Ағза мен орта: мекен ету орталары және экологиялық факторлардың тірі ағзаларға әсері


Дәріс № 2 Ағза және орта. Экологиялық факторлар және олардың тірі ағзаларға әсері.

Мекен ету ортасы дегеніміз - тірі ағзаны қоршайтын және оған тура немесе жанама әсер ететін табиғаттың бөлігі. Планетамыздағы тірі ағзалар 4 негізгі мекен ету ортасын игерген. Олар:

  1. Су;
  2. Құрлық-ауа;
  3. Топырақ;
  4. Тірі ағзалар.

Ағзаға қажетті немесе кері әсерін тигізетін қоршаған ортаның элементтері экологиялық факторлар деп аталады.

Факторлар үш негізгі топқа жіктеледі: абиотикалық, биотикалық және антропогендік.

Абиотикалық факторлар дегеніміз - бейорганикалық табиғаттың тірі ағзаларға тигізетін әсері.

1. Белгілі бір аймақта тіршілік ететін барлық ағзалар тобына әсер ететін климаттық немесе физикалық факторлар:

ауаның ылғалдылығы; жауын-шашынның мөлшері; ауаның температурасы; жарық мөлшері; күн мен түннің ұзақтығы, желдің әсері; ауа қысымы, ауаның құрамы.

Жарық, температура, ылғалдылыққа байланысты ағзалардың келесі экологиялық топтарын бөліп көрсетеміз.

Дене температурасының тұрақтылығана байланысты жануарлар:

А) Пойкилотермді (салқынқандылар) ;

Ә) Гомойотермді (жылықандылар) .

Ылғал режиміне байланысты өсімдіктер:

А) Гигрофиттер (ылғалы мол жерлерде өсетін өсімдіктер) ;

Ә) Мезофиттер (ылғалы орташа жерлерде өсетін өсімдіктер) ;

Б) Ксерофиттер (құрғақ жерлерде өсетін өсімдіктер) .

Ылғал режиміне байланысты жануарлар:

А) Гигрофилдер (ылғалы мол жерлерде тіршілік ететін жауарлар) ;

Ә) Мезофилдер (ылғалы орташа жерлерде тіршілік ететін жауарлар) ;

Б) Ксерофилдер (құрғақ жерлерде тіршілік ететін жауарлар) .

Жарыққа байланысты өсімдіктер мынадай экологиялық топтарға жіктеледі:

А) Гелиофиттер (жарығы мол жерлерде өсетін өсімдіктер) ;

Ә) Сциофиттер (көлеңке жерлерде өсетін өсімдіктер) ;

Б) Факультативті гелиофиттер (көлеңкеге шыдамды өсімдіктер) .

2. Құрлықта тіршілік ететін ағзалаларға топырақтың әсері - эдафикалық фактор:

химиялық құрам; физикалық және механикалық ерекшелігі.

3. Суда тіршілік ететін ағзалар үшін гидрологиялық факторлар:

судың тұнықтығы; күн сәулесінің түсуі; құрамы; қысымның түсуінің өзгеруі, ластануы.

4. Жер бедерінің әсері:

күн сәулесінің түсу ерекшелігі; беткейдің еңістігі, т. б.

Биотикалық факторлар дегеніміз - тірі организмдердің бір-біріне және қоршаған ортаға жағымды немесе жағымсыз әсер етуі.

Антропогендік факторлар тікелей ағзаларға және айналадағы жағдайларына әсер етеДІ.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Абиотикалық факторлардың ағзаларға әсері
Тіршілік орталары, факторлардың организмдерге әсері және экологиялық жүйелердің типтері
Экологиялық факторлардың жіктелуі және олардың ағзаларға әсерінің жалпы заңдылықтары
Абиотикалық факторлар және экологиялық факторлардың түрлері: тірі организмдерге әсері мен төзімділік шектері
Қазақстандағы ауыр металдардың қоршаған ортаға таралуы және тірі ағзаларға әсері
Тірі ағзаларға қажетті химиялық элементтер және су құрамындағы микроэлементтердің денсаулыққа әсері
Экологиялық факторлардың түрлері, ағзаға әсері және бейімделуі
Тірі ағзаларға электромагниттік сәуленің биологиялық әсерінің физикалық негіздері
Тірі ағзалар мен табиғат арасындағы өзара қатынастар: қасиеттері, метаболизм және тіршілік орталары
Экологиялық факторлардың қоршаған орта мен организмдерге әсерін бағалау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz