Жаһандану дәуіріндегі мәдениеттің әмбебапталуы



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

I. Жаһандану дәуіріндегі мәдениеттің әмбебапталуы.

1. 1 Мәдениет трансформациясы: факторлары мен механизмдері ... ... ... ... ... 7

1. 2 Жаһандану концепцияларын мәдениеттанулық талдау ... ... ... ... ... ... ... ..11

II. Мәдениетаралық сұхбат . мәдени әмбебаптылық негізі.

2. 1 Мәдениетаралық сұхбат түсінігі және оны мәдениеттанулық талдау ... ..41

2. 2 Жаһандану жағдайындағы мәдениетаралық сұхбаттастықтың алатын
орны, маңызы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .55

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..60

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 63
Адамзат мәдениеті өзінің мыңдаған жылдар бойыңдағы дамуында тас балтадан космосты игеруге дейінгі жолды жүріп өтті. Ол ешқашан да қозғалыссыз қалған емес: пайда болын, бір аймақтан екінші аймаққа таралып дамыды, өткен ұрпақтан қазіргі және болашақ ұрпаққа беріліп, әр yaқыттa да материалдық және рухани жағынан толығып отырды. Демек, өзгерістер мәдениеттің бөлінбейтін бөлшегі мен қасиеті болып табылады және өз құрамына мәдени құбылыстардың ішкі трансформациясын, олардың уақыттағы өзгеруін, сонымен қатар, өзара байланыс, арақатынас, кеңістіктегі қозғалыс және т. б. сияқты сыртқы өзгерістерді де енгізеді . Осының арқасында мәдениеттегі қозғалыс, оның бір жағдайдан екіншісіне өту құбылыстары жүріп отырады.
Мәдени өзгерістер процесінде мәдени тәжірибенің әр түрлі элементтері туындайды, қалыптасады. Бұл элементтердің маңызы, ықпалы мен таралуы көбінесе олардың пайда болу көзімен тығыз байланысты болып табылады.
Өткен заман ескеpткішері арқылы көрініс тапқан құндылықтар мен символдар жаңа мәдениеттің маңызды факторларына айналып қана қоймай, келешек ұрпаққа өз мағынасын аша отырып, жаңаруы тиіс. Ұрпақтан ұрпаққа беріліп, ұзақ уақыт бойы сақталатын мәдени мұра элементтері мәдени бірегейлікті қамтамасыз ететін тірекке айналады. Сонымен қатар, олар сақталып қана қоймай, келешек ұрпаққа өз мағынасын аша отырып, жаңаруы тиіс. Өткен заманның мәдени мұраларына назар аудару қоғамда қалыптасқан, әдеттегі мағыналар, нормалар мен құндылықтарды дамытуды қамтамасыз етуі керек. Бұл мағыналар, нормалар мен құндылықтар мыңдаған жылдар бойындағы бақылаудағы конондер, яғни ережелер мен үлгілерге айналады, оларды ұстану әдеттегі тұрмыс жағдайларын қамтамасыз етеді. Ұрпақтан ұрпаққа беріліп, ұзақ жылдар бойы сақталатын мәдени мұра элементтері мәдениеттік болмыстылықты қамтамасыз етеді. Болмыстылық құрамына тек мәдениеттің дәстүрлі құбылыстары ғана еніп қоймай, сонымен қатар, айтарлықтай маңызды элементтер: мағыналар, нормалар мен құндылықтар, қоғамдық институттар да кіреді. [ 1, 99 -111 б.]
1. Исламгалиева С.К., Халин К.Е., Бабаян Г.В. Культурология. Курс лекций., -М., -«Экзамен»,-2005, -99 – 111б.
2. Сорокин П.А. Человек. Цивилизация. Общество. -М.: Политиздат, 1992. -218 б.
3. Ғабитов Т., Мүтәліпов Ж., Қүлсариева А, Мәдениеттану негіздері. -Алматы: Раритет, 2004. -116 6.
4. Маклюэн М. Культурная коммуникация: средства «горячие» и холодные» культура -М.: Политиздат, 1985. - 399 б.
5. Зиммель Т. Конфликт современной культуры // Культурология. XX век: Антология. - М, 1994. - 124-125 б.
6. Ясперс К. Смысл и назначение истории. - М.: Республика, 1994. -527 с.
7. Тойнби А. Постижение истории. - М.: Политиздат, 1990. - 731 с.
8. Моска Г. Саяси ғылымдар элементтері // Әлемдік әлеуметтану антологиясы. - Алматы: Қазақстан, 2006. - 385 б.
9. Поппер К. Ашық қоғам және оның жаулары. - Алматы: Раритет, 2005.-544 б.
10. Фукуяма Ф. Это ли конец истории? // Философия истории. Антология. -М. Аспект-пресс, 1995. - С. 105-110.
11. Көшім. Қазақтарды қалай көтеруге болады? // Жас қазақ. - 2006. - 11 шілде.
12. Тоффлер Э. Третья волна. - М: ООО АСТ, 1999. - 784 с.
13. Ницше Ф. Жақсылық пен жамандықтың арғы жағынан // Сочинения. -Минск: Беларусь, 1992. - 335 б.
14. Хантингтон С. Столкновение цивилизаций. - М.: Издательство АСТ, 2003.-603 с.
15. Моль А. Социодинамика культуры. - М.: Прогресс, 1973. - 406 с.
16. Руднев В. Энциклопедический словарь культуры XX века. - М.: Аграф, 2001.-608 с.
17. Ионин Л.Г. Социология культуры - М., 1996. - 280 с.
18. Канетти Э. Масса и власть. — М: Ад маргинам, 1997. — 527 с.
19. Ғабитов Т.Х. Этика юриста. - Алматы: Данекер, 2001. - 127 с.
20. Философия истории. Антология. - М.: Аспект-пресс, 1995. - 351 с.
21. Фрейд 3. Психология масс и анализ человеческого Я // Фрейд 3. Тотем и табу. - М.: Олимп, 1998. - 448 с.
22. Фрейд 3. "Я" и "Оно".Труды разных лет. - //Тбилиси: Мерани, 1991.- Кн. І.-С. 333-334.
23. Сейдімбек А. Қазақ әлемі. - Алматы: Санат, 1997. - 464 6.
24. Бек У. Ритмы истории // Философия истории. Антология. - М: Аспект-пресс, 1995.- С. 105-110.25 Кессиди Ф.Х. Глобализация и культурная идентичность // Вопросы философии. - 2003. - №1.- С.52-64.
26. Нуржанов Б.Г. Новые информационные технологии и судьбы рациональности в современной культуре. Материалы «круглого стола» // Вопросы философии. - 2003. - №12. - С. 3-52.
27. Нарбекова Г. Приоритеты культурной политики государства в контексте трансформации казахстанского общества // Перспективы развития философии и политологии в XXI веке: Материалы научно-теоретической конференции. -Алматы: Компьютерно-издательский центр Института философии и политологии МОН Республики Казахстан, 2004. - С.271 - 276.
28. Сейид Мухаммад Хатами. Диалог цивилизаций: путь к взаимопониманию.- Алматы: Дайк - Пресс, 2002. - 464 с.
29 .Нысанбаев А. Глобализация и проблемы межкультурного диалога: в 2-х т. - Алматы: Компьютерно-издательский центр Института философии и политологии МОН Республики Казахстан, 2004. - Т 1. - 274 с.
30. Темирбеков С.Т. Введение в культурологию. - Алматы: КазГУ, 1996. - 271 с.
31. Печчеи А. Человеческие качества. - М.: Прогресс, 1980. - 302 с.
32. Бөпежанова Ә. Қазақстан баспасөзі - тәуелсіздік айнасы // Культура и СМИ. - Алматы: Золотой век, 2000. - 260-264 бб.
33. Дидар Амантай. Қазақ табиғаты айнасы // Ақиқат. - Алматы: 2002. - 26-32 бб.
34. Мәдениеттану сөздігі / Құлсариева А. және т. б. - Алматы: Сорос қоры, 2001.-332 6.
35. Нысанбаев Ә. Адам және ашық қоғам. - Алматы: Қаз. энцикл., 1998. -
272 6.
36. Фромм Э. Иметь или быть? - М.: Прогресс, 1990. - 330 с.
37. Сатершинов Б.М. Қазақстан мәдениетінің теориясы мен тарихының кейбір мәселелері. - Алматы: Сорос қоры, 2001. - 160 б.
38. Огурцов А.П. Отчуждение // Филос. энцикл. словарь. - М: Сов. Энцик., 1983.-С. 839.
39. Кафка Ф. Приговор: Роман. Новеллы. - М: Наука, 1990. - 221 с.
40. Камю А. Миф о Сизифе // Сумерки богов. - М.: Политиздат, 1990. - С. 252-309.
41. Библер В.С. От наукоучения – к логике культуры.-282 б.
42. Ғабитов Т.Х. Мәдениеттану.-41 б.
43. Библер В.С. Культура. Диалог культуры.// Вопросы философии. -№ 6,- 38 б.
44. Бонецкая Н.К. Бахтин и традиции русской философии.-87 б.
45. Дильтей В. Введение в науку о духе. Зарубежная эстетика и теория литературы XIX – XX вв.-М.,-1987,-127 б.
46. Зарубежное литературоведение и теоритические проблемы. Зарубежная эстетика и теория литературы XIX – XX вв.-М.,-1987,-17 б.
47. Бахтин М.М. Эстетика словесного творчества.,-334 б.
48. Бахтин М.М. Философия поступка.// Философия и социология науки и техники: ежегодник.,-1984 – 1985,-112 б.
49. Бахтин М.М. Проблемы поэтики Достоевского.-М, 1979,-42 б.
50. Аверинцев С.С. Византия и Русь: два типа духовности.// Новый мир., - № 7,-1988,-210 б.
51. Н. Назарбаев. Ғасырлар тоғысында. А., 1996, 79 б.
52. Батищев Г.С. Особенности культуры глубинного общения. Диалектика общения. -М.,-1987,-13 б.
53. Наурызбаева Ә.Б., Скалон Н. Диалог мүмкіншілігі.//Шаһар., -1993, -№ 1,-3 б.
54. Курманбаева Н.М. Культура Востока и Запада: проблемы интеграции.,-А., -1996,-41 б.
55. Бубер М. Два образа веры. -М., -1995, -109 б.
56. В. Библер. Культура. Диалог культуры//Вопросы философии, -1989, -№ 6, -38 б.

Пән: Мәдениеттану
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 62 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... 3

I. Жаһандану дәуіріндегі мәдениеттің әмбебапталуы.

1. 1 Мәдениет трансформациясы: факторлары мен механизмдері
... ... ... ... ... 7

1. 2 Жаһандану концепцияларын мәдениеттанулық
талдау ... ... ... ... ... ... ... . .11

II. Мәдениетаралық сұхбат – мәдени әмбебаптылық негізі.

2. 1 Мәдениетаралық сұхбат түсінігі және оны мәдениеттанулық талдау ... ..41

2. 2 Жаһандану жағдайындағы мәдениетаралық сұхбаттастықтың алатын
орны,
маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... 55

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ...60

Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ...63

Кіріспе
Адамзат мәдениеті өзінің мыңдаған жылдар бойыңдағы дамуында тас
балтадан космосты игеруге дейінгі жолды жүріп өтті. Ол ешқашан да
қозғалыссыз қалған емес: пайда болын, бір аймақтан екінші аймаққа таралып
дамыды, өткен ұрпақтан қазіргі және болашақ ұрпаққа беріліп, әр yaқыттa да
материалдық және рухани жағынан толығып отырды. Демек, өзгерістер
мәдениеттің бөлінбейтін бөлшегі мен қасиеті болып табылады және өз құрамына
мәдени құбылыстардың ішкі трансформациясын, олардың уақыттағы өзгеруін,
сонымен қатар, өзара байланыс, арақатынас, кеңістіктегі қозғалыс және т. б.
сияқты сыртқы өзгерістерді де енгізеді . Осының арқасында мәдениеттегі
қозғалыс, оның бір жағдайдан екіншісіне өту құбылыстары жүріп отырады.
Мәдени өзгерістер процесінде мәдени тәжірибенің әр түрлі элементтері
туындайды, қалыптасады. Бұл элементтердің маңызы, ықпалы мен таралуы
көбінесе олардың пайда болу көзімен тығыз байланысты болып табылады.
Өткен заман ескеpткішері арқылы көрініс тапқан құндылықтар мен
символдар жаңа мәдениеттің маңызды факторларына айналып қана қоймай,
келешек ұрпаққа өз мағынасын аша отырып, жаңаруы тиіс. Ұрпақтан ұрпаққа
беріліп, ұзақ уақыт бойы сақталатын мәдени мұра элементтері мәдени
бірегейлікті қамтамасыз ететін тірекке айналады. Сонымен қатар, олар
сақталып қана қоймай, келешек ұрпаққа өз мағынасын аша отырып, жаңаруы
тиіс. Өткен заманның мәдени мұраларына назар аудару қоғамда қалыптасқан,
әдеттегі мағыналар, нормалар мен құндылықтарды дамытуды қамтамасыз етуі
керек. Бұл мағыналар, нормалар мен құндылықтар мыңдаған жылдар бойындағы
бақылаудағы конондер, яғни ережелер мен үлгілерге айналады, оларды ұстану
әдеттегі тұрмыс жағдайларын қамтамасыз етеді. Ұрпақтан ұрпаққа беріліп,
ұзақ жылдар бойы сақталатын мәдени мұра элементтері мәдениеттік
болмыстылықты қамтамасыз етеді. Болмыстылық құрамына тек мәдениеттің
дәстүрлі құбылыстары ғана еніп қоймай, сонымен қатар, айтарлықтай маңызды
элементтер: мағыналар, нормалар мен құндылықтар, қоғамдық институттар да
кіреді. [ 1, 99 -111 б.]
Мәдениет динамикасыңда мәдени ықпалдар мен байланыстардың, сонымен
қатар, өзін - өзі ұстау нормаларының және тағы да басқа сан алуан
мәдениеттерде қалыптасқан құндылықтардың алатын орны зор, өйткені қозғалыс
қашанда кездесулер, қақтығысуларсыз болмай тұрмасы мәлім. Яғни, анығырақ
айтар болсақ, мәдениет динамикасының бұл түрі бір мәдениеттің екінші бір,
дамыған мәдениеттің ықпалына ұшыраған жағдайларда дамиды. Дегенмен, осылай
бола тұра, даму процесі үстіндегі мәдениет өкілдерінің көпшілігі бұл
жағдайға, яғни басқа мәдениет элементтерінің ықпал ету жағдайына
қарамастан, өздерінің мәдениетіне тән көптеген салт – дәстүрлерді,
рәсімдерді, сондай – ақ онда қалыптасқан нормалар мен құндылықтарды сақтап
қалады.
Мәдени ықпалдар басқалармен салыстырғанда, мәдени өзгерістердің
айтарлықтай кең тараған бастаулары, түпнегізі болып табылады. Мәдениет
динамикасының бұл бастауы тікелей бір мағыналы ( жеке тұлғалардың
мәдениетаралық байланыстары арқылы ) және көп мағыналы ( бұқаралық ақпарат
құралдарының іс- әрекеті мен қызметтері арқылы, күнделікті қолданыстағы
тауарлар, білім беру мекемелері және т. б. ) сипатта бола алады. Дегенмен,
бір мәдениеттің екінші бір мәдениетке ықпал етуі барысында реципиент халық
барлығына дерлік ықпал ете алмайды, тек олардың өз мәдениетіне жақын да
ұқсас нәрселер ғана анық немесе жасырын түрдегі пайда әкелуі мүмкін, басқа
халықтар алдында басымдыққа ие болып, берілген этностың ішкі
қажеттіліктеріне жауап береді.
Мәдени коммуникация мәдени өзгерістердің ең кең тараған бастау көзі
болып табылады. Мәдени ықпалдардың сипаты, дәрежесі мен тиімділігін
негізінен төмеңдегі факторлар арқылы анықтауға болады:
1. Байланыстардың интенсивтілігі (мәдениеттердің жиі қарым - қатынаста,
өзара байланыста болуы басқа мәдениет элементтерін өз бойына сіңіріп алуға
алып келеді);
2. Мәдениетаралық байланыстардың шарттары (мәжбүрлі байланыстар
мәдениеттердің өзара алыстауын туындатады);
3. Қоғамның жіктелу дәрежесі (жаңалықтарды қабылдауға дайын мәдени -
әлеуметтік топтардың болуы);
4. Басқа мәдениеттерді қабылдау қабілеті (мәдени контекстің өзгеруіне
байланысты өзін бейімдеу қабілеті); [ 2, 218 б.]
Мәдени динамика бүгінгі күннің ақпараттық төңкерілісі үстінде бұрын -
соңды болып көрмеген қатты қарқынға ие болып отыр. Сондықтан да болар,
қазірде мәдени динамикадан гөрі ғаламшарлық деңгейді танытатын жаһандану
ұғымы кең танымал болып кетті.
Адамдар арасындағы мәдени айырмашылықтар, көбінесе, олардың өздеріне тән
өзіндік тарихи – болмыстық тамырларымен детерминацияланған. Дегенмен,
қазіргі заманғы техникалық прогресс, бүкіләлемдік саяси, экономикалық және
мәдени өзгерістер біздің ғаламшарымыздың коммуникацияның торына толып,
тіршілік етудің жалпы да бүкіләлемдік мәселелерімен айналысуына алып келді.
Мемлекеттер мен оның құрамы – халықтар, олардың арасындағы өзара қарама –
қайшылықтар мен түп – тамырлық айырмашылықтарына қарамастан, өзара
түсіністік әдіс – тәсілдері мен құралдарына сәтті түрде қол жеткізуде,
ғаламшарымыздағы бүкіләлемдік біртұтас мәдениеттің қалыптасуын жүзеге
асыруға талпынуда. Дәл осы жаңадан қалыптасып келе жатқан жүйе құрамында,
қазіргі уақыттың өзінде – ақ айырмашылықтар мен ұқсастықтар белгіленіп,
анықталып, әлемнің сан алуандылығы танылуда, сондықтан да, бір – бірімізді
түсініп, өзара мойындаушылыққа қол жеткізу үшін – мәдени ерекшеліктер мен
оның құрамындағы элементтердің ерекшеліктерін анықтай білу қабілетіне ие
болу өте маңызды мәселеге айналып отыр. Сондай – ақ құрылымдар мен
идеалдар, мысалы сұлулық идеалы, адам құқығы немесе ұжымдық принциптер
сияқты мәселелер де бүкіләлемдік маңызға ие. Дегенмен, олардың тәжірибелік
түрде безендірілуі немесе жүзеге асырылуы әрбір нақты жағдайға байланысты
айтарлықтай дәрежеде ерекшеленуі мүмкін. [3, 116 б.]
Жаһандық өркениеттің қалыптасу барысында осы өркениет төңірегіндегі
трагедиялық қарама - қайшылықтардың, яғни бірде адам барлығының үстінен
жоғарыдан өз үстемдігін жүргізуге ұмтылса, енді бірде аштық, кедейшілік,
ауру - сырқау басты орынға шығатындығын аңғару қиынға соқпайды. Олай болса,
нақ осы қарама - қайшылықтар жаһандық өркениет тұтастығына қауіп - қатер
төндіретін бірден - бір алғышарттар болып табылады. [ 4, 399 б.]

I. Жаһандану дәуіріндегі мәдениеттің әмбебапталынуы.

1. Мәдениет трансформациясы: факторлары мен механизмдері.
Жahандану дәуірінде мәдениеттің әмбебапталынуы мен трансформациялануы
мәселелері өзектілік танытып отыр. Процесс ретіндегі жahанданудың оң
(позитивті) және теріс (негативті) жақтары бар екендігі белгілі. Бір
жағынан, ол халықтардың бір - бірімен көбірек араласып, бірін - бірі танып,
өзара жақындасуына ықпал етеді. Екінші жағынан, шамадан тыс араласу мен
ықпал ету өзіндік мәдени бірегейліктің шайылуына алып келуі де мүмкін.
Бірдей мәдениет үлгілерінің бүкіл әлемге таралуы, мәдени ықпал үшін барлық
шекаралардың ашық болуы мен кеңейтілген мәдени араласу қазіргі заманғы
мәдениеттің жahандану процесі (құбылысы) туралы әңгімелеуге алып келеді. [
5, 124 – 125 б.]
Мәдениеттің жahандануы көлік құралдарының мүмкіншілігінің артып,
экономикалық байланыстардың жиілеп, коммуникация құралдарының күрделеніп,
әртүрлі этникалық мәдениттердін сұхбаттасу жолдарының кеңеюінің негізінде
біртұтас әлемдік өркениетке интеграциялануы процесі сипатыңда болып келеді.
Қазіргі заманғы техникалық жетістіктер жаңа көлік құралдары мен жаңа
коммуникация формаларының қалыптасуымен мәдениeтrермен тікелей байланысқа
қол жеткізу мүмкін болды, яғни мәдениетаралық байланыстардың ayқымын
айтарлықтай кеңейтті. Адамдар қозғалысы күйі арта түсті: жүйрік ұшақтар
адамды санаулы сағаттар ішінде әлемнің кез - келген нүктесіне жеткізе
алады. Мұның нәтижесінде, бұрындары жұмбақ болып көрінетін мәдениетаралық
коммуникация әлеуеті артты. Мәдениетаралық коммуникация - мәдени
байланыстардың кеңеюі, мәдени құндылықтардың бір - біріне ықпал етуі мен
адамдардың бір мәдениeтrен екінші бір мәдениетке миграциясы арқылы көрініс
табады.
Бүгінде, бүкіл дүние жүзі біртұтас жалпыәлемдік кеңістік құрастыру
үстінде - ол, ең алдымен, қаражаттық және ақпараттық жаңа технологиялық
негізде жүзеге асып жатыр. Қарапайым тоғышар жанды қобалжытар атауына
қарамастан, жahандану өзінің түпкілікті мәнінде - интеграцияның ең биік
сатысы болып анықталады. [ 7, 731 б.] Қазіргі yaқытта, жahандану процесі
біздің өміріміздің әртүрлі салаларын қамтиды: қаржылар, идеялар мен адамдар
қазіргі yaқыттa ұтқырлық (мобильдік) танытып отыр. Әрине, бүкіләлемдік
қаржылық және тауарлық нарық ақпарат құралдары мен миграциялық лектер
мәдени алмасулардың қарқынды өсуіне алып келді. Бұл құбылыс мемлекeтrік
институттар, әлеумeттік топтар мен әртүрлі елдер мен мәдениеттердің жеке
тұлғалары арасындағы тікелей байланыстардың қарқынды артуы жағдайынан да
көрінеді. Осы жаңа байланыстар аясындағы жаңа әлемде көптеген дәстүрлі өмір
сүру формалары мен ойлау әдіс - тәсілдері, мәдени институттар мән -
маңызынан айырылды, тіпті, кейбіреулері жоғалу үстінде деп айтуға
боларлықтай. Бірақ, сонымен бір мезгілде жаһандану процесі мәдениеттің жаңа
формалары мен өмір сүрудің жаңа жолдарының қалыптасуына алып келеді.
Белгілі бір тауарлар мен идеялардың елге, бүкіл жұртшылыққа мәлім болуының
арқасында, локальдық ( жеке ) мәдениеттер өзгеріске ұшырап, өзара
әдеттегідей емес комбинацияларға түседі, енеді. Өзіндік және бөтендік
арасындағы шекара жоғалады. Мұндай мәдениеттердің араласып, бірігуі – тек
жеке тұлғалардың ғана жеке өмірлерінде ғана кездесіп қана қоймай, ол бүкіл
қоғам үшін де оған тән сипатқа ие болады.
Дәл осы себептен де, Біріккен Ұлттар Ұйымы 2001 жылды – мәдениетаралық
сұхбаттастық жылы деп жариялаған болатын.
Мәдениет пен біркелкіліліктің жаңа формаларын әдеттегі Мәдениет
дегеніміз не? деген сияқты тұрғысынан түсіну өте қиын. Адамдар арасындағы
мәдени айырмашылықтар, көбінесе, олардың өздеріне тән өзіндік тарихи –
болмыстық тамырларымен детерминацияланған. [ 6, 527 б.] Дегенмен, қазіргі
заманғы техникалық прогресс, бүкіләлемдік саяси, экономикалық және мәдени
өзгерістер біздің ғаламшарымыздың коммуникацияның торына толып, тіршілік
етудің жалпы да бүкіләлемдік мәселелерімен айналысуына алып келді.
Мемлекеттер мен оның құрамы – халықтар, олардың арасындағы өзара қарама –
қайшылықтар мен түп – тамырлық айырмашылықтарына қарамастан, өзара
түсіністік әдіс – тәсілдері мен құралдарына сәтті түрде қол жеткізуде,
ғаламшарымыздағы бүкіләлемдік біртұтас мәдениеттің қалыптасуын жүзеге
асыруға талпынуда. [ 8, 385 б.] Дәл осы жаңадан қалыптасып келе жатқан жүйе
құрамында, қазіргі уақыттың өзінде – ақ айырмашылықтар мен ұқсастықтар
белгіленіп, анықталып, әлемнің сан алуандылығы танылуда, сондықтан да, бір
– бірімізді түсініп, өзара мойындаушылыққа қол жеткізу үшін – мәдени
ерекшеліктер мен оның құрамындағы элементтердің ерекшеліктерін анықтай білу
қабілетіне ие болу өте маңызды мәселеге айналып отыр. Сондай – ақ
құрылымдар мен идеалдар, мысалы сұлулық идеалы, адам құқығы немесе ұжымдық
принциптер сияқты мәселелер де бүкіләлемдік маңызға ие. Дегенмен, олардың
тәжірибелік түрде безендірілуі немесе жүзеге асырылуы әрбір нақты жағдайға
байланысты айтарлықтай дәрежеде ерекшеленуі мүмкін.
Жаһанданған әлемде экономиканың, сол сияқты, саясаттың да іргелі
принциптерінің сапалы өзгерістері орын алады. Мысалы, ақпараттық
технологиялар әсерінен еңбек құралының өзі өзгереді. Жаңа технологиялар
адам санасына әсер ету процесін пайдалы бизнеске айналдырды. Шындығында,
қазіргі заман бизнесінде жаңа да заманауи технологияларды білмейтін жанның
бірдеңе жарыта қоюы екіталай. Жоғарыда аталған бұл күрделі мәселе түгелдей
дерлік саясатқа да қатысты нәрсе. Саясаттың белгілі әрі байкаларлық
мөлшерде бизнеске айналғандығы тағы бар. Оның үстіне, жahандану дәстүрлі
басқару жүйелерінің дағдарысына, кенже қалған әлемнің дағдарысына,
өркениетаралық бәсекеліктің дағдарысына орын беретіндігі тағы бар.
Соңғы уақытта, мәдениeттанушылар бірлік - көптүрліліктен құралады,
мәдениeтrер плюрализмі мен адамдар қауымдастығының біртұтас ортақ
қағидалары құндылықтық тандаудың дилеммасы болудан қалған деген ұстанымды
жиі қолдауда. Дегенмен, жаһандану аясында өмірдегі кейбір идеялар мен
идеалдар шын мәнінде бүкіл әлемге танылып, таралып, қабыл алынады.
Шындығында, адамдардың ішкі қанағаттану дәрежесі, болашаққа деген үміттері,
сенім мен толеранттылық дәрежелері, өзін - өзі идентификациялаудың
параметрлері, сондай - ақ, адами болмыс - тіршіліктің ядролық мәселелерге -
неке мен жанұяға деген қатынастарын анықтай отырып, құңдылықтардың
халықаралық сахнада әмбебапталған мынадай тізімін көрсетуге болады:
1. Демократия идеалы ( жалпыға бірдей адам құқыұтарының болмауына
қарамастан );
2. Төзімділік идеалы ( дегенмен, шетелдіктерге қатысты жағдайлар
тұрғысынан алғанда, бұл мәселе тек кейбір кездерде ғана көрініс табады және
аз мөлшердегі адамдар тобына бірдей дәрежеде тарала бермейді );
3. Әйел эмансипациясы идеалы ( некеге деген айтарлықтай деңгейдегі
либералдық көзқарастар );
4. Қоршаған ортамен байланысты мәселелерді (экология мәселелерін және т.
б. ) мойындау;
5. Балалар мен жасөспірімдерді колайсыз, жағымсыз факторлардан қорғауға
тырысу;
Әмбебапталу үрдістері мәдени бірегейлену мәселесін де барынша өткір
қоятындығын айтпасақ, біз беріп отырған заманауи әлем сипаттамасы біржақты
болар еді. Интеграция мен дифференциация, шиеленістер мен қызмeттестік,
әмбебапталыну мен партикуляризация бірі - бірінсіз мүмкін емес, дамудың
болжаулы үрдістері болып табылады. [ 9, 544 б.]Тарихи тәжірибенің
көрсеткеніндей, жahандану процесі әу дегеннен белгілі бір шиеленісті
потенциалға ие, себебі жahандану тұсында қаласақ та, қаламасақ та төл
мәдениетіміздің қағидалары, ұстанымдары мен құндылықтарын қайта қарастыруға
немесе олардың кейбіреулерінен мүлдем бас тартуға тура келеді. Сонымен,
жаҺандану шиеленіссіз және жұмақ әлемімен аяқталатын процесс емес. Ол - бір
мезгілде жаңа мүмкіншілік алу мен жаңа қатерге бас тігуден тұрады.
Жahандану процесі - дaмыған елдер мен кенжелеп қалған елдердің аражігін
одан бетер ажырата түсетін қатыгез құбылыс екендігімен де белгілі. Алайда,
ақыл - парасатының жоғары адамгершілік идеалдарына жүгініп, талай тірелген
тығырықтан жол таба білетін адамзат баласының мұндай талапқа да жауап
табатындығынан үміттену ғана қалмақ.

1.2 Жаһандану концепцияларын мәдениеттанулық талдау.
Американдық профессор - социолог Френсис Фукуяма өзінің "Сенім.
Әлеуметтік ізгіліктер және өркендеуге ашылған жол" атты терең ізденісінде
қазіргі қоғамдағы экономиканың мәдениетпен етене жақын және өте тығыз
байланыста екендігін, жалпы алғанда, бүгінгі танда қоғамның өсіп -
өркендеуі әлеуметтік капиталмен бaйланыста және де қоғамдағы "сенім"
деңгейі сынды бір қарағанда абстрактылы болып көрінетін ұғыммен байланыста
болатындығын көрсетеді. Елде билік пен халық арасында, қоғам мен элита
арасында сенім болса, ұжымның өз ішінде сенім мәдениеті қалыптасса,
баламызды оқытып жүрген мұғалімге, қабылдауына барып отырған дәрігерге
сенім бар болса, көмек сұрап барған полиция қызметкері әлде мәселемді шешер
деген шенеунікке сенім болғанда ғана қоғам көркеймек!
Өзінің ауқымды еңбегінде Фукуяма дамыған елдердің - АҚШ, Германия және
Жапония, бір жағынан, Франция, Италия, Канада, Корея, екінші жағынан - өз
арасындағы айырмашылық - сол елдердегі сенім деңгейімен анықталады дейді.
Демек, жahанданған әлемде бұлардың барлығы құр бос сөз емес, дерексіз
ұғымдар емес. Егер де біз әлемнің 50 бәсекеге қабілетті елдерінің қатарында
болғымыз келеді деп әлемге мәлімдейтін болсақ, онда жahандану процесінің
қойып отырған ойын ережелерін қабылдап, біз уақыттың өзекті талаптарыына
дер кезінде керекті жауабын бере білуіміз керек.
Батыс философы Ф. Фукуяма да тек бір ғана мәдени қоғамдастық құндылығын
қорғайды. Оның көзқарасы бойынша, дәл Батыстың өзі институционалды және
адамгершіліктік беделі де қалғандарынан басым қоғамдастық, ол құндылықтарды
басты таратушы, оның сенімі бойынша, қалған халықаралық жүйенің
қатысушылары осыны жақтайды ма жоқ па, маңызды емес. Ол батыс емес әлемді,
батыс құндылықтарының болашақ жоспары ретінде қарастырды. Ғалым ойына
жүгінсек, басқа ұлттарда батыс қоғамының даму мен модернизациясын үлгі
тұтудан басқа таңдау қалмайды [10, 36, 16-18 бб.]. Басқаша айтқанда Ф.
Фукуяманың тезисі Батыс гегемониясының мәдени нығаюына және батыстық емес
қоғамның әлемдік тәртіптегі жаңа нәрселерді жасаудағы ролін шектеуге қызмет
етеді. Батыстық интелллектуалды дамуда мәдени-этноорталықтық жоспар жаңалық
емес, Ф. Фукуяманың үлесі "ауысу реакциясындағы қорқыныш" секілді бір
зерттеушінің айтқанымен нақты сипатталынған. Аталмыш идеяны батыс ғалымы
"Тарихтың ақыры осы ма?" атты еңбегінде жан - жақты негіздеген. Бұл
еңбегінің негізгі түйіні дүниенің түпкілікті вестернизациялану қағидасына
келіп саяды. Ғалымның ұсынған үлгісі бойынша тарихи шегіне жетіп, дамыған
жаңа өркениеттің адамдары сол өркениеттің жемісін көреді де, мұндай қоғамда
барлық мәселелер алдын - ала шешіліп қойылады. Осыдан барып, халықтың мұң -
мұқтажын толық қанағаттандыратын біртұтас механизм қалыптасады. Алайда,
өркениеттің арнайы негізін қалаушы зерттеушілер және оның қазіргі заманғы
ізін жалғастырушылар өркениеттік дамуды жеке өркениеттердің пайда болу,
толысқан және өшу тәрізді циклды процесс ретінде жариялап жүр. Аталған және
басқа да авторлардың әрқайсысы өзінше тірі және жойылып кеткен
өркениеттердің 6-20 аралығында санын анықтайды да, соның негізінде өз
аргументтерін ұсынады. Қазір батыста алдыңғы қатарлы өркениеттерді және
олардың әлемдік өркениеттегі болашағы мен даму мәселесін анықтау, басты
орында болып отыр. Тарихтың осы кезеңіндегі батыстық басымдылықтарды Ф.
Фукуяма былай түсіндіреді: "экономикалық есеп, шексіз техникалық мәселелер,
экологияға қамқорлық және тұтынушылардың әртүрлі сұраныстарын
қанағаттандыру". Бірақ, қоршаған ортаны қорғау мен шекарасыз өскен
материалдық, әсіресе беделді қажеттілікті біріктіруге келеді ме?! Жоқ!
"Тұтынушы мәдениеттің" "алтын миллиардына" жақындаудың өзі дамыған елдердің
халықтарына табиғи ортаға антропогендік салмақ түсіреді, ал ол қазіргі
замандағы биосфераның қирауына және одан шығатын барлық адам өміріне
тигізетін жағымсыз салдарларға әкеліп соғады. Өркениеттік тұрақтылық, Ф.
Фукуяма бойынша - бұл өлімнің жолы, өркениет үшін тығырық. Біздің қазірде
куә болып отырғанымыз, жәй ғана салқын соғыстың соңы немесе қандай да бір
соғыстан кейінгі тарихтың кезеңі емес, бірақ тарихтың ақыры осындай, яғни
адамзаттың эволюциялық идеологиясының аяғы және адамзат басқаруының соңғы
түрі.
Өзінің алғашқы кітабында ("Тарихтың ақыры және ақырғы адам", 1992 жыл)
Ф. Фукуяма әдебиетті мұқият оқып, зерделеуге тұратын теорияны мазмұндап
берді. Гегельдің ортақ тарихи прогресс туралы идеясына "демократиялық"
интерпретация жасай отырып, Фукуяма либералдық демократияның салтанат құруы
тарихтың ақырына, ортақ прогресстің аяқталуына алып келеді деген тоқтам
жасайды.
Әлбетте, коммунизм күйрегеннен кейін либералды - демократиялық идеяға
балама қалмаған сияқты. Осы жағынан қарасақ, Фукуяманың ойы түсінікті.
Фукуяманы либералды - демократиялық қоғамдағы адамдардың деградациялану
мүмкіндігі қауіптендіреді. Ал либералдық демократияның салтанат құруы
туралы Фукуяманың айтқанын көпшілік бір жақты түсінді. Кітап америкалық
ұлтшылдықтың гимні ретінде қабылданды. Яғни, Фукуяма Американың әйтеуір
жеңіске жететінін, әлемнің жеке дара билеушісі болатынын меңзеп отыр,
тарихтың ақыры осы дегеңдей.
Бінеше ойшылдар да, мысалы, Фромкин өзінің "Әлемнің жолы" еңбегінде,
Фридман "Лексус және зәйтүн ағашы" кітабында осы тақырыптарды қаузаған.
Бірақ Фукуямада ол басқаша. Оның екінші кітабы ("Сенім", 1995 жыл)
экономикаға, соның ішінде, дені сау экономика жасауға ықпал ететін мәдени
дәстүрлерге арналған.
Бұл жолы автор Токвильдің соқпағына түсе отырып, Америкадағы алып
корпорациялардың қүрылуы бағзыдағы протестанттық қауымдастықтардан қалған
сенімнің аркасында, яғни, америкалық қоғамдағы екі жақты сенімнің арқасында
мүмкін болғанын көрсетіп береді. Германиядағы сенімнің деңгейі өте жоғары,
демек, экономикадағы өсім де немістердің мәдени дәстүрлеріне байланысты.
Жапонияда да - солай. Бұдан шығатын қорытынды: Германиядағы алып
корпорациялар - тек немістік құбылыс. Жапонияда - тек жапондық, Америкада -
тек америкалық.
Сенім деңгейі төмен қоғамда жергілікті дәстүрлерге бағынышты
институттардың пайда болуы да заңды. Француздар тиімді мемлекеттік
бюрократия жасаудың озық үлгісін көрсетсе, Солтүстік Италияда қолөнерлік
дәстүрге сүйенген отбасылық кәсіпорындар пайда болды. Азияда Оңтүстік
Кореяның тасы өрге домалап тұр. Олардың әлеуметтік қарым - қатынастары
француздарға ұқсайды. Конфуцийшіл Қытайдың аяқ алысы тәуір, олардың
шаруашылық жүргізуі италиялықтарға келеді. Жалпы айтқанда, болашақтағы
экономикалық жүйелер көптеген мәдени дәстүрлердің негізінде түзелетін
болады, америкалық үлгі соның бірі ғана. Ал жаһандық экономика
көпмәдениетті болады.
Либералды демократиялық қоғамдағы мәдени, әлеуметтік өмірдің
деградацияға түсу қаупі бар. Мұның өзі либералды - демократиялық жүйенің
күйреуіне апарып соғар еді. Философтарды ежелден мазалап келе жатқан гәп.
Бұл жайлы Токвиль де, Капитализмнің мәдени қайшылықтары кітабында (1976
жыл) Дэниел Белл де жазды. Фукуяманың өзі жазған Тарихтың ақыры, бар.
Десе де, Ұлы құлдырауда Фукуяма Гегель мен Токвильдің аргументтерін,
Дарвин мен неодарвиншілердің идеяларын назарда ұстай отырып, біршама
оптимистік пайымдар жасайды. Оның ойынша, экономикалық тиімділікке көзсіз
ұмтылудың салдарын либералдық демократиясы бар елдер 60 – жылдары - ақ
сезіне бастаған. Жаңа постиндустриалдық технологиялардың арқасында әйелдер
де ерлер қатарлы жұмыс істейтін болды. Олардың енді үйде отырғысы жоқ. Ал
контрацептикалық құралдардың пайда болуы жыныстық қатынастар мен отбасылық
жауапкершіліктің бөлінуіне алып келді. Отбасының беделі күрт төмендеді.
Адамгершілік негіздеріне өлшеусіз нұқсан келді. Осылардың кесірінен қылмыс
та еселеп көбейді. Фукуямаша айтсақ, Ұлы құлдырау басталды.
Егер ақылға ерік беріп, ескі дәстүрлердің күйреген уақытында жаңа
әлеуметтік тәртіпті жасай алса, адамдар өз қателіктерін өздері - ақ түзеп
алар еді. Фукуяманың жаңа идеясы осыны меңзейді. Соңғы жылдары осы құбылыс
анық байқалады. Либералды - демократиялық елдердің өзінде ұлы кұлдырау
бәсеңдеп, қоғамға адамгершілік, ізгілік қасиеттер біртіндеп болса да орныға
бастағандай. Мұның себебі әйелдердің үй шаруасына қайта оралғанын емес,
қазіргі қоғамның өзі жаңа, ізгілікті құндылықтар мен концепцияларды, жаңа
қоғамдық институттарды қалыптастыра бастады. Дарвиннің эволюциялық
заңдылықтарының көмегі, міне, осы жерде тиіп отыр. Яғни, мыңжылдық
эволюциялар қалыптастырған адамның табиғатында прогресстің зардапшыл
аффектілеріне қарсы тұра білетін тетіктер бар.
Сонымен, Гегель - Токвиль - Дарвин. Философиялық ой бәрібір олардың
идеяларына зәру болып отыр. Ол идеялардың талқаны таусылған деп ешкім де
айта алмасы хақ. Қайта жаңғырған доктриналар бізге несімен қызық?
Әлеуметтік детерминизмге, жалпыға ортақ тағдырымызға қатысты көпжылдық
айтыс - тартыс пен сыннан кейін біз оларға мұрнымыздың үстінен қараймыз.
Онымен қоймай, либералдық, прагматикалық және постмодернистік ыңғайдағы
философтармен бірігіп алып, сұрақтың астына аламыз: Адамзат табиғаты
туралы сөз етудің не жөні бар? Тарих алға ғана жылжи ма, тіпті оның қандай
да бір бағыты болуы мүмкін бе? Осы уақытқа дейін ешкімнің қолынан келмеген
екен, сонда болашаққа болжам жасауды біз қайдан шығардық?
Ойдың осындай шырғалаңы жаңа күдіктер туғызады: сонда Фукуяманың
идеялары шындыққа қаншалықты жақын? Оның артында бірнеше қарапайым
доктриналарға сия қоймайтын миллиондаған факторлар жатыр емес пе?
Қазіргі қоғамдағы ізгілік атаулының өсуі мен өшуі жөнінде айтылатын
Фукуяманың дәйектері қаншалықы қисынды? Ол мұны отбасындағы ажырасуы, теріс
қылықтың өсуі, маскүнемдіктің таралуы жайлы статистикалық Либералды
демократиясы дамыған елдердің азаматтары өз жетістіктерін әлемге таратуға
құқылы, тіпті міндетті. Неге құқылы және міндетті? Өйткені, адамзаттың
болашағы бостандықта ғана. Өйткені, адамзат біртұтас (Азиядағы бірде жан
қанаушы қолды көксеп отырмаған шығар). Әлбетте, кейбіреулер мұндай
пайымдаулардан имперализмнің шалығын көруі мүмкін. Ондай адамдар тіпті көп
те. Ал дамымаған Үшінші әлем елдерінде бүтін ұлттар солай ойлайды. Десе де,
адам құқығы үшін күрес қозғалысы мен XIX ғасырдағы гуманистік идеяларда
мығым сабақтастық бар екенін ешкім жоққа шығара алмайды. Тек адам құқы үшін
күресушілердің ізгі ниеті қанаудың жаңа түріне айналмаса екен деп
үміттенгің келеді.
Өкінішке орай, бұрынғының теориясы әлемдегі өзгертетін мүмкіндігім
шексіз дейтін адамға үстемелеп экстатикалық сенім қосса, ал олардың
жаңарған түрлері күйгелектікке, сенімсіздік пен үрейге ғана жетелегендей.
Егер соңғы жүз жылдағы басымыздан өткен жағдаяттардың бәрін ескерсек эрі
соған қатысты философиялық сын - ескертпелерді мұқият қорытсақ, неге осылай
болғанын да оңай түсінетін тәріздіміз. Үрей мен сақтық салқынқандылықтың,
парасаттылықтың белгісі шығар. Бірақ оған қуануға бола ма, оның артында
фатализм мен тәуелділік тұр ғой. Бұл қайшылықты нақ Фукуямадай түсінген
ешкім жоқ - ау. Тарихтың ақыры либералдық теорияның салтанат құрғанын
білдіреді. Ақырғы адам сол салтанат үстіндегі демократиялық елдер
азаматтарының ұскынсыз жиынтық образын көрсетеді. Біз өзіміздің дарынымызды
түсіну үшін тарихтың ақырына жол салдық. Бірақ, бізге түйсік пен өжеттік
жетіспейді. Либералдық қағидалардың жеңісі таңдау еркіндігін береді. Біз
емін - еркін қимылдай аламыз, бірақ біз сұлқ түсіп жатырмыз. Бізде әзірге
қоғамды қайта құру жайлы үлкен идеялар да жоқ. Жай идеялармен ғана өмір
сүреміз. Армандағанның өзінде абайлап, сақтанып армандаймыз.
Қайта жаңғырған доктриналар бізге несімен қызық? Әлеуметтік
детерминизмге, жалпыға ортақ тағдырымызға қатысты көпжылдық айтыс - тартыс
пен сыннан кейін біз оларға мұрнымыздың үстінен караймыз. Онымен қоймай,
либералдык, прагматикалық және постмодернистік ыңғайдағы
философтармен бірігіп алып, сұрақтың астына саламыз: Адамзат табиғаты
туралы сөз етудің не жөні бар? Тарих алға ғана жылжи ма, тіпті оның қандай
да бір бағыты болуы мүмкін бе? Осы уақытқа дейін ешкімнің қолынан келмеген
екен, сонда болашаққа болжам жасауды біз қайдан шығардық?.
Бәлкім, модернист, постмодернист философтардың соңын ала, біз де адам
табиғатының әмбебаптығы мен тарихи прогресс туралы идеяларды түккен алғысыз
қылармыз? XIX ғасырдағы теорияларға сүйеніп, кез - келген қисынды дәлелдеп
шығуға болады ғой. Оның үстіне олар әбден ерқашты болған идеялар. Бірақ,
ескі теориялардың да өз ақиқаты бары анық. Тас үңгірден де талаптанып шығып
ек қой. Соған қарағанда, тарихтың ортақ даму векторы болады дейтін пікірдің
де жаны бар - ау. Өйтейін десең, басты сұрақ тағы да жауапсыз қала бермек:
сол даму векторы көк жиекті бетке алып бара ма? [11].
Американ философы Элвин Тоффлер қоғам дамуын "толқындар" ағысымен
сипаттайды. Ғалымның пікіріне сүйенетін болсақ, өркениет жерді меңгеруден
бастау алады. Осыдан барып, біртіндеп, индустриалды өркениет пайда болады.
Ал, қазір әлем үшінші толқын "ақпараттық ғасыр" өркениетіне өткелі отыр.
Демек, Э. Тоффлер ғылым мен техниканың дамуын өз терминологиясы бойынша -
"толқындар" деп атайды. Әрбір толқынның өмір сүру мерзімі болады, бір
өркениет ұзақ өмір сүрсе, екінші бір өркениет қысқа өмір сүруі мүмкін. Оның
барлығына сол қоғамда өмір сүріп отырған адамзат әсер етеді. XX ғасырдың
орта шенінде бірінші толқын өз күшінен айырылып, жер бетіне индустриалды
өркениет орнайды. Бірақ та бұл толқынның өмірі де ұзаққа бармады. Оның
орнына үшінші толқын өзіндік құндылықтарымен әлемді баурай бастады. Э.
Тоффлер "Үшінші толқын" деген еңбегінде: "Жаңа өркениет өзімен бірге өмірге
деген сүйіспеншілікті, яғни өмірді сүю және құрметтеу, сондай - ақ жұмыс
істеудің өзгеше тәсілін жаңа экономиканы, өзгеше саяси қайшылықтарды жалпы
айтқанда, өзгертілген сананы дүниеге алып келді. Сол жаңа өркениеттің
қалдықтары әлі күнге дейін біздің өмірімізде басты орын алып келе жатыр.
Тіпті, миллиондаған адамдар өз өмірлерін ертеңгі күннің ығына орай
бейімдеуде. Ал, болашағына қорқыныш, үрей ұялаған енді бір адамдар тобы
пайдасы жоқ өткеніне сенімсіздікпен қарайды. Олар өздерін дүниеге алып
келген әлемді өлімнен құтқаруға тырысады, қайта жандандырғылары келеді.
Адамзат атаулының көнеден бүгінгісіне дейін көз жүгіртсек, екі үлкен
өзгерістер толқынын басынан кешірді, және олардың әрқайсысы көбінесе ерте
мәдениеттерді немесе өркениеттерді жойып, ерте өмір сүрген адамдар үшін қол
жеткізу мүмкін емес болып табылатын өмір ырғағымен аралыстырып отырды.
Демек, өзгерістердің бірінші толқыны - ауылшаруашылық революциясы - өз -
өзін жандандыру үшін мыңдаған жылдарды қажет етсе, өнеркәсіптік өркениет
деңгейінің өскен сәтімен тұспа - тұс келген - екінші толқын бар жоғы 300
жылдай уақытты қана алды. Ал, бүгінгі заманның жаршысы үшінші толқынның
жедел дамығандығы сонша, ол небәрі бірнеше онжылдықтарды қамтыды. Жер
бетінде өмір сүретін әрбір адам үшінші толқынның ықпалын айқын сезіне
алатын болады, өйткені ол соны жаңалықтарға толы мүлде жаңа стильді
қалыптастырады. Жаңа өркениет іс - әрекеттің мүлде жаңа кодексін өмірге
келтіреді, ал, оның өзіндік бағыт - бағдары мен өзіндік дүниетанымы бар.
Уақыт пен кеңістікке байланысты ерекше тәсілдерді қолданатын бул
өркениеттің болашақты басқару принциптері де өзгеше болып келеді" - деген
тұжырымға келеді [12, 37, 31-34 бб.]. Демек, үшінші толқынның үлесіне жаңа
технологияны игеру, асқан білімділік, ғылымның жаңа салаларын игеру сияқты
өркениеттік құбылыстар тимек. Демек, әрбір өркениеттің өзіне тән
ерекшеліктері мен құндылықтары болады.
Шын мәнісінде, батыстандырудың түбегейлі мәдени негізіне өркениеттің
екінші және үшінші толқындары жатады. Осыған дейін Шығыспен қатар келе
жатқан Батыс Еуропа индустриалдық толқын нэтижесінде өркениеттік түрғыдан
қауырт алға шықты.
Біршама батыс ойшылдарының өздері батыстық мәдени құндылықтардың
шектілігін атап өтеді. Мысалы Ф. Ницше бойынша, демократиялық қозғалыс тек
саяси ұйымдасудың қүлдыраушы бір формасы ретінде ғана емес, бірақ адам
қүлдырауының да формасы, ал атап айтқанда, оның кемітілуінің, оның
қүндылығы тегістелуінің және төмендетілуінің көрінісі болып табылады [13,
41 б.].— жасампаздық процесінде жоғары дәрежеге жатқанда, бейшара
еткендерін, қандай сүрықсыз заттарды әдетте осыған дейін қиратқандарын,
сындырғандарын, төмендеткендерін, ол өзінің өте ащы еске алуларымен одан да
жақсы біледі. Жайпақбасты ақылсыз социалистерге, дейді ол, қазіргі уақытта
"болашақтың адамы" - олардың мұраты болып көрінетін, сондайға деген адамның
жалпылама азғындауы, адамның бұл мүлдем табындық жануарға дейін азғындауы
және кішірейуі (немесе, олар айтатындай, "еркін қоғамның" адамына дейін) ,
бұл адамның малға, бірдей қүқықтары мен талаптары бар қортық жануарларға
айналуы - мүмкін осыған еш күмән жоқ" [13,44 6.].
Өздерін "ізгі еуропалықтармыз" деп есептейтіндер, Ф. Ницше айтқандай,
ұлттық толқулардың, патриоттық зарығудың және кез-келген басқа да сезімнің
оғаш асып толықсуының сэттерінде қалады. Қазір еуропалықтың айрықша
белгісін одан іздейтінді, біз "өркениет " немесе "адамдану" немесе
"прогресс" деп атайық; осыны жай ғана, жамандамай - ақ және мақтамай - ақ,
саяси формуланың көмегімен Еуропаның демократиялық қозғалысы деп атайық: ол
барған сайын қозғалысқа енетін, орасан зор философиялық үдеріс жүзеге
асатындығын, осындай формулалар оларға көрсететін, барлық моральдық және
саяси маңдайшалардың артында - олар ғасырлар бойы өз хаттарын жан мен тәнде
сызатын, кез - келген белгілі бір ортадан олардың өсімтал тәуелсіздігімен,
климаттық және сословиелік байланысты нәсілдерді оларда қүрастыратын, сол
жағдайлардан барған сайын өсімтал азаттық алуынан шығатын, еуропалықтардың
арасындағы ұқсастықтың арта түсу үдерісі – мәнісінде ұлттылықтан тыс,
адамның көшпелілік түрі, физиологиялық тұрғыдан айтқанда, типтік
ерекшелейтін белгі ретінде өнер мен бейімделу күшінің ең жоғарысына ие
болып, ол біртіндеп көтерілуде болады" [13, 112 6.].
Еуропоцентристік масаттану, дейді Ф. Ницше, рессентимент құбылысын
тудырады. Атап айтқанда, ressentiment рухының өзінен амморальдылықтың
жаңалы түрлері (жек көрудің, көре алмаушылықтың, қаскөйліктің,
күдікшіліктің, кекшілдіктің пайдасына) артып келеді: Әділеттілік қайда
қолданылатын, қайда сақталып тұратын, барлық жерде, күштілеу биліктің өш
алу сезімінің ( ressentiment ) төмен тұрғандардың, әлсіздердің арасында
(бұл топтар немесе жеке тұлғалар бола ма) мағынасыз зәрін шашып тұрғанын
тоқтатуға құралдар іздестіретіндігі байқалады [13, 79 б.].
Қазіргі заман адамы - мәдениет адамы емес, өркениет адамы, ал, қазіргі
әлемдегі адамдық сипат бірқатар ірі және ұсақ өркениеттерден тұратын
өркениет көрсеткіші болып табылады. Егер мәдениетке көпдеңгейлік,
көпжақтылық сипат тән болса, өркениет өз кезегінде біржақты немесе өзіндік
өлшемі, өзіндік нышаны бар ұғым болып табылады. Американ ғалымы С.
Хантингтон өркениеттер арасындағы қақтығыстарды болашақта орын алатын
жаһандық мәселе ретінде көтерсе, қазақстандық философ А.А.
Хамидов өркениеттік бөліністі ымырасыздық деп атап, оған былай деп анықтама
береді: ымырасыздық - өркениеттер арасындағы өзара байланыс логикасы.
Формасы бойынша ол үздіксіз, агрессивті, тікелей, бірақ ол пассивті -
алшақтатылған болуы мүмкін. Дегенмен, ымырасыздықтың бір орында түрып,
қатып қалуы мүмкін емес. Себебі, өркениеттер арасындағы байланыс үздіксіз
даму үстінде болады. Егер мәдениет үшін өзгешелік, ерекшелік, диалог пен
көпдеңгейлілікке негіз болатын болса, өркениет үшін ол қарама-қайшылық пен
зүлымдықтың негізі болмақ. Яғни, С. Хантингтон көрсеткендей, өркениеттер
арасындағы айырмашылық нақты шындық. Өркениеттер тарих, тіл, мәдениет,
дәстүр бойынша, ең негізгісі - дін арқылы бір - бірінен өзгешеленді. Әрбір
өркениет адамдарының құдай мен адам, индивид пен топ, азамат пен қоғам, ата
- ана мен бала, әйелі мен ері арасындағы қатынастарға деген көзқарастары
әртүрлі болып келеді. Бұл айырмашылықтар сан ғасыр бойы өмір сүрді және
жойылып кетпей болашақта да өз орнын табады. Олар саяси идеологиялық және
саяси жүйелер арасындағы айырмашылықтарға қарағанда тұрақты. Демек,
американдық саясаткер С. Хантингтонның пікірінше, XXI ғасырдағы ең басты
және қанды қақтығыстар экономикада және идеологияда емес, өркениеттер
арасында болмақ [14, 71 б.].
Жаһандық өркениеттің қалыптасу барысында осы өркениет төңірегіндегі
трагедиялық қарама - қайшылықтардың, яғни бірде адам барлығының үстінен
жоғарыдан өз үстемдігін жүргізуге ұмтылса, енді бірде аштық, кедейшілік,
ауру - сырқау басты орынға шығатындығын аңғару қиынға соқпайды. Олай болса,
нақ осы қарама - қайшылықтар жаһандық өркениет тұтастығына қауіп - қатер
төндіретін бірден - бір алғышарттар болып табылады.
Бір кездері батыс әлемі постиндустриалдық қоғамды басынан кешіріп жатыр
десе, енді бір кезеңде ақпараттық қоғам алға шығуда деген алып - қашты
әңгімелер адамдар арасында өзіндік әлеуметтік сипатқа ие болғандығы рас.
Әрине, қоғамда басқа да ақпараттардың болғаны анық, бірақ осылардың
барлығын біріктіріп тұрған бір ғана методология, енді ғана қалыптасып келе
жатқан жаңа өркениеттің бірегейлігі жаңа технологиямен, жаңа экономикалык
құрылымға келіп саяды. Сондықтан да болар, ақыл - ой еңбегімен, әлеуметтік
қабаттармен байланысты қызмет көрсету саласының өсу деңгейі көп жағдайда
социум болмысын өзгеріске ұшыратады. Бүгінде қоғамымызда басты орынға ие
болып отырған ақпараттарды алмастыру тәсілдері мен "компьютерлік революция"
тек қана экономика сферасында ғана емес, адамзат өмірінің барлық саласына
аса күшті әсер етіп отырғандығы дау тудырмаса керек. Олай болса, жоғарыда
аталып отырған қомақты өзгерістер жаңа өркениеттің қалыптасуына негіз
болатындығы сөзсіз. Ал енді біз өркениет деп атап отырған тұтастықтың
негізінде жатқан нәрсе не дегенге ойланып көрейікші.
Қазіргі мәдениеттің экрандық сатысында адам мен әлеуметтің арақатынасы
түбегейлі өзгеретіндігі белгілі. Алайда постиндустриалдық қоғамда
мәдениеттің әлеуметтік мәнісі кемиді деген ойдың өрісі тар. Осыны көптеген
мәдениеттанушылар жете түсінген. Мысалы, мәдениеттің әлеуметтік динамикасын
ақпараттар ағыны мен кибернетикалық әдістерді қолдана отыра зерттеген
француз ғалымы Абрам Моль: мәдениет математикалық сипатқа енді, бұрынғы
дәстүрлі гуманитарлық мәдениет өзгеріп кетті, - дейді. Зерттеуші
индивидуалдық және әлеуметтік мәдениетті ажыратады. Соңғысын Моль
"әлеуметтік - мәдени кесте" деп атап, ондағы әлем мен қоғам суреттемелері
жеке адам үшін "экран" қызметін атқарады дейді. Мәдени хабар бұл экранда
"культуремалар" түрінде болады:
1. Индивидуум ашық жүйе болып табылады және ақпаратты қабылдауға дайын.

2. Индивидуумда табиғи генетикалық ес бар және ол алдын -
ала айқындалған.
3. Индивидуалдық еспен (жадымен) қоса оған "коллективтік жадының
бейсаналық формалары" әсер етеді.
4. Өзгермелі ортадағы жеке адамның әрекетін дәл ғылыми әдістермен
түсіндіруге болады [15, 26 б.].
Индивидуалдық және коллективтік мәдениеттердің арақатынасы, А.
Моль бойынша, мынандай түрде жүреді: [15, 82 б.].
Сурет - Индивидуалдық және коллективтік мәдениеттердің
арақатынасы.
Автордың ойын жеткізу мақсатында үзінді келтірейік: Бұл қоғамның
мәдениетін білдіретін әлеуметтік мәдени кестеден тұлғалық мәдениетке, дара
білім мен құралдарға ауысу атомдану арқылы жүзеге асады [15, 83 б.].
Қазіргі әлемдегі батыстандыру үрдістерін көрсететін тағы бір ілімге
коммуникация құралдарын ыстық және суықтарға бөлетін
М. Маклюэннің теориясы жатады. Ыстық коммуникация құралдары ақпаратқа
толық толған және қабылдаушының аз қатысуын қажет етеді. Керісінше, суық
құралдарда бос орын жеткілікті және ол қатысушының белсенді араласуы мен
ұйғарымдарын керек қылады. Мысалы, студенттерге оқылатын дәріс ыстық
құралға жатса, семинармен керісінше болып шығады.
Соңғы жылдары ақпараттық өркениеттік толқынға қатысты бұқаралық
мәдениетті зерттеудің социометриялық әдістерінің ұтымдылығы жөнінде
көптеген дәлелдер келтірілді. Жеке - дара мәдени субъекті семиотикалық
ілімдер түрғысынан да табысты талданып келеді. Бірақ, рухани мәдениет пен
оның субъектісін формалық методтармен зерттеудің шектілігін де ескерген
жөн. Әрине, символикалық логика түсіну мен білдірудің толық концепциясын
қалыптастыра алмайды. Мәдени ақпаратты беру мен сақтауда жеке адамның
экзистенциалдық болмысы ескеріле бермейді.
Бұл қайшылықты шешудің маңызды құралы ретінде соңғы кезде постмодерндік
мәдениеттану идеялары ұсынылуда. Постмодернизмді талдау біздің мақсатымыз
болмағандықтан, осы бағыттағы индивидуализм мен әлеуметтік мәдениеттің
арақатынасына байланысты кейбір идеяларға тоқталайық.
Постмодернизмге жақын ілім постструктурализмде әлеуметтік құрылымдар
мен тұтастықтың түйық негізінен шыға алатын индивидуалдықтың пәрмендігіне
үлкен көңіл бөлінеді. Франциядағы 1968 жылғы толқулардан кейін
постструктуралистер "әлеуметтік бірлестіктер көшеге шыға алмайды" деген
қорытындыға келген. Яғни, құрылымдағы маңызды нәрсе тұтастық емес, сол
құрылымды өзгертетін жеке жігер мен еркіндік. Плюрализм мен
орталықсыздандырылған тұлға жаңа әлеуметтік мәдениетті қалыптастыра алады
делінеді. Дүниені жаңаша түсінуде эгоцентристік сана ерекше рөл атқарады.
Позитивтік мағынадағы оның девизіне "Мен болмасам, кім?" сұранысы айналады.
Постмодернизмде адамдық қатынастарды "интимдендіру" және стандартты
"орташа адамнан" арылу маңыздылығы алға қойылады М. Бахтин мен Ю. Лотман
концепцияларында Мен тек Басқаға баға беріп қана қоймай, сол Басқаның Мен
туралы бағасын ескеру қажеттілігі айтылады [16, 161 б.].
¥ғымдарды талдауымызды зерттеу тақырыбымыздағы индивидуалдықпен қатар
алынған "қауымдастық" түсінігінің мәні мен мазмұнын анықтаумен
жалғастырайық. Біз бұл жұмыста "қауымдастық" ұғымын орыс тіліндегі "община"
атауының калькасы ретінде алып отырған жоқпыз. Әрине, архаикалық қауым
адамдық қоғамдасудың архетипі екендігі даусыз. Келесі бөлімде осы
архаикалық қауымды қазақ мәдениеті өрісінде қарастырып өтеміз.
Алғашқы қауымды кейде дәстүрлі қоғам деп те атайды. Ресей зерттеушісі
Л. Ионин американдық С. Хантингтонның іліміне сүйене отырып, осы қоғамды
былай суреттейді: Дәстүрлі қоғамда адам оған танылатын статустармен
айқындалады және онда әріптесінің жынысы, жасы, әлеуметтік иерархиядағы
орны маңызды болып табылады. Ол әіптес ретінде емес, бір қауымның мүшесі
ретінде бағаланады [17, 32 - 33 бб.].
Осы мағынадағы қауымның мәдени ерекшеліктерін қазіргі батыстық
гуманитарлық әдебиет тиянақты зерттеген. Мысалы, Элиас Канетти өзінің
"Масса және билік" атты еңбегінде архаикалық қауымның мынандай
ерекшеліктерін атап өтеді:
1) мүшелерінің аз саны;
2) партикулярлық құрылым;
3) ішкі теңдік;
4) тұрақтылық;
5) ортақ символика;
6) игіліктерді бөлу мен сый берудің өрістеуі [18, 52 – 55 б.].
Архаикалық қауым қоғамға айналуы үшін бірнеше сатылардан өтуі қажет.
Осы жөнінде мәдениеттанушы Т. Ғабитов адамдық Меннің қалыптасуындағы үш
сатыны атап өтеді.
Культ (табыну) сатысы. Бұл сатыда жеке адам табиғаттан да, қауымнан да
ажырамаған, "Біз" феномені үстемдік етеді.
Мәдениет сатысы. Бұл сатыда әдеп, құқық, өркениет қалыптаса бастайды.
Жеке адам тарихи өзгерістердің басты күшіне айналады.
Әлеуметтік сатысы. Бұл сатыда жеке адамның құқықтарын қастерлеу және
келісімділік негізінде азаматтық қоғам (адамдық қауымдастық) қалыптасады
[19, 6 б.].
Біз өз жұмысымызда "қауымдылық" түсінігін адамдық ынтымақтастық пен
бірегейлеудің, адамдардың бірлесе өмір сүруінің ерекше формасы ретінде
қолданамыз. Кезінде Э. Дюркгейм адамдық қауымдасудың органикалық түрі
туралы арнаулы пікір айтқан. Ол мұндай тұтастықты биологиялық организммен
салыстырады: онда барлық мүшелер бір - біріне ұқсамайды, бірақ барлығы
бірігіп организмнің өмір сүруін қамтамасыз етеді. Органикалық
ынтымақтастықтың әлеуметтік - мәдени негізінде тұлғалық еркіндік, мүдделер
келісімі және заң жатады. Осындай тұлға жалпы келісімге негізделген
императивтер аймағында еркін әрекет ете алады. Бұл қоғамның жетекші
принципі - дарашылдық.
Ф. Хайек те қазіргі кезде "капитализм" мен "социализм" деген атаулардың
ескіргенін және бүгінгі адамдар бірлігін "адамдық қауымдасу мен
ынтымақтастықтың кеңейтілген тәртібі" деп атау керек деген.
Бұл мәселе өте маңызды. Өйткені ТМД - ның кейбір елдерінде адамдық
қауымдастыққа жат трайбализм, патернализм, партикуляризм сияқты архаикалық
қатынастар белең алып кеткен. Сондықтан, индивидуалдықты жоғары деңгейге
көтерудің бір шартына шынайы қауымдастықты қалыптастыру жатады.
Тұлға мен әлеуметтік құрылымдардың қалыптасуындағы мәдени факторлардың
рөлі туралы көптеген ілімдердің бар екендігі белгілі. Олардың эволюциялық,
марксистік, қоғамдық келісімдік (конвенциалдық), діни және ғарыштық (
космологиялық ) түсіндірмелері туралы ғылыми және көпшілік әдебиетте
жеткілікті жазылған. Неміс әлеуметтанушысы Курт Брейзингтің айтуынша,
мәдени әмбебаптылық әрқашанда орталықсыздандыру арқылы шешіле бермейді.
Жоғарыда аталған авторлар осы жөнінде былай дейді: "Политическая
децентрализация - не гарантия демократии. Возможно даже появление страшных
локальных тираний. Местные политики часто даже более коррумпированы, чем
государственные. Более того, многое из того, что делается для
децентрализации, - это псевдодецентрализация, играющая наруку
централизаторам" [25, 161 б.].
Мәселені шешудің жолы - жауапкершілікті арттыруда. Экзистенциализмнің
терминімен айтқанда, кез келген адам барлығы үшін жауапты. Керісінше емес.
Онда анонимді қоғам пайда болады.
Осы тұста, әңгімемізге арқау болып отырған батыстандыру -
вестернизация түсінігіне нақтырақ тоқталар болсақ, "вестернизация" үғымы
қазақстандық философтар тарапынан да талдау объектісі болып келді. Қазіргі
жаһандану үрдістері және олардың ұлттық мәдениеттерге тигізетін әсері соңғы
жылдары ғалымдар болсын, қызу талқыланатын мәселеге айналды. Барлық
пікірлерді қайталамай - ақ, екі рәміздік түсінікті атап өтелік. Француз
философы Жан Аттали XXI ғасырда жаңа көшпелілердің дәуірі басталады дейді.
Жаңа көшпелі тамырсыз ризома келбетті, магниттік карточка оның түгел
тұлғалық көрсеткіштерін ауыстыратын, әмбебап нарыққа жол ашатын, Меннің
протезі болып табылады дейді .
Ресейлік зерттеуші Н.В. Громыко метамәдениет жаңа қаруды, адамның
дәстүрлі мәдениет жүйесін шайқалтатын консциенталды қаруды ойлап тапты
дегенді ұсынады [26]. Көріп отырғанымыздай, кез келген күрделі құбылыс жан
- жақты, метамәдениеттің де теріс және оң қырлары бар. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚР мәдени саясаты тұжырымдамасы немесе Жалпықазақстандық мәдениетті қалыптастырудың БАҚ негізінде насихатталуы
Қоғам, дін және мәдениет
Жаһандану дәуіріндегі тарихи сананың трансформациясы
Мәдени модернизацияны арнайы зерделеудің басты тақырыбы мәдени модернизация
Қазақ қоғамының бүгінгісі мен ертеңгісі
Мәдениет және өркениет: өзара байланысы мен ерекшелігі
Түркілер дәуіріндегі түрлі мәдени байланыстар
Философия дәрістер
Рухани мәдениеттің түрлері
Ұлтаралық қатынас мәдениеті
Пәндер