Еңбек іс-әрекеті және жас мамандардың кәсіби қызметке бейімделуі



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4.8
1 Еңбек іс.әрекеті және жас мамандардың кәсіби қызметке
бейімделуінің теориялық мазмұны
1.1 Еңбек іс.әрекетіне теориялық сипаттама ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9.19
1.2 Тұлғаның қалыптасуында кәсіби еңбектің маңыздылығы ... ... ... ..20.30
1.3 Кәсіби қыметке бейімделудің психологиялық ерешеліктері ... ... ... 31.44


2 Жас мамандардың кәсіби қызметке бейімделу ерекшеліктерін
эксперимент арқылы зерттеу.
2.1 Жас мамандардың кәсіби қызметке бейімделу деңгейін
анықтау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 45.48
2.2 Жас амандардың кәсіби қызметке бейімделуін жетілдіру
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 49.53
2.2 Зерттеу нәтижесін жинақтау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..54.55

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...56.57
Әдебиеттер тізімі. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .58.60
Қосымшалар
Қазіргі таңда қоғамдағы өрлеу әрбір маман иесіне өз ісінің шебері болуды талап етеді. Бүгінде еңбек іс - әрекеті саласында жүргізілетін психологиялық зерттеулердің өзектілігі еш күмән тудырмайды. Өндіріс жағдайларындағы қарым – қатынас процестерінің анықталған заңдылықтар өнімділікті көтеру және еңбекті оптимизациялау міндеттерін шешуге үлес қосады. Ел Президенті Н.Назарбаев Қазақстан халқына ұсынған “Қазақстан-2030” бағдарламасының мақсаттарында: “...біз әрі ішкі, сыртқы жағдайға сай болатын мәдени қоғамның қазақстандық үлгісін жасауымыз керек” деген [24].
Адам іс-әрекетінің алғашқы тарихи түрі – еңбек болып табылады. Адамның басты ерекшеліктерінің бірі – адамның еңбекке қабілеттілігі, ал кез келген еңбек түрі іс-әрекет болып табылады. Іс-әрекет – адамның қоршаған ортаға деген белсенді қатынасының бір формасы немесе қоршаған орта мен субьектінің өзара қатынасының динамикалық жүйесі. Адамның іс-әрекеті – күрделі құбылыс. Белгілі бір өнім адам іс-әрекетінің нәтижесі болып табылады. Адам, еңбектің қай түрімен айналысса да, өмірге ең алдымен қайраткер, іскер және жасампаз болып келеді. Оның арнайы әрекеті еңбекте, еңбек іс-әрекетінің актісі түрінде қалыптасады. Белгілі бір қоғамдық функцияларды атқаратын әрекеттерінің жиынтығы еңбек әрекетінің белгілі бір түрін құрайды.
Еңбек дегеніміз – адамдардың материалдық және рухани қажетін қанағаттандыратын қоғамдық пайдалы өнім өндіруге бағытталған іс-әрекет. Еңбек өнімдерін жасауға қатынасу арқылы адам өмір сүріп отырған өндірістік қатынастар жүйесіне араласады. Бұл екі фактор еңбек әрекетіне көзқарас пен еңбек мотивін қалыптастырады. Адамды еңбекте жоғары көрсеткіштерге жетуге жетелейтін себептер өмір сүріп отырған өндірістік қатынастарға тікелей байланысты. Адамдардың екбекке құлшынуы тек қана жеке мүддеден тумайды , сонымен қатар қоғам мүддесін ойлаудан тұрады. Сонымен қатар адамның екке деген ынтасы оның жаңа еңбекке араласуындағы бейімделуі. «Кәсіби адаптация», - бұл жұмысқа жаңа түскен адамның өз ортасына біртіндеп төселіп, бейімделуі. Төселудің алғашқы кезеңі өндірістік практика кезінде, негізгі жағы нақты жұмыс үстінде жүзеге асады [10].
1. Абульханова-Славская К.А. Деятельность и психология личности .-Москва.: Наука., 1980
2. Ахтаева Н.С., Әбдіғаппарова А.І. Әлеуметтік психология. - Алматы.: Қазақ университеті, 2007
3. Алдамұратов Ә. Ж. Жалпы психология. - Алматы.: Білім.,1996.
4. Бакли Р., Кейпл Д. Теория и практика тренинга.- Питер, 2002
5. Гоноболин Ф.Н. Психология.- М., 1973
6. Головин С.Ю. Словарь психолога-практика – Минск., 2001
7. Жақыпов С.М., Бизақова Ф.Ә. Білім беру жүйесінде қолданылатын психодиагностикалық тесттер. – Тараз.: Сенім., 2006
8. Жақыпов С.М., Бизақова Ф.Ә. Білім беру жүйесінде қолданылатын психокоррекциялық жаттығулар. – Тараз.: Қорғау Тараз., 2006
9. Жақыпов С.М. Жалпы психологияға кіріспе. – Алматы.: Қазақ университеті, 2007
10. Жарықбаев Қ.Б. Жантану негіздері .- Алматы, 2002.
11. Дружинин В.Н. Психология – Питер; 2002.
12. Дубровина И.В. Рабочая книга школьного психолога.
М осква.: Просвещение,1991
13. Дружинин В.Н. Экспериментальная психология – М, 1997
14. Зимняя И.А. Педагогикалық психология .- М.: Логос, 2005
15. Изен Н.В., Пахомов Ю.В. Психотренинг игры и упражнения. - Питер.,
2000
16. Климов Е.А. Введение в психологию труда. – Москва.: Культура и
спорт: ЮНИНТИ, 1998
17. Климов Е.А. Психология проффесонала. – Москва.: Воронеж, 1996
18. Көмекбаева Л.К. Білім беру ұйымдарындағы психологиялық
қызметті ұйымдастыру. – Алматы., 2002.
19. Коралева З. Психологиическая тесты для всех – Москва.:Пресс, 2002
20. Кушембаев Р.К Психология успеха - Алматы., 1999.
21. Леонтьев А.Н Общее понятие о деятельностей - В сб. Основы
теории речевой деятельности. Под.ред. А.А.Леонтьева . М., 1974
22. Лесли Рай. Развитие навыков тренинга.- Питер, 2001
23. Мұқанов А. Жас және педагогикалық психология-Алматы;1981.
24. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан халқына жолдауы «Жаңа әлемдегі жаңа
Қазақстан» Астана, 2007 жыл 28 ақпан.
25. Немов Р.С. Психология.- Москва ., І-ІІ-ІІІ том. 1998,
26. Намазбаева Ж. Санғылбаев О. Психологиялық сөздік. –
Алматы.,2005 .
27. Намазбаева Ж.И. Психология. - Алматы.: Print-S , 2005
28. Овчарова В. Практическая психология образования.- М., 2003
29. Оллпорт У. Личность в психологии. М. 2005
30. Петровский А.В. Педагогикалық және жас ерекшелігі
психологиясы - Алматы; 1987.
31. Прутченков А.С. Социально-психологический тренинг в школе.- М.: Эксимо-пресс, 2001 г.
32. Прихожан А. психологический справочник для неудачника. Или как обрести увереннность в себе. – Москва. 1994
33. Поваренков Ю.П. Психология становления профессионала.- москва., 1998
34. Кюблер-Росс Э.О. О смерти и умирания. Киев.: София, 2001
35. Құдайқұлов М.А. Способности умения и навыки. – Алматы., 1986
36. Құдиярова А.К. қарым-қатнас психологиясы. – Алматы., 2002
37. Роджерс К.Консультирование и психотерапия. Москва.: апрель-Пресс, Эксмо, 2000
38. Рубинштейн Р.П. Основы общей психологий.- Москва.: Педагогика 1989 2 т.
39. Роббер И.Р. Психологический словарь.- Москва., 2000 1 т
40. Рогов И.С. . Настольная книга практического психолога.- Москва: Владос, 2000
41. Роббер М.А., Тильман Ф. Психология индивида и группы – Москва.:Прогресс, 1988.
42. Романова Е.С., Суворова Г.А. Психологические основы профессиографии .- Москва.:МГПИ, 1990
43. Столяренко Л.Д. Основы психологии: Практикум. Ростов-на-Дону: феник, 2000
44. Смирнова Е.Е. Психология общения .- СПб.: КАРО, 2005
45. Смид Р. Групповая работа с детмьи и подростками. – Москва., 1999
46. Сидоренко Е.В. Мотивационный тренинг – Р., 2000 .
47. Тумен К. Вернер Д. Халыққа медициналық жәрдем көрсету жөнінідегі анықтамалық. – Алматы.: қазақстан., 1994
48. Тәжібаев Т . Жалпы психология.- Алматы.: Қазақ университеті, 2003.
49. Торн К., Макей Д. Тренинг. Настольная книга тренера.- Питер, 2001
50. Тутушкина М.К. Психологическая попмощь и консультирование в практической психологии. СПб.: Дидактика – Плюс, 1999
51. Шевандрин Н.И. Психодиагностика, коррекция и развития личности. – Москва.: Владос, 2001
52. Шадриков В.Д. Развитие и диагностика способностей. – Москва., 1991
53. Широкова Г.А. Практикум для детского психолога - Ростов-на-Дону., 2004.
54. Фельдштейн Д.И. Психология развивающиеся личности. – М.:Воронеж., 1996
55. Фрейд З. Введение в психоанализ. Лекции. Москва.: Наука, 1990
56. Хей Л. Полная энциклопедия здоровья .- /Е. Шапельникова/ М.,1998
57. Хекхаузен Х. Мотивация и деятельность .-Москва.: педагогика, 1986

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 61 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4-8

1 Еңбек іс-әрекеті және жас мамандардың кәсіби қызметке
бейімделуінің теориялық мазмұны
1.1 Еңбек іс-әрекетіне теориялық сипаттама
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9-19
1.2 Тұлғаның қалыптасуында кәсіби еңбектің маңыздылығы ... ... ... ..20-
30
1.3 Кәсіби қыметке бейімделудің психологиялық ерешеліктері ... ... ...
31-44

2 Жас мамандардың кәсіби қызметке бейімделу ерекшеліктерін
эксперимент арқылы зерттеу.
2.1 Жас мамандардың кәсіби қызметке бейімделу деңгейін
анықтау
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... 45-48
2.2 Жас амандардың кәсіби қызметке бейімделуін жетілдіру
жолдары
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... . 49-53
2.2 Зерттеу нәтижесін
жинақтау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...54
-55

Қорытынды
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ...56-57
Әдебиеттер тізімі.
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... .58-60
Қосымшалар

Кіріспе

Зерттеу өзектілігі:
Қазіргі таңда қоғамдағы өрлеу әрбір маман иесіне өз ісінің шебері
болуды талап етеді. Бүгінде еңбек іс - әрекеті саласында жүргізілетін
психологиялық зерттеулердің өзектілігі еш күмән тудырмайды. Өндіріс
жағдайларындағы қарым – қатынас процестерінің анықталған заңдылықтар
өнімділікті көтеру және еңбекті оптимизациялау міндеттерін шешуге үлес
қосады. Ел Президенті Н.Назарбаев Қазақстан халқына ұсынған “Қазақстан-
2030” бағдарламасының мақсаттарында: “...біз әрі ішкі, сыртқы жағдайға сай
болатын мәдени қоғамның қазақстандық үлгісін жасауымыз
керек” деген [24].
Адам іс-әрекетінің алғашқы тарихи түрі – еңбек болып табылады. Адамның
басты ерекшеліктерінің бірі – адамның еңбекке қабілеттілігі, ал кез келген
еңбек түрі іс-әрекет болып табылады. Іс-әрекет – адамның қоршаған ортаға
деген белсенді қатынасының бір формасы немесе қоршаған орта мен субьектінің
өзара қатынасының динамикалық жүйесі. Адамның іс-әрекеті – күрделі
құбылыс. Белгілі бір өнім адам іс-әрекетінің нәтижесі болып табылады. Адам,
еңбектің қай түрімен айналысса да, өмірге ең алдымен қайраткер, іскер және
жасампаз болып келеді. Оның арнайы әрекеті еңбекте, еңбек іс-әрекетінің
актісі түрінде қалыптасады. Белгілі бір қоғамдық функцияларды атқаратын
әрекеттерінің жиынтығы еңбек әрекетінің белгілі бір түрін құрайды.
Еңбек дегеніміз – адамдардың материалдық және рухани қажетін
қанағаттандыратын қоғамдық пайдалы өнім өндіруге бағытталған іс-әрекет.
Еңбек өнімдерін жасауға қатынасу арқылы адам өмір сүріп отырған өндірістік
қатынастар жүйесіне араласады. Бұл екі фактор еңбек әрекетіне көзқарас пен
еңбек мотивін қалыптастырады. Адамды еңбекте жоғары көрсеткіштерге жетуге
жетелейтін себептер өмір сүріп отырған өндірістік қатынастарға тікелей
байланысты. Адамдардың екбекке құлшынуы тек қана жеке мүддеден тумайды ,
сонымен қатар қоғам мүддесін ойлаудан тұрады. Сонымен қатар адамның екке
деген ынтасы оның жаңа еңбекке араласуындағы бейімделуі. Кәсіби
адаптация, - бұл жұмысқа жаңа түскен адамның өз ортасына біртіндеп
төселіп, бейімделуі. Төселудің алғашқы кезеңі өндірістік практика кезінде,
негізгі жағы нақты жұмыс үстінде жүзеге асады [10].
Мамандық таңдауда Ж.Аймауытов қазақ жастарына мамандықтың жаманы жоқ,
бірақ, мұның кез келгеніне икемділік қажет, бұл жәй күнелту, тамақ,
асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін процесс
екендігін ерекше сипаттаған.
Американ зерттеушісі Ф.Парсонс мамандықты дұрыс таңдау үшін ең
алдымен өзі және өзінің қабілеті туралы толық білу керек екендігіне ерекше
мән берген.
Тұлға және мамандық таңдау қатынасы туралы В.Д.Шадриков,
Т.В.Кудрявцев, К.А.Абульханова-Славская, Ю.П.Поваренков, Б.Г.Ананьев
Е.А.Климов еңбектернде жалпы еңбек іс-әрекеті, оның тұлға дамуына, жеке
қасиеттеріне тизінетін ықпалы қарастырылған.
З.Фрейд бойынша, еңбек адам өмірін құрайды және мәнді етеді. Еңбек іс-
әрекетінде адам өзі үшін қолайлы қызмет атқарады, себебі ол ақиқат өмірге
бейімделуге және үйренуге мүмкіндік жасайды. Сөйтіп адам есеюге ұмтылыс
жасайды. Оның ойынша, адамдар көп уақытын еңбек іс-әрекетіне жұмсаса, адам
бойындағы қуат жасырын түрде қалып, махаббат пен жеке белсенділікке аз қуат
қалады. Неофрейдистерді еңбектің тек тұлғалық құрылымы ғана емес,
психологиялық функциясы да қызықтырады. Оральды тип жеке тұлғалық қарым-
қатынасқа тез түседі, сөйлегіш, дауласуды ұнатады, сондықтан оларды оральды
типтес мамандықтар; мұнда дантист, заңгер, радиокомментатор, тб.
мамандықтар қызықтырады. Анальды типтес адамдарға реттілік, қырсықтық,
үнемдегіштік, өзін-өзі бақылау тән. Олар бухгалтерлік, кітапханашылық
немесе банк, техникалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету сияқты мамандықтарға
сай келеді. Осындай тұжырымдардан еңбектің психологиялық қызметі өзекті
мәселе болып қала берері анық [55].
Әр маман өзінің жұмысында кәсіби бейімділігімен байланысын еске
түсіруге болады. Жаңа оқу бітіріп келген жас маман орташа есеппен жаңа
жұмыс орынына 6 айдан 3 жылға дейін үйренеді. Сол уақытта жас маманның
кәсіби бейімделуі процесін жандандыруға және жеңілдетуге қалай болады? Ең
алдымен өзін жақсы басқара алатын адам ғана жақсы маман болады.
Кез келген менеджер үшін жұмыскерлердің еңбек нәтижесі және
қанағаттануы оның қабілетімен ғана емес, сонымен қатар жеке тұлғалық
мінездемесіне де байланысты деген пікірмен кейбір психологтар келіспеуі де
мүмкін. Шынында да, көбі таңдалғаннан маманның жеке тұлғасы туралы Сен –
бұл сенің жасаған нәрселерің деп айта алады. Жұмысқа шықпаған күндерінің
саны, өнімділік, еңбекке құлшыну, өтірік айту, тб. өлшемдер тек
ұйымдастыратын факторлар (жекелік стилі және корпоративті мәдениет)
қызметтері ретінде қарастырылып қана қоймай, сонымен қатар жұмыскерлердің
мінездемелеріне тәуелді келеді. Жеке тұлғалық мінездемелер мен мамандық
таңдау, еңбек мотивациясы, өнімділік, жұмыспен қанағаттанушылық, жұмысқа
байланысты стресс, сонымен бірге жұмысқа келмеген күндер, өндірістен
жарақат алушылық, т.б. әдебиеттер жеткілікті болса да оның көмегі
әркелкі. Соңғы уақытта мамандық өзгерту, жаңа еңбек әрекетіне бейімделудегі
қиындықтар, жұмыстағы деңгейі, оқыту нәтижесі сияқты жеке тұлғалық
қасиеттермен және факторлармен байланысты екені кездеседі.
Сондықтан осы мәселенің маңыздылығын аша отырып біз зерттеу
жұмысымыздың тақырыбын Жас мамандардың кәсіби қызметке бейімделуінің
психологиялық ерекшеліктері деп алдық.
Зерттеу мақсаты – жас мамандардың кәсіби қызметке бейімделуінің
психологиялық ерекшеліктерін теориялық негізде қарастырып, тәжірибе
арқылы дамыту.
Зерттеу нысаны – жас мамандардың кәсіби қызметке бейімделу
ерекшеліктері.
Зерттеу пәні - жас мамандардың кәсіби қызметке бейімделуі және
оны жетілдіру жолдары.
Зерттеу болжамы – жас мамандардың кәсіби қызметке бейімделу
ерекшеліктерін психодиагностикалау және дұырс ұйымдастырылған жетілдіру
жолдары арқылы мазмұнды нәтижеге қол жеткізуге болады, егер де:
1) жеке тұлғалық құндылықтар сақталынып, сәйкестендірілсе;
2) мінез-құлық ерекшелігі, іс - әрекеті мен қабілеті бағаланса;
3) қолданылатын әдістемелер оның қызығушылығына әсер етсе.
Зерттеу міндеттері:
1. Зерттеу мәселе бойынша психологиялық әдебиеттерге талдау жасау
1. Психологиялық мәселе ретінде жас мамандардың кәсіби қызметке бейімделу
ерекшеліктерін саралау және әрекеттік ықпал жолдарын қарастыру.
2. Жас мамандардың кәсіби қызметке бейімделу деңгейін жетілдірудің
тиімді жолдарын тәжірибеде қолдану.
Зерттеудің әдіснамалық негізі - еңбек іс-әрекеті, психологиялық
ерекшеліктері және мамандардың кәсіби қызметке бейімделуі туралы
қарастырған В.Д.Шадриков, Т.В.Кудрявцев, Б.Г.Ананьев, К.А.Абульханова-
Славская, Ю.П.Поваренков, Е.А.Климов, Ж.Аймауытов зерттеулеріндегі
теориялық тұжырымдамалары мен тәжірибелік еңбектері.
Зерттеудің теориялық мәнділігі - зерттеудің ғылыми әдістері
жүйесін мақсатты қолдану және теориялық тұрғыда негіздеу жүзеге асырылды.
Зерттеудің тәжірибелік мәнділігі – зерттеуде қолданылған әдіс
– тәсілдер жас мамандардың кәсіби қызметке бейімделуінің психологиялық
маңыздылығын жетілдіру. Тәжірибе жүргізу барысында алынған деректер сандық
және сапалық жағынан талдау, өңдеу, ұсыныстар енгізу.
Зерттеу әдістері – зерттеу мәселесі бойынша әдебиеттерге
теориялық талдау, эксперимент, бақылау, тестілеу, түзету жаттығулары.
Зерттеу базасы - Тараз қалалық жедел жәрдем станциясы және
ЖМЖА .
Дипломдық жұмыстың көлемі және құрылымы:
Дипломдық жұмыс кіріспе, екі тарау, қорытынды, қолданылған
әдебиеттер тізімі , қорытынды және қосымшадан тұрады.
Зерттеу кезеңдері:
Зерттеудің бірінші кезеңінде мәселенің зерттеу заты мен
нысаны анықталынып, болжам жасалды, мақсаты, міндеттері, зерттеу әдістері
құрастырылды. Сонымен қатар жұмыстың мазмұны мен негізгі бағыттары
анықталынды. Әдебиеттер жинақталынды.
Зерттеудің екінші кезеңінде жас амандардың кәсіби қызметке бейімделу
деңгейі анықталынып, түзету – дамыту жұмыстары ұйымдастырылды.
Зерттеудің үшінші кезеңінде зерттеу жұмысымызға теориялық және
тәжірибелік тұрғыда жалпылама қорытынды берілді. Жас мамандардың кәсіби
қызметке бейімделу деңгейін арттыру мақсатында ұсыныстар енгізілді.

І Еңбек іс-әрекеті және жас мамандардың кәсіби қызметке
бейімделуінің теориялық мазмұны

1.1 Еңбек іс-әрекетіне теориялық сипаттама
Адам іс-әрекетінің жүйесінде ерекше орын алатыны – бұл еңбек. Еңбектің
арқасында адам қазіргі заманғы қоғамды, материалдық және рухани мәдениетті
құрды, өмір жағдайын жақсартты. Осымен өзіне шексіз дамуға мол
мүмкіндіктерді ашты. Еңбек құралдарын жасау және оларды жетілдіру ең әуелі
еңбекпен байланысты. Олар өз алдына еңбек өнімділігінің, ғылымның дамуының,
өндірістік өнімнің, техникалық пен көркем шығармашылықтың артуының факторы
болды. Адам іс-әрекеті – ол өте күрделі көп қырлы құбылыс.
Еңбек іс-әрекетінің психологиялық жағының ерекшелігі: еңбек өзінің
обьективтік қоғамдық мәні бойынша, қоғамға пайдалы өнімді жасауға
бағытталған іс-әрекет болып саналады. Еңбек әрекетінің барлық бөліктері
оның соңғы бөлігіне, оның қрытынды нәтижесіне, бағынатындықтан еңбек іс-
әрекетінің мотивациясына арнайы сипат беріледі: іс-әрекет мақсаты оның өзі
емес, оның өнімі болып табылады. Адамның қажеттіліктерін қанағаттандыратын
барлық заттарды бір адам ғана өндірмейді, сондықтан адамның іс-әрекетінің
мотиві болып оның әрекетінің өнімі емес, басқа адамдар іс-әрекетінің өнімі,
қоғамдық іс-әрекеттің өнімі саналады. Еңбекте еңбек техникасы ғана емес,
адамның еңдекке қатынасы да маңызды болады. Міне, осы адамның еңбек
әрекетінің негізгі мотивтерін құрайды.
Еңбек ету - өзіңді әрекетте көрсету. Еңбекте де, адамның шынайы іс-
әрекетіндегі сияқты оның тұлғасының барлық жақтары мен көрінестері
қатысады. Әрбір еңбек өзіндік күрделі техникасы болады және оны меңгеру
қажет. Сондықтан білім мен дағды еңбекте маңызды рөл атқарады. Білім мен
дағды болмаса, ешқандай еңбек болмайды [27].
Адам психикасын қалыптастыруда шешуші роль атқаратын әрекеттің бірі
–еңбек. Еңбек адам тіршілігінің арқауы, оның өмір сүруінің басты шарты.
Еңбектің адам сезімінің қалыптасуына әсер ететіндігін К.Д.Ушинский,
А.С.Макаренко нақты талдаулар жасаған. Еңбек әрекетінің негізгі ерекшелігі
– оның жоспарлылығы мен белгілі тәртіпке бағынатындығы. Еңбек үрдісі
қызметкерде арнаулы білім жүйесі, дағды, дағды, икемділіктердің болуын,
зейінділікті, күшті ерік күшін, белгілі еңбек тәртібі қажет етеді.
Еңбектегі табыстар мен жетістіктер, нәтижелер адамның дүние танымына,
көзқарасына, мақсат – міндеттеріне, қажеттілігіне сай әр түрлі болады. Не
үшін еңбек ететінгін ұғыну, саналылығымен сезіну еңбек етудің ең басты
түрткісі болады.
Еңбек үстінде адам қоғамға қажетті материалдық игіліктерді өндірумен
бірге өзінің психологиялық қасиеттерінің жақсы жақтарын қалыптастырады.
Еңбек үстінде өзіне - өзі қызмет ету қабілеті, тәжірибелік іскерлігі,
дербестігі, икемділігі, қарым – қатынас ережелері, ынтасы мен тапқырлығы
шыңдала түседі.
Психологияда іс-әрекеттің жетекші түрі деген ұғым бар. Белгілі бір
жас кезеңіндегі бала психикасында, оның психикалық үрдістерінде және
тұлғаның психикалық қасиеттерінде басты, маңызды өзгерістер тудыратын іс-
әрекет түрін жетекші дейміз. Еңбек психологиясы – еңбек іс-әрекетінің нақты
нысандарының және адамның еңбекке деген көзқарасының қалыптасуының
психологиялық заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Еңбек психологиясының
обьектісі – индивидтің өндірістік жағдайларындағы және оның жұмыс күшін
ұдайы өндіру жағдайларындағы әрекеті. Еңбек психологиясының негіздері
медицинаның, физиологияның, техниканың, социология мен саяси экономиканың
ықпал әсерімен қалыптасты. Еңбек психологиясының қазіргі уақыттағы басты-
басты міндеттері өндірістік қатынастарды жетілдіру, еңбектің сапасын
жақсарту, өмірлік жағдайларды жақсарту, апаттық жағдаяттарға жол бермеу
міндеттерімен тығыз байланысты.
Еңбек іс-әрекетінің психологиялық ерекшеліктері төмендегі мәселелер
қарастырады:
1. кәсіби іс-әрекеттің нақты түрлерінің психологиялық ерекшеліктері
(оның құралы, жағдайы, мазмұны ұйымдасытырлуы, қателер талдауы,
мамандықтың жіктелінуі және тб.);
2. еңбектің қауіпсізідігне, сенімділігіне, құндылығына адамның
индививдуальды-психологиялық ерекшеліктерінің ықпалы;
3. адамның кәсіби жарамдылығының қалыптасуының психологиялық
заңдылықтары (еңбекке кәсіби бағдар, кәсіби іріктеу, кәсіби
дайындық, бейімделу );
4. еңбек субьектісінің қызметтік жағдайы (зорығу, эмоционалды қысым,
стресс және тб);
5. адам мен техниканың өзара қатынасының психологиялық заңдылықтары;
6. жаңа техниканы эксплуатациялау және құрастыру процесіндегі
инженерлік-психологиялық қамтасыздық (жоба, бағалау) [11].
Адамның басты ерекшеліктерінің бірі – адамның екбекке қабілеттілігі,
ал кез келген еңбек түрі іс-әрекет болып табылады. Кез келген қарапайым іс-
әрекеттің белсенділік формасы, қозыдырушы себептері бар және ол белгілі
жетістіктерге бағытталады. Мотив бұл адамның белгілі ір әрекет үшін саналы
меңгерілген талаптануы. Е.П.Ильин: Адамның әрқандай қылық әрекеті оның
себеп күштеріне байланысты - деп ой қорытындылаған.
Мотивация адам мінез-құлқының ынталандырушы, реттеуші күші ретінде,
барлық іс-әрекет түрлерінің нәтижелігіне үлкен әсерін тигізеді.
Психологиялық зерттеулерде мотивация мен іс-әрекеттің өзара
байланыстылығына көптеген ғылыми жұмыстар арналған. Іс-әрекет
мотивациясының маңыздылығына А.Н.Леонтьевтің, Л.С.Выготскийдің,
С.Л.Рубинштейннің, В.Д.Шадриковтың, Е.А.Климовтың, И.Аткинсонның, зерттеу
жұмыстары арналған.
Б.И.Додонов іс-әрекеттің күрделі мотивтер арақатынасының сызбасын
ұсынды. Бұл схема бойынша адам еңбек әрекетінде мотивтер келесі шекті
құрамымен жүзеге асады:
• Іс-әрекет процесінің өзінен қанағат алуы,
• Іс-әрекеттің тікелей нәтижесі,
• Іс-әрекет үшін сыйлық беру (еңбек ақы, атақ, даңқ),
• Іс-әрекет дұрыс орындалмаған жағдайларда жазаланудан қорқу-
депривация.
Сонымен қатар, еңбек әрекетінде мотивацияға байланысты ғылыми
зерттеулер бір-біріне қарама қарсы теориялық концепциялармен, әр түрлі
әдістемелік бағыттармен, зерттелетін құбылыстардың көпмағыналылығымен
сипатталады. Бұл зерттеулердегі белгілі бір жүйенің жоқтығы мотивациялық
зерттеулерді өзекті мәселелердің қатарына жатқызады. Осы мәселеге
байланысты пікірлер мен теориялардың ортақ жетіспеушілігі мотивация
процесін қарастыруда жүйелі бағыттың жоқтығында, осының нәтижесінде ынтаның
пайда болуы мен шешім қабылдауға әсер ететін кез келген фактор мотив болып
саналады.
Фрейдтің еңбек іс-әрекетіне деген көзқарасы пессимистің, өйткені ол
еңбекті адамның тамақ пен тіршілік еті құралы ретінде қарастырады, - дейді
О.Брайн. Фрейд бойынша, еңбек адам өмірін құрайды және мәнді етеді.
Еңбек іс-әрекетінде адам өзі үшін қолайлы қызмет атқарады, себебі ол реалды
өмірге бейімделуге және үйренуге мүмкіндік жасайды. Сөйтіп адам есеюге
ұмтылыс жасайды. Оның ойынша, адамдар көп уақытын еңбек іс-әрекетіне
жұмсаса, адам бойындағы қуат жасырын түрде қалып, махаббат пен жеке
белсенділікке аз қуат қалады.
Еңбек әрекетінің өзіндік құрылымы еңбек өнімділігін арттыруға ықпал
етеді. Ал еңбектің өнімділігі сол еңбек етуші субьектілердің білімі,
жағдайы, еңбектегі қатынас, еңбектің ұйымдастырылуына және тб. байланысты.
Адамның психикалық өмірінің жан – жақты дамуы белгілі әрекетпен байланысты.
Әрекет дегеніміз түрлі қажеттерді өтеуге байланысты белгілі бір мақсатқа
жетуге бағытталған процесс. Адам үшін іс - әрекеттің қашан да қоғамдық
әлеуметтік мәні зор. Іс -әрекеттің саналылығы мен мақсаттылығы,
жоспарлылығы мен жүйелілігі оның ең басты шарты.

Кәсіби іс-әрекеттің мотивация мәселесімен айналысқан И.Г.Конурина,
А.К.Маркова, И.В.Кузьмина, Н.И.Бобнева, А.н.Деркач, А.А.Бодалев, А.П.Ильин,
А.П.Ситников, Н.В.Месяцев, А.Ф.Лазурский, Е.А.Климов және тб. Кез келген іс-
әрекет белгілі бір дәрежелер, талаптар негізінде жүзеге асады. Оның нақты
жүйесі, құрылымы, негізгі және қосымша элементтері болады және ол белгілі
бағытта ұйымдастырылады. Еңбек обьектісіне, мақсатына және тәсілдеріне
байланысты. Әрбір мамандық қызметкерге белгілі талаптар қояды.
Әрбір кәсіби іс-әрекет қызметкердегі қиындықтарды жеңу қабілеттілігін,
әрекеттерді орындауға байланысты іскерлікті, бейімділікті, шеберлікті,
еріктік қасиеттерді және өзіне белгілі қатынасты талап етеді. Кәсіби іс-
әрекеттің тиімді, жемісті нәтижесіне жету үшін аталған тұлғалық қасиеттер
маңызды роль атқарады.
Осы қасиеттердің негізінде жатқан мотивация кәсіби іс-әрекеттің
тиімділігіне тікелей әсерін тигізеді. Адамда кәсіби іс-әрекеттің әрбір түрі
көп мағыналы мотивтерден тұрады. Кәсіби іс-әрекеттің өзіндік ерекшелігі
мотивтердің пайда болуына, олардың құрылымдық деңгейіне және олардың өзара
қатынасқа түсуіне байланысты болады. Сондықтан, кәсіби іс-әрекеттің
мотивациялық құрылымының ерекшеліктерін зерттеудің өзектілігі кәсіби іс-
әрекеттің тиімділігін жоғарлатуға, еңбек етудегі қызметкерлердің
белсенділігінің ынта-жігерін жоғарлатуға үлкен әсерін тигізеді. Іс-әрекет –
адамның ақаиқат дүниемен өзара белсенді әрекеттестігінің іс жүзіндегі
көрінісі. Адам іс-әрекеті күрделі процесс. Оның құрамына жеке адамдар мен
қозғалыстардың әрекеттердің жүйесі кіреді.
Кәсіби іс-әрекеттің мотивтерінің құрылымы кез келген іс-әрекеттің
төменде көрсетілген факторлар жиынтығы - оның себептері бола алады. Олар
мыналар:
1. іс-әрекеттің жүру барысынан рахат алу, қанағаттану;
2. іс-әрекеттен өнім немесе қорытынды алу (жасайтын өнім, білім,
тәжірибе жинақтау және тб.);
3. іс-әрекет үшін марапатталу (жалақы, қызметінің жоғарлауы, табысқа
жету және тб.);
іс-әрекеттен ауытқу және оны дұрыс орындамау жағдайында
болатын шаралардан аулақ болуға ұмтылу, жауапқа
тартылуды
болдырмау.
Еңбек іс-әрекеттерінің мотивтері құрылымын зерттеуде румын ғалымы К.
Замфир өз ұсыныстарын айтқан. Олар: ішкі мотивация, сыртқы дұрыс
мотивациялар және сыртқы кері мотивациялар. Ішкі мотивтерге автор жұмыс
бараысында қызметкер санасында пайда болатын сезімдерді жатқызады. Оның
қоғамның пайдалы екенін тұсінуі, қанағаттануы, жұмыстан алатын жақсы әсер,
еңбек процесі мен оның қорытындылары. Автордың ойынша, жалпы сыртқы
мотивациялар адамның өз қажеттіліктьерінен туады. Сондықтан да, осының
негізінде жұмыскер ішкі қысымдарсыз-ақ өз еркімен, ойындағыдай істер
атқарып, еңбек етеді.

Еңбектің психологиялық мазмұны адамның кез келген мамандықты меңгеруде
ішкі және сыртқы индивидуалды қасиеттерін және бағыттылықтарын меңгеруі.
Мамандыққа деген мотивация. Ол сыртқы және ішкі мотивация болып
қарастырылады. Сыртқы мотивация жұмыскердің өзінен тыс тұратын
мотивтерден: жалақы, қысымға түсіп кету қорқынышы, мақсатына жетуге ұмтылу
және тб. Сыртқы дұрыс мотивацияларға мыналар жатады: материалдық жағдай,
қызметте жоғарылау, ұжым және жолдастары тарапынан қолдау табу, бедел.
Адамның өз күшін салып жұмыс істеуіне қажетті мотивтер. Сыртқы кері
мотивацияға автор мыналарды жатқызады: жаза қолдану, қаржылай ақы
төлеттіру, сынға ұшырату және тб. Бұл жерде К. Замфир ішкі
мотивацияларды айта отырып, Д.Аткинсонның әйгілі кестесін негізге ала
отырып, зерттегенін байқау қиын емес. Мұнда, белгілі бір мақсатқа ұмтылыс
және келеңсіз оқиғаларды болдырмау үшін жасалатын істер арасындағы қарым-
қатынас негізінде алғандығын айтып кеткен жөн.
Адамның дене және ақыл-ой қуатының дамуына шешуші қызмет атқаратын іс-
әрекет түріне еңбек жатады. Іс-әрекеттің саналылығы мен мақсаттылығы,
жоспарлылығы мен жүйелілігі оның ең басты белгілері болса, алда тұрған
міндетті шешу болып табылады.
Адам үшін іс-әрекеттің қашан да қоғамдық әлеуметтік мәні зор. Іс-
әрекеттің саналылығы мен мақсаттылығы, жоспралылығы мен жүйелілігі оның ең
басты белгілері болса, алда тұрған міндетті шешу, яғни ойлаған істен бір
нәтиже шығару- оның екінші бір басты белгісі болып табылады. Адамның сана
–сезімі өскен сайын оның әрекеті де жаңа мазмұнға ие болып отырады. Адам
психикасының дамуында іс-әрекеттің шешуші орнымен қатар, біз сананың да
күрделене түсуіне ықпал жасайтынын еске алуымыз қажет. Сөйтіп сана мен іс-
әрекеттің бірлігі, психиканың іс-әрекет үстінде дамитындары жайлы мәселе
психологияның басты принциптері болып табылады. Адам әрекеті сан алуан.
Оның негізгі түрлері: ойын, оқу, еңбек әр уақытта белгілі бір мақсат,
міндеттерге бағытталып отырады. Бұлардың барлығына тән ортақ қасиет белгілі
қажетке байланысты туып отыратындығы. Сондай-ақ жас мөлшерінің әр
кезеңінде түрліше көрінетіндігінде.
Іс-әрекет – адамның ақиқат дүниемен өзарар белсенді әрекеттестігінің
іс жүзіндегі көрінісі. Адамның дене және ақыл-ой қуатының дамуына шешуші
қызмет атқаратын іс-әрекет түріне еңбек жатады. Адамның өзге іс-әрекетінің
барлығы еңбекпен тығыз байланысты. Адамның әлеуметтік – тарихи дамуы
барысында қоғамдық ерекше қажеттілік ретіндегі теориялық іс-әрекет, яғни ол
ой еңбегі пайда болған. Іс - әрекет құрамында іс - әрекетті қозғаушы –
түрткі, іс - әрекетті жүзеге асырушы – құралдар қамтылады. Іс - әрекет
түрткісі адамның түрлі қажеттіліктеріне, қызығушылығына, жуаупкершілігіне,
сезіміне, санасына қызмеғт етеді. Іс - әрекетке түрткі белгілі бағыт
береді. Түрткінің мазмұны мен сапасына лайық адамның тұрақтылығы байқалады,
көздеген мақсатына жетеді.
Ішкі мотивация, егерде оның еңбекке қанағаттану мен өнімділігі
мотивтері арқылы қарайтын болсақ өте ыңғайлы болып келеді. Одан соң, дұрыс
әсер ету дәрежесіне байланысты, сыртқы дұрыс мотивация өз орнын табады.
Алайда, сыртқы дұрыс мотивация мен сыртқы кері мотивацияны ішкі мотивация
бойынша салыстырып қарағана тұрақтылығы төмен болып келеді. Олар өзінің
жоспарланған жұмыс күшінен тез айырылып қалуы жиі кездесіп тұрады. Сонымен
қатар, материалдық марапаттау мөлшері бір дәрежеде қалатын болса, уақыт өте
келе өз мотивациялық күшін жояды. Сондықтан да дамыған батыс елдерінде
жұмыс істеу мерзіміне байланысты жалақы мөлшерін 5 және 10 жылдан кейін
емес, қысқа уақыт арасында көбейтіп отырады. Жиі қайталанғандықтан, сыртқы
кері мотивацияларда өз күшінен айырылады.
Мотивациялардың түрлері, еңбек өнімділігіне ғана емес, сонымен бірге
жұмыскердің өзіне де әсер етеді. Қанағаттанудың жоғарғы дәрежесіне жету,
ішкі мотивация басым болса, өзінің көздегенінінен басқа да алға қойылған
мақсатты жүзеге асыруда нәтижесін береді. Ол адамның ішкі міндетерінің және
қоғамға қажетті іс-шаралардың атқарылуына өз септігін тигізеді. Егер ішкі
мотивация адам дамуының негізгі көзі болатын болса, ол кәсіби шеберліктің
шыңдана түсуіне алып келеді. Ал сыртқы мотивация адамның өз басындағы
қызыушылықтары мен мақсаттарының орындалуын көздейді.
Сыртқы мотивация кәсіби дамуды өз дәрежесіне жеткізбейді,
ішкіқажеттіліктер салдарынан туатын қысымның әсерінен еңбекші қызметке
айналдырады. Әсіресе жеке адамдар үшін кері мотивтердің зияны көп тиеді.
Олар көбіне жауапкершіліксіз болуына, белсенділік көрсетпеуіне конформизмге
және шектеулердің бар болуына алып келеді. Шетел және отандық авторлардың
жоғарыда көрсетілген зерттеу жұмыстарында еңбектің әр түрлі мотивациялары,
жалпы қоғамдық қатынасқа, атқарылатын қызметке, жеке адамның көздеген
мақсатына, еңбек субьектілерінде ер және әйелдердің орнына байланысты
болатындығы көрсетілген.
Кәсіби іс-әрекеттегі мотивация мәселесімен айналысқан зерттеушілер
мотивацияны қызметкерлердің кәсіби деңгейін жоғарлатудағы факторлардың бірі
ретінде қарастырады (А.К.Маркова, А.А.Бодалев, А.П.Ситников. А.Климов).
Сонымен қатар, еңбек іс-әрекеттің мотивациясын зерттеген ғалымдар
Л.Н.Захарова, Е.П.Ильин, П.П.Якобсон. Л.Н.Захарова: Кәсіби іс-әрекеттің
тиімділігін анықтайтын мотивация, нақты кәсіби іс-әрекеттің мотивтер
құрылымына байланысты болады деген.
Еңбек іс-әрекетінде мтоив П.П.Якобсонның пікірінше: Кейде мотив
кәсіби іс-әрекет жобасынан бұрын, қалыптасады, ал кейде кешеуілдейді,
осыған байланысты әрекет нәтижесі де әр түрлі болады.
Еңбек іс-әрекетін зерттеуде және психологиялық ерекшеліктерін
анықтауда әдістердің біртұтастығын сипаттайды. Еңбек іс-әрекетінің
психологиялық құбылысын, заңдылықтарын зерттеуде төсендегі әдістердің
кешенді құрылымын көрсетеді:
• жұмыс құжаттарын талдау (нұсқау, ережелер және тб.) – ол нақты еңбек
іс-әрекетінің өзіндік ерекшелігімен танысу;
• жұмыс процесін бақылау – еңбек мазмұны туралы визуалды ақпарат жинау
үшін;
• хронометраж – еңбек процесінің уақыттық параметрін бағалау;
• сұрақ-жауап (әңгімелесу, сауалнама және тб.) - еңбек субьектісі
туралы жазбаша және ауызша ақпарат жинау;
• өзіндік бақылау және өзіндік есеп – еңбек тапсырмасын орындауда
субьектінің өзіндік көзқарасы, талдауы, уайымы;
• еңбек әдісі – экспериментатордан еңбектің ерекшеліктері туралы
ақпарат;
• биографиялық әдіс - өмірлік және кәсіби жол туралы талдау;
• физиолгиялық-гигиеналық талдау – іс-әрекеттің жағдайымен танысу;
• эксперимент (табиғи және зертханалық) – еңбек субьектісінің
психологиялық ерекшеліктерін зерттеу.
Еңбек іс-әрекетін зерттеуде, мамандықтарға талдау жасағанда
профессиография өте маңызды. Профессиография – мамандықтың құрылымы мен
мазмұнын сипаттау және зерттеудің кешенді әдістері. Бұл сандық және сапалық
жүйелі түрде алынған анықтамалар мен жан-жақты зерттелген еңбек іс-
әрекетінің психологиялық ерекшеліктерін талдау.
Мамандық және кәсіби әрекет түрлері өзіндік ерекшеліктеріне сәйкес
жан-жақты және динамикалы. Отандық және шет елдік сараптамалардың
мәлімдемесі бойынша 7 мыңнан 35 жуық мамандық түрлері саналынған. Ғалымдар
кәсіби еңбек пен мамандықтарды психологиялық немесе кәсіби белгілеріне
байланысты жүйелеу және салыстыру қажеттігін тұжырымдаған.
Е.А.Климов көп жақты факторларға негізделіп Мамандықтардың төрт
қабатты жіктеуін ұсынды [16]. Бірінші қабаты мамандық типтеріне байланысты
бес жүйеден құралған:
1. адам – тірі табиғат – агроном, микробиолог және тб.;
2. адам – техника – слесарь, механик, оператор, тб.;
3. адам-адам – дәрігер, мұғалім, сатушы және тб.;
4. адам –белгі жүйесі – математик, редактор және тб.;
5. адам – көркемдік бейне – дирижор, суретші, артист және тб.
Екінші қабаты еңбектің мақсатына сай үш түрлі класқа топталған:
1. гностикалық мамандық ( грекше - білім) – дегустатор, контролер,
социолог тб.;
2. көркемделуші мамандық – малшы-шебер, токарь, мұғалім, бухгалтер тб.;
3. ізденуші мамандық – бақылаушы-ұшқыш, инженер-конструктор, тәрбиеші тб.
Үшінші қабатта еңбектің негігі құралдары арқылы жоғарыдағы мамандықтар
бөлінеді:
1. қол еңбек мамандығы;
2. қол-машина еңбек мамандығы;
3. автоматтандырылған және автоматты жүйедегі мамандықтар.
4. еңбектің қызметтік құралдарымен байланысты мамандық;
Төртінші қабатта еңбек жағдайының белгілері бойынша топтастырылады:
1. бірқалыпты микроклиматты бөлмедегі жұмыс – зертханашы, бухгалтер тб.;
2. ашық ауаудағы жұмыс – агроном, инспектор, тб.;
3. ерекше жағдайдағы жұмыс – шахтер, өрт сөндіруші тб.;
4. жоғары жауапкершілікті қажет ететін жұмыс – тәрбиеші, мұғалім,
дәрігер.

1.2 Тұлғаның қалыптасуында кәсіби еңбектің маңыздылығы
Адамның өзін -өзі тәрбиелеуі, жар таңдап, отау құруы, сөйтіп
жұрт қатарына енуімен өзектесіп жататын мәселенің бірі- мамандықтаңдау.
Соңғы кезекті жүргізілген зерттеулер ( анкета, сұхбат, т.б. ) жастардың
мамандық таңдай білуге байланысты ой-пікірлері мен тебіреніс –
толғаныстарында бұл мәселенің қоғамдық-әлеуметтік жағынан гөрі жеке бас
мүддесіне көбірек қатыстылығы байқалып жүр. Әрине, бұл айтылғандар қазіргі
нарық экономикасына көшу кезіндегі өтпелі дәуір тудырған жәйт болса керек.
Жеке мүдде қазіргі кезде ел-жұрт психологиясына елеулі әсер етіп тұрған
фактор екендігі белгілі. Заман талабы жастардың тек мал шаруашылығы,
өндіріс, құрылыс маманы ғана болмай , сауда, алыс-беріс, бизнес ісіне де
көптеп мамандануын қажет етіп отыр.
Үлкен өмірге енді ғана аяқ басқан жас ұланның алдында мыңдаған
мамандықтан өзіне лайықты біреуін таңдау міндеті тұрады. Әр адамның бірнеше
кісіппен айналысуға қабілеті болғанымен, соның біреуіне ынтасы ерекше
ауады. Өйткені, әр кәсіпке қажетті қабілеттілік деңгейі түрлі дәрежеде
болады. Мәселен, ұшқыштық қабілет тек ұшу немесе оған жаттығу кезінде емес,
спорт ойындары кезінде , математикалық қабілет шахмат ойыны үстінде
қалыптаса бастауы мүмкін. Мамандықтың белгілі бір түріне бағыт-бағдар беру
– кәсіптік бейімделу (адаптация ) мәселесіне келіп тіреледі. Мәселен,
өндіріске жаңадан келгендерге тәжірибелі жұмыскерлер алғашқы кезде көбірек
көңіл бөліп , олардың әрқайсысына қамқорлық көрсетіп, жұмыстағы кемшілік-
олқылықтарын түзеп, қабілеттерін сүйеп, демеп отырады. Бұл жәйт жас адамның
өмір жолын дұрыс таңдай алуына, өз мүмкіндігіне сенімін нығайтып, бекіте
түседі. Кәсіпке бейімдеудің сан алуан жолдары мен әдістері бар. Солардың
ішінде жұмысшы қатарына қабылдау, өмірге жұмысшы жолдамасын беру, т.б.
салт-дәстүрлердің маңызы ерекше.
Кәсіпке бейімделу элементтері мектептегі оқу-тәрбие процесінде де
жүргізілсе құба-құп. Мәселен, сабақ үстінде, әр түрлі үйірме жұмыстары
кезінде шәкірттерді практикалық мәні бар қызметпен жәй таныстырып қоймай,
оларды бұл іске тікелей араластырған абзал. Мамандық таңдауда қазақ жастары
белгілі жазушы , әмбебап –ғалым Ж.Аймауытовтың Жан жүйесі және өнер
таңдау атты еңбегінен де жақсы ақыл-кеңестер алуына болады. Автор
мамандықтың жаманы жоқ, бірақ, мұның кез-келгеніне икемділік қажет, бұл жәй
күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді , зор шеберлікті
қажет ететін нәрсе дейді. Кімде-кім өзіне біткен ыңғайына қарай өз
жолымен қызмет етсе өз басына да, әлеуметке де үлкен пайда келтірмек. Өз
орнында істеген адамның жұмысы да өнімді , берекелі болмақ ... әр өнер , әр
қызмет мемлекетке ,әлеуметке керек. Әлеумет те , мемлекет те әр адамның
еңбегі біркелкі пайдалы болуын тілейді : неғұрлым әр мүшесінің еңбегі
жемісті болса , соғұрлым әлеумет тұрмысы да тез оңалмақ.
Ғалым қазақ жастарына егін салу, сауда-саттықты үйрен, ден
саулығыңды күт , шаруа-тұрмысыңды түзет, газет-журнал , кітап оқуңға
машықтан , өнегелі, зиялы, алуан өнерді білетін кісі болуға тырыс дей отыра
: Жұрттың бәрі әкім, коммисар болғанда осынша қызметті істеуші кіәм
болмақ?-дейді, кейбір жастардың әкімшілік, заң, сот жұмыстарына шектен тыс
әуес болатындығын , бұлардың қызметтің осы саласына қызығуы өнері қысқаннан
туып отырмағанын , бұл бір жұқпалы дерт сияқты нәрсе екенін, халқымыздың
бәрің бірдей қойшы болсаң- құл боларсың, бәрің бірдей тойшы болсаң – жын
боларсың деген аталы сөзіне негіздеә келе , жеріне жеткізе айтып кетеді.
Қазіргі кездегі қазақ елінің тыныс-тіршілігін, салт-санасын
жаңарту жолында әрекет етіп жүрген жастарға Ж.Аймауытовтың мына ойлы
сөздері де ерекше маңызды: Оқыған азаматтың қызметке тұрлаусыздығы, білімі
аз , шалалығы, еліктегіш, мансапқорлығы, кеңсешілдігі, пайдакүнемдігі,
негізгі мақсат, мұрыты жоқтығы, берік жол тұтына алмайтындығы- осының бәрін
шын әлеумет қызметкерінің піспеген, шынықпағандығын көрсетеді Қазір де
біздің арамызда мұндайлар аз ба? Әсіресе нарықтық экономикаға араласуды
желеу етіп , тек табыс табуды ғана ойлап, ақша қуып кеткен кейбір жастар
қоғам, әлеумет, халыққа қызмет істеу мәселелерін естерінен шығарып,
имандылық пен адамгершілікке жат, келеңсіз қылықтар жасап жүр. Бұдан әрі
ғалым мамандық таңдауда кісінің жеке қасиеттері мен кейбір тумыстан
берілетін ерекшеліктерін ескеру қажеттігін , бұл жерде әр кісі өзін-өзі
басқарып, өзін жетілдіре түсуге , кісілікке ұмтылуға ерекше мән беруін ,
яғни өзінде қандай талант, қандай зеректік , қандай бейімділік , бір сөзбен
айтқанда, қандай қабілет бар екендігін білуі қажеттігін ескертеді. Өйткені
өзін-өзі танымаған , өзгені тануға да шорқақ болады.дегендей небір тамаша
ақыл-кеңес берген еді [3].
Қазіргі жастар тәрбиенің сыңар обьектісі емес , олар өз өмір жолын
заман талабына орайластыра құруға қабілеті жететін, шығармашылықтық істің
өкілдері. Олар нарықтық қатынастарға өтудің небір сүйініш – күйініштеріне
ересек адамдармен бірге тізе бүгіп, мұны өз бастарынан кешіруде. Бұл жәйт
оларды бұрынғыдан гөрі ертерек есейте түсуде . Бірақ та қоғамдағы әр түрлі
проблемеларды жеңе білуде жастарға аға ұрпақтың көмегі мен ақыл-кеңестері
әліде бұрынғыша қажет бола бермек. Сондықтан қазіргі бозбалалар мен
бойжеткендердің психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып , олардың
ұмтылыс талап-тілектерін үнемі демеп отыру- үйдегі, түздегі тәлімгерлердің
абыройлы парызы.
Енді адамның өмір сүруінің құндылығы неде дегенге келсек, ол өмірде
өзінің құмарлығынқандыруды місе тұтпайтын, өзі өмір сүруге қажетті шекараны
аттап өтіп, өзінің мүмкіндіктерінен арғы нәрселерді де білуге тырысатын жан
иесі. Адам өзінің өмір сүру шекарасынан, одан арғы жаратылыс
құпиясын білуге үш түрлі жолмен талпыныс жасайды. Біріншіден – ол өзінің
өмірде бар екенін , осы өмірдегі тіршілік иесі басқаларға білдіртуді мақсат
етеді. Адамның өмірді өзін-өзі нығайтуының, өз мүмкіндігін іске асыруының
жолдары алуан түрлі: ол сурет салу, кесте немесе өрме тоқудан,
таңертеңгілік жаттығудан басталып, спорт пен көркемөнердің, саясат пен
ғылымның алуан түрлерімен айналысу, түрлі қызмет атқару арқылы іске
араласады. Сөйтіп адам өмірде өзінің бойындағы қабілетін іске асыруда
басқаларға ұқсамайтын өзіндік қолтаңбасымен ерекшеленуге тырысып бағады.
Мысалы, шебер ұсталар соққан пышақты немесе қанжарды, тоқымашылар тоқыған
алаша, кілемдерге қарап отырып оның кімдікі екенін бірден айтуға болады.
Адам өрімде де бір-біріне ұқсамайтын өзіндік мінез-құлық ерекшелігімен
дараланса, өнерде де өз қолтаңбасымен даралануға тырысып бағады. Мұны
адамдардың өмірде өз бойындағы қабілеті мен талантын танытуды, ерекшеленуі
дейміз.
Екіншіден – адамдар өзінің бұл өмірде бар екенін айқындауды қоғамдық
ортада басқалармен қарым-қатынас жасау арқылы іске асырады. Қарым-
қатынастың алғашты түрі мен және сен деп бөлуден басталады да, әр адам
өзінің менің басқалармен қарым-қатыныста танытуға тырысады. Ал басқа адам
сол сияқты қарым-қатынасты өзінің бойындағы қасиеті мен іскерлігін танытуға
тырысып бағады. Сөйтіп әр адамның өмірдегі қабілеті мен іскерлігі адамдар
арасындағы қарым-қатынаста ашылып, белгілі бола бастайды.
Үшіншіден - адам баласының өзі өмір сүріп отырған ортадан ары
шығуға талпынуы, өзінің іс-әрекетін өзінен жоғарғы, үлкен өмірге қатыстыру
арқылы іске асыру.
Адам өз бойындағы мүмкіндігі мен қабілеті басқалармен қарым-
қатынас арқылы іске асыратын болса , ол бұл жерде өзіне идеал тұтатын, үлгі-
өнеге алатын озық ойлы қайраткерлерді пір тұтып , бас иеді. Ол тілдік
шеберлікке табыну, ақынға, шешендерге немесе асыл ойдың иесі-кемеңгер
ғалымдарға табыну,ұйымдастыру қабілетімен,ерекше іскерлігімен көзге түскен,
халыққа танылған көсемдерге (лидерге) табыну, халыққа асқан өнерімен
танымал болған артистерге табыну, соларды идеал тұту сияқты болып келеді.
Жастардың мектепте оқып жүргенде атақты батырлардың немесе актерлердің,
суретші, футболшылардың өнерін көгілдір экраннан көріп, олар жайында
кітаптарды оқып, сондай болуды армандауы осы идеал тұтудың, табынудың
нәтижесі. Яғни, өзінен жоғары тұрған ұлыларға табыну, соларға ұқсап
бағу,солардың жолын қууды армандау да адам баласына тән табиғи қасиет. Бұны
ғылым тілінде адамның өмірге деген ынта,ықыласының саналы түрде іске асуы
деп қарайды. Әр адам өзінің менін өмірге саналы түрде ендіру арқылы оны
(өмірді) өз үйіме айналдырам деп есептейді. Неміс философы М.Хайдеггер
адамның қоғамдағы өмір сүруін тұрмыстық үй деп қараған.
Өкінішке орай психологиялық сәйкестік саласына негіздеу нәтижесінде
тек жаңа сұрақтар ғана туындайды, ал қарым-қатынастағы өзіндік ерекшеліктер
рөлі анықталмай қала береді. Қазіргі уақытта психологиялық сәйкестік
мәселесіне қатысты бір де бір тәсіл, сәйкестік түсінігіне қатысты
түсіндірмелер, сәйкестіктің жалпы қабылданған критериі және индикаторы да
жоқ. Осыған орай сәйкестік мәселесіне қатысты кең таралған құрылымды,
бағдарлы тәсілдерге тоқталайық. Аталған тәсіл шеңберінде серіктестердің
өзара әрекеттегі (қарым-қатынастағы) сәйкестігі психологиялық сәйкестіктің
ізделіп отырған эффектісіне қол жеткізуге мүмкіндік беретін, өзіндік
ерекшеліктерді айқындау жүзеге асырылады.
Аталған өзіндік сипаттың бірнеше деңгейі ерекшеленеді:
1. Әлеуметтік (әлеуметтік-экономикалық статус, білімі, мамандығы);
2. Әлеуметтік-психологиялық (құндылық бағдар, мақсат пен көзқарастардың
ортақтығы);
3. Психологиялық (тұлғаның мінезі және басқа да қасиеттері, ақыл-ой
деңгейі);
4. Психофизиологиялық (темперамент, эмоционалдылық, ағзаның
реактивтілігі т.с.с).
Әрбір адам өзіндік тәрбие, өзіндік сөйлеу, өзіндік бағалау, өзіндік
ұғыну арқылы өзін - өзі таниды. Адам өзінің сыртқы дүниесін ғана танып
қоймай, сондай – ақ сол арқылы әрекет жасауға тырысады. Адам обьективті
шындықты бейнелендіре отырып, сол процестерді ғана емес, сонымен бірге
сезіне алатын және ойлай білетін тіршілік иесі ретінде өзін - өзі, өзінің
мұрат – мүдделерін, адамгершілік бет – бейнелерін де саналы түрде түсінуге
шақырады.
Жеке тұлға алдымен белгілі қоғамның мүшесі. Ол қандай болмасын бір
іспен айналысатын, азды-көпті тәжірибесі, білімі мен дағдысы, икемі,
белгілі дүние танымы, сенімі мен талғам-мұраты, бағыт-бағдары мінезі,
қабілеті бір сыдырғы қалыптасып үлгерген өзінің іс-әрекетін тізгіндей
алатын кісі. Әрбір адам өзіндік тәрбие, өзіндік бағалау, өзіндік түсіну
арқылы өзін - өзі таниды. Өмір адамның сыртқы дүниесін танып біліп қоймай,
сондай – ақ өзін де танып білуді талап етеді.
Адамды адамның тану ерекшеліктерін А.А.Бодалев жас және жеке дара
ерекшеліктеріне бөле отырып, неғұрлым жасы үлкейген сайын олардың қабілеті,
танымы мен сенімі туралы пікірлері өзгере түседі, олардың еңбекке
көзқарасын, адамның еркі мен өзіне тән ерекшеліктерді жақсы ажыратады.
Адамның өзіндік сипат белгілері – оның еңбектену әрекеті нәтижесінде
материалдық игіліктерді өндіретіндегі, дыбысты анық сөйлеу тілі арқылы
тәжірибе алмасатындығы.
Жеке адам қоғамдық өмірде тіршілік етіп, өзге адамдармен қарым –
қатынас жасайды. Осындай әрекеттеріне сәйкес жеке адамның тұлғалық
сипаттары, қадір қасиеттері , іс-әрекет жасау қабілеттері қалыптасады.
Тұлғаның кісілік қасиеттері мен даралық ерекшеліктері оның іс-әрекеттегі
белсенділігінің өрістеуіне ықпал етеді.
Балалар мен ересек адамдардың әр алуан іс – қимылы нәтижесінде олардың
автоматталған әрекеті – дағдылары, іс - әрекет түрлерін орындауға
бейімділігі мен ептілігі, тіршілікке қажетті әдеттері қалыптасып, адамның
анатомиялық, физиологиялық және психикалық жағынан дамып жетілуіне әсер
етеді. Оның рухани өмірінің мазмұнын байытады. әсіресе өзінің іс -
әрекетін қадағалап, жағымды жетістікке жетуге мүмкіндік алады. Өзін өзі
бағалау арқылы іс -әрекетінің нәтижесін қадағалайды. Дағды, ептілік, ниет,
әдет адамның өзіндік бағалауының алғы шарттары. Жеке адам санасы мен
ақылы арқылы дараланады. Оның дыбысты анық тілі, еңбектену әрекеті қоғамдық
жағдайда, бір – бірімен қарым – қатынаста қарастырылады. Іс - әрекеттің
жеке тұлға дамуындағы ерекшеліктері әрекетінің нәтижесінен көрінеді. Оқу,
еңбек, ойын – адамның дамып жетілуіндегі және қажеттіліктерін өтеудегі
негізгі әрекет түрлері.
Адамының іс - әрекетін тиімді ұйымдастыру оның өз ісіне қызығу мен
жауапкершілік сезімін оятады. Адам өмір сүру барысында өз психикасын түрлі
жолмен жарыққа шығарады. Мектеп жасына дейінгі бала өз психологиясын ойын
арқылы көрсетсе, мектеп оқушысы оқу әрекетінің нәтижесімен бағалаланды. Ал
ересек адам өзіне тән ерекшеліктерін еңбек процесінің сан алуан салаларында
көрсетеді. Осындай мәселенің байыбын барлап оның тиімді жолын табу
әлеуметтік өмірде адамның жеке басының қалыпты дамуын қамтамасыз ете алмай,
оған зиянды әсер етері даусыз. Мақсатсыз ұйымдастырылған іс - әрекет
болашақ ұрпақтың бойында да жағымсыз мінез-құлықтардың туындауына ықпал
етуі мүмкін. Іс - әрекетті баланың дамуы мен оның қалыптасуына жағымды әсер
ететіндей жоспарланады.
Ересек адамдардың еңбек әрекеті нәтижесінде олардың автоматталған
әрекеті – дағдылары, іс - әрекет түрлерін орындауға бейімділігі мен
ептілігі, тіршілікке қажетті әдеттері қалыптасып, адамның анатомиялық,
физиологиялық және психикалық жағынан дамып жетілуіне әсер етеді. Оның
рухани өмірінің мазмұнын байытады.
Дағды – адамның белгілі іс - әрекетті сан рет қайталап отыруы
нәтижесінде қалыптасып, автоматты түрде орындалатын ісі. Дағдының
қалыптасуы қимыл – қозғалысьар мен әрекет жасауға орай бірнеше сатылардан
тұрады.
Адамның әрекетіндегі ептілік бейімділік - белгілі бір істі атқаруға
бейім тұру, өзінің игерген білімін, дағдысын түрлі жағдайда қолдана білу.
Ептілікке жадамның өз білімін, дағдысын өзгешелеу ұқыптылық қасиетін
көрсетеді. Ептіліктің тағы бір ерекшелігі адамның өз білімін қажет болған
жағдайда қолдана білу әрекетінен анық байқалады.
Әдет – адамның іс - әрекетіндегі мінез – құлыққа байланысты тұрақты
қасиеті. Психологиялық тұрғыдан алғанда әдет адамның белгілі іс - әрекет
түрін бұрынғы өмір тәжірибесінде қалыптасқан дағдылары мен біліміне сүйене
отырып жүзеге асырылады. Әдет – адамның қажеттілігін өтеуге сәйкес
қайталанып отыратын әрекет. Ол адамның кез келген іс - әрекетінің түрінде
кездеседі.
Ниет - адамның белгілі қажеттіліктерді қанағаттандырудағы іс -
әрекетіне байланысты психологиялық көңіл – күй. Қажеттілік – адамның
белсенді әрекетін тудыратын қозғаушы күш, ал ниет – сол қажеттіліктің нақты
көрінісі. Ниет адамды түрлі әрекеттерге ұмтылдырады.
Қызығу – адамның танымдық қажеттіліктерді сезіп, олардың айқын түрде
түсіндіруге жан дүниесінің сілкінісі. Қызығу барысында адам өзінің әр
нәрсені танып білу қажеттілігін қанағаттандыру үшін қилы белсенді түрде
меңгеру керектігін түсінеді.
Сенім – адамның белгілі бір түсініктеріне сәйкес қажеттіліктерін
қанағаттандыру жүйесі. өз қажеттілігін орындау жолында адам дүниетанымдық
көзқарасында, табиғат пен қоғам заңдылықтары жөнінідегі ұғымдарына, өмір
тәжірибесіне сүйене отырып іс - әрекет жасайды.
Ұмтылу – адамның іс - әрекетті атқаруға талаптанып, белсенділігін
қуаттайтын ниеті. Адам өз қажеттілігін өтеудің жағдайын нақты болжамдып,
көз алдына елестете алмаса да көздеген мақсатына жету үшін қуатын жұмсап,
талаптанады. Адамның жеке бағыт – бағдары, бір іс - әрекетті орындауға
талпынысы, сол әрекет негізінде туындаған арманы, құмарлығы, әр түрлі
мақсаттарға жету жолындағы әрекеті – оның даралық қасиеттеріне тән
психологиялық ерекшеліктер.
Адамдар өзара тілдесіп өмір сүруге бейімделуі организм тіршілігі
үшін су мен ауа, күн шұғыласы сияқты табиғи қажеттілігімен бірдей. Бұл
мәселенің өзектілігі қазіргі кездегі адамдардың іс-әрекетінің ұжымдық
ерекшелігінің артуымен байланысты, тәжірибенің талаптарымен байланысты және
адамдарды ұйымдастырудың, басқарудың тиімділігінің өзекті мәселелерімен,
олардың араларындағы қарым-қатынастың күшеюін реттеу, тәрбиелік және
психотерапиялық әсерлерді қолдану мәселеріне байланысты. Сондықтан, баланың
іс - әрекетін ұйымдастыру арқылы оның неге қабілетті екенін анықтаумен
қатар болашақта жағымды жетістікке жетуге мүмкіндік туғызады. Ол баламен
оған бағыт беруші ата-ана, педагог немесе үлкендердің ықпалымен іске асады.
Біріккен іс-әрекеттің тиімділігі, көбіне жеке тұлғалық және топтық
мүмкіндіктердің қолайлы жүзеге асуына байланысты болады. Топтағы қолайлы іс
-әрекет тек оның нәтижелерінің өнімділігіне ғана әсер етпейді, сонымен
бірге адамды қайта қалыптастырады, оның жаңа мүмкіндіктеріне жол ашады.
Осыған байланысты өзара әркеттесудің стилін үйлесімді ету қажеттілігі
туындайды.
А.Н.Леонтьев тұжырымынша тұлға психологиясы аясында жүргізген
зерттеулерінде тұлғаның қалыптасуында өзінің іс-әрекеттік көзқарасының
бастапқы бағыттарын нұсқай отырып, іс-әрекетіне баға беретін, адамның
өзімен-өзі күресуінсіз қажетті мінез-құлықты қамтамасыз ететін жақтарын
меңгеруі қажеттігін ерекше атап өтті [21].
Қазіргі кезде қоғамдық еңбек пен өндіріс орындарында еңбек адамдарымен
тіл табысып, олардың күнделікті мұқтаждықтары мен талап-тілектеріне жете
мән беріп, оларға жете назар аударып отыру. Мұндай талаптарды жүзеге асыру
кәсіпорындары мен ұжымдардағы қоғамдық әлеуметтік мәселелерді байыпты шешу
екендігі өмір тәжірибесі айқын көрсетіп отыр. Адамдардың қоғамдық жұмыс
түрлерінде еңбек өнімділігін арттыруы, олардың жасаған өнімдеріне саналы
түрде жауапкершілікпен қарауы ең алдымен, сол ұжымда қалыптасқан әлеуметтік-
психологиялық ахуал орнатуға тәуелді болып отыратындығы мәлім. Еңбек
ұжымындағы адамдардың өнімді еңбегі мен қоғамдық санасын көтеру тек сол
ұжымдағы адамдардың өзара қатынасына басшылық ететін жетекші кадрлардың
іскерлігі мен әрбір адамның жан дүниесінің сырына бойлай қарап, оларға
қамқорлық жасауына тәуелді.
Біріккен іс-әрекеттің тиімділігі, көбіне жеке тұлғалық және топтық
мүмкіндіктердің қолайлы жүзеге асуына байланысты болады. Топтағы қолайлы
ахуал тек оның нәтижелерінің өнімділігіне ғана әсер етпейді, сонымен бірге
адамды қайта қалыптастырады, оның жаңа мүмкіндіктеріне жол ашады. Осыған
байланысты өзара ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Еңбек іс-әрекеті және жас мамандардың кәсіби қызметке бейімделуінің теориялық мазмұны
Қызметін жаңа бастаған ауыл мектебі мұғалімінің кәсіби бейімделуінің педагогикалық жағдайлары
Тәлімгерлікті ұйымдастыру тәртібі
Жас мамандардың жұмыс орнына бейімделуі
Кадрларды таңдау жүйесін жетілдіру
Оқушыларды оқу жағдайларына бейімдеудің психологиялық - педагогикалық ерекшеліктері
П.Я.Гальпериннің ақыл-ой әрекетін кезең бойынша қалыптастыру теориясы
Мамандарды таңдау, тіркеу, дайындау мен тәрбиелеу
Колледж оқушыларын оқу жағдайларына бейімдеудің психологиялық - педагогикалық ерекшеліктері
Туризм – бұл халықтың рекрациялық қажеттіліктерін тиімді түрде қанағаттандыратын экономиканың өндірістік емес саласы
Пәндер