоына көрсеткен қамқорлығы қазіргі уақытта оң нәтижесін беруде. Миллиондаған қазақстандықтар еңбек ететін бұл сала дағдарыстың қысымына төтеп беріп, бүгінде жемісті жұмыс істеп жатыр.
Осылайша, Үкімет жүргізген жұмыстар бірқатар оң нәтижелерге әкеліп отыр. Айталық, Статистика агентігінің дәрежесі бойынша, 2009 жылғы қыркүйектің 1-ндегі жағдай бойынша елімізде 1 млн. Бірліктен астам шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері тіркелген. Бұл тіркелген шаруашылық субъектілерінің жалпы санының 90 пайыздан астамын құрайды. Республикамыздағы белсенді жұмыс жасайтын шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны өткен жылдың тиісті кезеңмен салыстырғанда 4, 4 пайызға ұлғайған. Мұның өзі дағдарыс ккезінде де жеті өлшеп, бір кесіп, жүйелі жұмыс істесе жақсы нәтижеге қол жеткізуге болатындығының нақты дәлелі іспетті. Атап өтерлігі, Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформалар халқаралық рейтингтерді жасаушылардың оң бағасына ие болды.
Еліміздегі іскерлік ахуалды жақсарту жөніндегі Үкімет жүзеге асырған шаралар әртүрлі халқаралық рейтингтердегі Қазақстанның позициясын нығайтуға мүмкіндік береді. Айталық, 2009 жылғы қыркүйектің 9-ында Дүниежүзілік банк жыл сайынғы Doing Business -2010 рейтингісінің нәтижелерін жариалады. Ол бойынша Қазақстан 70- тен 63-ші орынға көтерілді. Ал 2009 жылғы мамырдың 20-сында Халқаралық менеджментті бамыту институтының Әлемдік бәсекеге қабілетті зерттеу орталығы (Швейцария) елдерінің бәсекеге қабілетілігінің жыл сайын рейтингісінің 2009 жылғы қортындысын жариялады.
Бұл рейтинг бойынша, Қазақстан өткен жылмен салыстырғанда 3 позицияға көтеріліп, 36- орынға жайғасты. Бұл ретте қазақстан Ресейді (49 орын) 13 тармаққа және Украинаны (56 орын) 20 тармаққа басып озып жетекші позицияны иеленгенін айтып өткен жөн. Ал 2009 жылғы қыркүйектің 8-інде жарияланған Дүниежүзілік экономикалық форумның рейтингі бойынша, Қазақстан өткен жылдың нәтижелерімен салыстырғанда бар-жоғы бір позициясын жоғалтып, 67 орынға тұрақтады. Ресей бірден 12 позицияға, яғни 51-ден 63 орынға сырғыса, ал Украина он позицияға төмендеп, төмендеп яғни 72-ден 82 орынға төмендеді. Бір қарағанда құрғақ цифрлар болғанмен, бұлар Қазақстандағы Іскерлік ахуалдың жыл сайын жақсарып келе жатқандығының нақты айғағы болып табылатын құнды мәліметтер.
Мемлекеттің кәсіпкерлікті қордау шарасы бұнымен бітпейді. Төртінші шақырылымдағы Парламенттің үшінші сессиясының ашылуында Елбасы елдегі іскерлік ахуал мен кәсіпкерлік белсенділікті түбегейлі жақсарту қажеттігіне тоқталып, қазір іскерлік ахуалды жақсарту мен отандық кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі жаңа жүйелі шаралар аса қажеттігін атап көрсетті.
«Кәсіпкерлікті тексеру жүйесін оңтайландыру қажет. Барлығын да бір Заңға жинақтау қажет, қалған басқасын жоюға қойып, тексеруші оргпндар шағын және орта бизнеске қыспақ жасамауы үщін тәртіп орнатайық», деген болатын Призидент сонда. Бұл тапсырманы орындау үшін Үкімет таяу перспективада әкімшілік реформа аясында бизнес саласындағы бақылаушы мемлекеттік органдардың санын қысқартуды жоспарлап отыр. Бұл ретте бизнесті енгізу шарттарын жақсарту жөніндегі жұмыс аясында әкімшілік заңнаманы қоса алғанда, лицензиялау және тіркеу мәселелері бойынша 70-тен астам заңнамалық актіге түзетулер енгізілді. 200-ден астам бірлескен жарлықтар әзірленіп, қабылданатын болады.
Сонымен қатар, ҚР Әкімшілік кодексінің тексеру жүргізу тәртібін бұзғаны үшін мемлекеттік органдардың жауапкершілігін күшейту бөлігіне, «Лицензиялау туралы» заңды өзгертулер енгізілді.
Бұған қосса 2011 жылғы қаңтардың 1-іне дейін бизнеске қатысты талаптарды қамтитын 10 мыңнан астам нормативтік құқықтық актілерге ревизия жүргізіліп, деңгейі жоғарылатылады. Рұқсат беру жүйесіне ұқсас салалық нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік органдар өздері және бизнес-қоғамдастық өкілдердің қатарынан құрылған Сараптау тобы «гильотина» қағидасы бойынша мұқият «сүзгіден» өткізеді.
Сөз соңында бір тоқталып кететін жайт, қазіргі уақытта Үкімет шағын және орта бизнесті қолдаудың жаңа құралдарын әзірлеп жатыр. Соның аясында кәсіпкерлікті қолдауға қосымша мемлекеттік қаржыны пайдалану жөніндегі ұсыныс қарастырылуда.
Бұл рете өңдеуші өнеркәсіптегі шағын және орта бизнес субъектілерін несиелеуге айырықша назар аударылақ. Бұл бағдарламаның шарттары бойынша несиелер бойынша номиналды ставка 8 пайыз, ал жылдық тиімді ставка 9 пайыз деңгейінде болуы тиіс. Осылайша мемлекет алдағы уақытта шағын және орта бизнеске қосымша 60млрд. теңге көлемінде қолдау көрсетуді межелеп
Нарықтағы айналыс ерекшеліктеріне байланысты бағалы қағаздарды нарықтық (айналыстағы) және нарықтық емес (айналыстағы емес) етіп бөлу мүмкін.
Нарықта болатын бағалы қағаздар биржалык немесе биржалық емес айналым шеңберінде нарыкта екінші рет еркін сатылуы және сатып алынуы мүмкін. Олар сатылғаннан кейін эмитентке мерзімінен бұрын ұсынылмайды.
Нарықтық емес бағалы қағаздар бір қолдан екінші қолға еркін көше алмайды, яғни екінші рет айналысқа түспейді. Бұндай бағалы қағаздар қатарына оларды шығару кезінде сатылмайды деген шарт қойылса, онда оларды тек эмитенттің езі ғана сатып алады.
Сондай-ақ айналысы шектеулі бағалы қағаздар да бөлініп көрсетілуі мүмкін. Мысалға, жабық АҚ акциялары сатып алу және сату мөміле бойынша шектелген акциялардың қатарына жатады.
Бағалы қағаздар әрекет ететін орыны бойынша ақша нарығының бағалы қағаздары және капиталдық бағалы қағаздары болып бөлінеді.
Ақша нарығы дегеніміз - қысқа мерзімді бағалы қағаздардың алынуы мен сатылуын көрсетеді және ол қаржылық нарықтың бір бөлігі. Қысқа мерзімді бағалы қағаздардың әрекет ету мерзімі - бір күннен бастап бір жылға дейін болуы мүмкін. Айналыстағы бағалы қағаздар, әдетте, төменгі төлем тәуекелімен қатар жүреді, өйткені қарыз берушілердің телем қабілетгілігі жоғары болса ғана шығарылады. Ақша нарығының бағалы қағаздарына: қазыналық векселдер, депозиттік сертификаттар, коммерциялық қағаздар жатады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz