Африка халықтары


Жоспар
1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім
2. 1 Солтүстік Африка халықтары
2. 2 Солтүстік-Шығыс Африка халықтары
2. 3 Батыс Тропиктік Африка халықтары
2. 4 Орталық Шығыс және Оңтүстік Африка халықтары
2. 5 Койсан халықтары. Пигмейлер
2. 6 Мадагаскар халқы
3. Қорытынды
Солтүстік және Солтүстік-Шығыс Африканың бір бөлігін көбіне Араб Африкасы деп атайды, өйткені оның тұрғындарының көпшілігі араб тілінде сөйлейді. Бұлар -Магриб, Египет және Судан Демократиялық республикасының солтүстік бөлігіндегі елдер-оларға көбіне Батыс Сахара мен Мавританияны жатқызады.
Арабтар мен берберлердің топтасуы, европа отаршылдарына қарсы ұлт-азаттық қозғалыстың тездетілуі Магриб елдеріндегі египет, ливия, тунис, алжир, марокка сияқты ірі-ірі ұлттардың қалыптасу процесіне жағдай жасады. Этникалық құрамы аса күрделі Судан Демократиялық республикасында судан ұлтына араб тілдес халықтар шоғырланды, алайда, онда сондай-ақ шығу тегі әр түрлі жекелеген негроид халықтары да тұрады
Ніл ойпаты сарқылмас құнарға ие, өйткені ол жыл сайын судың тасу кезінде өте зор мөлшерде лай тұнбасын алып келетін өзен суларымен тыңайтылады және суарылады. Су егін егер алдында топырақтағы керексіз нәрселерді өңдей отырып, жер қыртысын жұмсартады. Бұл аймақтағы егіншілік өте ежелгі заманда басталған, адамдар дәнді дақылдардың дәнін ылғалды лай тұнбасына жай ғана тастай салған да соңынан өз бетімен өсетін өнімді күтіп отыра берген. Б. э. д 4 мың жылдардан бастап, ежелгі египеттіктер жерді ең қарапайым қолдан суландыруды және кетпениен өңдеуді іске асыра бастады. Жеңіл табансыз плугтың енгізіле бастауы туралы алғашқы мәліметтер б. э. д. 3 мың жылдарына жатады. Келесі мың жылдарда батпақты жерлерді өңдеуге қажетті берік табанды плуг шыға бастады. Осы кезде биіктегі егістікті суландыратын суландыру жүйесі- каналдардың тығыз торы жасалған.
Египет шаруаларының қазіргі егін шаруашылығы көп жағынан егіншіліктің осы ежелгі жүйесін қайталайды. Египетте ауыл шаруашылығының бір жылы үш маусымға - қысқы, жазғы, күзгі маусымдарға бөлінеді. Піскен астықты орақпен орады немесе сабағын тамырымен бірге жұлып алады. Астықты бастыру үшін цеп немесе қос өгіз жегілетін металл дөңгелегі не тас тегістері бар бастырма тақтай- нурег қолданылады
Египетте жайылымның жоқтығынан мал шаруашылығы жеткілдікті дами алмады. Онда негізінен жұмыс малын өсіреді, алайда ол да көп емес, себебі топырақты өңдеудің қарапайым техникасы кезінде, егісті баптау мен егін жинауда жұмыс малына деген қажеттілік біршама аз. Араб- бербер егіншілері- тәжірибелі бағбандар. Олар теңіз жағалауына жүзім, цитрус, інжір, бадам және басқаларын өсіреді. Тунисте зәйтүн дақылы кең тарагған. Солтүстік Африкада село халқы шикі материалдарды үйде өңдеудің әр алуан түрлерімен және ұсақ қолөнерімен- қолдан балшық ыдыстар, қыш құмыралар жасаумен, бойра тоқумен және басқаларымен айналысады. Малшылар жүн және тері өңдеу, кілем тоқу, шатыр, ер мен әбзел үшін жүн маталары мен жабулар, былғары аяқ киім дайындаумен шұғылданады. Егіншілер мен малшылар арасында үй өнімдері бұйымдарын айырбастау ежелден- ақ бар.
Феллахтың дәстүрлік костюмі мақта- матадан тігілген шалбардан және ұзын жіңді көйлектен тұрады- ауа райының салқын кездері түйе жүн шекпен киеді. Қала тұрғындары бұл киімді беліне кең мата белбеу буынатын шекпенмен және шапанмен толықтырады. Дегенмен, қалаларда европалық костюм әдетке айналған. Магриб халқының үштен бір бөлігінен астамы қалаларда тұрады. Ішкі аудандарда тар, қисық- қисық көшелері бар, шығар есігі аулаға қаратылған, ал көше жаққа тек есік-терезесіз бітеу қабырғасы шығарылған, бір неекі қабаттан тұратын орта ғасыр сипатындағы мұсылман қалалары әлі күнге дейін сақталған. Қаланың ортасына міндетті түрде базар орналасқан, ол- қолөнер өндірісінің түйіні.
19-20 ғасырларда европалық державалардың отаршылдық үстемдігі орнауымен бірге Солтүстік Африка елдерінде капиталистік қатынастар дами бастайды, бірақ ол капиталистік қоғамға дейінгі экономикалық және жеке тәуелділік қатынастарын тогығымен жоя алмады. Африка континентінің Солтүстік-Шығыс шеті- Эфиопия таулы қыраты мен Африка Мүйізі түбегінде бір-бірімен тарихи жағынан байланысты, семит-хамит семьясының туыс тілдерінде сөйлейтін мәдениеттерінде көптеген ортақ сипаттары бар халықтар қоныстанған. Эфиопия этнографиялық жағынан басқа, Африка елдерінің ішінде бастауы ең алдымен сонау 4 ғасырда пайда болған Аксум мемлекетіне барып тіркелетін бай мәдени дәстүрімен ерекшеленеді. Сол кезден бастап мұнда хрисиан діні нығайды. Аксумдықтардың буындық жазуы, олардың жоғары дамыған қолданбалы өнері 15-16 ғасырларда мемлекет ретінде қалыптасқан деодалдық Эфиопия халықтарына мұра болып қалды. Бұл кезде ежелгі эфиоп тілінде жазылған гезз, өзіндік әдебиет қалыптасты, соның негізінде қазіргі эфиоп жазуы дамыды. Шындығында Эфиопия егіншілік мәдениетінің ең ежелгі орталықтарының бірі және әр түрлі дәнді дақылдардың, сондай-ақ кофенің отаны болып есептеледі. Эфирптар төзімді әрі әсем маталар дайындайтын мақта дақылы кең тараған. Кофелік ірі бұршақтарды жабайы күйінде теріп алады. Өркендеген қолөнері бола тұрса да Эфиопия фабрика- завод өнеркәсібі енді ғана алғашқы қадам жасап отырған ел болып қалуда. Көптеген өнеркәсіп товарлары жергілікті шеберлердің бұйымдарын ығыстыра отырып, шетелдерден әкелінеді. Эфиопияның солтүстік және шығыс аудандарының халықтары тұрғын үйдің қабырғаларын тік бұрышты планмен саз, топытақ және сиыр қиы араластырылған тастан немесе қиыршық тастан салып, үйдің төбесін ағашпен, топырақпен жайпақ етіп жабады. Эфирпия халқы негізінен дәстүрлі үлгідегі киім киеді. Еркектерде- бұл ұзын жіне өте тар мақта-мата шалбар, сыртынан астары шаммасы бар арнайы жамылғы киетін тік жағалы ұзын көйлек, ал суық кездері-қара жүн матасынан тігілген күләпарасы бар қосымша бурнус. Эфиопия әйелдері жеңі тар жіне етегі көмкерілген ұзын көйлек, шамма жіне бурнус киеді. Шаруа әйелдері жалаң аяқ, жалаңбас жүреді, кей жағдайда орамал орайды. Қала әйелдерінде фетр қалпақ, сандал, европалық аяқ киім пайда бола бастады.
Гвинея жағалауы мен Батыс Судан едәуір этникалық ала- құлалықтарымен ерекшеленеді, бірақ тарихи жіне этнографиялық көзқарас тұрғысынан оларды бірыңғай тарихи-этнографиялық аймақ ретінде қарастыруға болады. Батыс Тропиктік Африканың әр алуан табиғар жағдайлары- бағалы тұқымды ағаштары бар ылғалды тропиктік ормандар, орта алапта қуаң қалаға ауысатын шөбі бітік орманды дала- парктік саванна ауыл шаруашылығының дамуына қолайлы жағдай туғызады. Батыс Тропиктік Африка халықтары ерте кезден-ақ үй және қолөнер өндірісінің жоғары өркендегенімен көзге түсті. Үйге керекті заттардың бәрін- ағаштан, былғарыдан, матадан жасалған әр түрлі бұйымдарды шаруалардың өздері дайындайды. Ағылшын отаршылдары 1897жылы Бенинді аяусыз бомбалап, өртеп жіберді. Отаршылдық үстемдік кезінде Нигерияда көркем қолөнер құлдырап кетті, бірақ оның дәстүрлі қазіргі кезде де өміршең болуда. Саны жағынан қаладан басым Батыс Тропиктік Африканың село халықтары деревняларда тұрады. Тұрғын үй ағаш пен саздан тұрғызылып, әр түрлі формаға ие болады. Мәселен волоф, бамбара, хауса халықтары төбесін сабаннан конус тәрізді етіп, планы саз балшықтан, терезесі мен түтін шығатын саңылауы жоқ дөңгелек үй тұрғызады. Бұл үйлерде тек ұйықтайды, ал барлық қалған уақытты таза ауада өткізеді, ас ауладағы қалқаның астында әзірленеді.
Вольта халқында төбесі жайпақ етіп жабылған және ішкі аулалары бар, көбіне екі қабаттан тұратын, қам кірпіштен қаланған үлкен үйлер салынады. Әр үй шағын қамалды еске түсіреді. Деревня бір-бірінен едәуір қашықта тұрған небары бірнеше осындай үйлерден тұрады. Батыс африкалықтарға тән киім- кең көйлек және ерлерде кең шалбар, ал әйелдерде-кеудесінен бастап, жіліншігіне дейін орап қоятын, бірнеше жолақтан тіккен мата. Фута-Джаллон таулы үстіртінің фульбе малшылары жылы киінеді, еркектер көйлек пен шалбардың сыртынан қара-көк түсті жүн плащ, әйелдер иықтарына лямкамен бекітілетін мақта-матадан тігілген, ішкі жіне сыртқы жеңсіз көйлек киеді.
Солтүстік ендіктен оңтүстікке қарайғы Африка континентінің едәуір бөлігінде бір бөлігі банту деген жалпы атаумен бірігетін бенуэ-конго тілдері кіші тобының көптеген халықтары қоныстанған. Бантудың экономикалық өркендеуі Батыс Африка халықтарының өркендеу дәрежесіне жеткен жоқ. Соған қарамастан ол әсіресе баконга, баганга, зулу және басқаларында біршама жоғары болды. Климатының неғұрлым қуаңдығымен ерекшеленетін Тропиктік Африканың шығыс бөлігінде тары, сорго, ірі бұршақтар алғашқы орын алады, сондай-ақ жүгері, арпа, тамыр жемістілердің де маңызы зор, өйткені бйдай аз өндіріледі. Европалықтардың пайда болуымен бірге плантациялық дақылдар, мақта, кофе, шай, темекі жіне басқалары өріс алды. Шығыс Тропиктік Африканың далалық аудандарында мал шаруашылығы біршама басым өркендеген, бірақ мұнда да халықтың таза малшы топтары жоқ. Жергілікті мал сол жердің иеленушілеріне тиісті, тек бұрынғы көшпелі тұрмыс дағдыларын сақтаған масай өз шаруашалығын қой, ешкі жіне ірі қара мал өсіруге бейімдейді. Бұл аудандағы негізгі көлік жануары- есек, жылқы өте аз.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz