«дәрілік өсімдіктер»



1.Дәрілік өсімдіктер
2.Дәрілік өсімдіктердің түрлері
Дәрілік өсімдіктер медицинада және мал дәрігерлігінде емдеу және аурудың алдын алу мақсатында қолданылатын өсімдіктер. Дәрілік өсімдіктердің емдік қасиеті олардың құрамында стероид, тритерпен, алкалоид пен гликозидтердің, витаминдердің, эфир майлары мен тұтқыр заттар сияқты түрлі химиялық қосылыстардың болуына байланысты. Әдетте өсімдіктің осындай заттар көп жиналған бөліктері дәрі ретінде пайдаланылады. Дәрілік өсімдіктер кептірілген шөп, тұнба, қайнатынды, шай, ұнтақ, т.б.түрінде қолданылады, дәрілерді дайындау үшін шикізат ретінде пайдаланылатын дәрілік өсімдіктер бөлек іріктеледі. Дәріні көбінесе жабайы өсімдіктерден алады. Қазақстанда жасалынатын барлық емдік заттардың 30% - дан астамы өсімдіктерден алынады. Дәрілік шөптермен, сондай-ақ синтетикалық медициналық препараттармен емдеу дәрігердің бақылауымен жүргізілуі керек. Төменде анағұрлым кең тараған дәрілік өсімдіктер беріліп отыр.
Айыр, андыз тамыр – жабайы өсімдік. Қазақстанда өседі. Тамыр сабағы асқазанның жараланған ауруларын емдеу үшін қолданылатын (викалин, викаир) комплексті препараттар әзірлеуге шикізат ретінде алынады. Тамыр сабағының ұнтағы, спиртті ащы тұндырмасы тәбет ашады және ас қорытуды жақсартады, іріңдеген сыртқы жараларды жазу үшін пайдалы. Андыз тамырының тоқ ішек пен өт қалтасы қабынғанда жақсы емдік қасиеті бар. Айыр майы «Олемитин» препаратының құрамына кіреді, бұл дәріні өт қалтасы мен бүйрекке тас байланғанда қолданады.
Ақбас жусан, кәдімгі мыңжапырақ – жабайы өсімдік. Қазақстанда өседі. Гүлденген шөбінен жасалған дәрілер гастритпен ауырғанда ауруды қабындырмау үшін, тәбет ашу, сондай – ақ қан тоқтату үшін қолданылады.
«Шаңырақ» үй – тұрмыс энциклопедиясы.

Пән: Валеология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Реферат
Тақырыбы: Дәрілік өсімдіктер

Жоспар
1.Дәрілік өсімдіктер
2.Дәрілік өсімдіктердің түрлері

Дәрілік өсімдіктер
Дәрілік өсімдіктер медицинада және мал дәрігерлігінде емдеу және
аурудың алдын алу мақсатында қолданылатын өсімдіктер. Дәрілік
өсімдіктердің емдік қасиеті олардың құрамында стероид, тритерпен,
алкалоид пен гликозидтердің, витаминдердің, эфир майлары мен тұтқыр
заттар сияқты түрлі химиялық қосылыстардың болуына байланысты.
Әдетте өсімдіктің осындай заттар көп жиналған бөліктері дәрі ретінде
пайдаланылады. Дәрілік өсімдіктер кептірілген шөп, тұнба,
қайнатынды, шай, ұнтақ, т.б.түрінде қолданылады, дәрілерді дайындау
үшін шикізат ретінде пайдаланылатын дәрілік өсімдіктер бөлек
іріктеледі. Дәріні көбінесе жабайы өсімдіктерден алады. Қазақстанда
жасалынатын барлық емдік заттардың 30% - дан астамы өсімдіктерден
алынады. Дәрілік шөптермен, сондай-ақ синтетикалық медициналық
препараттармен емдеу дәрігердің бақылауымен жүргізілуі керек.
Төменде анағұрлым кең тараған дәрілік өсімдіктер беріліп отыр.
Айыр, андыз тамыр – жабайы өсімдік. Қазақстанда өседі. Тамыр сабағы
асқазанның жараланған ауруларын емдеу үшін қолданылатын (викалин,
викаир) комплексті препараттар әзірлеуге шикізат ретінде алынады.
Тамыр сабағының ұнтағы, спиртті ащы тұндырмасы тәбет ашады және ас
қорытуды жақсартады, іріңдеген сыртқы жараларды жазу үшін пайдалы.
Андыз тамырының тоқ ішек пен өт қалтасы қабынғанда жақсы емдік
қасиеті бар. Айыр майы Олемитин препаратының құрамына кіреді, бұл
дәріні өт қалтасы мен бүйрекке тас байланғанда қолданады.
Ақбас жусан, кәдімгі мыңжапырақ – жабайы өсімдік. Қазақстанда өседі.
Гүлденген шөбінен жасалған дәрілер гастритпен ауырғанда ауруды
қабындырмау үшін, тәбет ашу, сондай – ақ қан тоқтату үшін
қолданылады.
Ақтікен, биік ақтікен – жабайы өсімдік. Емдік қасиеттері женьшень
препараттарына жақын. Тамырынан жасалған

дәрілер (спиртті тұнба, ұнтақ ) қанның артериялық қысымы
төмендегенде, қалжырағанда, жүйке шаршағанда адамды
әлдендіру үшін қолданылады.
Алоэ, ағаш тәрізді алоэ – жабайы және Қазақстанда қолдан өсірілетін
өсімдік. Жас жапырақтарынан алынған шырынымен сыртқы іріңді
жараны,күйікті,терінің қабыну ауруларын
емдейді. Алоэның шырыны (тамақ алдында жарты сағат бұрын
бір шай қасықтан күніне 2-3 рет) озылмалы іш қату ауруларына
да қолданылады. Алоэ жапырақтарынан алынған
экстрактымен (спиртті сығынды)көз ауруларын, асқазанның
ойық жараларын т.б. ауруларын емдейді. Алоэден дайындалған
биостимулятор препараты ауру ағзаның қорғаныс
функцияларын күшейтеді. Кептірілген сығындысынан (сабур) алынған
спиртті тұндырмасы немесе құрғақ экстрактының көп мөлшері іш
жүргізетін дәрі ретінде қолданылады. Сондай-ақ асқазанның тамақ
сіңіру
жұмысын жақсартады және тәбет көтереді.
Аралия, маньчжур аралиясы – жабайы өсімдік.Оның
тамырынан спиртті тұндырма және сапарал препараты
дайындалады.Емдік қасиеттері жөнінен женьшень
препаратына жақын, орталық нерв жүйесін сергітеді, ағзаны
әлдендіреді. Аралия препараттарын дәрігердің бақылауымен
ғана қолданады.
Арша, кәдімгі арша – жабайы өсімдік. Қазақстанда өседі. Жемісінің
тұнбасы несеп айдайтын дәрі ретінде қолданылады. Сонымен қатар ас
қорытуды жақсартады, қақырық түсіруге пайдалы.
Асқабақ–қолдан өсірілетін өсімдік.Қабығынан тазартылған (кілегей
қабығымен бірге) тұқымы ішек құртына қарсы (қоймалжың, қайнатынды
түрде) қолданылады.Асқабақтың жемісінен (ұрығынан) каротин алынады.
Аюқұлақ , кәдімгі аюқұлақ – жабайы өсімдік. Жапырағының су тұнбасы
мен қайнатындысы қуық және қуық жолдары қабынып

ауырғанда несеп қуатын және дезинфекция жасайтын дәрі ретінде
қолданылады.
Бақалақ , жалпақжапырақты зиягүл – жабайы өсімдік. Қазақстанда
кейбір бұған жақын түрлері өседі.Шөбі мен
тамыр сабағы – платифиллин алкалойды алынатын шикізат. Платифиллин –
ойық жара ауруларына, гастрит және басқа ауруларға шипа.Дененің
құрыстанғанын жазатын және қан тамырларын кеңейтетін дәрі ретінде
қолданылады,одан басқа көздің ішін зерттеу практикасында
пайдаланылады.
Валериана, дәрілік валериана – жабайы және қолдан
өсірілетін өсімдік. Қазақстанда осыған жақын түрлері жабайы өседі.
Тамыры мен тамыр сабағының тұнбасы, спиртті тұндырмасы мен спиртті
сығындысы тыныштандыратын дәрі ретінде қолданылады, әсіресе жүрек
пен қан тамырларының
невроз жағдайында пайдалы.
Дермене, дермене жусаны – жабайы және қолдан өсірілетін өсімдік.
Қазақстанда ғана өседі (Шымкент облысы). Дермене тұқымы (ашылмаған
гүлі) ішек құртына қарсы қолданылады. Эфир майының құрамындағы
цинеол химиялық заты (-80%)
кейбір ауруларды қоздыратын бактерияларға қарсылық етеді.
Диоскорея, ниппон диоскореясы - жабайы және қолдан
өсірілетін өсімдік. Тамыр сабағы мен тамырларынан алынған диоспонин
және полиспонин препараттары кейбір жүрек қан тамырлары ауруларына
пайдаланылады. Сондай-ақ,
атеросклероз ауруына холестеринді төмендететін дәрі ретінде
қолданылады.
Долана, алқызыл долана, қанқызыл долана–жабайы өсімдік. Қазақстанда
сирек кездеседі. Гүлінің спиртті тұнбасы және жемісінің сұйық
экстракты жүректің жұмысын күшейтеді, сондай-ақ,жүрек қан тамыры
жүйесі ауруларына пайдалы.
Ермен, ащы жусан,кермек жусан –жабайы өсімдік.
Қазақстанда өседі. Шөбі мен жапырағынан тәбет ашатын,
ас қорытуды жақсартатын дәрілер алынады. Бауыр мен өт қалтасының
ауруларын емдеуге пайдалы.
Жалбыз, бұрыш жалбыз, кермек жалбыз – қолдан өсірілетін

және жабайы өсетін өсімдік. Қазақстанда бұрыш жалбыз
қолдан өсірілетін түрде ғана белгілі. Жапырағында ментол бар. Одан
жасалатын дәрілер жүрек айнығанда, құсқанда, жұмсақ еттер тырысқанда
тыныштандыру және дененің
құрыстанғанын жазу үшін, өт айдайтын, қатты аурудың
бетін қайыратын дәрі ретінде беріледі.Жағымды иіс беретін
әрі антисептикалық зат ретінде ауыз шаятын сұйық дәрілер,
тіс тазалағыш ұнтақтар мен пасталар құрамына кіреді, түрлі
дәрілердің иісін келтіру үшін қолданылады.
Жалбызтікен, дәрілік жалбызтікен – жабайы өсімдік. Қазақстанда
өседі. Тамырынан жасалатын тұнбасы және шырыны, сығындысы тыныс
жолдарының қатарын, трахеитті, бронхитті емдеуге, қабынуға қарсы
және қақырық түсіретін
дәрі ретінде қолданылады, сондай-ақ, іш бұзылуын ,гастритті және
энтероколитті емдеуге пайдалы.
Жалынгүл, көктем жалынгүлі – жабайы өсімдік.
Қазақстанда бұған жақын түрлері өседі. Шөбі дәрілік шикізат ретінде
пайдаланылады. Одан алынатын галеника препараты Адонизид және су
тұнбасы жүрек ауырғанда, сондай–ақ, тыныштандыратын дәрі ретінде
қолданылады. Құрғақ экстрактысы Адонисбром таблеткаларының тағы
басқа комплекстік жүрек дәрілерінің құрамына кіреді.
Женьшень, кәдімгі женьшень – жабайы және қолдан
өсірілетін өсімдік. Женьшеньнің тамырынан жасалған препараттар
(тұнба, спиртті сығынды,ұнтақ) қанның артериялық қысымы
төмендегенде, қалжырағанда, жүйке шаршағанда адамды әлдендіру үшін
қолданылады.
Жерқонақ, ләйлек шөп, шаянмойын таран–жабайы өсімдік. Қазақстанда
өседі. Тамырынан жасалған дәрілер (сұйық
экстракт, қайнатынды) іш өткенде ішек қабынуына қарсы
қолданылады.Сондай–ақ ауыздың ішкі кілегей қабығы қабынғанда
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өсімдіктің белгілі бір түрімен емделетін ауруды анықтау күрделі шаруа
Дәрілік өсімдіктердің химиялық, формакологиялық құрамдары
Дәрілік өсімдіктердің биологиясы
Дәрілік өсімдіктерге тарихи және әдеби шолулар
Пайдалы өсімдіктердің зерттелуі
Дәрілік өсімдіктердің түрлері
Қазақстандағы дәрілік өсімдіктердің теориялық мәнін негіздеу
Дәрілік өсімдіктердің тарихы
Қазақстанның дәрілік өсімдіктердің таралуы
Дәрілік өсімдіктердің жекелеген бөліктерін жинау
Пәндер