Абдрахманов Сауытбектің аударма саласына сіңірген еңбегі



Абдрахманов Сауытбек 1951 жылы 7 қарашада Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданында дүниеге келген. 1975 жылы ҚазМУ-нің журналистика факультетін бітірген.
1975-1987 жылы «Социолистік Қазақстан» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі, редакциялық алқа мүшесі болып қызмет атқарады. 1987-1995 жылдары ҚазКП Орталық комитетінде нұсқаушы, мәдениет секторының меңгерушісі, ҚР Президентінің және Минстрлер кабинеті аппаратында Ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары, 1-орынбасарының қызметін атқарды. 1995-1997 жылдары Мәдениет минстрінің орынбасары, 1997-2000 жылдары «Қазақ телевизиясы мен радиосы» республикалық корпорациясының 1-вице-президенті, 2000-03 жылдары «Егемен Қазақстан» республикалық газеті ашық акционерлік қоғамының президенті болды.
2003-04 жылдары ҚР Ақпарат минстрі болды. «Біздің Пушкин», «Тәуелсіздік шежіресі», «Азамат күнтізбесі», «Елдік сыны» кітаптарының, «Париж. Юнеско. Әуезов», «Қажылық», «Ертегілер елінде екі күн», «Мадридтегі мереке», «Мәңгілік мұрат», «Армысың, Астана», «Биіктік» фильмдерінің авторы.
Қырыққа жуық көркем фильмді қазақшалап, В.Солоухиннің, Д.Коволевскидің шығармаларын, арабтың Бейбарыс султан туралы халық романын аударды.
«ХХ ғасыр жырлайды» атты қазақ поэзиясы антологиясының құрастырушы авторы. Қазақ әдебиет және фольклорінің дәстүрінде А.С.Пушкиннің «Евгени Онегин» романының алатын орны, поэзия аударудың эволюциялық жолы, суретші Орал Тансықбаев шығармалары туралы зерттеудің иесі.
Аударма адам баласымен қатар жасасып келеді. Ежелгі Римдіктер мәдени даму жағынан өздерінен бір саты жоғары тұрған көне Греция даналарынан көп үйренген. Ол кезде мұның өзі таза лингвистикалық қарым-қатынастың аясынан асып, белгілі бір дәрежеде идеологиялық сипатқа ауысқан-ды.
Пушкин «Мильтон және «Жоғалған жұмақтың» Шатобриян жасаған аудармасы жайында» деген мақаласында: «Өткен ғасырда жарық көрген аударма кітаптардың арасында «Біз білімге қанық француз оқырмандарының нәзік талғамын жәбірлейтіндей жерлерін ашып тастап отырдық, ондағы ойымыз жамиғатқа, сол арқылы өзімізідің авторымызға да жақсылық жасау болатын» деген сыңайда түсіндірмесі жоқ бірден бір алғы сөзді таба алмайтынсыз; «Кім, кімнен, кімнің алдында осылай кешірім сұрады екен дегенді ойласам, таң-тамаша қаласыз! Қалайда халыққа жақын боламын деп жанталасудың мұндайлық топтас түрін көргеніңіз бар ма?» деп ызалана жазған еді.
1. Абдрахманов С. Елдік сыны. Әр жылдардағы жазбалар. – Алматы: «Қазығұрт» баспасы, -2003.-496бет.
2. ХХ ғасыр басындағы Қазақ жазушылары, - Алматы 2003.
3. Абдрахманов С. Өлең аудармасының теориясы мен поэтикасы. –Алматы 2007
4. Егемен Қазақстан газеті.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті

Абдрахманов Сауытбектің
аударма саласына сіңірген еңбегі

Орындаған: Мұқашова Ж.Қ.

Тексерген: Қазыбек Г.

Алматы 2008

Абдрахманов Сауытбек 1951 жылы 7 қарашада Оңтүстік Қазақстан облысы
Қазығұрт ауданында дүниеге келген. 1975 жылы ҚазМУ-нің журналистика
факультетін бітірген.
1975-1987 жылы Социолистік Қазақстан газетінде тілші, бөлім
меңгерушісі, редакциялық алқа мүшесі болып қызмет атқарады. 1987-1995
жылдары ҚазКП Орталық комитетінде нұсқаушы, мәдениет секторының
меңгерушісі, ҚР Президентінің және Минстрлер кабинеті аппаратында Ішкі
саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары, 1-орынбасарының қызметін атқарды.
1995-1997 жылдары Мәдениет минстрінің орынбасары, 1997-2000 жылдары Қазақ
телевизиясы мен радиосы республикалық корпорациясының 1-вице-президенті,
2000-03 жылдары Егемен Қазақстан республикалық газеті ашық акционерлік
қоғамының президенті болды.
2003-04 жылдары ҚР Ақпарат минстрі болды. Біздің Пушкин, Тәуелсіздік
шежіресі, Азамат күнтізбесі, Елдік сыны кітаптарының, Париж. Юнеско.
Әуезов, Қажылық, Ертегілер елінде екі күн, Мадридтегі мереке,
Мәңгілік мұрат, Армысың, Астана, Биіктік фильмдерінің авторы.
Қырыққа жуық көркем фильмді қазақшалап, В.Солоухиннің, Д.Коволевскидің
шығармаларын, арабтың Бейбарыс султан туралы халық романын аударды.
ХХ ғасыр жырлайды атты қазақ поэзиясы антологиясының құрастырушы
авторы. Қазақ әдебиет және фольклорінің дәстүрінде А.С.Пушкиннің Евгени
Онегин романының алатын орны, поэзия аударудың эволюциялық жолы, суретші
Орал Тансықбаев шығармалары туралы зерттеудің иесі.
Аударма адам баласымен қатар жасасып келеді. Ежелгі Римдіктер мәдени
даму жағынан өздерінен бір саты жоғары тұрған көне Греция даналарынан көп
үйренген. Ол кезде мұның өзі таза лингвистикалық қарым-қатынастың аясынан
асып, белгілі бір дәрежеде идеологиялық сипатқа ауысқан-ды.
Пушкин Мильтон және Жоғалған жұмақтың Шатобриян жасаған аудармасы
жайында деген мақаласында: Өткен ғасырда жарық көрген аударма кітаптардың
арасында Біз білімге қанық француз оқырмандарының нәзік талғамын
жәбірлейтіндей жерлерін ашып тастап отырдық, ондағы ойымыз жамиғатқа, сол
арқылы өзімізідің авторымызға да жақсылық жасау болатын деген сыңайда
түсіндірмесі жоқ бірден бір алғы сөзді таба алмайтынсыз; Кім, кімнен,
кімнің алдында осылай кешірім сұрады екен дегенді ойласам, таң-тамаша
қаласыз! Қалайда халыққа жақын боламын деп жанталасудың мұндайлық топтас
түрін көргеніңіз бар ма? деп ызалана жазған еді.
Осы қоғамның дамуына аударманың атқарған қызметі өлшеусіз.
Аударманы К.Чуковский Асқақ өнер (высокое искусство) деп бағалағаны,
атақты кітабын солай атағаны мәлім. Айтса айтқандай. Аударма – асау да
өнер. Оның қай тұста бас білгізбей кететінің шамалау қиын-ақ. Жұрттың бәрі
мойындайтындай дүниелердің өзінде де кейде аударма тұрғысынан қарағанда
ақаулар табылып жататын көрінеді. Соған бір мысал келтірейік. Гейненің На
севере диком стойит одинока деп басталатын өлеңінің аудармаларының
арасында Лермонтовтың аудармасы айрықша аталады. Сол өлең туралы Борис
Эхенбаум: Лермонтов аудармасы махаббат сырын ашпайды, тек арманшыл
сағынышты ғана жеткізеді, - деп жазған. Себебі мынада. Лермонтов немісше
түпнұсқадағы соснаны сосна, пальманы пальма деп алған. Соснаның
немісшесі Fichtenbayn мужской родқа жатанын сөз көрінеді. Сол өлеңді
кейін Тютчев те, Фед те аударған. Олар соснаны кедр деп алып мужской
родқа түсіріпті. Мысалы, Фед нұсқасы былай болып шыққан:
На севере кедр одинокий
Стоит на пригорке крутом:
Он дремлет, сурово покрытый
И снежком и льдиным ковром.
Восне ему видется пальма
В далеков восточной стране,
В безмолвной, глубокой печали.
Одна на горячей скале...
Лермантов нұсқасының бойында, расында да бір мін бар екен. Онда
сосна пальманы жақсы көреді, орысша айтсақ (мұны қазақша айту мүмкін де
емес): Она любить ее... Фед те Он любить ее... осындайлары бар
аударманың С.Сейітовтың кітабында мұндай жағдайларға жіті назар салынған.
Пушкин шығармалары, әсіресе, оның ең басты туындысы – Евгени Онегин
романы аударуға көнбейтіні жөнінде көп айтылған, көп жазылған. Сонда да
адамзат мәдениетінің Пушкин шыңына ұмтылған талабы бір сәт те бәсеңсіп
көрген емес. Қазіргі таңда ақынның 93 тілде 1750 түрлі аудармасы бар деп
саналады. Аудармасының көптігі жөнінен Пушкиннің алдында тек Шекспир мен
Толстой ған түсетін көрінеді. Көлеимінің үлкендігіне қарамай, көп аударылғн
шығармалардың арасында Евгений Онегин жүргені - ерекше атап айтатын жай.
Мысалы, осы роман неміс тіліне ... 13 рет аударылыпты! Соның өзінде
Р.Данилевский А.С.Пушкиннің поэзиясы мен прозасының неміс тіліндегі
аудармалары туралы деген мақаласында: Оны орыс тілінде оқи алмайтын
оқырман түптің түбінде осы романның қандай данышпандық шығарма екенін тым
болмаса шамалай алатын күнге жетеміз деген үміт білдіреді.
Р.Данилевскийдің айтуы бойынша, Пушкин романы аудармашылар үшін
алынбас асу болып келе жатқан көрінеді. Романның хайнзу тіліне 7 рет
аударылғаны да назар салатын жайт. Әрине, мұнда кешегі социолистік достық
одақтың тұсындағы идеологияның да әсері бар шығар, бірақ, қалай дегенде де
ондағы жұрттың Пушкинді жақсы білетіні анық. Қытайда болғанда Пушкин томын
қолға алып қарағанбыз. Қытайда Пушкин Пусицзинь, романның аты Ефугени
Аонецзинь. Шанқайда ақынның қоладан құйылған ескерткіші бар. Пушкин
тойына орай ақын шығармаларының таңдаулы аудармалары ағылшын, неміс,
француз тілдеріндегі үш томға бірігіп жарық көрді. Англия мен Америка
құрамаштаттарында Евгений Онегин 10 рет аударылған. Білетіндер соңғы
нұсқа (1996 жылы шыққан Д.Ж.Е.Фэлон аудармасы) біршама сәтті деп санайды.
Пушкин романын аударудағы басты қиындық ақын тілінің 40 құбылған
ырғағында, автор ирониясын сақтай білуде, қарапайымдылылық пен сыршылдықтың
жарасымды үйлесіне қол жеткізуде. Басқасын былай қойғанда, Пушкиннің бір
қарағанда оп оңай, ап айқын сияқты көрінетін мәтінінің мәнін ұғынудың өзі
оңай емес. Жұрттың бәрі жатқа айтатын бірінші шумақтан мысал келтірелік:
Мой дядя самых честных правил
Когда не в шутку занемог
Он уважать себя затавил
И лучше выдумать не мог.
Бір қарағанда түсінікті-ақ дүние. Алайда осының өзі жан-жаққа
жүгіртіліа аударылады. Ағылшын тіліндегі бір нұсқасынан орыс тіліне жолма-
жол кері аударғанда былай болып шағады екен:
Мой честный дядя
Когда тяжело заболел
Заставил себя уважать
И ничего лучше не придумал .
Мәтінді бұлай ұққан жерде қаншама тілін төгілдіріп аударсаңыз да
көңілдегідей дүние шыға қоюы неғайбыл. Бірінші шумақта әл үстінде жатқан
ағайының дәмі таусылар шағын күтіп жүрген (Өрем қап, - десем сорлыны,)
Сұмдықтың қандай қорлығы!) Евгенидің шын сиқы салған беттен ашылып тұр,
соның мәнін аудару керек болады.
Ілияс Жансүгіров аудармасында бұл тұс былай келген:
Таза жолға берік ағам,
Ауырса шын төсек тартып,
\ Өзін сондай сыйлаттырған,
Ой таба алмай одан артық.
1950 жылғы аудармасында Қуандық Шаңғытбаев былай алған:
Арамдығы жоқ-ақ еді ағам,
Балтыр сыздап ауырса бас,
Күтуді әбден сүйген адам,
Содан артық ойлап таппас.
Екі нұсқа да әріпшілдіктің кесірінен осылай шыққан. І.Жансүгіровте :

самых честных правил – таза жол,
не в шутку занемог – шын ауру,
уважать себя заставил - өзін сыйлату,
выдумать не мог – ой таба алмау...
Қ.Шаңғытбаевтың нұсқасында да мәтінді дұрыс түсінбеу бар. Арамдығы
жоқ-ақ еді ағам - мәселесінің мәнісі Евгенийге ағасынан үлкен мұра қалайын
деп жатқанында. Ол ауырғанына байланысты сыйлы бола қалған жоқ, сол аурудан
айықпаса артына тастар мол мұрасы бұған тиетініне байланысты аяқ астынан
сыйлы бола қалды. Онегиннің салып ұрып сонау Петербургтен қияндағы
деревняға жетіп келгені содан, салғансып жастық басына, қойғансып дәрі
қасына шыркөбелек үйіріліп жүргені де тек мұраға ие болып қалудың қамы.
Қ.Шаңғытбаевтың 1985 жылғы аудармасына қарайық:
Мінезі мінсіз ағайым,
Ауыра қалса бағзыда,
Тұрғызып тіп-тік маңайын,
Үйренген со бір дағдыға.
Бағзыда ауыра қалса Евгенийдің өбектеп жүретін, маңайын тіп-тіп
тұрғызып қадірін арттыратынын мінезі мінсіз ағайы да дағдыға айналдыра
бастаған... Сөйтіп, алғашқы шумақтан-ақ Пушкин роман кейіпкерінің бет
пердесін сыпырып тастайды, оның безбүйректігін ашық айтады.
Әдебиет мамандарының бәрі де Пушкиннің жауһар туындысының тақырыптық-
стилистикалық тұрғыдан ақ алмастай алуан түрлі болып келетінін, ақынның
жазу мәнері тарау тұрмақ, бір шумақтың өзінде қырық құбылып кететінің атап
көрсетеді. Аудармадағы басты ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сәрсен аманжолов өмірі
Салыстырмалы талдау
Тіл білімі сөздігі
С. Аманжолов: өмірі, қоғамдық қызметі, шығармашылық мұрасы
Абайдың шығармашылық өмірі - қазақ әдебиеті тарихының кіндік тұтқасы
Авторлық стиль және мұхтар әуезовтың көркем аудармалары
Сәкен Сейфуллин және қазақ мәдениеті
Қазақ әдеби туындыларының аударылуы жайлы
Әсет Найманбаев шығармашылығының көркемдігі
Аудармашының шығармашылық шеберханасы
Пәндер