Экономиканың дағдарыстық жағдайындағы мемлекеттік бюджеттің ерекшеліктері



Кіріспе
I. ЭКОНОМИКАНЫҢ ДАҒДАРЫСТЫҚ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТТІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
1.1 Дағдарыстық кезеңдегі бюджеттік қолдау мен ынталандыру
Шаралары
1.2 Мемлекеттік бюджетті кірістері мен шығыстары бойынша талдау
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Бүгiнгi әлемдiк экономикада Қазақстан Республикасының өзiндiк орны айқындалып қалды. Бұл мәселенiң өзектiлiгi әлемдiк экономикалық қауымдастықта елiмiздiң нарықтық бағытта дамушы ел деп танылуымен арта түстi. Себебi Елбасымыз атап көрсеткенiндей “мемлекетiмiз әлем таныған, алдыңғы қатарлы елдер қатарына қосылуы керек” деп атап көрсеттi. Сондықтанда болар бүгiнгi күнi экономикалық дамудың тиiмдi жолдарын табу туралы мәселелi сұрақтар кең түрде талқылауға түсiп отыр. Ал мұндай жоғарғы дамуға қол жеткізу және Қазақстан Республикасының бастан кешкен дағдарыстық жылдарды артқатастап, дамудың тиімді жолына түсу үшін мемлекеттің қолдау шаралары қажет болып табылады. Ал мемлекеттің қолдау, дамыту, ынталандыру шараларының негізгілерінің бірі болып бюджеттік-салық саясаты болып табылады. Бұл саясат өз кезегінде мемлекеттік бюджеттің негізінде, оның жоспарлары мен құрамы, толық қанды қамтамасыз етілуімен байланысты болып табылады.
Экономикалық дамудың қазіргі кезеңінде орталықтандырылған қаржы ресурстары мемлекетке қоғамдық өндірістің қажетті қарқыны мен үйлесімін қамтамасыз етуге, оның салалық және аумақтық құрылымын жетілдіруге жетуге, экономиканың салаларын дамытудың бірінші кезекті бағдарламасы үшін қажетті көлемде қаражаттарды қалыптастыруға, ірі әлеуметтік өзгерістерді жүргізуге мүмкіндік береді. Қаржыны орталықтандырудың арасында ақша қаражаттары, мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік саясатын табысты іске асыру үшін жағдайларды дайындай отырып, экономикалық және әлеуметтік дамудың шешуші учаскелеріне шоғырландырылады.
Міне осыған байланысты, мен курстық жұмысымның тақырыбын қаржы пәнінен «Экономикадағы дағдарыстық жағдайдағы мемлекеттік бюджеттің ерекшеліктері» деп алдым.
Бұл тақырыптың өзектілігі экономиканың дағдарыстық кезеңінде оның дағдарыстан қысқа мерзімде және тиімді даму жолына түсіретін негізгі мемлекеттік саясаттардың бірі мемлекеттік бюджеттің аясында жүргізілетін ынталандыру, қолдау және қаржыландыру шаралары болып табылады.
Осы жұмысты орындаудағы мақсатым мен міндеттеріме:
• Қаржы саласындағы мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні мен қызмет ету барысын түсіну;
• Бюджеттің функциялары мен қызметтерін талдау;
• Экономиканың дағдарыстық кезеңіндегі мемлекеттік бюджеттің атқаратын шараларын, негізгі қолдау саясаттарын ұлттық экономиканы мысалға ала отырып талдау;
• Әлеуметтік саланың дамытудағы бюджеттің маңыздылығы мен дамыту қызметтеріне тоқталу;
• Мемлекеттік бюджетті кірістері мен шыығстары негізінде жан-жақты талдау;
1. Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі (2004 ж. 24 сәуірдегі N 548-II)
2. Қазақстан Республикасының “Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы” Заңы. (Салық Кодексi). – Алматы, 2002ж.
3. Iлиясов Қ.Қ., Құлпыбаев С. Қаржы: Оқулық. – Алматы: 2003. – 448 бет.
4. Мельников В.Д. Ли В.Д. Общий курс финансов. Учебник. – Алматы: Институт развития Казахстана, 2001. – 285с.
5. Мельников В.Д. Ильясов К.К. Финансы. Учебник для вузов. – Алматы: 2001. – 252 с.
6. Мамыров Н.Қ., Тiлеужанова М.Ә. - Макроэкономика: Оқулық. – Алматы: Экономика. - 2003. – 432 бет.
7. Ермекбаева Б.Ж. Салықтар және салық салу: Оқу құралы – Алматы: - 2003. – 131 бет.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе

I. ЭКОНОМИКАНЫҢ ДАҒДАРЫСТЫҚ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТТІҢ
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

1. Дағдарыстық кезеңдегі бюджеттік қолдау мен ынталандыру
Шаралары

2. Мемлекеттік бюджетті кірістері мен шығыстары бойынша талдау

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер

КІРІСПЕ

Бүгiнгi әлемдiк экономикада Қазақстан Республикасының өзiндiк орны
айқындалып қалды. Бұл мәселенiң өзектiлiгi әлемдiк экономикалық
қауымдастықта елiмiздiң нарықтық бағытта дамушы ел деп танылуымен арта
түстi. Себебi Елбасымыз атап көрсеткенiндей “мемлекетiмiз әлем таныған,
алдыңғы қатарлы елдер қатарына қосылуы керек” деп атап көрсеттi.
Сондықтанда болар бүгiнгi күнi экономикалық дамудың тиiмдi жолдарын табу
туралы мәселелi сұрақтар кең түрде талқылауға түсiп отыр. Ал мұндай жоғарғы
дамуға қол жеткізу және Қазақстан Республикасының бастан кешкен
дағдарыстық жылдарды артқатастап, дамудың тиімді жолына түсу үшін
мемлекеттің қолдау шаралары қажет болып табылады. Ал мемлекеттің қолдау,
дамыту, ынталандыру шараларының негізгілерінің бірі болып бюджеттік-салық
саясаты болып табылады. Бұл саясат өз кезегінде мемлекеттік бюджеттің
негізінде, оның жоспарлары мен құрамы, толық қанды қамтамасыз етілуімен
байланысты болып табылады.
Экономикалық дамудың қазіргі кезеңінде орталықтандырылған қаржы
ресурстары мемлекетке қоғамдық өндірістің қажетті қарқыны мен үйлесімін
қамтамасыз етуге, оның салалық және аумақтық құрылымын жетілдіруге жетуге,
экономиканың салаларын дамытудың бірінші кезекті бағдарламасы үшін қажетті
көлемде қаражаттарды қалыптастыруға, ірі әлеуметтік өзгерістерді жүргізуге
мүмкіндік береді. Қаржыны орталықтандырудың арасында ақша қаражаттары,
мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік саясатын табысты іске асыру үшін
жағдайларды дайындай отырып, экономикалық және әлеуметтік дамудың шешуші
учаскелеріне шоғырландырылады.
Міне осыған байланысты, мен курстық жұмысымның тақырыбын қаржы
пәнінен Экономикадағы дағдарыстық жағдайдағы мемлекеттік бюджеттің
ерекшеліктері деп алдым.
Бұл тақырыптың өзектілігі экономиканың дағдарыстық кезеңінде оның
дағдарыстан қысқа мерзімде және тиімді даму жолына түсіретін негізгі
мемлекеттік саясаттардың бірі мемлекеттік бюджеттің аясында жүргізілетін
ынталандыру, қолдау және қаржыландыру шаралары болып табылады.
Осы жұмысты орындаудағы мақсатым мен міндеттеріме:
• Қаржы саласындағы мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні мен қызмет
ету барысын түсіну;
• Бюджеттің функциялары мен қызметтерін талдау;
• Экономиканың дағдарыстық кезеңіндегі мемлекеттік бюджеттің атқаратын
шараларын, негізгі қолдау саясаттарын ұлттық экономиканы мысалға ала
отырып талдау;
• Әлеуметтік саланың дамытудағы бюджеттің маңыздылығы мен дамыту
қызметтеріне тоқталу;
• Мемлекеттік бюджетті кірістері мен шыығстары негізінде жан-жақты
талдау;
II. ЭКОНОМИКАНЫҢ ДАҒДАРЫСТЫҚ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТТІҢ
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

2.1 Дағдарыстық кезеңдегі бюджеттік қолдау мен ынталандыру
шаралары

Мемлекеттiң экономикаға әсер етуi салық салу құралдары арқылы
жүргiзiледi. Мемлекеттiк шығындар мемлекеттiк бюджеттiң қаржыларын
пайдалану нәтижесiнде мүмкiн болады, ал салық бюджеттi қаржымен қамтамасыз
ететiн бiрден-бiр құрал.
Ресурстар жұмыспен толық қамтылмаған жағдайда тепе-теңдiк жағдай
қалыптаса бередi. Сондықтан пайда болған үзiлiстi жою үшiн, экономиканы
мемлекет тарапынан реттеу құралдары пайдаланылады. Олар бюджетке төленетiн
салық төлемi мен мемлекеттiк шығындар көлемiнiң өзгеруi арқылы жүзеге
асырылады. 10, 12 б
Бюджет-салық саясаты (қазыналық (фискальный) саясат) – мемлекеттiк
бюджет жағдайын, салық салуды және мемлекеттiк шығындардың өзгерiсiн реттеу
мақсатында үкiмет тарапынан жүргiзiлетiн шаралар. Бұл шаралар жұмыспен
толық қамтылуды, төлем балансының тепе-теңдiгiн және экономиканың өсуiн
қамтамасыз ету мақсатында жүргiзiледi.
Ынталандырушы бюджет-салық саясаты (қазыналық экспанция) – бұл саясат
қысқа мерзiмдi кезеңде экономикадағы циклдiк құлдырауды жою мақсатын қояды.
Мұны жүзеге асыру үшiн мемлекет шығындарды өсiрiп, салық ставкасы мөлшерiн
төмендету арқылы немесе бiрiктiрген, құрастырма шаралар арқылы жүзег
асырылады.
Ұзақ мерзiмдiк кезеңде салықты төмендету саясаты өндiрiс
факторларының ұсынысын кеңейтуге және экономикалық әлуеттiң өсуiне алып
келуi мүмкiн. Мұндай мақсаттардың жүзеге асуы кешенi салық салық
реформасының жүргiзiлуiне байланысты болады. Бұл шаралардың орындалуы
Ұлттық банк жүргiзетiн тежеушi ақша-несие саясатымен және мемлекеттiк
шығындардың құрылымынын оңтайландырумен байланысты. 6, 231 б
Төлеушi бюджеттiк-салық саясаты (қазыналық шектеу) - экономикдағы
циклдiк өсудi тежеу мақсатын көздейдi. Бұл саясатты жүзеге асыру үшiн,
мемлекеттiк шығындар төмендеп, салық мөлшерi жоғарылайды немесе
бiрiктiрген, құрастырма шаралар арқылы жүзеге асырылады. Қысқа мерзiмдiк
кезеңде бұл шаралардың нәтижесiнде, өндiрiстiң құлдырауы мен жұмысссыздық
деңгейiнiң өсуi салдарынан болған сұраныс инфляциясын төмендетуге мүмкiндiк
бередi.
Ұзақ мерзiмдiк кезеңде өспелi салық “сынасы” жиынтық ұсыныстың
төмендеуiне және құлдыраушылық механизмiн ашуға негiз болуы мүмкiн. Бұл
құбылыс әсiресе төменднгi жағдайларда кездеседi: мемлекеттiк шығындардың
азаюы бюджеттiң барлық баптарында пропорционалды қысқартып, жүзеге асырылып
отырса және еңбек рыногының инфрақұрылымына мемлекекттiк инвестиция
берiлуiнде басымдылық болмаса.
Мемлекеттiк шығындарды тиiмсiз басқарумен қатар уақытқа созылған
құлдыраушылық экономикалық әлуеттiң бұзылуына әсерiн тигiзедi. Мұндай
жағдай экономиканың өтпелi кезеңiнде жиi кездеседi.
Қысқа мерзiмдiк кезеңде салық-бюджет саясаты баланстық бюджеттiң,
салықтың және мемлекеттiк шығындардың мультипликаторы әсерiмен байланысты
болады.
Мемлекеттiк шығындардың өзгерiсiн көру үшiн кейнс кресiн
пайдаланамыз. Мемлекеттiк шығындар жиынтық шығындардың құрауышы болып
табылады, олардың өсуi жоспарланған шығындарды да өсiредi.
Елiмiздегi экономикалық циклмен дамуы егемендiгiн алған жылдардан
бастап құлдырау және соңында 1994-1995 жылдары дағдарыстың жоғары дәрежесi
көрiндi. Ал 1996 жылдан бастап елiмiз экономиканың жандануы, инфляцияның
төмендеуi, ЖIӨ-нiң өсуi сияқты көрсеткiштер оң бағытта өсiп экономикалық
циклдiң жандану және өсу сатысындамыз.

Республикадағы экономикалық дағдарыстар ең алдымен оның терең тамыр
жайып, қоғамдық өмiрдiң барлық саласына әсер етiуiмен сипатталады. Мұның
өзi өндiрiс құлдырауының қәусап-күйреу кейпiнен, оның тиiмдiлiгiнiң күрт
төмендеуiмен көрiнедi.
Жалпы елiмiздегi экономикалық дағдарыс 1991 жылдан басталған жоқ, ол
сонау Кеңес басшылығының 1985-1991 жылдардағы экономикалық саясаты
экономиканы дағдарысқа сол кезден бастап бұрған едi. Әуелi кәсiпорындар,
сонан кейiн аймақтар қалыптасқан шаруашылық байланыстарын үзе бастады,
бартерлік қарым-қатынастарға көштi, мемлекеттiк тапсырыс бойынша өнiм
өткiзудi тоқтатты, барлық таза пайданы тұтыну қорларына айналдырды.
Мемлекеттiң бюджетiнiң тапшылығы мен инфляция өсе бастады, ақша жүйесi
құнсызданып, экономиканы тиiмдi басқару құлдырап кеттi. 1990 жылдары
елiмiзге келетiн өндiрiтiк инвестиция тоқталды. 1990 жылы өндiрiс көлемi
абсалюттi түрде құлдырап, елiмiз экономикалық дағдарысқа кiрдi. 1991 жылы
өнеркәсiп өндiрiсiнiң құлдырауы 8 пайызға жеттi. Экономикада аласапыран
дағдарыстық кезең басталды. 9
Қазақстан Республикасы өз егемендiгiн алып, нарықтық қатынастарға өтуде
ең алғашқы мiндет – ол экономиканы ырықтандыруға, шаруашылық жүргiзудi
демократияландыруға негiзделген, инфляцияны тежеуге бағытталған қатаң қаржы
– ақша, бюджеттік саясатымен ұштастырылған түбегейлi реформа жүргiзуді
қажет етті.
Осылайша елiмiздiң тәуелсiздiк алған оншақты жыл жалпы дағдарыстарға
толы болды. Ол дағдарыстарды былай жiктеуге болады:

• экономикалық өсудегi дағдарыс;
• инфляциялық дағдарыс;
• төлем қабiлетi дағдарысы;
• инвестициялық дағдарыс;
• әлеуметтiк саладағы дағдарыс;
1991-1995 жылдардағы экономикалық өсудегi дағдарыстың басты себебi
инфляциялық жағдай болып табылады. Өйткенi 1992-1994 жылдарда елiмiзде
инфляция қарқыны тым үлкен болды. Инфляция деңгейi 2000%-дан асып кетiп,
гиперинфляцияны құрады. 9
Осыған байланысты 1993 жылы ұлттық валютамыз теңгенi енгiзуiмiзге тура
келдi. Алайда соның өзiнде инфляция белең алып отырды. Осы мәселе туралы
ұлттық валюта енгiзiлгеннен бастап елдегi банк жүйемiз нақты ақша-несиелiк
және валюталық реттеуге кiрiстi. Осының нәтижесiнде экономикада 1995 жылдан
бастап инфляция деңгейi төмендей басатады, ал ол өз кезегiнде экономикалық
өсуге жол ашты.
Қазақстанда 1991-1995 жылдар 1990 жылмен салыстырғанда ЖIӨ көлемi
38,6%-ға төмендедi, яғни жылына шамамен 8%-ды құрап отырды. 2000 жылға
дейiнгi ЖIӨ көлемiнiң өсу қарқыны байқалғандығымен 1990 жылмен
салыстырғанда 69,3% -құрады. Ал сонғы 2001-2004 жылдар аралығында ЖIӨ-нiң
жиынтық өсiмi 30%-дан астам болды. Сонда ЖIӨ динамикасына назар аударатын
болсақ Қазақстанда экономикалық дағдарыс және өсудi параболалық түрде
көруге болады екен. (сурет 3 және сурет 4). 9





















Сурет-3 - 1996-2004 жылдардағы ЖIӨ көлемiнiң индекстерi

Егер 4-шi сурет бойынша 1990 жылғы өндiрiс көлемiн 100% деп алсақ,
онда елiмiзде 1995 жылға дейiн экономикалық дағдарыс болғаны анық көрiнедi.
1995 жылы ЖIӨ көлемi ең төменгi шегiне , яғни 61,4%-ға құлдырап кеттi,
былайша 1990 жылмен салыстырғанда 38,6%-ға азайды.
1995 жылы ЖIӨ-нiң 0,5%-ға өсуiмен жалпы экономикада экономикалық
қайта жандану көрсеткiштерi белең ала бастады. Яғни елдегi экономикалық өсу
параболалы түрде болып, оның көлемi бұрынғы 1990 жылғы көлемiне мiне осы
2004 жылы ғана жеттi. Қазiргi уақытта елiмiз экономикалық өсудiң
дағдарысынан толық шықты деп айта аламыз. 9

Сурет-4 - Қазақстанда экономикалық дағдарыс және өсудiң параболалық
динамикасы
Осы жылдардағы дағдарыста экономика секторларының жаппай тоқырауға
ұшырауы, елде жұмыс орындарының жабылуы, бұрынғы экономикалық жүйенің
бұзылуы, мемлекеттік қолдау шараларының мүлдем болмауы, инфляцияның ең
жоғары дәрежелерде орын алуы жалпы ұлттық экономиканы дағдарысқа ұшыратты.
Осы дағдарыстан алып шығуда мемлекеттік бюджеттің реттеу және қолдау, көмек
көрсету шараларының орны ерекше болды. Сол жылдары мемлекеттік бюджеттің
алдына қойған басты мақсаттарына келесілерді жатқызуға болады:
• Мемлекеттің негізгі басқару аппараттарын қаржыландыру, тұрақтылықты
және халықтың басты мұқтаждықтарын қамтамасыз ету;
• Әлеуметтік саланы дағдарыстық кезеніндегі жағдайына көмек беру;
• Орын алған инфляцияның жоғарғықарқынымен мемлекеттің тікелей реттеу
және оған қарсы саясаттарды жоғары тәуекелге бара отырып
мемлекеттік бюджеттің реттеу саясаттарын қатаң түрде қолдану;
• Елдегі жүргізіліп жатқан реформаларды қаржыландыруды жүзеге асыру;
• Мәдениет, білім беру, денсаулық сақтау және т.б. әлеуметтік
салаларды ұстап тұру, оларды дамытуға қаржы бөлу;
• Халықтың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекеттік бюджет және оның экономикаға қосар үлесі
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің ақша-несие саясатының ерекшеліктері және оның нарық кезеңіңде тауарлар мен ақша нарығындағы тепе-теңдікке әсері
Дағдарыс жағдайында мемлекеттік басқару
Экономикалық дағдарыс кезіндегі мемлекеттік бюджеттің ерекшелігі
Экономикадағы дағдарыстық жағдайдағы мемлекеттік бюджеттің ерекшеліктері
Экономиканы реттеудің теориялық мәселелерін қарастыру
Экономикалық мемлекеттік реттеу мақсаттары, қызметтері, құралдары
Мемлекеттің ақша несие саясаты. ҚР бюджет-салық саясаты
Бюджеттің экономикалық маңызы және оның кірістері мен шығыстары
Әлемдік дағдарыстың зардабын игеру
Пәндер