Батырлар жырындағы етістіктер семантикасы
1. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..1.2
2. І тарау. Батырлар жырындағы етістіктер семантикасы ... ... ..3.9
1.2 Етістіктің лексика.семантикалық сипаты ... ... ... ... ... ... 9.11
1.3 Батырлар жырындағы күрделі етістіктер олардың
жүйесі және лексика.семантикалық мағыналары ... ... 11.15
3. ІІ тарау. Батырлар жырындағы отыр, жатыр, жүр, тұр
етістіктерінің семантикалық сипаты ... ... ... ... ... 16.22
2.1. Батырлар жырында етістіктің етіс категориясының
қолданылудағы семантикалық ерекшеліктері ... ... ... ...22.25
2.2. Батырлар жырында етістіктің болымсыздық және
болымдылық категорияларының семантикалық
сипаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25.41
4. Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 41.42

Сөздер белгілі бір заңдылық бойынша байланысып жататыны ешбір дау туғызбайды. Бірақ сол сөздерді байланыстыратын заңдылықтарды ашу, олардың өзара байланысу тәсілін анықтау осал шаруа емес. Мамандар бұның жолын сөздердің дербестігінен іздейді. Ал сөздердің полисемиялық қасиеттері сол тілдегі жүйеліліктің аясына сыймайды. Зерттеуші ғалымдар біраз уақыт лексиканы жүйелеуге болмайды деген ойда болды. Тілдегі сөздерді антонимдік, синонимдік қатарларға бөліп топтау бұрыннан бар болатын. Бірақ бұл тәжірибе сөздік құрамды толық қамтымайды. Себебі, тілімізде антонимдік, синонимдік сыңарлары жоқ сөздер де бар.
Тілді жүйелі құбылыс деп, тұжырымды негіз салған Фердинанд де Соссюр, ал орыс тіл білімінде одан бұрын Бодуэн де куртене тілдің барлық салалары белгілі бір жүйеге бағынады деп тұжырымдаған. Ал түркі тілінің лексикасын белгілі бір жүйеге бағындыра алған семантикалық топтарға бөлген Н.К. Дмитриев. Бұдан кейін сөздерді лексика-семантикалық топтар бойынша зерттеу жұмысы қолға алына бастады.
Н.К. Дмитриев етістіктерді сөйлеу, ойлау, қозғалу етістіктері деп бөліп, өзіне дейінгі дәстүрге сүйенеді. Қазақ тіліндегі етістіктер әлі толық семантикалық талқысына түсе қойған жоқ. Бұл мәселелерде біршама зерттеу жұмыстарын жүргізіп, бұл істі ілгері жылжытқан ғалымдар Ы. Маманов, А. Қасенова, Н. Оралбаева.
Зерттеу нысаны.
Жұмыстың негізгі зерттеу нысаны батырлар жырындағы етістіктердің семантикасын танып білу болып табылады. Осы арқылы етістіктің лексика-семантикалық мағыналарына талдау жасай отырып, олардың белгілі бір жүйесін анықтау.
Жұмыстың алдына қойған мақсаттары мен міндеттері.
Бұл жұмыста батырлар жырындағы етістіктердің лексика-семантикалық мағынасын аша отырып:
- етістіктерді лексика-семантикалық мағынасына қарай топтастыру;
- кіші семантикалық топтардың мәнін ашу;
- олардың ішкі, сыртқы ерекшеліктерін айқындау;
- сөз қолданысындағы өзіне тән сипаттарын айқындау;

1. Оразов М. Қазіргі қазақ тіліндегі қалып етістіктері. – Алматы: Мектеп, 1980 жыл.
2. Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Алматы: Ана тілі, 1991 жыл.
3. Маманов Ы.Е. Қазіргі қазақ тілі. Лекциялардың текстері - Алматы, 1973 жыл.
4. Оразов М. Семантика казахского глагола. Диссертация. 1983 жыл.
5. Ақсауыт. Батырлар жыры. Жазушы, 1977 жыл, І, ІІ –том.
6. Батырлар жыры. Алматы: Жазушы, 2007 жыл, І, ІІ, ІІ – том.
7. Маманов Ы.Е. Сөз, морфема, қосымша туралы түсінік // Қазақ тілі мен әдебиеті. – 1991жыл.
8. Исаев С. Қазіргі қазақ тіліндегі сөздердің грамматикалық сипаты. – Алматы: Рауан, 1998 жыл.
9. Омарова А. Қазақ тіліндегі нөлдік морфеманың функционалдық және семантикалық аспектісі. Ф.ғ.док.дис. – Алматы, 2006 жыл.
10. Қазақ тілінің грамматикасы. – Алматы, 1967 жыл.
11. Мырзабеков С. Қазіргі қазақ тіліндегі етістіктің құрылымына
статистико-лингвистикалық талдау. 1973 жыл.
12. Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. – Алматы: Ана тілі, 1992ж.
13. Маманов Ы. Қазіргі қазақ тілі. Етістік. – Алматы: Мектеп,
1966 жыл.
14. Кеңесбаев І. Қазіргі қазақ тілі

Реферат
Жұмыстың тақырыбы: Батырлар жырындағы етістіктер семантикасы.
Жұмыстың көлемі: 44 бет
Пайдаланылған әдебиеттер саны:
Тірек сөздер:
Жұмыстың құрылымы: Жұмыс кіріспеден, екі негізгі бөлімнен және негізгі
бөлімнің тармақтары мен қорытынды бөлімнен, сонымен қатар пайдаланылған
әдебиет тізімінен тұрады.
Жұмыстың мақсаты мен міндеті: Бұл жұмыста батырлар жырындағы етістіктердің
лексика-семантикалық мағынасын аша отырып:
- етістіктерді лексика-семантикалық мағынасына қарай топтастыру;
- кіші семантикалық топтардың мәнін ашу;
- олардың ішкі, сыртқы ерекшеліктерін айқындау;
- сөз қолданысындағы өзіне тән сипаттарын айқындау;
Жұмыстың жалпы сипаттамасы:
Жұмыста қолданылған әдістер: Зерттеу жұмысы барысында салыстыру,
топтастыру, түсіндіру әдіс-тәсілдері пайдаланылды.
Пайдаланылған дерек көздер: Зерттеу жұмысының негізгі материалдары Алпамыс
батыр, Қобыланды батыр, Ер Тарғын және Қамбар батыр жырларынан
алынды. Ал жұмысты орындау үшін тілдік ғылыми еңбектер А. Ысқақовтың
Қазіргі қазақ тілі (1991ж.), Ы. Мамановтың Қазіргі қазақ тілі (1966ж.),
М. Оразовтың Қазіргі қазақ тіліндегі қалып етістіктері (1980ж.) және М.
Оразовтың Семантика казахского глагола (1983ж.) еңбектері басшылыққа
алынды.
Жұмыстың қорытындысы:
Жоспар
1.
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... .1-2
2. І тарау. Батырлар жырындағы етістіктер семантикасы ... ... ..3-9
1.2 Етістіктің лексика-семантикалық сипаты ... ... ... ... ... ... 9-11
1.3 Батырлар жырындағы күрделі етістіктер олардың
жүйесі және лексика-семантикалық мағыналары ... ... 11-15
3. ІІ тарау. Батырлар жырындағы отыр, жатыр, жүр, тұр
етістіктерінің семантикалық
сипаты ... ... ... ... ... 16-22
2.1. Батырлар жырында етістіктің етіс категориясының
қолданылудағы семантикалық ерекшеліктері ... ... ... ...22-25
2.2. Батырлар жырында етістіктің болымсыздық және
болымдылық категорияларының семантикалық
сипаты ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ..25-41
4.
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... .41-42
Кіріспе
Зерттеу жұмысының өзектілігі.
Сөздер белгілі бір заңдылық бойынша байланысып жататыны ешбір дау
туғызбайды. Бірақ сол сөздерді байланыстыратын заңдылықтарды ашу, олардың
өзара байланысу тәсілін анықтау осал шаруа емес. Мамандар бұның жолын
сөздердің дербестігінен іздейді. Ал сөздердің полисемиялық қасиеттері сол
тілдегі жүйеліліктің аясына сыймайды. Зерттеуші ғалымдар біраз уақыт
лексиканы жүйелеуге болмайды деген ойда болды. Тілдегі сөздерді антонимдік,
синонимдік қатарларға бөліп топтау бұрыннан бар болатын. Бірақ бұл тәжірибе
сөздік құрамды толық қамтымайды. Себебі, тілімізде антонимдік, синонимдік
сыңарлары жоқ сөздер де бар.
Тілді жүйелі құбылыс деп, тұжырымды негіз салған Фердинанд де
Соссюр, ал орыс тіл білімінде одан бұрын Бодуэн де куртене тілдің барлық
салалары белгілі бір жүйеге бағынады деп тұжырымдаған. Ал түркі тілінің
лексикасын белгілі бір жүйеге бағындыра алған семантикалық топтарға бөлген
Н.К. Дмитриев. Бұдан кейін сөздерді лексика-семантикалық топтар бойынша
зерттеу жұмысы қолға алына бастады.
Н.К. Дмитриев етістіктерді сөйлеу, ойлау, қозғалу етістіктері деп
бөліп, өзіне дейінгі дәстүрге сүйенеді. Қазақ тіліндегі етістіктер әлі
толық семантикалық талқысына түсе қойған жоқ. Бұл мәселелерде біршама
зерттеу жұмыстарын жүргізіп, бұл істі ілгері жылжытқан ғалымдар Ы. Маманов,
А. Қасенова, Н. Оралбаева.
Зерттеу нысаны.
Жұмыстың негізгі зерттеу нысаны батырлар жырындағы етістіктердің
семантикасын танып білу болып табылады. Осы арқылы етістіктің лексика-
семантикалық мағыналарына талдау жасай отырып, олардың белгілі бір жүйесін
анықтау.
Жұмыстың алдына қойған мақсаттары мен міндеттері.
Бұл жұмыста батырлар жырындағы етістіктердің лексика-семантикалық
мағынасын аша отырып:

Зерттеу жұмысының дерек көздері.
Зерттеу жұмысының негізгі материалдары Алпамыс батыр, Қобыланды
батыр, Ер Тарғын және Қамбар батыр жырларынан алынды. Ал жұмысты
орындау үшін тілдік ғылыми еңбектер А. Ысқақовтың Қазіргі қазақ тілі
(1991ж.), Ы. Мамановтың Қазіргі қазақ тілі (1966ж.), М.
Оразовтың Қазіргі қазақ тіліндегі қалып етістіктері (1980ж.) және М.

Зерттеудің теориялық және практикалық мәні.
Етістіктердің семантикасын зерттеу жұмысы батырлар жырының
үлгілерімен байланыстырыла қаралуы қазақ тілі ғылымындағы семантиканың
дамуына игі ықпал етеді.
Зерттеу әдістері.
Зерттеу жұмысы барысында салыстыру, топтастыру, түсіндіру әдіс-
тәсілдері пайдаланылды.
Жұмыстың құрылымы.
Жұмыс кіріспеден, екі негізгі бөлімнен және негізгі бөлімнің
тармақтары мен қорытынды бөлімнен, сонымен қатар пайдаланылған әдебиет
тізімінен тұрады.
І тарау. Батырлар жырындағы етістіктер семантикасы
Тілдің бір-бірімен тығыз байланысты екі жағы болады: бірі оның
сөздік мағынасы, екіншісі грамматикалық мағынасы. Осы екі бірліктен тіл
құралып, айтатын ой түсінікті дәрежеге жетіп, ол адамдардың арасындағы
қарым-қатынас құралына айналады, қызмет етеді. Сөзді жалаң, бастапқы, түбір
қалпында ғана қолданып, пайдаланғыңыз келсе, ол тек қана жеке дара
ұғымдарды ғана білдіреді де бір-бірімен байланыспағандықтан жүйелі,
ұғынықты ойды білдіре алмайды. Бұдан шығатын қорытынды сөздер тіліміздің
грамматикалық заңдарына сәйкес қолданылғанда ғана айтар ой түсінікті, оның
мағынасы жеткілікті болмақ. Осымен бірге сөздерсіз тек грамматикалық
формаларды қолдану арқылы ғана ойды жеткізу жоғарғыдай кері нәтиже береді.
Бұдан шығатын қорытынды сөз бен грамматикалық құрылыс өзара бірлесіп
қызмет етпесе, тіл құрал ретіндегі қызметін атқара алмайды. Яғни, сөз тіл
материалы болса, грамматика олардың бастарын жымдастырып, біріктіретін,
басын құрап беретін көріктендіруші жамылғыш деп айтуға болады. Тілдің
сөздігін лексикология ғылымы тексереді, ал грамматикалық құрылысын
грамматика ғылымы зерттейді. Тіл ғылымының осы екі саласының тексеретін
мәселелері екі бөлек болғанымен, екеуіне де ортақ объект – сөз. Сөзсіз
ғылымның екі саласы да алысқа бара алмайды. Сөз айналамыздағы түрлі
құбылыстар мен заттардың аты мен атауы болса, сол атаулардың өмірімізде
белгіленген нақты мағынасы болады. Ол мағына осы тілде сөйлейтін бүкіл
халықтың барлығына ортақ, түсінікті болуға тиіс. Мысалы: от, орман, жер,
күн, топырақ, ағаш, су, өзен, көл, жол деген сөздер айтылған сәтте
әрқайсысы белгілі заттың атауы ретінде қазақ тілін білетін, сол тілді еркін
меңгерген адамдардың барлығына түсінікті болып, көз алдымызға елестейді,
яғни бейнесі ой-қиялымызда көрініс табады.
Кез келген сөздің басқа сөздермен қатынасқа түспей дербес тұрғандағы
нақты мағынасы лексикалық мағынасы немесе тура мағынасы болып табылады.
Тіліміздің лексикология ғылымы сөздерді, олардың жүйесін, даму
ерекшеліктерін, күнделікті өмірдің сан тарау салаларымен байланысуын,
жекелеген сөздердің лексикалық мағыналарын, олардың шығу тарихы мен дамуын
зерделеп зерттейді. Мағыналары сан алуан, түрлі-түрлі болып келетін
сөздерді саралап, топтап олардың әрқайсысына тән ортақ немесе дербес
сипаттарын анықтайды. Сөзіміздің басында біз от, ағаш, топырақ сөздерін
мағына жағынан жалпы қарасақ, енді оларды грамматика тұрғысынан сөз
таптарына топтастырамыз. Мұны біз бір сөздің бойында лексикалық мағына да,
грамматикалық мағына да бірлесіп жарыса өмір сүретінін дәлелдеу үшін
келтіріп отырмыз. Сөз тек мағынасы жағынан ғана емес, құрамы жағынан да өте
сан қырлы, күрделі категория. Жеке сөз дербес тұрып ешқандай қасиетін
көрсетіп бере алмайды, ол қолданысқа түсіп, пайдаланыла бастағанда ғана
тұлғасы түрленіп түрлі өзгерістерге ұшырай бастайды. Осы сәттен бастап
сөздің бірде лексикалық бастапқы мағынасы өзгерсе, бірде семантикасы басқа
реңке ауысып кетіп отырады.
Лексикология ғылымының ең негізгі маңызды бөлігі - семасиология тіл
білімінің сөз мағыналарын, олардың түрлері мен өзгеруін зерттеп,
зерделейді. Семасиология гректің semasia – белгі, мағына және logos – ілім
деген сөздерінен жасалған. Семасиология сөздердің мағыналарының кеңею және
тарылу жолдарын ұқсату, ат ауысу заңдарын, мағыналарының өзгеру себептерін
анықтайды. Мысалы, жол деген сөзді алып қарастыратын болсақ, бұл сөздің
бастапқы мағынасы мен қазіргі қолданыста пайдаланылып жүрген мағынасы
арасында мынандай айырмашылықты байқаймыз. Мысалы, Қазақстан-2030
стратегиялық бағдарламасының жолы дегенді айтатын болсақ, осындағы жол
сөзі бағдар, бағыт, идея дегенді білдіріп, бастапқы мағынасынан бұл сөздің
жаңа қосымша мағынаға ие болғанын байқаймыз. Тіліміздегі сөздердің саны
көбеймей-ақ бар сөздердің есебінен оның мағынасы ұлғайып отыратынын
байқауға болады. Семасиологияның, әсіресе лексикография жұмысында орны
ерекше маңызды болып табылады. Себебі, сөздік жасау үстінде
(лексикографиялық сөздік) сөз, оның мағынасы жан-жақты қаралып, талданатын
болғандықтан семасиология бұл жерде үлкен жетекші рөл атқарады. Ол сөздік
жасау барысында сөздерді ғылыми жағынан зерделеп, дұрыс жолға қою үшін
жетекші қызмет атқарады. Қазақ тіл ғылымында тіл білімінің семасиология
саласы 1950 жылдардан бастап ғылыми түрде зерттеле, жүйелене бастағанын
байқаймыз. Осы кезден сөз мағыналарының түрлері белгіленіп, олардың ара
жігі айқындалып, шегі мен шекарасы нақтыланып өзара қарым-қатынасы
сараланғанын ғылыми еңбектерден кездестіреміз. Көп мағыналы сөздердің даму
жолдарына назар аударыла бастаған. Синоним, омоним, антоним мәселелері
арнайы зерттеліп, тіл білімі ғылымына үлкен ғылыми жаңалықтар келгені
байқалады. Семасиологияны жекелеген ғалымдар семантика деп те атайды. Ал
семантика атауы ғылымның Марр кезеңінде қолданыста болып, асыра
сілтеушілікке дейін жеткендігін байқауға болады. Қазір семантика деген атау
бұрынғы терминдік мәнін жоғалтып, мағына деген сөздің синониміне айнала
бастағанын атап өтеміз. Бұл термин көптеген шет елдерде де белгілі бір ағым
ретінде қолданыста жүргендігін ғылыми еңбектерден кездестіреміз. Семантика
термині біздің жұмысымызда сөздің семантикасы, оның ішінде етістік
семантикасы ретінде батырлар жырын негізге ала отырып, талдау объектісі
болады. Нақты тақырыпқа кіріспестен бұрын біз семасиология туралы
көзқарастарға, олардың тарихына және даму кезеңдеріне қысқаша тоқталуды жөн
деп білеміз.
Семасиология туралы бірінші көзқарас батыс елдерінде кеңінен етек
алған структурализм (структурная лингвистика) идеясы болды. Бұл бағыттың
жақтастары сөздің дыбыстық формасын тексерудің ешқандай қажеттігі жоқ,
себебі ол бізді тілден мүлдем басқа жаққа алып кетіп, философия мен
психологияға апарып тастайды деп есептеді және тілдің өлшемі дыбыстар да
емес, сөздің мағынасы да емес дей отыра тілдің жүйесін жасайтын
элементтердің өзін корреляциялық система деп атап, нәтижесінде сөздің
мағынасын бүтіндей жоққа шығарады (Америка тіл ғылымын зерттеушілері
Б.Блох, Г.Трэджер). Бұл идеяларды жақтаушылар тілі білімінің Кеңестік дәуір
кезеңінде кеңестік одақ ғалымдарының арасында белең алғаны байқалады.
Екінші, көзқарас - семасиологияны семантика деген атаумен ауыстырып,
оны асыра бағалау Жаңа тіл білімі ағымын жақтаушылар бағыты. Академик
В.В.Виноградов бұл мәселеде Семасиологияны асыра бағаламай, тиісті орнында
қолдану арқылы лексикологияның ішіндегі маңызды бір бөлімі ретінде
пайдалану арқылы жақсы нәтижелерге жетуге болады,- деп нақты түйінді
қорытынды шығарды. Осыдан келіп шығатын қорытынды сөздің мағынасын және сөз
мағынасының дамуын зерделегенде ол сөздің қазіргі қалпы мен өткен жолын
диалектикалық тұрғыдан қарастыру қажет. Замандар өте, жылдар өте қоғамдағы
өзгерістерге сәйкес сөз мағынасының да жаңа көріністерге де ие болып,
мағынасы көбейіп, көркейіп отыратындығын көруге болады. Өйткені, сөз
өмірдегі құбылыстардың барлығына тікелей қатысты болып, тікелей араласып
отырады. Әсіресе, сөздің мағынасы сөйлем құрғанда ашылып, айқындала түседі.
Профессор І. Кеңесбаев өзінің Қазіргі қазақ тілі оқулығында: Сөз қандай
күрделі болса, сөз мағынасы да сондай күрделі,- деген түйінді пікір
айтады. Сөз мағынасының құбылуы ол сөздің грамматикалық тұрақтылығын
әлсіретіп жіберіп, кей жағдайда сол сөз, бір сөз табынан екінші бір сөз
табына өтіп кетіп жатады. Сөз мағынасы өзінің даму жолында жаңа қолданатын
орын табуы да мүмкін. Бұл жерде сөздің жанды организм сияқты құбылып
отыратындығын байқауға болады.
Сөздің негізгі сөздік мағынасын (лексика-семантикалық вариант)
айтқанда тілдегі сөздердің басым көпшілігінің көп мағыналы болып келетінін
біз жоғарыда атап өттік. Академик В.В.Виноградов сөздерді тек семантикалық
жағына қарай таптастыру оңды нәтиже бермейтінін айта келіп, сөздің нақты өз
басындағы мағыналарына ерекше көңіл аудару қажеттігін айта отырып,
сөздердің мағынасын мынандай 3 топқа бөледі:
1. Ерікті
2. Фразеологиялық байланысты
3. Функционалды-синтаксистік
Біз де осы пікірге келісе отырып, оның дұрыстығына мына дәлелдерді келтіре
аламыз: сөздің негізгі сөздік мағынасы заттың, құбылыстың атауы болып
табылады. Себебі, сөздің негізгі мағынасы затпен, құбылыспен тура
байланыста болады. Сөздер сөйлем құру процесіне қатысқан кезде әр алуан
болатындықтан, олардың негізгі мағынасын затпен, құбылыспен тікелей
байланыста қарау міндетті болып табылады. Мысалы, қазіргі қазақ тілінде
қату етістік сөзінің негізгі мағынасы қат дегеннің қатты нан, қатты құрт
және басқа түрі болады. Ал енді қатты дауыл, қатты аяз, қатты жүріс деп
айтатын болсақ ол күшті, алапат деген ұғымды білдіреді. Бұл сөздердегі
қатты сөзі өзі тіркескен сөздермен бірігіп, тұрақты мағынаға ие болған. Ал
енді қатты адам дегенді алатын болсақ, бұл жердегі қатты сөзінің ауыспалы
мағынаға ие болғанын байқаймыз. Бұл жерде біз қатты адам деп майыспайтын,
иілмейтін адамды емес, мінезі тік, тоң мойын адам туралы айтылғанын
байқаймыз. Сол сияқты қатты сөзін ол қатты айтты деген сөйлемде
пайдаланатын болсақ, бұл жерде осы сөздің мағынасы бұл адамның іс-әрекетіне
байланысты айтылғанын байқаймыз. Бұдан шығатын қорытынды қатты сөзінің
мағынасы (негізгі мағынасы, тұрақты мағынасы, ауыспалы мағынасы) тек
сөйлемде айқындалатыны байқалады. Сол себепті біз сөздің негізгі мағынасын
заттың, құбылыстың тікелей атауымен байланыстыра қарауды жөн деп тауып
отырмыз. Бұлай болатыны сөздің негізгі (сөздік) мағынасы баршаға ортақ,
нақты ұғымды білдіретін шындық мағынасы болып есептеледі.
§1. Сөздің тұрақты мағынасы
Сөздің негізгі мағынасы оның тұрақты мағынасы болып есептеледі.
Сөздің тұрақты мағынасы болмаса, ол сөздің негізгі мағынасы да болмайды.
Сондықтан негізгі мағына мен тұрақты мағына бір-бірімен байланысты болады.
Сөздің негізгі мағынасынан барып жаңа мағына пайда болуы мүмкін. Сол жаңа
мағынаға ие болған сөз бірте-бірте тұрақты мағынаға ауысып отырады.
§2. Сөздің нақты және абстракты мағынасы
Қазақ тіліндегі сөздер бар мезгілде бір қалыпта қолданыла бермейді.
Егер сөздердің әрқайсысының өздеріне тән мағынасы болса толық мағыналы
сөздер дейміз (ағаш, от, су, көл, жер). Сонымен қатар тілімізде лексикалық
мағынасы жоқ сөздер де кездеседі. Ол сөздер дербес тұрып өмір шындығын
көрсете алмайды, былайша айтқанда, бұл сөздерді айту арқылы көз алдыңа,
көңіліңе ешнәрсені елестете алмайсың (үшін, сайын, ғой, -ау). Бірақ бұл
сөздерде өз кезегінде тілдегі белгілі бір қажеттіліктерді өтеу үшін
пайдаланылатындығын атап өтеміз. Яғни, бұлар да белгілі бір семантикалық
қызметтерді атқарады (эмоциялық, экспрессивтік қызметтер).
§3. Сөздің контекстік мағынасы және көп мағыналылығы (полесемантизм)
Сөздің алғашқы шыққан кездегі мағынасы көп мағыналы болмаған, бірақ
жылдар өте дамудың арқасында оның мағынасы бастапқы мағынасынан көрі
кеңейіп, көбейіп отырған. Кей жағдайларда бұл сөздер бастапқы кездегі
мағынасынан алыстап омонимге айналып кетіп отырғанын байқауға болады
(омоним - дыбысталуы, айтылуы бірдей, бірақ мағыналары мүлдем басқа
сөздер). Тілдің көп мағыналық сипатқа ие болуы күнделікті өмірдегі
өзгерістер мен қажеттіліктен туындап отырады. Тілдегі сөздерді дұрыс
қолданғанда оның негізгі мағынасын қосымша қажеттіліктен туған мағынасынан
болмаса ауыспалы мәндегі мағынасынан ажырата білудің маңызы зор болып
табылады. Кез келген сөздің барлық қосымша мағыналары ол сөздердің бастапқы
негізгі мағынасынан барып шығады және сол арқылы айқындалады. Әрине бұл
тексте ғана ажыратылады.
Көп мағыналы сөздердің тобына ақтау (ағарту) деген етістікті алатын
болсақ, оны мынандай мағыналарға ажыратуға болады:
1. ақтау – ел кезіп кету.
2. ақтау - әктеу немесе бояу, ағарту деген мағынада.
3. ақтау – сот процесінде белгілі адамды айыпсыз, кінәсіз деп тану.
§4. Сөздің тура мағынасы
Сөзіміздің басында біз сөздің негізгі мағынасы арқылы ғана қосымша
мағыналары пайда болып дами алатындығын айтқан болатынбыз. Жоғарыда
көрсетілген сөздердегі ақ сөзінің негізгі мағынасы сын есім белгісінде
жұмсалған. Осы сапалық сын есім басқа сөздерге дамуға негіз болатын негізгі
мағына болып табылады. Басқа сөздердің барлығы да осы ақ деген сөзден
дамып, кейін ол сөзден алыстап, алшақтап іргесін бөліп жеке дара
қолданылатын дәрежеге жеткен. Ақ деген сапалық сын есім өте көне замандарда
шығып, ал бірте-бірте өмірде қолданылудың нәтижесінде қосымша заттық
мағынаға ие болғанын мына сөздерден байқаймыз: аққа аузы тиді, ақ ішіп
денсаулығын түзеді деген сөздерде бұл сөздің сапалық сыннан заттық мағынаға
көшкенін байқауға болады.
§5. Сөздің ауыспалы мағынасы
Сөздің негізгі мағынасынан ауыспалы мағына дамиды. Ауыспалы мағына
негізгі мағынадан ұқсату арқылы шығады. Мысалы, бас деген сөздің негізгі
мағынасы – адамның дене мүшесі. Осыған ұқсатудан барып таудың биігін –
таудың басы, судың ағып шығатын көзін – судың басы деген ауысу заңдары
бойынша жасалған мағыналары пайда болған.
1.2. Етістіктің лексика-семантикалық сипаты
Қазақ тіліндегі етістік сөз табының лексикалық құрамында неше сөз
болса, олардың әрбірінің жеке өз басына лайық лексикалық мағынасы болатыны
еш дау тудырмайды. Сонымен бірге олардың лексикалық мағыналары басқа-басқа
бола тұра осы етістіктердің барлығына ортақ сипат ретіндегі ерекшелігіне
қарай семантикалық ерекшеліктерін ескерісек бір топқа жатқызылады. Сөздік
мағынасы жағынан жақындықтарына қарай отырып, оларды Ахмеди Ысқақов
Қазіргі қазақ тілі оқулығында мынандай топтарға бөледі:
1. Амал-әрекет етістіктері (босат, көтер, ки, сыз, өлше, кес).
2. Қимыл-қозғалыс етістіктер (ауна, аудар, домала, қаш, секір).
3. Қалып-сапа етістіктері (жат, жантай, тұр, тос, күт).
4. Ойлау-сөйлеу етістіктері (айт, сөйле, де, ескер, жатта).
5. Өсу-өну етістіктері (балала, жапырақта, гүлде, өс, өн).
6. Бағыт-бағдар етістіктері (бар, кел, кет, қайт).
7. Көңіл күй етістіктері (жыла, қайғыр, өкін, күл, қуан).
8. Бейнелеу-еліктеу етістіктері (жарқыра, күркіре, дүрсілде, дүркіре).
Автор осы еңбегінде, сонымен қатар, дыбыс, сес етістіктері, көру,
есту етістіктері, мінез-құлық етістіктері деген топтарға бөліп жіктейді.
Осымен бірге сыртқы ұқсастықтарына және мағына, мазмұнына қарап, омоним
етістіктер, синоним, антоним етістіктер деген топтарға жіктейді. Осы
жердегі біздің байқағанымыз етістіктерді мағынасына қарай топтастыру
сөздерді сөз таптарына топтастырған сияқты белгілі бір мақсатқа
сәйкестендіргенін көреміз. Етістіктерді осылай топтастыру лексикология,
лексикография, семасиология үшін белгілі бір жағдайларда өте ұтымды
болатынын байқаймыз. Тіліміздегі байырғы түбір етістіктер әрқашан да өзге
туынды етістіктерге (жұрнақ арқылы жасалған жаңа етістіктер) мағыналық
құрылымы жағынан негіз, ұйытқы және өрнек ретінде қызмет етеді. Автор осы
еңбегінде етістіктерді грамматикалық семантикасына қарай мынандай үш салаға
бөледі:
1-сала. Лексикалық мағыналарын толық сақтаған, осыған
орай дербестігі бар, сонымен қатар грамматикалық
қызметтерін толығымен атқара алатын етістіктер.
Осы етістіктер қайда болмасын өзінің негізгі
мағыналарын толық сақтап, үнемі жетекші қызметте
қолданылады. Бұған көбінесе түбір етістіктер
жатады: аш, айт, ас, бақ, ем, ек, ер, ес, жар, жел
(шап деген мағынада), кеш, күл, қама, қыс.
2-сала. Өздеріне тән негізгі лексикалық мағыналарын
сақтаған және сөйлем ішінде дербес мүше бола
отырып, кейде негізгі етістікпен тіркескен сәттерде
бірде лексикалық мағынасын жартылай, бірде толық
жоғалтып алып жетекшілік рөлінен айырылып
қалып, жәрдемші, көмекші қызметке түсіп қалатын
етістіктер жатады. Ал (ала бар), бол, біл, де, ет,
жат, жүр, қой, отыр, тұр.
3-сала. Бастапқы лексикалық мағынасын жартылай болмаса
толық жойған тек қана грамматикалық формада
қалып жәрдемші демеушілік сипатта қалған
етістіктер (е, еді, екен, жазда).
Қазақ халқының үлкен рухани бай мұрасы болып табылатын батырлар
жырынан етістіктің семантикасының жоғарыда аталған сипаттарын кеңінен
кездестіруге болады. Ең көне және көп вариантты Алпамыс батыр жырында
толық лексикалық мағыналары сақталған мына етістіктердің қолданылуында
әрқайсысының жеке өзіне тән мына сипаттарына тоқталамыз.
Батырлар жырындағы туынды етістіктердің өздеріне тән қолданылу
ерекшеліктеріне келетін болсақ, олардың семантикалық мағыналарынан мынандай
мәселелерді ерекше белгілерді ажыратып айтуға болады:
1. Есім негізді етістіктер (-ла, -ле, -да, -де, -та, -те жұрнақтары
арқылы жасалған).
2. –лан, -лен, дан, -ден, -тан, -тен жұрнақтары арқылы жасалған есім
негізді етістіктер семантикасы.
3. -лас, -лес, -дас, -дес, -тас, -тес жұрнағы арқылы жаслаған есім
негізді етістіктер семантикасы.
4. –лат, -лет, -дат, -дет жұрнағы арқылы жасалған есім негізді етістіктер
семантикасы.
5. –ай, -ей, -й жұрнағы арқылы жасалған есім негізді етістіктер
семантикасы.
6. –а, -е жұранғы арқылы жасалған етістіктер семантикасы.
7. –ар, -ер, -р жұрнағы арқылы есім негізді етістіктер семантикасы.
1.3 Батырлар жырындағы күрделі етістіктер олардың жүйесі және лексика-
семантикалық мағыналары
Батырлар жырындағы күрделі етістіктер, олардың қолданылу жүйесі және
олардың семантикалық мағыналарына тоқталатын болсақ бастапқы жалаң
етістіктерден бөлек мынандай түбірлі өзгешеліктерді байқаймыз. Мысалы:
жәрдем ет, жар бол, құлап кете жаздады т.б.
Көрпенің шетін жамылып,
Тұра алмады қойнынан...
Шешіп ала жөнелді...
Табанымнан тас өтіп..
Бұл етістіктер өзінің семантикалық мағынасы жағынан алғашқысы
негізгі мағынасын толық сақтап, ал екіншісі тек жәрдемші, көмекші қызметте
жұмсалатыны байқалады. Ал жырдағы күрделі етістіктердің біразы тұрақты
тіркесті етістіктер тобы ретінде қалыптасқанын көреміз:
Оятса да оянбай,
Сілесі қатып қалды енді... (197-бет)
Қалағаныңды берді деп
Шыбын жанын құрбан қып... (26-бет)
Атса мылтық өтпеді
Шапса қылыш кеспеді (208-бет)
§6. Батырлар жырындағы де етістігінің семантикалық ерекшеліктері
Де етістігі қазақ тілінің сөйлеу және ойлау етістіктері деп аталатын
тобына мына етістіктермен бірге (сөйле, айт, болжа, ойла) бір топқа
жататынын ескерсек осылардың ішінде де етістігі сөйле, айт етістіктерімен
синонимдас болып келетініне көз жеткізуге болады. Алпамыс батыр жырында
Байбөрі құдайға өз мұңын шағып былай дейді:
Айналайын атыңнан
Жаратқан жалғыз Құдайым,
Бір баланың жоғынан
Зорлық қылды маңайым
Өкім қыла сөйлейді
Баласы көп ағайын (153-бет)
Алжыған қақбас дер еді...
Малда, жанда нең бар деп...
Мақұл десең алғаным
Алаша төсек салғаным...
Байеке, болсын жолың,- деп,
Қабыл болсын мұның деп
Қол жайып дұға қылады...
Бірнеше күн жүргенде
Өлдік талдық дегенде
Әзіретке келеді...
Сұңқардай мойын бұрады:
Түсінбедім шешежан,
Қайтадан айт!- деп сұрады
Сонда кемпір сөйледі
Шекті деген елінде
Сарыбай деген бай еді...
Гүлбаршын сұлу бар деді... (165-бет)
Мінбеймін,- деп Алпамыс,
Жүгенмен басқа ұрады
Жүгенде,- деп,- басымды
Жүгенге мойнын бұрады... (166-бет)
Қаракөзайым сөйледі...
Қолыңдағы сырнайды
Кім қылды екен, Кейқуат?
Сұрағанда шын айтсаң
Сені тәуір көрейін... (172-бет)
Осы жолдарда де етістігінің айт, сөйле етістіктерімен тікелей
мазмұндас бола отырып, кезектесе жұмсалғанын байқаймыз. Бірақ де
етістігінің семантикасы мен қолданылу қабілеті жағынан айт, сөйле
етістіктерінен әлдеқайда мүмкіндігі мол екенін байқауға болады. Жоғарыда
келтірілген мысалдарда айт, сөйле етістіктері қолданылу жағынан өздерінің
негізгі қызметтері аясынан алшаққа кетпей қолданылып отыратынын байқасақ,
де етістігі жырдағы қолданыста де, деп, деген, дейтін формаларда айтылып,
кейде дара, кейде күрделі бірлікте қолданылып отырып мүмкіндіктерін кеңінен
ашып бере алады, болмаса әлденеше сөз тізбектері мен тұтас тіркестерді
бөліп жібереді немесе оларды жинақтап, тұжырымдап тиянақтайды. Бұл
жағдайларда де етістігі өзінің негізгі лексикалық мағынасынан түгел
айырылып қалмайды және семантикалық белгісін сақтап отырады.
Де етістігі Алпамыс батыр жырында көбінесе жетекшілік қызметте,
сонымен қатар көмекші қызметте жұмсала отырып, жырда өзінің сөз
қолданысындағы оралымдылығын, тіркесімде ыңғайлылығын, икемділігін анық
байқатады. Алпамыс батыр жырынан де етістігінің өте көп қолданылғандығын
және бұл етістіксіз жырдың жолдары өте сирек орайластырылғанын байқай
отырып, оның сөйлеу қызметінде белсенді етістіктер тобына жататынын
байқауға болады. Де етістігінің сипаттары басқа етістіктер ғана емес, басқа
сөз атауларының көбінде табыла бермейді. Де етістігі басқа етістіктермен
тіркесіп көмекшілік қызметті атқармағанын байқаймыз. Яғни де етістігі
жетекші етістіктерге мүлдем тіркесіп пайдаланылмаған.
Сонымен қатар жырда де етістігі өзінен бұрын тұрып жіктік жалғауын,
рай формасын, есімше жұрнақтарын қабылдаған етістіктерге еркін тіркескенін
көреміз. Бұл ерекшелік тек де етістігіне ғана тән сипат деуге болады.
Де етістігінің есімше (деген, дейтін), көсемше (деп), шақ (деді,
депті, дегенді), рай формалары жырда дербес те және тіркестер құрамында да
қолданылып отырған. Ол етістіктің тікелей қолданылу семантикасына
байланысты болып отырады:
... Жиделі Байсын жерінде
Қоңырат деген елінде
Байбөрі деген бай бопты...
Байбөрі қубас деген сөз
Сүйегімнен өтеді... (153-бет)
Осындағы мысалдардан деген формасының беретін мағыналары жағынан болсын
алуан түрлі сипатта жұмсалып, сөзде жиі қолданылатын етістіктер қатарына
жататынын байқаймыз. Жырда де етістігінен өрбитін жалаң формалар (деп, дей,
дер, деген, дейтін, десе, демек) мен күрделі формалар (-йін деп, -йын
деген, -йын десе) еді, екен формаларымен тіркесіп, күрделі суреттемелік
формада жұмсалған. Мысалы:
Қан шыққан жоқ онымен
Кереметті екен деп
Ақылмен ойлап біледі...
Атылып тасып қайнаған
Жылы бұлақ дер еді ... (157-бет)
Сонымен қорытып айтқанда, де етістігінің жырда қолданылу
сипаттарынан мынандай ерекшеліктерін байқаймыз:
1. Сөзде немесе сөз тіркесінде, бірнеше сөйлемге созылған жыр жолдарында
де етістігі ойдың, сөздің мағыналарын сақтап, тікелей дәл бере білуде
дәнекерлік қызмет атқарғанын көреміз.
2. Көңілдегі, көкейдегі ойды жеткізе білуде жарыққа шығару үшін
дәнекерлік қызмет атқарғанын байқаймыз.
3. Де етістігі түрлі формада қолданылу арқылы сөздерді немесе
сөз тіркестерін бір-бірімен байланыстыру үшін жұмсалғанын
байқаймыз:
Байбөрі деген бай бопты...
Байбөрі қубас деген сөз
Сүйегімнен өтеді... (153-бет)
4. Де етістігі өзінен бұрын тұрған көсемше немесе бөгде формалармен
тіркесу арқылы сараламалы етістіктің әртүрлі формаларының қалыптасуына
әсер етіп отырғанын көреміз.
Қазақ тілінде айт етістігінің Қобыланды батыр жырында мынандай
лексика-семантикалық ерекшеліктермен қолданылғанын көруге болады:
Әулиеге ат айтып
Қорасанға қой айтып
Бұл жолдарда айт етістігі өзінің тура мағынасындағы айту, сөйлеу деген
мағынасынан бөлек кетіп, ауыспалы мағынада, яғни арнау (Құдай жолына арнау)
деген мағынада қолданылған.
Ал енді сөйле етістігінің Қобыланды батыр жырындағы қолданылу
сипаттарына қысқаша тоқталатын болсақ, көп жағдайда бұл етістіктің өзінің
тура мағынасында қолданылғанын және кей жерлерде өлең сөздің ерекшелігіне
сәйкес де етістігімен жарыса қолданылып отырғанын кездестіруге болады. Бұл
жағдайлардың бәрінде де, сөйле етістігі өзінің бастапқы мағынасынан
алшақтап, ауытқып кетпеген:
Сонда Естемес сөйледі
Сөйлегенде бүй деді... (Ақсауыт, 1977ж., 17-бет)
Тек ескерте кететініміз айт, сөйле етістіктері шақ, етіс, есімше, көсемше
формаларында түрленіп, қолданылуы арқылы жыр жолдарының ұйқаса
қолданылуына, олардың өлең сөз жолдарында шығарманы көркемдеуіш құрал
ретінде құбылта пайдаланылғанын байқаймыз. Жырда сөйле етістігі көп
жағдайда оқиғаны баяндауда кіріспе бағыттаушы қызметте жұмсалып отырылады:
Сонда Қобылан сөйледі... (34-бет)
Сонда Құртқа сөйлейді... (35-бет)
Қамығып Құртқа сөйлейді... (37-бет)
Қарындасы сөйлейді... (44-бет)
Қара Бұқан сөйледі... (55-бет)
Қорытып айтқанда сөйле етістігі айт, де етістігінің орнына синонимдес
қалыпта жұмсалып, тіл қатты деген мағынада жұмсалғанын көреміз.
ІІ тарау. Батырлар жырындағы отыр, жатыр, жүр, тұр етістіктерінің
семантикалық сипаты
Айнала қоршаған орта, оны мекен еткен түрлі жанды жансыз заттың
қайсысы болмасын олардың сипаты жатқан, тұрған, отырған, жүрген қалпында
болады және бұлардың әрекеті сол жоғарыда көрсетілген қалыптың бірінде
жүзеге асады. Қазақ тілінің грамматикасында бұл төрт етістік қалып
етістіктері деген атаумен дараланған. Бұл төрт етістіктің формаларында
семантикалық реңктерінде бәріне ортақ ерекшеліктер бар. Төрт етістіктің
барлығы дерлік өзінің лексикалық мағыналарын толығымен сақтаған және
морфологиялық жағынан түрлене отырып, дербес синтаксистік қызмет атқара
алады. Яғни негізгі етістік есебінде қолданылады. Осымен бірге аналитикалық
тіркес құрай отырып, көмекші етістіктер қызметін де атқара алады. Бұл екі
жағдайда да аталған етістіктердің жетекшілік және көмекшілік қызмет атқару
қабілеттері біртектес, әрі түрлену жүйесі де бірыңғай, алайда лексикалық
мағыналарына үнілетін болсақ түрлі-түрлі болып келетінін байқаймыз. Қолдану
қызметтері жағынан біртектес болып келетініне қарамастан семантикалық
мағыналары әртекті болып келеді. Бұл аталған етістіктердің жетекші және
көмекші қызметтеріне де тән сипат. Бір атап өтетін мәселе бұл етістіктер
күрделі етістіктің құрамына көмекші етістік ретінде кірген жағдайда өзінің
бастапқы мағынасын толық жойып жібермейді. Мысалы: отыр, оқып отыр, жатыр,
келе жатыр, тұр, келіп тұр, жүр, айтып жүр т.б. Егер бұл етістіктердің
бастапқылары тікелей қимылды білдірсе, көмекші қызметте қолданылып тұрған
етістіктер негізгі етістіктерге қосымша, үстеме мағына беріп, оларға
лексика-семантикалық сипат беріп тұрғанын байқауға болады. Нақтылап айтатын
болсақ, шақтық сипат берумен қатар, күшейту немесе бәсендету сипаттарын
беру үшін жыр жолдарында мақсатты түрде пайдаланылғандары байқалады:
Енді атына мінеде
Жамбыға қарай жүреді...(250-бет, негізгі қызмет)
–п тұр тіркесінде жұмсалған жағдайда тұр етістігінің көмекші қызметі
амалдың өзгеріссіз бір қалыпта жүретінін, үздіксіз болатынын білдіретін
реңк беріп тұрғанын байқаймыз:
Ішінде тұлпар тулайды
Биенің тынысы бітіп тұр (25-бет, көмекші қызмет)
Қасына адам жолатпай
Құртқа жалғыз күтіп тұр (25-бет, көмекші қызмет).
Осындай сипат жырда –й тұр, -ып жүр, -ып отыр, -ып жатыр, -й жат формасында
да кездеседі. Бұл жырға түрлі эмоционалдық-экспрессивтік реңк үстеме
мағынасын беріп отырады. Мысалы:
Әлі сабыр қылғаның,
Әлі де шыдап тұрғаның –
Жалғызда мейірім жоқ деген
(240-бет, көмекші қызмет, шақтық
мағына)
Бұл етістіктер (отыр, жатыр, тұр, жүр) семантикалық ерекшеліктеріне
қарай бірімен-бірі тығыз байланысты болып келетін амалдың даму кезеңі
категориясының және нақ осы шақ категориясының жасалуына кең көлемде
қатысып отырады. Мысалы: келіп тұр (нақ осы шақ), айтып жүр (нақ осы шақ).
Ашуы кернеп жөн еді
Ләшкер тартып келеді...
Айналдырып санаса,
Он екі айлық жер еді
Бет алдында төбе бар
Төбеге шыға келеді... (182-183-бет)
Аяғының астында,
Тақтай тастың бетінде,
Жазылған таста хат жатыр (жетекші, тура мағына)
Хатқа бала қараса,
Іші толған тамаша
Талай-талай кеп жатыр
Түсінбеген түсінсін
Болмаған бұрын сөз жатыр
Қалмақтарда бар екен
Қараман деген бір батыр...
Он қарадан бір қара
Зекеттеп алып жеп жатыр (көмекші, шақтық мағына)
Гүлбаршын сұлу шонықты
Бересің маған,- деп жатыр (көмекші, шақтық мағына)
Көкпарын шауып күніге
Қыз ойнағын қып жатыр... (көмекші, шақтық мағына)
Арасы да бұлардың
Олқы-толқы боп жатыр
(көмекші, шақтық
мағына,186-бет)
Тізеден шұбар қан кешіп,
Шапылдап шауып жүреді (көмекші, эмоционалды-
экспрессивті
мағына)
Шапқанын ешкім көрмейді (жетекші, болымсыздық
мағына)
Өлгенін ешкім білмейді (188-бет)
Бұл сөйлемдердегі қолданылған күрделі етістіктерді сараптайтын
болсақ, олардың қайсысы болсын басталған, бірақ әлі аяқталмаған, яғни
бірқалыпты сарынмен жүріп жатқан бір процесті білдіреді. Яғни амалдың болып
жатқан немесе жүріп жатқан кезеңін білдіреді. Бұлардың арасындағы
семантикалық айырмашылықтарды ажырататын болсақ, олардың мағыналық реңктері
де тез ажыратылатын болады. Жатыр, тұр, отыр, жүр етістіктері көсемшенінің
–ып, -іп, -п жұрнағымен селбесіп, жетекші етістікте басталған істің
үздіксіз жүріп жатқан кезеңін білдіретін реңк (мағына) үстемелеп тұр. Бұдан
шығатын қорытынды отыр, жатыр, тұр, жүр етістіктері жетекші етістіктерге
дәнекер (жұрнақ) арқылы тіркесіп, оған қимылдың үздіксіз жүріп жатқандығын
білдіретін мағына үстейтіндігі.
Батырлар жырындағы етістіктердің қолданылуындағы тағы да бір
ерекшелігі - жыр жолдарының қайсысын алсақ та, ондағы амалдың дәл сөйлеп
тұрған уақытта жүзеге асып жататындығы. Бұған байланысты айтатынымыз
аталған етістіктердің нақ осы шақ мағынасында қолданылуы болып табылады.
Яғни етістіктің нақ осы шақ категориясын құрауға негіз болып тұр. Сонымен
қатар, аталған етістіктердің көмекші еді, екен етістіктерімен тіркесуі
арқылы күрделі етістіктерді құрағанын кездестіреміз:
Қатын деген бір сөзін
Бетіне соғып тұр еді... (114-бет)
Көп қосынға жан ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz