Абай Құнанбаев. Қаза сөздері



1. Кіріспе
2. Қара сөздер туралы
3. Қара сөз тақырыптары
4. Қара сөздердің мағыналары
5. Қара сөздің маңызы
6. Қорытынды
Абайдың толық жинағында 1890 жыл мен 1898 жыл арасында жазылған бір алуан шығармалары «қара сөз » деп аталады. Жалпы саны қырық алты бөлек шығарма. Оның алты жеті үлгісі қысқа келеді. Бұл қатарға қосылатындар он алтыншы, он сегізінші, он тоғызыншы, жиырмасыншы, жиырма төртінші, отыз бірінші, қырық бесінші сөздері. Жалпы қара сөздерден мазмұн, тақырып жағынан өзгешерек тұратын қырық алтыншы сөз. Ол тарихтық мақала очерк тәрізді. Қазақ халқының қайдан шыққандығына арналған дәлелдерді, деректерді қысқа зерттеу сияқты өзге қырық бес сөздің ішінде көлем жағынан ең көп, мол шығарма бұрын Абайдың қолжазбаларында «Ғақлиат -Тасдиқат» деген атпен бөлекше көшіріліп жүретін, мораль мәселелеріндегі Абайдың бір үлкен толғауы болады. Бұл - отыз сегізінші сөз.
Осыдан соң қара сөзбен жазылған мысал, өсиет есебіндегі Сократ пен оның шәкірті Аристодиш әңгімесі. Бұл-жиырма бесінші сөз.
Көпшілік қара сөздерден және де өзгешерек қалыптанған Абайдың отыз жетінші сөзі. Бұл бөлімше өзге қара сөздерше тұтас құрылған бүтін шығарма емес. Шартты түрде «отыз жетінші сөз» деп бір араға бастары құрылған афоризмдер саналады. Мүрсейіттің көшірмесінде және Абайдың толық жинақтарының бәрінде осы афоризмдер жиырма үш деп саналады. Анығында Абайдың афоризмдері бұлар ғана емес. Және жинақтарға басылғандай бір ғана 1896 жылда таған болмау керек. Әр жылдарда айтылған терең ойлы, шешен, шебер сөздері 1896 жылы ең алғаш Абай шығарммаларын құрастырушы шәкірттері сол жылда түгендеп еске алып отырып, ойда сақталғандарын осылацша «отыз жетінші сөз» деп мөлшермен шартты бір шеңберге сыйғызған сияқты. Афоризмдер Абайда жиырма үштен әлдеқайда көп екендігін Абай оқушыларының бәрі де біледі.
Ақынның өз шығармалары ғана емес, Пушкиннен, Лермонтовтан және әсіресе Крыловтан жасаған аудармаларының тұсында әр алуан өсиет, сын, мысқыл, әжуа, психологиялық, эстетикалық, педагогикалық жайлардан түйін айтқан нақыл, ақыл, терең ойлар аса көп кездеседі. Сондайлық бірекі өлең жолдарының жолының бойына сыйған тұжырымды көркем сөз Абайды көбінше афоризм болып қалыптасқан.
Ал сөз өлеңдеріне ауыссақғ онда осылайша жазылып және жұртқа мол жайылып, нақылөсиет есебінде тарап кеткен талай өлең жолдары бар. Соның көбі және де Абайдың афоризмдерінің санын молайту керек. Ең аөылы осы тұста бөлек тексеріліп отырған қара сөздердің өздерінің кейбіреулерінен де Абайдың шешен, шебер, тапқыр етіп түйген сөйлемдері афоризм қатарында оқушы жұртқа ертеден көп тарап кеткені бар.
Олар да «отыз жетінші сөзді» көп тың мысалдармен әлі талай тамаша бағалы афоризмдермен молайта алады.
Осылайша, жалпы Абай қара сөздерінің ішінен «отыз жетінші сөзді» де біраз ерекшілігін қарап, бөліп шығардық.
1. А.Құнанбаев «Шығармалар екі томдық» А,1997 жыл
2. А.Құнанбаев «Қара сөз, поэмалар» А, 1997 жыл
3. М.Әуезов «А.Құнанбаев» А, 1992 жыл
4. З.Ахметов «Абайдың ақындық әлемі» А, 1997 жыл

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

1. Кіріспе
2. Қара сөздер туралы
3. Қара сөз тақырыптары
4. Қара сөздердің мағыналары
5. Қара сөздің маңызы
6. Қорытынды

Абайдың толық жинағында 1890 жыл мен 1898 жыл арасында жазылған
бір алуан шығармалары қара сөз деп аталады. Жалпы саны қырық алты бөлек
шығарма. Оның алты жеті үлгісі қысқа келеді. Бұл қатарға қосылатындар он
алтыншы, он сегізінші, он тоғызыншы, жиырмасыншы, жиырма төртінші, отыз
бірінші, қырық бесінші сөздері. Жалпы қара сөздерден мазмұн, тақырып
жағынан өзгешерек тұратын қырық алтыншы сөз. Ол тарихтық мақала очерк
тәрізді. Қазақ халқының қайдан шыққандығына арналған дәлелдерді, деректерді
қысқа зерттеу сияқты өзге қырық бес сөздің ішінде көлем жағынан ең көп,
мол шығарма бұрын Абайдың қолжазбаларында Ғақлиат -Тасдиқат деген атпен
бөлекше көшіріліп жүретін, мораль мәселелеріндегі Абайдың бір үлкен
толғауы болады. Бұл - отыз сегізінші сөз.
Осыдан соң қара сөзбен жазылған мысал, өсиет есебіндегі Сократ
пен оның шәкірті Аристодиш әңгімесі. Бұл-жиырма бесінші сөз.
Көпшілік қара сөздерден және де өзгешерек қалыптанған Абайдың
отыз жетінші сөзі. Бұл бөлімше өзге қара сөздерше тұтас құрылған бүтін
шығарма емес. Шартты түрде отыз жетінші сөз деп бір араға бастары
құрылған афоризмдер саналады. Мүрсейіттің көшірмесінде және Абайдың толық
жинақтарының бәрінде осы афоризмдер жиырма үш деп саналады. Анығында
Абайдың афоризмдері бұлар ғана емес. Және жинақтарға басылғандай бір ғана
1896 жылда таған болмау керек. Әр жылдарда айтылған терең ойлы, шешен,
шебер сөздері 1896 жылы ең алғаш Абай шығарммаларын құрастырушы шәкірттері
сол жылда түгендеп еске алып отырып, ойда сақталғандарын осылацша отыз
жетінші сөз деп мөлшермен шартты бір шеңберге сыйғызған сияқты. Афоризмдер
Абайда жиырма үштен әлдеқайда көп екендігін Абай оқушыларының бәрі де
біледі.
Ақынның өз шығармалары ғана емес, Пушкиннен, Лермонтовтан және
әсіресе Крыловтан жасаған аудармаларының тұсында әр алуан өсиет, сын,
мысқыл, әжуа, психологиялық, эстетикалық, педагогикалық жайлардан түйін
айтқан нақыл, ақыл, терең ойлар аса көп кездеседі. Сондайлық бірекі өлең
жолдарының жолының бойына сыйған тұжырымды көркем сөз Абайды көбінше
афоризм болып қалыптасқан.
Ал сөз өлеңдеріне ауыссақғ онда осылайша жазылып және жұртқа мол
жайылып, нақылөсиет есебінде тарап кеткен талай өлең жолдары бар. Соның
көбі және де Абайдың афоризмдерінің санын молайту керек. Ең аөылы осы
тұста бөлек тексеріліп отырған қара сөздердің өздерінің кейбіреулерінен де
Абайдың шешен, шебер, тапқыр етіп түйген сөйлемдері афоризм қатарында оқушы
жұртқа ертеден көп тарап кеткені бар.
Олар да отыз жетінші сөзді көп тың мысалдармен әлі талай
тамаша бағалы афоризмдермен молайта алады.
Осылайша, жалпы Абай қара сөздерінің ішінен отыз жетінші сөзді де
біраз ерекшілігін қарап, бөліп шығардық.
Жоғарыда жасалған екшеулер бойынша біз жеті сөзді қысқалық есебінен
және өзге сөздерге де әр көлемде айтылған пікірлерді қысқа түйіп бір бөліп
шығардық. Онан соң Абайдың түгел сөзі өзінікі болмағандықтан, аударма
ретінде жиырма жетінші сөзі Сократ сөзін бөлдік. Түр өзгешелігі бойынша
отыз жетінші сөз Ғағлиат -Тасдиқатты бұрыңғы барлық қолжазбаларында
бөлініп жүрген ретімен жалпы қара сөзде бөлекше атадық. Тағы да тақырыбы
ғылымдық мәселе болғандықтан, қырық алтыншы сөз- тарихтық очеркті де
бөліп атадық. Осымен жиыны он бір сөз, қара сөздер көпшілігінің қалпынан
бізге басқарақ саналды. Содан ары қалатын Абайдың анық қара сөз атты
мұрасын алғанымызда олар отыз бес сөзден құралған болады.
Енді, ең алдымен, осы қара сөздің қалың тобын тақырып мазмұндарына
қарай арнаулы жіктерге бөле отырып тексеріп, танып көрелік.
Жалпы алғанда, Абайдың ос барлық қара сқз дейтін мұралары көркем
прозаның өзіне бөлек, бір алуаны болып қалыптанады. Бұлар сюжетті шығарма
емес. Бұрыңғы жазушылар қолданған естегі, мемуар да емес. Стиль, мазмұн
жағынан алғанда, осы шығармалар абайдың өзі тапқан, бір алуан көркем сөздің
түрі. Кейде бұлар сыншылдық, ойшылдық және көбінше адамгершілік, мораль
мәселесіне арналған өсиет, талдау тәрізді.
Бұл шығармаларда Абай өзінің оқушыларымен әңгімелесіп, жүзбе-жүз
кездесуге мәслихат, кеңес құрып отырған ойшыл ұстаз тәрізденеді. Кейбір
сыр сипаттарыны қарағанда, Л.Толстойдың Круг чтение деп аталатын еңбегіне
ұқсас. Л.Толстой өзінен басқа ойшылдардың көп-көп жайлардан жазған
толғаулы терең пікірлерін жиып топтап, өз оқушыларына кітап етіп ұсынған.
Бірақ Л.Толстой Круг чтенияда оқушылармен тыныш, тату әңгіме өткізем
дейді. Сөз бастағанда әрбір жайлардан өз ойларын келтірмейді.
Абайдың қара сөзінде Сократтың сөзін дін үгіт- шілерінің
сөздерін келтіргендей етеді. Абай қара сөздерін көбінесе барлық жайлардан
өзі сөз бастап, өзі әңгіме дүкен құрып отырған болады.
Осыдан соңғы қара сөздер жөнінде майқын басталатын бір өзгешелік,
Абай өзінің өлең сөздерінің көптен-көбін заманындағы оқушы мен
тыңдаушыларына үнемі түсінікті болмайтындай көрінеді. Онысы анығында солай
да еді. Осы жайды ескеріп, Абай енді қара сөзінде сол өлеңдерінде айтылатын
ойларының бірталайын жаңа сөзбен таратады.
Сондықтан кейбір қара сөздерінде бұрыңғы өлеңінде айтылатын ойлар
қарапайым, оңай, жеңіл ұғымда қайтадан айтылады. Бұл жөнінде Абай өзінің
көпшілік оқушы, тыңдаушысымен әңгімелейді. Және сол әңгіменің үстінде
адамгершілік мәселелеріне: әділет, ақтық, турашылдық, шыншылдық, сүйгіштік,
ғылымға қүштарлық, еңбекті бағалағыштық сияқты жайларды айтады. Немесе
осылардай, адамдық сипаттың жауы болатын, аярлық жалғаншылық, бәле
құштарлық, мақтаншақтық, мансапқорлық, өсекші-өтірікшілік, еріншектік
сияқты әр алуан адамдықты мінездердің барлығын айтқанда, Абай сол жайларды
тыңдаушының көңіліне, көкейіне қонымды ету жағын алдымен ойлайды.
Айтпақ сөздері мен ойларын мысалдармен келтіреді. Кейде өзінің көз
алдында отырғандай, тыңдаушысына сұрақтар береді. өзі онымен жауаптасып,
әңгімелескен кісі тәрізденіп отырады. Мысалдарды қазақтың Абай заманындағы
күнделік болмысынан алады. Сол мысалдарды кейде күлкіге салып мысқыл, әжуа
халдерді әдейі айқындай түседі. Әңгімесі тыңдаушысына пайдалы өсиет
болуымен бірге, көңіл айтылып, қызықты болып жетсін деген мақсатты ойлайды.
Өзінің адамгершілік, әлеуметшілдік, ағартушылық ойларын айтуда
Абай педагогикалық жақсы әдісті қолданады. Оңайдан қиынға қарай, жақыннан
жарыққа қырай, өызықты күлкілі жайдан үлкен толғаулы өорытындыға қарай
біртіндеп жетектейді. Сатылап отырып үгіт-өсиет асырады.
Сонда тыңдаушысы туралы Абайдың күдігі көп. Кейбір терең өсиет,
озғын ойлары бұрын тыңдаушыларының санасына жетпеуі мүмкін. Сол себепті
өлең сөздерінде ұзақтан, тереңдеп айтылған кейбір ағартушылық, адамгершілік
үлкен ойлары мен қоғамдық тартыстың қайшылықтарын ашатын анық шыншыл және
күшті азаматтық сындарын мынау қара сөздерінде оңайлатып, азайтып,
қысқартып айтылатыны да болады. Бұл ретте кей ақынның өлеңінде кездесетін
қайшылықтар және тарихтықтар көлемді түсініктер көбірек көрінетін кездері
де болады.
Оқушы мен көпшілік тыңдаушыларының өз тұсындағы сенім-нанымдарын
еске алғандықтан, ақын дін тақырыбын көбірек сөз қылады. Әрине, оның өз
нанымы өзгермейді. Сондықтан өлеңдегі сияқты дінді адамгершілік моральдің,
тәрбиенің қараіғылыққа қарсы, шартты түрдегі өткелі есебінде бағалайды.
Осындай негізгі түсінік Абайдың қара сөздерінде де көрінеді.
Бірақ осымег қатар мұсалман дініне шанған тыңдаушыларына құдайдың,
пайғамбардың, иман, парыздардың жайларын көбірек айтады. Мынау
оқушылармен әңгімелескенде өз ойына соларды көбірек серік етеді. Және
өлеңнен қара сөздерді төменірек түсіретін тағы бір өзгешелік бар. Онысы:
дін тұтынушылар мен би-болыста, атқамінерлер жөніндегі аса аяусыз, сыншы,
жазушы болған қалпын Абай қара сөздерде біраз жеңілдетіп ашун азайтыңқырап
алады.
Өлеңінде жаңағы топтар жөніндегі шығармалар тіпті көп болса, қара
сөздер орташа шындықты орташа халде таратады. Бұнда жалпы байқалатын
күй, осы тыңдаушылармен Абай тату, тыным мәжіліс құрғандай болады. Ол
тыңдаушыларды, әрине, Ғақлиат -Тасдихаттағы оқушылар ғана деп бағалау
дұрыс болмайды. Өйткені Ғақлиатты Абай өзінің қасында жақын жүрген
шәкірт достарына, үміт еткен жақсы жастарына аса бір жылы жүректер ағалық
өсиет етіп айтқан.
Ал көпшілік қара сөзде Абайдың көз алдында көрініп отырған
тыңдаушысы жаңағы жастар ғана емес сияқты. Бірақ олар Абайдың аяп
әңгімелесетін, тартына сөйлейтін адамдары тәрізденеді.
Осы себептен болу керек, қара сөз ой тереңдігі жағынан да көп
өлең сөздерден таязырақ, сәл ғана шындықтардың өріс-өндірісін байқататындай
болады.
Енді осы жайларды, жоғарыда біз бөліп шығарған отыз бес қара
сөздің әр алуан жіктерінен, топтарынан нақтылап танып көрейік.
Жиыны барлық қара сөз, біздің аңғаруымызша, он, онбір тақырыпқа
бөлінеді. Кейбір тақырыптар бір топ сөздердің көлемінде қайталанып, әр
алуан жаңа мысқыл, теңеулермен, дәлелдермен молайғаны болмаса, ой жағынан
бір алуандас болады. Ал енді тақырып, бірбір өара сөзде айтылумен тоқтап
отырады. Мысалы, бірінші қара сөзде айтылумен тоқтап отырады. Мысалы
бірінші қара сөзінде (айтылуында) Абай жазуға қалай кіріскені туралы
сқйлейді. Бұнда қмірбаяндық дерек бар және өзінің жалпы шығармашылық
еңбегіне ойлы түсінік береді. Бірақ кейін осы тақырыпқа өзшге қара
сөздерде оралмайды.
Екінші сөзінде – халықтарды салыстырады. Қазақ, ноғай (татар), сарт
(өзбек), орыс сияқты көршілес елдерді оқушысы қазақ жұртшылығына әділетті
достық көңілімен ұғындырып береді. Әңгімені жай бір тыңдаушылар тобында
отырғандай, жеңіл әзіл тәрізді бастап, өз халқының дәлелсіз үстірт
өзімшілдігін мысқыл ете келеді. Содан барып шын сыншыл ойларына ауысады.
Еңбек сүйгіш ел атауының бәрі де өазаөтай еңбексіздікке мол салынған және
сол еңбекті өнеркәсіпке, күндегі тіршілікте көрші елдің бәрінен кейін
қалып отырған халқына үлгі берерлік, артық елдер болып бағаланды.
Тақырып жағынан алғанда, үшінші сөз де өзіне бөлек бір алуан. Бұнда
қазақ сахарасын билейтін әкімдер, тергеуші билер, соттар туралы сөйлейді.
Сол күндегі ел тіршілігінің қайшылық, ауыртпалықтарын молайтып отырған
аппараты туралы да ой қозғайды. Болыс ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жүсіп Баласағұн (1020- ) - ақын, ойшыл, ғалым, мемлекет қайраткері
Жазба әдебиетінің және әдеби тілінің негізін салушы - Абай Құнанбаев
Ұлы дала зиялылары мен хандары
Абай Құнанбаевтың шығармаларының әлеуметтік мәні
Абай және қазіргі заман. Шоқан және географиялық детерминизм. З.Фрейд және психоанализ. Ф.Ницше және аса күшті адам
Ұлы ақын Абай Құнанбаев - қазақ халқының эстетикалық ойының шыңы
Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаев, М. Дулатовтың педагогикалық көзқарастары
«Масғұд» поэмасындағы Абай бейнесі
Әбу насыр Әл-фараби шығыстандық, педагогы, психологы, философы
Тарихи тұлғалар туралы
Пәндер