Жеке мүліктік емес игіліктер мен құқықтар



Кіріспе ... ... ...3
І.Жеке мүліктік емес құқықтарды реттеудің жалпы ережелері.
1.1.Жеке мүліктік емес құқықтық қатынастардың ұғымы және олардың түрлері. 5
1.2. Жеке мүліктік емес құқықтық қатынастардың мазмұны және олардың субъектілері мен объектілері. 11
1.3. Жеке мүліктік емес құқықтық қатынастардың пайда болу, өзгеру және тоқтатылу негіздері 14

ІІ. Жеке мүліктік емес өзіндік құқықтар мен игіліктердің ерекшеліктері.
2.1. Жеке мүліктік емес игіліктер мен жеке мүліктік емес өзіндік құқықтардың арақатынасы 17
2.2. Ар.намыс, қадір.қасиет және іскерлік бедел құқықтық
категориялар ретінде. 20
2.3. Интеллектуалдық меншік пен ерекше құқық ұғымдарының арақатынасы ... 22

ІІІ. Жеке мүліктік емес игіліктер мен құқықтарды қорғау және моральдық зиянды өтеу ережелері.
3.1 Жеке мүліктік емес игіліктер мен құқықтарды қорғау 25
3.2. Моральдық зиянды өтеу ережелері. 35

Қорытынды 39

Қолданылған әдебиеттер тізімі 43
Тәуелсіз туының аясында өзінің мемлекеттігін құрып жатқан Қазақстан Республикасына биыл 19 жыл толып отыр. Қазіргі таңда елімізде жүргізіліп жатқан әлеуметтік – экономикалық және саяси реформаларының түпкілікті мақсаты – жеке адамның бостанды өмір сүруіне және ілгері қарай дамуына жағдай жасау және құқықтарына кепілдік беру. Мемлекеттің басты ұраны – жеке адамның материалдық және рухани қажеттіліктерді қанағаттандыру. Жаңадан қалыптасып келе жатқан ұлттық заңнама соның негізінде дамиды.
Жеке және заңды тұлғаларға тиесілі жеке мүліктік емес игіліктер мен құқықтар жеке мүліктік емес өзіндік қатынастардың объектілері болып табылады. Жеке мүліктік емес құқықтық қатынастар адам мен тұлғаның өзіндік құқықтарынан бастап мүліктік құқықтар, оның ішінде заттық құқықтардың, жалпы азаматтық құқықтардың құрамына сіңген құқықтарға дейін қамтиды. Жеке жеке мүліктік емес қатынастар тек азаматтық заңнамамен ғана емес барлық заң актілерімен реттелінеді. Аталған объектілер жеке мүліктік емес сипатта болады және тиісті тұлғадан ажыратылмайды.
Аталмыш жұмыс жеке мүліктік емес игіліктер мен құқықтарды азаматтық құқықтық қорғау мәселелеріне арналады. Жеке мүліктік емес игіліктер мен құқықтар әр түрлі құқық салаларымен қорғалады. Әр құқық саласының нормаларының қолданылу шеңбері және тәсілдері болады. Азаматтық құқықтық жауапкершіліктің шаралары бұзылған құқықтарды қалпына келтіруді қамтамасыз етеді. Әрине бұзылған жеке мүліктік емес игіліктер мен құқықтарды қалпына келтіру өте қиын. Бірақ та олардың бұзылғандағы үшін өтемақыны төлеу немесе моральдық зиянды өтеу құқығы бұзылған тұлғаның жағдайын жақсартады деген пікір бар.
Азаматтық құқықтық қорғаудың ерекшелігі бұзылған жеке мүліктік емес игіліктер мен құқықтарды қалпына келтіретін белгілі бір шараларды қолдану. Мысалы, құқықтарды тану; ар-намысын, қадір-қасиетін және іскерлік беделін кір келтіретін мәліметтерді жалған деп тану және т.с.с. шаралары.
Әтүрлі құқық салаларында қолданылатын қорғау шаралары бірдей болмайды. Сондықтан да әр түрлі құқық салаларының нормаларын қолданған кезде, жеке мүліктік емес игіліктер мен құқықтар және заңды мүдделер толық көлемде қорғалады. Әсіресе қылмыстық құқықтың және азаматтық құқықтың нормалары қолданылатын жағдайлар болады. Мысалы, егер жеке мүліктік емес игіліктер мен құқықтарды қол сұғатын әрекет азаматтық құқық бұзушылық болып, қылмыстық белгілеріне ие болады.
Жұмыстың мақсаты – жеке мүліктік емес өзіндік қатынастарды азаматтық құқықтық аспектіде реттеудің кейбір көкейтесті мәселелерін айқындау табылады. Сонымен бірге қазіргі ұлттық заңнамаға және соттардың оны қолдану тәжірибесіне талдау жасап, жаңа әлеуметтік – экономикалық және саяси жағдайларда азаматтық заңнаманы жақсарту жолдарын айқындап беру.
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. 30.08.1995ж., өзгертулер мен толықтырулар 07.10.1998ж. 21 мамыр 2007 ж
2. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi\ Жалпы бөлiм\. 27.12.1994ж. өзгертулер мен толықтырулар 21.05.2002ж.
3. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi \ Ерекше бөлiм\. 1.10.99ж. өзгертулер мен толықтырулар 21.05.2002ж.
4. Қазақстан Республикасының Азаматтық iс жүргiзу кодексi. 13.07.1999ж. өзгертулер мен толықтырулар 09.08.2005ж. енгiзiлген.
5. “Бұқаралық ақпарат құралдары туралы” ҚР Заңы, 1999ж 23 шілде.
6. “Сот тәжірибесінде азаматтар мен заңды тұлғалардың ар-намысын, қадір-қасиетін және іскерлік беделін қорғау жөніндегі заңдардың қолданылуы туралы” 2002 ж 18 желтоқсандағы ҚР Жоғары Сот Пленумының №6 қаулысы.
7. “Соттардың моральдық зиянды өтеу туралы заңнаманы қолдануы туралы” 2001ж 21 маусымдағы ҚР Жоғары сот Пленумының нормативтік қаулысы.

Арнайы Заң әдебиеттер:

1. ҚР Азаматтық кодекске комментарий, Алматы: Жеті Жарғы 2003ж.
2. ҚР Қылмыстық кодекске комментарий, Алматы: Баспа 2001ж.
3. Төлеуғалиев Ғ.Н. ҚР азаматтық құқығы, оқулық – Алматы: Жеті Жарғы 2001ж.
4. Сүлейменов М.К., Басин Ю.Г. Азаматтық құқық. 1 том. 2-басылым – Алматы 2009ж.
5. Гражданское право: Учебник, Под.ред. А.П. Сергеева, Ю.К. Толстого – М: Проспект, 2003 – 776с.
6. “Честь, достоинство и деловая репутация как естественные блага лиц”. Бюллетень “Законодательство и практика СМИ Казахстана” №13 за 2000 год.
7. Ярошенко К.Б. Жизнь и здоровье под охраной закона. Гражданско – правовая защита личных неимущественных прав граждан. “Юридическая натура” 2009 г.
8. “Юрист” журнал рос. изд. 2008г. №8.
9. “Юрист” журнал рос. изд. 2007г. №7. “О соотношении понятий нематериальные блага и личные неимущественные права”
10. “Юрист” Рос. изд. Журнал. 2008г. №8. “Компенсация морального вреда юридическому лицу”
11. “Юрист” журнал рос. изд. 2009г. №9. “О соотношении права собственности и морального вреда”.
12. Л. Пак, преп. кафедры гражд. и труд. Права юр. Фак-та КАРГУ им. Е.А. Букетова. “Право на честь, достоинство и деловую репутацию в системе судебных прав граждан”.
13. “Мир закона” журнал.
14. Т. Вакуленко. Главн. спецалист по правовому обеспечению авиакомпании “Авиатрек” Как возместить то, что нельзя оценить?”
15. Б. Базарбаев “Возмещение морального вреда по законодательству РК”.
16. М.Л. Апранич “Охряняемые законом личные неимущественные интересы”.
18. Сергеев А.П. Право интеллектуальной собственности в РК. «Теис», 2006-704с.
19. Амангельды А.А Современное патентное законодательство РК:
Дис… Кан-та юр. Наук. Алматы 2009, 179с.

Мазмұны

Кіріспе ... ... ...3
І.Жеке мүліктік емес құқықтарды реттеудің жалпы ережелері.
1.1.Жеке мүліктік емес құқықтық қатынастардың ұғымы және олардың түрлері.
5
1.2. Жеке мүліктік емес құқықтық қатынастардың мазмұны және олардың
субъектілері мен объектілері. 11
1.3. Жеке мүліктік емес құқықтық қатынастардың пайда болу, өзгеру және
тоқтатылу негіздері 14

ІІ. Жеке мүліктік емес өзіндік құқықтар мен игіліктердің ерекшеліктері.
2.1. Жеке мүліктік емес игіліктер мен жеке мүліктік емес өзіндік
құқықтардың арақатынасы 17
2.2. Ар-намыс, қадір-қасиет және іскерлік бедел құқықтық
категориялар ретінде. 20
2.3. Интеллектуалдық меншік пен ерекше құқық ұғымдарының арақатынасы ...
22

ІІІ. Жеке мүліктік емес игіліктер мен құқықтарды қорғау және моральдық
зиянды өтеу ережелері.
3.1 Жеке мүліктік емес игіліктер мен құқықтарды қорғау 25
3.2. Моральдық зиянды өтеу ережелері. 35

Қорытынды 39

Қолданылған әдебиеттер тізімі 43

Кіріспе

Тәуелсіз туының аясында өзінің мемлекеттігін құрып жатқан Қазақстан
Республикасына биыл 19 жыл толып отыр. Қазіргі таңда елімізде жүргізіліп
жатқан әлеуметтік – экономикалық және саяси реформаларының түпкілікті
мақсаты – жеке адамның бостанды өмір сүруіне және ілгері қарай дамуына
жағдай жасау және құқықтарына кепілдік беру. Мемлекеттің басты ұраны – жеке
адамның материалдық және рухани қажеттіліктерді қанағаттандыру. Жаңадан
қалыптасып келе жатқан ұлттық заңнама соның негізінде дамиды.
Жеке және заңды тұлғаларға тиесілі жеке мүліктік емес игіліктер мен
құқықтар жеке мүліктік емес өзіндік қатынастардың объектілері болып
табылады. Жеке мүліктік емес құқықтық қатынастар адам мен тұлғаның өзіндік
құқықтарынан бастап мүліктік құқықтар, оның ішінде заттық құқықтардың,
жалпы азаматтық құқықтардың құрамына сіңген құқықтарға дейін қамтиды. Жеке
жеке мүліктік емес қатынастар тек азаматтық заңнамамен ғана емес барлық заң
актілерімен реттелінеді. Аталған объектілер жеке мүліктік емес сипатта
болады және тиісті тұлғадан ажыратылмайды.
Аталмыш жұмыс жеке мүліктік емес игіліктер мен құқықтарды азаматтық
құқықтық қорғау мәселелеріне арналады. Жеке мүліктік емес игіліктер мен
құқықтар әр түрлі құқық салаларымен қорғалады. Әр құқық саласының
нормаларының қолданылу шеңбері және тәсілдері болады. Азаматтық құқықтық
жауапкершіліктің шаралары бұзылған құқықтарды қалпына келтіруді қамтамасыз
етеді. Әрине бұзылған жеке мүліктік емес игіліктер мен құқықтарды қалпына
келтіру өте қиын. Бірақ та олардың бұзылғандағы үшін өтемақыны төлеу немесе
моральдық зиянды өтеу құқығы бұзылған тұлғаның жағдайын жақсартады деген
пікір бар.
Азаматтық құқықтық қорғаудың ерекшелігі бұзылған жеке мүліктік емес
игіліктер мен құқықтарды қалпына келтіретін белгілі бір шараларды қолдану.
Мысалы, құқықтарды тану; ар-намысын, қадір-қасиетін және іскерлік беделін
кір келтіретін мәліметтерді жалған деп тану және т.с.с. шаралары.
Әтүрлі құқық салаларында қолданылатын қорғау шаралары бірдей болмайды.
Сондықтан да әр түрлі құқық салаларының нормаларын қолданған кезде, жеке
мүліктік емес игіліктер мен құқықтар және заңды мүдделер толық көлемде
қорғалады. Әсіресе қылмыстық құқықтың және азаматтық құқықтың нормалары
қолданылатын жағдайлар болады. Мысалы, егер жеке мүліктік емес игіліктер
мен құқықтарды қол сұғатын әрекет азаматтық құқық бұзушылық болып,
қылмыстық белгілеріне ие болады.
Жұмыстың мақсаты – жеке мүліктік емес өзіндік қатынастарды азаматтық
құқықтық аспектіде реттеудің кейбір көкейтесті мәселелерін айқындау
табылады. Сонымен бірге қазіргі ұлттық заңнамаға және соттардың оны қолдану
тәжірибесіне талдау жасап, жаңа әлеуметтік – экономикалық және саяси
жағдайларда азаматтық заңнаманы жақсарту жолдарын айқындап беру.
Аталмыш жұмыс тақырыбына бірнеше ғылыми еңбектер мен нормативтік
құжаттардың арналуына қарамастан кейбір жекелеген мәселелерінің сұрақтары
шешілмегендегі айқын. Соған байланысты дипломдық бітіру жұмысы үлкен үш
бөлімге бөлініп, аталған мәселелерді көрсете отырып, шешу жолдарын
қарастырады.
Осы жұмыс Қазақстан Республикасында жеке мүліктік емес игіліктер мен
құқықтарды реттеу және қорғау туралы заңнама негізінде, сот тәжірибесі және
ғылыми еңбектер негізінде жазылды.
Сондай-ақ бағамдық жұмыстың жоғарыда аталған мәселелерінің барлығын
терең талқылай отырып, өз тұжырымдамамды ұсынамын.

І. Жеке мүліктік емес құқықтарды реттеудің жалпы ережелері.

1.1.Жеке мүліктік емес құқықтық қатынастардың ұғымы және
олардың түрлері.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 6 – бабының 1 – тармағында
мемлекеттік меншікпен қатар жеке меншік танылып, оның бірдей қорғалуы
бекітілген. Сондай-ақ, мемлекетіміздің экономикалық даму жолының жоспарлы
экономикадан нарықтық экономикаға көшуі қоғамдық қатынастардың жаңа
түрлерінің пайда болуына алып келді. Айтып отырған жаңа қоғамдық
қатынастарды құқықтық реттеу азаматтық заңдарда көрініс тапқан. 1994 жылы
қабылданған Қазақстан Республикасының Азаматтық
кодексінде алғаш рет азаматтық құқықтардың объектілері жеке қарастырылды.
Бұл жерде азаматтық құқықтар мен азаматтық құқығының арасындағы
айырмашылықты атап өткен жөн. Азаматтық құқықтар қоғамдық қатынасқа
қатысушы субъектілерге қатысты айтылатын құқықтарды қамтыса, азаматтық
құқығы, бұл – ғылым және оқу пәні.
Азаматтық құқықтардың объектісі ретінде қызметтің басқа қызмет
түрлерінен ерекшелігі субъектілердің теңдік принципіне негізделуінде.
Мемлекеттік және әскери қызметтерде міндетті субъект болып мемлекет
танылады және оған қатысушылардың арақатынасы билік пен бағыныштылыққа
негізделеді. Жалпы кез-келген құқықтық қатынасқа қатысушылардың
әрекеттерінің пайда болуы және жүзеге асуы объектіге бағытталады. Ал
азаматтық құқық қатынастар субъектілерінің әрекетінің пәні деп құқықтық
қатынас объектісі танылады. Азаматтық құқықтық нормалармен реттелетін
қоғамдық қатынастар азаматтық құқық объектісі деп аталады. [1]
Азаматтық құқық қатынастардың объектілері. Әдетте құқық қатынастарының
объектілері деп аталған құқық қатынасы бағытталған және белгілі бір ықпал
жасайтын нәрсе түсініледі. Адамдар арасындағы олардың өзара іс-қимылы
нәтижесінде белгіленетін қоғамдық байланыс ретінде азаматтық құқық
қатынасы адамның мінез-құлқына ғана ықпал ете алады. Сондықтан азаматтық
құқық қатынастарының объектісі оның субъектілерінің алуан түрлі материалдық
игіліктер мен материалдық емес игіліктерге бағытталған мінез -
құлқы болып табылады. Құқық объектілері жеке мүліктік емес өзіндік
игіліктердің жеке мүліктік емес өзіндік құқықтармен тығыз байланысқаны
соншама, Азаматтық кодексте кейде тек жеке мүліктік емес өзіндік құқықтар
туралы мәселе қозғап, онда осы ұғымдар арқылы жеке мүліктік емес өзіндік
игіліктерді меңзеп отырады.
Профессор О.С. Иоффе заң әдебиетінде құқықтық объектінің мәні туралы
және сыртқы дүниенің құқық объектілері ретінде болуы мүмкін
құбылыстарының саны туралы мәселені шешудің әр алуан үш түрі болатынын атап
өтеді. Заңгерлердің көпшілігі қосылатын үстем көзқарасқа сәйкес
объектілердің қатарына іс-әрекеттер, материалдық емес жеке игіліктер,
заттар және басқа да бағалы заттар жатады. Объектінің іс-әрекеттерінің
маңызын теріске шығаратын және бұл маңызды тек қана заттарда немесе, тіпті
болғанда ең алдымен заттар деп танитын объектінің заттық-құқықтық теориасы
бірсыпыра аз болғанымен, едәуір кең таралды.[2]
Ақырында, кейбір авторлар ғана қорғайтын іс-әрекет теориясы заттарды
құқықтық объектілер қатарынан шығарып тастайды және объектінің маңызы құқық
берген тұлға үміттене алатын міндетті әрекеттерде ғана болады деп
таныйды.[3]
Азаматтық кодекс жеке мүліктік емес өзіндік игіліктерді азамат туған
сәтінен бастап алатын және азаматқа заң арқылы берілетін деп бөлінеді.
Жеке мүліктік емес өзіндік құқықтардың мүліктік құқықтарды
иеленушілерімен байланыс дәрежесіне қарап, мүлікке қатысы жоқ жеке мүліктік
емес өзіндік құқық және мүлікпен байланысы бар жеке мүліктік емес өзіндік
құқықтар деп ажыратылады.
Мүліктік қатынастармен байланысы жоқ жеке мүліктік емес өзіндік
қатынастар дегеніміз – бұл рухани немесе материалдық емес игіліктерге
қатысты қалыптасатын қоғамдық қатынастар.
Сонымен, егер мүліктік қатынастармен байланысы жоқ жеке мүліктік емес
өзіндік қатынастар отбасылық, еңбек, әкімшілік және басқа құқық салаларының
нормалармен реттелген болса, онда олар азаматтың құқықтық нысанасына
кірмейді. Қалған жағдайлардың барлығында оларды азаматтық құқық нормалары
реттейді.
Жеке мүліктік емес өзіндік құқықты көздеген мақсатына қарай мынадай
түрлерге бөлуге болады:
1. азаматтың өмір сүруіне қамтамасыз ететін жеке мүліктік емес
өзіндік құқықтар (мысалы, өмір сүру құқығы, денсаулық сақтау
құқығы және т.б);
2. азаматтың әлеуметтік жағдайын қамтамасыз ететін жеке мүліктік
емес өзіндік құқықтар (мысалы, есім алу құқығы, жеке өміріне
құқығы және т.б.);
Азаматтық кодекстің 143 –бабына сәйкес ар-намысты, қадір-қасиетті және
іскерлік беделді азаматтық құқықтық қорғау былайша жүзеге асады, яғни
азамат немесе заңды тұлға өзінің ар-намысына, қадір-қасиетіне немесе
іскерлік беделіне кір келтіретін мағлұматтарды таратушы адам олардың
шындыққа сай келетіндігін дәлелдей алмаса, сот арқылы теріске шығаруды
талап етуге құқылы.
Азаматтық кодекстің 143-бабында теріске шығару ұғымы ашып
көрсетілмеген, тек ар-намысқа, қадір-қасиетке немесе іскерлік беделге кір
келтіретін мағлұматтар деп қана жанама түрде айтылған.
Ар-намыс дегеніміз тұлғаның рухани және әлеуметтік болмысына берілетін
қоғам бағасы. Ал, қадір-қасиет дегеніміз тұлғанын өзін-өзі бағалауы, өзінің
жеке сапаларын сезінуі, қабілет қарымын көре білуі, дүниетанымын, қоғамдағы
орны мен борышының маңызын іштей түсінуі, өзін өзі бағалау тұлғаның
моральдық және басқа сапаларын бағалаудағы әлеуметтік маңызды түйіндерге
негізделеді.
Іскерлік бедел тұлғаның кәсіби іскерлік қабілеті жөнінде қалыптасқан
қоғамдық пікір.
Азаматтық кодекстің 143-бабына сәйкес сот арқылы мынадай мағлұматтар
атап айтқанда:
1. ар-намыс пен қадір-қасиетке кір келтіретін;
2. жауапкер арқылы таратылған;
3. шындыққа сәйкес келмейтін мағлұматтар теріске шығарылады.
Аталған талаптардың жиынтығы ар-намысты қадір-қасиетті және
іскерлікке қатысты құқық қатынастарын қорғаудың жалпы негізін
құрайды.
Қазіргі кезде сот тәжірибесі мен ғылыми пікірге сүйінсек, баспасөзде,
радио мен теледидар хабарларында, кинода және басқа да бұқаралық ақпарат
құралдарына кір келтіретін мағлұматтардың жариялатындығын көреміз. Сондай-
ақ қызмет мінездемесінде, жария түрде сөйленген сөздерде, лауазымды тұлғаға
байланысты жасалған мәлімдемелерде немесе бір немесе бірнеше тұлғанын атына
бағытталған ауызекі әңгімелерде ондай кір келтірушілік кездесетіні белгілі
болып отыр.
Заңда әлгіндей мағлұматтарды таратудың нысандарына қатысты арнайы
талаптар қаралмаған. Дейтұрғанмен ондай кір келтіретін фактілердің кез
келген сипатта көрінуі оны теріске шығаруға жеткілікті негіз болады.
Кір келтіретін мағлұматтар деп азаматтың қолдалынып жүрген заң мен
моральдық принциптерді бұзуы туралы олардың абыройы мен ар-намысына
негізсіз нұқсан келтіруді айтады.
Демек, азамат немесе ұйым туралы кез келген кір келтіретін мағлұматты
шындыққа жанаспайды дей алмаймыз. Ал құқықтық немесе моральдық жағдайды
байыбына бармай теріс бағалаған хабарлар жөнсіз кінәлауды білдіреді. Егер
мағлұмат ар-намысқа, қадір-қасиетке тимесе, онда ол бейтарап сипатқа ие
болады, яғни, оны Азаматтық кодекстің 143-бабына сәйкес теріске шығаруға
негіз болмайды.
Азаматтың ар-намысына, қадір-қасиетіне және іскерлік беделіне кір
келтіретін мағлұматтар қатарына баспасөзде жарияланған теріс мағлұматтар,
радио және теледидар арқылы және басқа бұқаралық ақпарат құралдары арқылы
берілген хабарлар, қызмет мінездемесінде және басқа мінездемелерде, жария
сөз сөлеулерде, түрлі ұйымдар мен лауазымды тұлғаларға бағытталған, оның
ішінде ауызекі хабарлар жатады.
Ауызекі нысандағы мағлұмат бір немесе бірнеше тұлғаға қатысты болуы
мүмкін .[4]
Азаматтық кодекстің 143-бабында кір келтіретін мағлұматтардың теріске
шығарылуының арнайы тәртібі бекітілген. Бұл орайда бұқаралық ақпарат
құралдарында азаматқа және заңды тұлғаға қатысты кір келтірушілік мағлұмат
жарияланса , онда олар өз кезегінде бұзылған құқығы мен заңды мүддесін
қорғау үшін сол аталған бұқаралық ақпарат құралында дәлелді жауабын тегін
жариялатуға құқылы.
Егер аталған мағлұматтар ұйымнан шыққан құжат болса, бұл құжаттағы
мағлұматтардың шындыққа сай келмейтіндігі туралы тиісті адамға міндетті
түрде хабарлана отырып, мұндай құжат алмастырылуға немесе кері сұратып
алынуға тиіс. Азаматтық кодекстің 144-бабына сәйкес Азамат жеке бас
құпиясын, оның ішінде хат алысу, телефон арқылы сөйлесу, күндәліктер,
естеліктер, жазбалар, ішкі жан сыры, бала асырап алу, туу құпиясын
дәрігерлік, адвокаттық құпияны, банктік салымдар құпиясын сақтауға құқығы
бар.
Жеке бас құпиясы заң құжаттарында белгіленген реттерде ғана ашылуы
мүмкін .[5]
Күнделіктерді, жазбаларды, естеліктерді және басқа құжаттарды
жариялауға - олардың авторының келісімімен, ал хаттарды олардың авторлары
мен алушысының келісімімен ғана жариялауға жол беріледі. Олардың қайсыбірі
қайтыс болған жағдайда аталған құжаттар қайтыс болған адамның артында
қалған жұбайының және балаларының келісімімен жариялануы мүмкін. Азаматтық
қатынастарда, сонымен қатар, өз бейнесіне құқықты қорғайтын нормалар бар.
145-бапта былай деп айтылған: Қандай да бір адамның суреттік бейнесін оның
келісімінсіз, ал ол қайтыс болған жағдайда - мұрагерлерінің келісімінсіз
пайдалануға ешкімнің де құқығы жоқ. Басқа адам бейнелеген бейнелеу
туындыларын (сурет, фотосурет, кинофильм) - бейнеленген адамның келісуімен,
ал ол қайтыс болғаннан кейін - оның балалары мен артында қалған жұбайының
келісуімен ғана жариялауға, қайта шығаруға және тартуға жол беріледі. Бұған
мынадай екі жағдай кірмейді – біріншісі – бейнелеу туындысын жариялауға,
қайта шығаруға белгіленген заң актлері жол беретін жағдайда: екіншісі -
бейнеленген адам ол үшін ақы алып кескінделген жағдайда. Бұл екі жағдайда
бейнеленген адамның келісуі талап етілмейді.
Азаматтық кодекстің 146-бабына сәйкес. Заң құжаттарында көзделгеннен
басқа реттерде азаматтың тұрғын үйге қол сұққызбау құқығы болады, яғни
тұрғын үйіне өзінің еркінен тыс баса – көктеп кірудің кез келген әрекетін
тыюға құқығы бар.
Мағлұматтарды теріске шығару жөнінде берілген талап арызда көрсетілген
жауапкер осы мағлұматтарды таратқан адам не тұлға болып табылады. Егер
мағлұматты теріске шығару жөніндегі талап қою бұқаралық ақпарат құралдарына
қатысты болса, онда тиісті бұқаралық ақпарат құралының редакциясы мен
кінәлі автор жауапкер болады. Жарияланымдарда және басқалай таратылған
әлгіндей мағлұматтарға байланысты автор көрсетілмесе, онда іс бойынша сол
бұқаралық ақпарат құралы жауапкер болады.
Қызмет мінездемелерінде жол берілген кір келтірушілік мағлұматтарына
мінездемені берген және оған қол қойған адам немесе заңды тұлға жауапкер
болып табылады. Азаматқа немесе заңды тұлғаға қатысты олардың ар-
намысына, қадір-қасиетіне немесе іске беделіне кір келтіретін мағлұматтар
таратылған болса, олар мұндай мағлұматтарды теріске шығарумен бірге
олардың таратылуымен өздеріне келтірілген залалдың немесе моральдық зиянның
орнын толтыруды талап етуге құқылы. Егер азаматтың немесе заңды тұлғаның ар-
намысына, қадір-қасиетіне және іскерлік беделіне кір келтіретін
мағлұматтарды таратушыны анықтау мүмкін болмаса, өзі жөнінде осындай
мағлұматтар тараған адам таратылған мағлұматтарды шындыққа сай келмейді деп
тануы туралы сотқа шағымдануға құқылы.
Егер жауапкер соттың шешімін орындамаса, сот оған тәртіп бұзғаны
үшін бюджеттің кірісіне өндіріліп алынатын айыппұл салуға құқылы.
Айыппұл азаматтық іс жүргізу заңдарында белгіленген тәртіп пен мөлшерде
салынады. Айыппұл төлеу тәртіп бұзушыны сот шешімінде көзделген әрекетті
орындау міндетінен босатпайды.
Жоғарыда аталғандардың барлығықызметтің маңызды қасиеттерінің бірін
ашуға себеп болады. Ол – қызметтің сапасының тұрақсыздығы. Сапа дегеніміз –
қоршаған ортадағы өзінің қасиеттері, құрамдас бөліктері арқылы дараланатын,
ерекшеленетін немесе біртектес топқа ортақ белгілері, қасиеттері арқылы
жатқызылатын материалистік түсінік. Сапа деңгейі атқарылатын операция
белгілерінің жиынтығымен анықталуы тиіс. Қызмет сапасы көп жағдайда мерзім,
соңғы құны және өз құнының арақатынасымен, пайдаланылған заттар мен
құралдардың санына, орындау дәрежесіне байланысты анықталады. Жекелеген
қызмет түрлерінің сапасын эксперттік, әлеуметтік әдістермен бағалауға
болады. Қызмет сапасының тұрақсыздығы оны бағалау критериін анықтауда
қиындық туғызады. Сол себепті, азаматтық заңдарда сапаны анықтаудың
формальдық критерилері бекітілген.
Айтылғандарды қорыта келе, қызметке келесідей анықтама беруге болады.
Қызмет деп орындаушы мен қабылдап алушының табыс табуға не жеке
қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған, нәтижесі заттанбаған және
азаматтық айналымда дараланбайтын, сапалық жағынан тұрақсыздық қасиетке ие
арнайы әрекеттерді айтамыз.
Өздерінің қажеттерін қанағаттандыру барысында азаматтар мен заңды
тұлғалар үнемі өзара әр түрлі қатынастарға түсуге мәжбүр болады. Адамдар
(олар құрған ұйымдар-заңды тұлғалар) арасында қалыптасатын нақты қатынастар
сан түрлі болады.
Оларды әр түрлі әлеуметтік нормалар, атап айтқанда, моральдық және
этикалық нормалар реттеп отырады. Мұндай қатынастардың айтарлықтай бөлігін
құқық нормаларды реттейді, олар құқықтық қатынастар нысанасына ие болады.
Құқықтық реттеудің нәтижесінде қолданыстағы қоғамдық қатынастармен қатар,
әлде бір жаңа (құқықтық) қатынастар пайда болмайды. Құқықтық қатынастар
дегеніміз - бұл нақты қоғамдық қатынастардың нысаны ғана.
Қоғамдық қатынастарды құқықтың түрлі салаларының нормалары реттеп
отырады. Азаматтық құқық негізінен меншік қатынастарын және тауар-ақша
айналымы саласында қалыптасатын қатынастарды реттейді. Азаматтық құқық
сондай-ақ өзіндік жеке мүліктік емес қатынастарды да реттейді. Осы курстық
жұмыста өзіндік жеке мүліктік емес құқықтық қатынастарды азаматтық-құқықтық
аспектіде сипаттайық.
Жеке мүліктік емес игіліктер өзіндік жеке мүліктік емес қатынастардың
объектілері болады. Азаматтық құқық реттеген жеке мүліктік емес құқықтық
қатынастар азаматтық-құқықтық қатынастар сапасына ие. Жеке мүліктік емес
құқықтық қатынастар деп жеке мүліктік емес игіліктер мен құқықтарға
бағытталған азаматтық құқық нормалары реттеген қоғамдық қатынастарды
айтамыз.
Жеке мүліктік емес құқықтық қатынастардың ерекшеліктері азаматтық
құқықтық реттеудің объектісі мен әдістеріне байланысты. Жеке мүліктік емес
құқықтық қатынастардың аса маңызды белгісі-қатысушылардың заң жүзіндегі
теңдігі.
Жеке мүліктік емес құқықтық қатынастардың субъектілері билік пен өзара
бағыну қатынастарында болмайды, өзара міндеттермен және құқықтармен ғана
байланысты болады.
Жеке мүліктік емес құқықтық қатынастарға қатысушылардың бірінің
екіншісіне міндеттерін орындау жөнінде талап қоюы биліктің өкілеттігіне
емес, оған тиесілі субъективтік азаматтық құқыққа сүйенеді. Жеке мүліктік
емес құқықтық қатынастар субъектілерінің теңдігі олардың дербестігіне
сүйенеді.
Жеке мүліктік емес құқықтық қатынастар ерікті болады. Әдетте, мұндай
қатынастар оларға қатысушылардың қалауы бойынша жасалады, өйткені жеке
мүліктік емес құқықтық қатынастар субъективтік құқықтар негізінде пайда
болады. Алайда олар өзге де себептермен пайда болатын жағдайда да олардың
мазмұнын құрайтын құқықтар мен міндеттер қатысушылардың ерікті
әрекеттерімен жүзеге асырылады.
Жеке мүліктік емес құқықтық қатынастардың түрлері. Жеке мүліктік емес
құқықтық қатынастардың нормалары реттейтін объектіге қарай азаматтық құқық
жеке мүліктік емес құқықтық қатынастардың мынадай түрлерін ажыратады:
1) мүліктік қатынастармен байланысты жеке мүліктік емес өзіндік
қатынастар;
2) мүліктік қатынастармен байланысы жоқ жеке мүліктік емес өзіндік
қатынастар;
Жеке мүліктік емес құқықтық реттеудің объектісі жеке мүліктік емес
қатынастар болғандықтан, бұлардың құрылымы жеке мүліктік емес сипатта
болады. Сонымен қатар, абсолюттік және салыстырмалы жеке мүліктік емес
қатынастар болады. Абсолюттік жеке мүліктік емес құқықтық қатынастарда
адамға берілген субъективтік құқығын үшінші тұлғалар бұзбауы, оны жүзеге
асыруға жасамауы тиіс. Салыстырмалы жеке мүліктік емес құқықтық
қатынастарда нақты адам (адамдар) міндетті болып табылады. Салыстырмалы
жеке мүліктік емес құқықтық қатынастар құқық берілген тараптың да, міндетті
тараптың да нақты тұлғаларын байланыстырады, яғни дербестеленген болатын.
Мәселен, моральдық зиян келтірген адам жәбірленушіге моральдық зиянның
орнын толтыруға міндетті. Кез келген адам абсолюттік құқықты бұзып алуы
мүмкін, тиісінше, мұндай құқық субъектісіне оны кез келген адамның бұзуынан
қорғау құқығы ұсынылады. Мәселен, автордың шығармасына қол сұғылмау құқығын
кез келген адам бұзуы мүмкін. Салыстырмалы құқықты міндетті адам ғана бұза
алады. Мәселен, интеллектуалдық меншік нысанындағы шартта екі тараптың
біреуі интелектуалдық меншікке құқығын бұзуы мүмкін.

1.2. Жеке мүліктік емес құқықтық қатынастардың мазмұны және олардың
субъектілері мен объектілері.

Жеке мүліктік емес өзіндік қатынастарды азаматтық құқықтық реттеу
мұндай қатынастардың қатысушыларына құқықтар мен міндеттер беру жолымен
жүзеге асырылады.
Шын мәнісінде, жеке мүліктік емес құқықтық қатынастар дегеніміз-бұл
адамдардың құқықтармен және міндеттермен өзара байланыстылығы және жеке
мүліктік емес объектілерге бағытталуы. Жеке мүліктік емес құқықтық
қатынастарға қатысушылардың субъективтік құқықтары мен субъективтік
міндеттері оның мазмұнын құрайды.
Субъективтік құқық дегеніміз құқық берілген адамның байқалатын мінез-
құлқының заңды жолымен қамтамасыз етілген шарасы. Ол құқық берілген адамның
белгілі дәрежеде өзінің әрекет ету (өзінің дұрыс әрекет ету құқығы)
мүмкіндігінен немесе міндетті адамнан белгілі бір әрекеттер жасауды (бөгде
әрекеттер құқығы-талап ету құқығы) талап ету мүмкіндігінен көрінеді.
Мәселен, автордың шығармасын жариялау құқығы, оған қол сұғылмау құқығы оның
өз әрекеттерімен жүзеге асырылуы мүмкін.
Жеке мүліктік емес құқықтық қатынастардың мазмұнын құрайтын элементтер-
субъективтік құқықтар өзіндік және берілетін субъективтік құқықтарға
бөлінуі мүмкін. Өзіндік құқықтар тұлғамен тығыз байланысты болады және олар
тұлғадан ажыратылмайды (мысалы, өмірге қол сұғылмау құқығы) осыған орай,
барлық басқа құқықтарды берілетін құқықтар деп атауға болады.
Субъективтік міндет дегеніміз – міндетті адамның байқалуға тиісті мінез-
құлқының заңды жолмен қамтамасыз етілген шарасы. Жеке мүліктік емес
құқықтық қатынастардың мазмұнын құрайтын субъективтік құқықтар мен оның
қатысушыларының міндеттері өзара тығыз байланысты, әрбір субъективтік
құқықтың тиісті міндеті бар және керісінше.
Жеке мүліктік емес құқықтық қатынастардың бір тарабындағы субъективтік
құқықтың міндетті адамнан белгілі бір әрекеттерді жасауды талап етуіне
келесі тараптың осындай әрекеттер бабағытталған субъективтік міндеті сай
келеді. Демек, құқық берілген адамның белгілі бір әрекеттер жасау жөніндегі
субъективтік құқығына жеке мүліктік емес құқықтық қатынастардың келесі
қатысушысының бұл құқықты жүзеге асыруға кедергі жасамау, оны бұзбау
міндеті сәйкес келеді.
Жеке мүліктік емес құқықтық қатынастарды және тиісінше субъективтік
азаматтық құқықтарды бөлу (жіктеу) түрлі негіздерге сәйкес
жүргізілетіндіктен, әрбір өкілеттіктің әдетте бірнеше белгілері болады.
Мәселен, көркем туынды жасаушының оның авторы болу құқығы осымен бір
мезгілде оның өзіндік, жеке мүліктік емес, абсолюттік құқығы болып
табылады. Осы автордың баспадан қаламақы алу құқығы бір мезгілде берілетін,
мүліктік, салыстырмалы құқық болып табылады.
Жеке мүліктік емес құқықтық қатынастарға қатысушылардың субъективтік
құқығы кейде көптеген әрекеттерді жасау мүмкіндігін немесе міндетті адамнан
көптеген әрекеттер жасауды талап ету мүмкіндігін қамтиды. Мұндай жағдайда
субъективтік құқық күрделі болуы мүмкін, оның мазмұнын қарапайым құрамдас
элементтер-жекелеген өкілеттіктер құрайды. Бірақ жеке мүліктік емес
құқықтық қатынастар әртекті болуы мүмкін.[6]
Енді жеке мүліктік емес құқықтық қатынастардың субъектілер мен
объектілерге тоқталайық.
Жеке мүліктік емес құқықтық қатынастарға қатысушы тұлғалар олардың
субъектілері болып табылады. Жеке мүліктік емес құқықтық қатынастар
субъектілерінің ауқымы АК-ның 2-тарауында айқындалған. Құқық, оның ішінде
азаматттық құқық реттеп отыратын жеке мүліктік емес құқықтық қатынастар
адамдар арасында болады.
Жекелеген индивидтер, сондай-ақ олар құрайтын ұжымдық түзілімдер
осындай қатынастардың қатысушылары бола алады. Заң актілерінде және өзге де
нормативтік құқықтық актілерде азаматтық құқық субъектілерін белгілеу үшін
әдетте “тұлғалар” деген жинақтаушы термин пайдаланылады. Жеке мүліктік емес
құқықтық қатынастарға құқық берілген немесе міндетті адам ретінде қатысу
мүмкіндігі құқық субъектіліктің болуын талап етеді, ал ол құқық қабілеттігі
мен әрекет қабілеттігін қамтиды.
Азаматтық құқықтарды иеленіп, міндеттер атқару қабілетін құқық
қабілеттілігі деп түсінеміз. Өз әрекеттерімен құқықтарды иеленіп, оларды
жүзеге асыру, сондай-ақ міндеттерді белгілеп, орындау қабілеті әрекет
қабілеттілігі болады.
Жеке индивидтерді жеке тұлғалар деп атайды. “Жеке тұлғалар” ұғымы
Қазақстан Республикасының азаматтарын, шетелдіктерді және азаматтығы жоқ
адамдарды қамтиды.
Басым көпшілік жағдайда жеке мүліктік емес құқықтық қатынастардың
субъектілері Қазақстан Республикасының азаматтары болатын, сондықтан
құқықтық нормаларда, әдетте, азаматтар жөнінде сөз болады. Бұл осындай
нормалардың қағидалары тек Қазақстан Республикасының азаматтарына таралады
дегенді білдірмейді. Қазақстан Республикасы Конституцияның нормаларына
сәйкес, Конституцияда, заңдарда және халықаралық шарттарда өзгеше
көзделмесе, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар республикада азаматтар
үшін белгіленген құқықтар мен бостандықтарды пайдаланады, сондай-ақ
міндеттерді атқарады.
Заңды тұлға мәртебесіне ие болатын адамдар құрған ұжымдық құрылымдар
(ұйымдар) азаматтық құқық субъектілері болып танылады. Ұйымдардың
филиалдары мен өкілдіктері азаматтық құқықтың субъектілері бола алмайды,
өйткені олар заңды тұлғалар болып танылмайды.
Меншік, шаруашылық жүргізу немесе оралымды басқару құқығындағы оқшау
мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз
атынан мүліктік және жеке мүліктік емес өзіндік құқықтар мен міндеттерге ие
болып, оларды жүзеге асыратын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын
ұйым заңды тұлға деп танылады.
Қызметінің мақсаттарына қарай заңды тұлғалар коммерциялық және
коммерциялық емес заңды тұлғаларға бөлінеді. Өз қызметінің негізгі мақсаты
ретінде табыс табуды көздейтін заңды тұлғалар коммерциялық ұйымдарға
жатады.
Коммерциялық емес ұйымдар табыс табудан өзге мақсаттар үшін құрылады.
Мәселен, діни бірлестіктің негізгі мақсаты бірлесіп ғибадат ету және тиісті
дінді тарату болып табылады. Заң актілерінде көзделген ұйымдық-құқықтық
нысандарда ғана заңды тұлғалар құруға болады. Коммерциялық ұйымдар үшін
мұндай нысандардың жеткілікті тізбесі Азаматтық Кодексте берілген.
Жеке және заңды тұлғалармен қатар, жеке мүліктік емес құқықтық
қатынастардың қатысушылары мемлекет пен әкімшілік-аумақтық бөліністер
(облыстар, аудандар, қалалар және т.б.) болуы мүмкін, бұлар жеке мүліктік
емес құқықтық қатынастарда өзге де қатысушыларымен тең негіздерде әрекет
етеді.
Мемлекет пен аумақтық бөліністер заңды тұлғалар болып табылмайды,
алайда заңды тұлғалардың жеке мүліктік емес құқықтық қатынастарға қатысуын
анықтайтын нормалар бұларға да қолданылады (заң актілерінде көзделген
жағдайлардан басқа реттерде). Осыған орай, жеке тұлғалар (Қазақстан
Республикасының азаматтары, шетелдік азаматтар және азаматтығы жоқ
адамдар), заңды тұлғалар, Қазақстан Республикасы және әкімшілік-аумақтық
бөліністер жеке мүліктік емес құқықтық қатынастардың субъектілері бола
алады.
Жеке мүліктік емес құқықтық қатынастардың объектілері.
Жеке мүліктік емес құқықтық қатынастардың объектілері жөнінде әр түрлі
ғылыми көзқарастары бар. Бір заңгерлердің пікірінше, жеке мүліктік емес
құқықтық қатынастардың объектісіне субъектілердің мінез-құлқын жатқызады,
дәлірек айтқанда материалдық емес игілігіне бағытталған мінез-құлқы.
Цивилистердің көпшілігі қуаттайтын пікір бойынша құқықтық қатынастардың
материалдық емес объектісі жеке мүліктік емес құқықтық қатынастардың да
объектісі болады.
Жеке мүліктік емес құқықтық қатынастардың объектілеріне жеке жеке
мүліктік емес игіліктер мен құқықтар жатады. Жеке жеке мүліктік емес
игіліктер мен құқықтар мынадай компоненттерден тұрады: жеке адамның өмірі,
денсаулығы, қадір-қасиеті, абырой, игі атақ, іскерлік бедел, жеке өмірге
қол сұқпаушылық, жеке құпия мен отбасы құпиясы, есім алу құқығы, автор болу
құқығы, шығармаға қол сұқпаушылық құқығы және басқа материалдық емес
игіліктер мен құқықтар.[7]

1.3. Жеке мүліктік емес құқықтық қатынастардың пайда болу,

өзгеру және тоқтатылу негіздері.

Заң нормалары реттеген қабілетті адамдар арасындағы материалдық емес
обьектілерге бағытталған қатынастар жеке мүліктік емес құқықтық қатынастар
ұғымын құрайды. Демек, жеке мүліктік емес құқықтық қатынастар тууы үшін
құқықтық норма болуы тиіс, ал осы қатынастық пайда болуы үшін міндетті
түрде оған қатысатын субъектілердің құқық қабілеттілігі болуы тиіс. Алайда
мұндай мән-жайлардың болуы өзінен-өзі қатысушылар арасында жеке мүліктік
емес құқықтық қатынастарды туғыза қоймайды. Бұл жағдай осы қатынастардың
пайда болуының қажетті абстарктілі алғышарты болып табылады.
Жеке мүліктік емес құқықтық қатынастар пайда болуы үшін нақты
субъектілер арасында нақты құқықтар мен міндеттер туғызатын нақты мән-
жайлар қажет.
Жеке мүліктік емес құқықтық қатынастарды өзгерту немесе тоқтату үшін де
осындай мән-жайлар қажет.
Мұндай мән-жайлар заңды фактілер деп аталады.Құқықтық нормамен
салыстырғанда заңды факт өзгеше де дербес бағытта болады. Сондықтан оны
жеке мүліктік емес құқықтық қатынастардың нақты алғышарты деп тануға
болады.
Сонымен, заңдық факті дегеніміз – заң құқықтық немесе жеке мүліктік
емес құқықтық қатынастардың пайда болуын, өзгеруін немесе тоқтатылуын
онымен байланыстыратын мән-жай.
АК-ның 7-бабы заңдық фактілерге арналған. Алайда бұл бапта аталған
заңдық фактілердің тізбесі жеткілікті емес. Жеке мүліктік емес құқықтық
қатынастар субъектілерінің еркіндігі азаматтық құқықтық негізгі
принциптерінің бірі болып табылады, яғни заңда тікелей әрекеттері мен жеке
мүліктік емес құқықтық қатынастарға түсе алады.
Жеке мүліктік емес құқықтық қатынастардың тууына себепші болатын заңдық
фактілер ықпал ету тетігіне қарай мынадай топтакрға бөлінуі мүмкін:
құқықтық қатынастардың болашақ немесе осы сәттегі қатысушыларының іс-
әрекеттері; үшінші тұлғалардың іс-әрекеттері; оқиғалар;
Нақты жігерлі мінез-құлықтарды іс-әрекеттер деп түсінеміз. Олар заңды
немесе заңсыз іс әрекеттер болуы мүмкін. Заңды немесе заңсыз іс-әрекеттер
өзара мүліктіік емес құқықтық қатынастардың пайда болуына бағытталған.
Мысалы, мәмілелер, оның ішінде автордың туындысын сатып алу немесе сатіу
шарты.
Құқықтық нәтижеге жетуге тікелей бағытталмағанымен, заңдарда
белгіленген ережелерге байланысты оны туғызатын іс-әрекеттер орынды заңдық
фактілер болуы мүмкін.
Үшінші тұлғалардың мақсатты іс-әрекеттері бойынша да мүліктік құқықтық
қатынастар тууы мүмкін. Соттық құқық белгілейтін шешімдері осындай
актілерге жатады. Мысалы, интелектуалдық қызмет нәтижесіндегі әдеби
туындысына құқықтарды таныту. Заңдық фактілердің бұл түрінің ерекшелігі-
олардың жігерлі іс-әрекеттері арқылы жеке мүліктік емес құқықтық қатынастар
туатын үшінші тұлғалар ролардың қатысушылары болып саналмайды.
Жеке мүліктік емес құқықтық қатынастарды туғызатын іс-әрекеттер заңсыз,
яғни заңда тікелей тыйым салынған іс-әрекеттер болып шығуы да мүмкін.
Мұнда, әдетте, іс-әрекеттер жасайтын субьектілер үшін ұнамсыз болғанымен,
соған қарамастан, оларға басқа тұлғалардың келтірген залаларын ретке
келтіру міндетін жүктейтін жеке мүліктік емес құқықтық қатынастар пайда
болады. Мысалы, адамның денсаулығына зиян келтіру.
АК-ның 7-бабы оқиғаларды, яғни қатысушылардың еркінен тыс пайда болатын
мән-жайларды да заңдық фактілерге жатқызады. Мұнда, ең алдымен, табиғи
фактілернді атау керек (адам өлімі, табиғат аппаттары және т.с.с). Басқа
адамдардың іс-әрекеттері мүліктікемес құқықтық қатынастарға қатысушылар
үшін объективті оқиға болуы мүмкін. Мысалы, қасақана адамның ар-намысын
кірлейтін жалған мағлұматтар тарату және тб.
Заңдық фактілердің ерекше түрі-мерзімдер оқиғаларға жуықтайды.
Кейбір жағдайларда құқықтық нәтижеге жету үшін бірлі-жарым заңдық
фактінің пайда болуы да жеткілікті. Мәселен, бөгде адамның ар-намысын
кінәліге залалдық орнын толтыру міндетін туғызады. Басқа жағдайларда,
фактілердің белгілі бір жиынтығы болған кезде құқықтық нәтижеге қол жетеді.
Мысалы, автор туындысына байланысты сатып алу-сату шарты жасалып іс-жүзінде
автордың шығармасын беретін-бір мезгілде жасалған екі әрекеттің
нәтижзесінде сатып алушыда сатып алатын автордың туындысына меншік құқығы
пайда болады. Жаңа айтылып кеткен жиынтықты көбінесе іс жүзіндегі немесе
заңдық құрам деп атайды.
Заңдық күй заңдық фактілердің ерекше санатына жатқызылады. Заңдық
күйді деп тұлғаның немесе нақты жеке мүліктік емес құқықтық қатынас
объетісінің белгілі бір құқықтық қасиеттері болуынан байқалатын мән-
жайларды айтамыз. Мысалы, қайтыс болған автормен жақын туыстық байланыс-
мұрагерлік құқықтық қатынастың пайда болу негіздерінің бірі.
Заңдық факті ретінде заңдық күйдің маңызды ерекшелігі бар: ол құқықтық
қатынастарды өз бетінше туғызбайды, өзгертпейді және тоқтатпайды, басқа
фактілердің қосымша пайда болуынан бұл мақсат жүзеге асады. Демек, едәуір
күрделі фактілік құрамының элементі ретінде заңдық күй бола алады.
Жеке мүліктік емес құқықтық қатынастарға қатысушылардың еркіне тәуелді
болумен қатар, заңдық фактілер кейбір өзгеше белгілері бойынша белгілі-бір
топтарға бөлінуі мүмкін. Жеке мүліктік емес құқықтық қатынастардың дамуына
ықпал етуіне қарай заңдық фактілерді құқықты туғызатын, құқықты тоқтататын
және құқықты өзгертететін фактілерге бөлуге болады. Осылардың біріншісі
бұрын мұндай заңдық байланысы (шарт, зиян келтіру ) болмаған адамдар
арасында жеке мүліктік емес құқықтық қатынастардың тоқтатылуына әкеп
соғады. Үшіншісі-қалыптасқан жеке мүліктік емес құқықтық қатынастардың
мазмұнын өзгертуге себепші болды.
Өздерінен кейін туатын құқықтық салдарға заңдық фактілер түрліше ықпал
етеді. Көптеген жағдайларда құқықтық салдардың мазмұнын заң айқындап берді.
Мысалы, моральдық зиян келтірушінің заңмен белгіленген заладық орнын
толтыру міндетін туғызады. Моральдық зиян келтіру фактісі заңның нақты жеке
мүліктік емес құқықтық қатынастағы ұйғарымдарын жүзеге асырады. Мұндай
заңдық фактілерді құқықты бағыттаушы фактілер деп атайды. Бұдардан өзгеше,
құқықты қалыптастырушы заңдық фактілер жеке мүліктік емес құқықты
қалыптастырушы заңдық фактілер құқықтық нормаларына ұқсайды, бірақ одан
мәнді айырмашылығы – жеке мүліктік емес құқықтық қатынастардың мазмұнын
жалпылай емес, жеке дара анықтайды.
Заңдық фактілерден мәміле мен әкімшілік актілерді құқықты
қалыптастырушы фактілерге жатқызуға болады. Әдетте, олар жеке мүліктік емес
құқықтық қатынастардың мазмұнын белгілі бір шектерде ғана, яғни
императивтік ұйғарымдарға немесе заңның тыйым салуына қайшы келмейтін
шектерде ғана анықтай алады.
Заңды фактінің келесі түрі – міндетті тіркеу. Азаматтық құқықтық кейбір
объектілерін және мәмілелердің кейбір түрлерін тіркеудің ерекше маңызы бар.
Тіркеу өздігінен азаматтық құқықтар мен міндеттерді туғызбайды,
өзгертпейді және тоқтатпайды, бірақ олардың пайда болуын, өзгеруін,
тоқтатылуын аяқтайды.

ІІ. Жеке мүліктік емес өзіндік құқықтар мен игіліктердің ерекшеліктері.

2.1. Жеке мүліктік емес игіліктер мен жеке мүліктік емес өзіндік
құқықтардың арақатынасы.

Қазіргі таңда жеке мүліктік емес өзіндік қатынастарға ерекше назар
аударылды. Қазақстандық цивилистері де артта қалып отырған жоқ. Өйткені
халықаралық құқықта адам құқықтары бірінші орында тұрады. Мұны растайтын
мына дәлелдемелерді келтірейік. БҰҰ Жарғысында Адамның құқықтары мен қадір-
қасиетін қорғау мәселелері баянды етіледі. Өзінің алғашқы бастамаларының
бірі ретінде “Адам құқықтары туралы халықаралық билль” жасауды БҰҰ-ның адам
құқықтары жөніндегі Комиссиясы қолға алды.
Жоғарыда аталған халықаралық нормативті-құқықтық актілері ҚР-да
ратификацияланды. ҚР-да Конституцияға сәйкес адам құқықтары мен
бостандықтары танылды және оларға кепілдік беріледі.[8] Адам құқықтары мен
бостандықтары әркімге тумысынан жазылған, олар абсолюттік деп танылады,
олардан ешкім айыра алмайды, заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық
актілердің мазмұны мен қолданылуы осыған орай анықталады.[9] Конституцияның
нормаларын көрсете отырып, мына шешімге келдік: адам құқықтары мен
бостандықтары Конституциялық деңгейде реттеледі және қорғалады.
Жалпы нормативтік құқықтық актілер жеке мүліктік емес өзіндік
қатынастарды реттеген кезде, оның нормалары шартты түрде екіге бөлінеді:
жалпы және арнайы нормалар. Жалпы нормалар жеке мүліктік емес өзіндік
қатынастарды жалпы түрде сипаттайды. Ал арнайы нормалар жеке мүліктік емес
өзіндік қатынатсардың жеке түрлерін реттйді және қорғайды. Жеке мүліктік
емес өзіндік қатынатсар жеке тұлғаға тәсілі негізінен азаматтық құқық
нормаларымен жүзеге асырылады.
Сонымен егер жеке мүліктік емес өзіндік қатынастар отбасылық, еңбек,
әкімшілік және басқа құқық салаларының нормаларымен реттелінетін болса,
онда олар азаматтық құқықтың нысанасына кірмейді. Қалған жағдайлардың
барлығында азаматтық құқықтың нысанасына кірмейді. Қалған жағдайлардың
барлығында азаматтық құқық нормаларымен реттелінеді.
Жеке мүліктік емес игіліктер мен жеке мүліктік емес өзіндік құқықтарды
пайдалану арқылы жүзеге асырылады. Аталған игіліктер мен жеке мүліктік емес
өзіндік құқықтар азаматтық құқықтың объектілері болып табылады. Олардың
мынадай үш ерекшеліктері бар: 1) мүліктік мазмұны болмайды; 2) жеке
тұлғадан ажыратылмайды, яғни олар бөлінбейді, сатылмайды, берілмейді және
т.с.с.; 3) жеке тұлғаны дараландыріу қасиетіне ие болады.
Ескертетін бір жайт-жеке мүліктік емес игіліктер және оларға
байланысты жеке мүліктік емес өзіндік құқықтарды реттемейді, ол тек қана
қорғау қасиетін жүзеге асырады. Ал екінші топ ғалымдардың пікіріне келсек,
жеке мүліктік емес өзіндік құқықтардың реттелінуін және қорғалуын пара-пар
қоюға болмайды. Өйткені аталған құқықтарды реттеудің өзі оларды қорғау
болып табылады. Соңғы кезде ғалымдардың копшілігі осы пікірді қолдайды.
Жеке мүліктік емес өзіндік құқықтарды реттеген кезде азаматтық құқықтың
мүмкіндіктері шексіз емес. Соның салдарынан Азаматтық кодексте жеке
мүліктік емес өзіндік құқықтарды құқықтық реттеудің біртұтас жүйесі жоқ.
Азаматтық кодекс азаматтық заңдардың ірге қалаушы актісі бола отырып, жеке
мүліктік емес өзіндік құқықтардың бүкіл алуан түрлілігін көрсете алмайды.
Жеке мүліктік емес өзіндік қатынастар жеке мүліктік емес сипаттағы
игіліктермен байланыста болып құрылады. Жеке мүліктік емес игіліктер жеке
тұлғаларға тиесілі болады. Олар тумысынан беріледі(өмір,денсаулық,және
т.с.с.) немесе заңға сәйкес пайда болады, яғни заң күшімен белгіленеді(есім
алу құқығы, тұрғын үйге қол суғылмау құқығы).
Жеке мүліктік емес игіліктер құқық субъектілерінің ққоғамдық маңызы бар
қасиеті болып келеді. Аталмыш игіліктер құқықтық қатынастарында жоғары
бағаланады.
И.А. Покровский адамның жеке мүліктік емес игіліктеріне өмірін, денеге
қол суғылмаушылығын, бостандығын жзатқызады. Аталған игіліктер адам үшін
өте маңызды әрі қажетті болғандықтан оларды қорғау әрекеттері ежелден-ақ
пайда болды. Осы әрекеттерді біз көптеген жаратылыстық – құқықтық
доктриналар құлады да позитивизмнің дамуына әкеп соқтырды, яғни ерекше
субьективтік құқықтары және жеке тұлғаның құқықтары еңсерілді. Позитивистік
теория бойынша, заң азаматтардың өмірлерін, денеге қол суғылмаушылығын,
бостандығын және ар-намысын қорғайды, ал жаңа ғана аталған өмірге,
босьандыққа ешқандай субьективтік азаматтықт құқықтары болмайды.
Субъективтік азаматтық құқықтарының құрылымы жасанды болады. Жеке тұлғаның
субъективті азаматтық құқығы заң бұзылған жағдайда пайда болады. Ал оның
мазмұны келтірілген зардаптакрды өтеумен айқындалады.
И.А. Покровскийдің айтуынша жеке мүліктік емес игіліктер мен оларға
байланысты жеке мүліктік емес құқықтар концепциясының дамуы мүліктік
айналымның өсуіне байланысты болады. Өйткені мүліктік айналымның өсуіне
байланысты болады. Өйткені мүліктік қызығушылық арасынан жеке мүліктік емес
сипаттағы қызығушылық көріне бастады. Алғашында олар есім алу құқығына
негізделеді. Егер белгілі бір тұлға саудамен айналасатын болса, онда
аталмыш игіліктер оның іскерлік бедел саудада маңызды рөл атқарады. Сонымен
қатар осы концепцияның дамуына адамның жеке өмірін қорғау әрекеттері өз
әсерін тигізе бастайды. Мысалы, жеке бастың құпиясын сақтау, адамның
суреттік бейнесін оның келісімінсіз пайдалану мәселелері және тб. Қазіргі
кезде аталып өткен мәселе Конституциялық деңгейде шешіледі. ҚР
Конституциясының нормаларына сәйкес, әркімнің өзінің жеке салымдары мен
жинаған қаражатының, жазысқан хаттарынң, телефон арқылы сөйлескен
сөздерінің, почта, телеграф арқылы және басқа жолдармен алысқан
хабарларының құпиялылығы сақталуына құқығы бар.[10]
Жоғары келтірілген адам құқықтары танылғанна кейін олар субъективтік
құқықтар деген мәртебеге ие болды. Себебі аталмыш құқықтар адам болмысымен
тығыз байланыста болады. Сондықтан да жеке тұлғаның өзіндік құқықтары деп
аталып кетті – “Personlich-keitsrechte”
Кеңестер заманында бірқатар ғалымдардың ойынша, жеке мүліктік емес
өзіндік құқықтар тұлғалардың субъективтік құқықтары ретінде қарастырылып,
олардың азаматтық құқық қабілеттілігін құрап отырды. Екінші жағынан жеке
мүліктік емес өзіндік құқықтары тұлғаның құқық қабілеттілігінің элементі
ретінде қарастырылды.[11]
Сол кездегі заң әдебиеттеріне жүгінсек мынадай ой-пікірлерді
кездестіруге болады. Жеке мүліктік емес өзіндік құқықтардың пайда болуы
нақты бір заңды фактілерге байланысты емес. Тұлғада құқық қабілеттілігі
пайда болғаннан кейін оның жеке мүліктік емес өзіндік құқықтары сол кезден
басталады және заңды фактілерге тәуелді болмайды.[12]
М.М.Агарков субъективтік құқықты керісінше сипаттады. Субъективтік
құқық дегеніміз мемлекеттік аппараттың мәжбүрлеу шарасын жүзеге асырудың
жеке тұлға мүмкіндігі, яғни субъективтік құқықтың пайда болуы нақты бір
заңды фактіге байланысты болады. Мысалы, жеке мүліктік емес игіліктерге қол
сұғушылығы. Бірақ та жоғары келтірілген пікірлер бір біріне қайшы
тұрғанымен, мынадай көз-қарас өзгеріске ұшыраған жоқ. Субъективтік құқық
ресми түрде танылған жеке және заңды тұлғалардың заңға сүйеніп әрекет жасау
мүмкіндігі, құқықтық қатынастардағы субъектілердің екі жақты мүдде-
мақсаттарының орындалуы деп танылады. Оның ішінде әрекеттер жасау
мүмкіндігі жеке мүліктік емес игілік ретінде қарастырылмайды. Субъективтік
құқық тұлғаға мүліктік және рухани қажеттіліктерді қанағаттандыру
мүмкіндігін береді, яғни тұлға әлеуметтік игіліктерді ешбір кедергісіз
пайдаланып жүреді.
Сөйтіп азаматтық құқық ғылымы жеке мүліктік емес игіліктерді және жеке
мүліктік емес өзіндік құқықтарды ажыратып көрсетеді.
Қазіргі кездегі құқықтық доктринаға сүйенетін болсақ, ешбір құқық
саласы тұлғаға ар-намысын, қадір-қасиетін, денсаулығын, есімін және т.б.
жеке мүліктік емес игіліктерді бере алмайды. Арнайы құқықтық нормалар
болғандықтан субъектілерде олардың өмірлері, ар-намыстары және қадір-
қасиеттері, жеке бас бостандығы және қол суғылмаушылығы танылады. Осындай
арнайы құқықтық нормалар болғандықтан жеке мүліктік емес игіліктерді қорғау
мүмкіндігі пайда болады, яғни тұлғаның белгілі бір жеке мүліктік емес
игілікке жеке мүліктік емес өзіндік құқығы бар екені делінеді. Қазіргі
кездегі әдебиеттеріне сәйкес жеке мүліктік емес игіліктердің экономикалық
сипаты болмайды. Сонымен бірге олардың жеке мүліктік емес өзгермелі
көріністерге ие болады. Олар бізге белгілі тұлғадан ажыратылмайды. Жеке
мүліктік емес өзіндік құқықтары жеке мүліктік емес игіліктерге бағытталған
қатынастардан пайда болады.
Бірақ ҚР Азаматтық Кодексінде жеке мүліктік емес игіліктер мен жеке
мүліктік емес өзіндік құқықтары ажыратылып көрсетіледі. Жеке жеке мүліктік
емес игіліктерге және құқықтарға: жеке адамның өмірі, денсаулығы, қадір-
қасиеті, абырой, игі атақ, іскерлік бедел, қадір-қасиеті, абырой, игі атақ,
іскерлік бедел, жеке өмірге қол сұқпаушылық, жеке құпия мен отбасы құпиясы,
есім алу құқығы, автор болу құқығы, шығармаға қол сұқпаушылық құқығы және
басқа да материалдық емес игіліктер мен құқықтар жатады.[13]
Жоғары келтірілген нормаға сәйкес заң шығарушы орган жеке мүліктік емес
игіліктерді және жеке мүліктік емес өзіндік құқықтарды ажыратып көрсеткен
жоқ. Олар бір деңгейде қарастырылады. Сонда цивилисттердің қаншама
пікірлері болғанымен заң шығарушы орган аталған игіліктер мен құқықтарды
бөліп қарастырған жоқ.
Жоғары аталған пікірлерге сүйеніп мынадай шешімге келуге болады. Жеке
мүліктік емес игілік-азаматтық құқықтық ерекше объектісі, оның экономикалық
және мүліктік сипаты болмайды. Олар нақты жеке немесе заңды тұлғаға тиесілі
болады және өзгермелі қасиетке ие болыпкеледі. Жеке мүліктік емес өзіндік
құқық-тұлғаның субъективтік жеке (өзіндік) құқығы, ал осы құқықтың
объектісі жеке мүліктік емес игіліктер болып табылады.

2.2. Ар-намыс, қадір-қасиет және іскерлік бедел құқықтық

категориялар ретінде.

Қазіргі таңда адам құқықтарын қорғау мәселесі алдыңғы орынға шықты.
Оның негізін адамдардың қызығушылығы және құндылығы құрайды. Осы мәселе
прогресивті түрде дамып жатыр. Шынайы прогресс адам құққықтары мен
бостандықтарынсыз ілгері қарай жүре алмайды. Адам құқықтары ішінде ар-
намысқа, қадір-қасиетіне және іскерлік беделіне құқығы өте маңызды болып
келеді.
Егер де қоғам аталған үш категорияны қорғамаса, онда оның болашағы жоқ,
оны тәртіпсіздік, құқық бұзушылық нашар деңгейге түсіріп жібереді. Ал
біздің елімізде олай емес. ҚР Азаматтық кодексінде арнайы нормалардың болуы
бұл жағдайды растайды.
Кез келген мемлекет адам құқықтарын қорғайтын шешімдерді шығарады.
Себебі адам өмірі, бостандығы, құықтары оның басты байлығы ретінде
саналады. Оларды қорғау мемлекеттің басты белгі-нышаны болып саналады.
Сонымен бірге қоғамда болып жатқан құқықтық қатынастардың барлығы адам
құқықтарына бағытталады.
Ар-намысына, қадір-қасиетіне және іскерлік беделіне құқығы меемлекет
пен қоғамның басты әлеуметтік-құқықтық құндылығы және қажеттілігі болып
табылады. ҚР оларды қорғауды міндеттенеді. Сондықтан да біз өзіміздің
елімізді құқықтық мемлекет деп айта аламыз. Себебі бұның қағидалары
республикамыздың Конституциясында тікелей айтылады. Қазіргі таңда адам
құқықтарының қорғалуы атқарушы, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Азаматтық құқықтар объектілері
Мүліктік қатынастарға байланысы жоқ мүліктік емес жеке қатынастар
Азаматтық құқық объектілерінің түрлері
Материалдық емес игіліктер және жеке мүліктік емес құқықтар
Мүліктер азаматтық құқықтың объектісі ретінде
Азаматтық құқық объектілерінің түсінігі
Азаматтық құқық қатынастарының элементтері
Азаматтық құқықтық қатынастардың объектілері
Азаматтық құқық нормалырының талаптарына сәйкес туындайтын және бұл нормаларға тәуелді болатын жақтар арасындағы қатынастар азаматтық құқық қатынастары деп аталады
Азаматтық құқық объектісінің түрлері
Пәндер