Бейнелеу өнері арқылы бастауыш сынып оқушыларына эстетикалық тәрбие беру



Кіріспе

І Бастауыш сыныпта оқушылардың эстетикалық талғамын қалыптастырудың педагогикалық негіздері
1.1. Педагогика тарихында эстетикалық тәрбиенің қалыптасуы және дамуы .
1.2. Бастауыш сынып оқушыларының эстетикалық талғамын қалыптастырудың маңызы

ІІ Бастауыш сыныпта бейнелеу өнері сабағында оқушылардың эстетикалық талғамын қалыптастырудың әдістемесі
2.1. Мемлекеттік құжаттарды (Қазақстан Республикасының бастауыш білімінің мемлекеттік стандартын, оқу бағдарламасын және оқулықтарды) талдау
2.2. 2. сыныптың бейнелеу өнері сабақтарында оқушылардың эстетикалық талғамын қалыптастырудың жолдары.

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер
Жалпы адамзаттық тұрғыдан қарағанда жас ұрпақты өмірдің барлық салаларындағы адамның өмірі мен тұрмысындағы, еңбектегі, көркемөнердегі, табиғаттағы сұлулық пен әсемдікті көре білетін, ұға білетін,бақылай алатын өзі де соларды жасай алатын азамат етіп тәрбиелеу қай кезеңнің болса да келелі мәселелерінің бірі болған. Жас ұрпақты туған жерін,өскен елін жанындай сүйетін,өлкенің келешегі үшін аянбай тер төгіп қызмет атқаратын азамат етіп тәрбиелеуде эстетикалық тәрбиенің алатын орны зор.
Жеке адамды жан-жақты дамытудағы эстетикалық тәбиенің мәнін, рөлін және орнын түсінудің негізін қалаған ағылшын қоғам қайраткері Р.Оуэн болатын. Кеңес үкіметінің кезінде бұл мәселемен орыс қоғам қайраткері В.Г.Белинский,А.Герцен, А.С.Макаренко, А.В.Луначарский, Н.К.Крупскаялар айналысты.
Қазақ халқының ұрпақтан ұрпаққа аузекі шығармашылығы арқылы беріліп отырған туған өлке табиғатын аялау арқылы эстетикалық көзқарастары мен талғамын қалыптастыру қазақ ағартушылары Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин,А.Құнанбаевтар, қазіргі таңда З.Әбілова, С.Ұзақбаевалар еңбектерінде көрініс тапқан.
Жалпы білім беретін мектептің бастауыш сыныптарында туған өлке табиғатын аялау арқылы, оқушының көркемдік мәдениетін қалыптастырып, шығармашылық қабілеттерін дамыту, эстетикалық талғамдарын арттыру бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі болғандықтан біз диплом жұмысымыздың тақырыбын "Бейнелеу өнері арқылы бастауыш сынып оқушыларына эстетикалық тәрбие беру" деп алдық.
1 Қазақстан Республикасы бастауыш білімінің мемлекеттік стандарты. Алматы, 2003ж.
2. «Білім беру туралы» Қазақстан Республикасының заңы. Егемен Қазақстан, 18-қаңтар, 1999 ж.
3. Қазақстан Республикасының Конституциясы. А, 1995 ж.
4. Мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалардың тәрбие тұжырымдамасы. Қазақстан мұғалімі, 12-қыркүйек, 1995 ж.
5. Қазақстан Республикасында гуманитарлық білім беру тұжырымдамасы. А,1994 ж.
6. Қазақстан Республикасы жалпы орта Білім берудің Мемлекетітің жалпыға міндетті стандарттары, А , 2002 ж.
7. Қазақстан Республикасы Білім туралы заңы, А. 1998 ж.
8. Қазақстан Республикасының білімнің мемлекеттік стандарты, А, 1998
9. Ахметов С. «Бастауыш кластарда білім берудің тиімділігін арттыру жолдары». А. 1994.
10. Алтынсарин Ы. Таңдамалы шығармалар. А, 1994.
11. Алтынсарин Ы. Таңдамалы шығармалар. А, 1991.
12. Аманжолов «Эстетикалық тәрбие мен халықтық бейнелеу өнері» Қазақстан мектебі, №12, 1990 ж. 3-5 бет.
13. Ахметов С. Бастауыш кластарда білім берудің тиімділігін арттыру жолдары, А, 1994 ж.
14. Әбілов З. «Әсемдік сенің серігің» А, 1977 ж.
15. Әбенбаев С. «Оқушы жастарға эстетикалық тәрбие беруді жетілдіру» А, 1992.
16. Әбілов З. «Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру» А. 1972 ж.
17. Әбенбаев С. Эстетикалық мәдениет негіздері, А, 2005 ж.
18. Байтұрсынов А. «Ақ жол», А, «Жалын», 1991,
19. Біржанов Қ., Мусин С. Педагогика тарихы, А, 2002 ж.
20. Бабаев С., Абиев Ж., Құдиярова А. Педагогика, А, 2004 ж.
21. Жұмабаев М. «Педагогика», А. 1992.
22. Крупская Н. «Көркемдікке тәрбиелеудің міндеттері туралы» Таңдамалы педагогикалық шығармалары. А.1973
23. Қоянбаев Ж.М., Қоянбаев Р.М. «Педагогика» Астана, 2000 ж.
24. Қоянбаев Р.М. «Қысқаша педагогикалық сөздік» А,
1993.
25. Қоянбаев Р.М. «Тәрбие теориясы» А,1991ж.
26. Қоянбаев Р.М., Ыбырайымжанов Т. Жалпы бастауыш білім беру педагогикасы, А. 2005 ж.
26. Қуанбаев Қ. Шығармалар, А. 1992 ж.
27. Мектептегі эстетикалық тәрбие. Бастауыш мектеп, А, 1992 ж.
28 Нұрғалиев Р. «Өнердің эстетикалық нысанасы» А, Мектеп, 1979
29.Тәжібаева Ұ., Бәйбекова Е. «Эстетикалық тәрбие мен халық дәстүрінің сабақтастығы» А, 1991 ж.
30. Ұзақбаев С. «Балаларға эстетикалық тәрбие берудегі халық дәстүрі» А, 1990 ж.
31. Ұзақбаев С. «Өміршең өнер өрісі», А, 1988 ж.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Бейнелеу өнері арқылы бастауыш сынып оқушыларына эстетикалық тәрбие беру

Мазмұны

Кіріспе

І Бастауыш сыныпта оқушылардың эстетикалық талғамын қалыптастырудың
педагогикалық негіздері
1.1. Педагогика тарихында эстетикалық тәрбиенің қалыптасуы және дамуы .
1.2. Бастауыш сынып оқушыларының эстетикалық талғамын қалыптастырудың
маңызы

ІІ Бастауыш сыныпта бейнелеу өнері сабағында оқушылардың эстетикалық
талғамын қалыптастырудың әдістемесі
2.1. Мемлекеттік құжаттарды (Қазақстан Республикасының бастауыш білімінің
мемлекеттік стандартын, оқу бағдарламасын және оқулықтарды) талдау
2.2. 2- сыныптың бейнелеу өнері сабақтарында оқушылардың эстетикалық
талғамын қалыптастырудың жолдары.

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер

Кіріспе

Жалпы адамзаттық тұрғыдан қарағанда жас ұрпақты өмірдің барлық
салаларындағы адамның өмірі мен тұрмысындағы, еңбектегі, көркемөнердегі,
табиғаттағы сұлулық пен әсемдікті көре білетін, ұға білетін,бақылай алатын
өзі де соларды жасай алатын азамат етіп тәрбиелеу қай кезеңнің болса да
келелі мәселелерінің бірі болған. Жас ұрпақты туған жерін,өскен елін
жанындай сүйетін,өлкенің келешегі үшін аянбай тер төгіп қызмет атқаратын
азамат етіп тәрбиелеуде эстетикалық тәрбиенің алатын орны зор.
Жеке адамды жан-жақты дамытудағы эстетикалық тәбиенің мәнін, рөлін
және орнын түсінудің негізін қалаған ағылшын қоғам қайраткері Р.Оуэн
болатын. Кеңес үкіметінің кезінде бұл мәселемен орыс қоғам қайраткері
В.Г.Белинский,А.Герцен, А.С.Макаренко, А.В.Луначарский, Н.К.Крупскаялар
айналысты.
Қазақ халқының ұрпақтан ұрпаққа аузекі шығармашылығы арқылы беріліп
отырған туған өлке табиғатын аялау арқылы эстетикалық көзқарастары мен
талғамын қалыптастыру қазақ ағартушылары Ш.Уәлиханов,
Ы.Алтынсарин,А.Құнанбаевтар, қазіргі таңда З.Әбілова, С.Ұзақбаевалар
еңбектерінде көрініс тапқан.
Жалпы білім беретін мектептің бастауыш сыныптарында туған өлке
табиғатын аялау арқылы, оқушының көркемдік мәдениетін қалыптастырып,
шығармашылық қабілеттерін дамыту, эстетикалық талғамдарын арттыру бүгінгі
күннің өзекті мәселелерінің бірі болғандықтан біз диплом жұмысымыздың
тақырыбын "Бейнелеу өнері арқылы бастауыш сынып оқушыларына эстетикалық
тәрбие беру" деп алдық.

І ТАРАУ. БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТАЛҒАМЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Педагогика тарихында эстетикалық тәрбиенің қалыптасуы және дамуы
Әрбір ғылым саласын оқып үйрену ең алдымен ол қашан, қалай пайда болды,
қандай өзіндік ерекшелігі бар деген мәселеге жауап беруден басталады.
Педагогика ғылымы ең көне ғылымдардың бірінен саналады және оны
қоғамдық өмірден бөліп қарауға болмайды.
Тәрбие - адам қоғамында ғана болатын құбылыс. Ол – қоғамдық еңбек пен
материалдық өмір процесінен пайда болады. Адамдардың еңбек әрекеті дамудың
ұзақ жолынан өтті. Адамзат қоғамының пайда болуының алғашқы кезеңдерінде
адамдар табиғаттың дайын өнімдерін пайдаланып, аңшылықпен айналысты. өмір
сүруге қажетті құралдарды табу процесіне балалар да еңбекке біршама ерте
қатысты. Бақташылықтың, егіншіліктің, әр алуан қолөнер ісінің дамуы
адамдардың еңбек тәжірибесін барған сайын молайта берді. Еңбек әрекеті
бірте-бірте күрделене келіп, адамның қалыптасуында, адамзат пен қоғамының
дамуында маңызды рөл атқарды. Адамның өзін еңбек жаратты. Сол еңбек өмірге
тәрбие деген ұғымды әкелді. Еңбек процесінде адам меңгерген алғашқы
дағдылардың өзі ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отырды. Еңбек әрекетінің бірте-
бірте күрделене түсуіне , еңбек тәжірибесінің, бұдан соң айналаны қоршаған
өмір жайындағы білімдерінің жинақталуына орай тәрбие де өзгеріп отырды.
Егер, қоғам дамуының алғашқы кездерінде балаларды тәрбиелеу ісін
мемлекеттік іс деп санады. Сократ, Демокрит сияқты философтар өз
еңбектерінде тәрбие мақсатын құл иелену мемлекетінің саяси міндеттерімен
ұластыруға тырысты. Адамдардың рухани
өмірінің кейбір заңдарын ашты. Тәрбие қызметінде басшылыққа алу қажет
болатын бірқатар ережелерді қалыптастырды. Көне Грецияда тәрбиеші деп
құлдарды айтқан. Өйткені аристократтар балаларын қарауды құлдарға
тапсырған. Олабаланы мектепке апаруға, одан алып келуге, серуендеуге
апарған.
Тәрбие мәселелері көне грек философтары мен шешендердің еңбегінде
кездеседі. Өте қызықты педагогикалық идеялар лукрецкий Кардың сөздерінен,
Квинтилиан еңбектерінде кездеседі.
Федалдық қоғамда үстемдік етуші сословиелер феодалдармен дін иелері
болды. Олар бүкіл жердің және өздеріне бағынышты шаруалардың қожасы санады.
Феодалдық қоғамның негізгі тірегі дін мекемелері болды, яғни осы қоғамда
діни пайымдаулар кеңінен тараған. Осы діни қоғамдарда діни университеттер
пайда болдыОқу мерзімі 5-6 жылға созылды. Ал Қазақстанда медреселер ашылды.

Монастырь және собор мектептерінде білім берудің көлемі бірте-бірте
кеңейтілді. Граматика, риторика, астрономияны және музыканы оқытатын
мектептер болды. Бұлардан басқа дін ілімі оқытылы, дін ғылымның негізі
деп саналды.
Орта ғасырларда тәрбие дін иелерінің қолына топтасты. Одан кейінгі
педагогикалық ойлар қайта өрлеу дәуірінің ойшылдары арқылы дамыды. Бұл
кезде феодалдық қоғам ыдырап, буржуазиялық қоғам дами бастаған кез еді. Бұл
кездің көрнекті өкілдері атақта гуманист Викторино да Филтре, испан
философы әрә педагогы Хуан Вивес, нидерландық ойшыл Эразм Ротдердамский,
француз жазушысы - Француа Рабле, француз философы Мишел Монтень т.б. өз
заманында өзіндік алдыңғы қатарлы педагогикалық идеялар ұсынды.
Ересек адамдар еңбекте жүзеге асырған болса, ал қоғам дамуына
байланысты білім мен тіжірибені бұлай берудің жолы өмір талаптарына жауап
бере алмайтын болып қалды. Тәрбие ісімен анағұрлым тәжірибелі білгір
адамдар байланыса бастады. Алғашқы қоғамдағы тәрбие өте қарапайым болды,
себебі алғаш рет қоғам тапсыз болды.
Құл иеленушілік қоғамда солтүстік Африка, Египеттен бастап оңтүстік
Азияда, Қытайға дейінгі ертедегі шығыс жерінде бірнеше құл иеленуші
мемлекеттер пайда болды. Қытай, Индия,Египед, кіші Азия жерінде алғашқы
мектпетер құрылды. Құл иеленушілік қоғамдағы ұсақ мемлекеттер құрылды.
Еэжелге Грецияда Аттика және Лакония болды.
Спартада негізінен әскери тәрбие берілді. Әскери ойындар
ұйымдастырылды, музыка, ән айту және діни билер үйретілді.
Афинада біздің жыл санауымызға дейінгі 5,6 ғасырларда ғылым мен
мәдениет едәуір дамыды. Ер балалар 7 ден 13-14 жасқа дейінгі грамматист
және кифарист мектептерінде оқыды. Грамматист мектебінде оқуға, жазуға және
санауға үйретті. Кифарист мектепбінде музыка , ән , тақпақ айтуға
жаттықтырды. 13,14 жасында ер балалар ( күрес ) мектебінде оқып, онда 2,3
жыл дене шынықтыру жаттығулар жүйесімен таныстырылды, жүзуге үйретілді.
Ертедегі грек ғалымдапры мен философтары Платон мен Аристотель
өздерінің еңбектерінде тәрбие мен оқыту туралы құнды пікірлер қалдырды.
Олардың бұл пікірлері педагогика ғылымының дамуына себеп болды.
Платон (427-347) бала тәжірибесіндегі ойынның ролін өте жоғары
бағалады. Ол қыз балалардың дене тәрбиесіне ерекше мән берді, жақсы үлгі
арқылы тәрбиелеуді жақтады. Мемлекет тарапынан тәрбие берудің белгілі
жүйесін ұсынды.
Атақты грек философы және ғалымы Аристотель (384-322) мемлекеттің
түпкі мақсаты барлық адамдарға тәрбие беру деп білді.
Педагогка мен бала тәрбиесі туралы теорияның жедел дамуына қарамастан
7 ғ. басына дейін философия ғылымының бір бөлігі ретінде қала берді.
Педагогика тек 7 ғ. басынан бастап жеке ғылым ретінде таныла бастады.
Ұлы Чех педагогы Ян Амос Каменскийдің (1592-1670) бұл жөніндегі еңбегі
орасан зор. Ол күн тәртібіне жалпыға бірдей білім беру мәселесін қойды,
тәрбие жүйесін талдап жасады, мектептегі оқу процесінің құрылымын терең
негіздеді. Оның Ұлы дидактика деген еңбегі педагогика теориясы жөніндегі
тұңғыш шығармалардың ьірі болды.
Орта ғасыр мен жаңа дәуірдің, феодалдық және капиталистік
формациялардың аралығында өмір сүрген Каменскийдің көзқарасы сол
дәуірлердің ерекшеліктері мен қайшылықтарына байланысты қалыптасты.
Коменский өзінің тамаша шығармасы Ұлы дидактиканы барлық халық
жастарын бүкіл білім салаларына жаңа жолмен оңай және ұғымды етіп оқыту
үшін жазды, онда өзінің алдына оқытудың жолын жаңа негізге салу мақсатын
қойды.
Коменский мектеп үшін жалпы программалар, оқулықтар, оқыту әдістерін
жасап шығару ісін ең негізгі міндет деп санады.
Коменскиийдің Ұлы дидактикасында педагогикалық ойды және мектеп
оқуын ілгері дамытуда ерекше роль атқаратын жаңа дидактикалық принциптерді
анықтады. Оқудықң көрнекілігі, саналы оқу, оқудың жүйелі болуы, сатылы оқу,
оқудың оқушы санасына сай болуы, оқудың негізгі болуы.
Славян халқының ұлы педагогы Ян Амос Коменскийдің еңбектері дүние
жүзінің барлық елдерінің педагогикалық ойы мен мектеп тәжірибесіне күшті
әсер тигізді. Ол жаңа өмірді байқай білетін практик – оқытушысы, өз
дәуірінің мектептері мен мұғалімдерінің алдыңғы қатарлы тәжірибесін
дарындылықпен қорыта білген жаңашыл- педагог болды.
Ж.Ж. Руссо (Франция ), И.Г. Пестлоцций (Швейцария), А. Дистерверг
(Германия), Р. Оуен (Англия) сияқты аса көрнекті философтар мен педагогтар
педагогиканы өркендетуге мол үлесін қосты.
XVII ғасырдың көрнекті ағылшын қоғам қайраткері Роберт Оуен өз кезінде
оқыту, тәрбиелеу жалпы педагогика мәселелеріне көп көңіл бөлді. Ол
балаларды кішкентайынан ән айтуға, би билеуге үйретті және уақытының
көпшілігін таза ауада өткізді. Балаларды қоғамдық рухта тәрбиелеуде,
жолдастарын сыйлауға, бір-біріне көмектесуге үлкен мән берді. Эстетикалық
тәрбиеге көп көңіл бөлді.
Ресейдегі педагогикалық ақыл-ойдың қалыптасып, дамуының өз
ерекшеліктері бар. Халық ағарту мәселелерін талдап жасау ісіне өткен
дәуірдің А.Н. Радишев, В.Г. Белинский, А.И. Герцен, Н.Г. Чернышевский,
Н.А. Добролюбов сияқты тамаша қоғам қайраткерлері қатысты, бұлар
педагогиканың дамуына ықпал жасады.
Х!Х ғасырдың 30-40 жылдарында Ресейдің алдыңғы қатарлы қоғамдық
педагогикалық ой-пікірлерінің дамуына осы кезеңнің екі ұлы ойшылы болған
В.Г. Белинскийдің және Герценнің Алатын орны аса ерекше.
Революцияшыл – демократиялық педагогиканың негізін салушылар
педагогиканың өте күрделі мәселелерінің бірі адамды жетілдірудегі тәрбиенің
роліне ерекше мән берді. Олар ең алдымен өз кезеңдеріндегі ресми
педагогикада кең орын алатын мүмкіншіліктерін кемітуге, оның белсенді түрде
дамитын ерекшеліктеріне сенбестік туғызатын көзқарастарға қарсы шықты.
В.Г.Белинский өзінің 1838 жылғы В.Бурьяновтың балаларға арналған
кітаптарына жазған сындарында тәрбиенің адамды қалыптастырудағы ролін
Тәрбие аса маңызды, тамаша іс ол адамның тағдырын шешеді... –деп жоғары
бағалайды.
Белинский мен Герценнің ойынша білім мен тәрбиенің бүкіл жүйесінің
өзегіндегі негізгі принцип тәрбие мен білімнің халықтығы болуға тиіс.
Халыққа деген сүйіспеншілік сол халықтың бақыттылығы жолындағы күреспен
ажырамастай байланыстыру-революцияшыл демократтардың негізгі
педагогикалық идеясы еді. Олар халықтық тәрбиенің әсерлі құралы ретінде
халықтың ауыз әдебиеті мен өз халқының тарихына жазба әдебиеті мен ана
тіліне зор мән берді.
Олар жаңа қоғамдық қатынастарды дамытуда адам қоғамын қайта құру
жолындағы күресшілерді тәрбиелеуде көрекем өнерге, эстетикалық тәрбиеге
көңіл бөлді.

Себебі эстетикалық сезімі күшті дамыған адам өмір көркемдігін толық
және трең түсінуге қабілеті болады. Көркем өнер олардың пікірінше, адамда
көтеріңкі рух туғызыда. Көңілді шаттыққа жеткізеді. Адамды еңбек пен
ерлікке рухтандырады. Балада тамаша көркемдік сезімдерді дамыту қоғамды
және айналаны қоршаған дүниені сезінуге әсер етеді. Шын мәніндегі
көркемөнер әрдайым белгілі дәуірімен, өмірімен байланысты болады деген
олар, эстетикалық тәрбиені жүргізуге де әсіресе көркем өнердің екі саласы –
поэзия мен музыка арқылы жүргізудің мәнін көрсетті.
Белинский де, Герцен де көркем әдебиет пен көркемөнерді
адамгершіліктің эстетикалық мектебі, - деп бағалады. Сондықтан олар оны
эстетикалық тәрбиемен байланыстыра, балалар әдебиетіне жоғарыталап қойды,
өйткені балаларға арналған кітаптардың мазмұндары мен идеялары балалардың
ақыл-парасаты мен ой-өрісін дамытып және оларға адамгершілік пен
эстетикалық тәрбие берудің күшті құралы болады деді.
Тамаша әсемдікті дұрыс қабылдап, бағалау өнер мен өмірді терең де жан-
жақты білу негізінде қалыптасады. Білім эстетикалық көзқарасты, талғамды
қалыптастырудың алғы шарты болып табылады. Біздің замандасымыз кһөптеген
жан-жақты әсер алады. Бұл алған әсерлер үнемі белгілі бір жүйеге
келтірілмейді, көзқарас, талғам, баға беру түрінде бой көрсетеді. Адам
кейде өз позициясын дәл анықтай алмайды, әр түрлі ықпалға беріліп кетеді.
Эстетикалық тәрбие адамға қазаіргі заманғы өнердің ала-құла суретін
айыра білуге көмектеседі, оны бізге жат ықпалға қарсы күреске даярлайды.
Адамдардың әсемдікті жасауға белсене қатысуынсыз шын мәніндегі
эстетикалық тәрбиені көзге елестетіп те болмайды. Сондықтан эстетикалық
тәрбиенің жүйесі өзінің сапалық құрамына балалар мен ересектердің
эстетикалық іс-әрекетінің элементін қамтиды. Эстетикалық тәрбие процесінде
пайдалы (ақылға сыйымды) және эмоциялы (сезімді) элементтерді дұрыс
түсінудің аса зор маңызы бар. Педагогикада бұл мәселені шешуде адамның жан-
жағдаятының бөлшектенбес бір тұтас екендігін, оның өмірінің барлық жағынан;
ақыл-ойы, идеясы, адамгершілігі және эстетикалық жағынан өзара байланысты
екендігін негізге алады. Осының барлық жағынан үндестік пен дамуы – жке
адамның гүлденіп өсуінің маңызды шарты. Білім және бейнелі ықпал жасау
жүйесі арқылы өсіп келе жатқан кісі адамдарға, Отанға, мәдениеттің өмірде
қайталанбас бағалы заттарына деген дұрыс көзқарасты қабылдайды, өз бойны
сіңіріп жетілдіреді. Жеке адамның дамуының бүтіндей процесінде белгілі бір
бастаманы бірде жете бағаламаушылық немесе оған керісінше асыра бағалау
бірдей зиян.
Эстетикалық мұраттарға, талғамға, бағалай білушілікке тәрбиелеу,
білімді меңгеріп алумен бірге, дүниеге көзқарасты қалыптастырумен бірге
қуатты факторы болып табылады, жеке адамды идеялогиялық күреске белсенді
қатысу үшін шындайды.
Жеке адамды жан-жақты дамытудағы эстетикалық тәрбиенің мәнін , рөлін
және орнын түсінудің негіздерін А.В. Луначарский, Н.К. Крупская, С.Т.
Шацкий қалаған болатын сол кездегі бір тұтас еңбек мектебітуралы –
Деклорацияда - эстетикалық білім дегенді қайдағы бір оңайлатылған,
балалар өнерін үйрету ған деп түсінбей, балалардың сезім мүшелері мен
творчествалық қабілетін үнемі дамытып отыру, бұл сұлулыққа рахаттана білу
мүмкіндіктерін молайтып , оны өздері жасай білу деп түсінген. Бұл еңбектен
құр алақан қалған еңбек пен білім деп көрсетілді бұл документте, бұл бір
жансыздандырылған нәрсе болып шығар еді.
Кеңес өкіметі кезінде эстетикалық тәрбие мәселелерін жасауға
творчествалық қызметкерлерді қатыстырды. Көптеген негізге сүйенген
нұсқалар, үлгі-тәжірибе станцияларында эксперименттердің көмегі арқылы
тексеріліп, алынған деректер эстетикалық тәрбие жөніндегі кеңесте қаралып,
қорытылып отырды. Бұл жұмыстардың барлығы Кеңес педагогикасының ғылыми
бағытын нығайтып, көптеген қиын да маңызды мәселелерді шешуге мүмкіндік
берді.
Тәрбиенің ауқымы кеңейіп жағдай өзгерген сайын, теорилық білім толығып
ол жедел дами бастады.
Қазақ халқының эстетикалық ой-пікірінің тарихы жөніндегі деректер ақын-
жыраулардың творчествасында, әдеби мұраларында жиі кездеседі. Асан
қайғының, Доспанбет, Ахтамберді, Бұхар т.б. қазақ жырауларының жыр
толғауларында, еңбекші бұқараның ой-арманында эстетикалық ұғымдары жан-
жақты белгіленген, қазақ халқының поэзиясында жырлау дәстүрге айналған.
Көне түркі мәдениетінің Құдатқу білік, Диуани Хикмет үлгілері қазақ
халқының эстетикалық мәдениетінің қалыптасуына зор ықпал етті.
Қазақ ағартушыларының эстетикалық тәрбие саласында ранайы еңбектер
жазып қалдырмағаны белгілі. Алайда өздерінің саяси қоғамдық және ғылыми
және әдеби еңбектерінде қазақ халқының эстетикалық мәдениетінің, өнерінің
даму барысында аса көңіл бөлді. Қазақ ағартушыларының эстетикалық көзқарасы
мен орнықты пікірлерінің халықтық дүниетанымдық көзқарастарымен тығыз
байланыстылығы сол өздері өмір сүрген дәуірдегі тарихи жағдайлардан туындап
отыр. Оңл заңды құбылыс. Бұл жердегі басты мәселе ағартушылардың
эстетикалық тәрбиенің жан-жақты, жүйелі талдап зерттеулерінде емес,
керісінше мүмкіндігінше сол проблемалар жайлы сөз қозғап, өз көзқарастары
мен пікірлерін айтып тұжырымдауында жатыр. Қазақ халқының ұрпақтан-ұрпаққа
ауыз екі шығармашылығы арқылы беріліп отырған эстетикалық көзқарастары мен
пікірлерін айтып тұжырымдауында жатыр. Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсарин,
А.Құнанбаев шығармаларында теория жүзінде талдап, қорытындылады. Шоқан
Уәлиханов қазақ халқының ауыз әдебиетін жинауда көп еңбек сіңірді. Ал,
халық ауыз әдебиеті жастардың эстетикалық талғамдарын қалыптастыруда
айрықша роль атқарды. Сонымен қатар ол осы мұраларға бірінші болып ғылыми
пікір айтушы болды. Шоқанның идеялары өзінен кейінгі ағартушы - ғалым
Ыбырай Алтынсарин шығармаларында, әлеуметтік қызметінде дамып, тереңдей
түсті.
Ы. Алтынсарин өзінің педагогикалық еңбегінің барысында халық мұрасына:
ауыз екі шығармашылыққа, салт-дәстүрге, әдет-ғұрыпқа ерекше зер сала оырып
жастардың эстетикалық сезімдеріне әсер ету жағын қарастыруды Ы.
Алтынсариннің дүниетанымдық көзқарасының қалыптасуына атасы Балқожаның
ықпалы болды.
Ы. Алтынсарин өзінің педагогикалық еңбегінде, әсіресе Қазақ
хрестоматиясында ендірген ауыз әдебиеті материалында тек білімділік,
өнегелік, адамгершілік ақылгөйлік сипат қана емес, сондай-ақ жастарды
жоғары талғамда нәзік сезімталдыққа баулу бағытын көздеді.
Қазақ халқының ұлы ақыны, жазба әдебиетінің негізін салушы Абай
Құнанбаев жастарды тәрбиелеудің әр түрлі жолдарын ұсынды. Ол жастарды үнемі
достық, татулық, әділеттік, дұрыстық сияқты адамгершілік қасиеттерге
тәрбиелеуге шақырды.
Абай жастарды тәрбиелеудің әр түрлі жолдарын, ең алдымен жанұяда және
әдебиет арқылы тәрбиелеуді ұсынды. Балалардың дүниеге көзқарасын және
мінезін қалыптастыруда жанұяның ролі аса зор екендігін ескере отырып, Абай
балаларды тәрбиелеу үшін ата-ананың өздері де жақсы тәрбиеленген болуы
керек екндігін ескертті.

