Оқушылардың өзін-өзі тәрбиелеу үдерісі


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3-5
I ОҚУШЫЛАРДЫҢ ӨЗІН-ӨЗІ ТӘРБИЕЛЕУІНЕ ПЕДАГОГ-ПСИХОЛОГТЫҢ ЫҚПАЛЫ
- Оқушылардың өзін-өзі тәрбиелеу мәселесінің педагогикалық-психологиялық әдебиеттерде зерделену жайы . . . 6-17
- Мектептегі педагог-психологтың оқушылардың өзін-өзі тәрбиелеуіне ықпал ету практикасы . . . 17-24
- Педагог-психологтың жоғары сынып оқушыларының өзін-өзі тәрбиелеуіне ықпал ету қызметінің модел . . . 24-30
II ОҚУШЫЛАРДЫҢ ӨЗІН-ӨЗІ ТӘРБИЕЛЕУ ҮДЕРІСІН ЭКСПЕРИМЕНТТІК ЗЕРТТЕУ
2. 1 Оқушылардың өзін-өзі тәрбиелеуіне педагог-психолог жұмысының ықпал ету мазмұны мен озық тәжірибелік әдістері мен тәсілдері . . . 30-36
2. 2 Оқушылардың өзін-өзі тәрбиелеуіне педагог-психологтық тәжірибелік-педагогикалық жұмыс барысының тиімділігін тексеру . . . 36-41
2. 3 Тәжірибелік-педагогикалық жұмыс нәтижелері . . . 42-47
ҚОРЫТЫНДЫ . . .
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .
ҚОСЫМШАЛАР . . .
КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі. Қазіргі қоғамның экономикалық, ғылыми-техникалық, рухани өміріндегі өзгерістер білім беру жүйесінде ізгілікті жеке тұлғаны қалыптастыру бағытын көздеп отыр [2] . Әлеуметтік-экономикалық қатынастарға сай жастарға білім беру мен тәрбиелеу, өзін-өзі тәрбиелеу жүйесін қалыптастыру қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Еліміздің білім беру жүйесін дамытудағы жаңа бағыттары «Қазақстан-2050» стратегиялық бағдарламасында, Елбасы жолдаулары мен 12 жылдық білім беру тұжырымдамасы, ҚР Білім Заңы, ҚР білім беруді дамытудың 2015-2020 жылдарға арнлаған мемлекеттік бағдарламаларында қарастырылған. Қоғам өмірін демократияландыру мен ізгілендіру бағытында болып жатқан түбегейлі жаңаруларға байланысты білім сапасы мен тәрбиелеу жолдарына жаңа талаптар қойылуда [1] .
Жеке тұлға мен қоғам құндылықтарының жандануы адам өмірінің негізгі тамыры болып саналатын руханилық, адамгершілік, төзімділік, ар мен намыс, парыз бен жауапкершілік сияқты жалпыадамзаттық қасиеттердің өзектелуін талап етіп отыр. Осыған байланысты жалпы отра білім беру жүйесінде оқушылардың танымдық белсенділіктерін, қызығушылықтары мен өмірлік ұстанымдарының қалыптасуында маңызды роль атқаратын және оларды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін маңызды мәселе - оқушының өзін-өзі тәрбиелей білуі және соған сәйкес педагог-психолог маманының қызмет жүйесін оңтайлы ұйымдастыруға тікелей байланысты. Сондықтан біздің зерттеуімізде оқушылардың өзін-өзі тәрбиелеу мәселесінің теориялық негіздері педагог-психологтың тікелей ықпалы арқылы қарастырылған.
Оқушылардың өзін-өзі тәрбиелеуі арқылы жеке тұлғасы қалыптасып қана қоймай, білім алу мен оны өзгермелі өмір жағдайына дұрыс пайдалана білу, сондай-ақ болашақтағы бағдарын анықтауда өзін-өзі жетілдіруге көзқарасының қалыптасуына негіз болады. Яғни, өзін-өзі тәрбиелеу - жеке тұлғаның болашақтағы даму бағдары мен өмірлік мақсат-мұраттары, перспективалық ұстанымдарының қалыптасуына әсері мол.
Тұлғаның өнегелілік-еріктік өрісін, адамгершілік санасын, түсініктерін, ұғымын, сенімдерін, іс-әрекетінің адами негіздерін, басқаларға өзінің эмпатияларын, әлеуметке деген қатынасын көрсететін мінез-құлық сапалары мен әдеттерін дамытудағы педагогикалық механизмдерді аша отырып, балалық шақтың түрлі кезеңдеріндегі тәрбиелеу үрдісін ұйымдастырудың шарттары мен ерекшелігінің жалпы заңдылықтарын қарастыру зерттеу жұмысымның өзектілігіне дәлел.
Қазіргі педагогикалық-психологиялық үрдістің арнайы міндеттерін бейнелейтін құбылыстардың ішінде өзін-өзі тәрбиелеу, өзіне-өзі баға беру, өзіне-өзі бұйыру, өзін-өзі құптау, өзін-өзі түзету сынды әрекеттер маңызды мәселелердің бірі деуге болады. Бұл бағытта мәдени құндылықты, педагогикалық-психологиялық және жалпы ғылыми категорияларының әлеуметтік өмір аумағында дәстүрлі және жаңашыл байланыстары ерекше қалыптасуда.
Өскелең ұрпақты дамытуда соңғы жылдары өзін-өзі тәрбиелеу мәселесі жалпы тәрбиенің өзекті саласы ретінде әр түрлі ғылыми зерттеулердің объектісіне айналуда.
Толығымен дамып қалыптасқан оқушы өзінің көзқарасы, ұғымы, өнегелілік талаптары, бағалауымен, саналы қойған мақсатымен, өзінің қылығын, іс-әрекетін басқара білуімен сипатталады.
Оқушылардың өзін-өзі тәрбиелеу туралы теориялар А. В. Алексеева, Т. М. Афанасьева, А. Г. Ковалев, С. М. Ковалев, Л. И. Рувинский, А. Я. Арет және т. б. Жеке тұлғаның өзін-өзі тәрбиелеу мен өзін жетілдіру мәселесі К. А. Абульханова-Славская, А. А. Вербицкий, Ю. М. Орлов, В. Г. Романенко, И. И. Чеснокова және т. б. еңбектерінде жан-жақты қарастырылып талданған, ал педагогикалық психология саласында өзін-өзі тәрбиелеу мәселесін зерттегендер: Г. А. Абылханова, М. И. Едилбаева, Г. А. Ерғалиева, Г. Бақтыбаева, Р. Зуфирова, Ш. Имжарова, О. С. Сангилбаев т. б. еңбектерінен көруге болады.
Жұмыста Л. И. Рувинский мен А. Я. Ареттің оқушылардың өзін-өзі тәрбиелеу теориясы, В. И. Селиванованың, А. Г. Ковалевтің өзін-өзі тәрбиелеу туралы теориялары, Т. М. Афанасьеваның тұлғаның өзін-өзі тәрбиелеудегі жан және тән теориясы, Ш. Имжарованың өзін-өзі тәрбелеуді ұйымдастырудың жолдары жүйесі, О. С. Сангилбаев және т. б. ғалымдар өзін-өзі тәрбиелеу тәсілдерімен педагог-психологтың оқушылардың өзін-өзі тәрбиелеуге ықпалын зерттеп, өзіндік үлес қосқан [10] . Дегенмен, жоғарыда аталған ғылыми жұмыстарды саралай келе біздің зерттеу нысанымызға алып отырған жалпы білім беретін мектептердегі жоғары сынып оқушыларының өзін-өзі тәрбиелеу мәселесі әлі де болса жеткілікті дәрежеде ғылыми-педагогикалық тұрғыда зерттелмегенін аңғардық. Бұл мәселе, кеңінен талданып, педагогика және психология ғылымынан тиесілі орын алуы керек деп санаймыз. Өйткені елімізде ұрпақ тәрбиесінде мектептерде қызмет көрсететін педагог-психолог еңбегінің маңызы ерекше.
Зерттеу барысында айқындағанымыздай бұл өзекті тақырып бүгінгі күнге дейін өз деңгейінде шешімін таппаған. Сондықтан, мектептерде педагог-психологтың қызметінің өз дәрежесінде іске асырылмауы мен аталмыш мәселенің бүгінгі сұранысқа қажеттілігі арасындағы қарама-қайшылық туындап отырғанын көреміз. Осы қайшылықты ескере отырып, ғылыми-зерттеу жұмысының тақырыбын «Оқушылардың өзін-өзі тәрбиелеуіне педагог-психологтың ықпалы» - деп алдық.
Зерттеу барысында бүгінгі қоғам талабына сай педагог-психолог маманы жұмыс жүйесінің тиімді ұйымдастырылуы оқушылардың өзін-өзі тәрбиелеуіне қажет екеніне көз жеткіздік.
Зерттеудің пәні: жоғары сынып оқушыларының өзін-өзі тәрбиелеуіне ықпал етуге бағытталған педагог-психологтың жұмыс жүйесі.
Зерттеудің нысаны: жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушыларының өзін-өзі тәрбиелеу үдерісі.
Зерттеу жұмысының мақсаты: қазіргі мектеп оқушыларының өзін-өзі тәрбиелеу үдерісінде педагог-психологтың жұмыс жүйесін теориялық тұрғыда негіздеу және оны тәжірибеде қолданудың тиімді жолдарын белгілеу.
Зерттеудің міндеттері:
- оқушылардың өзін-өзі тәрбиелеу мәселесіне байланысты еңбектерді талдау және жүйелеу;
- педагог-психологтың жоғары сынып оқушыларының өзін-өзі тәрбиелеуіне бағытталған жұмыс мазмұны және моделін ұсыну;
Зерттеудің ғылыми болжамы: Егер, жалпы отра білім беретін мектептерде педагог-психологтың қызметі ғылыми теориялық тұрғыда негізделіп, өзін-өзі жетілдіру, өзін-өзі басқару әдістері ұтымды қолданылса, онда оқушының өмірлік ұстанымдары ізгілікті қалыптасып, өзін-өзі тәрбиелеуге мүмкіндігін тигізер еді, өйткені қазіргі таңда оқушылардың өзін-өзі тәрбиелеуіне педагог-психологтың жұмыс жүйесінің ықпалы маңызды роль атқарады.
Зерттеудің ғылыми-теориялық маңызы: Оқушылардың өзін-өзі тәрбиелеу үдерісінде педагог-психологтың ықпалы ғылыми тұрғыдан дәлелденіп, атқаратын қызметінің моделі дайындалып, тәжірибелік эксперименттер жүргізілді.
Зерттеудің практикалық маңызы:
- оқушылардың өзін-өзі тәрбиелеу мәселесіне теориялық талдау жасалды;
- зерттеу мақсатына байланысты әдістер мен әдістемелерді практикалық іске асыру жолдары жүйеге енгізілді;
- өзін-өзі тәрбиелеуде қолданылатын психологиялық мүмкіндіктер оқушыларға, ата-аналарға және педагогтарға, нұсқау-кеңес түрінде құрастырылып ұсынылды.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы:
1. Оқу-тәрбие үдерісінде оқушылардың өзін-өзі тәрбиелеуіне бағытталған педагог-психолог маманының жұмыс жүйесі нақтыланды;
2. Педагог-психологтың оқушылардың өзін-өзі тәрбиелеуге бағытталған қызметінің теориялық моделі жасалды;
3. Оқушылардың өзін-өзі тәрбиелеуіне бағытталған педагог-психолог маманының жұмыс жүйесі нақтыланды.
Зерттеу әдістері:
- Шварцландердің «Талаптану деңгейін анықтау» әдісі
- А. А. Реанның «Жетістікке жету және сәтсіздіктен қорқу» әдісі
Дипломдық жұмыстың құрылымы: диплом жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттері тізімі және қосымшалардан тұрады.
І ТАРАУ. ОҚУШЫЛАРДЫҢ ӨЗІН-ӨЗІ ТӘРБИЕЛЕУІНЕ ПЕДАГОГ-ПСИХОЛОГТЫҢ ЫҚПАЛЫ
- Оқушылардың өзін-өзі тәрбиелеу мәселесінің педагогикалық-психологиялық әдебиеттерде зерделену жайы
Еліміздің болашағы өскелең ұрпақтың рухани байлығы мен мәдениеттілігіне, еркін ойлау қабілеті мен шығармашылығына, білімі мен біліктілігіне тікелей байланысты. Қазіргі таңда әр балаға жеке тұлға ретінде қарап, оның өзіне тән санасы, еркі, өзін-өзі бағалау, өзін-өзі тәрбиелеу, әрекет жасай алатын ортасы бар екенін ескере отырып, оқушының білімге, ғылымға деген ынтасын арттыру, олардың ақыл-ой қабілетін, дүниетанымын, өмірлік мақсат-мүдделерін айқындауға жеке басмының қабілеттерін дамыту маңызды міндет. Бұл міндеттердің жүзеге асуы оқушының жеке тұлғасының қалыптасуында мақызды болып табылатын - өзін-өзі тәрбиелеуіне тікелей байланысты. Себебі өзін-өзі тәрбиелеу арқылы, өзінің іс-әрекетін объективті тұрғыда саналы реттеу арқылы ғана оқушының жеке тұлғасы қалыптасып қана қоймай, еңбекке, білім алу мен жеке өміріне, мемлекеттік маңызды істер мен өзін-өзі жетілдіруге дұрыс бағытының қалыптасуына негіз болады [1] .
Әрбір адам өзінің өмірлік жолын өзі құрып, таңдау жасайды. Өзге адамдармен де өзі қарым-қатынас орнатады. Сонымен қатар, өз өмірінде кейбір қателерді өзі жасап, өзі түзеп жатады. Отбасы мен білім беру орталықтарының алдына қойған мақсаттары - қажетті нәтижеге қол жеткізу үшін өсіп келе жатқан адамның жекелік қасиеттеріне тікелей әсер ету ғана емес, сонымен қатар, өзіндік дамуы мен өзіндік сана механизмдерін жетілдіруде өзін-өзі тәрбиелеу мен өзін-өзі қалыптастыру, өзін-өзі құруы үшін қажетті жағдайды жасау болып табылады.
«Жеке тұлға», «кемелденген адам», «толық адам» туралы, оның болмысы, қасиеттері жайлы ғылыми, философиялық, педагогикалық, психологиялық тұжырымдар, түйінді дүниелер бар.
Бұл термин күнделікті қолданылатын қарапайым сөздік қорда «Жеке тұлғаның дамуы» сөзінің синонимі ретінде қолданылады. Көптеген әдебиеттерде «Өзін-өзі жетілдіру», «Өзін-өзі дамыту», «Өмірлік жол», «Жеке тұлға потенциалдарының дамуы» және т. б. түсініктермен кездеседі. Көрініп тұрғандай, әртүрлі терминдермен бір мағыналы сөздер айтылады немесе бір атаумен мүлдем сәйкес келмейтін терминдер кездеседі.
Отандық психологиялық сөздіктер мен оқулықтарда «Жекелік өсу» терминінің түсінігі көрсетілмеген. Дәстүрлі түрде ол К. Роджерс, Джеймс, Фрейд, Юнг, Адлер, Райха, Александер, Перлз, Маслоу Ассаджоли есімдерімен және шығыстық іліммен байланыстырады.
К. Роджерстің көзқарасына сүйене отырып жекелік өсу туралы түсінік аламыз. Біздің түсінігімізше К. Роджерс жекелік өсуді құрайтын үш негізгі басты компоненттерді бөліп көрсетті: актуализация механизмі, жеке тұлғаны бағалау процесі және адамның өзін-өзі құрудағы позитивті бағытталуы [9] .
Егер адам сана және өзіндік санаға ие болып, өз бетінше жаңғыртушы іс-әрекет орындауға қабілетті болса, онда ол адам тұлға деп аталады. Адам тұлға болып туылмайды, ол қасиеттік дәреже даму барысында қалыптасады. «Адам» ұғымынан өзгеше «тұлға» түсінігі - адамның қоғамдық қатынастар, басқа адамдармен араласу ықпалында қалыптасқан әлеуметтік сапа-қасиеттерін білдіреді. Тұлға ретінде әрбір адам әлеуметтік жүйеде мақсат бағдарлы және ойластырылған тәрбие барысында қалыптасады. Әрбір тұлға, бір жағынан, қоғамдық тәжірибені игеру деңгейімен, екінші жағынан, материалдық және рухани құндылықтар қорына қосқан қоғамдық үлесімен танылады. Тұлға болып жетілу үшін адам өзіне табиғаттан берілген және өмір мен тәрбие желісінде қалыптасқан ішкі қасиеттерін нақты практикалық қызметте аша білуі шарт.
Адам дамуы - бұл өте күрделі, ұзақ мерзімді және қарама-қайшылықты процесс. Біздің ағзамызда болып жатқан өзгерістер өмір бойына ұласады. Ал адамның тән-дене болмысы мен рухани дүниесі, әсіресе, балалық және жас өспірімдік шақта қарқынды ауысуларға кезігеді. Адамның дамуы сандық өзгерістердің қарапайым жиынтығы немесе төменннен жоғарыға бағытталған ілгерілі қозғалыс тобы емес, бұл процестің өзіне тән ерекшелігі - сандық өзгерістердің тұлғаның физикалық, психикалық және рухани сапалық қасиеттеріне диалектикалық түрде өтіп, жаңалануы [9] .
Бұл құбылыстарды түсіндіруде әртүрлі көзқарастар қалыптасқан. Мамандардың бір бөлігі адамдардың дамуын кездейсоқ, басқарымға келмейтін өзінше жүрісі бар, даму өмір шарттарына тәуелсіз, сондықтан, тумадан берілген күштерге байланысты; адамның дамуын ешкім, еш уақытта өзгертуі мүмкін емес, тағдыр белгілейді. Ал басқа бір зерттеушілер тобының пайымдауынша: даму - бұл әуел бастан қозғалысқа қабілетті тірі материя. Даму жолында көне жойылып, жаңа туындап барады. Өмірге енжар икемдесуші жануарлардан адам өз дамуы үшін қажеттерін өз еңбегімен жасай алатындығымен ажыралады.
Дамуды қозғаушы күш - қарама-қарсылықтар тайталасы. Қарама-қарсылықтардың арқасында үздіксіз қайта жасалулар мен жаңғыртулар дүниеге келеді. Қарама-қарсылықтар - бұл өзара екі полярлы күштердің бір-біріне сиымсыздығынан туындайтын диалектикалық процесс. Адам қайшылықтарды іздеп немесе ойдан шығарып, электенуінің қажеті жоқ, олар қадам сайын өмірлік қажеттіктердің өзгеру салдарынан пайда болып отырады. Табиғатынан адамның өзі де қарама-қайшылықты дүние болмасы.
Қарама-қайшылықтар барша адамдардың дамуына ықпал жасаушы ішкі және сыртқы, жалпы (әмбебап), сонымен бірге қарапайым материалдық және ең жоғары рухани қажеттерінің және оларды қанағаттандыру мүмкіндіктері арасындағы қарама-қайшылықтар әмбебап сипатқа ие. Ішкі қарамақайшылықтар әр адамның өз болмысына қанағаттанбауынан туындайды. Олар жеке-дара ниеттерде көрінеді. Негізгі ішкі қайшылықтардың бірі - жаңадан пайда болған қажеттер мен оларды іске асыру мүмкіндіктерінің арасындағы алшақтықтар. Мысалы, оқушылардың өз психикасы мен интеллект, әлеуметтік деңгейінің жетімсіздігіне қарамай, мүмкіндіктері толысқан ересектермен бірге іс алып баруға ұмтылуы. «Қалаймын - «қолымнан келмейді», «білемін» - «білмеймін», «мүмкін» -«болмайды», «бар» - «жоқ» мәңгі қарама-қайшылықтарды белгілейтін қосарлы ұғымдар. Адам дамуын зерттей отырып, ғалымдар даму және оның нәтижелері - бір жағынан, және оларға ықпал жасаушы себептер - екінші жағынан, арасындағы заңдылықты байланыстарды аңдатушы бірнеше маңызды тәуелділіктерді ашты.
Сонымен «Жеке тұлғаның жекелік өсуі» ұғымының мәні:
О. В. Неширинский: «Адам өзінің өсіп жетілуі барысында көптеген параметрлер бойынша өзгереді, ол кейбір қасиеттерден арылып, ал кейбір қасиеттерді өзіне алады. Оның бойындағы әрбір іс-әрекеттер әсер ететін мотивтер бірде көбейіп, бірде азайып отырады».
Н. Л. Иванова жекелік өсу туралы қазіргі кезде зерттеушілердің пікірлерін жалпылай келе мынадай тұжырым жасайды: бұл процесті сипаттайтын жалпы келісілген феномен - «Өзін-өзі дамытуда жеке адам бойындағы өзгерістің позитивті жақтарының көп болуы».
Адам индивид болып туылады, ал жеке тұлға болып қалыптасады.
А. Н. Леонтьев «Адам өзге адамдармен қоғамдық қатынастар жасай отырып жеке тұлға болып қалыптасады» - деп жазды өзінің еңбектерінде.
Мінез-құлқы, көңіл-күйі, мақсаты, өмірлік бағыты, болмысы әр түрлі адамдарды түсіне білгенде, олардың жақсы қасиеттерін аша білгенде ғана өмір қызықты да мәнді болады. Қоғамда қалыпты өмір сүруді өзгеден үйрене алмайсың, ол әрбір адамның жеке тәжірибесінен алынады. Өзгелермен қарым - қатынас барысында қайталанбас тұлға ретінде қалыптасамыз. Өмірде алуан түрлі тағдырлы, мінезді адамдар кездеседі. Олармен дұрыс қарым-қатынас жасай білу - баға жетпес байлық [12] .
Жеке тұлғаны қалыптастыру дегеніміз - оны мәдениетке үйрету, білім беру, қарым-қатынас ережелерін, әлеуметтік тәжірибені меңгерту.
Жеке тұлғаның белгілі бір мәдени ортада болып, оның тұлғалық және танымдық дамутына ерекше әсерін тигізеді. Қалыптасуына қарай жеке, тұлғаның белгілі бір мәдениетінің субьектісі ретінде екі түрлі фактор бар: біріншісі - сол халықтың мәдени ерекшеліктері, екіншіден - танымдық процестері, темперамент, мінез-құлқын сапалы түрде танып ажырата білу.
Әлеуметтік жеке адамды әсер етуші субъект ретінде қарастырады. Әлеуметтену процесінде ие болған жекелік қасиеті, әлеуметтік бағдары бір орында тұрып, қатып қалған жоқ, бірақ жеке адам нақты топта, шынайы әлеуметтік ортада үнемі түзетулерге ұшырайды. Шынайы, нақты топтың ролі өте күшті, маңызды орын алады .
Адам баласының мінез-құлықтық айналасындағы адамдарының тұрмыс қалпы, іс-әрекет, қылықтарының көрінісі болып табылады. Өйткені қоғамда өмір сүрген индивид қай уақытта болса да физикалық жағынан басқа адамдармен қатынаста болады.
Философтар негізінен қоғамның және жеке адамның дамуындағы өзін-өзі тәрбиелеудің теориялық сұрақтарын карастырады. Психологтарды өін-өзі тәрбиелеудің табиғаты, қайнар көзі (пайда болуы) және үрдістері қызықтырады. Педагогтарды тәрбиелеу мен өзін-өзі тәрбиелеудің өзара байланысын, өзін-өзі тәрбиелеудің өсіп келе жатқан ұрпақты қалыптастыратын жай факторлар жүйесіндегі рөлін анықтайды.
Тәрбиелеудің мәні және оның жеке адамның дамуындағы рөлі туралы сұрақ, материалистік және идеалистік философияда түрліше қарастырған.
Идеалистік философия мен психология: біріншіден, өзін-өзі тәрбиелеуді тәрбиелеуден және өмір жағдайларынан бөліп қарастырады; екіншіден, өзін-өзі тәрбиелеудің рөлін жоғары бағалайды. Мысалы идеалист-философтар өзін-өзі тәрбиелеуді, қоғамның және жеке адамның дамуының негізгі және жалғыз көзі деп санайды.
Сол сияқты философиядағы жаңа идеалистік бағыттың экзистенциализмнің өкілдері, адам өз мәнін тек өздігінен жетілу жолымен ғана таба алады деп санайды. Француз экзистенциалисі Сатр "адам өзін кім деп есептесе сол болады - деп тұжырымдады, яғни материалдық, мәдени, саяси және тәрбиелеу жағдайлары - жеке адамның қалыптасуында мағынасы бола бермейді деген ой айтады.
Осындай позицияны християндық философтар да ұстанады, олар өзін-өзі тәрбиелеу рухтың өзін-өзі тазартуын, оның өнегелі өздігінен жетілуін қамтамасыз етеді деп санайды. Кезінде теоретиктер өзін-өзі тәрбиелеуді тек жеке адамның маңызды үрдісі ретінде қарастырган. Бұл теорияның өкілдері өзін-өзі тәрбиелеудің көзін, мақсатын, тәсілін жеке адамның өзінде көреді. Басқаша айтқанда өзін-өзі тәрбиелеу жеке адамның оңаша өздігінен жетілу үрдісі ретінде қарастырылған. Шынында өзін-өзі тәрбиелеу әлеуметпен байланыстырады және белгілі әлеуметтік мүдделерге қызмет етеді.
Шығыс ғұламалары адамның қалыптасуы үшін оның өзінің ішкі мүмкіндіктеріне, қасиеттеріне, іс-әрекеттеріне орынды баға беру мен дұрыс өмірлік бағыт-бағдар ұстану мәселесіне терең мән берген. Ибн Сина, Әл-Фараби, Имам Ғазали, Әбу Жүсіп Ысқақ т. б. өзін-өзі тәрбиелеудегі адамның ішкі ой таразысының қажеттілігі туралы құнды пайымдаулар айтқан.
Ибн Сина өзін-өзі тәрбиелеудің бастауы - адамның саналы іс-әрекетіне талдау жасай отырып, тәрбиешіге еліктеу жолымен қалыптасуын айтады [40] .
Әбу Насыр әл-Фараби «Ізгі қала тұрғындарының көзқарастары» атты тарктатында [7] азаматтық философия тұрғысынан кемел азамат болу үшін туа біткен және жасынан дамытылатын қасиеттерді атап көрсетеді: «Адам өз бойында туа біткен қасиеттерді ұштастыра жетілдіруі қажет, әсіресе, мейілінше жақсының бәрін түсінетін, талдап айтылған сөзді сөйлеушінің ойындағысындай және істің жай-жапсарына сәйкес ұғып алатындай болу керек, өзі түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында сақтайтын, бұлардан ешнәрсені ұмытпайтын болуы керек, алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі болуы шарт», - деп адам бойында ізгі қасиеттерді көрсете отырып, адам өз іс-әрекетіне жауапты, сондықтан өз-өзіне баға беріп, өзінің жақсы қасиеттерін дамыта отыру қажеттігіне тоқталады.
Өзін-өзі тәрбиелеу - адамның өз тұлғасын қалыптастыруға, өмірдегі өз орнын өзі белгілеуіне, өзін-өзі дамытуға, өз қабілеттерін өзі іске асыруға бағытталған мақсатты, саналы, жүйелі түрде өздігінен жүргізетін іс-әрекеті. Өзін-өзі тәрбиелеу тәрбие процессінің құрамды белігі және тұлғаның өзін-өзі дамытуындағы ең маңызды күш болып саналады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz