Ұжымдағы жеке тұлғалар арсындағы қарым-қатынастың ерекшелігі



I Кіріспе

II Негізгі бөлім

1. Темперамент
а) Темперамент туралы жалпы ұғым
ә) Темперамент түрлері:холерик, сангвиник,флегматик,
меланхолик.

2. Мінез
a) Мінез туралы жалпы түсінік
ә) Мінез бітістері
б) Адамның өз мінез.құлқын жөндеуі
в) Мінездің қалыптасуы және оны тәрбиелеу жолдары.

3. Қабілет
a) Қабілет туралы жалпы ұғым
ә) Қабілет және нышан
б) Қабілеттің даралық айырмашылығы.

4. Ұжымдағы жеке тұлғалар арсындағы қарым.қатынастың
ерекшелігі.

Қолданылған әдебиеттер
Темперамент дегеніміз – жүйке жүйесінің тума қасиеттерінен туындай-
тын адамның жеке өзгешеліктерінің бірі. Ол адамдардың эмоциялық қозғыштығынан, қимыл-қозғалысынан, жалпы белсенділігінен жақсы бай-
қалады. Темперамент – ағзаның физиологиялық өзгешеліктерімен, әсіресе жоғары жүйке қызметінің тума қасиеттерімен шарттас психикалық құбы-
лыс. Темперамент адамның жалпы қозғалысынан (мәселен, біреулер шапшаң қозғалады, тез қимылдайды, енді біреулер жай қимылдап, асықпай істейді), психиканың күші мен тереңдігінен де (мәселен, біреу өжет, алғыр болса, екінші біреу керісінше, сылбыр, жігерсіз болады), адамның көңіл-күйінің ерекшеліктерінен де (салмақты, тұрақты, жеңіл, тұрақсыз т.б.) эмо-
ция сезімдерінен де (біреу сабырлы, екінші біреу күйгелек т.б.) жақсы байқалып отырады.
Темперамент туралы алғашқы ой-пікірлер ғылымда өте ерте кездің өзінде-ақ айтыла бастады. Ежелгі Грецияның белгілі ғалымы, дәрігер Гип-
пократтың (б.э.д 460-356) еңбектерінде бұл жөнінде біраз пікірлер айтыл-
ған. Гиппократтың ойынша, әртүрлі темпераменттер адамдар мен жануарлардың денесінде төрт түрлі сұйық заттарға байланысты болмақ. Мәселен, ағзада қанның пропорциясы артық болса, сангвиникалық (латын-
ша “сангиус”-қан), ал шырын басым болса (грекше “флегма”-шырын), флегматик темперамент деп, ал организмде қара өт басым болса, меланхолик (грекше “мелайне-холе” – қара өт), ағзада сары өт басым болса, холерик (грекше “холе” - өт) темпераменті деп аталған.
Гиппократ: “ағзадағы сұйықтардың бірінен екіншісінің басым болуы кейбір аурулардың шығу тарихын түсіндіруге де жарайды”-деді, ол мидың ролін түсіне біледі, оны “бездердің бірі”,-деп санады. Бұл – адамның жеке ерекшеліктерін жаратылыстық ғылыми зерттеудің алғашқы қадамы еді.
Темпераменттің физиологиялық негіздерін ғылыми тұрғыдан дәлелдеген академик И.П.Павловтың ілімі темперамент туралы түсінікті ғвлвми жолға салды.
Жүйке жүйесінің типтері ми қабығындағы қозу, тежелу, процестерінің үш негізгі белгісінің (күші, тепе-теңдігі, қозғалғыштығы деп олардың, бірі-
нің екіншісіне алмаса алу қабілеттілігін айтады. Осы принципті негізге ала отырып, И.П.Павлов жүйке жүйесінің төмендегі түрлерін ажыратады.

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

I Кіріспе

II Негізгі бөлім

1. Темперамент
а) Темперамент туралы жалпы ұғым
ә) Темперамент түрлері:холерик, сангвиник,флегматик,
меланхолик.

2. Мінез
a) Мінез туралы жалпы түсінік
ә) Мінез бітістері
б) Адамның өз мінез-құлқын жөндеуі
в) Мінездің қалыптасуы және оны тәрбиелеу жолдары.

3. Қабілет
a) Қабілет туралы жалпы ұғым
ә) Қабілет және нышан
б) Қабілеттің даралық айырмашылығы.

4. Ұжымдағы жеке тұлғалар арсындағы қарым-қатынастың
ерекшелігі.

Қолданылған әдебиеттер

1. Темперамент туралы жалпы ұғым

Темперамент дегеніміз – жүйке жүйесінің тума қасиеттерінен туындай-
тын адамның жеке өзгешеліктерінің бірі. Ол адамдардың эмоциялық
қозғыштығынан, қимыл-қозғалысынан, жалпы белсенділігінен жақсы бай-
қалады. Темперамент – ағзаның физиологиялық өзгешеліктерімен, әсіресе
жоғары жүйке қызметінің тума қасиеттерімен шарттас психикалық құбы-
лыс. Темперамент адамның жалпы қозғалысынан (мәселен, біреулер шапшаң
қозғалады, тез қимылдайды, енді біреулер жай қимылдап, асықпай істейді),
психиканың күші мен тереңдігінен де (мәселен, біреу өжет, алғыр болса,
екінші біреу керісінше, сылбыр, жігерсіз болады), адамның көңіл-күйінің
ерекшеліктерінен де (салмақты, тұрақты, жеңіл, тұрақсыз т.б.) эмо-
ция сезімдерінен де (біреу сабырлы, екінші біреу күйгелек т.б.) жақсы
байқалып отырады.
Темперамент туралы алғашқы ой-пікірлер ғылымда өте ерте кездің өзінде-
ақ айтыла бастады. Ежелгі Грецияның белгілі ғалымы, дәрігер Гип-
пократтың (б.э.д 460-356) еңбектерінде бұл жөнінде біраз пікірлер айтыл-
ған. Гиппократтың ойынша, әртүрлі темпераменттер адамдар мен жануарлардың
денесінде төрт түрлі сұйық заттарға байланысты болмақ. Мәселен, ағзада
қанның пропорциясы артық болса, сангвиникалық (латын-
ша “сангиус”-қан), ал шырын басым болса (грекше “флегма”-шырын), флегматик
темперамент деп, ал организмде қара өт басым болса, меланхолик (грекше
“мелайне-холе” – қара өт), ағзада сары өт басым болса, холерик (грекше
“холе” - өт) темпераменті деп аталған.
Гиппократ: “ағзадағы сұйықтардың бірінен екіншісінің басым болуы
кейбір аурулардың шығу тарихын түсіндіруге де жарайды”-деді, ол мидың
ролін түсіне біледі, оны “бездердің бірі”,-деп санады. Бұл – адамның жеке
ерекшеліктерін жаратылыстық ғылыми зерттеудің алғашқы қадамы еді.
Темпераменттің физиологиялық негіздерін ғылыми тұрғыдан дәлелдеген
академик И.П.Павловтың ілімі темперамент туралы түсінікті ғвлвми жолға
салды.
Жүйке жүйесінің типтері ми қабығындағы қозу, тежелу, процестерінің үш
негізгі белгісінің (күші, тепе-теңдігі, қозғалғыштығы деп олардың, бірі-
нің екіншісіне алмаса алу қабілеттілігін айтады. Осы принципті негізге ала
отырып, И.П.Павлов жүйке жүйесінің төмендегі түрлерін ажыратады.

Жүйке жүйесінің типтері

Күш типі Әлсіз
тип

Күшті, қозуы Күшті, қозуы Күшті,
қозуы
тежелуінен мен тежелуі мен
тежелуі
басым тең
баяу
Ұстамсыз тип Ширақ тип Баяу тип

1-сызба

И.П.Павлов сангвиниктерді – ширақ; жүйке жүйесі күшті, қозуы мен
тежелуі тең, қозғалғыш адам; холериктерді – ұстамсыз; жүйке жүйесі күшті;
қозу тежелуінен басым, флегматиктерді жүйке жүйесі күшті, қозуы мен
тежелуі бір-біріне тең болғанмен, қозғалысы баяу адамдар десе;
меланхоликтерді – жүйке жүйесі әлсіз типті адамдар деп сипаттама берді.

1.2. Темперамент түрлері:холерик, сангвиник,
флегматик, меланхолик.

Темпераменттердің түрлеріне сипаттама.
Холериктер темпераменті тез туатын күшті сезімдерімен, эмоциялық
қозғыштығымен, шамданғыштығымен, ұтымды қимылдарымен, бай мимикасымен
сипатталады. Ол адамдардың эмоциялық қозғыштығынан, қимыл-қозғалысынан,
жалпы белсенділігінен жақсы байқалады.

Темперамент

2-сызба

Темперамент – ағзаның физиологиялық өзгешеліктерімен, әсіресе жоғары
жүйке қызметінің тума қасиеттерімен шарттас психикалық құбылыс.
Сангвиник темпераменті жиі көрініс беретін және бірте-бірте тез
алмастыратын сезімдермен көзге түседі, сангвиник өткір қозғалғыш, қа-
рым-қатынаста тұрақсыз, болып келеді.
Флегматик темпераментіндегі адам көбінесе салмақты, сабырлы келеді.
Олар кез-келген нәрсеге сезім білдіре бермейді, асықпай, баппен жүріп
тұрады, сезімдері сыртқа шықпайды десе де болады. Осы темпераменттің бір
осал жері – қимыл-қозғалыстың баяулығы, өмірде болып жатқан жағдайларға
селсоқ қарайтындығы, оңтайлықтың жоқтығы. Бірақ мұның ұстамдылығы, салқын
қандылығы, адамның мінез бітістері үшін таптырмайтын қасиет болып
табылады.
Флегматик темпераменті сезімнің болымсыз білінуімен сипатталады.
Елеуреп ашуланбайды, көңіл-күйлері байсалды, орнықты қалпында ұзақ
сақталады, жарырап қуануы, жабырқап қайғыруы қиын, аз қозғалады.
Меланхолик темпераментіндегі адамға әсер етпейтін нәрсе жоқ, бірақ
әсер еткен нәрсесінің бәріне өз сезімін білдіре бермейді, не де болса
ішінде жүреді. Мұндай темпераменттегі адам өзге адамдармен онша көп
жұғыспайды, бірақ тиісті жерінде айтайын дегенін айта алады. Тұйықтық, өз
ойына шомуға бейім тұрушылық, орынсыз ибалылық – темпераменттің ең бір
нашар жағы.
Меланхолик темпераменті, бұлардың сан-алуандығы біршама сөз болғанда
жай туатын сезімдермен көзге түседі; сезім сырттай мүлдем дерлік
көрінбейді; меланхоликті көп нәрсе толқыта бермейді, бірақ сезімі
білінбейді, әдетте терең ұзаққа созылған, әрі мейлінше күшті болады.
Табиғи жағдайда темпераменттердің “таза” түрін ажырата алу, көбінесе
қиынға соғады. Өйткені олар адамның өмір барысында қалыптасатын әр түрлі
ерекшеліктерінің көлеңкесінен жөнді көрінбей қалуы да мүмкін.
Дегенмен, ұзақ уақыт бойына жүргізілген зерттеулер бізге төменгі
класс оқушылары арасынан тмпераменттердің “таза” түрлерін тауып алуға
мүмкіндік берді.
Сангвиник темпераменті басым оқушының ерекшеліктері. Мұндай бала
жылдам және тез қозғыш, көңіл күйі жиі өзгергіш келеді, көп нәрсеге
қызығады, бәрін біліп алуға тырысады, бірақ біреу бағыттап отырмаса, тез
суып кетуі де ықтимал. Ақыл-ой әрекеті белсенді жүріп отырады. Сыныпта
мұғалімнің айтқандарын қиналмай ұғады, сұрақ қоюға жаны құмар. Оның сөзі
жылдам, анық, түсінікті, паузалар мен интонацияларды жақсы сақтайды, сөзді
мәнерлеп айтуға тырысады. Сөйлегенде ым-ишара(мимика, пантомимика) жағы
басым келеді, көбінесе эмоциялы, қозу жағдайында тұрады. Осындай
балалардың мінез-құлқынан қажырлылық, белсенділік сияқты кейбір жақсы
қасиеттерді көруге болады. Сондықтан да сангвиниктер өмірге икемді,
тәрбиелеуге оңтайлы, ширақ темперамент болып саналады.
Флегматик темпераменті басым оқушылардың ерекшеліктері. Ол өте сақ,
ұяң, ьафсалды, жұртқа жақсылық тілейтін, сенімді, тұрақты, бір қалыпты.
Флегматик темпераментіндегі бала сабырлы, орынсыз асып-саспайды. Сабақта
тыныш отырады, жанындағы баланы мазаламайды. Ауыр мінезді, көрсеқызар
емес, мәселені тез шешуге асықпайды, салқын қанды. Бір істі бастаса,
салпақтап сқңынан қалмайтын бала. Мұндай балалардың сезімдері сырт
әлпетінен көрінбейді десе де болады. Ол оушының дауыс екпіні баяу келеді,
аптықпай, асып-саспай сөйлейді, сөзі ым-ишаралармен ерекшеленіп тұрмайды.
Флегматик темпераментіндегі балалардың көпшілігі мектепке келгеннен кейін
оқу дағдыларын меңгеруде өзінің икемділіктерін жақсы көрсетеді.
Холерик темпераменті басым оқушының ерекшеліктері. Бұл ұшып-қонып
тұратын, күйгелек, тынымсыз, шамданғыш, көңіл-күйі жиі өзгеретін,
қарым-қатынаста аумалы-төкпелі, тұрақсыз, соқпа мінезді, белсенді пысық,
бірақ бейқам, ашулуаншақ бала. Мұндай оқушы қимыл-қозғалысы батыл-шапшаң
болады. Ол қызыққан жұмысына әбден беріліп, барлық ынтасын салып
орындайды. Онда ой-әрекетінің белсенділігі байқалады. Ой-әрекетінің
белсенділігі оқу тапсырмаларын орындауынан жақсы көрінеді. Спорт, әсіресе
өозғалыс ойындарына бар ықыласымен қатынасады. Мектепте ұйымдастырылатын
жұмыстарда балалардың алды болатын да осылар. Мұндай балалардың
көпшілігінің мінездері сотқар, шалдуар келеді. Өз эмоциялары мен қимыл-
қозғалыстарын билей алмай, қабынып, “күйіп-пісуге” дайын тұрады. Ашуы
шапшаң қатты, қияңқы, ұнамсыз істерге әуес. Бұлардың сөзі жылдам,
интонациясы толқымалы, кейде топ ішінде даусы қатты шығып та кетеді. Олар
тез, қызу сөйлеп, төңірегіндегілерді бірден ұйытады. Холерик
темпераментіндегі бала өте сезімтал болғандықтан, түрлі әсерге тез
беріледі, ызақор, ашуланшақ келеді. Оның бұл сияқты ерекшеліктері өткір
көзінен, тез және оңтайлы қозғалыстарынан жақсы байқалады.

Cуретте темпераменттің төрт түрі сипатталған

Меланхолик темпераменті басым оқушының ерекшеліктері. Сәл нәрсеге
ренжиді, өкпелегіш, пессимист, тұйық, сөзге сараң, аса баяу қозғалатын
жайбасар. Мұндай оқушылардың сезімталдығы өте баяу көрінгенімен, оның
сезімі ұзақ уақытқа созылады. Меланхолик мектеп өміріндегі оқиғалардың
бәрін үлкен әсермен қабылдап, көп ойлайды. Мәселен, мұғалім оны тақтаға
шақырып есеп шығартса, мұның өзі кейде әлдеқандай зор әсер етеді. Ол кейде
қызараңдап ұялады, егер мұғалімнің тапсырмасын орндап шыға алмаса, осыған
қатты қайғырады, көпке дейін бұл оның есінен кетпейді. Егер мұғалім
сыныптағы балалардың көзінше оған ұрысатын болса, мұндайда төмен қарап
жылап, кейде жауап айта алмайтын жағдайға ұшырайды. Ол көпке дейін
булығып, белсенді сөз айтудан қалады. Меланхолик темпераментіндегі оқушы,
көбінесе өз жолдастарының арасында көзге түспей, жай ғана, жүріп-тұрғанды
ұнатады, “мен” деп ешқашан ұмтылмайды. Ол ұялшақ, тартыншақ, тұйық
болғандықтан, көпшіліктен аулақ жүргенді жақсы көреді. Мектепте осындай
балаларды құрбы-құрдастары “қорқақ”, “сылбыр”, “үндемес”, “маубас” т.б.
деп келеке ететін кездері де болады. Ол жасқаншақ, сіркесі су термейді,
бірбет, қыңыр, қисық келеді.
Темпераменттердің адам психикасынан алатын орнын топырақтың өсімдікке
тигізетін әсерімен салыстыруға болады. Өйткені темперамент – адамның
табиғи жағын көрсететін басты белгілерінің бірі. Әйтсе де темперамент адам
психологиясының бүкіл мазмұнын көрсете алмайды. Өмір сүру барысында
біртіндеп қалыптасып отыратын адамның дүниетанымы мен сенімі, қызығуы мен
қажеті, мұраты мен талғамы, оның темпераментіне тәуелді емес.
Әр адамның темпераменті психикалық әрекетінің көрінуінде сырттай із
қалдырғанымен, ақыл-ойының дамуына ешқандай елеулі әсер ете алмайды деген
қағиданың бірден бір дұрыстығын меланхолик темпераментіндегі оқушылардың
өмірінен жақсы көруге болады. Жүйке жүйесі әлсіз, жуас балалардың
мектептерде оқу озаты болып жүргендері аз емес. Осы айтылғандардан
темпераменттердің қандайы болмасын тәрбиенің ықпалымен қалыптасып
отыратындығы, тіпті меланхоликтердің өзін ерік жігері күшті, мінезді,
ұжымның бағалы мүшесі етіп тәрбиелеуге болатындығы байқалады.

2.1. Мінез туралы жалпы түсінік.

Әр адам сыртқы дүниенің тітіркендіргіштеріне өз әлінше түрліше жауап
қайтарып отырады.
Адамның сыртқы ортамен байланысуы үшін жасайтын қатынастарының
жиынтығы оның мінезін құрайды. Сөйтіп, әр адамда әр түрлі мінез
бітістерінің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Іскерлік қарым- қатынас психологиясы пәні, оның міндеттері
Адам аралық қатынас
Еңбек – қоғам өндірісінің негізі
Кәсіпорында персоналдың мінез-құлқын басқаруға талдау («эйр астана» ақ мысалында)
Қақтығыс жайлы тұжырымдамалар
Кәсіпорында өндірісті басқару мәдениеті («СП ерка» ЖШС мысалында)
Ұжымның даму кезеңдері
Психологиялық қақтығыс
Адамдар арасындағы қарым-қатынас
Шиеленіс түсінігі
Пәндер