1.2 Бастауыш сынып оқушыларының эстетикалық талғамын қалыптастырудың
маңызы

Тәрбиенің қай саласы болса да негізінен ол балаларға жас өспірімдерге
арналады. Ал оларды әсемдікті сезініп, түсініп, қадірлей білуге баулу
эстетикалық тәрбие жүргізу арқылы іске асады.
Эстетикалық тәрбие болмыстағы және өнердегі сұлулық пен әсемдікті
дұрыс қабылдау және әсемдікті дұрыс қабылдау және өнердегі сұлулық пен
әсемдікті эстетикалық түсінікті, сезім мен талғамды тәрбиелейтін, өмірдегі
сұлулықты жасау , оған қатысу қабілетін , қажетсінуін қалыптастыратын
тәрбиенің ең басты салаларының бірі.
Эстетикалық тәрбиенің міндеттері:
әр түрлі өнер адамдарының іс-әрекеті арқылы баланың тәртібіне;
өмірге көзқарасына , түсінік құлықтарына игі әсер ету;
қоғамдағы, табиғаттағы, өнердегі әсемдікті түсіне білу, байқай білу
қабілеттерін дамыту;
Эстетикалық талғамын дамыту, дұрыс пікір айта білуге, бағалай білуге
тәрбиелеу, оның дамуына көмектесу;
Баланың көркем өнерге деген қабілетінің шығармашылықпен ұштасуына
көмектесу. Ал, адам өмірі мен табиғаттағы әдемілікті түсіну, бақылау,
байқау, пайдалану үшін жастардың сауатты, терең білімді болуы қажет, тіпті
көркемөнер салаларын әдебиетті, музыканы, сәулет өнерін, живописьті, кино
мен театрды түсініп, олардан жанға рухани азық, ләззат ала білу үшін де
сезім - түйсігі ұшқыр, ақыл – ойы алғыр білімді адам болуы керек.
Балалардың эстетикалық сезімдері олардың өмірінде зор роль атқарады.
Әсемдікті көре түсіне жсай білу олардың рухани өмірін байытады. Қызғылықты
етеді. Біз әр адамды адамгершілікті тұлғалық мәнін жан-жақты дамытуға
ұмтыламыз. Сондықтан да әр баланың сезім нәзіктігін, көркемдікті, әсем
нәрсені сүйетіндей етіп дамытуымыз керек. Адамның әсемдікті және
жексұрындықты, сәулеттілік және ұждансыздықты, қуаныш пен қайғыны түсінуге
байланысты, оның саналы тәртібі мен мінез-құлқы айқындалады. Осыдан келіп
адамның әсемдікке шынайы көзқарасы мен мұраттарының болуы керек екендігі
шығады.
Қазіргі кезде эстетиткалық көзқарасты тәрбиелеу - тәрбие барысының
зейін салуды күн санап өсіруді талап ететін мәселесі. Біздің қоғам адамына
тек қана өнердің емес, еңбек қоғамдық қатыстар, қоршаған орта, тәртіп,
тұрмыс, табиғаттың да әсемдік жақтары әсер етеді. Эстетикалық көзқарастар
адамның шындыққа көзқарасын анықтайды.
Адам өмірінде эстетикалық көзқарастар әрдайым қуатты, рухани күш
ретінде көрінеді. Балаға балғын бөбек кезеңінен бастап әсемдікке ұмтылу тән
нәрсе. Ол әрдайым бойларында әсемдік құндылықтары бар қатар құрбыларына,
ересектерге еліктейді. Балалардың өз еңбек іс-әрекетінде тиімді және сапалы
болуы үшін оның ұйымдастырылуы толысып, тамаша нәрсені қабылдау деңгейіне
жеткені жөн. Балаға сонымен қатар жасампаздықтың да әсемдігі ашылады.
Мектеп оқушыны әсемдікті өмірден, адамдар қылықтарыныан, еңбек іс-
әрекеттерінен , еңбек нәтижесінен көруді және ләззат алуды үйретіп қна
қоймайды, күнделікті өмірде әсемдікті жасау ынтасы мен іскерлігін
тәрбиелейді.
Сонымен, эстетикалық тәрбие табиғаттағыөнердегі еңбектегі, өмірдегі ең
жақсыны қабылдау одан ләззат алу эстетикалыққ тәрбие дүниедегі әдемілік
атаулыны бағалай білуге үйретеді. Өнер шығармаларын тануға, қастерлеуге
баулиды, оған керісінше ұсқынсыздыққа жағымсыз көзқарас қалыптастырады.
Эстетикалық тәрбиенің өзіне тән міндеттері бар. Олардың бірі –
эстетикалық сезімді және эстетикалық қабылдауды үйрету. өмірдегі, өнердегі
әдемілікті сезу және көру адамдарда әр түрлі болады. біреулер әдемілікке
үңіле қарап, оның сырын білуге тырыспады. Ал кейбіреулер оған онша мән
бермейді, қалай болса солай қарап, жанынан өте шығады. Әдемілікті сезу
үшін, оған түсіну үшін ең алдымен бейнелеу өнері, музыка, және ән саласынан
әрбір адамда білім болуы . Айналадағы дүниеге сезімталдықты эстетикалық
қабылдауды және қажет. Білім адамды әдеміліктің объективті критерилерімен
қаруландырады. Білімді адам сұлулықты бағалай біледі түсінеді, қырағылығы
ықыластық, қамқорлық баланың эстетикалық дамуының негізі.
Эстетикалық танымның дамуына көбінесе өнер үлгілерін қабылдау мен, не
тегін де шығармашылықпен байланысты іс-әрекеті мүмкіндік береді.
Қазіргі жағдайда біздің қоғамдық өміріміздегі қажетті мәселелердің
бірі баланың эстетикалық белсенділігін тәрбиелеу. Ол әдемілікті сезіп және
оның замандарын түсініп қана қоймай, осы заңдар бойынша өзін қоршаған
айналаға өзгеріс жасауы қажет. Өмірге енген эстетика (еңбек, табиғат
эстетикасы, адамдар қатынасы және жай-жағдай эстетикасы) адамды
сүйсіндіреді. Адам белсенді түрде өмірдегі әдемілікке көркемдікке өз үлесін
қосып, оны көріксіздіктен, ұсқынсыздықтан қорғауы қажет.
Оқушылардың эстетикалық мәдениеті және белсенділігі тұтас
педагогикалық процесте дамиды. Сондықтан оның барлық еңбек демалысы
эстетикалық бағытта тиімді ұйымдастырылса, ол өз өміріне әдемілік
элементтерін енгізе алады.
Эстетикалық тәрбиенің маңызды міндеті - өнер және әдебиет
салаларында балалардың қабілетін, ынтасын және бейімділігін дамыту. Осыған
орай, мектепте оқушылардың ықтимал мүмкіншіліктерін және қабілетін барынша
ашу керек.
Эстетикалық тәрбиенің негізгі құралдары - әдебиет және өнер. Олар
зоридеялық тәрбиелік роль атқарады. Әдебиет пен өнер оларды қуанышқа
бөлейді, жігерлендіреді. Олардың идеялығынан баюына игі әсер етеді. өнер
және әдебиет адам санасына белгілі көзқарастар әр түрлі құралдар арқылы
әдебиетте - проза, (поэзия кескіндеме, жанр, пейзаж, мүсіндеу – бюст, т.б.
шкада, симфония, оратория, ән) енгізіледі.
Мұғалім балаларға еңбек әсемдігін үйретіп, қоғамдық іс-
әрекетәсемдігіне сезімталдығын тәрбиелеп, балалардың еңбек белсенділігін
кеңейтуге дем береді.
Эстетикалық көзқарастарды тәрбиелеудің экономикалық мәселелерге әрі
тікелей, әрі жанама қатынасы бар. Бұл біздің қоғамдағы қоғамдық өндіріс
адамдардың өскелең рухани және матреиалдық қажеттілігін қанағаттандыруға
бағытталғандығынан ттуындайды. Өндірілген товарлар сапасының әсемдігі
тұтынылу жағынан үлкен әсер етеді. Мұның өзі әр баланың білім алуына
белгілі дәрежеде эстетикалық өзқарас мәдениетінің болуын талап етеді.
Өнерде шоғырланған адамдардың шындыққа эстетикалық қарм-қатынасы
қоғамдық идеяны алға алып баруымыздың құралы. Сол арқылы санаға өте күшті
әсер ету жүзеге асады.
Сонымен, оқушылардың эстетикалық көзқарасын тәрбиелеу дамыған әсемдік
сана мен талғамды, оны қадағалау мақсатқа бағыттала ұйымдастырылған
процесі. Эстетикалық процесті тәрбиелеу оқушыны жан-жақты және үйлесімді
дамытудың жалпы жүйесінде ең алдымен өзіне тән қызмет атқарады. Бұл іс-
әрекеттің барлық түріндегі әсемдік нышанын анықтап, оны оқушының әсемдікке
көзқарасының дамуы, білім алуы, қалыптасу құралына айналдырады.
Кең ой-өрістілік сөйлеу іс-әрекеттің мазмұнынан сөз өнерін, ақыл-ой
еңбегін шындықтың объективтік жағынан көркем сөз сұлулығын берік қарайды.
Еңбек іс-әрекетінде еңбек мақсаттары және процесі, оның нәтижесі, сұлулығы
ерекше көрсетіледі. Құқықтық іс-әрекетінде қоғамдық мұраттардағы дамудағы
оның ынтасы мен тәртібіндегі сұлулыққа баса назар аударылады. Бейнелеу іс-
әрекеті барысында ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектеп оқушыларының шығармашылық қабілетін қалыптастыру
Бастауыш сынып оқушыларына эстетикалық тәрбие берудің педагогикалық мәселелері
Бейнелеу өнері мен дүниетану пәндерін кіріктіре оқыту негізінде бастауыш сынып оқушыларына эстетикалық тәрбие беру
Бейнелеу өнері сабақтарында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытудың жолдарын айқындау
Бастауыш сынып оқушыларына графикалық суреттерді салдыру жолдары
Бастауыш сынып оқушыларына эстетикалық тәрбие беру жолдары
Баланың эстетикалық белсенділігін тәрбиелеу
Қазақ халық қолөнерін бастауыш сынып оқу-тәрбие үдерісінде пайдаланудың теориялық негіздері
КІШІ МЕКТЕП ЖАСЫНДАҒЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЭСТЕТИКАЛЫҚ СЕЗІМДЕРІН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ МЕН ҚҰРАЛДАРЫ
Жабыстыру тәсілімен жасалатын шығармашылық жұмыстарды үйрету
Пәндер