Биоценоз


Дәріс № 5 Биоценоз

Биоценоз (лат. bios - өмір; koinos - ортақ) дегеніміз - белгілі бір территорияда мекендейтін әртүрлі түрлер популяциясының бірлестігі. «Биоценоз» ұғымын алғаш рет 1877 ж. неміс зоологы К. Мебиус ұсынды. Биоценозды зерттейтін экология ғылымының саласы биоценология деп аталады. Биоценоз - ағзадан жоғары деңгейдегі жүйе. Биоценоз - бірігіп тіршілік ететін және бір-бірімен байланысқан ағзалардың топтары. Ол үш компоненттен тұрады:

  1. Фитоценоз (өсімдік жамылғысы) ;
  2. Зооценоз (жануарлар дүниесі) ;
  3. Микробоценоз (микроағзалар) .

Биоценоз алып жатырған қоршаған абиотикалық орта биотоп (лат. bios - өмір; topos - орын) деп аталады.

Түрлік құрылым дегеніміз - аталған биоценозды түзетін түрлер саны мен олардың биомассасының қатынасы.

Түрдің алуан түрлілігі дегеніміз - аталған бірлестіктегі түрлер саны. Түрге бай және кедей бірлестіктерді ажыратады.

Кедей биоценоздар өсімдіктер мен жануарларлардың ондаған және жүздеген түрлерінен, ал бай биоценоздар бірнеше мың немесе ондаған мың түрлерден тұрады. Түрдің алуан түрлілігі бірлестіктің жасына (ересек бірлестіктерге қарағанда жас бірлестіктер кедей) және қоршаған орта жағдайларына (экологиялық факторларға) : температура, ылғалдылық және азық қорына (шөл, биік ендік және таулы алқап биоценоздары түрге кедей болып келеді) байланысты.

Түрдің жоғары алуан түрлілігімен бірлестіктер арасындағы өтпелі зоналар - экотондар ерекшеленеді. Экотондардағы түрдің алуан түрлілігінің өсу тенденциясы шеткі эффект деп аталады.

Түрлер барлық шекаралас білестіктерден келетіндіктен, экотон түрге бай болып келеді. Сонымен қатар экотонның өзіне ғана тән түрлері де болуы мүмкін. Мысалы, тоғайдың ортасына қарағанда өсімдік жамылғысына бай шетінде құстар, бунақденелілер, т. б. көбірек ұя салады.

Бірлестіктегі түрлер:

  1. Доминанты;
  2. Екінші реттік (сирек кездесетін және саны аз түрлер) .

Доминанттар - саны бойынша басым түрлер. Доминанттардың арасынан бүкіл бірлестіктің микроортасын (микроклиматын) анықтайтын эдификаторларды (құрылысшы) ерекше атап көрсетуге болады. Эдификаторларсыз басқа түрлер тіршілік ете алмайды, олардың жойылуы биоценоздың толық бұзылуына қауіп төндіреді. Әдетте эдификаторларға шырша, самырсын, қарағай, селеу өсімдіктері жатады.

Екінші реттік түрлер де биоценозда өте маңызды. Олардың санының көп болуы - бірлестіктің бірқалыпты дамуының кепілі.

Түрдің алуан түрлілігін бағалау үшін басқа да көрсеткіштер қолданады:

  • Түрдің молшылығы - аталған түр дараларының қоныстанған кеңістігі немесе аудан бірлігіне шаққандағы саны;
  • Доминанттау дәрежесі - аталған түр даралары санының қарастырылатын топтың барлық дарларының жалпы санына қатынасы;
  • Кездесу жиілігі - түр кездесетін санақ жүргізілетін аймақтар немесе үлгілер санының барлық үлгілер санына пайыздық қатынасы.

Биоценоздың ішінде консорциялар деп аталатын ерекше құрылымды жүйелер болады. Консорциялар дегеніміз - өз айналасында белгілі микроорта түзе алатын, консорцияның орталық мүшесі болып табылатын қандай да болмасын белгілі бір түр дарасы ағзасының сыртында немесе ішінде мекендейтін әртүрлі ағзалардың тобы. Консорцияның қалған мүшелері одан да кіші консорциялар құра алады, яғни І, ІІ, ІІІ, т. б. консорцияларды бөлуге болады.

Кеңістіктік құрылым дегеніміз - әртүрлі түрлердің кеңістікте горизонталды немесе вертикалды бағытта таралуы. Оның екі түрі белгілі:

  1. Ярустылық - вертикалды биоценоз құрылымы;
  2. Мозаикалық - горизонталды биоценоз құрылымы.

Ярустылық қоңыржай және тропиктік белдеулердің ормандарында айқын байқалады.

Аудандық мозаикалық түрлер алуан түрлілігіне, олардың сапалы қарым-қатынасына, ландшафт және топырақ жағдайларының өзгерісіне байланысты болады.

Экологиялық бірлестік - әртүрлі экологиялық топтар ағзаларының қатынасы. Ұқсас экологиялық құрылымы бар биоценоздардың әртүрлі түрлік құрамы болуы мүмкін. Ол сол бір экологиялық қуыстарды экологиясы жөнінен ұқсас, бірақ туыс емес түрлердің қоныстану мүмкіндігіне байланысты. Мұндай түрлерді алмастырушы немесе викариялаушы түрлер деп атайды.

Биоценоздың маңызды сипаттамалары:

  1. Консорция;
  2. Синузия;
  3. Парцелла.

Синузия - кеңістікпен шектелген биоценоздың вертикальды бунақталуындағы құрылымдық бөлігі. Кеңістіктік синузия көкжиекпен, биоценоз ярусымен, қабатымен сай келуі мүмкін. Мысалы, қарағайлы орманда шыршаның, жасыл мүктің және т. б. синузиясын атап көрсетуге болады.

Ағзалар арасындағы байланыс типтері:

  1. Трофикалық байланыстар бір түр екінші түрмен, оның қалдығымен, тіршілік өнімдерімен қоректенетін жануарлар арасында пайда болады. Оның екі түрі белгілі:

А) Тура трофикалық байланыс (арыстандардың антилопалармен, гиеналардың өліктермен, қоңыздардың тұяқтылардың экскременттерімен қоректенуі) ;

Ә) Жанама қоректік байланыс (әртүрлі түрлердің бір қорек үшін бәсекелесуінің нәтижесінде пайда болады) .

  1. Топикалық байланыстар бір түрдің әсерінен басқа бір түрдің тіршілік жағдайларының өзгеруі нәтижесінде пайда болады. Мысалы, қылқанжапырақты орманда, әдетте шөптесін өсімдіктер жамылғысы болмайды.
  2. Форикалық байланыстар бір түр басқа бір түрдің таралуына қатысқанда пайда болады. Жануарлардың өсімдік тұқымдарын, тозаңдарын және спораларын тасымалдауызоохория, ал ұсақ дараларды -форезиядеп аталады.
  3. Фабрикалық байланыстардың мәні бір түрдің өз құрылысына басқа бір түрдің қалдықтарын, өліктерін, тіпті тірі дараларын пайдалануында. Мысалы, құстар ұя салу үшін ағаш бұтақтарын, шөп, басқа құстардың мамықтарын пайдаланады.

Ағзалар арасындағы қатынастардың типтері:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тұрақты, тұрақсыз биоценоз
Биоценоз, биогеоценоз және экожүйелер туралы түсініктер
Биоценоз классификациясы
БИОЦЕНОЗ, БИОГЕОЦЕНОЗ
Экологиялық сукцессиялар
Бірлестіктер экологиясы және экожүйедегі энергия
Биоценоз туралы түсінік
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫҢ БИОЛОГИЯЛЫҚ ЖОЛМЕН ЛАСТАНУЫ
Биоценез, биогеоценоз туралы түсініктер
Экожүйенің тұжырымдамасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz