Ғалым Әл-Машанидің өмір жолы


Ғалым Әл-Машанидің өмір жолы
Бүгін Қазақтың Ұлттық техника университеті дәрежесіне дейін жаңғыра жаңарып, алпыс жылдық асудан асқан қазақтың Ұлттық Техника зиялары ордасына айналған жоғары оқу орнының шаңырағы 1934жылы Тау-кен металлургия болып көтерілгенде, алғащқы шәкірттерінің бірі болып есігін ашқан, тұңғыш тулегі болып мамандық алғандардың бірі ғана емес бірегейі қазақтың көрнекті ғалымы Қазақ Республикалық Ұлттық Ғылым академиясының ірге тасын қалаушылар қатарындағы, әрі тұіңыш корреспондент-мүшелерінің бірі-ғұлама-профессор Ақжан Жақсыбекұлы Машанов пешенесіне жазылыпты.
А. Ж. Машановтың азаматтық анкетасын толтырар болсақ, оған Ақанның өзі қуған: геология, маркшейдерлік іс салаларымен сабақтас жаңа ғылым саласы-жер механикасының/геомеханика/ірге тасын профессор п. К. Соболевский және оның шәкірті А. П. Рыжовпен бірге қаласып, негізін салушының бірі, әрі осы аталмыш ғылым қағидасын қолдана отырып, Ақбастау-Құсмұрын секілді ғасырға жуық ғұмырын үндіксіз кен инженерлерін дайындаумен қатар, осы салада ондаған ғылым кандидаттар мен докторларын тәрбиелегендігін тізе отыра-Мағжанның «Қозғал қазақ, білім іздер кез келді», - деп көтерген уранына нақтылы жауапты іспен берерліктей техника, табиғат ғылымдарын қалың оқушыға таратушылығын қазақ көркем әдебиетінің балауса жанры-ғылыми фантастикасының, ғылыми-көпшілік бастау шығармаларының авторлығын; геология ғылымы саласында осыдан отыз-қырық жыл бұрын-ақ қазақ тілінде оқулық жазуын; ең бастысы мың жылдан астам уақыт өз ұлты үшін, тарих топырағында жабулы қалған ұлы бабасы-Әл-Фарабиді ұрпағымен қауыштырудың: ал соңғы жылдары тоқсанға иек қалғандығына қарамастан шығармашылық ширақтығының танытып, қазақтың екі алып данасы-Әл-Фараби мен Абай арасының дәнекер байланысын анықтау бағытындағы зерттеулері мен Ұлы бабаның «Табиғат тағылымы»(«Табиғат матбұғат») қағидасы тұжырымдарының ғылыми қиястарын, халқымыздың тас дәуірінен бүгінге дейінгі ұғымымен, яғни қазақи дүние таныммен атастыра отырып, ғылыми ислами тұрғысынан қарастырып; - «Құран кәрім» азиаттарының ғылыми астарын бүгінгі ілімдік үйлесімдігін зерттеуде, тәуелсіз Қазақстан ғылымын жаңа сатыға көтеретін, әрі ұлт намысын жыртып, ел мүддесін қастерлейтін ұрпақ тәрбиесінің пәрменді идеологиясына бастау болардай жазылған шығармаларын атар едік.
А. Ж. Машанов Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданындағы ескі аты бойынша «Жамантайдың қарақуысы» деген мекенде 1906 жылы дүниеге келген.
А. Ж. Машанов алғаш әліппе тануды өз әкесінен, кейін ауыл молдаларынан, кеңес мектебінен үйренді.
1924 жылы Қарқаралы қаласында ашылған педагогикалық техникумға түсіп, оны бітірісімен ауылдық мектепке мұғалім болып істейді.
1930 жылдары Қарағанды облыстық халық ағарту бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарған.
1931 жылы аудандық ағарту бөлімінің нұсқаушысы және мектепке мұғалім болған.
1933 жылдың күзінде Семейдің геологиялық техникумында-болашақ тау-кен металлургия институтының дайындық курсында оқып, 1934 жылы Алматыда ашылған тау-кен металлургия институтының алғашқы студенттерінің бірі болып қабылданды.
1930-1932 жылдардың басында қазақ халқының қырғынға ұшыраған зұлматын бастан өткерген, көзбен көрген болашақ ғалымның Алматыға келіп оқуға түсуі-А. Машановтың өмірінде жаңа кезен болып табылады.
Институтта оқи жүре, ол қаладағы техникумдарда, курстарда сабақ береді.
А. Ж. Машанов 1939 жылы институтты алғашқы үздік бітірген тұңғыш түлегі болды.
1939-1943 жылдары тау-кен металлургия институттының аспирантурасында оқи жүре, сол кезде ұйымдастырылған Одақтық Ғылым академиясының қазақстандық филиалында кіші ғылыми қызметкер болып жұмыс істеді.
«Маркшейдерлік іс» кафедрасының жанындағы аспирантурада оқи жүре осы мамандықтың өзіндік ерекшелігіне қарай (оған көптеген қосымша мысалы) : кен геометриясы, математикалық санақ, т. б. пәндерден дәріс бере жүре осы саланы зерттеуге тура келді. Сөйтіп, физикп-математика ілімдерімен төрендетілген білімі, оның келешекте геологиялық үдірістер табиғатын тануда физика-математикалық әдістерді қолдана отырып, әртүрлі геологиялық үндістерінің өзара аналитикалық байналыстарын зерттеу нәтижесі-ғылымның жаңа саласы-жермеханикасын (геомеханикасын) дамытуда басты роль атқарды. Жер механика тұрсындағы негізгі идеялар болашақ ғалымның 1944 жылы қорғаған «Торғай сүрме кенінің құрылымы» тақырыбына қорғалған кандидаттық диссертациясында баяндалғанды.
Кандидаттық диссертация тақырыбы етіп алынған ғылыми тұжырым, алдыменен практикалық істе байқаудан өткенді. Мәселен, жас инженер А. Машанов 1939 жылы кен-барлау ғылыми экспедициясын басқара жүріп, Ақбастау және Құсмұрын алтын кен орын ашады. Алайда соғыстың кесірінен аталмыш кен орнын даралай зерттеуге тек 1959 жылы ғана оралып еді. Жаңа зерттеуге ғалым А. Машанов жермеханикалық әдісті кеңінен қолданып, теориялық тұжымдардың дұрыстығын іс жүзінде дәлелдеп шықты. Бұл жұмысқа бұрын 1940-1948 жылдарында - Лениногор, Беказы, Зырян, Торғай, Жезқазған, Қаратау, Текелі кен орындарын геометризациялауда ғалым А. П. Рыжовпен тізе қоса отырып, жермеханика әдісі алғаш қолданылған еді. Жаңа ғалым саласын дамытуда соғыс жылдарында экономикалық күйзеліс, жаңаға дегенде аттан салып қарсы шығар кертарпа ғалымдар тобы тарапынан туындаған кедергілерге қарамастан жаңа сала бастауын алып, өрісі кеңейі берді. Жаңа саланы қолдаушылардың арасында жас таланттар қатары көбейе берді.
Сонымен, жермеханикасы Ж. С. Ержанов, С. А. Шрубко, С. А. Базарбаев, К. Н. Медведев, К. Ш. Макетов, К. И. Қалымбетов, С. Б. Қажығалиева, ж. б. А. Машанлв ұстаздық өткен ғалымдардың ғылыми еңбектеріне негіз болды. Жаңа ілім-жермеханикасы саласындағы дүниежүзілік сүбелі ғылыми еңбек қатарына жататын «Тау жыныстары механикасы»(1981 жылы) және «жермеханикасына кіріспе» (1979 жылы) А. Машанов қаламынан туындаған монографиялар-жаңа ғылым саласын танымал етудегі ірі бөлес болып саланады. Тау-кен ғылымының тың саласы-жермеханикасының ірге тасын ғалымдар: П. К. Соболевский және П. А. Рыжовпен қоса қаласқан А. Машанов аталмыш ғылымның қазақстандық негізін салушы болып, ғылым тарихына еніп еді. Іргелі осынау монографиялардан басқа ғылыми жинақтарда А. Машановтың жылма-жыл жарияланып жататын мақалалары, түрлі ғылыми конференцияларда жасалынған, проблемалық баяндамалары, былай қойғанда, жарғылымы-геологияға бағышталған кесек еңбектері. Мен шғармалары 1936-1939 жылдардан бастап-ақ шыға бастаған. Олар: «Жер сілкіну», «Таулар қалай құрылған», «Жанартау» және «Жер бетінде тіршілік қалай пайда болды?» тәрізді жеке-жеке кәтапшалары.
Жаз айларында түрлі кен-барлау экспедициялар құрамында: Орталық Қазақстан, Алтай, Жоңғар Алатауы, Қаратау өңірінде жүріп, жаңадан төрт кен орындарын ашып, авторлық куәліктерін алды.
Бүгінгі таңда республика жоғары оқу орындары тау-кен факультеттерінде «Жермеханика» жеке пән ретінде оқылады, өйткені тау-кен ғылымында кен жұмыстарын жүргізген кездеде тау қысымын басқару жолдары, жер қойнауындағы ығысу үдірістері, кен тіректерінің тұрақтылығын және т. б. өндірістік мәселелердің дұрыс шемімін жермеханика әдісінсіз табу мүмкін емес.
Қазақтың Ұлттық техника универитетіндегі доцент санатында ұстаздық етуін 1950 жылдан бастаған А. Машанов күні бүгінге дейін үлкен міндетін ұластырып келеді, соның отыз жылдан астам уақытын «Маркшейдерлік іс» кафедрасының меңгерушілік қызметінде-кен инженер-маркшейдер мамандарын даярлаумен үзбей айналысып, білікті маман инженерлер даярлауға сүбелі еңбек қосып келеді.
Профессор А. Машановтың өмірден түйіндеп, ұзақ жылдар бойы ұстаздық еңбегінде көз жеткізген өмір шындығы - қаңдайда ғылым саласы болмасын, нәтиже шығаратын білік-маман даярлау үшін, алдымен жастардың сол ілімге дегенқұштарлығын оятып алмай, одан әрі оларға берер білімді түсінікті тілде оқытып, санасына сіңірмей тұрып, білікті мамандар даярлауға болмайтындығы еді.
Өз ойының дұрытығына кәміл сенген жас ұстаз, сонау жылдардың өзінде-ақ, ауыл мектебін қазақ тілінде тамамдап келген жастарға, геология санасынан білім беру мақтасымен, И. В. Мушкетовтың «Жалпы геологияның қысқаша курсын», В. А. Обручевтің «Геология негізін», И. Потемкиннің «Геология және минералогия» оқулықтарын өзі бастама жасап қазақ тіліне аударды.
Қазақ сияқты бұратана халықтың ұлттық тілін жойып, мәңгі отарлау иделогиясын қатаң ұстаған, кешегі коммунистік империяның қылышынан қан тамып тұрған кезінде, материалдық жағынан болсын, қоғамда атақ-лауазымға жете қоймаған жас ұстазға бұл үшін қаншама күш-жігер жұмсауға тура келді десеңші.
Геология саласындағы оқулықтарды аудара жүріп А. Машанов өз ана тілінде ғылыми еңбектер жазуға болатындай мүмкіндігі барын сөзді. Астрономия, тау-кен, маркшейдерлік іс, металлургия және басқа да ғылым салалары бойынша қазақ тілінде жарық көрген лқу-әдебиеттерін шығаруға көмектесе жүріп, болашақта ғылыми еңбек жазу ниетімен атаулар сөздігі жасау керек екенді қажеттігін түсінді.
Міне, ғалым А. Машановтың 1960 жылдар басында жарық көрген тау-кен атауларының тұңғыш терминдік сөздік шығаруға белсене ат салысу себебі де осындай еді.
Енді осының бәрі: геологиялық оқулықтарды аудару, түрлі ғылым саласынан қазақ тілінде оқу-әдебиеттерін жазуға қатысу, терминдік сөздік түзеу, ұстаз А. Машановты геология саласынан қолтума, қазақша оқулық жазуға бастау болған еді.
А. Машанов оқулығы бүгін егемендік алып, мемелекеттік тілде білім бере бастаған тау-кен және геология факультеттері студенттері мен оқытушыларының зор сұранысына айналып отырған себебі, оның аз таралыммен шығуынан ғана емес, оқулық мазмұнының бүгінгі күн талабына сай келуінен болса керек.
Қазақтың ұланғайыр жерінің беті ғана емес, қойнауы да кенге тұнып тұрғанын байырғы тұрғыны-қазақ білмеген емес. Сонау қола дәуірінде кен қазылған үнгірлер мен металл балқытқан пеш орындары біздің заманымызға дейін сақталып келді. Мәселен, «Жезқазған», «Жезкент», «Кентау», «Теміртау», «Алтынқапқан», «Қорғасын», «Қалайлы», «Жосалы», «Көктас», «Кентөбе», «Сарыарқа», «Темірсаққан» тақілетті геологиялық және жағрафиялық нақтылы ұғым беретін жер-су атаулары қазақ халқының сонау тас дәуірінен бастап дүниетанымының жоғары болғандығың дәлелі болса керек. Жоғарыда аталып өткен А. Машанов қаламынан туындаған «Жер сілкіну», «Таулар қалай пайда болады», «Жаңар тау», «Жер бетінде тіршілік қалай пайда болған» еңбектерінде ғылыми тұжырымдар осындай халық ұғымындағы түсініктермен ұштастыра баяндалу нәтижесінде аталмыш кітапшалар оқушысын тосыр-қатпайтын көпшілік әдебиет жанрындағы шығармалар санатында да қабылданғанды.
1957 жылы «Таулар қалай құрылды» кітабы қайта жазылып Академик Қ. Сәтбаевтың алғы сөзімен «Жер сыры» деген атпен басылып шықты. Шығармаға көркем әдебиеттің ғылыми-фантастика жанр айдары тағылып, ғалым А. Машанов қаламынан балауса жанрдың тұңғыш туындысы осылай дүниеге келген болатын.
Табиғатындағы жазушылық қабілетін өзі куған ғылым саласымен шебер ұштастыра білетін, қазақтың әр сөзін жете үніліп, ескі атаудың тыңда, тосын астарын тауып, оқушысына ой тастай білетін А. Машанов пікіріне жүгінсек «фан»-ғылым «тас»-тас мағынасына апарып «фантас» сөзі ғылыми тас «таңбалы тас» мағынасына апарып «фантас» сөзі ғылыми тас «таңбалы тас» мағнасында адамзаттың сонау тас дәуірінен мәдени дамуын мезгейтін болып щығады екен. Міне, «Жер сырының» фантастика айдарын тағына тұра, жер планетасының даму кезенінің хиқаяты болып оқушысын баурап алу себебі осында еді.
Ғалым-ұстаз ғұлама А. әл-Машани бүгінгі ұрпақ, келешек ұрпақ, бүтін қазақия қауымының алдында орындап шыққан мәңгі ұмытылмас азаматтық борышы бар.
Ол мың жыл бойы өз ұрпағына шапағатын шаша алмай тарих тұңғиында жатып қалған, дүние жүзінде «екінші мұғалім» атанған Мұхаммед Абунасыр әл-Фараби рухын туған топырағына қайтару.
Ұлы баба мұрасын зерттеуге әл-Машани 1943 жылдан кірісіп еді. Алдымен оның қазақ топырағында кіндік қаны тамғандығын дәлелдеу керек болды.
ССРО-да, оның ішінде Қазақстанда демесек әл-Фараби есімі Батыс Еуропа дүниежүзінің дамыған елдерінің ғалымдар қауымында қашаннан таныстын. Бірақ мәлімет жинау үшін, барлық елдерді аралап шығу мүмкін емес.
Әл-Машани Лиссабон, Логдон, Париж, Рим, Берлин, Каир қалаларындағы ең ірі саналатын кітапханаларына біздегі сирек кітаптардан сый-сияпат жіберіп хат жолдайды. Сұранып, жүріп Бағдад барып, бабасының басына дуға оқиды, баба қабірінен бір уыс топырақты түйіп алады, орнына түйіп апарған туған жер топырағын салады. Сөйтіп, 1978 жылы Ұлы бабаның 1100 жылдығына арналған халықаралық конференциясының Алматыда Әл-Машаниде өз үлесін қосқанды.
Ұлы бабаның сан-салады мұрасын зерттеушілер қатары қомақталып та қалған еді бұл кезде. Солардың ішінен Әл-Фарабидің математика саласындағы, әсіресе пәлсапалық трактаттарына зер салушылар баршылықтың. Бірақ философияны айтпағанда Әл-Фарабидей геометрия, музыка, астрономия -үш салаға бірдей ұлы үлес қосып, аса ірі жаналық ашқан ғалымдарды атай қою қиын. Платон, Аристотель, Галелей сынды ғұламалар музыканы женді меңгере алмағанын өздері жазып кеткен. Шындығында Әл-Фараби тек ғалымдығымен ұлы емес, ол көп қырлы ғұлама, өнерпаз әрі ақын, әрі діндарлығымен озыө тұрды. Егер Ақжан Машановтың жазушылық талантты геологтік, маркшейдерлік ғылым салаларымен ұштаспады ғой, егер ол заман ағымын күйттеп ислам ғылымынан іргесін аулақ ғой, қаншама тер төкседе баба мұрасын зерттеуді өзі көтерген деңгейге жеткізе алмаған болар еді.
Ақжан әл-Машанидің әл-Фараби әлеміне де ерекше, Абай даналығын тану жолы да ерекше: ұстаз Ақжан халқы үшін қандай соны істі қолға алмасын, тыңнан соқпақ салып, ғылымның жаңа бетін ашпасын сүйенер күдіреті: қазақтың қасиетті тілі, ғылыми ислами жолы және бүгінгі табиғат жетістектері. Әсіресе Ұлы баба мұрасын сол әл-Фараби болмысынан танып, игеруде осынау үш қағиданы қатар қолдасына әл-Машани шығармашылығына өміршең өскелендік қасиет беріп, оны ұрпақтан-ұрпаққа жеткізері күмәнсіз. Бұл пікірде оқырман игілігіне айналған Ақжанның кесек дүниелері: «Әл-Фараби»(1970ж. ) тарихи романы, «Ғажайып ошақ басында»(1978ж. ), «Табу»(1982ж. ), «Әл-Фараби және Абай»(1994ж. ) . Осынау аталған шығармалардың шоқтығын даралай көрсетер ерекшелігі Ұлы бабаның қандай бір қатар ғылыми ойын «Алап» атымен бастап, түйіндер тұжымырын «Құран Кәрім» аттарын да көрініс беретін ғылыми қағидалармен ұштастыра, ғылыми мәнін оқушысына меңзеп отыруында.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz