Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ақша-несие саясаты



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3.4

І бөлім. ҚР Ұлттық банкі
1.1 Ұлттық банкітің мемлекеттің орталық банкі ретінде
экономикадағы орны мен ролі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5.10
1.2 Ұлттық банкiнiң қызметтерi мен операциялары ... ... ... ... .11.14

ІІ бөлім. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ақша.несие
саясатына талдау
2.1 Ұлттық Банктің ақша.несие саясатын реттеу механизмі ... ... .14.26
2.2 Қазақстан Республикасының ақша.несие саясатының
негізгі даму кезеңдері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..26.27

ІІІ бөлім. Қазақстан Республикасында ақша.несие саясатының
даму келешегі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .28.29

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .32.33
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 34
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ұлттық Банкі негізгі мақсаттары инфляцияның және мемлекеттік бюджет тапшылығының төменгі деңгейін сақтай отырып, тауар өндірушілер үшін қолайлы бәсеке жағдайын және елдің төлем балансының тұрақтылығын қамтамасыз ете отырып тұрақты экономикалық өсуге қол жеткізу болып табылатын келісілген экономикалық саясат жүргізуді жалғастырады. Үкімет пен Ұлттық Банк бағамның ауытқуын сұранысқа және ұсынысқа байланысты негіздейтін теңгенің еркін өзгермелі айырбас бағамы режимін сақтауды көздеп отыр. Бұл қазақстандық тауарлардың сыртқы рынокта баға жөніндегі бәсекелестік қабілеттілігін сақтауға мүмкіндік береді. Ұлттық Банк айырбастау бағамының қалыптасуына араласпай, теңгенің айырбастау бағамының алыпсатарлық секірістерін болдырмауға қажетті жағдайда ішкі валюта рыногына барынша аз қатысуды жүзеге асырады.
Ақша-несие саясатының негізгі мақсаты – 2003-2004 жылдары жылдық орташа инфляцияны 4-6% шегінде ұстау және оны 2005 жылға қарай 3-5%-ке дейін төмендету.
Ақша-несие саясаты қаржы рыногының тұрақтылығын сақтауға, сақтандыру рыногын, бағалы қағаздар рыногын одан әрі дамытуға және банктік жүйені нығайтуға, банктердің экономиканың нақты секторын кредиттеуді одан әрі ұлғайтуға, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы жүйесін жетілдіруге жағдай жасауға мүмкіндік береді.
2005 жылдары ақша-несие саясатының негізгі құралдары ашық рынок операциялары, РЕПО операциялары сияқты және вексельдермен қайта есепке алу операциялары болады. 2003 жылы Ұлттық Банк РЕПО ставкасы және вексельдер бойынша есепке алу ставкалары сияқты өзінің ресми ставкаларын реттеуші ролін күшейту жөнінде шаралар қабылдайды және шын мәнінде оларға аз ғана оң қолдау көрсететін болады. Бұл 2004-2005 жылдары ақша-несие саясатын инфляциялық таргеттеуге көшуге дайындық үшін база болады.
1. Нормативтік актілер:

1. Қазақстан Республикасының Конституциясы, 30 тамыз 1995 жыл, және оған 17 қазан 1998 жылғы енгізілген өзгерістер мен толықтырулар.
2. Қазақстан Республикасының «ҚР Ұлттық Банкі туралы« 30 .03.1995 жылғы Заңы.
3. Қазақстан Республикасының «ҚР банктері және банкілік қызмет туралы« 31.08.1995 жылғы Заңы

2. Арнайы әдебиеттер:

1. Балабанов И. Т., «Банки и банковское делоң, Санкт-Петербург – 2001;
2. Көшенова Б. А., «Ақша, несие, банктер, валюталық қатынастарң, Алматы – 2000;
3. Мақыш С. Б., «Ақша айналысы және несиең, Алматы – 2004;
4. Мақыш С. Б., «Коммерциялық банктер операцияларың, Алматы – 2004;
5. Свиридов О. Ю., «Деньги, кредит, банкиң, Ростов-на-Дону – 2000;
6. Сейтқасымов Ғ. С., «Ақша, несие, банктерң, Алматы – 2001;
7. Сейткасымов Г. С., «Банковское делоң, Алматы – 1998;
8. Сенчагов В.К. Финансы, денежное обращение и кредит. Москва , Проспект , 2000 ж.
9. Жуков Е.Ф. Деньги , кредит, банки. Москва . Юнити , 2000 ж.

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3-4

І бөлім. ҚР Ұлттық банкі
1.1 Ұлттық банкітің мемлекеттің орталық банкі ретінде
экономикадағы орны мен
ролі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5-10
1.2 Ұлттық банкiнiң қызметтерi мен операциялары ... ... ... ... .11-
14

ІІ бөлім. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ақша-несие
саясатына талдау
2.1 Ұлттық Банктің ақша-несие саясатын реттеу механизмі ... ... .14-
26
2.2 Қазақстан Республикасының ақша-несие саясатының
негізгі даму
кезеңдері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... .
...26-27

ІІІ бөлім. Қазақстан Республикасында ақша-несие саясатының
даму келешегі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
.28-29

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ..32-33
Қолданылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ...34

КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасының  Үкіметі мен Ұлттық Банкі негізгі мақсаттары
инфляцияның және мемлекеттік бюджет тапшылығының төменгі деңгейін сақтай
отырып,  тауар өндірушілер үшін қолайлы бәсеке жағдайын және елдің төлем
балансының тұрақтылығын қамтамасыз ете отырып тұрақты экономикалық өсуге
қол жеткізу болып табылатын  келісілген экономикалық саясат жүргізуді
жалғастырады. Үкімет пен Ұлттық Банк бағамның ауытқуын сұранысқа және
ұсынысқа байланысты негіздейтін теңгенің еркін өзгермелі айырбас бағамы
режимін сақтауды көздеп отыр. Бұл қазақстандық тауарлардың сыртқы рынокта
баға жөніндегі бәсекелестік қабілеттілігін сақтауға мүмкіндік береді.
Ұлттық Банк айырбастау бағамының қалыптасуына араласпай, теңгенің
айырбастау бағамының  алыпсатарлық секірістерін болдырмауға қажетті
жағдайда ішкі валюта рыногына барынша аз қатысуды жүзеге асырады.
Ақша-несие саясатының негізгі мақсаты – 2003-2004 жылдары  жылдық
орташа инфляцияны 4-6% шегінде ұстау және оны 2005 жылға қарай 3-5%-ке
дейін төмендету.
Ақша-несие саясаты қаржы рыногының тұрақтылығын сақтауға, сақтандыру
рыногын, бағалы қағаздар рыногын одан әрі дамытуға және банктік жүйені
нығайтуға, банктердің экономиканың нақты секторын  кредиттеуді одан әрі
ұлғайтуға, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы жүйесін жетілдіруге жағдай
жасауға мүмкіндік береді.
2005 жылдары  ақша-несие саясатының негізгі құралдары ашық рынок
операциялары, РЕПО операциялары сияқты және вексельдермен қайта есепке алу
операциялары болады.  2003 жылы Ұлттық Банк  РЕПО ставкасы және вексельдер
бойынша  есепке алу ставкалары  сияқты өзінің ресми ставкаларын реттеуші
ролін күшейту жөнінде шаралар қабылдайды және шын мәнінде оларға аз ғана оң
қолдау көрсететін болады.   Бұл 2004-2005 жылдары ақша-несие саясатын
инфляциялық таргеттеуге көшуге дайындық үшін  база болады.

І бөлім. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі

1.1 Ұлттық банкітің мемлекеттің орталық банкі ретінде экономикадағы орны
мен ролі

Орталық банктер бүкіл елдің несие жүйесін бақылаушы әрі реттеуші бас
органның ролін атқара отырып, ерекше орынға ие және экономикалық басқару-
дың мемлекеттік органы болып табылады. Олардың басшылық ролі мемлекет
берген үлкен өкілеттіліктерімен анықталады.
Орталық банк елдің эмиссиялық, резервтік және кассалық орталығы,
сондай-ақ ол норма шығару, басқару құқықтарына ие “банктердің банкі”,
“соңғы сатыдағы несие беруші” ролін атқарады, ақша-несиелік және валюталық
саясатты анықтайды, оның негізгі мақсаты пайда табу емес, ақша-несие
саясатын жүзеге асыру және елдің несиелік жүйесін басқару болып табылады.
Қазақстан Республикасының Орталық банкі еліміз тәуелсіздік алғаннан
соң КСРО Мембанкінің Республикалық Кеңсесінің негізінде 1990 жылдың
желтоқсанында алғашқыда Қазақстанның Мемлекеттік банкі ретінде құрылып, ал
1995 жылдың наурызынан Қазақстан Ұлттық банкі деп аталады.
Ол Республикадағы банк жүйесінің жоғары (бірінші) деңгейіндегі банк,
өз қызметін Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 30 наурыздағы
“Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы ” Заң күші бар Жарлығы
бойынша жүргізеді және осы Жарлыққа сай Президентке есеп береді. Сонымен
қатар Ұлттық банк өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын
және басқа заңдарды, халықаралық шарттар мен келісімдерді басшылыққа алады.
Ұлттық банк – заңды тұлға, дербес балансы бар, өзіне тікелей
бағынатын төменгі бөлімшелерімен бірге тіке бағыныстағы біртұтас
орталықтандырылған құрылым, іс-әрекетін толық шаруашылық есеп негізінде
жүргізеді. Әр түрлі салық жинаудан, баж салығын және кеден салығын төлеуден
босатылады. Ол республиканың кез келген жерінде және одан тыс жерлерде
өзінің басқармасын және басқа да бөлімшелерін ашуға құқығы бар. Өз жұмысын
үкіметпен келісіп, үнемі кеңесіп жүргізеді. Үкімет Ұлттық банктің
міндеттемелері бойынша жауапты емес, дәл сол сияқты, егер өзіне белгілі бір
жауапкершілік алмаса, Ұлттық банк те үкіметтің міндеттемелері бойынша жауап
бермейді. Үкіметтің өкілдік және атқарушы органдарының Ұлттық банк пен оның
құрылымдық бөлімшелерінің заңды қызметтерін атқаруға араласуға құқығы жоқ.
Қазақстан Ұлттық банкі Қазақстан Республикасы заңдарының негізінде
өзінің қызметіне қарай Ұлттық банк берген лицензия негізінде кейбір банктік
операция түрлерін жүргізетін барлық банктердің, банктік емес қаржы
мекемелерінің міндетті түрде орындауы үшін нормативтік актілер шығарады. Ол
нормативтік актілер “Қазақстан Ұлттық Банкінің хабаршысы”, “Вестник
Национального Банка Казахстана” атты қазақ және орыс тілдерінде шығатын
ресми басылымдарда жарияланады.
Ұлттық банктің негізгі міндеті – ұлттық валютаның ішкі және сыртқы
тұрлаулығын қамтамасыз ету. Сондықтан ол:
- ақша айналымы, несие, банктік есеп айырысу мен валюталық
қатынастарды ұйымдастырады;
- ақша, несие және банк жүйелерінің тұрақты қызметін қамтамасыз
етеді;
- несие берушілер мен салымшылардың, сондай-ақ шетел валютасын сатып
алу-сату және айырбастау операцияларын жүргізетін банктік және
басқа ұйымдардың мүддесін қорғау және олардың жұмысын бақылау
сияқты мемлекеттің экономикалық саясатын жүргізеді.
Ұлттық банктің міндеті оның атқаратын қызметтері арқылы орындалады:
Біріншіден, Қазақстан Республикасында мемлекеттік ақша-несие саясатын
жүргізу, яғни Ұлттық банк айналымдағы ақша массасының көлемін реттеумен
және ресми проценттік мөлшердің деңгейін өзгертумен шұғылданады. Егер ақша-
несиелік реттеу әдісімен инфляция деңгейін тежеу мүмкіндігі болмаған
жағдайда Ұлттық банктің несие салымдарын шектеуге және банк операциялары
бойынша проценттік мөлшерді өзгертуге құқығы бар. Сондай-ақ алты айға
дейінгі мерзімге шығарылған бірінші кластық жай және айнымалы вексельдерді,
чектерді сатып алып және қайта сатады.
Ұлттық банк өзінің бағалы қағаздарын шығарады, сонымен қатар
мемлекеттік бағалы қағаздарды, облигацияларды, депозиттік сертификаттарды,
дисконттық және өтеу мерзімі бір жылға дейінгі проценттік бағалы қағаздарды
сатып алу және сатумен шұғылданады. Ұлттық банкте сақталатын міндетті
резервтердің нормативін белгілеп, айналымда жүретін төлем құралдарының
түрлерін анықтайды.
Ақша-несие саясаты қаржы нарығының тұрақтылығын сақтауға, сақтандыру
нарығының, бағалы қағаздар нарығының әрі қарай дамуына және банк жүйесінің
нығайа түсуіне, экономиканың нақты секторы банктердің несиелеуін әрі қарай
өсіру үшін жағдай жасауға, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорларына
жетілдірілуіне мүмкіндік туғызады.
2003-2005 жылға арналған ақша-несие саясатының негізгі
көрсеткіштерінің болжамы 1- кестеде беріледі.

2003-2005 жылдарға арналған ақша-несие саясатының негізгі көрсеткіштерінің
болжамы.

Көрсеткіштер 2002 2003 2004 2005
(бағалау)
1. Инфляция жылына орташа, % 6 4-6 4-6 3-5
2. Қайта қаржыландыру жылдың 7,5 6-7 5-6,5 4,5-6
соңына
3. Алтын-валюта резерві 3008 3355 3541 3673
млн АҚШ доллары өзгерістер,
% 16 11,5 5,5 3,7
4. Ақша базасы млрд теңге 207 237 268 304
өзгерістер, % 18,1 14,8 12,9 13,9
5. Ақша массасы млрд теңге 707 865 1008 1168
өзгерістер,% 22,7 22,4 16,6 15,9
6. Банк жүйесіндегі
резиденттердің депозиттері
млрд теңге 544 671 788 910
өзгерістер, % 22,3 23,3 17,4 15,5
7. Экономикаға беретін банктің
несиелері млрд теңге 439 571 718 866
өзгерістер, % 58,8 30,1 25,7 20,8
8. Халықтың теңгедегі мерзімді
депозиттерінің орташа
өлшенген мөлшерлемесі, % 13 11 9 7,5
9. Заңды тұлғаларға берілген
теңгедегі несиенің орташа
өлшенген мөлшерлемесі, % 17,5 16 15 13,5

Екіншіден, Қазақстан Республикасында қолданылатын банкнота және
монетаны (теңге мен тиынды) эмиссиялау. Ол үшін Ұлттық банк номиналдардың
құрылымын, теңге мен тиындардың пішінін (дизайн), олардың қажет мөлшерін
анықтап, дайындығын қамтамасыз етеді.
Ұлттық банктің қолма-қол ақша қаражатын шығаратын, теңге мен тиынның
қолма-қол ақшасыз эквивалентін алып сату арқылы айналысқа түсіруді
ұйымдастыратын айырықша құқығы бар. Сондай-ақ қолданылған ақша белгілерін
айналымнан шығарып, оларды жаңасымен айырбастап, тозығы жеткендерін жоюмен
шұғылданады.
Үшіншіден, банктердің банкісі қызметін атқару. Ол үшін Ұлттық банк
республикадағы қайта қаржыландыру жүйесін ұйымдастырып, бірінші класты
(жоғары өтімді, қауіпсіз) бағалы қағаздармен және басқа активтермен
қамтамасыз етілген несиені алты ай мерзімге береді. Ұлттық банк – екінші
деңгейдегі банктер үшін соңғы сатыдағы несие беруші. Несиені ұлттық
валютамен де, шетел валютасымен де, сондай-ақ қамтамасыз етілген, ия
болмаса қамтамасыз етілмеген несиені Ұлттық банктің басқармасы белгілеген
тәртіппен және мерзімге береді. Қазақстан Республикасындағы есеп айырысу
формалары мен тәртібін анықтап, қазақстандық теңгемен жүргізілетін
банкаралық есептесуді өз уақытымен және тоқтаусыз жүруін қамтамасыз ететін
төлем жүйесінің қызметін ұйымдастырады.
Төртіншіден, үкіметтің және мемлекеттік органдардың банкі және агенті
қызметін атқару үшін кепілшісі үкімет болған республиканың ішкі және сыртқы
қарызын өтеуге қатысады, Қаржы министрлігінің шоттары бойынша дебеттік
қалдықты (сальдо) болдырмау үшін қажетті іс-шараларды қабылдайды. Қаржы
министрлігімен келісілген шарт негізінде мемлекеттік бағалы қағаздарды
орналастырып, олардың депозиторлық ісін жүзеге асырады.
Бесіншіден, банктердің ісін бақылау және қадағалау қызметі. Ол үшін
Қазақстан территориясында, сондай-ақ одан шет жерлерде банктермен олардың
филиалдарын ашуға рұқсат және банктік операциялар жүргізуге лицензия
береді. Барлық банктер, банк емес қаржы мекемелері және олардың клиенттері
міндетті түрде орындауы үшін банк ісі, есептеу, есептесу, валюта
операцияларын жүргізу мәселелері бойынша нормативтік актілер шығарып,
олардың орындалуын қадағалайды.
Банктердегі бухгалтерлік есеп айырысудың, бухгалтерлік, банктік және
басқа есептің мерзімін, формасын, тізімін, тәртібін және әдісін бекітіп,
сондай-ақ олардың орындалуын бақылайды. Банктер мен олардың филиалдарының
қызметін жергілікті жерде немесе аудиторлық ұйымдарды шақырып бақылайды.
Ұлттық банк өзінің бақылау қызметін атқару үшін банктердің балансын, есебін
және басқа құжаттарын тексереді.

2-сызба. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің басқару құрылымы.
1.2. Ұлттық банкiнiң қызметтерi мен операциялары

Ұлттық банк "Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы" Заңға
сәйкес мынадай қызметтер мен операцияларды орындайды.
- айналыстағы ақша массасының көлемін реттеу жолымен Қазақстан
Республикасында мемлекеттік ақша-несие саясатын жүргізеді,
Қазақстан Республикасы аумағында банкноталар мен монеталарды
айналысқа шығарушы жалғыз эмитент болып табылады;
- кепіл берушісі Үкімет болып табылатын Қазақстан
Республикасының ішкі және сыртқы қарызына қызмет
көрсетуге қатысады;
- Қазақстан Республикасы аумағында еншілес банк ашуға рұқсат береді;
- Қазақстан Республикасы аумағында, одан тыс жерлерде банк
филиалдарын өкілдіктерін ашуға келісімін және банк операцияларын
жүргізуге лицензия береді;
- банктердің бағалы қағаздар эмиссиясы жобасының
оның тіркелуіне дейін өзі белгілеген тәртіппен міндетті сараптауын
жүргізеді;
- ол банктерге несие беруге, банктердің қарыз капиталы нарығындағы
ашық позициясына бақылау жасауға құқылы. Банктерге соңғы сатыдағы
несие беруші болады, қайта қаржыландыру саясатын жүргізеді;
- банктердің жұмысына және шетелдік валютаны сатып алу, сату және
айырбастау ұйымдарына бақылау мен қадағалау жүргізеді әрi
пруденциалдық нормативтер белгілейді;
- Қазақстан Республикасында ресми мөлшерлемелерді өзгерту арқылы
банктік пайыз мөлшерлемелерінің деңгейiн реттеуді жүргізеді;
- Қазақстан Республикасында информациялық процестерді ақша-несие
реттеуі әдістерімен бәсеңдете алмаған жағдайда Ұлттық банк
банктердің операциялары бойынша несиелік салымдарды шектеу және
пайыз мөлшерлемелерін өзгертуге құқықтар береді;
- Қазақстан Республикасында есеп айырысу тәртібін, жүйесін және
нысандарын анықтайды, қазақстандық теңгемен банкаралық есеп
айырысулардың мезгілінде және үзіліссіз жүргізілуін қамтамасыз
ететін жүйенің жұмыс істеуін ұйымдастыруы тиіс;
- Қазақстан Республикасында валюталық реттеу мен валюталық бақылауды
жүзеге асырады және валюталық операциялардың барлық түрін жүргізуге
құқылы;
- банк ісі, есеп, есеп айырысу, валюталық операциялар
жүргізу бойынша банктерге, валютаны сатып алу,
сату және айырбастау операцияларын жүзеге асыратын мекемелерге
және олардьщ клиенттеріне орындауға міндеттi нормативтiк
актілер шығарады, сонымен катар, олардың орындалуын бақылайды;
- бақылау және қадағалау функцияларын қамтамасыз ету үшін банктерге,
шетелдік валютаны сатып алу, сату, айырбастаумен айналысатын
ұйымдарга бухгалтерлік, статистикалық, тағы басқа есеп берудің
тізімін, формасын және мерзімін бекітеді;
- егер заңды актілермен басқалары қарастырылмаса,
Қазақстан Республикасының Үкіметімен келісіп, банктердің және басқа
шаруашылық субъектілерімен жүзеге асырылатын есеп айырысу, ағымдағы
бюджеттік
және басқа да шоттардан төлем жүргізу кезегін, есеп
айырысуларды реттеу мақсатында бекіте алады;
- Ұлттық банкіге жүктелген функцияларды жүзеге асыруға көмектесетін
ұйымдарды құруға және оларды басқаруға қатысуға құқылы;
- қолма-кол банкноттар мен монеталарды есепке алу, сактандыру,
тасу және инкассациялау ережелерін бекітеді, банкноттар
мен монеталарды тасуды, сақтандыруды және инкассациялауды
қамтамасыз етуге қатысады, банкноттар мен монеталардың мемлекеттік
резервтік қорларын кұрады;
- Қазақстан Республикасы банктерінің жиынтық балансын құрады және
тұрақты түрде жариялайды;
- ішкі және сыртқы активтер бойынша болжамды есептер шығарады;
- ақшалай қаражаттарды есепке алуда қате кеткенде немесе қолдан
жасалған құжаттар бойынша есепке алынған қаражаттар анықталған
жағдайда клиенттердің және банктердің шоттарынан ақша қаражаттарын
сөзсіз шегеру құқына ие;
- Қазақстан Республикасындағы банктер жүйесіне кадрларды дайындауға
қатысады.
Сирек жағдайларда мемлекеттік бюджеттің қаражаттары арқылы
қаржыландырылатын несиелік-есеп айырысу және ұйымдардың кассалық қызмет
көрсетуімен байланысты операциялар жүргізеді.
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес болатын басқа да қызметтер
атқарады.

II бөлім. Қазақстан республикасы ұлттық банкінің ақша-несие саясатына
талдау

2. 1. Ұлттық Банктің ақша-несие саясатын реттеу механизмі

Бүгінгі күні Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің ақша-несие
саясатының құралдарын нақты қарай отырып, оларды бірнеше көрсеткіштерге
бөлуге болады:
- ықпал ету нысаны бойынша- тікелей және жанама. Ақша-несие реттеудің
тікелей ықпал ету әдістері реттелетін объектіге тікелей ықпал етуге
мүмкіндік береді, олар басқаруы жоғары деңгейде орталықтандырылған елдерге
тән, сондай-ақ нарықтық экономикалы елдерде мына тарихи ерекшеліктерге орай
пайдаланылады:
- тікелей ықпал ететін объектілер бойынша - ақша ұсынысы
мен ақша сұранысы;
- реттеу барысында белгіленетін параметрлер бойынша сандық
және сапалық;
- уақыт аралығына негіздеп- ақша-несие реттеудің қысқа
және ұзақ мерзімді құралдары;
- ықпал ету ауқымы бойынша- жалпы және іріктемелі;
Жалпы құралдар ақша нарығында қалыптасатын қатынастар (мысалы,
бірыңғай есептік мөлшерлеме) жиынтығына ықпал етеді. Іріктемелі әдістер
басқарылатын объектілерді саралауды (мысалы, пайыздық мөлшерлемені немесе
резерв талаптарын саралау) көздейді.
Ақша-несие саласындағы теориялық ережелерді қорытындылай келе, ақша-
несие саясатының құралдары жүйеленді:

Кесте №2
Ақша-несие саясатының құралдарын талдау

Ақша-несие Ықпал ету құралы Қолдану мақсаты
саясатының
құрамдастары
Ақша саясаты Ашық нарықтағы Ақша массасының мөлшерін
операциялар реттеу: артық болғанда
кеміту, ол инфляция қарқының
Валюталық басқыншылық өсуіне әкеп соқтырады;
тапшылық кезінде кеңейту, ол
3. Ұлттық банктің несие ЖІӨ төмендеуіне,
саясаты экономиканың
демонетизациясын салықтардан
4. Міндетті резевтерінің бұлтаруға, көлеңкелі
мөлшері экономикаға әкеп соқтырады

5. Пруденциалдық шаралар
Несие саясаты Ұлттық банкінің операциялары Ақша массасының депозиттік
бойынша пайыздық бөлігіне әсер ету мақсатында
мөлшерлемелер несиелік ресурстарға
сұраныспен ұсынысты реттеу
Пруденциалдық шаралар
Валюталық Валюталық басқыншылық Ұлттық валютаның бағамын
саясат реттеу, валюталық режимді
либерализациялау

Экономиканы ақша-несие жүйесіндегі Ұлттық Банк сыйақысының
мөлшерлемесінің деңгейлерін талдайық. Оңды пайыздық мөлшерлемені
Қазақстанның экономикасы мен қаржыларын сауықтырудың кепілі болып
табылатынын атап өту қажет. Жынында да, оңды пайыздық мөлшерлеме ақша
жинауға ынталандыратын және несиенің қымбаттауына орай, инвестициялық
салымдарды шектеудің нәтижесі болатын сұранысты шектеуіне байланысты
инфляцияға қарсы функцияны атқаруы мүмкін.
Қазақстан Республикасында реформалау жүргізілген жылдарда қайта
қаржыландыру мөлшерлемесі жағымсыз болып, тек 1994 жылдың екінші жартыснан
бастап қана барлық жақтан сыналуына қарамастан, Ұлттық Банк оң мөлшерлеме
белгіледі. Қайта қаржыландыру мөлшерлеміні 270%бастап 300%-ке дейін өсіру
есебінен сұраныс инфляциясы төмендетілді. Мөлшерлеменің оңды болып және
оның нарықтық мөлшерлемеге сәйкес болуы несие аукционында айқындалды. Осы
өзгерістер нәтижесінде валюталық операциялармен салыстырғанда несие
операциялары бойынша кірістің көбеюі байқалды, бұған шетел валютасына
сұраныстың және валюта бағамының тұрақтануы себеп болды.
Жоғары инфляция жағдайындағы экономикалық саясат міндеттерінің бірі
тиімсіз инвестицияларға жол бермеу және біруақытта мөлшерлеменің
экономикаға күйрететін әсерінен сақтап қалуға мүмкіндік беретін оңды
пайыздық мөлшерлеме деңгейін іздестіру болып табылады.
Орталық банкте вексельдерді қайта есептеу екінші деңгейлі банктерді
қаржыландырудың балама әдісі. Осы нысанның пайдасы бұл операцияда кепіл
қажет емес, ал вексель беруші кепіл болады. Бұдан басқа, тәуекелі деңгейі
төмен әлеуеті тұрақты клиенттер ғана несиеленуіне байланысты, вексельдік
несиелер бойынша мөлшерлемелер әдетте банк несиелері бойынша
мөлшерлемелерден төмен белгіленеді.
Вексельдерді қайта есептеу экономиканың нақты секторын қаржылық
қолдаудың құралы ретінде болатынын атап айту қажет. Алайда Қазақстан
Республикасының Ұлттық Банкі қайта есептеуге барлық вексельдер
қабылданбайды, тек вексельдік несие алуға құқығы бар бірінші сыныпты
эмитенттер тізіміне енгізілгендер ғана осы құқықпен пайдалана алады.
Мысалы, соңғы екі жылда Қазақстанның тек 2 кәсіпорны- “Қазатомпром” мен
“Қазақстан Темір Жолы” ғана вексельдік қайта қаржыландыру жүйесі бойынша
несие алды. Сонымен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қайта
қаржыландыру мөлшерлемесі ақша-несие саясатының жедел құралы ретінде өзінің
функцияларын, сондай-ақ Ұлттық Банк ақша -несие саясатының индикаторы
функциясын атқармайды. Бұдан басқа, вексельдік қайта қаржыландыру жүйесін
Ұлттық Банктің 2004-2006 жылдарға арналған өзінің даму басымдығы ретінде
белгілесе де, оның дамымауы, ақша-несие саясатының балама тетігі болмауынан
инфляциялық шектеу саясатына көшу үшін қиындықтар тудырады.
Ашық нарықтағы операциялар ақша-несие саясатының ең бір басымды
құралдарының бірі болып табылады. Орталық банктің ашық нарықтағы
операциялары меншік ноталарын да қоса алғанда құнды қағаздарды сату немесе
сатып алу арқылы ақша жиынының мөлшерін реттеуді жүзеге асыруға мүмкіндік
береді. Айналымда артық ақша болса, Ұлттық Банк меншік ноталарын немесе
Қаржы министрлігінің операторы ретінде банктер мен басқа да қаржы
институттарына бастапқы дилерлерге мемлекеттік құнды қағаздарды сата
бастайды, осымен ол айналымдағы ақша жиынының бөлігін алады және банк
резервтерін қысқартады. Осымен қатар мемлекеттік құнды қағаздармен
жүргізілетін операциялар бюджет тапшылығын қаржыландырудың инфляциялық емес
көзі болып табылады.
Ақша-несие реттеу құралы ретінде ашық нарықтағы операциялардың рөлін
нығайтатын негізгі факторлар Ұлттық Банктің қайталама нарықта операцияларды
жүзеге асыруға, РЕПО операцияларын жүргізуге, мемлекеттік құнды қағаздардың
биржадан электрондық тыс нарығын құруға себеп болды.
Банктерді несиелеу ел экономикасына ықпал етудің ең бір мүмкін
тәсілінің бірі болып табылады, олардың мөлшері артса, айналымдағы ақша
мөлшері өседі, бұл инфляция қарқынының өсуіне әсер етуі мүмкін, алайда
шаруашылық жүргізуші субъектілердің айналым қаржылары толықтырылып,
тиісінше, өндіріс көлемі артады. Ұлттық Банк несие саясаты экономиканы
несиелеуді кеңейтуге немесе қысқартуға ғана емес, сондай-ақ ішкі
экономиканың тұрақты дамуына қол жеткізуге, ақша айналымының нығаюына, ішкі
экономикалық процестердің тепе-тең болуына ықпал етеді. Экономиканы
несиелеу функциялары екінші деңгейдегі банктерге ауысты және Ұлттық Банктің
жұмысы жетекші елдердің орталық банктерінің функцияларына бірте-бірте
жақындай бастады. Ұлттық банктің несие беру практикасы түбегейлі өзгерді:
банктерге несие тек олардың өтімділігін қолдау мақсатында ғана берілген,
жеңілдік несиелер жойылды, мемлекеттік бюджет тапшылығын жабуға несие тек
бюджет бағдарламасының шеңберінде. Кейін ломбардық несие, бюджетті тікелей
несиелеу, несие ресурстарының аукционы жойылды. Осылайша, орталық банктің
екінші деңгейдегі банктерді қайта қаржыландыруы толық тоқтатылды.
Қазақстанда ұлттық валюта енгізілгеннен кезең алтын-валюта резервтері
аз мөлшерімен сипатталады, дүниежүзілік нарықта қолайлы баға жағдайы
қалыптасып, экспорт түсімі молайды. Алайда 1998 жыл Қазақстан экспортқа
шығаратын тауарлар (мұнай, түсті металдар) бағалары күрт төмендеп (25%),
төлем балансының сальдосын нашарлатып, ұлттық валютаның тұрақтылығын
төмендетті. Осылайша, инфляцияның жоғары өсу қарқынымен қабаттасқан
негізделмеген ақша-несие саясаты экспорт түсімінің қомақты мөлшерімен
жұмсартылып отырды.
Ұлттық Банк валюта бағамын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің ақша-несие саясатын талдау
Ақша - несие саясатының мақсаттары және институционалдық негізі
Қазақстандағы пайыздық саясаттың мәні
Ақша - несие саясатына араласуға мемлекеттің құқығы
Қазақстанның Ұлттық Банкінің ақша-несие саясатының даму ерекшелігі, және оны талдау
Қазіргі тандағы ҚР-дағы ұлттық банктің ақша-несие саясатына талдау жасау
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің нарықтық жағдайдағы алатын орны
Ақша-несие саясаты – мемлекеттің экономикалық саясатының ерекшеліктері
Ақша-несие саясаты – мемлекеттің экономикалық саясатың құрамдас бөлігі
Мемлекеттің ақша-несие саясаты туралы ақпарат
Пәндер