Аудит: мәні, пайда болуы, қалыптасуы
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1 Аудиттің пайда болуы мен даму кезеңдері
1.1 Аудиттің пайда болуы мен қалыптасуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2 Қазақстанда аудиттің дамуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8
1.3 Қазақстандағы аудиттің нарықтық қатынастардың қалыптасуына
әсері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12
2 Аудит түсінігі, мәні және аудит принциптері
2.1 Аудит түсінігі және оның даму кезеңдері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...13
2.2 Аудиттің мәні, қажеттілігі және зерделеу аспектілері ... ... ... ... ... ... ... ..19
2.3 Аудит принциптері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25

Аудит өздігіне заңдылықпен орнатылған талаптарға сай қаржылық есептерді құрастырудың обьективтілігі мен шындығы туралы тәуелсіз көзқарасты көрсету мақсатымен заңды тұлғалармен қаржылық есебін тексеруді көрсетеді.
Аудит нарықтық экономика жағдайында барлық шаруашылық процесіне қатысушылардың қызметінде маңызды роль ойнайды. Ол анық ақпаратпен қамтамасыз етеді,серіктестер арасындағы сенімділкті қалыптастыруға септігін тигзеді,оңтайлы басқарушылық шешімдерді іріктеу мен кемшіліктерді жою бойынша ұсыныстарды әзірлейді,сондай-ақ қаржылық жағдайды тұрақтандыруға шаруашылық жүргізуші субьектілер қызметінің тиімділігін арттыруға және тұтастай қоғамның әлеуметтік экономикалық жағдайын жақсартуға ықпал етеді.
Аудит қаржылық,экономикалық,техникалық заңдық және басқада қызмет салаларында жүргізуге болады. Аудмттің ең негізгі мақсаттарының бірі – шаруашылық жүргізуші субьектінің қаржылық есеп берулерінің нақты екендігін анықтау болып табылады.
Бұл арада клиенттің нормативті құқықтық актілері талаптарды сақтауын бақылауда үлкен мән беріледі. Компаниялардың қызмет нәтижелері және олардың заңды сақтауы туралы ақпарыттық тәуелсіз расталуы мемлекеттке,меншік иелеріне,акционерлерге инвесторларға,кредиторларға және олардың бизнес бойынша серіктестіктеріне қажет. Негізгі есеп тұжырымдамасы бойынша Америкалық бухгалтерлер ассоциациясы аудиттің мазмұнын барынша қамтып жинақтаған анықтамасында былай делінген « Аудит – бұл экономикалық әрекеттер мен оқиғалар,олардың белгіленген деңгейінің нақты өлшемдерге қаншалықты сәйкестігі туралы ақпаратты алу мен бағанаудың және нәтижелерді мүдделілік танытқан пайдаланушыларға беретін жүйелі процесс».
ҚР «Аудиторлық қызмет туралы» заңында мынандай анықтама берілген: «Аудит ҚР заңында белгіленген талаптарға сәйкес қаржылық есептіліктің дұрыс және обьективті жасалған туралы тәуелсіз пікір білдіру мақсатында заңды тұлғалардың қаржылық есептілігін тексеру болып табылады».
Аудиторлық мамандықты өздігінен реттеуді дамыту қазіргі таңда кәсіби қоғамдастықта белсенді талқылануда. Олар арқылы аудиторлық қызмет сапасына бақылау жүргізілетін өзін өзі реттейтін ұйымдарды нығайту және күшейту туралы мәселе қойылуда. Бірнеше кәсіби ұйымдар құру қажеттілігі туындайды, бұл, мәні жағынан, аудиторлық нарықты одан әрі дамыту үшін иінтірек болады.
Әлемдік экономикалық жағдайдағы соңғы он жылдықта болған шапшаң өзгерістер бухгалтерлік есепке алуға және қаржылық есептілікке арналған ережелерді жасау кезінде елдердің қолданатын тәсілдерін айтарлықтай дәрежеде өзгертті. Капитал нарықтары ұлттық шекарадан тыс жерлерде кеңейіп, ұлттық экономикалардың дамуына байланысты кірігу процесі нығаюда. Капитал нарықтарының кемелдене дамуы олардың даму үрдісін инвесторлардың жоғары дәрежеде түсінуін, олардың нығайтылуына, тұрақтылығына және өтімділігіне сенімділігін талап етеді. Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарының бірыңғай топтамасын қабылдау кредиттердің құнын және инвесторлар үшін маңызды емес стандарттар бойынша есептілікті дайындау жөніндегі әкімшілік шығыстарды қысқарту арқасында ұйымдардың инвестицияларды тарту бойынша шығыстарын қысқартуға себепші болады.

1. Абленов Д.О. «Аудит негіздері» Алматы: Экономика, 2005.- 294 б
2. Дүйсенбаев К.Ш. «Анализ финансовой отчетности» Алматы: Экономика, 2009.-366 б.
3. Ажибаев З.Н. Аудит: Учебник. – Алматы: Экономика, 2004
4. Балапанова А.Ж. «Аудиттің теориялық негіздері»: Оқу құралдары. – Алматы. – 2003
5. Ержанов М., Даулетбеков Г.Б. и др. Аудит – 1: Учебник. – Алматы: Бастау, 2005. 282 с.
6. Байдаулетов М.Б., Байдаулетов С.М., «Аудит». Алматы. «Қазақ университеті», 2004 ж
7. З.Н. Әжібаева, Н.Ә. Байболтаева, Ж.Ғ. Жұмағалиева Аудит: Оқулық, - Алматы 2006ж, 603 б
8. Дүйсенбаев К.Ш., Егембердиева С. К., Дүйсенбаева З.К. Аудит и анализ финансовой отчетности. – Алматы : Қаржы қаражат 1998ж.
9. ҚР аудиторларының Этика Кодексі. Алматы, Қаржы-қаражат, 1995.

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ...3
1 Аудиттің пайда болуы мен даму кезеңдері
1.1Аудиттің пайда болуы мен
қалыптасуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2Қазақстанда аудиттің
дамуы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... .8
1.3Қазақстандағы аудиттің нарықтық қатынастардың қалыптасуына
әсері ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ..12
2 Аудит түсінігі, мәні және аудит принциптері
2.1Аудит түсінігі және оның даму
кезеңдері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ..13
2.2Аудиттің мәні, қажеттілігі және зерделеу
аспектілері ... ... ... ... ... ... ... ...19
2.3Аудит
принциптері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... .22
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... .. .24
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25
КІРІСПЕ
Аудит өздігіне заңдылықпен орнатылған талаптарға сай қаржылық
есептерді құрастырудың обьективтілігі мен шындығы туралы тәуелсіз
көзқарасты көрсету мақсатымен заңды тұлғалармен қаржылық есебін тексеруді
көрсетеді.
Аудит нарықтық экономика жағдайында барлық шаруашылық процесіне
қатысушылардың қызметінде маңызды роль ойнайды. Ол анық ақпаратпен
қамтамасыз етеді,серіктестер арасындағы сенімділкті қалыптастыруға септігін
тигзеді,оңтайлы басқарушылық шешімдерді іріктеу мен кемшіліктерді жою
бойынша ұсыныстарды әзірлейді,сондай-ақ қаржылық жағдайды тұрақтандыруға
шаруашылық жүргізуші субьектілер қызметінің тиімділігін арттыруға және
тұтастай қоғамның әлеуметтік экономикалық жағдайын жақсартуға ықпал етеді.
Аудит қаржылық,экономикалық,техникалық заңдық және басқада қызмет
салаларында жүргізуге болады. Аудмттің ең негізгі мақсаттарының бірі –
шаруашылық жүргізуші субьектінің қаржылық есеп берулерінің нақты екендігін
анықтау болып табылады.
Бұл арада клиенттің нормативті құқықтық актілері талаптарды
сақтауын бақылауда үлкен мән беріледі. Компаниялардың қызмет нәтижелері
және олардың заңды сақтауы туралы ақпарыттық тәуелсіз расталуы
мемлекеттке,меншік иелеріне,акционерлерге инвесторларға,кредиторларға және
олардың бизнес бойынша серіктестіктеріне қажет. Негізгі есеп тұжырымдамасы
бойынша Америкалық бухгалтерлер ассоциациясы аудиттің мазмұнын барынша
қамтып жинақтаған анықтамасында былай делінген Аудит – бұл экономикалық
әрекеттер мен оқиғалар,олардың белгіленген деңгейінің нақты өлшемдерге
қаншалықты сәйкестігі туралы ақпаратты алу мен бағанаудың және нәтижелерді
мүдделілік танытқан пайдаланушыларға беретін жүйелі процесс.
ҚР Аудиторлық қызмет туралы заңында мынандай анықтама берілген:
Аудит ҚР заңында белгіленген талаптарға сәйкес қаржылық есептіліктің дұрыс
және обьективті жасалған туралы тәуелсіз пікір білдіру мақсатында заңды
тұлғалардың қаржылық есептілігін тексеру болып табылады.
Аудиторлық мамандықты өздігінен реттеуді дамыту қазіргі таңда кәсіби
қоғамдастықта белсенді талқылануда. Олар арқылы аудиторлық қызмет сапасына
бақылау жүргізілетін өзін өзі реттейтін ұйымдарды нығайту және күшейту
туралы мәселе қойылуда. Бірнеше кәсіби ұйымдар құру қажеттілігі туындайды,
бұл, мәні жағынан, аудиторлық нарықты одан әрі дамыту үшін иінтірек болады.
Әлемдік экономикалық жағдайдағы соңғы он жылдықта болған шапшаң
өзгерістер бухгалтерлік есепке алуға және қаржылық есептілікке арналған
ережелерді жасау кезінде елдердің қолданатын тәсілдерін айтарлықтай
дәрежеде өзгертті. Капитал нарықтары ұлттық шекарадан тыс жерлерде кеңейіп,
ұлттық экономикалардың дамуына байланысты кірігу процесі нығаюда. Капитал
нарықтарының кемелдене дамуы олардың даму үрдісін инвесторлардың жоғары
дәрежеде түсінуін, олардың нығайтылуына, тұрақтылығына және өтімділігіне
сенімділігін талап етеді. Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарының
бірыңғай топтамасын қабылдау кредиттердің құнын және инвесторлар үшін
маңызды емес стандарттар бойынша есептілікті дайындау жөніндегі әкімшілік
шығыстарды қысқарту арқасында ұйымдардың инвестицияларды тарту бойынша
шығыстарын қысқартуға себепші болады.
Бухгалтерлік есепке алу және аудит саласын дамыту тұжырымдамасының
міндеті Қазақстан Республикасының экономикасында бухгалтерлік есепке алу,
қаржылық есеп беру және аудит жүйелерінің өздеріне тән функцияларды одан
әрі дәйекті түрде және ойдағыдай орындау үшін қолайлы жағдайлар мен
алғышарттарды қамтамасыз ету болып табылады.
1.1 Аудиттің пайда болуы мен қалыптасуы
Ел Президентінің Қазақстан халқына Қазақстан -2030 барлық
қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы
Жолдауында ХХ ғасырдың 90-ыншы жылдары республика экономикасында орын алған
дағдарыстың себептері ашылып, оны жеңудің жолдары айтылған. Радикалдық
саяси және экономикалық реформаларды жүзеге асыру, КСРО-ның құлауы және
қазақстандық экономиканың әлемдік шаруашылық қатынас жүйесіне енуі
дағдарыстың болуына, өндіріс көлемі мен өнімдердің, жұмыс, қызметтің
бәсекеге қабілеттілігін күрт төмендетуге объективті жағдайлар тудырады. Бұл
дәстүрлі нарықтың ығысуына, төлемге қабілетсіздік тудыруға, шектен тыс
инфляцияға және көптеген шаруашылық жүргізуші субъектілер қызметінің
тоқтауына әкеп соқтырады. Қалыптасқан жағдайды ескеру арқылы ұзақ мерзімді
жеті артықшылықтың бірі ретінде жоғары шетелдік инвестиция мен ішкі жинақ
ақша деңгейіндегі ақша нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өсу
анықталады. Экономикалық өсу қаржы тұрақтылығына, өндірісті
әртараптандыруды қамтамасыз етуге, аса маңызды салаларға инвесторларды
тартуға, шешуші бизнес салаларының іскерлігін арттыруға, белсенді өндіріс
саясатын енгізуге және акценттерді шаруашылық жүргізудің макро-дан
микродеңгейіне жылжытуға септігін тигізеді.
Қазақстан Республикасында радикалдық реформалардың стратегиялық курсы
нарықтың рөлі мен барлық тауар-ақша қатынас жүйесін күшейтуге бағытталған.
Нарықтық экономиканың тиімділігін, оның ғылыми-техникалық жетістіктерді
жылдам енгізетінін, адамның қажеттіліктерін жан-жақты қанағаттандыруға
мақсаттылығын әлемдік тәжірибе көрсетіп берді. Нарықтық қатынасқа тауар
өндірушілердің экономикалық тәуелсіздігі, субъектілердің шаруашылық
қызметіне әкімшіліктің араласуын болдырмаушылық, өндіріс саласындағы еркін
экономикалық байланыстар және қоғамдық өнім айналымы және оны тұтыну тән.
Қазақстандық экономиканы сәтті функциялау үшін оны ұйымдастырудың озық
құралдары мен нақты тетіктерін, оның ішінде мақсатты-бағдарламалық әдісті
көптеген факторлар бойынша талдауды, жүйелі бақылауды және оңтайлы
шешімдерді қабылдауды қолдану аса қажет. Барлық ресурс түрлерінің аса өткір
сезілген тапшылық жағдайында ұлттық экономиканың қозғаушы күші
кәсіпкерлікке айрықша назар аудару керек. Мемлекеттік меншіктерді
жекешелендіруді тездету, өндіріс тиімділігін арттыру, бәсекелестік ортаны
дамыту, қаржылық бақылауды жақсарту және осы заманғы нарықтық
инфрақұрылымды қалыптастыру сияқты факторлардың маңызы зор. Бір жағынан,
шегі жоқ тұтынушылық, екінші жағынан ресурстардың шектеулі болуы шаруашылық
жүргізудің қажеттілігін тудырады. Шаруашылық ресурстардың жетіспеушілігін
терең сезінбес үшін адамдар барлық іс-әрекетін жоспарға құратын болса,
адамдар экономиканың көмегімен тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағттандыру
үшін өнім, қызмет түрлерін өндірудің барлық мекемелері мен әдістерін
қамтиды. Шешім қабылдаушы, шарушылық жоспарын дербес жасайтын әрі осыларға
сәйкес әрекет ететін барлық экономика бірліктері шаруашылық жүргізуші
субъектілер деп аталады.
ҚР Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп берушілер туралы заңда жеке
кәсіпкер және ұйым терминдерінің мәні мен айырмашылығы ашып көрсетіледі.
Ал, бұл терминдердің мағынасы республика резиденттері болып табылатын
кәсіпкерлік қызметпен айналысатын барлық заңи тұлғаларды, сондай-ақ ел
аумағында (территориясында) тіркелген бейрезидент өкілдіктер мен
филиалдарды білдіреді.
Ұлттық экономиканы реформалау бойынша түбегейлі процестер шаруашылық
қызметті басқаруда жаңа ұйымдық және бақылаушы –талдамалы құрылымның пайда
болуының объективті қажеттілігімен шарттастырылған. Халық шаруашылығын
басқару жүйесін қайта құрудың алғашқы жылдарында-ақ жоспарлы экономиканың
дәстүрлі бақылау органдары өсу үстіндегі, яғни арта түскен қажеттіліктерді
қанағаттандыру мен барлық мүдделі тұтынушыларды объективті ақпаратпен
қамтамасыз ету бойынша пайда болған проблемаларды кешенді шешуде өзінің
қабілетсіздігін көрсетті.
Әміршіл-әкімшілік жүйеде төменгі басқару буынының жоғарыға
қатаң бағынуы тек жоспарланған тапсырмалардың орындалуын, шаруашылық
операциялардың заңдылығын сақтау, яғни оның заңға сәйкес болуын және
мемлекет қарауындағы жалпы ресурстардың сақталуын тексеру бойынша тиісті
ревизиялық қызметтерді талап етті. Ал, нарықтық экономика жағдайында
шаруашылық жүргізуші субъектілердің серіктестермен, инвесторлармен, кредит
берушілермен, меншік иелерімен, акционерлермен және басқа да
пайдаланушылармен деңгейлес байланыстары бойынша шындыққа жанасымды
ақпараттарға қажеттілік бірден артады. Бұл арада тек белгіленген
параметрлердің сәйкесетіндігін тексеру ғана емес, сонымен қатар шаруашылық
жүргізуші субъектілердің қызметтерін жақсарту бойынша ғылыми негізделген
ұсынысын әзірлеуді, оларға кеңес беруді және басқадай да жоғары кәсіби
деңгейде тиісті аудиторлық қызмет көрсетуді талап етеді.
Кәсіби аудиттің пайда болуы мен қалыптасуы – бұл бүгінгі таңда
да жалғасын тапқан айтарлықтай ұзақ процесс. Аудиттің қоғамдық рөлін
түсінуі үшін оны ұйымдастырудың әдістемесін, теориялық негізін және мәнін
ашу керек.
Нарықтық экономикаға өтпелі кезеңде шаруашылық жүргізуші
субъектілер қызметін басқарудың маңызды құралдарының бірі қаржылық бақылау
болды. ТМД елдеріндегі нарықтық қатынастың дамуы өндіріс саласындағы
бизнестің жаңа қаржылық бақылау жүйесін қалыптастыратын алғышарттарды
тудырды.
Қаржылық-шаруашылық бақылау жүйесін түбегейлі қайта өзгерту,
енгізу және тәуелсіз аудиттің посткеңестік өңірде қарқынды дамыту
негізінде мына принциптер жатқызылады:
1. Меншік түрлері және қаржы көздері бойынша бақылау
объектілерін дәл оқшаулар;
2. Бақылау субъектілерін мемлекеттік, қоғамдық, аудиторлық
(тәуелсіз), ведмоствалық (фирмалық) және іштей (ішкі шаруашылықтық) ден
болу;
3. Бақылау мәселелерін шектеу, оның ішінде бюджеттің кірісі мен
шығысын дұрыс қалыптасытру, есеп берулердің анықтығы, өндіріс әлеуетін
пайдаланудың тиімділігін арттыратын резервтерді анықтау және бағалау;
4. Мемлекеттік, жергілікті, қоғамдық, ішкі шаруашылық, тәуелсіз
аудиторлық ұйымдар мен жекелеген аудиторлардың әрекет ету салдарын анықтау.
Аудит тарихы көрсеткендей, оның дамуы әкімшілік пен инвесторлар
арасындағы мүдделердің бөлінуінен болды.
Америкалық бухгалтерлер ассоциациясының зерттеуіне сәйкес
аудитке қажеттілік мына негізгі шарттарды тудырады:
- ақпарат жасаушылардың (әкімшілікпен) және пайдаланушылардың (акцияны
иеленушілер, кредит берушілер және басқа тұлғалар) мүдделерінің
қабыспауы, яғни сәйкеспеуі ақпараттың объективті болмауына әкеп
соқтыруы мүмкін;
- объективті емес ақпараттарға негізделген шаруашылық шешімдерді
қабылдау жағымсыз экономикалық салдарды тудыруы ықтимал;
- алынған ақпараттың шындыққа жанасымдылығын бағалау немесе тексеру үшін
фирманың пайдаланушыларында жоқ арнайы білім болуы қажет;
- ақпаратты пайдаланушының оның сапасын тікелей бағалау үшін уақыты мен
материалы әрдайым бола бермейді.
Қажетті ақпаратты алу мен бағалаудағы пайда болатын қиындықтар аудиторлық
қызметтің аясын тарылтады. Оның негізгі міндеті – есеп берулерді анық
күмәнсіз ету; тұтынушыға ақпаратты маманның пікірін араластырмай жеткізу.
[1]
1.2 Қазақстан аудитінің дамуы
Қазақстанда аудиттің қалыптасуы оның кең танымал болуына
Қазақстан аудиттың сіңірген еңбегі зор. Ол республикамызда
аудиторлық қызмет туралы заң жобасын жасаудың негізгі дайындаушысы және
оның министірліктерде, үкімет деңгейінде және парламен комитеттерінде
талқылануында бас кеңесші,сонымен қатар Қазақстан аудиторлары Палатасы
жарғысының жобасының авторы болды.
Сонымен,алғашқы аудиторлық фирмалардың құрылтайшы құжаттарында-
ақ, артына ҚР аудиторлық қызмет туралы заңда көрініс тапқан аудит пен
оның мақсаттары берілді.
1990 жылдан бастап рынокта Эрнест энд Янг Сыртқы аудит БК пайда
болды. Ол орналасқан жері және иелігіне қарамастан олардың өтініштері
бірлескен кәсіпорындарға аудиторлық тексерулер жүргізді. Бұл сол кезде
Үлкен алтылыққа енген ірі континент аралық аудиторлық фирма еді.
Қазір Қазақстанда аудиторлық қызмет көрсететін ірі халықаралық
аудиторлық ұйымдар мен жергілікті аудиторолық фирмалар өз қызметтерін
дамытуда. Қазақстан Республикасының Қаржы министірінің 05.04.2001 жылғы №
173 Аудиторлық ұйымдар мен кредиттік рейтингтік агенттіктер тізімін бекіту
туралы бұйрығымен жыл сайын ұйымдар аудитін жүргізу және кредиттік
рейтінгті ҚР Үкіметінің 2001жылғы 28-ақпанындағы № 290 Кейбір акционерлік
қоғамдар мен республикалық мемлекеттік кәсіпорындар қызметін тиімді басқару
мен бақылауды ұйымдастыру жөнінднгі шаралар туралы қаулысына сәйкес
дәлелденді.[2]
Елбасы Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің
қатарына кіру стратегиясы атты өз жолдауында атап
өткендей, Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында, өркенді
де өршіл дамып келе жатқан қоғамның іргетасы тек қана осы заманғы, бәсекеге
қабілетті және ашық нарық экономикасы бола алады. Қазақстанның әлемдегі
бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кірудің бірінші басымдығы
әлемдік экономикаға ойдағыдай кірігуі болып табылады. Осыған байланысты
мемлекетті дамыту процесінде бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру
жүйесін бара-бар дамыту ерекше өзектілікке айналады, өйткені бухгалтерлік
есепке алудың, қаржылық есеп берудің және аудиттің мақсаты басқару
шешімдерін қабылдау үшін мүдделі пайдаланушыларды экономикалық ақпаратпен
қамтамасыз ету болып табылады.

Тұжырымдаманы іске асырудан күтілетін нәтиже дегеніміз, Қазақстанның
әлемдік экономикаға кірігуін жеделдету мақсатында бухгалтерлік есепке алу
мен аудит жүйесін реформалаудың негізгі бағыттарын, оларды іске асыру
жөніндегі нақты тетіктерді жасау, шетелдік инвестициялардың ағынын молайту,
халықаралық нарықтарда қазақстандық ұйымдардың бәсекеге қабілеттілігін
арттыру, қор нарығын жандандыру.
Бухгалтерлік есепке алудың өзіне тән міндеттерді тиімді орындауы үшін
қаржылық есепке алу кәсібилік, айқындылық, тәуелсіздік, өзектілік,
стандарттылық сияқты талаптарға жауап беруі, сондай-ақ бухгалтерлік есепке
алу мен қаржылық есеп беру принциптеріне және негізгі сапалық
сипаттамаларға сай болуы тиіс.[3]
Әлемдік тәжірибе түсініктілік, орындылық, сенімділік және
салыстырмалылық сияқты ақпараттың тиімділігін айқындайтын сапалық
сипаттамалар халықаралық стандарттарды тікелей пайдаланумен немесе оларды
бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп берудің ұлттық жүйесін құрудың
негізі ретінде қолданумен қол жеткізетіндігін көрсетеді. ХҚЕС пен ХАС-ты
қолданудың экономикалық перспективасы капиталды тиімдірек бөлуден, іске
жұмсалатын қаржының әр алуандығынан және оның табыстылығының өсуінен
тұрады, әлемдік нарыққа шығу жеңілдейді, капиталды тартуға жұмсалатын
шығындарды азайту мүмкіндігі туады. Мұның өзі жаңа бизнес құрылымдарды
дамытуға, жаңа жұмыс орындарының пайда болуына, жұмыссыздықтың төмендеуіне,

арттыруға, тұтастай алғанда елдің экономикалық өсуіне әкеп соғады.
Бүгінгі таңда Елбасы Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті
50 елдің қатарына кіру жөнінде қойған мәселелері шеңберінде Қазақстан
экономикасының бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету қажеттілігі көбірек
маңызға ие болуда. Белгіленген стратегияны іске асыру үшін экономиканың
нақты секторының халықаралық қаржылық есептілік және аудит стандарттарына
тездетіп өтуді қамтамасыз ету үшін қажет шаралар қабылдануда.
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Заңы
қабылданды, оған сәйкес аудиторлық қызмет халықаралық аудит стандарттарына
сәйкес жүзеге асырылады.
Отандық және әлемдік тәжірибе көрсеткеніндей, аудиторлық қызметтерге
мұқтаждық мынадай жағдайларға байланысты туындады:
- осы ақпаратты пайдаланушылармен (меншік иелерімен, инвесторлармен,
кредит берушілермен) жанжал болған жағдайда әкімшілік тарапынан дәйексіз
ақпарат беру мүмкіндігімен;
- қабылданған шешімдер салдарларының ақпарат сапасына
байланыстылығымен;
- ақпаратты тексеру үшін арнайы білімнің болуы қажеттілігімен;
- ақпаратты пайдаланушылардың ақпарат сапасын бағалау үшін оның
көздеріне қол жетімділігінің ішінара болмауымен.
Барлық осы алғышарттар тиісті дайындығы, біліктілігі, тәжірибесі және
осындай қызмет түрлерін көрсетуге рұқсаты бар тәуелсіз сарапшылар
қызметтеріне қоғам мұқтажының пайда болуына алып келді. Бұл, расталған
ақпараттың болуы барлық мүдделі нарыққа қатысушылардың жұмыс істеу
тиімділігін арттыруға және түрлі экономикалық шешімдер салдарларын
бағалауға және болжамдауға мүмкіндік беретінімен байланысты.
Шаруашылық жүргізудің қазіргі жағдайында аудит тапсырыс берушілеріне
бухгалтерлік есептіліктің сенімділігін растайтын ресми аудиторлық қорытынды
емес, сапалы аудит қажет. Сондықтан, аудиторлық ұйымдардың жұмыс сапасын
бақылау туралы мәселе төтенше маңызды.
Осыған байланысты, Концепцияның орта мерзімді перспективаға бағыт алуы
аудиторлық қызметтер сапасын бақылауды күшейтуге қатысты және осы үшін
негізгі күш білікті аудитті дамытуға жұмсалады.
Заңда аудит сапасын және аудиторлық мамандыққа қоғамдық сенімділікті
арттыруға бағытталған шаралар кешені көзделген. Ең алдымен, аудитор
мамандығын нығайту, оның өзін-өзі реттеуін дамыту, сондай-ақ аудиторлардың
кәсіби біліктілігін арттыру туралы сөз болып отыр.
Жоғарыда көрсетілген мәселелерді іске асыру шеңберінде негізгі назар
аудиторларды дайындауға, оларды аттестаттауға және біліктілігін арттыруға,
бірінші кезекте, білікті аудитормен расталуы тиіс қаржылық ақпаратты
пайдаланушылар мүдделерін қорғауға, сондай-ақ аудит институтының жұмыс
істеу негіздерін реттеуге аударылатын болады.

Кәсіби ұйымдардың ұйымдар қызметіндегі маңызды нәрсе кәсіби
қауымдастықты және қоғамды тұтастай алғанда толғандыратын мәселелер болуы
тиіс: корпорациялық басқару, салық салу, халықаралық қаржылық есептілік
және аудит стандарттарына тиімді көшу жағдайы. Және осының барлығы өзін-өзі
реттейтін кәсіби ұйымдар қызметінің саласына жатқызылуы тиіс. Осы үшін
Заңда көптеген кәсіби аудиторлық ұйымдар құру көзделген, олар қолайлы
бәсекелес ортаны құрады, бұл, өз кезегінде, кәсіпқойлықтың пропорциялық
жағынан өсуіне және аудиторлық қызметтер сапасын арттыруға септігін
тигізетін болады.[4]
Аудитор мамандығын дамыту қоғамдық мүдделерге жауап беруі тиіс, онда
бұрыш басына тікелей пайдаланушы мүддесін қою қажет және осы мақсатпен
аудиторлардың өздерінің мүдделері шегінде оны жабық кеңістікте дамыту
мүмкіндігін алып тастау қажет. Аудитор пайдаланушы алып жатқан ақпаратқа
сенімді болу үшін жұмыс істейді. Бұл, былайша айтқанда, оның құқығын
қорғау, кепілдік беру. Ал өз азаматтары құқығының сақталуына кепілдік беру
– мемлекеттің нақты өлшемдер мен ережелерді анықтауы тиіс функциясының дәлі
өзі. Егер кәсіби ұйымдар аудиторлардың кәсіби деңгейін тексерсе және
жетілдірсе, онда мемлекет олардың заң нормалары мен жалпы ережелерді
сақтауына жауапты. Мемлекеттік қадағалау осы үшін де қажет.
Бұл мәселенің жеткілікті үлкен мәні Қазақстан үшін ғана бар емес, ол
әлемнің көптеген жетекші елдерінде маңызды түрде теориялық та, практикалық
та жағынан дамыды. Аудиторлық тексеру нәтижелері көптеген экономикалық
шешімдер негізі болып табылғандықтан, аудиторлық қызмет барлық елдерде
жеткілікті дәрежеде қатаң реттеледі. Жақында АҚШ-та болған оқиғалар
көрсеткендей, аудиторлық ұйымдардың қызметіне қатысты мемлекет тарапынан
жеткіліксіз бақылау қор нарығының күйзелуіне әкеп соқтыра жаздады және
бірқатар жетекші американ компанияларының акционерлеріне миллиардтаған
залал келтірді.
Аудит жүйесін жетілдіру үшін орта мерзімді перспективаға арналған
негізгі бағыттар:
- орта және жоғары оқу орындарының оқу бағдарламаларына ХАС оқытуды
енгізу және оларды тәжірибеде пайдалану білу;
- кәсіби аудиторлық ұйымдармен аккредиттелген практикадан өтетін
аудиторлардың біліктілігін арттыру жүйесін дамыту және жетілдіру;
- аудиторлық қызмет мәселелері бойынша заңнаманың сақталуын
мемлекеттік қадағалаудың тиімді жүйесі.
Сондай-ақ, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабарлай отырып,
брифингтер, дөңгелек үстелдер өткізу арқылы аудиторлық мамандықтың
мәртебесін арттыру жөнінде жұмыс жүргізу қажет. Ұқсас іс-шаралар жастарды
қызықтыруға тартуға мүмкіндік береді, себебі қазіргі уақытта аудиторлық
қызметтерді талап дүркін-дүркін өсуде, бұл тиісті персоналды іріктеудің
кадрлық мәселесін шешуге мүмкіндік береді.
Аудитті жетілдіру жөнінде сипатталған шаралар аудиторлық кәсіпті одан
әрі үдемелі дамытуға негіз құрайды. Бұл ретте, мемлекет тарапынан салмақты
көзқарас мемлекет пен аудиторлық қауымдастық өзара іс-әрекеттерінде де,
аккредиттелген кәсіби аудиторлық ұйымдардың өздерінің арасындаға өзара іс-
әрекеттерінде де қажет тепе-теңдік деңгейіне қол жеткізуге мүмкіндік
береді, олар аудиторлық қызметті реттеу процесінетартылатын болады, бұл
Қазақстан Республикасында аудиторлық мамандықты одан әрі оң дамытуға қызмет
етеді.[5]
1.3 Қазақстандағы аудиттің нарықтық қатынастардың қалыптасуына әсері
Аудит – экономикалық ақпараттың дұрыс берілуін тексеріп, бұл жөнінде
өзінің тәуелсіз қорытындысын жасау. Ал, оның шаруашылық және өндірістік
мәселелер үшін ерекше рөл атқаратыны мәлім. Біздің елімізде нарықтық
қатынастар енді-енді белең алып келе жатыр. Күрделі де сан қырлы нарықтық
инфрақұрылымның пайда болуы қаржы-экономикалық тетіктердің дамуына ықпал
етеді. Экономикасы дамыған елдерде бұл қызметтің пайда болуы бір ғасырдан
асып бара жатқаны соның дәлелі. Мәселен, тәуелсіз қаржы бақылауының отаны -
Англияда міндетті аудит туралы заң 1862 жылы қабылданған. Толып жатқан
ұйымдар, компаниялар, биржалар, банкілер құрылып жан-жақпен байланысып,
қарым-қатынаста бола бастаған тұста аудит объективті қажеттілік ретінде
пайда болады. Демек, тәуелсіз аудиторлық қызметті де біз өмірдің өзі ұсынып
отыр деп айта аламыз.
Қаржы министрлігі жанынан шаруашылық есептегі аудиторлық орталық пен
оның аумақтық бөлімшелерін құру туралы үкіметтің 1990 жылғы пәрменінен
бастау алған біздегі аудиторлық қызметтің пайда болуына нарықтың дамуы,
алуан түрлі меншіктің дүниеге келуі, кәсіпкерлік үрдіске, қаржы жұмысын
ұйымдастыруға қабілеті онша жете бермейтін тың күштің келіп қосылуы ықпал
етті. Негізгі мақсаты – тексеру мен айып салу емес, жалпы жағдай мен
конституциялық қызметті шынайы бағалау болып табылатын тәуелсіз аудиторлық
тексеруге бақылау қызметтерімен және мемлекеттік органдармен қатар,
кәсіпкерлер де, шаруашылық жүргізуші субъектілер де жиі-жиі жүгіне бастады.
Нарық деген ұғымның кең мағынасын қолдансақ, аудиторлардың меншік
иелерінің үдделерін қорғайтынын, мемлекет шығынының алдын алатынын, сөйтіп,
адамдардың нарыққа деген, жаңа экономикалық қатынастарға деген сенімін
арттыратынын мықтап ескертуіміз керек.
Кәсіпорындардың, ұйымдардың, фирмалар мен басқа да нарықтық
субъектілердің қаржы есебін тәуелсіз түрде сараптап, оған талдау жүргізуді
өзімізде құрылған аудиттің ғана жүзеге асыратынын жұрттың бәрі білуге тиіс.
Ол қандай ақпараттың болсын дәл де, толық, нақты берілгенін және
мемлекетіміздің заңдарына қаншалықты сәйкес келетінін айқындауға
көмектеседі. Ал өзін-өзі сыйлайтын инвестор немесе несие беруші эмитенттің,
яғни биржаға өз акцияларын шығаратын адамның кім екенін білмесе бағалы
қағаздарды сатып ала алмайды. Сөйтіп аудиторлық қорытындысыз іскерлік
қатынастарға да бармайды.
Нарықты аудитсіз көзге елестету қиын. Аудит нарықтың неғұрлым
көкейкесті салаларының бірі ретінде мамандардың, зерттеушілердің назарын
барған сайын өзіне көбірек аударып, берік заң негізіне ие болуда.[6]
2.1 Аудит ұғымы және оның даму кезеңдері
Аудит термині осыдан екі мың жыл бұрын аudio деген латын сөзінен
шыққан, аудармадағы мағынасы ол естиді немесе естуші дегенді білдіреді.
Рухани оқу орындарында озат оқушыны аудитор (тыңдаушы) деп атаған.
Оған оқытушы басқа оқытушылардың сабақта өткен материалды қалай
меңгергенін, тапсырманы қалай орындағанын, яғни оқу үлгерімдерін тексеріп
отыруды сеніп тапсыратын болған. Еуропаның көптеген елдеріндегі мемлекеттік
басқару мен шаруашылық қызмет салаларында лауазымды тұлғалардың ауызша есеп
беруін тыңдаушы қызметкерді аудитор деп атаған. Есеп берудің бастапқы
ауызша түрі көптеген адамдардың сауатсыз болуына байланысты қолданылған,
сөйтсе де орта ғасырдағы адамдар есеп берудің ауызша түрі жазбашадан да
жақсы болады деп есептеген. Олардың ойынша кез-келген құжатты қолдан оңай
түзей салуға болады, ал бақылаушы-аудитордың көзіне тура, тіке қарап тұрып
өтірік айту мүмкін емес немесе өте қиын, деп санаған.
Арнайы әдебиеттерде аудиттің пайда болу кезеңі өзгеше әрі қарама-
қайшылыққа толы. Бір авторлардың айтуынша, есеп берудегі мәліметтердің
дұрыс көрініс табуын жасау және бақылау біздің дәуірімізге дейінгі ІV
мыңжылдығынан басталады. Сонымен бірге, Ніл, Тигр және Евфрат өзендерінің
жазықтарындағы Таяу Шығыстағы ежелгі өркениетте жоғары дәрежеде
ұйымдастырылған мемлекет құрылып, шаруашылық қызмет жүргізілді, үкімет
өнім, мүлік, салық жинау, орындалған жұмыс қазынаны толтыру және кіріс пен
шығыс есептерімен айналысты. Бақылаудың әр түрі жүзеге асырылды, оның
ішінде аудит те бар. Мұндағы мақсат – қателіктерді азайту және шенеуніктер
тарапынан алдау әрекеттеріне жол бермеу. Бірқатар бақылау түрлері сол
уақытта Библияда (Інжілде) да суреттеледі. Онда мүлікті екі жақты күзету,
адал қызметкерлерді жалдау, міндеттерді бөлісу мәселелері баяндалады.
Ревизиялық қызмет Вавилон, Мысыр, Рим, Қытай және Греция сияқты
антикалық елдерде де болған. Мысалы, ежелгі Мысырда (біздің дәуірімізге
дейінгі 3400-2400 жж.) мүлікті түгендеу кезең сайын, ал шаруашылық
операцияларын бақылауды үш адам жүзеге асырған. Оның біреуі не нәрсе
берілді, соның санын папирусқа белгілеп отырса, екіншісі нақты босатуларды
жүзеге асырған, ал үшіншісі ауытқуды анықтау үшін берілген мүліктердің
немесе өнімдердің санын нормамен салыстырып отырған. Ресурстардың қозғалысы
мен болған оқиғалар бойынша операциялар қатаң тәртіппен құжатталып отырған,
тікелей орындаушылар мен қатысушылардан тәуелсіз жүзеге асырылатын
шаруашылық процестерін бақылау осылай пайда болған.
Есепті жүргізу бойынша арнайы заңнама алғаш рет Вавилон мемлекетінде
пайда болған. Хаммурани заңы (біздің дәуірімізге дейінгі 2200-2150 жж.)
конгрестерге дербес есеп жүргізуді, ал храмға – мемлекеттік есепшілікті
жүргізуді әмір етті, ақшаны қолхатсыз беру жарамсыз деп саналған.
Чжоу династиясы басқарған уақыттағы көне Қытайда (біздің дәуірімізге
дейінгі 1122-256 жж.) есептің мемлекеттік жүйесі, оның ішінде барлық үкімет
департаменттерінің мұқият әзірленген бюджеті мен аудиті жүзеге асырылды.
Ал, біздің дәуірімізге дейінгі 700 жылы ол жақта негізгі міндеті
мемлекеттік ақша мен мүлікті пайдалануға құқығы бар үкімет шенеуніктерінің
адалдығына кепілдік беру болып табылатын Бас аудиторлық қызметі болған.
Афинада біздің дәуірімізге дейінгі V ғасырда Халық жиналысы
мемлекеттің кірісі мен шығысын бақылады, ал оның қаржылық жүйесі барлық
лауазымды тұлғалардың өкілеттілігі біткенше құжаттарын тексертіп үкімет
аудиторларын қамтыды.
Басқа авторлардың айтуынша, аудиттің ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz