Қылмыстық сот ісін жүргізудегі куәлік иммунитет қағидасы


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 85 бет
Таңдаулыға:
КІРІСПЕ
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Диссертация қылмыстық сот ісін жүргізудегі Куәлік иммунитет қағидасын зерттеуге арналған. Жұмыста қылмыстық іс жүргізудегі Куәлік иммунитет институт ретінде, Куәлік иммунитеттің түрлері, сондай-ақ қылмыстық іс жүргізу барысында Куәлік иммунитетті жүзеге асыру мәселелері жан-жақты қарастырылған.
Зерттеудің өзектілігі. Соңғы жылдары Қазақстан Республикасының Президентінен бастап қарапайым халыққа дейін барлық деңгейде Қазақстан қоғамында адам құқықтары туралы көп айтылып және жазылып жүр. Бұл мәселеге деген ынта күннен-күнге артуда, жеке алғанда Қазақстан құқықтық мемлекет қағидаларын, адам құқықтары саласында Халықаралық стандарттарды қолдауын белсенді түрде көрсетіп жүр. Еліміз 1966 жылғы Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіге қосылды [1] .
1995 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциясы адамды, оның өмірін, құқықтарын және бостандықтарын мемлекеттің ең маңызды құндылықтары ретінде жариялады. Құқықтық мемлекет құруға бекем бел байлап, Қазақстан өзінің мемлекеттік қызметінің маңызды бағыттары ретінде адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын сақтау және қорғауды белгіледі.
Қазақстан Республикасы Президентінің 24 тамыз 2009 жылғы № 858 Жарлығымен бекітілген 2010-2020 жылдар аралығына белгіленген Республиканың құқықтық саясат Тұжырымдамасында былай делінген: «Мемлекетіміздегі құқықтық саясатты жетілдіру қылмыстық, қылмыстық іс жүргізу және қылмыстық-атқару құқықтарының, сондай-ақ құқық қолданудың өзара байланысқан кешенді жолымен жүзеге асырылады» [2, 2-б. ] . Жалпы қоғам мәдениетіндегі, жеке алғанда, саяси мәдениеттегі адам құқықтарының орны, көп жағдайда еліміздегі саяси режимнің сипатымен, әлеуметтік-экономикалық деңгейдің дамуымен, заңдармен және тарихи дәстүрлермен, сондай-ақ азаматтардың қалыптасқан көзқарастарының ерекшелігімен анықталады. Қазіргі заманның рухани құндылықтарының ішінде, адам құқықтары ең маңызды орын алады. Оның үстіне Қазақстан үшін адам құқықтарын қорғау демократиялық құқықтық құндылықтарға бағыт сілтейтін маңызды көрсеткіш, ол Қазақстанның стратегиялық дамуындағы негізгі фактор болып табылуы қажет.
Н. Ә. Назарбаев Қазақстан халқына 29 қаңтар 2010 жылғы Жолдауында былай деді: «Біздің алдымызда құқық қорғау жүйесін реформалайтын үлкен жұмыстар тұр. Қазіргі таңда, өкінішке орай құқық қорғау органдарының сапасыз басқаруынан, жұмыстарындағы түсініспеушіліктерден, қажетті кадрлық құрамның жетіспеушілігінен туындаған қиындықтар, сондай-ақ құқық қорғау жүйесінің қызметіне таза бақылаудың болмауы айқын көрініс тауып отыр» [3, 2 б. ] .
Қоғамның құқықтық, саяси, экономикалық және әлуметтік жүйелерін реформалауға бағыталған Қазақстан Республикасы азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды жүзеге асыру механизімінің негізінде жатқан қағидалардың конституциялық деңдейде бекітілуіне едәуір көңіл бөлуде. Бұл механиизмнің буынының бірі болып куәлік иммунитет институты табылады. Куәлік имунитет институтын заңнамада бекіту және оны жетілдіру қылмыстық іс жүргізудің демократиялық құндылықтарын бекіту жолындағы маңызды қадам болып табылады. Сонымен қатар бұл қылмыстық процеске қатысушы тұлғаларды қылмыстық іс жүргізудің аумағына тартудың заңдылығының және негізділігінің кепілі, олардың процесуалдық құқықтарын қамтамасыз етудің маңызды әдісі болып табылады.
Қазақстан Республикасының Конституциясының 77-бабына сәйкес ешкім өзіне, жұбайына (зайыбына) және ауқымы заңмен айқындалған жақын туыстарына қарсы жауап беруге міндетті емес, діни қызметшілер өздеріне ішкі сырын ашып, сенім білдірген адамдарға қарсы Куәлік беруге міндетті емес [4] . Бұл конституциялық ереже Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінде де өз бекітуын қылмыстық іс жүргізудің күә ретінде жауап беруден босату қағидасы ретінде Кодекстің 27-бабында көрініс тапты.
Адамға өзіне, жұбайына (зайыбына) және ауқымы заңмен айқындалған жақын туыстарына қарсы жауап беруден бас тарту құқығының берілуі, яғни куәлік иммунитеттің берілуі - бұл мемлекеттің жанұя құндылықтарын қамтамасыз етуге, сот әділдігін жалған жауап беру қаупінен сақтауға талпынысының көрінісі болып табылады.
Қылмыстық іс жүргізу заңнамасының өзгеруі, сот тәжірибесінің жаңа қажеттіліктері, ғылыми әдебиетте Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Куәлік иммуниет мәселерінің кешенді түрде зерттелмеуі - осының бәрі аталмыш тақырыптың өзектілігін дәлелдеп, осы тақырыпты таңдаудың қажеттілігін негіздейді.
Диссертация тақырыбының зерттелу деңгейі. Қылмыстық іс жүргізудің қағидаларының қылмыстық іс жүргізудің міндеттерін орындаудағы ерекше маңызын ескере отырып, оның өзекті мәселелерінің ғалым-процесуалистердің назарында үнемі болғандығын атап өткен жөн.
Осы мәселеге көңіл бөліп, арнайы қарастырған ғалымдардың ішінде Т. К. Айтмухамбетовты, А. Н. Ахпановты, Н. С. Алексеевті, Қ. Ә. Бегалиевті, Л. Ш. Берсугурованы, В. П. Божьевті, А. Д. Бойковты, К. Ф. Гуценконы, С. К. Жүрсімбаевты, Л. М. Карнееваны, Е. И. Қайыржановты, М. Ч. Қоғамовты, П. А. Лупинскаяны, И. Б. Михайловскаяны, Қ. Ә. Мәмиді, С. С. Молдабаевты, А. С. Нуралиеваны, М. А. Пакирдиновты, И. И. Роговты, М. С. Строговичті, В. М. Савицкийді, С. Т. Тыныбековты, Ш. М. Шариповты атп өтуге болады.
Куәлік иммунитет мәселесіне әр түрлі деңгейде еңбек сіңірген келесі ғалымдарды атауға болады: А. Я. Азаров, О. Я. Баев, Л. В. Брусницын,
В. П. Божьев, А. Д. Бойков, В. Д. Даев, Н. И. Капинус, Л. М. Карнеева, М. А. Ковалев, Э. Ф. Куцова, Ю. Д. Лившиц, П. А. Лупинская, Т. Г. Морщакова, И. Л. Петрухин, Л. Д. Рахунов, В. М. Савицкий және тағы басқалары. Осы ғалымдардың еңбектері диссертацияның теориялық негізін қалады.
Бірақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Куәлік иммунитет институтының мәселелері қылмыстық іс жүргізу ғылымында зерттелмеген тақырыптардың қатарында.
Зерттеудің мақсаты және міндеттері. Диссертацияның басты мақсаты - Қазақстан Республикасының қолданыстағы қылмыстық іс жүргізу заңнамасын ескере отыра, Куәлік иммунитеттің теориялық, құқықтық және тәжірибелік мәселелерін кешенді түрде зерттеу, осы институттың негізгі мәселелері бойынша авторлық көзқарасты қалыптастыру, жеке тұлғаның конституциялық құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға бағыттау мақсатында қылмыстық іс жүргізу заңнамасын және оны қолданудың тәжірибесін жетілдіруге бағытталған ұсыныстар жасау
Аталған мақсатқа жету үшін диссертацияда келесі нақтыміедеттерді шешүге талпыныс жасалды:
- Куәлік иммунитеттің түсінігін, мәнін және маңызың анықтау;
- халықаралық құқық нормаларындағы Куәлік иммунитеттің көрінісін зерттеу;
- Куәлік иммунитеттің түрлеріне, соның ішінде: өзің өзі айыптаудан және туыстық қатынастын негізіндегі Куәлік иммунитетке, заңменен қорғалатын құпияға ие адамдардың Куәлік иммунитетіне, лауазымды тұлғалардың Куәлік иммунитетіне талдау жасау;
- қылмыстық істі жүргізу барысындағы Куәлік иммунитетті жүзеге асыру мәселелерін зерттеу.
Зерттеу объектісі мен пәні. Зерттеу объектісі болып Куәлік иммунитетті қамтамасыз ету барысында туындайтын қоғамдық қарым-қатынастар табылады.
Зерттеу пәні: Куәлік иммунитет, Куәлік иммунитетті қамтамасыз ету мәселелері қарастырылған теориялық зерттеулер; қылмыстық іс жүргізудің қағидалары бекітілген, Куәлік иммунитет институтың реттейтің Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу заңнамасы, халықаралық құқықтың нормалары, Куәлік иммунитетті қамтамасыз етуге байланысты қылмыстық іс жүргізу органдарының тәжірибесі.
Зерттеудің әдістемелік негізі. Диссертацияның әдістемелік негізі теориялық және тәжірибелік қызметтердің бірлігіне негізделген материалисттік диалектиканың заңдарынан, объективті болмысты зерттеудің жалпы-ғылыми және жеке-ғылыми (тарихи-құқықтық, формальды-құқықтық, формальды-логикалық, салыстармалы-құқықтық әдістер, жүйелі талдау әдісі және т. б. ) әдістерінен тұрады.
Зерттеудің нормативтік базасын халықаралық құқықтық актілер, Қазақстан Республикасы Конституциясы, Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексі, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот қаулылары құрады.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Диссертацияда Қазақстанда алғашқы болып Куәлік иммунитет институтына монографиялық деңгейде кешенді түрде теориялық және тәжірибелік тұрғыдан талдау жасалып, Куәлік иммунитеттің түсінігі, мәні және маңызы, Куәлік иммунитеттің түрлері және қылмыстық іс жүргізу барысында Куәлік иммунитетті қамтамасыз ету мәселелрі қарастырылды.
Диссертацияның ғылыми жаңалығы сонымен қатар келесімен анықталады:
- Куәлік иммунитет институтының авторлық анықтамасы ұсынылды;
- Куәлік иммунитет институтының объективтік және субъективтік мағынасы анықталды;
- Куәлік иммунитеттін мазмұны нақтыланды.
Қорғауға ұсынылатың негізгі тұжырымдар.
Қорғауға диссертацияда негізделген келесі неғұрлым маңызды қорытындылар мен ғылыми тұжырымдар ұсынылады:
- Куәлік иммунитет қылмыстық іс жүргізуге қатысушылардың арасында туындайтын және қылмыстық-процессуалдық қарым-қатынастар арқылы жүзеге асырылатын қылмыстық іс жүргізу құқығының институты болып табылады. Куәлік иммунитетке құқықтық қатынастарға қатысатын кез келген субъект емес, тек қана тікелей қылмыстық іс жүргізу заңында көрсетілген куәлік иммунитет субъектілері ғана ие болып табылады.
Біздің жағдайда қылмыстық іс жүргізу қарым-қатынастарының субъектілері ретінде бір жағынан қылмыстық ізге түсу органы және сот, ал екінші жағынан куә ретінде жауап беруден бас тарту құқығы бар жеке тұлға қатысады.
- Куәлік иммунитет институты объективтік мағынада келесіні білдіреді: бұл осы институтты жүзеге асыру барысында пайда болатын құқықтық қатынастарды реттейтін заң нормаларының жиынтығы.
Куәлік иммунитет институты субъективтік мағынада келесіні білдіреді: күәлар мен жәбірленушілердің кейбір категорияларын қылмыстық іс бойынша жауап беруден босататын, сонымен қатар азаматтардың қылмыстық іс бойынша өзіне қарсы жауап беруден бас тарту құқығын қамтамасыз ететін құқықтық нормалардың жиынтығы.
- Қылмыстық іс жүргізу құқығының Куәлік иммунитет институты -құлықтылық құндылықтарды қорғау мақсатында күәлар мен жәбірленушілердің кейбір категорияларын қылмыстық іс бойынша жауап беруден босататын, сонымен қатар азаматтардың қылмыстық іс бойынша өзіне қарсы жауап беруден бас тарту альтернативсіз және альтернативті құқығын қамтамасыз ететін құқықтық нормалардың жиынтығы.
Мұндай тұлғаларға келесілерді жатқызуға болады:
- күә ретінде мүлдем жауап алмайтын тұлғалар;
- куә ретінде жауап беруден өз еркімен бас тартуға құқылы тұлғалар. Өзін өзі айыптаудан куәлік иммунитеттің мәні келесімен анықталады: тергеу әрекетін жүргізу барысында куәға оны жасалған қылмыс бойынша айыптайтын сұрақтар қойылмауы керек; куә осыған сәйкес мұндай сұрақтар қойылған жағдайда, оларға жауап беруден бас тартуға құқылы; қылмыстық іс жүргізу органдары мен лауазым иелері жауап алудың алдында жауап алынатын адамға жасалған қылмыс бойынша оны айыптайтын мән-жайлар туралы жауап беруден бас тартуға құқылы екендігін түсіндіруге міндетті.
- Куәлік иммунитеттің мазмұнын келесі жағдайлар қамтиды: куә мен жәбірленушінің заңда белгіленген қылмыстық іс бойынша жауап беру міндетін орныдаудан бас тарту субъективтік құқығы және азаматтардың қылмыстық іс бойынша өзіне қарсы жауап беруден бас тарту субъективтік құқығы, сонымен қатар қылмыстық іс бойынша өндірісті жүзеге асыратын мемлекеттік органдар мен лауазым иелерінің іске қатысушы тұлғаларға олардың құқықтарын түсіндіру ғана емес, олардың өз құқықтарын жүзеге асыру мүмкіндігін қамтамасыз ету.
- Куәлік иммунитет институты қылмыстық іс жүргізудің барлық сатыларында жүзеге асырылуы тиіс, өйткені жауап беруден бас тарту құқығы қылмыстық іс қозғалған уақыттан бастап емес, азаматтың құқық қолданушымен құқықтық қарым-қатынасқа түскен уақытынан басталады.
Диссертацияның құрылымы мәселені ашудың ішкі логикасымен, оның талқылануының дәрежесімен, алға қойылған міндеттермен негізделеді және зерттеудің негізгі мақсаты мен пәніне сәйкес келеді. Жұмыс кіріспе, үш бөлім және бес бөлімшеден, қорытынды және пайдаланған әдебиет тізімінен тұрады.
1 КУӘЛІК ИММУНИТЕТ ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ
ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ИНСТИТУТЫ РЕТІНДЕ
- Куәлік иммунитеттің түсінігі, мазмұны және маңыздылығы
Куәлік иммунитет демократияландыру және ізгілендірудың басты элементі ретінде тек қылмыстық іс жүргізудің ғана емес, сонымен бірге жалпы қоғамның маңызды элементі болып табылады.
Латын сөзінен аударғанда «иммунитет» сөзі - (immunitas) жеңілдік деген мағынаны білдіреді. Батыс Еуропалық қайнар көздерде «иммунитет» термині XIII ғ. бастап кездеседі. Орыс тілінде «иммунитет» түсінігі XIX ғ. «белгілі бір лауазымынан немесе салықтан босату» дегенді білдірген.
Батыс Еуропаның феодалдық құқығында «иммунитет» феодалдың өз иелігінде орналасқан аумағында кейбір мемлекеттік функцияларды жүзеге асыру құқықтарының жиынтығы болып есептелінген.
«Иммунитет» ұғымының құқықтық мағынасын әр түрлі энциклопедиялық және заңи сөздіктер әр қалай береді: жалпы нормаларға бағынбау, мемлекетте ерекше орын алып жатқан тұлғаларға бағынбау.
Куәлік иммунитет институтының өзара құқықтық институт болып қалыптасуына, оның реттейтін қоғамдық қатынастарының ерекшеліктерімен айқындалады.
Куәлік иммунитет институтын екі мағынада түсінуге болады. Объективті мағынада ол аталған институт жүзеге асырылып жатқанда туындайтың қоғамдық қатынастарды реттейтін құқық нормалардың жиынтығы. Субъективті мағынада жәбірленушілер мен куәгерлердің кейбір санаттарының қылмыстық іс бойынша айғақ беруден бастартуға құқық беретін нормалар.
Куәлік иммунитетінің мазмұнына куәлар мен жәбірленушілердің жауап беруден бас тарту субъективті құқығы жатады.
Заң ғылымында куәлік иммунитеттің түсінігіне байланысты әлі де ортақ пікір жоқ. Заңгер-процесуалистердің бір тобы куәлік иммунитеттің кең мағынада түсіндіруде. Яғни, олар азаматтардың екі санатын көрсетеді: 1) куә ретінде жауап алуға тиым салынатын адамдар; 2) жауап беруден бас тартуға құқығы бар азаматтар.
Басқа заңгерлер қарастырып жатқан терминнің тар мағынасын ұстануда. Ол, куәнің жауап беруден айрықша жағдайда ғана бас тартуы. Ондай куәларға аталған заңгерлер: 1) моральдық және туыстық сипаттағы қатынастарға байланысты жағдайларда жауап беруден бас тартуға құқығы бар азаматтар; 2) мемелекеттік, қызметтік және кәсіби құпия жөнінде ақпаратқа ие болуымен байланысты жауап беруден бас тартуға құқығы бар адамдар.
Біздің ойымызша, куәлік иммунитеттің кең мағынадағы түсінігі дұрыс сияқты. Шынымен де, моральдік нормаларға қайшы келетін қылмыстық іс жүргізу нормаларының барлығы қоғамдық санада әділетсіз және тергеу практикасында тиімділігі жоқ болып есептелінеді.
Демек, кейбір азаматарға куәлік иммунитетті, яғни өзіне өзі, жұбайы және жақын туыстарына қарсы жауап беруден бас тартуға құқығының берілуі от басыдағы қалыптасқан байланысты үзбеу мақсатында мемлекетпенен беріліп отыр.
Куәлік иммунитет қылмыстық іс жүргізуге қатысушылардың арасында туындайтын және қылмыстық-процессуалдық қарым-қатынастар арқылы жүзеге асырылатын қылмыстық іс жүргізу құқығының институты болып табылады. Куәлік иммунитетке құқықтық қатынастарға қатысатын кез келген субъект емес, тек қана тікелей қылмыстық іс жүргізу заңында көрсетілген куәлік иммунитет субъектілері ғана ие болып табылады.
Біздің жағдайда қылмыстық іс жүргізу қарым-қатынастарының субъектілері ретінде бір жағынан қылмыстық ізге түсу органы және сот, ал екінші жағынан куә ретінде жауап беруден бас тартуға құқығы бар жеке тұлға қатысады.
А. Ю. Епихиннің пайымдауынша куәлік иммунит дегеніміз куәнің айғақ беруден бас тартуға заңменен көзделген құқығы. Біздің ойымызша, бұл пікір толық емес болып табылады. Аталған автордың анықтамасында жәбірленуші айтылмай, куә ғана айтылған. Осы орайда бірнеше заңды сұрақ туындайды. Қалайша жәбірленуші жауап беруден бас тартуға құқылы, егер де ол куәлік иммунитетпен пайдаланатын тұлғаларға жатады (банкир, діни қызметкерлері, дипоматтар және т. б. ) . Ал басқа жағдайларда жәбірленушіде куәлік иммунитеттің болуы негізсіз болып табылады. Осы орайда сұрақ туындайды. Жәбірленуші сезіктінің немесе айыпталушының туысқаны болған жағдайда, бұл құқық оған таралады ма.
Қазақстанның қылмыстық іс жүргізуінде жәбірленушінің процессуалдық жағдайының куәнің процесуалдық жағдайынан айырмашылығы бар.
Жәбірленушінің туысқандарымен қылмыс жасалған жағдайда, куәлік иммунитетті оған тарату керек екендігін қажет деп санайтын ғалымдармен келісу керек. Жазаның өтелуі аяқталғаннан кейін адам отбасына қайтып оралғанда от басыда қалыптасқан қатынастарды үзбеуі өте маңызды.
Субъективті құқықтардың екінші тобы куәлік айғақтарды беру міндетінен бас тарту жағдайларымен байланысты.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес діни қызметшіден азаматтардың өздерінің ішкі сырын білдіргенге байланысты жауап алынуға тиым салынған.
Жауап беруден бас тартуға құқығы бар азаматтардың санатына байланысты куәлік иммунитеттің классификациялық жүйесін қалыптастыруға болады:
Жауап беру үшiн куә ретiнде iс үшiн маңызы бар қандай да болсын мән-жай белгiлi болуы мүмкiн кез келген адам шақырылуы және одан жауап алынуы мүмкiн.
Келесі тұлғалардан куә ретiнде мүлдем жауап алуға болмайды және олардан жауапалынған жағдайда, олардың берген жауаптарының дәлелдемелік күші болмай, ондай дәлелдемелер жарамсыз деп танылуы тиіс:
- қылмыстық iс бойынша iс жүргiзуге қатысуына байланысты, сондай-ақ сот шешiмiн шығару кезiнде туындаған мәселелердi кеңесу бөлмесiнде талқылау барысында өздеріне белгiлi болған қылмыстық iстiң мән-жайлары туралы - судья, алқаби;
- аралық судьяның немесе төрешiнiң мiндеттерiн атқаруға байланысты өзiне белгiлi болған мән-жайлар туралы - аралық судья немесе төрешi;
- қылмыстық iс бойынша өзiнiң мiндеттерiн орындауына байланысты өзiне белгiлi болған жағдайлар туралы - сезiктiнiң, айыпталушының қорғаушысы, сонымен бiрдей жәбiрленушiнiң, азаматтық талапкердiң және азаматтық жауапкердiң өкiлi;
- өзiнiң жасының толмауына не психикалық немесе дене кемiстiктерiне орай iс үшiн маңызы бар мән-жайларды дұрыс түсiнуге және олар туралы жауап беруге қабiлетсiз адамдар.
Қасақана жалған жауап бергенi үшiн және жауап беруден бас тартқаны үшiн куә Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнде көзделген қылмыстық жауапқа тартылады. Айғақтар беруден бас тарту немесе қылмыстық процестi жүргiзушi органның шақыруы бойынша дәлелді себептерсiз келмеуі әкiмшiлiк жауапкершілікке тартуға әкеп соғады.
Куәлік иммунитеттен басқа қылмыстық іс жүргізуде басқа да иммунитеттер кездеседы. Мысалы, Ф. А. Агаев, В. Н. Галузо келесідегідей иммунитеттердің түрлерін ажыратады:
а) дипломатиялық иммунитет;
б) халықаралық қорғаныспен пайдаланатын иммунитет тұлғалары;
в) депутаттық иммунитет;
г) сот деңгейінің иммунитеті, құқық қорғау және бақылау органдарының лауазымды тұлғалары;
д) қоғамдық өкілдердің иммунитеті;
е) Қазақстан Республикасының Президент иммунитеті.
Осының барлығы бізге келесі қорытынды жасауымызға мүмкіндік береді: азаматтардың кейбір санатына арналған қылмыстық іс жүргізудегі жеңілдіктер беретін институттар мен субинституттардың нормаларының жиынтығы көп деңгейлі процессуалды иммунитеттерді құрайды.
Иммунитеттер мен жеңілдктер деген түсініктердің арасында нақты айырмашылық жоқ деген ғалымдардың ой пікірмен келісеміз. Бұл жағадай әр бір процесуалдық иммунитет және процессуалдық жеңілдік «таза» түрінде болмағанымен түсіндіріледі. Олардың әр қайсысы иммунитеттің де, жеңілдіктің де белгіленген ережелердің жиынтығын құрайды.
Жоғарыдағыны ескере, куәлік иммунитеттің де, жеңілдіктің де белгілер жиынтығын құрайды. Қылмыстық процесуалдық иммунитеттер де, сонымен қатар куәлік иммунитет те қылмыстық процессуалдық құқық нормаларымен ғана емес, сонымен бірге басқа құқық салаларының нормаларымен де реттелінеді.
Л. М. Карнеева куәлік иммунитеттің келесі анықтамасын береді: «Куәлік иммунитет - бұл куәнің туысқанына қылмыстық іс жүргізу кезінде зиян келтіру мүмкіндігімен жауап беруден бас тартуы.
Жалпы бұл анықтама жақын туыстар иммунитетінің бір бөлігін ғана қамтиды. Керісінше И. Л. Петрухин, куәлік иммунитетті куәнің өзін өзі айыптаудан кепілдік беруімен байланыстырады. Біз ойымызша нақты және толық анықтама Т. М. Москалькова береді: «Күәлік иммунитет дегеніміз қылмыстық іс бойынша айғақ беру міндетінен босататың нормативті бекітілген ережелер жиынтығы».
Жоғарыда айтылғандардың барлығын ескере отыра, біз куәлік иммунитеттің келесі анықтамасын береміз:
Қылмыстық іс жүргізу құқығының куәлік иммунитет институты -құлықтылық құндылықтарды қорғау мақсатында күәлар мен жәбірленушілердің кейбір категорияларын қылмыстық іс бойынша жауап беруден босататын, сонымен қатар азаматтардың қылмыстық іс бойынша өзіне қарсы жауап беруден бас тарту альтернативсіз және альтернативті құқығын қамтамасыз ететін құқықтық нормалардың жиынтығы.
Қылмыстық іс жүргізу институты ретінде куәлік иммунитет моральдік құндылықтарды сақтауға, куәләрдің және жәбірленушілердің қылмыстық іс бойынша жауап беруден бас тарту құқығын қамтамасыз етуге бағытталған нормалардың жиынтығы.
Қазақстан Республикасында куәлік иммунитет институты әр түрлі нормалар арқылы көрініс табады. Куәлік иммунитетке байланысты ережелерді екі топқа бөлуге болады:
- Куә болуға мүмкіндігі бар азаматтың еркіне қарамастан болатын иммунитет.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz