Әлем кереметтері



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...2

1 ӘЛЕМ КЕРЕМЕТТЕРІНІҢ ШЫҒУ ТАРИХЫ
1.1 Әлем кереметтері туралы алғашқы жазбалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4

2 ӘЛЕМ ЖАҢА КЕРМЕТТЕРДІ ТАҢДАУДА
2.1 Алғашқы іріктеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7
2.2 Жеңімпаздар тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8

3 ҚАЗАҚСТАНДЫҚ КЕРЕМЕТТЕР
3.1 «Қазақстанның Жеті Кереметі» жобасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11
3.2 Көшбасшылар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...12

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15
Диплом алды практика 16.03.2009 жыл мерзімінен 13.04.2009 жылға дейінгі аралықта ЖШС «Ника-Тур KZ» компаниясында өтілді.
Жұмыс уақытым сағат 09.00-ден басталып, 17.00-ге дейін созылды, демалыс сенбі және жексенбі күндері.
Менің жұмысым телефондарға жауап беру, туризм менеджерімен немесе әуе агентімен байланыстыру. Егер телефон соғушы адам жолдамалар жөнінде сұраса мен оларға маршруттар және саяхаттар бойынша қысқаша кеңес бердім. Ал егер оны осы маршруттар қызықтырған болса туризм менеджерімен байланыстырамын.
Офисте қажет құжаттарды көбейтіп, факс хаттарын жіберіп, туристердің құжаттарын басып, әуе жолдар билеттерін басқа компанмялардан сатып алуға барып жүрдім және туристік фирманың құжаттамасын жүргізіп отырдым.
Практиканы өту мақсатым дипломдық жқмысыма қажетті материалдарды іздестіру және жинау.
Практиканың өту барысында мен өз дипломдық жұмысыма қажетті көптеген керекті деректер мен материалдар таптым.
Көптеген адамдар әлем кереметтерінің бар екендігін біледі, алайда, олардың азы ғана оларды атап бере алады. Екі жарым мың жыл бұрын ежелгі грек саяхатшылары әлемді шарлап жүріп өздерінің көрген таңғажайып ескерткіштеріне сипаттама берген. Оларды «theamata» деген сөзбен атаған, аудармасы «міндетті түрде тамашалау керек» деген мағынаны білдіреді.
Ежелгі Әлемнің жеті кереметтерінің тізімі бастапқыда біздің заманымызға дейінгі шедеврлер айналасында шоғырланды. Таң қалдыратын құрылыстардың арасынан ең үздіктерін ерекшелеу туралы идея б.з.д. V ғасырда Геродот еңбектерінде кездескен. Ондаған жылдардан кейін грек тарихшылары ең үлкен ескерткіштер туралы жазған, осыдан «Бүкіл әлем кереметтерінің жинағы» пайда болады. Жинақ туралы бар білетініміз тек оның атауы ғана. Өйткені ол Александриялық кітапханасымен бірге жоғалып кетеді. Жеті кереметтің ақырғы тізімі Ортағасырларда қалыптасты. Оған Ежелгі Әлемнің жеті ең беделді ескерткіштері кірді. Ол ескерткіштердің шекаралары шағын болды: Шығыс Жерортатеңіздік және Қара теңіз маңымен шектелді. Алайда, бұл ауданда «әлем кереметтер» өте көп шоғырланды. Біздің дәуіріміздің уақытына дейін «theamata» барынша тұрақты тізімі құрылды. Олар жетеу болды: египеттік пирамидалар, вавилондық бақтар, Эфестегі Артемида храмы (қазіргі Түркия территориясы), Грецияның оңтүстігіндегі Олимпиялық Зевс мүсіні, галикарнас Мавзолейі (қазіргі Түркия территориясы), герк Родос аралындағы Колосс және Египеттегі Александриялық шамшырақ.
Бүгінгі таңда археологиялық зерттеулер көптеген жүзжылдықтар бойы кейбір әлем кереметтерінің тарихының айналасындағы құпияларды ашып жатыр. Жеті керемет оларды салушылар үшін діннің, мифология, өнер, билік және ғылымның белгісі болып табылады. Біз үшін олар адамдардың сұлулығы мен адам нанғысыз құрылыстарды сала білу қабілетінің белгісі болып табылады. Олардың ішінде бүгінгі күнге дейін жеткен египеттік пирамидалар мысал бола алады.
Жақын арада әлемнің жаңа кереметтерін ерекшелеу шешімі қабылданды. Бұл шешімді қабылдаудың негізгі себебі алдыңғы экспонаттардың көбісі қирап, қазіргі уақытқа дейін жетпегендігі болды. Осылайша Жаңа жеті керемет пайда болды. Қазіргі заманғы кереметтер де алдыңғы кереметтер секілді қызықты. Олардың да пайда болу тарихы таңғажайып құпияларға толы.

Пән: Туризм
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

География факультеті

Туризм кафедрасы

ДИПЛОМ АЛДЫ ПРАКТИКАНЫҢ ӨТУІ ТУРАЛЫ ЕСЕП БЕРУ

Орындаған: Сарсембаева Н.Р

Тексерген: Жылқыбаева М.І.

Алматы 2009 ж.
Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...2

1 Әлем кереметтерінің шығу тарихы
1.1 Әлем кереметтері туралы алғашқы
жазбалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4

2 Әлем жаңа керметтерді таңдауда
2.1 Алғашқы
іріктеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... 7
2.2 Жеңімпаздар
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ...8

3 ҚАЗАҚСТАНДЫҚ КЕРЕМЕТТЕР
3.1 Қазақстанның Жеті Кереметі
жобасы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ...11
3.2
Көшбасшылар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ..12

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15

Кіріспе

Диплом алды практика 16.03.2009 жыл мерзімінен 13.04.2009 жылға дейінгі
аралықта ЖШС Ника-Тур KZ компаниясында өтілді.
Жұмыс уақытым сағат 09.00-ден басталып, 17.00-ге дейін созылды, демалыс
сенбі және жексенбі күндері.
Менің жұмысым телефондарға жауап беру, туризм менеджерімен немесе әуе
агентімен байланыстыру. Егер телефон соғушы адам жолдамалар жөнінде сұраса
мен оларға маршруттар және саяхаттар бойынша қысқаша кеңес бердім. Ал егер
оны осы маршруттар қызықтырған болса туризм менеджерімен байланыстырамын.
Офисте қажет құжаттарды көбейтіп, факс хаттарын жіберіп, туристердің
құжаттарын басып, әуе жолдар билеттерін басқа компанмялардан сатып алуға
барып жүрдім және туристік фирманың құжаттамасын жүргізіп отырдым.
Практиканы өту мақсатым дипломдық жқмысыма қажетті материалдарды
іздестіру және жинау.
Практиканың өту барысында мен өз дипломдық жұмысыма қажетті көптеген
керекті деректер мен материалдар таптым.
Көптеген адамдар әлем кереметтерінің бар екендігін біледі, алайда,
олардың азы ғана оларды атап бере алады. Екі жарым мың жыл бұрын ежелгі
грек саяхатшылары әлемді шарлап жүріп өздерінің көрген таңғажайып
ескерткіштеріне сипаттама берген. Оларды theamata деген сөзбен атаған,
аудармасы міндетті түрде тамашалау керек деген мағынаны білдіреді.
Ежелгі Әлемнің жеті кереметтерінің тізімі бастапқыда біздің
заманымызға дейінгі шедеврлер айналасында шоғырланды. Таң қалдыратын
құрылыстардың арасынан ең үздіктерін ерекшелеу туралы идея б.з.д. V ғасырда
Геродот еңбектерінде кездескен. Ондаған жылдардан кейін грек тарихшылары ең
үлкен ескерткіштер туралы жазған, осыдан Бүкіл әлем кереметтерінің жинағы
пайда болады. Жинақ туралы бар білетініміз тек оның атауы ғана. Өйткені ол
Александриялық кітапханасымен бірге жоғалып кетеді. Жеті кереметтің ақырғы
тізімі Ортағасырларда қалыптасты. Оған Ежелгі Әлемнің жеті ең беделді
ескерткіштері кірді. Ол ескерткіштердің шекаралары шағын болды: Шығыс
Жерортатеңіздік және Қара теңіз маңымен шектелді. Алайда, бұл ауданда әлем
кереметтер өте көп шоғырланды. Біздің дәуіріміздің уақытына дейін
theamata барынша тұрақты тізімі құрылды. Олар жетеу болды: египеттік
пирамидалар, вавилондық бақтар, Эфестегі Артемида храмы (қазіргі Түркия
территориясы), Грецияның оңтүстігіндегі Олимпиялық Зевс мүсіні, галикарнас
Мавзолейі (қазіргі Түркия территориясы), герк Родос аралындағы Колосс және
Египеттегі Александриялық шамшырақ.
Бүгінгі таңда археологиялық зерттеулер көптеген жүзжылдықтар бойы
кейбір әлем кереметтерінің тарихының айналасындағы құпияларды ашып жатыр.
Жеті керемет оларды салушылар үшін діннің, мифология, өнер, билік және
ғылымның белгісі болып табылады. Біз үшін олар адамдардың сұлулығы мен адам
нанғысыз құрылыстарды сала білу қабілетінің белгісі болып табылады. Олардың
ішінде бүгінгі күнге дейін жеткен египеттік пирамидалар мысал бола алады.
Жақын арада әлемнің жаңа кереметтерін ерекшелеу шешімі қабылданды. Бұл
шешімді қабылдаудың негізгі себебі алдыңғы экспонаттардың көбісі қирап,
қазіргі уақытқа дейін жетпегендігі болды. Осылайша Жаңа жеті керемет пайда
болды. Қазіргі заманғы кереметтер де алдыңғы кереметтер секілді қызықты.
Олардың да пайда болу тарихы таңғажайып құпияларға толы.
2007 жылдың 7 шілдесінде Әлем жаңа кереметтерінің тізімі жарияланды.
Әлемдік резонанстан кейін мұндай жобаларды көптеген мемлекеттер өткізе
бастады. Олар жергілікті маңыздары бар кереметтерді таңдай бастады. Ресей
мен Украина секілді мемлекеттер өз таңдауларын жасап үлгерді. Қазіргі
уақытта кезек біздің де мемлекетімізге де келіп жетті. Қазақстандық жобаның
ұйымдастырушылары объектілерді шығу тегі бойынша бөліп қарамады. Мысалыға,
Байтерек немесе Байқоңыр ғарыш айлағы секілді қазіргі заманғы құрылыстар
Тамғалы тас петроглифтері және Борабай өзені секілді объектілерімен қатар
жарысқа қатысады.
Осы жобаның арқасында Қазақстан қай табиғи көрнекі орындары немесе
тарихи, архитектуралық ескерткіштері ең көркем және маңызды болып
табылатыны мәләм болады және тек қазақстандықтар үшін ғана емес, бізідің
елімізді білетін адамадардың барлығына.
Дипломдық жұмыстың мақсаты – Ежелгі дүниенің Жеті кереметтерін атай
отырып, олардың тарихымен, шығу тегімен, ерекшеліктерімен, аңыздарымен
таныстыру. Сонынмен қатар, қазіргі заманғы Жаңа жеті кереметтермен
таныстырып, олардың қазіргі заманда туризм саласындағы үлесі мен келушілер
арасында және жалпы әлем бойынша беделі жөнінде баяндау болып табылады.

1 Әлем кереметтерінің шығу тарихы

1.1 Әлем кереметтері туралы алғашқы жазбалар

Жеті керемет деп - өзінің техникалық немесе бейнелік мінсіздігімен
өткен ғасыр адамдарын таң қалдырған туындыларды айтады 19.
Энциклопедияларда сіздер алғашқы әлем кереметтерін жетіге жуықтап Филон
жазғандығын табасыз. Оның толық аты Филон Византиялық, барлық Филондардың
ішінде ең аз мәлімет сақталғаны. Атына сай, ол бәлкім Византия қаласында
туылған, мүмкін, сонда тұрған да. Оның қай уақытта туылғаны, қай уақытта
өлгені біздерге беймәлім. Тек бір нақты білетініміз - ол оның жұқа - он екі
параққа жететін – Әлемнің жеті кереметі туралы атты шығармасының сақталып
қалғаны. Бұл шағын шығармадан біз ол сипаттаған кереметтердің біреуін де ол
өз көзімен көрмегендігін де, және олар туралы басқалардың әңгімелеуі
бойынша жазғандығын біле аламыз 7.
Филон қазіргі заманғы ғылыми анықтамаларда аталатын Жеті керметтерден
өзгеше кереметерді атайды. Осылайша, ол Фарос аралындағы шамшырақты әлем
кереметіне жатқызбайды, ал бірақ оның еңбектерінде біз "вавилон
қабырғалары" туралы оқи аламыз. Оның шығармасында Галикарнастағы Мавзолей
туралы жоқ. Бәлкім, ол туралы мәліметтер Артемида храмының сипаттамасының
жартысы жазылған парақтармен бірге жоғалып кеткен. Филон кереметтерді өзі
көрмегендіктен, Орелли жазғандай "өз шығармасында ол асырып жазатын,
сондықтан ол жазған кереметтерді Филон сипаттаудан бұрын тым асыра
мақтаған" деген. Сондықтан Геродоттың, Страбонның, Диадордың, Плиний
Үлкенінің, Павсанийдің нақтылау мәліметтеріне назар аударған жөн, олармен
қоса, қазігі заманғы археологтарға да 2.
Цицерон Геродотты "тарих атасы" деп атаған және ол орынды болды. Ол
шынында да адамзат тарихындағы алғашқы тарихшы, оған дейінгілердің барлығы
жай жыл жазушылар. Ол шамамен б.з.д. 484 жылы Галикарнаста Кіші Азия
жағалауында туылды. Жасөспірім кезінде Геродот саясатпен шұғылданатын. Осы
үшін оған қудалану қаупі төнді. Сол кезде Геродот саяхатқа шығып, аз уақыт
бойы саудамен айналысты. Алайда, саудадан гөрі оны гректер "теория" деп
атайтын ғылымы (қазіргі заманғы баламасында "тану" деп аударылатын)
қызықтырды. Ол әлемнің көп жерлерін көрді және қайда барса да осы
"теориямен" айналысты. Елдермен, қалалармен, адамдармен танысып, олардың
бұрынғысы туралы білген мәліметтердің барлығын жазып алуға тырысты.
Осылайша оның "Тарихының" тоғыз кітабі пайда болды. Бірінші кітабында ол
лидиялықтар, мидяндықтар, парсылар және Грецияның ежелгі тарихы туралы
айтады. Екінші кітабы Мысыр туралы. Үшіншісінде Үндістан және Аравия, ал
төртіншісінде скифтер туралы баяндайды. Қалған бес кітапта герк-парсы
соғыстары сипатталады 18.
Антикалық авторлардың ішіндегі беделділерінің бірі - "география атасы"
Страбон. Ол Амассия атты Қара теңіздегі грек отар елінде дүниеге келген.
Бала кезінен жақсы білім алып, оны әрі қарай дамыту мақсатында саяхатқа
аттанады. Бүкіл әлемді шарлап өзінің алған әсерлерін және бақылағандарын
"Географияның" он жеті кітабында баяндайды. Страбон жақсы бақылаушы болды
және бұл оның Дунай маңындағы елдерді сипаттағанымен дәлелденеді. Алайда,
біздің тақырыбымызға сәйкес оның Египет және Месопотамия, кейбір шығыс
аңыздары, әсіресе Семерамида туралы аңыздары қызығушылық тудырады 7.
Плиний Үлкені ең бастысы 37 томдық "Шынайы тарих" атты еңбектің авторы
ретінде атақты болды. Ол римдік авторлардың ішіндегі жанжақтысы болды:
географиямен, минералогиямен, ботаникамен, зоологиямен, астрономиямен,
медицинамен, тарихпен, саясатпен, әскери ғылымдармен және өнермен
айналысты. Әсіресе оның өнер тарихы туралы туындылары маңызды болды: 33-36
кітаптарында ол әлем кереметтері туралы айтады. 18
Соңғы атайтын антикалық жазушы бұл - грек Павсанийі. Ол б.з. ІІ
ғасырында өмір сүрген және "Элладаның сипаттамасын" жасаған. ХІХ ғасырдың
үшінші ширегіне дейін ғалымдар оның еңбектерін қабылдамады 8.
Геродот әлемнің керметтеріне Вавилондық мұнараны, Ефраттан жүргізілген
көпірді, Фаюмдік оазистегі лабиринтті жатқызады. Римдік ақын Марциал әлем
кереметтеріне өзінің эпиграммаларының бірін арнайды және әлемнің алғашқы
кереметі ретінде римдік Колизейді санайды. Гигин, Октавиан Август
императорының құлы, кейін кітапханашысы, әлем кереметтеріне Экбатандағы
парсы патшасы Кирдің сарайын жатқызады. Бұл сарайды әлем кереметтеріне
римдік автор Вибий Секвестр де қосқан.
Луций Ампелий, IV ғасырдың географ және тарихшысы әлем кереметтері
тізіміне 49 кереметті енгізеді, олардың ішінде Иран және Ирактағы мұнай
көздері секілді кереметтер бар.
Бұл тізімді одан әрі қарай жалғастырса да болатын еді ... Әдетте
аталатын әлем кереметтерінің ішінде жиі кездесетіндері Крит аралындағы
Минос лабиринті, Римдегі Адриан табыты, римдік Капитолий, Афиналық Акрополь
және малазиялық қала Пергамдағы Зевс алтарі 1.
Әлем кереметтері туралы жазған соңғы автор римдік Кассиодор атты
тарихшысы және ағылшын ортағасырлық тарихшысы Беда Достопочтенный.
Аз емес уақыт өтті, жүздеген билеушілер тақтарынан ауысты,
миллиондаған адамдар эпидемиялар мен соғыстардан қаза болды, алайда,
ортағасырлардың сұр көлеңкесі өткеннен кейін ғана ежелгі әлем кереметтері
туралы жаңа еңбек пайда болды. Оның авторы француз филолог және археологы
Бернар де Монфокон. Жас кезінде монах болып кейін офицер атағын алды: 1967
жылы түрік жаулап алушыларының билігінде болған Грецияға аттанып, сонда
антикалық ежелгі заттардың коллекциясын жинады. Оның сонда тауып, көргені
оның он томнан тұратын: Түсіндірілген және бейнелі түрде көрсетілген
антикалық әлем атты еңбегінде жазылды. Ең маңыздысы оның Итальяндық
күнделігі. Бұл кітаптің 20 тарауында антикалық куәліктердің негізінде
құрылған жаңадан Әлем кереметтерінің тізімі құрылған: 1.Египеттік Фивтер,
2.Вавилондық қабырғалар, 3. Галикарнастағы Мавзолей, 4.Нілдегі пирамидалар,
5.Родосстық колос, 6.Римдік Капитолий, 7.Адриан табыты 3.
Және тек Монфоконнан кейін ғана қазір әйгілі болған Жеті кереметтің
тізімі шығады: 1) Египеттік пирамидалар; 2) Семерамиданың бақтары; 3)
Эфестегі Артемида храмы; 4) Олимпиялық Зевс мүсіні; 5) Галикарнас Мавзолейі
6) Родостық Колос; 7) Фарос аралындағы шамшырақ.
Бұл құрамымен олар энциклопедияларда заңдастырылады, кейіннен бір
ғылыми анықтамадан екіншісіне көшіріледі, олардан оқулықтарға жазылады.
"Жеті керемет" көпғасырлық формуланы ойлап тапқан уақытта (б.з.д. ІІІ
ғ) олар әлі де бар болатын, көбісінне уақыт та, адам да зиянын тигізбеген
және бастысы қолжетерліктей болған. Жерортатеңізінің Антикалық әлемі
Александр Македонскийдің империясын құрғаннан және эллинизм пайда болғаннан
кейін саяхатшыға бірнеше айлар ішінде барлық Жеті кереметті көруге
мүмкіндік беретін - олардың ешбіреуі теңізден алшақ тұрмады (Вавилоннан
басқасы). Алайда, Вавилонға да көптеген сауда жолдары апаратын. Уақыт өте
келе кереметтер бірінен соң бірі жоғала бастады. Римдік саяхатшы олардың
жетеуін толық көре алмас еді. Ал біздің заманымызға дейін тек кереметтердің
бірі ғана, ең ежелгісі - египеттік пирамидалар жетті 2.

2 Әлем жаңа керметтерді таңдауда

2.1 Алғашқы іріктеу

Бәріміз білетіндей әлемде ескі кереметтердің ішінен тек египеттік
пирамидалар аман қалған. 2000 жыл бұрын Филон өз тізімін құрғанда оның
таңдауы ерте ме, кеш пе қайта қаралатынын білген болатын. Міне сол уақыт та
келген сияқты – жекеменшік ұйым адам қолынан жасалған ең керемет
объектілердің жетілігін таңдауға ұсыныс жасады.
Бұл жобаны швейцариялық миллионер Бернард Вебер ойлап тапқан. Ол –
кинорежиссер, өнертанушы, авиатор әрі саяхатшы болып табылады. Өз ұшағында
ол Антаун де Сент-Экзюперидің саяхатын қайталайды. Ал 2000 жылы Сиднейдегі
Олимпияда ойындары басталмас бұрын онда қонып өзінің Жаңа жеті керемет
атты жобасын жарнамалайды 31.
Кейін Цюрихте Әлемнің жаңа жеті кереметтері атты Қор ұйымдастырады.
2005 жылдың аяғында дауыс беру басталды. Планетамыздың кез келген
тұрғынының өз дауысын телефон немесе электронды пошта арқылы беруге
мүмкіндігі болды.
Жобаны бастау мақсаты негізінен әлемдік қоғамның мәдени мұра мен
ескерткіштерді сақтап қалу мәселесіне көңілін аударту болып табылады -
деген оймен ең ғажайып құрылыстардың тізімін жаңарту идеясы жоба сайтында
түсіндіріледі. Ал Вебердің өзінің айтуы бойынша бұл сонымен қатар,
тарихтағы алғашқы рет бүкіләлемдік консенсуске жету мүмкінідігі болады.
Дауыс беру екі жыл бойы жоба сайтында және SMS дауыс беру арқылы
жүргізілді.
2000 жылы қор түрлі мемлекеттерден тапсырыстарды қабылдай бастады.
Тізімнің негізі ЮНЕСКО-ның 850 пункттен тұратын әлемдік мұрадан алынған.
Алайда, керемет атағына лайықты үміткерлер интернет пайдаланушыларымен де
ұсынылды. 19 миллион адам өз ұсыныстарын жіберді. 77 ең танымал үміткерлер
арасынан 2006 жылы атақты сәулетшілерден құрылған және ЮНЕСКО-ның бас
директоры Федерико Майор басшылығымен тізім 21-ге дейін қысқартылды 32.
Жоба нәтижесі 2007 жылдың 7 шілдесінде жарияланады деп шешілді.
Үміткерлер тізіміне ескі және қазіргі заманғы сәулет ескерткіштері
кірді. Филонмен құрылған ежелгі тізімнің бір кемшілігі – бұл барлық
кереметтердің тек Жерорта теңізінің жағалауларында орналасқандығы болды.
Ақырғы сайысқа қатысушылар: Греция мемлекетіндегі Афина қаласында
орналасқан Акрополь, Испаниядағы Гранада қаласындағы Аламбра, Камбоджадағы
Ангкор, Мексикадағы Юкатан қаласындағы Чичен-Ица ежелгі қала, Бразилияда
Рио-де-Жанейро қаласының басты көрнекілігі – Христос мүсіні, Римдік
Колизей, Пасха аралдарындағы Мүсіндері, Францияда Париждегі Эйфель
мұнарасы, Қытайдағы Ұлы Қытай Қорғаны, Түркиядағы Стамбулда орналасқан Айя-
София, Жапониядағы Кито қаласындағы Киомицудер храмы, Ресейде Москвадағы
Қызыл алаң мен Кремель, Перудағы Мачу-Пикчу, Германияда Фюссендегі
Нойшванштайн қамалы, Иордандық Петра қаласы, Египеттегі Гиза пирамидалары,
АҚШ-да Нью-Йорктағы Бостандық ескерткіші, Англиядағы Стоунхендж,
Австралиядағы Сидней Опера театры, Үндістандағы Тадж-Махал және Малидегі
Тимбукту.
Үміткерлер қатарында бар болғаны төрт діни ескерткіш: Анкгор,
Киомицудер храмы, Айя-София және Христос Құтқарушының мүсіні бар.
Стоунхендж және Пасха аралындағы ескерткіштер есептелмейді, өйткені әлі
күнге дейін олардың қалай және қандай мақсатта пайдаланғандығы анықталмады.
Қызыл алаң ансамблі және Акрополь де саналмайды, өйткені бұл қоғамдық
орындар және ондағы храмдардың орналасуы оларды тұтастай культтік қылмайды.
Осылайша, бір таза христиандық ескерткіш (Христос мүсіні), таза буддистік
ескерткіш (Киомицудер), бір өткен заманда христиандық, қазіргі таңда
мұсылмандық ескерткіш (Айя-София) және бір кезінде индуистік, қазіргі
кезеде буддистік ескерткіш (Анкгор) бар.
21 үміткерге шамамен 100 миллион адам дауыс берді 33.

2.2 Жеңімпаздар тізімі

2007 жылдың 7 шілдесінде Португалияда Лиссабон қаласында әлемнің Жаңа
жеті кереметтерінің тізімі аталды. Олар: Римдік Колизей, Ұлы Қытай Қорғаны,
Үндістандағы Тадж-Махал, Иорданиядағы жартастан ойылған Петра қаласы, Рио-
де-Жанейродағы Христос мүсіні, Перудағы Мачу-Пикчу қаласы, Мексикадағы
Чичен-Ица қаласы.
Көшбасшы үміткерлер арасында соңғы кезге дейін Париждегі Эйфель
мұнарасы болды, алайда, оның алдына римдік Колизей шығып кетті – жаңа
кереметтер арасындағы Еуропаның жалғыз өкілі.
Египеттік Гизадағы пирамидалар кешені жаңа кереметтер қатарына кірмеді,
бірақ өзінің статусын сақтап қалды.
Сайлауды өткізген Қор жобадан түскен пайданың 50% түрлі сәулет
объектілерін қалпына келтіруге жұмсалады деп мәлімдеді 34.
Әр үміткерлердің қанша дауыс жинағандығы туралы хабарланбады. Не
дегенімен, туристік операторлар үшін бұл өте қажетті ақпарат болатын еді.
Салтанатты іс шара әлемдік атақты тұлғалардың қатысуымен, сәулет
өнерінің шедеврлері туралы бейнематериалдар көрсетуімен Лус стадионында
өтті. Көрермендер саны 50 000 ға дейін жетті.
Жаңа кереметтер ішіндегі уақыт бойынша ең ертеңгісі – иорданиялық Петра
болып саналады. Бұл қаладағы алғашқы құрылыс б.з.д. ІІ мыңжылдықта
салынған, ал б.з. VI ғасырында салынған құрылыстар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлемнің кереметтері жайлы
Айша бибі мазары
Шахан ата
ИТАЛИЯ. СИЦИЛИЯ
Интернет жарнамасының түрлері
Домбыра құрылымы
Туризм және қонақжайлық индустриясындағы технологиялық өзгерістер
Әлемнің жеті кереметі туралы ақпарат
Нобель силығының лауреаттары атағын иеленген әлемдік жазушылар
Қожа Ахмет Иасауи Даналық кітабы, Ахмед Иүгінекидің Ақиқиат сыйы, Сүлеймен Бақырғанидың Ақырзаман кітабы
Пәндер