Еуропаның энергетикалық қауіпсіздігіндегі табиғи газдың орны мен рөлі
КІРІСПЕ 3
І ТАРАУ ЕУРОПАНЫҢ ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІГІ
1.1 Еуропалық Одақтың энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету 10
1.2 Энергетикалық қауіпсіздік түсінігі. 11
1.3 Жасыл Кітап 14
1.4 Еуропалық Энергетикалық Хартия және Энергетикалық Хартия
Келісімі 20
ІІ ТАРАУ ЕУРОПАНЫ ГАЗБЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ҚАУІПСІЗДІГІ
2.1 Еуропаның газбен қамтамасыз етудің ішкі және сыртқы көздері 30
2.2 ЕО.Ресей энергетикалық диалогы 35
2.3 ЕО пен Қазақстан арасындағы энергетикалық әріптестік 40
ІІІ ТАРАУ ТАБИҒИ ГАЗДЫ ТАСЫМАЛДАУ МӘСЕЛЕСІ
3.1 Еуропаның энергетикалық қауіпсіздігіндегі транзиттің рөлі 44
3.2 Энергетикалық Хартия Келісіміндегі транзиттік жайттар
мен Транзиттік Хаттамасы жобасы 45
3.3 «Солтүстік ағым» жобасы 48
3.4 «Оңтүстік ағым» жобасы 53
3.5 «Набукко» жобасы 56
ҚОРЫТЫНДЫ 59
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ДЕРЕКТЕР ТІЗІМІ 68

Бітіру жұмысының өзектілігі. Адамзаттың жаһандық мәселелері ішінде қазіргі таңда ең өзектісі энергетикалық мәселе болуда. Соңғы отыз жылда әлемде көмірсутектер оған дейінгі бүкіл тарихқа қарағанда көп тұтынылды [1]. Сонымен қатар, әлемдік энергетика индустриализациясы жетік дамуда және геологобарлау өндірістен кейін қалуда. Саланың техникалық базасы ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында ашылған заңдар мен заңдылықтар болып қалуда. Жаңа, көміртектік емес энергетика технологиялары әлі нақты қарастырылмауда. Ғаламшардағы отын қоры шектеулі, тең таралмаған және дәстүрлі және жаңа ірі тұтынушылардан алшақ орналасқан. [2]
Нәтижесінде әлемдік шаруашылық ХХІ ғасырдың басынан бері энергетикалық дағдарысқа ұшырауда, ал ол өткінші, коньюнктуралық сипатта емес, құрылымдық сипатта болуда және оны қазба қуат көзінің бір түрінің басқа түріне ауысуы немесе қуатты үнемдеу арқылы шешу өте қиын.
Энергетикалық қауіпсіздіктің осы барлық мәселелері жинақталған түрде Еуропалық Одақ экономикасында анық көрініс алуда, өйткені оның жинақталған шаруашылық потенциалы шектелген табиғи энергетикалық қорымен қарама-қайшы келуде. Сонымен қатар, энергетикалық дағдарыспен күрес талпыныстар мен қателіктер арқылы жүруде және оң және теріс тәжірибеге ие болып, ғылыми зерттеуді қажет етеді.
Біртұтас еуропалық рынок Еуропалық Одаққа жаңа мүшелердің қосылуы мен кеңеюге байланысты жаңа масштабқа ие болды. Бұл еуропалық рыноктың кеңірек және құрамы жағынан әр-түрлі болғанын білдіреді. ЕО кеңеюі еуропалық интеграцияның дамуының жаңа сапалық серпілісі ғана емес, халықаралық қатынастар жүйесіне әсер ететін басқа да масштабты өзгерістердің орын алғандығын білдіреді.
Жаһанданудың жалпы үрдісіне қарамастан, табиғи газ рыногы объективті себептерге байланысты негізінен аймақтық сипатқа ие екендігін атап көрсеткен жөн. Бұл Еуропалық Одақтың рыногінде анық көрініс алады, өйткені ЕО мүше-елдері мен оның серіктестері үшін табиғи газ саяси, экономикалық, өндірістік, экологиялық және әлеуметтік мәселелер туындатуда.[3]
Еуропалық Одақтың кеңеюі табиғи газдың біртұтас рыногін құру аспектінде ЕО заңнамаларына өзгерістер енгізу, жалпы энергетикалық рынокта және әсіресе табиғи газ рыногында жаңа тиімді рыноктық құрылымдар мен сәйкес әрекет қағидаларын құруды білдіреді. Нақты айтқанда, ол мүдделі тараптар арасындағы диалогқа негізделген қуат көздеріне рыноктік бағаларды босату, жалпыеуропалық рынок үшін бәсекелестік қағидаларын жасау мен орындау, оны мемлекетсіздендіру мен демонополизациялау негізінде жеткізушілер мен тұтынушылар үшін толық ашу, икемді реттеуді білдіреді. Жиынтығында ол Еуропалық Одақтың табиғи газ рыногінің барлық қатысушылары мүдделеріне сәйкес келетін оптималды рыноктік жағдайды қалыптастыруға қолдау көрсетеді.

1. Лаверов Н.П. Топливно-энергетические ресурсы: состояние и рациональное использование (в Сборнике трудов Российской Академии наук «Энергетика России. Проблемы и перспективы», Москва, Наука, 2006. С. 22.
2. Дмитриевский А.Н. Фундаментальный базис инновационных технологий в нефтяной и газовой промышленности (Там же. С. 191).
3. Сергеев П. Энергетика Евросоюза в начале столетия. // Современная Европа, № 3, 2004, с. 79-89.
4. Право Европейского Союза. Учебник. / Под ред. С.Ю.Кашкина. –М.:Юристъ, 2002, с. 748.
5. Алексей Уразов. Политика Евросоюза в отношении Казахстана// Агентство политических новостей – Казахстан.- 27 мая 2010
6. Green Paper "Towards a European Strategy for the Security of Energy Supply" II COM (2000) 769 final. - P. 41.
7. Павел Усов. Энергетическая безопасность ЕС: вызовы и способы стратегических решений// Politon-Regional analytical and information Centre. – 14 май 2009
8. Кавешников Н.Ю. Энергетический баланс и основные направления энергетической политики Евросоюза. // Мировая энергетика, № 11, 2004.
9. Зеркалов Д.В. Проблемы Европы и Россия : хрестоматия / Д. В. Зеркалов. – К. : Основа, 2009. – 103 с. – (Энергетическая безопасность : в 5 кн. ; кн. 5).
10. Зеркалов Д.В. Глобальные проблемы : хрестоматия / Д. В. Зеркалов. – К. : Основа, 2009.– 179 с. – (Энергетическая безопасность : в 5 кн. ; кн. 2).
11. Europe's current and future energy position: Demand — resources — investments. An EU Energy Security and Solidarity Action Plan. Second Strategic Energy Review. Commission Staff Working document. November 2008
12. A European Strategy for Sustainable, Competitive and Secure Energy. Green Paper. 8.3.2006. COM(2006) 105 final
13. Богучарский Максим Евгеньевич. Энергетическая дипломатия Европейского Союза//Москва. - 2005 176 с.
14. Договор к Энергетической Хартии. Лиссабон, 17 декабря 1994 года.
15. Жизнин С. Энергетическая дипломатия России: экономика, политика, практика. –М.: ООО «Ист Брук», 2005.
16. Ирина. Пашковская Энергетическая политика Европейского Союза в отношении России и новых независимых государств : монография .Издательство ЛКИ. 2010 c. 168
17. Селиверстов С.С. Энергетическая безопасность Европейского союза (международно-правовые аспекты) –М.: Изд. дом «Финансовый контроль», 2007.
18. Милов В.С. Повестка дня для глобальной энергетики. // Россия в глобальной политике, № 5, Сентябрь – Октябрь 2005.
19. Телегина Е.А. Международный транзит энергоносителей в системе энергетической безопасности государства: Принципы орг. и регулирования / Е.А. Телегина, М.А. Румянцева, С.В. Покровский; Под ред.С.М. Богданчикова. - М.: Энергоатомиздат, 2004. - 287 с.
20. Договор к Энергетической Хартии и связанные с ними документы//Секретариат Энергетической Хартии. – 2004
21. Зеркалов Д.В. Мировая энергатика : хрестоматия / Д. В. Зеркалов. – К. : Основа, 2009. – 174 с. – (Энергетическая безопасность : в 5 кн. ; кн. 1).
22. Europe’s energy position – markets&supply;. 2009 annual report//Publications office of European Union.Luxembourg. – 2010
23. P. Carpos, L. Mantzos. The European energy outlook to 2010 and 2030//Global energy issues, vol 14, Nos. 1-4. 2000
24. Каныгин Пётр Сергеевич "Энергетическая безопасность Евросоюза и интересы России"//Институт Европы РАН. – 8 октября 2007
25. Мастепанов А.М. Региональные и внешнеэкономические аспекты энергетической политики России. М.: Минтопэнерго, 1997
26. Жизнин, Энергетическая дипломатия России автор: Жизнин С. издательство: Ист Брук год: 2004, с 356
27. Энергетическая стратегия России на период до 2020 года. Утверждена распоряжением Правительства Российской Федерации № 1234-р от 28 августа 2003 года. (http://www.minprom.gov.ru/docs/strateg/1)
28. Группа высокого уровня Россия-ЕС. Обобщающие доклады по Энергодиалогу. (www.delrus.cec.eu.int).
29. Хайтун А.Д. Конкурентность энергетических ресурсов России на рынках Европы. Доклады ИЕ РАН, № 149. –Москва, 2005.
30. Либерализация рынка природного газа в России: применение опыта европейских стран (часть 1) // Мировой рынок нефти и газа, № 12, 2003.
31. Problems and perspectives of East-West economic relations. Lutz Hoffman. Milan, 1993, p. 115.
32. Eni concern materials, January 2006
33. www.ia-centr.ru
34. Шайхиев К.М. ЕС и Казахстан: опыт экономической интеграции//ИМЭП. - 2008
35. ЕС и Казахстан заключили меморандум о взаимопонимании в области энергетики// Интерфакс-Казахстан. - 06.12.2006
36. www.sngnews.ru
37. М. Тәжин. Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы дипломатиялық ынтымақтастықтың 15 жылдығы//New Europe. – шілде 2007
38. Станислав Жизнин. Проблемы международного транзита и энергетическая безопасность//НГ-Энергия.- октябрь 2009
39. Наталья Гриб. Газовый император. Россия и новый миропорядок// М:Коммерсантъ. - 2009. - c. 288
40. Макаров А.А. Мировая энергетика и Евразийское энергетическое пространство. М.: Энергоатомиздат, 1998
41. Романова Т.А. Россия и ЕС: диалог на разных языках. // Россия в глобальной политике, № 6, Ноябрь-Декабрь 2006.
42. Pierre Noel. The EU and Russia's gas. — The European Council on Foreign Relation, 21.11.2008
43. Российский газ: тернистый путь в Европу. — Бизнес & Балтия, 21.11.1996. — №229 (602)
44. Газопровод "Северный поток" (Nord Stream) - История. — Официальный сайт ОАО Газпром
45. Ольга Виноградова. Пути "Газпрома" неисповедимы. — Нефтегазовая Вертикаль, 20.01.2003. — № 1
46. Строительство Nord Stream может быть начато в I квартале 2010 года. — РИА Новости, 20.05.2009
47. Ирина Резник. Маттиас Варниг: "Что хорошо для России, хорошо и для Германии". — Ведомости, 11.10.2006. — №191 (1718)
48. Пол Коркоран: До запуска "Северного потока" риски несут акционеры. — Время новостей, 02.02.2009
49. Gas pipeline stirs up Baltic fears. — BBC News, 31.12.2007
50. "Газпром" начал укладку труб газопровода Nord Stream. — РИА Новости, 06.04.2010
51. С голубого ручейка... — Нефтегазовая вертикаль, 26.12.2005. — № 18
52. Газпром и Eni подписали меморандум о взаимопонимании по реализации проекта "Южный поток". — ОАО Газпром, 23.06.2007
53. Николай Вардуль, Оксана Гавшина, Антон Иваницкий, Дмитрий Павлович, Константин Смирнов, Полина Химшашвили. Газиопа. — Газета Gzt.ru, 25.06.2007. — №112
54. "Южный поток" будет запущен в 2015 году - глава Минэнерго РФ. — РИА Новости, 23.04.2009
55. Цифры и факты. — Официальный сайт проект "Южный поток" (www.south-stream.info), 25.07.2009
56. Наталья Гриб, Тамила Джоджуа, Михаил Зыгарь. "Южный поток" сносит к северу. — Коммерсант, 20.10.2008. — № 190/П (4007)
57. Turkey to join South Stream: comments in Russian media. — Focus News Agency (focus-fen.net), 20.10.2009
58. А. Миллер: Мощность «Южного потока» была удвоена по просьбе Eni//Ведомости – 15 мая 2009
59. Игорь Наумов. "Южный поток" не переиграл Nabucco. — Независимая газета, 13.07.2009
60. EU natural gas pipeline project gets first order – The International Herald Tribune, США, 11 июня 2008
61. Nabucco expects governments deal by end-June – Reuters, Великобритания, 27 марта 2009
62. Ассигнования на финансирование Nabucco сокращаются — РИА «Новости», 21 февраля 2009
63. Редакционная статья «Трубопроводная война Европы» = Europe’s Pipeline War // Шпигель : газета. — 27 января 2009
64. Игорь Томберг. «Шах» — Украине, «мат» — «Набукко» - РИА «Новости», 12 марта 2008

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Халықаралық қатынастар факультеті
Аймақтану және әлемдік экономика кафедрасы
Бітіру жұмысы
ЕУРОПАНЫҢ ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІГІНДЕГІ ТАБИҒИ ГАЗДЫҢ ОРНЫ МЕН РӨЛІ
Орындаған 4-курс студенті _________________ Арипов С.М.
Ғылыми жетекші _________________ Елемесов Р.Е.
э.ғ.к., профессор
Норма бақылаушы _________________Садықова Р.
т.ғ.к., доцент
Кафедра меңгерушісінің
рұқсатымен қорғауға жіберілді _________________Макашева К.Н.
т.ғ.д., профессор
Алматы, 2010
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3
І ТАРАУ ЕУРОПАНЫҢ ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІГІ
1. Еуропалық Одақтың энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету
10
2. Энергетикалық қауіпсіздік түсінігі.
11
3. Жасыл Кітап
14
4. Еуропалық Энергетикалық Хартия және Энергетикалық Хартия
Келісімі
20
ІІ ТАРАУ ЕУРОПАНЫ ГАЗБЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ҚАУІПСІЗДІГІ
1. Еуропаның газбен қамтамасыз етудің ішкі және сыртқы көздері
30
2. ЕО-Ресей энергетикалық диалогы
35
3. ЕО пен Қазақстан арасындағы энергетикалық әріптестік
40
ІІІ ТАРАУ ТАБИҒИ ГАЗДЫ ТАСЫМАЛДАУ МӘСЕЛЕСІ
1. Еуропаның энергетикалық қауіпсіздігіндегі транзиттің рөлі
44
2. Энергетикалық Хартия Келісіміндегі транзиттік жайттар
мен Транзиттік Хаттамасы жобасы
45
3. Солтүстік ағым жобасы 48
4. Оңтүстік ағым жобасы 53
5. Набукко жобасы 56
ҚОРЫТЫНДЫ 59
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ДЕРЕКТЕР ТІЗІМІ 68
КІРІСПЕ
Бітіру жұмысының өзектілігі. Адамзаттың жаһандық мәселелері ішінде
қазіргі таңда ең өзектісі энергетикалық мәселе болуда. Соңғы отыз жылда
әлемде көмірсутектер оған дейінгі бүкіл тарихқа қарағанда көп тұтынылды
[1]. Сонымен қатар, әлемдік энергетика индустриализациясы жетік дамуда және
геологобарлау өндірістен кейін қалуда. Саланың техникалық базасы ХІХ
ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында ашылған заңдар мен заңдылықтар болып
қалуда. Жаңа, көміртектік емес энергетика технологиялары әлі нақты
қарастырылмауда. Ғаламшардағы отын қоры шектеулі, тең таралмаған және
дәстүрлі және жаңа ірі тұтынушылардан алшақ орналасқан. [2]
Нәтижесінде әлемдік шаруашылық ХХІ ғасырдың басынан бері энергетикалық
дағдарысқа ұшырауда, ал ол өткінші, коньюнктуралық сипатта емес, құрылымдық
сипатта болуда және оны қазба қуат көзінің бір түрінің басқа түріне ауысуы
немесе қуатты үнемдеу арқылы шешу өте қиын.
Энергетикалық қауіпсіздіктің осы барлық мәселелері жинақталған түрде
Еуропалық Одақ экономикасында анық көрініс алуда, өйткені оның жинақталған
шаруашылық потенциалы шектелген табиғи энергетикалық қорымен қарама-қайшы
келуде. Сонымен қатар, энергетикалық дағдарыспен күрес талпыныстар мен
қателіктер арқылы жүруде және оң және теріс тәжірибеге ие болып, ғылыми
зерттеуді қажет етеді.
Біртұтас еуропалық рынок Еуропалық Одаққа жаңа мүшелердің қосылуы мен
кеңеюге байланысты жаңа масштабқа ие болды. Бұл еуропалық рыноктың кеңірек
және құрамы жағынан әр-түрлі болғанын білдіреді. ЕО кеңеюі еуропалық
интеграцияның дамуының жаңа сапалық серпілісі ғана емес, халықаралық
қатынастар жүйесіне әсер ететін басқа да масштабты өзгерістердің орын
алғандығын білдіреді.
Жаһанданудың жалпы үрдісіне қарамастан, табиғи газ рыногы объективті
себептерге байланысты негізінен аймақтық сипатқа ие екендігін атап
көрсеткен жөн. Бұл Еуропалық Одақтың рыногінде анық көрініс алады, өйткені
ЕО мүше-елдері мен оның серіктестері үшін табиғи газ саяси, экономикалық,
өндірістік, экологиялық және әлеуметтік мәселелер туындатуда.[3]
Еуропалық Одақтың кеңеюі табиғи газдың біртұтас рыногін құру аспектінде
ЕО заңнамаларына өзгерістер енгізу, жалпы энергетикалық рынокта және
әсіресе табиғи газ рыногында жаңа тиімді рыноктық құрылымдар мен сәйкес
әрекет қағидаларын құруды білдіреді. Нақты айтқанда, ол мүдделі тараптар
арасындағы диалогқа негізделген қуат көздеріне рыноктік бағаларды босату,
жалпыеуропалық рынок үшін бәсекелестік қағидаларын жасау мен орындау, оны
мемлекетсіздендіру мен демонополизациялау негізінде жеткізушілер мен
тұтынушылар үшін толық ашу, икемді реттеуді білдіреді. Жиынтығында ол
Еуропалық Одақтың табиғи газ рыногінің барлық қатысушылары мүдделеріне
сәйкес келетін оптималды рыноктік жағдайды қалыптастыруға қолдау көрсетеді.
Қуат көздеріне бағаның жоғарылығы, импортқа тәуелділіктің өсуі, қуат
көздеріне әлемдік сұраныстың жоғарылығы мен жаһандық жылынумен байланысты
мәселелерді шешу үшін ЕО ұлттық деңгейде және Қоғамдастық деңгейінде
біртұтас жүзеге асырылатын нақты сыртқы энергетикалық саясатқа ие болуы
тиіс. Ресей - Украина газ дауы бұл мәселені тағы да көтерді. Алайда, әр
мемлекет энергетикалық салада өз бақылауын сақтап қалуға тырысады. Сонымен
қатар, Еуропалық кеңестің газды үзіліссіз жеткізуді қамтамасыз ету шаралары
туралы Директивасына (Директива 200467ЕО) сәйкес газ қауіпсіздігі ұлттық
үкіметтер өкілеттілігінде қалады. Аталған құжатқа сай әр мемлекет газ
жеткізілімдері үзіліссіздік, өте төмен температура және газға ерекше жоғары
сұраныс жағдайларында дұрыс қорғауды қамтамасыз етуі тиіс және қажетті
шараларды қабылдауға жауапты. [4] Энергетикалық саладағы жағдай Еуропалық
Қауымдастықтағы оның құрылуынан бері келе жатқан екі бәсекелес тәсілдің
барын көрсетеді: үкіметаралық (мемлекеттер деңгейінде) және ұлт деңгейінде
(Қауымдастық деңгейінде). ЕО кеңеюі нәтижесінде бірыңғай энергетикалық
саясат қалыптастыру процесі одан да күрделене түсті.
Ресейден газдың жеткізілуінің үзілістері және ресейлік компаниялардың
еуропалық құрлықтағы үлесінің өсуі ЕО-қа қуат көздерінің жеткізілуі
диверсификациясын өзекті етті. Солтүстік теңіз бен Алжирден табиғи газдың
қорының шектеулігі себепті газды жеткізуді көбейту мүмкін болмағандықтан
және Ираннан газ тасымалдау саяси мәселелердің орын алуына байланысты
мүмкін болмағандықтан Орталық Азиядан табиғи газ жеткізу маңызды бағыт
болуда. Ал ЕО-тың Орталық Азиядағы басты аймақтық серіктесі Қазақстан болып
табылады. Энергетикалық салада Қазақстан ЕО елдеріне жеткізілетін мұнай мен
газдың 10% қамтамасыз етеді. Еуропалық Одақтың газбен қамтамасыз етілуі
мәселелерінің өзектілігі жағдайында Қазақстан энергетикалық ресурстардың
келешек және тиімді экспортері ретінде ЕО энергетикалық қауіпсіздігін
қамтамасыз ету мақсаты шеңберінде нақты келісімдерді талқылау мен
қабылдауға үлкен мүмкіндіктер алады. [5]
Қазіргі таңда Қазақстан табиғи газы Еуропадағы көтерме бағадан 2 есе
арзанға сатып алынуда. Оның негізгі себебі Қазақстаннан Еуропаға газ
тасымалдаудың альтернативті маршрутының болмауы екендігі белгілі. Мұнда
тараптардың мүдделерінің ерекше сәйкестігін атап өту қажет: еуропалық елдер
Орталық Азия елдерінен газ жеткізу үшін құбыр құрылысын қаржыландыруға
қызығушылық танытуда. Мұнда ЕО саясаты қолданыстағы құбырларды пайдалану
мен жаңа, альтернативті құбырлар құрылысына қатысу болып табылады.
Бітіру жұмысының мақсаты Еуропаны газбен қамтамасыз ету ерекшеліктерін
анықтау, Еуропалық Одақтың газ саласындағы бірыңғай энергетикалық саясатына
тұжырымдама жасау арқылы Еуропаның энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз
етудің тиімді нұсқаларын жасау болып табылады. Көрсетілген мақсаттарға жету
үшін келесі міндеттер қойылып, зерттеу барысында шешілді:
- Энергетикалық қауіпсіздіктің мазмұнын ашып көрсету;
- Жасыл Кітап құжатын сараптап, оның негізгі жайттарын анықтау;
- Еуропалық Энергетикалық Хартия және Энергетикалық Хартия Келісімін
сараптау арқылы олардың Еуропадағы энергетикалық қауіпсіздікті
қамтамасыз етудегі рөлін анықтау;
- Еуропаның газбен қамтамасыз етудің ішкі және сыртқы көздерінің қазіргі
жағдайы мен болашағына сараптама жасау;
- ЕО - Ресей энергетикалық диалогының барысы мен тиімділігін анықтау;
- ЕО - Қазақстан энергетикалық қатынастарына талдау жасау;
- Еуропаның энергетикалық қауіпсіздігіндегі транзиттің рөлін анықтау;
- Энергетикалық Хартия Келісімінің транзиттік қағидалары мен Транзиттік
хаттама жобасын сараптау;
- Солтүстік ағым, Оңтүстік ағым, Набукко секілді ірі газ құбырлары
жобаларының жүзеге асырылуы мен негізгі мәселелерін зерттеу.
Бітіру жұмысының хронологиялық шеңбері 1991 жылғы Еуропалық
Энергетикалық Хартияның қабылдануынан бастап бүгінге дейінгі уақытты
қамтиды.
Бітіру жұмысының деректік негіздері. Қазіргі кезеңдегі Еуропалық
энергетикалық қауіпсіздіктегі газдың рөліне арналған тақырыптың деректік
көздерін шартты түрде төмендегідей төрт топқа бөлуге болады.
Зерттеу көздерінің бірінші тобын заңнамалық құжаттар құрайды. Мұнда
Еуропалық Парламент пен Кеңестің энергетикалық тиімділік Директивасы мен
Табиғи газдың ішкі рыногі үшін ортақ қағидалар Директивасын пайдаландым [1-
2]. Бұл Директивалар Еуропалық Одақ шеңберінде міндетті заңнамалық акт
болып табылады және сәйкесінше энергетикалық тиімділікті арттыру және газ
рыногін реттеу бойынша қолданылады.
Деректік көздерінің екінші тобына дипломатиялық құжаттар орын алады.
Олар қатарына Ресей-ЕО энергетикалық диалогының қорытынды баяндамалары,
Жасыл кітап-2000, Жасыл кітап-2006, Еуропалық Энергетикалық Хартия,
Энергетикалық Хартия келісімі, ЕО пен Қазақстан арасындағы өзара түсіністік
туралы келісім, Ресей мен ЕО арасындағы алдын-ала ескертулер туралы
меморандум, Солтүстік Каспий бойынша өнімді бөлісу жөніндегі келісім кіреді
[3-10]. Бұл құжаттар, сәйкесінше, Еуропалық Одақтың сыртқы энергетикалық
саясатының негізгі бағыттарын анықтайды, Ресей мен ЕО арасындағы
энергетикалық қатынастарды реттейді, халықаралық энергетикалық рыноктың
құқықтық негізін анықтайды және Каспий теңізіндегі газ қорын компаниялар
арасында энергетикалық ресурстарды өндірудің үлесін белгілейді.
Келесі, үшінші топта, саяси қайраткерлердің сөйлеген сөздері орын
алған [11-17]. Мұнда Қазақстанның бұрынғы вице-министрі Нұртай Әбіқаевтың,
Венгрияның СІМ ерекше тапсырмалар бойынша арнайы елшісі Михай Байердің,
Газпром басқармасы төрағасы А. Миллердің, ГФР канцлері Ангела Меркельдің,
Ресей премьер-министрі В.В. Путиннің, ҚР Сыртқы Істер министрі Марат
Тәжиннің баяндамалары мен сөйлеген сөздері орын алған. Олар алға қойылған
мақсатты талқылауда мемлекет басшыларының өзекті мәселелерге қатысты жеке
көзқарасын, сондай-ақ сол сәттегі мемлекеттің саяси ұстанымын айқындауға
өзіндік зор үлесін қосты.
Зерттеу жұмысында пайдаланылған деректердің төртінші тобына Еуропалық
Одақтың энергетикалық қауіпсіздігі мен оның энергетикалық әріптестермен
қатынастарын талқылайтын ғылыми мақалалар мен мерзімдік басылымдар құрайды
[18-30]. Жұмыста, әсіресе, еуропалық басылымдардың кең қолданысы орын
алды.
Деректерді пайдалану жұмыстың алдына қойған мәселелерді мейлінше
толық зерттеуге және жұмыстың мақсаттары міндеттерін ашуға мүмкіндік
бергені сөзсіз.
Бітіру жұмысының зерттелу деңгейі. Соңғы жиырма жылда энергетикалық
қауіпсіздік мәселелері, әсіресе, Еуропаның энергетикалық қауіпсіздігі кең
ауқымды саяси қызығушылық нысанына айналды. Оның ішінде, өткен ғасырдың
соңынан бері ЕО Шығыс Еуропа мемлекеттерімен кеңеюі нәтижесінде еуропалық
энергетикалық қауіпсіздіктің мазмұнының өзгеруі көптеген еуропалық және
ресейлік ғалымдардың еңбектеріне арқау болды.
Еуропаның энергетикалық қауіпсіздігі мәселесіне арналған әдебиеттерді
үш топқа бөлуге болады.
Әдебиеттердің алғашқы тобына отандық авторлардың туындылары кіргізілді.
Тақырыпты зерттеуде отандық авторлардың еңбектерін пайдалану Еуропалық
Одақтың энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі Қазақстанның орнын
анықтауға мүмкін береді.
Қазақстанның тәуелсіздік алғаннан бастап, Еуропалық Одақпен саяси-
экономикалық қатынастарын зерттеуге М. Тәжиннің еңбегі арналған. [31] Автор
өзінің еңбегін Қазақстан мен ЕО арасындағы дипломатиялық қатынастардың 15
жылдығына арнап, онда ол осы кезеңдегі тараптар қатынастарынының басты
оқиғаларына, әріптестіктің негізгі бағыттарына және Еуропаның сыртқы
саясатындағы Қазақстанның алар орнына арнаған.
Еуропалық Одақтың Қазақстанмен ынтымақтастығы қазақстандық зерттеуші
К.М. Шайхиевтің еңбегінде де қарастырылған. [32] Бұл еңбекте автор ЕО пен
Қазақстанның саяси-экономикалық қатынастарына және инвестиция мен қаржылай-
техникалық әріптестігіне назар аударған. Сонымен қатар, автор Қазақстанның
ЕО интеграциялық тәжірибесін қолдану мәселесін кеңінен сараптап
тұжырымдайды.
Б.К.Султановтың еңбегінде Қазақстанның әлемдік державалармен
қатынастары кеңінен қарастырылған. [33] Қазақстанның тәуелсіздік алуынан
кейін державалармен қатынасы ерекше мәнге ие болды. Автор державалардың,
соның ішінде, Еуропалық Одақтың жас тәуелсіз мемлекеттермен
қатынастарындағы негізгі мүдделерін және олардың Қазақстан мүдделеріне
сәйкестігін қарастырған.
Әдебиеттердің екінші тобына ресей авторларының туындылары жатады.
Зерттеу тақырыбын ашуда бірқатар ресейлік авторлардың еңбектерін пайдалану
Еуропалық Одақтың энергетикалық қауіпсіздігі мәселелерін тереңірек түсінуге
мүмкіндік берді.
Әлемдік әнергетикадағы ең өткір мәселелерге Д.В. Зеркаловтың еңбектер
жинағы арналған.[34-36] Д.В. Зеркалов өзінің еңбектерінде әлемдік
энергетиканың қазіргі жағдайы мен негізгі мәселелері, Еуропаны
энергетикалық ресурстармен қамтамасыз ету мәселелері және ЕО-тың Ресеймен
энергетика саласындағы серіктестігін қарастырған. Ол өз еңбектерінде
әлемдік энергетикадағы Энергетикалық Хартия келісімдері жинағының рөлін
қарастырып, Транзиттік хаттама жобасына талдау жасаған. Сонымен қатар,
автор Еуропалық Одақтың энергетикалық ресурстармен қамтамасыз етілуі мен
Еуропаның энергетикалық инфрақұрылымын қарастырған. Жасыл кітаптың
Еуропаның энергетикалық саясатына әсері де назардан тыс қалмаған.
Наталья Гриб өз кітабында Ресейдің Еуропа энергетикалық қауіпсіздігін,
оның ішінде, табиғи газбен қамтамасыз ету мәселесіндегі рөлін ашып
көрсеткен. [37] Ол Еуропалық Одақ пен Ресейдің КСРО-ның ыдырауынан бері
энергетикалық серіктестігін баяндаған.
Тағы бір белгілі орыс ғалымы С.С. Селивестров өз еңбегінде Еуропалық
Одақтың энергетикалық қауіпсіздігінің құқықтық аспектілерін талдайды. [38]
Мұнда негізгі назар Еуропалық Энергетикалық Хартия мен Энергетикалық Хартия
келісіміне, Жасыл кітапқа және Еуропалық Одақтың энергетикалық
әріптестерімен жасалған келісім-шарттарға аударылған.
Еуропалық Одақтың энергетикалық саясаты Богучарскийдің еңбегінде өте
жақсы баяндалған.[39] Өз еңбегінде автор Еуропалық Одақтың Ресеймен,
Солтүстік Африка, Парсы шығанағы елдерімен энергетикалық қатынастары және
Қауіымдастық ішінде жүргізілген ішкі энергетикалық саясат жақсы көрініс
тапқан.
С. Жизнин өз еңбектерінде Ресейдің энергетикалық саясатына шолу
жасаған.[40,41] Мұнда ол Ресейдің негізгі табиғи газ импортері ретіндегі
Еуропалық Одақпен қатынастарына ерекше назар аударған. Екі тарап арасындағы
энергетикалық ынтымақтастықты талқылау форумы ретінде энергетикалық диалог
барысы кеңінен қарастырылған.
Энергетикалық қауіпсіздіктегі энергоресурстардың транзиті мәселесі
Е.А.Телегинаның еңбегінде орын алды.[42] Автор еңбегінде энергетикалық
ресурстардың халықаралық транзитінің ұйымдастырылуы мен реттелуіне
сараптама жасаған.
Әдебиеттердің үшінші тобына шетелдік авторларды жатқызуға болады.
Зерттеу тақырыбында шетелдік авторлардың еңбектерін пайдалану Еуропалық
энергетикалық қауіпсіздік мәселесін зерттеудегі шетелдік зерттеушілердің
көзқарастарын сараптауға мүмкіндік береді.
Еуропаны газбен қамтамасыз етудегі Батыс пен Шығыс Еуропаның қарым-
қатынастарының рөлі Л. Хоффманның еңбегінде қарастырылған. [43] Автор
социалистік лагерьдің құлауынан кейінгі Шығыс Еуропадағы мемлекеттерге
қатысты Батыс Еуропаның жүргізген саясаты және олардың ынтымақтастығының
болашағы сарапталған. Бұл еңбекте сонымен қатар КСРО-ның ыдырауымен
байланысты Шығыс Еуропадағы энергетикалық транзиттік жүйенің қызмет етуіне
ерекше мән берілген.
Дж. Митчелдің еңбегі өткен ғасырдың соңындағы энергетикалық рыноктың
геосаяси жағдайына талдау жасауға арналған. [44] Ол өз еңбегінде Еуропаның
энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі әлемдік авторлардың, соның
ішінде Ресейдің рөлін қарастырған.
П. Карпос пен Л. Манцос өздерінің еңбегінде Еуропалық рыноктың жағдайын
қарастырып, 2010 жылмен 2030 аралығындағы болашағына болжам жасаған. [45]
Американ ғалымы П. Камерон өз еңбегінде Еуропалық Одақтың энергетикалық
рыногіне талдау жасап, ондағы негізгі рыноктік қағидаларды сақтау мен
рынокті реттеуді қарастырған.[46] Сонымен қатар ол Еуропалық Одақтың
энергетикалық саясатының негізгі бағыттарын және энергетикалық
қауіпсіздікті сақтаудағы негізгі қауіп-қатер көздерін зерттеген.
Н. Гнесотто мен Г. Греви өздерінің еңбегінде Еуроодақтың алдында тұрған
негізгі мәселелерді талқылап, ЕО-тың 2025 жылға қарай болшағына болжам
жасаған. [47] Олар Еуроодақтың энергетикалық қауіпсіздігін сақтаудың жалпы
өркендеуіне маңызын ерекше атап өткен.
Бітіру жұмысының ғылыми жаңалығы: Еуропалық Одақтың энергетикалық
қауіпсіздігінің әлемдік дағдарыс жағдайындағы мәселелері қарастырылып,
энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі үкіметаралық және
Қауымдастық шеңберіндегі тәсілдер талқыланды.
Еуропаны табиғи газбен қамтамасыз етудің ерекшеліктері, саяси-
экономикалық тәуекелдері сарапталып, ЕО табиғи газбен қамтамасыз етудің
болшағына болжам жасалынды. Табиғи газбен қамтамасыз етудегі транзитінің
рөлі зерттелінді.
Еуропалық Одақтың жалпы энергетика саласында және жеке табиғи газ
саласында негізгі әріптестерімен қарым-қатынастары қарастырылып, бұл
қатынастардың сипаты мен ерекшеліктері, болшақтағы мүмкіндіктері анықталды.
Зерттеудің ғылыми-әдістемелік базасы. Зерттеу жұмысының теориялық
негізін американдық және ресейлік ғалымдарының ғылыми қорытындылары
құрайды. Бітіру жұмысында тарихи оқиғаларға, сан-саладағы мемлекетаралық
құжаттарға жинақтау, талдау, жүйелеу әдістері қолданылды. Сондай-ақ,
кеңінен қолданылатын тарихи-салыстырмалы және теориялық әдістемелік негіз
де зерттеу жұмысына арқау болды. Бұл әдістер мәселені жүйелі түрде
айқындауға мүмкіндік береді. Зерттеу жұмысын ғылыми негізде жүйелеп, оның
нәтижесін шығару үшін сол арқылы талдау, баяндау және болжау түрінде басты
мақсаттарға жету үшін ғалымдар әр түрлі әдістерді зерттеген. Тақырыпты
ашуда ресейлік саясаттанушылардың еңбектері өз үлестерін қосты. Олар сыртқы
саясат пен халықаралық қатынастарды зерттеу мен талдаудың көптеген
әдістемелерін дамытқан.
Зерттеу жұмысының тақырыбын ашуда негізгі әдістеме ретінде қоғамдық
ғылым саласында зерттеудің стандартты сараптамасы – контент-сараптама
қолдану өз септігін тигізді. Яғни, оның көмегімен БАҚ хабарламасы, саяси
тұлғалардың мәлімдемелері және де партия бағдарламалары секілді мәтіндердің
әр түрлі типтеріне сараптама жасалды.
Зерттеу пәні – Еуропалық Одақтың табиғи газ рыногының қазіргі таңдағы
жағдайы, ұйымдастырылуы мен қалыптасуы, Еуропалық Одақтың энергетика
саласындағы ортақ саясаттың қалыптасуы болып табылады.
Зерттеу объектісі – Еуропалық Одақты табиғи газбен қамтамасыз етудің
қазіргі таңдағы жағдайы, болашағы мен негізгі мәселелері, Еуропалық Одақтың
энергетикалық саясаты мен энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуі
бойынша жобалары болып табылады.
Бітіру жұмысының құрылымы. Жұмыс кіріспеден, үш тараудан тұратын
негізгі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, 71
беттен тұрады.
І. Еуропаның энергетикалық қауіпсіздігі
1.1 Еуропалық Одақтың энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету
Энергетикалық қауіпсіздікті сақтау Еуропалық Одақтың алдында тұрған
приоритетті мақсаттардың бірі болып табылады және тез әрі тиімді шешуді
талап етеді. Энергетикалық қауіпсіздік мәселелері интеграциялық үрдістердің
басталуынан бері біріккен Еуропа алдында тұрғанымен, соңғы онжылдықта ол
ерекше мәнге ие болды. Бұл бірнеше себептермен және ең алдымен, Еуропалық
Одақтың кеңеюі, яғни қуат көздерін пайдаланудың өсуімен байланысты. Сонымен
қатар, тез дамып келе жатқан рынок осы ресурстарға тұрақты қол жеткізуді
талап етеді. Кері жағдайда ЕО мүше - елдерінің экономикалық және әлеуметтік
дамуы ауыр дағдарыста болуы мүмкін.
Ал қуат көздеріне қол жеткізу туралы айтар болсақ, ЕО өз рыногіне
қуаттың сырттан жеткізілуіне және жеткізуші мемлекеттер жүргізіп отырған
саясатқа толықтай дерлік тәуелді.
2000 жылдың өзінде Green Paper Commission ЕО-тың энергетикалық жағдайы
туралы пессимистік баяндама жасады. Баяндамаға сәйкес, ЕО-ның қуат көздерін
шетелден жеткізілуіне тәуелділігі өсіп, 2030 жылға қарай 65 % құрайды. Ал
табиғи газға келер болсақ, 2030 жылға қарай ЕО тұтынатын газдың 80 %
импортталатын болады және оның 60 % Ресейден тасымалданатын болады. ЕО
экономикасының шетелдік жеткізілулерге тәуелділігінің артуы Одақтың
экономикасының осалдануына алып келеді. [6]
Орын алған жағдай Еуропалық Одақты энергетика саласында жаңа стратегия
қалыптастыруға мәжбүр етуде. Бұл жаңа стретегияның негізгі пункттері 2007
жылғы Лендмарктегі саммитте дайындалып, қабылданған болатын:
- Қуат көздерін жеткізудің қауіпсіздігін арттыру;
- Еуропалық экномиканың қол жетімді қуат негізінде бәсекеге қабілеттігін
арттыру;
- өзіндік энергожүйені тұрақты дамыту;
- экология саласында тиімді саясат жүргізу. [7]
Қуат көздерін жеткізудің қауіпсіздігі жайлы айтар болсақ, мұнда негізгі
мақсат ЕО мүше-елдерінің энергетикалық векторын диверсификациялау, яғни
жеткізу көздері, қамтамасыз ету жолдары, құбырлардың географиялық көрінісін
өзгерту мен кеңейту және мұнай мен газ қорын ұлғайту болып табылады.
Диверсификация тек ЕО-тың бір жеткізушіге тәуелділігін төмендетіп қана
қоймай, соған байланысты потенциалды қатерлерді де азайтуы қажет.
Сонымен қатар, жеткізілімдер қауіпсіздігі энергетикалық монополистердің
пайда болып, қуат көздеріне бағаның өсуін болдырмау үшін энергетикалық
рыноктың либерализациялануын да қарастырады.
ЕО тек қуаттың үзіліссіз, тұрақты жеткізілуі ғана емес, дәсүрлі
ресурстар – көмір, мұнай мен газды тұтынуды қысқарту мақсатын да өз алдына
қоюда. Бұл ЕО мүше-елдерінің энергосақтаушы экономиканы дамытуға бағыт
алғанын білдіреді. Сол арқылы ЕО тек қуат көздеріне шығынды азайтып қана
қоймай, экономиканы одан әрі бәсекеге қабілетті етеді.
Қуат көздерін қысқарту негізі қуаттың қалпына келтірілетін көздері
болуы тиіс. Сарапшылар бағалауынша мұндай қуат көздері 2030 жылға қарай ЕО
электр қуатының үштен бірін қамтамасыз етуге қабілетті. Мысалы Данияда
қажетті электр қуатының 20 %, Испанияда 8 % және Германияда 6 % жел күшімен
өндірілуде. Альтернативті қуат көздерінің негізгі көздері: күн қуаты, жел
күшін қолдану және биоотын болып табылады.
Қазіргі таңда ЕО қуат сақтаушы технолгиялар бойынша әлемдік көшбасшы
болып табылады. Альтернативті қуат жөніндегі Еуропалық кеңес мәліметі
бойынша осы салада 300.000 адам жұмыспен қамтылған және оның тауар айналымы
20 млрд еуроны құрайды.
Энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде принципиалды маңызды
мәселе ЕО мүше-елдері арасында энергетикалық ынтытамтастықты нығайту және
ЕО мүшелерінің қуат көздеріне бірдей қол жетуін қамтамасыз ету болып
табылады. Бұл ең алдымен өткен ғасырдан бері жалғыз жеткізуші – Ресейге
тәуелді орталық Еуропа мен Балтық жағалауы елдеріне қатысты. Бұл мәселеі
шешу үшін Еурокомиссия жаңа стратегиялық қоймалар мен құбырлар құрылысына
инвестицияларды ұлғайтуды жоспарлауда. [9]
Жалпы алғанда келесі 25 жыл ішінде ЕО газ электрстанцияларына 150 млрд
еуро және газ инфрақұрылымына қосымша 220 млрд еуро инвестиция салуды
жоспарлауда.
Осылайша, Еуропалық Одақтың энергетикалық қауіпсіздігі бірнеше өлшемге
– экономикалық, саяси және экологиялық өлшемге ие. Біртұтас энергетикалық
концепция дайындау бірқатар жаһандық экономикалық және экологиялық
мәселелерді шешіп қана қоймай, Еуропалық Одақ мүше-мемлекеттерінің ішкі
интеграциясын нығайтады.
1.2 Энергетикалық қауіпсіздік түсінігі
Энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету халықаралық қауымдастық
тарапынан келесі бағыттар бойынша бірлесе әрекет етуді талап етеді:
• әлемдік экономиканы дәстүрлі көмірсутектік энергоресурстармен сенімді
және тиімді қамтамасыз ету;
• энергожабдықтауды энергия және технологияның жаңа көздері есебінен
диверсификациялау;
• энергетикалық ресурстарды пайдаланудың тиімділігін арттыру.
Энергетика мәселелері Ресеймен 1975 жылғы алғашқы саммиттен бастап
барлық уақытта Үлкен Жетілік, сосын Үлкен Сегіздік назарында болды. 70
жылдардың соңы мен 80 жылдардың басында талқылауларда негізгі орынды
жетілік елдерінің мұнай бағасына тәуелділігін энерготиімділікті
ынталандыру, энергия көздерін диверсификациялау арқылы азайту алды. Мұнайға
бағаның төмендеуі мен әлемдік экономикалық дамудың қарқының артуы барысында
энергетикалық тақырыптама екінші орынға кете бастады. Акцент қоршаған орта
мәселелері – сутектік жанармайлық элементтер саласында экологиялық таза,
тұрақты, рентебельді және қалпына келтірілетін энергетикалық жүйелер құру
және қауіпсіз әрі үнемді ядролық технологияларды дамытуға ауысты.
Энергетикалық қауіпсіздік түсінігін қарастырғанда оның жалпыға ортақ
және бір мағыналы түсінігінің барлығын атап өткен жөн. Ресей ғылым
академиясының Л. А. Мелентьев атындағы энергетика жүйелері институты
ғалымдары ұсынған анықтамасында энергетикалық қауіпсіздік тұлға, қоғам және
мемлекеттің өмірлік маңызды мүдделерін олардың қажеттіліктерін экономикалық
мүмкіншілікті жанармай-энергетикалық ресурстармен қамтамасыз ету
тапшылығынан және тұтынушылардың жанармай және энергоқамтудың бұзылуы
қаупінен қорғалу жағдайы деп түсіндіріледі. Яғни елдің энергетикалық
қауіпсіздігі деп оның энергоқамтуына сыртқы және ішкі қауіптердің орын алу
мүмкіндігінің аздығын түсінуге болады.
Ғылымда энергетикалық қауіпсіздік түсінігін кеңінен түсіндіру көп
таралғандықтан, осы терминге қатысты ымыра қажет. Ресейдің Энергетикалық
қауіпсіздік доктринасын құрушылар түсінігінде ол азаматтарды, мемлекетті,
оның экономикасын энергоресурстар тапшылығынан қорғау болып табылады.
Сонымен қатар, оларға қол жеткізу мүмкіндігіне – негізінен бағасына үлкен
рөл артылады. Энергоресурстарды пайдалануды рационалдау олардың тапшылығын
азайтуға мүмкіндік беретін энергетикалық қауіпсіздік элементтерінің бірі
дегенмен де келісуге болады.
Энергетика саясат құралы ретінде пайдалану мүмкіндігі бәрімізге мәлім.
Мысалы, газ құбырын, электрожелісін ашу немесе жабу арқылы өзінің
энергоқамту көздері жоқ тәуелсіз елдің саясатына әсер етуге болады.
Сондықтан Доктрина жасаушылардың позициясы түсінікті: Ресей үшін
энегроқауіпсіздік – ұлттық қауіпсіздіктің құрамдас бөлігі. Оны қамтамасыз
ету үшін экономикалық және саяси қауіптерді жоюдың шаралар комплексі қажет.
Ол ең алдымен инвестициялық дағдарысты жою мен экономиканы қаржылай
тұрақтандыруды білдіреді. [9]
Алайда мәселені бұлайша түсіндіру өзінің жалпылауы себепті көп нәрсені
түсіндіре алмайды. Егер оған сүйенер болсақ, онда кез-келген мемлекеттің
негізгі энергетикалық қауіпінің орын алуы оның басқарушы элиталарының қате
саясатының салдары болып табылады. Мұндай тәсіл нақты шешімдерді қабілдау
үшін жарамсыз.
Басқа зерттеушілердің пікірінше, энергетикалық қауіпсіздік қатерлері –
физикалық, экономикалық, әлеуметтік және экологиялық қауіп-қатерлер болып
табылады.
Физикалық қауіп-қатерлер ретінде, ең алдымен, тұтынылатын жанармайдың
кендерінің таусылуы қарастырылады. Сонымен қатар, жеткізілудің
тұрақтылығына әсер ететін масштабты табиғи апаттар мен геосаяси
дағдарыстардың мүмкіншілігін де ескерген жөн.
Экономикалық қауіп-қатерлер әлемдік рыноктағы қуат көздеріне бағаның
тұрақсыздығымен байланысты. Мұнай бағасының секіруі қаржы және сауда
салаларында тұрақсыздық орнатып, экономикалық берекеге үлкен әсерін
тигізеді. Қазіргі жаппай автомобилизациялау дауірінде Еуропада бензин
бағасы бір ғасыр бұрынғы нан бағасы секілді әлеуметтік тұрақтылық факторы
атанды.
Энергетикамен байланысты экологиялық қауіп-қатерлер де назарға алынады:
атомдық электростанциялардағы апат мүмкіндігі, мұнайдың төгілуі, метан
төгілуі және жанармай энергетикасы кәсіпорындарындары мен қуат көздерін
тасымалдаудағы басқа да апаттар және зиянды заттар эмиссиясы.
Көрсетілген тізімге бір жағынан энергетикалық сектордың (барлық энергия
түрлерін өндіру, өңдеу, магистралды тасымалдау және тораптық тарату)
технология деңгейінің және екінші жағынан осы энергияны тұтынушы экономика
салаларының деңгейлерінің сәйкестігі факторын қосуға болады. Мысалы, мұнай
өндірісі өнеркәсіп пен байланыстағы ақпараттық революцияға барабар емес.
Табиғи газдың магистралды транспортының инженерлік шешімдері тарату
жүйелеріндегі технологияларды әлдеқайда басып озады; газтранспорттық
байланыс жүйелері қорғаныс деңгейі бойынша террористтік тәсілдердегі
техникалық прогрестен қалып қояды және т.б. [10]
Ең соңында құралдар мен мақсаттың сәйкестігі. Егер энергетикалық
секторды экономикалық мақсаттарды жүзеге асыру құралы деп алсақ, онда
энергетикалық қауіпсіздік мәселесіне дәстүрлі көзқарас энергияны ішкі және
сыртқы көздерден жеткізуді минималды резервті пайдалану арқылы арттыруға
тіреледі. Осы тұрғыдан қасрастырсақ, ЕО энергияның ішкі көздерінің ауқымын
арттыруы тиіс, ал Ресей мен басқа да жеткізушілер сыртқы жеткізудің
тұрақтылығын қамтамасыз етуі тиіс.
Еуропа саясаттанушылары пікірінше, энергетикалық қауіпсіздікке қатердің
негізгі көздері:
• мұсылман өндіруші аймағының тұрақсыздығы;
• көмірсутектердің резервтік қорларының және өндірудегі қуаттылықтың
жеткіліксіздігі және өндіруші елдердің локалды қақтығыстар кезінде осы
тұрақсыздықтың орын толтыра алмауы;
• энергобалансты қатаң жоспарлаудың жоқтығы;
• ЕО елдерінің реттеудің рыноктық механизмдерін жектен тыс қорғауы;
• жасылдардың СО2 шығындыларын шектеу мен атом энергетикасын дамытуға
тыйым салуға бағытталған әрекеттерінің шектен тыс болуы. [3 б. 81-83]
Алайда аталғандардың барлығы дерлік анық емес. Шындығында, мұнай
өндіруші мұсылман елдері саяси тұрақсыз, ал террор жаһандық ауқымға ие
болып, техникалық жағынан жаңғырды. Шындығында, бұл елдерде резервтік қуат
локалды дағдарыстардың орнын толтыруға жеткіліксіз, ал ЕО елдерінде жеке
транспорт пен шаруашылықта энергия тұтыну қарқынды өсуде. Еуропада көпшілік
қауым пайда болған жағдайдан шығатын жол рынок пен тұтынуды қатаң реттеу
деп ойлайды.
Бірақ жоспарлауды энергетикалық шауашылықтың тұрақсыздығына қарсы
теңдесіз құрал деп санауға да болмайды. Еуропада – Екінші дүниежүзілік
соғыс кезінен бері, Ресейде 70 жыл жоспарлы экономика кезінде мұндай тәсіл
индустриализациялаудың тек бастапқы кезеңінде нәтиже беретіні анықталған.
Соған қарамастан жағдайды ғылыми бағалау мен стратегиялық басқару қажет.
Сонымен, энергетикалық қауіпсіздік - нақты және уақыт өткен сайын
өзгеріп отыратын түсінік. Мәселе өте ерте пайда болған, алайда қазіргі
таңдағы келбетіне өткен ғасырдың басында электрлік энергожүйелерді жалпы
ұлттық, сосын трансұлттық құрылымдарға біріктіргенде ие болды.
Электроэнергетика электрожелістерді автоматтық қорғау, электр жүйелерін
конфигурациялаудың қашықтан басқару және генерацияланған қуатты сақтау
бойынша үлкен тәжірибе жинақтады. Нәтижесінде энергетиканың басқа ешқандай
саласында жүйенің ақауы салдары және техногендік, экономикалық және саяси
факторлардың өзара тәуелділігі мұншалықты анық көрініс алмайды. Соңғы
жылдарда бұл тәуелділік ЕО елдерін газбен қамтамасыз етуде де көрініс
алуда. [9 б. 9-11]
Еуропалық кеңістіктің энергетикалық қауіпсіздігі мәселелері – ең
алдымен дамыған елдер ерекшелігі болып табылады. Ресей мен ЕО-ның кей
елдері дамушы елдерге жатқызылуы мүмкін болса да, алайда жалпы алғанда олар
тұрақты дамуы жан басына шаққанда энерготұтынудың өсуі арқылы қамтамасыз
етілетін дамыған елдер болып табылады.
1.3 Жасыл кітап
1970-1980 жж. энергетикалық дағдарыстан бері энергетика, оның
тиімділігі мен қауіпсіздігі Еуропалық одақтың ішкі және сыртқы саясатында
маңызды орын алды. Еуропалық одақтың энергетикалық саясаты әр бес жыл сайын
қарастырылып, анықталады. 2006 жылы оның кезекті қарастыру процесі орын
алды. Осы процестің алғашқы кезеңдерінің бірі Жасыл кітапты дайындау мен
соның негізінде орын алып отырған энергетикалық мәселелерді жария түрде
талқылау болып табылады.
2000-2001 жж. өткен алдыңғы энергетикалық саясатты қарастыру кезеңінде
Жасыл кітаптағы ең басты талқылау тақырыбы энергиямен қамтамасыз ету
қауіпсіздігі, ал басты мәселе – жалпы алғанда қазба отынға үлкен тәуелділік
және жеке алғанда сыртқы көздерден отын жеткізуге тәуелділіктің артуы
болды. Сол кездің өзінде аса жоғары энергетикалық тәуелділікті жою
мақсатында Еуроодақтың энергиямен қамтамасыз ету қауіпсіздігін қамтамасыз
ету бойынша саясатын қайта қарау қажеттігі туралы тұжырым жасалды. [3 б.
80]
Соңғы бес жылда әлемдегі энергетикалық жағдай көп жағынан елеулі
шиеленісті болып кетті. Әлі ол Еуроодақ елдерінің жалпы экономикалық
дамуына кері әсер еткен жоқ және тіпті мұнай мен газ экспортер-елдері
тарапынан еуропалық тауарларға сұраныстың өсуіне алып келді.
ЕО энергобалансындағы қазба отынның басым рөлі сақталуда. Негізінен
транспорт тұтынатын мұнай мен мұнай өнімдеріне ең үлкен үлес тиюде (37%).
Сонымен қатар маңыздылығы бойынша екінші отын – табиғи газды тұтыну ең
жоғары қарқынмен өсуде (2000-2004 жж. орташа есеппен 2,8%). Көмір тұтыну
көлемі бойынша үшінші қуат көзі болып табылады және электроэнергетикада
маңызды рөлін сақтауда. Алайда ЕО-тың Киото хаттамасы аясында парниктік
газдардың шығарылуын қысқарту бойынша міндеткерлікті орындауына байланысты
таза көмірлік технологиялар енгізу мен көмірқышқыл газды сақтау және жою
жүйелерін қондырусыз оны масштабты жағуды жалғастыру мүмкін емес.
Атомдық энергия үлесі тұрақты өскен болатын, алайда соңғы уақытта
атомдық энергетикаға инвестиция құю тоқтатылып, ЕО бірқатар жаңа мүше-
мемлекеттерінде қауіпсіздік қамымен атомдық станциядарды жабу туралы
келісім жасалды. Сонымен қатар, бірқатар бұрынғы мүшелер (Германия, Швеция,
Бельгия) біртіндеп атомдық энергиядан бас тартуға шешім қабылдады. Қалпына
келетін энергия түрлері ішінен жел энергетикасында өте елеулі өсім
байқалды: 1998-2003 жж. жел қондырғылары қуаты 4 есе өссе, ал 2003-2005 жж.
тағы 57% қуат қосылды.
ЕО соңғы тұтыну құрылымында үш сектор басым: транспорт (30 %),
өнеркәсіп (28 %) және үй шаруашылығы (27 %). Еуропаның көмірсутектердің
өндірісі мен ресурстық базасының азаюы орын алуда. ЕО елдеріне отынды
жеткізуде таза импорт үлесі қауіпті 50 % жетсе, мұнайға қатысты 81% жетті
(табиғи газ - 54%). Мұнда табиғи газдың 95% тек үш елден: Ресей, Алжир және
Норвегиядан жеткізіледі. Табиғи газ жеткізілімінде Ресей үлесі 50% жетсе,
мұнайға қатысты 30% жетеді. Жалпы алғанда мұнай және мұнай өнімдерін
жеткізушілер диверсификациясы табиғи газдан қарағанда әлеқайда жоғары болып
табылады. [11]
Соңғы уақытта Еуроодақ елдерінде сыртқы энергетикалық тәуелділік сезімі
күшейді, ол әсіресе 2005-2006 жж. қысқы суық кезінде Ресейден табиғи газды
жеткізбеу жағдайында және 2009 жылдың қаңтар айындағы Ресей мен Украина
арасындағы газ транзиті дауы барысында қатты байқалды. Энергетикалық
мәселелерді саяси қысым құралы ретінде пайдалану қатеріне байланысты
қауіптену күшейді. Сонымен қатар Еуропаның қауіптенуінде Ресеймен 2007 жылы
серіктіестік пен ынтымақтастық туралы жаңа ұзақ мерзімді келісімнің жасалуы
жолында ілгерілеудің болмауы және Иранның ядролық бағдарламасына байланысты
қақтығыс және әлемдегі тұрақсыздықтың жалпы күшеюі белгілі-бір рөл ойнауда.
ЕО қазіргі энергетикалық саясаты шеңберінде 2030 ж. дейін ЕО ішіндегі
энергетикалық жағдай дамуы қолайсыз болуда және жедел жаңа энергетикалық
саясат дайындауды талап етеді. 2030 жылы 2000 жылға қарағанда энергия
тұтыну 15% өсімі күтілуде. ЖІӨ осы кезеңде күтілген 79% өсімі кезінде
энергия сыйымдылық жылына орташа 1,5% төмендейді.
Энергияға сұраныс 2030 ж. қарай қызмет көрсету саласында ең жоғары
өсімге ие болады (49%) деп күтілуде. Тұрғын үй секторында үй шаруашылығы
санының өсуі мен өмір сүру қалпының өзгеруі себепті энергияға сұраныс 29%
өседі деп болжануда. Транспорт секторындағы сұраныстың 21% өсуі белсенділік
өсімінің қарқының баяулауы мен қозғалтқыштардың тиімділігінің артуымен
түсіндіріледі. Биоотын бойынша Директиваны жүзеге асыруға көп үміт
артылуда, өйткені оның транспорт секторындағы үлесі 2030 жылға қарай 8%
жетуі тиіс.
Жалпы алғанда энергияны соңғы пайдалану саласында электр энергиясына
сұраныс (58%) ең көп өсім табады. Сонымен қатар осы кезеңде қазіргі таңда
қызмет істеп тұрған электр станцияларының 60% алмастыруға тура келеді.
Нәтижесінде ЕО электрэнергетикасын жақын 25 жылда дамытуға 600 млрд евро
инвестиция қажет болады.
Қазіргі энергетикалық саясатты саралай отырып, Жасыл кітап-2006
Еуропалық орнықты, бәсекеге қабілетті және қауіпсіз энергетика
стратегиясы Еуропа жаңа энергетикалық дәуірге енді және жаңа энергетикалық
мәселелер мен шындықтарға кезікті деп айқындайды. Олардың негізгілері:
• Еуропа жақын 20 жылда энергетикаға триллион евроға жуық қаржы салуына
тура келеді;
• ЕО-қа энергия импорттау тәуелдігі 20-30 жылдан соң 70% дейін, табиғи
газ бойынша 80% дейін, мұнай бойынша 100% дейін өседі. Сонымен қатар
импортталатын отын көздері геосаяси тұрақсыз аудандарда шоғырланған;
• Импорттың диверсификациясының төмендігі: тұтынатын газдың жартысына
жуығы үш елден келеді – Ресей, Норвегия және Алжир;
• Мұнай мен газға баға өсуде және тұрақсыздықты ескере отырып, әлі ұзақ
уақыт жоғары деңгейде қалуы мүмкін. Бұл электр энергиясына бағаның
өсуіне алып келеді және тұтынушыларға ауыр жүк болады;
• Жер климаты жылынуда. Бұл Еуропаны қоса алғанда бүкіл әлемнің
экономикасы мен эко жүйесіне ауыр зардап әкелуі мүмкін;
• Еуропада жалпы еуропалық бәсекелі энергетикалық рыноктар құру еш
аяқталмауда және олсыз тұтынушылар энерго қамтамасыз ету қауіпсіздігі
мен энергия бағасының төмендеуіне қол жеткізе алмауда.[12]
Жаңа жағдай біріккен Еуропа тарапынан ұжымдасқан жауап пен жаңа
ұйымдастырылған әрекеттерді талап етеді. ЕО 25 мүше-елдерінің жеке
әрекеттеріне негізделген тәсіл жеткіліксіз. Бұл туралы Еурокомиссияның 2000
ж. энерго қамтамасыз ету қауіпсіздігі туралы Жасыл кітабында айтылған
болатын, бірақ өткен уақыт ішінде ортақ негізгі тәсіл құру және әрекеттерді
ұжымдастыру жолында айтарлықтай жетістіктерге қол жетілген жоқ. Жаңа жалпы
Еуропалық энергетикалық стратегияны қалыптастыру керек пе деген
фундаменталды сұрақ жауабын тапқан жоқ.
Жасыл кітап-2006 жаңа ортақ Еуропалық энергетикалық саясаттың негізін
қалап, оның қалыптасу процесін іске қосуы тиіс. Бұл саясат энергетикадағы
үш ең басты еуропалық мақсаттарға негізделуі тиіс:
Тұрақтылық: энерготиімділікті арттыру мен қалпына келтірілетін қуат
көздерін пайдалану әрекеттері арқылы экологиялық тұрақтылықты күшейту.
Бәсекеге қабілеттілік: ЕО елдері экономикаларының бәсекеге
қабілеттілігін және дамуға ыңғайлы энергиямен қамтамасыз ету шарттарын
қамтамасыз ету.
Энергиямен қамтамасыз ету қауіпсіздігі: сыртқы жеткізілімдер
сенімділігін арттыру, қуат көздері балансын жақсарту, дағдарыс жағдайында
әрекет ету жүйелерін дамыту.
Жасыл кітапта Еуроодақ елдерінің ортақ әрекеттері олардың жеке
әрекеттерінен қарағанда әлдеқайда тиімдірек болатын алты приоритетті облыс
анықталады:
1. ЕО энергетикасы мен жұмыс орындарын құру және экономикалық өсім.
2. энергияны жеткізу қауіпсіздігі мен бәсекелестігін қамтамасыз ету.
3. ЕО елдерінің дағдарыс жағдайында ынтымақтастығы.
4. Климаттың жаһандық өзгеруіне интегралды көзқарас.
5. Жаңа энергетикалық техологияларды қолдау.
6. Келісілген сыртқы энергетикалық саясат.[11 б. 56]
Осы облыстар шеңберінде Жасыл кітапта әрекеттің үлкен аясы ұсынылады.
Жалпы әрекеттердің бірінші облысындағы негізгі міндет – газ бен электр
қуаты рыноктарын либерализациялауды аяқтау. 2007 ж. шілдесіндегі
электроэнергетика мен газ бойынша Директиваларға сәйкес ЕО елдеріндегі кез-
келген тұтынушы ЕО-тан тыс кез-келген жеткізушіден электр қуаты мен газды
сатып атуға құқығы иеленеді. Бұл құқықты жүзеге асыру үшін бірқатар
институционалдық және техникалық мәселелерді шешу қажет: жүйе мен
диспечерлеуге кіру мүмкіндігін үндестіру, трансшекаралық сауданы жалпы
еуропалық реттеуші құру, елдер арасындағы қуат көздері ағымы жүйесін
жақсарту, генерациялайтын қуаттылықтарға инвестицияны қолдау және іс
жүзінде энергетикада бәсекелік және монополиялық қызмет түрлерін бөлу.
ЕО энергетикалық рыноктарында сұраныс пен ұсыныс мониторингінің ашық
жүйесін құру, жүйелік энергетикалық құрылымдары үшін ортақ жұмыс істеу
стандарттарын енгізу, жүйелік операторлар арасында ақпарат алмасу мен
ұйымдастыруды жақсарту, энергетикалық инфрақұрылымның физикалық
қауіпсіздігін күшейту ұсынылуда.
Энергиямен қамтамасыз ету қауіпсіздігін арттыру үшін қорларды реттеуді
жаңа жағдайларға сәйкестендіру үшін ЕО мұнай мен газдың резервтік қорлары
мәселесінде саясатты сараптау, оның ашықтығын жоғарылату, дағдарыс
жағдайында жедел ортақ әрекет ету механизмін енгізу ұсынылуда.
Жасыл кітапта Еуропалық Қауымдастық деңгейінде жоғарыда айтылған ең
басты үш мақсат контекстінде жеке қуат көздері рөлін туралы талқылау өткізу
қажет деп ескеріледі.
Энерготиімділік ЕО энергетикалық саясатының басты бөлігі болып қалуда.
Еуропа басқа да мақсаттарды ескере отырып энерготиімділік пен қалпына
келтірілетін қуат көздері саласында көшбасшылықты сақтап қалуы тиіс.
Әрекеттің приоритетті бағыттары – энерготиімділікті арттыру (2020 жылға
қарай 20%) және қалпына келтірілетін қуат үлесін көбейту (2015 қарай 15%).
Жаңа жалпы еуропалық рыноктық құралдар, көміртек шығаруға квота саудасы
секілді ақ сертификаттар саудасын енгізу қажет. Екі бағыт бойынша да
қазба отын импортына тәуелділікті қысқарту, парниктік газдар шығаруын
төмендету және т.б. байланыстағы әрекет жоспарлары қаралып, қабылдануы
тиіс. Транспорт секторы энерготиімділігіне ерекше назар аудару қажет.
Жаңа энергетикалық технологияларсыз алға қойылған мақсаттарға
(энергиямен қамтамасыз етудің тұрақтылығы, бәсекеге қабілеттілігі және
қауіпсіздігі) қол жеткізу мүмкін емес. Жаңа энергетикалық технологиялардың
дайындауы мен енгізуін және оларға рыноктық сұраныс жасау үшін жаңа
энергетикалық технологияларды, әсіресе төмен және көмірсутексіз
технологияларды енгізуді дамыту мен енгізу стратегиялық жоспарын дайындау
қажет. ЕО деңгейіндегі ұйымдастырылған саясат осы шаралардың тиімділігін
арттырып, үлкен қаржы ресурстарын тартуға мүмкіндік береді.
Жасыл кітап-2006 ұсыныстарында бүкіл әлемдегі серіктестермен бірге
жалпы энергетикалық және саяси мәселелерді шешуде тиімді көшбасшы рөл ойнау
үшін ұйымдастырылған сыртқы энергетикалық саясатты құруға үлкен орын
бөлінеді. Бұл Еуропаның 450 млн тұтынушысы бар әлемдегі үлкендігі бойынша
екінші энергетикалық рынок ретіндегі орнына сәйкес келеді деп атап өтілген.
Бірақ бұл рөлді ойнау үшін Еуропа халықаралық энергетикалық диалог
шеңберінде бір ауыздан сөйлеуі тиіс.
Бұл бағыттағы бірінші қадам Қауымдастық деңгейінде сыртқы энергетикалық
саясат мақсаттары және оларды жүзеге асыру бойынша ұлттық және жалпы
еуропалық деңгейлерде әрекеттерге қатысты келісімге қол жеткізу керек.
Мәселелерге ортақ көзқарас қалыптастыруге негіз ЕО энергетикасын
стратегиялық шолу болуы тиіс.
Бұл шолу ЕО сыртқы саясатының келесі басты мақсаттары мен құралдарын
қамтуы тиіс:
I. Энергия жеткізу қауіпсіздігі мен диверсификациясы мәселелерінде нақты
саясат. Ең алдымен мұндай саясат газ жеткізуге қатысты өте маңызды.
Онда Таяу Шығыстан, Солтүстік Африкадан және т.б. газ құбырлары, СТГ
үшін терминалдар, Каспий аймағынан мұнай құбырларын қоса алғанда жаңа
инфрақұрылым салу мен жаңарту ісіндегі приоритеттер анықталуы тиіс.
II. Өндірушілер, транзиттік елдер және тұтынушылармен қатынастарды
тереңдету. Еуропаның біртұтас тұрғысы негізінде тек жеткізушілермен
ғана емес, сонымен қатар ірі тұтынушылармен де (АҚШ, Қытай және
Үндістан) саяси диалог жүргізу қажет. Ресеймен қатынастарға приоритет
берілуі керек. Ресеймен қатынастарды тең серіктестер қатынасы ету,
олардың қауіпсіздігі мен болжалдығын арттыру, жаңа қуаттарға ұзақ
мерзімді инвестицияларға қолдау көрсету үшін жаңа бастама керек.
Энергетикалық хартия келісім-шартын ратификациялауға қол жеткізіп,
Транзиттік хаттама бойынша келіссөздерді аяқтау керек. Сонымен бірге,
ЕО периметрі бойынша көрші елдермен және олардың топтарымен, әсіресе
Оңтүстік-шығыс Еуропа елдерімен келісімдер жасау арқылы біртұтас
қағидалар таралуы және энергетикалық рыноктарды кеңейту ұсынылады.
III. Сыртқы дағдарыстық жағдайларға тиімді жауап қайтару. Еуропада мұндай
оқиғаларға жауап қайтарудың ресми құралы жоқ. Оны құру үшін бұл жүйеге
не кіретінін, атап айтқанда, мониторинг пен алдын-ала ескерту
механизмдерін анықтау қажет.
IV. Энергетиканы басқа мәселелер бойынша саясатқа біріктіру. Мұнда әңгіме
климат өзгеруі, энерготиімділік және қалпына келетін қуат көздері, жаңа
технологиялар және т.б. секілді мәселелер бойынша жаһандық
серіктестермен халықаралық ынтымақтастық туралы болуда. Атап айтқанда,
Көміртегі шығару саудасының Еуропалық жүйесі қатысушылары географиясын
кеңейтуге үлкен күш салу керек. ЕО, сонымен қатар, энергетикалық
тиімділік бойынша халықаралық келісім жасау идеясын қозғауы тиіс. [11
б. 85]
Сыртқы саяси тәсілдерді құрастыру рөлінен басқа, ЕО энергетикасын
стратегиялық шолу жоғарыда айтылған жаңа энергетикалық саясаттың барлық
аспектілері бойынша негізін қалаушы құжат болуы тиіс.
2006 ж. наурыз айындағы кездесуінде Еуропалық кеңес Жасыл кітап-2006
қарастырып, оның негізінде Еуропаның жаңа энергетикалық саясатын құруға
шақырды және бірқатар нақты бірінші кезекті әрекеттерді ұсынды. Кеңес
осындай әрекеттер қатарында басты энергетикалық жеткізуші мен
серіктестердің бірі ретіндегі Ресеймен қатынастарды ұзақ мерзімді өзара
тиімді тең құқылы ынтымақтастық деңгейіне жеткізу үшін энергетикалық
диалогты жандандыруды, оның ашықтық деңгейін көтеру және Энергетикалық
хартияның транзиттік хаттамасы бойынша келіссөздерді аяқтауды ерекше атап
өтті. [10 б. 75-86]
Еуропа климаттың жаһандық өзгеруі облысында өз стратегиясын дайындап,
Киотолық және пост-Киотолық үрдіске өз үлесін қосу үшін халықаралық аренада
белсенді әрекет етуі тиіс.
Кеңес отырысы нәтижесі бойынша Президенттік шешім мен ЕО энергетика
министрлері отырысы шешімінде қойылған мақсаттарға сәйкес сараптамалық
базалар (энергетикалық модельдер мен сценарийлер, индикаторлар жүйесі)
дайындау қажеттілігі де атап өтілген.
Еуроодақтың соңғы құжаттарының басты қорытындысы ЕО мүше-елдерінің
негізгі мәселелер бойынша ортақ, біріккен позициясын қалыптастыру мен жақын
онжылдықта ЕО энергетикалық қауіпсіздігі, бәсекеге қабілеттілігі мен
экологиялық тұрақтылығын қамтамасыз ететін жаңа энергетикалық саясат
құрастыруда мүше-елдердің әрекеттерінің ынтымақтастығы деңгейін көтеру
қажеттігін негіздеу болып табылады. Әлемдік энергетика өзгеруде және осы
жаңа әлемде энергетикалық мәселелерді жаңаша түсіну және оларды шешуде жаңа
тәсілдер қажет. Бірігіп, бір тұрғыдан әрекет ету арқылы Еуропа
энергетикалық мәселелердің шешімінің жаһандық ізденісіне басшылық етуі
мүмкін. Энергияның ең ірі тұтынушыларының бірі, энерготиімділік, парниктік
газдар шығаруын төмендету, қазіргі заманғы технологиялар мен энергетикалық
рыноктар либерализациясы мәселелерінде көшбасшы ретінде оның ондай
басшылыққа барлық мүмкіндіктері бар.
Еуропаның жаңа энергетикалық саясатын құру үрдісінің ерекшеліктерінің
бірі оның жариялығы болып табылады. Ондағы әр құжат, әр идея әр кезеңде
жариялылық меншігінде болып, тәуелсіз ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz