Экожүйе



Кез келген биоценоз биотоппен бірігіп, одан да жоғары деңгейдегі биологиялық жүйе – биогеоценозды түзеді. 1935 жылы А.Тенсли ұсынған «Экожүйе» ұғымына жақын. Экожүйе дегеніміз – зат, энергия және ақпараттар алмасу нәтижесінде біртұтас ретінде тіршілік ететін кез келген өзара әрекеттесуші тірі ағзалар мен қоршаған орта жағдайларынының жиынтығы. Кең қолданылып жүрген құрылымдық жіктелу бойынша ғаламшарды төмендегі экожүйелерге бөледі:
1. Құрлық экожүйелері
2. Тұщы су экожүйелері
3. Теңіз экожүйелері
Трофикалық құрылым тұрғысынан қарастыратын болсақ, экожүйені Ю.Одум бойынша екі ярусқа бөлуге болады: автотрофты және гетеротрофты.
1. Жоғарғы автотрофты ярус – немесе жасыл белдік, бұл өсімдіктерден немесе хлорофилі бар өсімдік бөліктері, бұлар жарық энергиясын фиксациялау нәтижесінде қарапайым бейорганикалық заттардан күрделі органикалық қосылыстардың жинақталуы.
2. Төменгі гетеротрофты ярус немесе топырақ пен жауын-шашыннан, қарашірінділерден, тамырлардан тұратын қоңыр ярус, мұнда ыдырау, трансформация және күрделі қосылыстардың бөлінуі сияқты процестер жүріп

Дәріс №6 Экожүйе
Кез келген биоценоз биотоппен бірігіп, одан да жоғары деңгейдегі
биологиялық жүйе – биогеоценозды түзеді. 1935 жылы А.Тенсли ұсынған
Экожүйе ұғымына жақын. Экожүйе дегеніміз – зат, энергия және ақпараттар
алмасу нәтижесінде біртұтас ретінде тіршілік ететін кез келген өзара
әрекеттесуші тірі ағзалар мен қоршаған орта жағдайларынының жиынтығы. Кең
қолданылып жүрген құрылымдық жіктелу бойынша ғаламшарды төмендегі
экожүйелерге бөледі:
1. Құрлық экожүйелері
2. Тұщы су экожүйелері
3. Теңіз экожүйелері
Трофикалық құрылым тұрғысынан қарастыратын болсақ, экожүйені Ю.Одум
бойынша екі ярусқа бөлуге болады: автотрофты және гетеротрофты.
1. Жоғарғы автотрофты ярус – немесе жасыл белдік, бұл өсімдіктерден
немесе хлорофилі бар өсімдік бөліктері, бұлар жарық энергиясын фиксациялау
нәтижесінде қарапайым бейорганикалық заттардан күрделі органикалық
қосылыстардың жинақталуы.
2. Төменгі гетеротрофты ярус немесе топырақ пен жауын-шашыннан,
қарашірінділерден, тамырлардан тұратын қоңыр ярус, мұнда ыдырау,
трансформация және күрделі қосылыстардың бөлінуі сияқты процестер жүріп
жатады.
Биологиялық құрылым тұрғысынан экожүйедегі келесі компоненттерді бөліп
көрсетуге болады:
1. Бейорганикалық заттар. Зат айналымға қатысады. (СО2, Н2О, N2,
O2 минералды тұздар)
2. Органикалық заттар. Биотикалық және абиотикалық бөліктерді бір-
бірімен байланыстырады. (ақуыздар, көмірсулар, липидтер, гумус
заттары және т.б.)
3. Әуе, су және субстратты орталар. Абиотикалық факторлардан
тұрады.
4. Продуценттер – автотрофты ағзалар, фотосинтез немесе хемосинтез
әсерінен бейорганикалық заттардан органикалық заттар жасауға
қабілетті ағзалар.
5. Консументтер (макроконсументтер, микроконсументтер,
фаготрофтар) - гетеротрофты ағзалар, продуценттердің немесе
басқа консументтердің органикалық заттарын пайдаланады.
(жануарлар, гетеротрофты өсімдіктер, кейбір микроорганизмдер).
Консументтер екі топқа бөлінеді. бірінші ретті консументтер
(фитофагтар, сапрофагтар) және екінші реттік консументтер
(зоофагтар, некрофагтар) және т.б.
6. Редуценттер (микроконсументтер, деструкторлар, сапроторфтар,
осмотрофтар) – органикалық қалдықтармен қоректеніп оларды
ыдыраутшылар.
Қоректену әдісіне байланысты барлық ағзалар автотрофтар және
гетеротрофтар болып бөлінеді.
Автотрофтар (грек тілінен аударғанда аутос - өзім) – бейорганикалық
заттардың органикалық заттарға айналуын жүзеге асырады. (жасыл өсімдіктер
мен кейбір микроорганизмдер).
Гетеротрофтар (грек тілінен аударғанда гетерос - әр түрлі) – дайын
органикалық заттармен қоректенетін ағзалар. (жоғары сатыдағы паразит-
өсімдіктер, саңырауқұлақтар, кейбір микрорганизмдер, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экожүйенің тұжырымдамасы
Экожүйе түсінігі
Экожүйе құрылымы
Экожүйе және экожүйелер
Экожүйелердің біртұтастығы және орнықтылығы туралы
Экожүйелер экологиясы
Биогеоценоздар
Экожүйелер туралы негізгі түсініктер
Экожүйедегі өнімділік пирамидасы және энергия ағыны
Экожүйенің жіктелуі
Пәндер