Ауыл адамдарының да жағдайын ойлай келетін болсақ


Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Ауыл адамдарының да жағдайын ойлай

келетін болсақ

Ең алдымен, “Жеке қосалқы шаруашылық туралы” заң керек пе деген сұраққа жауап берейік. Әрине, керек ауылдағы жеке қосалқы шаруашылықты бір жүйеге келтіріп, есебін алу, сапалы өнім өндіруді молайту арқылы еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін нығайту, қоршаған ортаны қорғау, ауылдың санитарлық жағдайын жақсарту.

Өздеріңізге белгілі, кешегі кеңес дәуірінде жеке меншікте мал ұстауға шектеу болатын, сондықтан да, жасыратыны жоқ, азаматтар басы артық малын ұжымшар, кеңшарлардың фермаларында, шопан отарларында ұстайтын. Ал қазір жеке меншіктен шектеу алынып, ол заңмен қорғалатын болғалы бері ауылда мал басы жыл сайын өсіп келеді.

Көптеген отбасыларда 100-200-500-ге дейін уақ мал, 10-50-ге дейін ірі қара, жылқы, түйе өсіріледі. Ауыл-аймақтардың айналасын төрт түліктің тұяғы таптап, тоздырып, шаңын шығарып жіберуде. Ауыл көшелері малдың қиына толып, антисанитарлық жағдай қалыптасып, әртүрлі аурулар пайда болуда. Ауыл, тіпті аудан орталықтарында көшеде жайылып жүрген малды көресіз. Заң жобасындағы ұсыныс: отбасының күнделікті сауып ішетін сиыры мен мініс атын және керекті 5-10 уақ малын ауылда ұстап, қалғанын шаруа қожалықтарына немесе бірлесіп, отар етіп ауыл сыртында бөлінген арнайы жайылымдарда ұстау керек екендігі айтылады. Мал ұстауға ешқандай шектеу де жоқ, салық та салынбайды. Қай ауылда қанша мал ұстау керектігі, әр ауылдың ерекшеліктеріне сай, аудандық мәслихаттың шешімімен реттеледі. Негізінен идея дұрыс, бірақ әрі қарай жеке қосалқы шаруашылық жүргізудің барлық мәселелері азаматтардың өзіне міндеттеледі. Жайылым, оны суландыру үшін құдық, ұңғыма қазу, электр желілерін тарту, зиянкестермен күресу, аурулардың алдын алу, т. б.

Бұрын мемлекетті азық-түлікпен ұжымшар, кеңшарлар қамтамасыз етіп отырса, оларға мемлекет тарапынан үлкен қаржы бөлінетін. Сол міндеттің көпшілігін қазір жеке қосалқы шаруашылықтар атқарып отырған жоқ па?

Сонымен бірге, заң жобасында үй-іргелік жер, бау-бақша салу, көкөніс, жеміс-жидек туралы ештеңе айтылмаған. Цифрларға жүгінейік. 6 млн. 460 мың немесе республика халқының 43%-ы қазір ауылда тұрады, оның басым көпшілігі жеке қосалқы шаруашылықпен айналысады. Еліміздегі ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің 50%-ын жеке қосалқы шаруашылықтар өндіреді. Жеке қосалқы шаруашылықтардағы мал басы жалпы республикадағы қойдың 80%-ын, сиырдың 74, 4%-ын, жылқының 78, 4%-ын, түйенің 72, 8%-ын және құстың 57, 6%-ын құрайды. Өндірілетін сүттің 91, 4%-ын, еттің 87%-ын, жұмыртқаның 53%-ын қосалқы шаруашылықтар береді. Көкөністің 64, 9%-ы, картоптың 80%-ы, жеміс-жидектің 82, 3%-ы қосалқы шаруашылықтардың мойнында. Олай болса, мемлекеттен ештеңе сұрамай, өздерін ғана емес, еліміздің халқын шама-шарқына қарай азық-түлікпен қамтамасыз етіп отырған жеке қосалқы шаруашылықтарға мемлекет тарапынан қолдау керегі айдай анық емес пе? Міне, осы мәселе заң жобасында еш көрініс таппаған. Бұл дұрыс емес деп ойлаймын.

Ресей Федерациясының 2003 жылы қабылданған “Жеке қосалқы шаруашылық туралы” заңында жеке қосалқы шаруашылықты мемлекеттік қолдау деген арнайы бап бар. Онда былай делінген:

“Жеке қосалқы шаруашылықтарға ұйымдастырушылық-құқықтық, экологиялық және әлеуметтік жағдайлар жасау арқылы, оның ішінде жеке қосалқы шаруашылықтарға және оларға қызмет көрсететін ауылшаруашылық кооперативтерге және өзге де ұйымдарға қайтарымды негізде мемлекеттік қаржы және материалдық-техникалық ресурстар берілуі тиіс”.

Олай болса, біздің ойымызша, жеке қосалқы шаруашылық туралы заң жобасында “Мемлекет азаматтардың жеке қосалқы шаруашылығын жүргізудегі құқығы мен заңды мүдделерін қорғайды және оны дамытуға барынша көңіл бөледі. Ауыл шаруашылығы саласында шаруаларға берілетін жеңілдіктер жеке қосалқы шаруашылықтарға да тиесілі”, - деп жазылуы керек.

Жеке қосалқы шаруашылықтарды одан әрі дамыту үшін жеке азаматтардан сүт, ет, көкөніс, жеміс-жидек, т. б. ауылшаруашылық өнімдерін тұрақты түрде сатып алатын сауда-дайындау кооперативтерін құруға көмектесуіміз керек. Сонда елімізде арзан да сапалы, экологиялық таза азық-түлік өнімдері көбейеді, жеке қосалқы шаруашылықтардың табысы өсіп, отбасының тұрмыс жағдайы жақсарады.

Кеңес дәуірінде ұжымшар, кеңшарларға суармалы жерлер мен мал жайылымдарын игеру үшін мемлекет тарапынан қажетті көлемде қаржы бөлінетін (су арналарын қазуға, электр желілерін тартуға, қора, шопан үйлерін салуға, т. б. ) . Қазіргі кезде де осы іс-шаралардың бір бөлігін жүзеге асыруды мемлекет өз мойнына алуы керек.

Мәселен, мал жайылымдарын суландыруға ұңғыма, құдық қазу, электр желілерін тарту сияқты жұмыстарды мемлекет атқаруы тиіс.

Бау-бақша, саяжай, үй-іргелік жерлердегі картоп, көкөніс, жеміс-жидектерді карантинді зиянкестерден, әртүрлі аурулардан қорғау жеке шаруашылықтың қолынан келмейді. Мал тұқымын асылдандыру, оны қолдан ұрықтандыру, жыл сайын тегін малдәрігерлік тексерулерден өткізу, малдан адамға жұғатын жұқпалы аурулармен күрес мәселесі де мемлекет тарапынан қолдау тауып, шешілуі тиіс.

Ауыл шаруашылығы саласындағы суға, жанар майға, тыңайтқыштарға берілетін жеңілдіктер жеке қосалқы шаруашылықтарға да берілуі керек.

Қорыта айтқанда, жеке қосалқы шаруашылық қарапайым халықты асырап, еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін нығайтып, экономикасының алға басуына елеулі үлес қосып отырған шаруашылық екендігін ешуақытта естен шығармағанымыз жөн. Сонымен бірге, оны халықтың әл-ауқатын, тұрмыс дәрежесін көтеретін, азаматтарды, әсіресе жастарды еңбекке баулитын үлкен маңызды сала деп түсінуіміз қажет.

Еңбек қатынастарының қыртысын қақ айырып талқылай білетін және жұмыс орындаушының мүддесін жан-тәнімен қорғап жүрген белсенді депутаттардың бірі - Экономикалық реформалар және аймақтық даму жөніндегі комитеттің хатшысы Шаймерден Оразалинов. Біз осы кісінің заң жобасына ұсынып отырған аса маңызды төрт өзгерісі туралы айтпақпыз, “жұмыс беруші орындаушының мамандану дәрежесіне, жұмсалған еңбектің қиындығы мен сапасына сәйкес Қазақстан Республикасы заңнамалары мен еңбек шартында қарастырылғанындай, міндетті түрде төлейтін ақша түріндегі ақы” делінген болса, Ш. Оразалинов оны былай өзгертуді ұсынады: “еңбекақы - жұмысты орындаушының мамандануына, атқарылған жұмыстың қиындығы, көптігі, сапасы және жағдайына байланысты еңбегі үшін төленетін ақы, сондай-ақ өтемақы және ынталандыру түріндегі төлем”. Сөйтіп ол, еңбектің қиындығы мен сапасы ғана емес, көптігі мен жағдайын да (еңбек етуге жасалған жағдай) қосады және өтемақы мен ынталандыру түріндегі төлемдердің еңбекақы деп аталғанын қалайды. Біздіңше, нақты, әрі жұмыс орындаушының мүддесіне сәйкес келетін толықтыру. Өйткені, ертеңгі күні жұмыс беруші өз жұмысшысына мен саған атқарған жұмысыңның сапасы мен қиындығына (мәселен, ғылыми еңбек пен қара жұмыс) байланысты ғана төлеймін, ал көптігі мен жағдайы (аса қиын жағдайда атқарылуы мүмкін) үшін менен ақша сұрамайсың деуі әбден мүмкін. Сондай-ақ өтемақы мен ынталандыру түріндегі төлемді: бұл еңбекақы емес, сондықтан оны қаласам төлеймін, қаламасам төлемеймін деуі де кәдік.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ғ.Мүсіреповтің «талпақ танау», «күсен» әңгімелерінің тақырыптық-идеялық сипаты
Жоғары сынып оқушылардың кәсіптік бағдарын қалыптастыру жолдары
Экономикалық теорияның даму кезеңдері
Д. Исабеков прозасындағы замандас бейнесі
Кеңес дәуірі әдебиетіндегі әңгіме жанры
Әл – Фарабидің психологиялық көзқарасы
Жазушының драмалық шығармалары
Д. Исабеков шығармаларының көркемдік ерекшеліктері
Қазақ ойшылдары адам және қоғам туралы
Абайдың поэзиясының көркемдік ерекшілігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz