Сот шешімі


РЕЗЮМЕ

Гражданский процесс постепенно становится эффективным инструментом защиты прав и законных интересов всех субъектов гражданско-правовых отношений. Конституционное закрепление решимости создания демократического общества и правового государства в Казахстане требует принятия качественного законодательства, правоприменения, безошибочной работы судов, признания авторитета суда.

Судебная ветвь власти в глазах общества выступает как гарант защиты прав и свобод человека и гражданина. Не менее важно и то, что судебное акты - это оценка эффективности законодательства в соответствии с объективными потребностями общества, поскольку именно судьи, отправляя правосудие, первыми сталкиваются с проблемой применения и толкования законов, их несовершенством, противоречивостью и т. д.

Этим и обусловлена постановка приоритетных задач для судебных органов, в числе которых: защита прав, свобод и законных интересов граждан и организаций, обеспечение исполнения Конституции, законов, иных нормативных правовых актов, международных договоров республики, обеспечение гарантий судебной защиты от любых неправомерных решений и действий государственных органов, организаций, должностных и иных лиц, ущемляющих или ограничивающих права, свободы и законные интересы, предусмотренные Конституцией и законами республики, недопущение лишения права на рассмотрение их дела с соблюдением всех требований закона компетентным, независимым и беспристрастным судом.

Необходима научно-обоснованная разработка необходимых механизмов эффективной реализации судебного акта в Республике Казахстан. Например, еще встречаются такие факты, когда суды, желая уклониться от ответственности за принимаемое решение, необоснованно возвращают или оставить без движение гражданские дела. Существуют отдельные проблемы в деятельности судов по рассмотрению гражданских и хозяйственных дел. Многочисленные жалобы физических и юридических лиц о ненадлежащем рассмотрении судами дел также не способствуют поднятию имиджа судов, вызывая недоверие и неверие в справедливость.

Целью дипломной работы является изучение решения суда первой инстанции и определения его значения в гражданском процессуальном законодательстве.

В ходе диссертационного исследования использовались 45 специальных литературы.

Дипломная работа состоит из введения, три главы и заключения, в завершении работы дана список использованной литературы.

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 4

1 СОТ ШЕШІМІ - ІСТІ МӘНІ БОЙЫНША ШЕШЕТІН СОТТЫҢ ҚАУЛЫСЫ РЕТІНДЕ

1. 1 Сот шешімінің түсінігі, мәні . . . 7

1. 2 Сот шешімінің мазмұны . . . 22

1. 3 Шешім шығару, оны жариялау . . . 34

2 ЗАҢДЫ КҮШІНЕ ЕНГЕН СОТ АКТІЛЕРІН ҚАДАҒАЛАУ ТӘРТІБІМЕН ІС ЖҮРГІЗУ

2. 1 Сот шешімінің заңдылығы және негізділігі . . . 36

2. 2 Сот актілерін қадағалау тәртібімен қайта қарау . . . 46

2. 3 Қадағалау тәртібімен іс жүргізудегі сот өкілеттігі . . . 48

3 СОТ ШЕШІМІНДЕГІ КЕМШІЛІКТЕРДІ ТҮЗЕУДІҢ ТӘЖІРИБЕЛІК МАҢЫЗЫ

3. 1 Қосымша шешім шығару . . . 71

3. 2 Шешімдегі қате жазулар мен айқын арифметикалық қателерді түзеу . . . 75

3. 3 Сот шешімін түсіндіру . . . 76

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 78

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . / . . . 80

КIРIСПЕ

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Азаматтық iстердi қарау кезiнде сот сот өндiрiсiн қозғаумен, iстi сотта қарауға әзiрлеумен, iстi қарау және оны мәнi бойынша шешумен, сот шешiмдерiн апелляциялық немесе қадағалау тәртiбiмен қайта қараумен, сот шешiмдерiн және басқа да актiлердi орындаумен байланысты әр түрлi процессуалдық әрекеттердi жүзеге асырады. Осы әрекеттердiң барлығы өзiнiң мазмұны мен сипаты бойынша процессуалдық әрекеттер болып табылады.

Соттың процессуалдық әрекеттерiнiң көпшiлiгi хаттамалармен, өкiмдермен, ұйғарымдармен, шешiмдермен, сот бұйрықтарымен, қаулыларымен және тағы басқа құжаттармен рәсiмделедi. Бұл процессуалдық құжаттар азаматтық iстiң пайда болуын, қозғалысын және шешiлуiн, сонымен қатар атқару өндiрiсiн байланыстырады. Алайда, заң барлық iс жүргiзу құжаттарын сот актiсi ретiнде тани бермейдi.

Бірінші инстанция соты азаматтық істі қарап, шеше отырып, сот билігін атқара отырып, материалдық және іс жүргізу нормаларын қолданып көптеген іс жүргізу әрекеттерін жасайды. Соттың бұл әрекеттері жазбаша түрде сот қаулылары мен хаттамаларында көрсетіледі.

Соттың бірінші инстанциясы қаулылары сот билігінің қаулылары ретінде азаматтық іс жүргізу заңында екі түрге бөледі. Оның бірі істі мәні бойынша шешетін сот шешімі болса, екіншісі істі мәні бойынша шешпейтін, тек сот әрекеттерін бекітіп отыратын сот қаулысы ұйғарым болып табылады.

Азаматтық іс жүргізу институтына сот бұйрығы енгеннен кейін соттың бірінші инстанция қаулысының үшінші бір түрі ретінде азаматтық сот өндірісіне кірді. Сонымен, АIЖК-нiң 21-бабының 1-бөлiгiне сәйкес, сот азаматтық iстер бойынша сот актiлерiн қаулылар, шешiмдер, ұйғарымдар мен бұйрықтар нысанында қабылдайды. Осылайша, сот актiсi - бұл жалпы белгiлердi иеленетiн, азаматтық iстер бойынша шығарылатын төрт түрлi iс жүргiзу құжаттарын қамтитын ұғым. Сот актiсi құқық қолдану актiсi болып табылады. Онда құқық туралы дауды немесе басқа да даулы құқықтық мәселенi шешу үшiн соттың процессуалдық және материалдық құқық нормаларын қолдану процесi көрiнiс табуы және аяқталуы тиiс. Басқа құқық қолдану актiлерi сияқты сот актiлерiне мынадай жалпы белгiлер тән: қолданылатын құқық нормаларының негiзiнде және соларға сәйкес құрылады; әр түрлi мағынаға ие және нақты жағдайға қатысты қолданылады; ресми актi-құжатты бiлдiредi.

Басқа құқық қолдану актiлерiнен ерекшелейтiн сот актiлерiнiң ерекшелiктерi сот қызметiнiң пәнiне, сот төрелiгiнiң сипатына байланысты.

Сот актiсi:

  1. Сот әдiлдiгi органының еркiн бiлдiретiн акт;
  2. Тараптар мен үшiншi жақтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн қорғауды басты мақсаты етiп қояды;
  3. Азаматтық iстi дұрыс шешу мен оларды шығаруға қойылатын талаптарды сақтауға кепiлдiк беруге бағытталған белгiлi бiр iс жүргiзу тәртiбiмен шығарылады;
  4. Белгiлi бiр кезектiлiктi сақтайды, яғни белгiлi бiр құрылымы бар;
  5. Тұрғылықты жерi немесе орналасқан жерi Қазақстан Республикасы болып табылатын барлық жеке және заңды тұлғаларға мiндеттi болып табылады.

Сот актiлерi, бiрiншi сатыдағы соттың ұйғарымдарын қоспағанда, заңды күшiне енедi (талап қоюдан бас тартумен және бiтiмгершiлiк келiсiмдi бекiтумен байланысты iс бойынша iс жүргiзудi тоқтату туралы ұйғарымдардан басқасы) . Нәтижелерi сот актiлерiнде бекiтiлген сот қызметiмен қатар, азаматтық iс жүргiзу нысанымен қамтылмайтын, сот төрелiгiмен тығыз байланысты болса да, оның шегiнде жатқан басқа қызметтi ажырату қажет. Бұл - iс өндiрiсi және соттық басқару. Iс өндiрiсi - азаматтық iстi қарау мен шешу бойынша қызметке техникалық қызмет көрсету (хаттама жасау, сотта iс қарауға қатысушыларға хабарландыру жасау мен оларды сотқа шақыру) .

Соттық басқару тұтастай сот саясатын ұйымдастыруға, сот жүйесiнiң әрбiр буынының соттарының сот төрелiгiн жүзеге асыру саласын жоғарлатуға және сот қызметтерiн материалдық-техникалық және басқалай қамтамасыз етуге бағытталады. Берiлген алдағы қызмет, мысалы, жергiлiктi соттардың қызметiн тексеру нәтижелерi бойынша Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының актiлерiнде, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы соттық әкiмшiлiктендiру Комитетiнiң актiлерiнде және т. б. актiлерде көрiнiс табуы мүмкiн. Мұның үстiне соттық басқару соттың тәуелсiздiгi және сот төрелiгiн жүзеге асыру кезiнде соттың қызметiне ешкiмнiң араласпау қағидасын қатаң сақтаумен жүзеге асырылады.

Жұмыстың мақсаты . Қазақстан Республикасы азаматтық іс жүргізу заңнамасындағы сот шешімі мәселелеріне тарихи, теориялық және салыстырмалы талдау жүргізу, сот шешімінің заңдылығы және негізділігі, сот шешіміне қойылатын өзге де талаптардың сақталуы мәселелерінің тәжірибесін зерттеу болып табылады. Бұл мақсат азаматтық іс жүргізу заңнамасының және оның қолдану тәжірибесін жетілдіру үшін осы тақырып көлеміндегі теориялық мәселелерді толығымен зерттей отырып, барынша ұтымды және дұрыс бағыттағы шешім ұсыну, оларды тәжірибеге енгізу мүмкіндіктерін қарастырумен ұштасады. Жұмыстың мақсаты азаматтық іс жүргізу заңнамасының мақсатына (азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау) жетуге үлес қосуды, яғни сот шешімінің заңдылық жіне негізділік ережелерін және оның тәжірибеде көрініс табуы бойынша қолдану қағидаларын дұрыс анықтауды да көздейді.

Дипломдық зерттеудің міндеттерін алға қойылған мақсаттар айқындайды және олардың қатары төмендегідей түрде анықталады:

- сот шешімі істі мәні бойынша шешетін соттың қаулысы ретінде сот шешімінің құқықтық табиғатын ашып, айқындап, соттың шешім шығаруда қарастыратын мән-жайлар қатарын анықтау;

- сот шешіміне қойылатын негізгі талаптардың мәнін ашып көрсету және олардың азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауда сот тәжірибесіне әсер етуін ескеру;

- сот шешіміндегі кеткен кемшіліктерді қосымша шешім шығару, шешімдегі қате жазулар мен айқын арифметикалық қателерді түзеу және сот шешімін түсіндіру арқылы түзеудің тәжірибелік маңызын ескеріп, олардың мазмұнын ашып көрсету.

Зерттеудің тәжірибелік маңыздылығы жұмыс мазмұнында келтірілген қорытындыларды, шешімдер мен ұсыныстарды тәжірибеде қолданудың мүмкіндіктерін көрсетеді. Алынған қорытындылар мен ұсыныстарды:

- заң шығару қызметінде - Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу заңдарын жетілдіру жұмыстарында қолдануға, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жетекші түсініктерін дайындауда;

- құқық қолданушылық процесінде - сот шешімін қабылдау, сот шешімінің заңды күші, оның заңдылығы және негізділігі мәселелерін реттейтін заңнаманы арнайы мемлекеттік органдарының, құқық қорғау органдары мен сот органдарының дұрыс қолдану мақсатында;

- ғылыми жұмыстарда - сот шешімдерінің қабылдану тәртібі, олардың заңдылығы және негізділігі, сот шешіміндегі кемшіліктерді жөндеу мәселелері туралы азаматтық заңдардың құқықтық негіздерін дұрыс қалыптастыру үшін ғылыми тұжырымдаманы даярлауда;

- оқу процесінде - азаматтық іс жүргізу құқығы пәні бойынша және кейбір арнайы курстар бойынша оқу істерін жүргізуде, сонымен қатар, оқулық және әдістемелік құралдарды дайындауда пайдалануға болады.

Дипломдық құрылымы мен көлемі жұмыстағы зерттеліп отырған мәселелердің мазмұнына, мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес анықталады және ол кіріспеден, 3 бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланған әдебиеттер тізімінен құралады.

1 СОТ ШЕШІМІ - ІСТІ МӘНІ БОЙЫНША ШЕШЕТІН СОТТЫҢ ҚАУЛЫСЫ РЕТІНДЕ

1. 1 Сот шешімінің түсінігі, мәні

Ата заңымыз Конституцияға сәйкес Қазақстан Республикасында сот әділдігін тек сот қана жүзеге асырады. Сот билігі Қазақстан Республикасы атынан жүзеге асырылады және өзіне азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауды, Республиканың Конституциясының, заңдарының, өзге де нормативтік құқықтық актілерінің, халықаралық шарттарының орындалуын қамтамасыз етуді мақсат етіп қояды.

Әділсоттылықтың табиғаты және сот әділдігін жүзеге асырудағы мемлекет қызметін ерекшелігін сипаттайтын белгілер сот қаулыларының, әсіресе, оның ішінде сот шешімінің маңыздылығын анықтайды. Сот шешімінің маңыздылығы туралы айтқанда сот шешімі мәні кең, үстемдігі жоғары акті екендігін ескерген жөн. Белгілі бір тұлға мүддесіне қатысты шығарылған сот шешімі тұтастай қоғам мен мемлекет үшін маңызы зор.

Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінің 21 бабының 1 бөлігіне сәйкес азаматтық істер бойынша сот шешім, қаулы, ұйғарым және бұйрық ретінде сот актілерін шығарады.

Бірінші сатыдағы сот актілері жазбаша нысанында жасалынып, сот билігін жүзеге асыратын актілер [1] . Сот актісі бұл құқықтық қолдану актісі. Мұнда құқық туралы дау немесе өзге даулы мәселені шешу үшін іс жүргізуде сотпен материалдық және процессуалдық құқық нормаларын қолдануының аяқталғаны және қорытындысы көрінеді.

Сот актілеріне тән белгілер:

  • құқық нормалары негізінде және оларға сәйкес қолданумен жасалады;
  • нақты бір жағдайда қолданылады;
  • ресми акт болып танылатын құжат.

Сот актілердің басқа құқықтық қолдану актілерінен ерекшелігі сот қызметімен, сот төрелігін жүзеге асырумен сипатталады, яғни сот актісі:

сот органының ерікті (жігерлі) актісі;

  • тараптардың және үшінші тұлғалардың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін қорғауға бағытталған;
  • істі дұрыс шешуді және оны шығару талаптарын сақталуын кепілдік ететін белгіленген процессуалдық тәртіпте шығарылады;
  • белгіленген дәйектілікте қабылданады (өз құрылымы бар) ;
  • Қазақстан Республикасы аумағында тұратын немесе орналасқан барлық жеке және заңды тұлғалар үшін міндетті болады.

ҚР АІЖК бойынша іс жүргізу құжаттары ретінде бірінші сатыдағы сот қабылдайтын актілердің төрт түрі бар:

  1. сот қаулысы;
  2. сот шешімі;
  3. сот ұйғарымы;
  4. сот бұйрығы.

Сот қаулысы бұл іс жүргізу кезінде азаматтық істі қарап және шешкен соң сот шығаратын акт. Азаматтық процесте бірінші сатыдағы сот қаулысы сотпен (жеке дара, алқа құрамда) жасалатын іс жүргізу әрекеттерін ресімдейтін және тікелей заң зардаптарын туғызатын сот актісі. Бірінші сатыдағы соттың барлық іс жүргізу қызметінің нысаны бойынша ҚР АІЖК кейбір нормаларында «қаулы» ұғымы қолданылады. Мысалы, Г. В. Воронков «азаматтық іс жүргізуде сот актілері» ұғымын қолдануды ұсынады [2] .

Сот шешімі істі мәні бойынша шешетін бірінші сатыдағы сот қаулысы (ҚР АІЖК 217 б. ) . Соттар қайсыбіреулердің еркіне қарамастан тек Конституция мен Республика заңдарына сәйкес, өздеріне Республика атынан берілген билікті жүзеге асырады, іс жүргізу нысанында заңмен белгіленген сот ісін қарауға процесс мүшелерінің барлығының да белсенді түрде қатысу мүмкіндігін қамтамасыз етеді, істің ақиқатын ашады және ол бойынша заңды және негізделген шешім шығарады. Әр азаматтық істі мәні бойынша қарағаннан кейін сот шешім шығарумен аяқтайды. Сонымен сот жарыссөздерінен кейін немесе прокурор іс бойынша қорытынды бергеннен кейін сот шешім шығарады. Шешім шығарған кезде сот дәлелдемелерге баға береді, іс үшін маңызы бар қандай мән-жайлардың анықталғанын және қандай мән-жайлардың анықталмағанын, тараптардың құқықтық қатынастарының қандай екенін, осы іс бойынша қандай заң қолданылуға тиісті екенін және қойылған талаптың қанағаттандырылуға жататынын не жатпайтынын айқындайды (ҚР АІЖК 219 бабы) .

Сот ұйғарымы істі мәні бойынша шешілмейтін бірінші сатыдағы сот актісі (ҚР АІЖК 251 бабының 1 бөлігі) . Сот ұйғарымының мазмұны, субъектісі, нысаны, шығару тәртібі және шағымдану әдісі бойынша жіктеуге болады.

Мазмұны бойынша сот ұйғарымдары:

  • әзірлеумен байланысты ұйғарым, бұл азаматтық істі қозғау туралы, істі сотта қарауға әзірлеу туралы (сараптама тағайындау, мүдделі тұлғаларды іске қатыстыру және т. б. туралы), істі сотта іс қарауға тағайындау ұйғарым.
  • қорытынды ұйғарым мүдделі тұлғалардың өз еркілері бойынша істі қысқарту жөнінде (талап қоюдан бас тарту және бітімгершілік келісімін жасау туралы) ұйғарым.

Сот шешімін жүзеге асыруы бойынша ұйғарым - бұл сот шешімінің қателіктерін түзетуге және оны жүзеге асыруға қажетті жағдайлар жасауға бағытталған ұйғарым.

Жеке ұйғарым сот отырысында іс қарау кезінде ұйымдар, басқару қызметін атқаратын лауазымды немесе өзге де адамдар заңдылықты бұзған жағдайда сотпен қабылданатын ұйғарым. Мұндай ұйғарымда сотта іс қарау кезінде жасалған қателіктер және құқық бұзушылық анықтағаны, оларды жоюға шаралар қолдануға ұсыныстар көзделеді. Жеке ұйғарымның көшірмесін алган күннен бастап қабылдаған шаралар туралы бір ай мерзім ішінде хабарлауға міндетті. Лауазымды тұлға жеке ұйғарымды қараусыз қалдырғанда, көрсетілген заң бұзушылықтарды жоюға шаралар қолданбағанда, сондай-ақ қабылданған шаралар туралы заңда көзделген мерзімде хабарламау заңға сәйкес әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады. Мүдделеріне қатысы бар жеке ұйғарымға адамдар ҚР АІЖК 344 бабының 4 бөлігінде көзделген тәртіппен шағым бере алады.

Субъектісі бойынша ұйғарымдар белгілі бір тұлғаға арналған, мысалы, заң бұзушылықты жою туралы, еріксіз келтіру туралы, айып салу және т. б. Нысаны бойынша ұйғарымдар дербес іс жүргізу құжаты немесе сот отырысының хаттамасына енгізілуі түрінде шығарылады. Шығару тәртібі бойынша ұйғарымдар судьямен жеке дара немесе алқалы құрамда шығарылады, ол туралы сот отырысының хаттамасына белгілейді.

Шағымдану әдісі бойынша:

апелляциялық тәртібі бойынша шағым берілуі немесе наразылық келтірілуі мүмкін ұйғарымдар;

қадағалау тәртібі бойынша шағым берілуі немесе наразылық келтірілуі мүмкін ұйғарымдар.

Сот бұйрығы дегеніміз бұл өндіріп алушының ақшалай сомаларды өндіріп алу немесе жылжымайтын мүлікті борышкерді немесе өндіріп алушыны олардың түсіндірмелерін тыңдау үшін шақырмай-ақ және сотта іс қарамай-ақ, даусыз талаптар бойынша борышкерден талап ету туралы арызы бойынша шығарылған судьяның актісі. Сот бұйрығының атқарушылық құжат күші болады (ҚР АІЖК 139 бабының 1 және 3 бөліктері; ҚР "Атқарушылық іс жүргізу" заңының 5 бабының 1 бөлігінің 11) тармақшасы) .

Жоғарыда айтылған сот актілерінің ішіндегі ең маңыздысы және зерттеудің объектісі болып отырған ол - сот шешімі.

Сот шешімі - соттың және іске қатысушы тұлғалардың іс-әрекеттері бағытталған, бірінші инстанция сотындағы нақты азаматтық істі қараған судья шығаратын ақырғы әділсоттық актісі болып табылады. Сот шешімі талап өндірісі, ерекше талап өндірісі немесе ерекше өндіріс тәртібімен қаралған істер бойынша тек бірінші инстанция сотында ғана шығарылады.

Істі қараушы судья өз қызметінде шешім шығару үшін өзіне ұсынылған дәлелдемелерді қабылдайды, дәлелдемелерді алуға байланысты қажетті шараларды жүзеге асырады және куәларды сұрау, жазбаша дәлелдерді қарау, сараптама жүргізуді тағайындау, заттай дәлелдемелерді қарау және іске қатысушы тұлғалардың түсініктемелерін тыңдау арқылы жиналған барлық дәлелді материалдарды сот отырысында тексереді. Ақыр соңында шешім шығару мақсатында судья іс бойынша жиналған және сот отырысында талқыланған барлық дәлелді материалдарды ішкі сенімі бойынша бағалайды да, объективтік құқық нормалары негізінде дауды арызданылған талап шеңберінде шешіп және ол туралы өзінің заңды шешімін шығарады, яғни судья шешім шығару арқылы сотқа жүгінген азаматтар мен заңды тұлғалар құқықтары мен заңды мүдделерін қорғайды.

Жалпы түсінік бойынша, азаматтық әділсоттылық түсінігі мазмұнын құқық туралы дауды қараудағы соттың іс-әрекеті деп түсінуге болады. Бірақ та тек құқық туралы даулар ғана әділсоттылықты атқару саласындағы сот іс-әрекетінің пәні болып табылмайды [3, 5-6 б. ] . Бұл жерде құқық туралы дау мазмұнының ерекшеліктеріне тоқталып өткен жөн. Құқық туралы дау - бұл азаматтық, неке және отбасы, еңбек және өзге де құқықтық қатынастардан туындайды. Осындай дауларды шешуші сот алдымен нақты құқықтық қатынастың бар жоғын және бұл құқықтық қатынас элементтерінің мазмұны қандай екендігін анықтау керек.

Құқықтың бұзылуы немесе құқыққа нұқсан келтіру нәтижесі азаматтық құқық туралы дауды тудырады. Сондықтан да соттың азаматтық дауды қарауы бұзылған немесе нұқсан келтірілген талапкер құқығын қорғауға бағытталады.

Азаматтық іс жүргізу құқығы жеке және заңды тұлғалар, мемлекет және қоғам мүдделерін қорғау үшін қызмет етеді. Сондықтан да еліміздегі сот органдары сот төрелігін жүзеге асыратын кезде азаматтық іс жүргізу құқығы нормаларын басшылыққа алады. Сот тек ұсынылған дәлелдемелермен, түсініктемелермен шектеліп қоймай, істің мән-жайын, тараптардың құқықтары мен міндеттерін толық, жан-жақты және объективті анықтау үшін заңмен рұқсат етілген барлық шараларды қолдануға тиіс. Кез-келген азаматтық істі қарағанда сот шешімі тек тараптар арасындағы дауды жою және әділдікті қалпына келтірумен шектеліп қоймауы керек. Сот шешімі даулы құқықтық қатынастың шын мәнінде бар екендігін анықтап, барлық бұзылған немесе нұқсан келтірген құқыққа қорғаныш беруі керек [3, 12-13 б. ] .

Жоғарыда айтып өткендей азаматтық, отбасылық, еңбек қатынастарынан туындайтын дауларды шешумен қатар азаматтық іс-жүргізуде соттар әкімшілік құқықтық қатынастардан туындайтын істер мен ерекше өндіріс істерін де қарайды. Әкімшілік құқықтық қатынастардан туындайтын ерекше талап қою тәртібімен жүргізілетін істерге мыналар жатады: әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілетті органдардың қаулыларына дау айту туралы істер; сайлауға, референдумдарға қатысушы азаматтар мен қоғамдық бірлестіктердің сайлау құқықтарын қорғау туралы арыздары бойынша; мемлекеттік өкілді, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, қоғамдық бірлестіктердің, ұйымдардың, лауазымды адамдар мен мемлекеттік қызметкерлердің шешімдері мен әрекеттеріне дау айту туралы істер; нормативтік құқықтық актілердің заңдылығына орай даулар туралы істер; прокурордың органдар мен лауазымды адамдардың актілері мен іс-әрекеттерін заңсыз деп тану туралы жүгінуіне байланысты істер.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сот шешімі – сот әділдігі актісі, мәні және маңызы
Аралық соттар: құқықтық табиғаты
Істі аралық соттың қарауына беру
Аралық соттар: түсінігі, азаматтық юрисдикция жүйесіндегі орны, маңызы, мүмкінділігі, артықшылықтары
Азаматтық iс жүргiзудегi сот бұйрығы
Жылжымайтын мүлікті бағалау қағидалары
Азаматтық іс жүргізу құқығы қағидаларының түсінігі
ҚР банктерді қайта құру және тарату
АЙҒАҚТАР МЕН ДӘЛЕЛДЕМЕЛЕРДІҢ ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Азаматтық іс жүргізу жайлы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz