Кәсiпкерлiктiң түсiнiгi, негiзгi белгiлерi және түрлерi


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 40 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

Кiрiспе. 3

1. Кәсiпкерлiктiң түсiнiгi, негiзгi белгiлерi және түрлерi5

2. Кәсiпкерлiктi мемелкеттiк қолдау және дамытудың экономикалық маңызы

осы сала бойынша басты концепциялар 22

3. Қазақстан Республикасындағы кәсiпкерлiкке қатысты проблемалар ……30

Қортынды. 38

Пайдаланылған әдебиеттер40

Кiрiспе

Елiмiз нарықтық экономикаға көшкелi берi кәсiпкерлiктi мемлекеттiк тұрғыдан қолдаудың маңызы аса жоғары деңгейге көтерiлдi деп айтуға болады. Осы тұрғыдан алып қарағанда менiң курстық жұмысымның тақырыбына арқау болып отырған, бұл мәселе тәжiрибелiк және теориялық тұрғыдан алып қарағанда, өте өзектi тақырып болып табылады.

Нарықтық қатынастар аясында жүзеге асырылып жатқан кәсiпкерлiк қызметтке мемлекет тарапынан қолдау көрсету керектiгiн сондай-ақ кәсiпкерлiктiң экономика өмiрiнде аткаратын ролiнiң ұшан-теңiз екендiгi дәлелдеудi қажет етпейдi. Казiргi заманда кемелiне келiп дамып тұрған өркениеттi елдердiң қайсысы болмасын кезiнде шағын жөне орта кәсiпкерлiктi дамыта отырып, айтарлыктай дөрежеге жеткенi баршаға мәлiм.

Кәсiпкерлiк қызмет (кәсiпкерлiк) бiз үшiн жаңа, бүгiнгi таңда экономикалық және теориялық тұрғыдан әлi де болса айтарлықтай, толығымен қамтылмаған өте тың құбылыс болып табылады.

Оның өзектi проблемалары әлi де болса жеткiлiктi денгейде зерттелмеген. Сонымен бiрге, кәсiпкерлiк қызметтi реттейтiн заңдардын даму мен жетiлдiрiлуiне арналған зерттеулердiң де жоқтың қасы екенiн бiлемiз. Бүгiнде республикамызда экономиканы қайта құру жолында оның негiзi болып табылатын кәсiпкерлiк қатынастарды дамытып жандандыру оны мемлекеттiк реттеу әдiстерiн жетiлдiру күн тәртiбiндегi мәселелер бойынша бiрiншi кезекке қойылып отыр. Оған куә ретiнде Қазақстан Республикасы Президентi мен Үкiметi тарапынан жасалынып жаткан кәсiпкерлiктi қолдау оны жандандырып нығайту туралы шараларды, сондай-ақ осы шараларды материалдық және құқықтық жағынан камтамасыз ету жөнiнде қабылданған экономикалық маңызы бар нормативтiк актiлердi атап өтуге болады. Сондықтан бiз кәсiпкерлiктi елiмiздiң шаруашылық кызметiнiн жандандырғыш күштерi деп бiлуiмiз кажет. Осыған орай айта кететiн бiр жәйт мемлекетiмiзде көсiпкерлiктiң жан-жақты қолдау табуын тек кәсiпкерлiктi дамьпу үшiн ғана деп түсiнбей сонымен бiрге оның нарықтық экономиканы дамытуға қосар үлесiнiң де қомақты екенiн естен шығармауға тиiстiлмiз.

Демек нарықтық өрлеп, өркендеуi кәсiпкерлердiң кызметтерiне айтарлықтай дәрежеде тәуелдi болады. Тағы бiр ескеретiн жәйт, бұрынғы тоталитарлы Қазақстан экономикасының жеке меншiкке негiзделген нарықтық экономикаға түрлендiрiлуi кәсiпкерлiк қызметтi дамыту жандандырудың таптырмас көзi ретiнде көрiнiс тауып отыр.

Мен өзiмнiң курстық жұмысымда азаматтық кәсiпкерлiк қызметтiң экономикалық және теориялық жақтары қарастырылмақ.

  1. Кәсiпкерлiктiң түсiнiгi, негiзгi белгiлерiжәне түрлерi

Кәсiпкерлiк қызметтiң қандайы болмасын мемлекеттiң экономикасы аясынан өзiне тиiстi орнын, дәреже-деңгейiн тапқаны бүгiнде баршаға мәлiм. Сондай-ақ қазiргi кезде Қазақстан Республикасындағы кәсiпкерлiктiң дамыту бұл кезек күттiрмейтiн үлкен проблема деп айтуға болады.

Ал бүгiнгi таңда Қазақстандағы кәсiпкерлiктiң туындап, дамуы жүргiзiлiп жатқан экономикалық реформалардың өзегi ретiнде көрiнiс табуда. Өйткенi, нарық экономикасына көшудiң бiрден-бiр жолы мемлекет құрылымынадағы әртүрлi аяда қызмет атқаратын өндiрiс, кәсiпорындармен тайталаса және бәсекелесе алатын, айтарлықтай дәрежесi бар кәсiпкерлiк құрылымдарын құру, дамьпу болып табылады. Демек, бұл кәсiпкерлiк құрылымдардың материалдық базасы жекеменшiк инвестициялар болып табылумен қатар, олардың басқару бастауында (бастамасында) бiлiктi жөне қайратты кәсiпкер тұруы кажет. Осыған орай, мемлекетiмiздiң бiрнеше жыл көлемiнде жүргiзiлiп жатқан жекешелендiру саясаты қандайда болмасын аядағы мемлекеттiк меншiкке нсеiзделген монополизмдi жойып мемлекеттiк емес коммерциялық құрылымдардың дамып, өркендеуiне бағытталған деп айта аламыз.

Кәсiпкерлiк деп, өзара пайдалы нәтижеге жету және табыс табу мақсатында қатысушыларының өз қарамағындағы мүлiктерi мен қаражаттары, сондай-ақ дамытуға берiлетiн несиелер есебiнен, ағымдағы заңдардың көлемiнде (шегiнде) жүзеге асырылатын (мүдделi) шаруашылық және басқа да коммерциялық қызметтi айтамыз. Кәсiпкерлiк халыққа қажеттi тауарлар, өнеркәсiп өнiмдерiн және басқа қызметтер жөнiндегi қоғамдағы, мемлекетiмiздегi сұраныстар мен ұсыныстар есепке ала отырып жүзеге асырылатын қызмет болғандықтан ол тек кәсiпкерге ғана емес халыққа да тиiмдi болып табылады.

Осы жайлардың айғағы ретiнде қазiргi кезеңде Қазақстан Республикасы Елбасының тарапынан көрсетiлiп жатқан жәрдем, қамкорлықтарды айтуға болады. Бiрақ бұл жерде айта кететiн бiр жай кәсiпкерлiк қызмет жөнiндегi бiрнеше заңдар мен басқа да заңға сәйкес актiлердiң қабылдануына және өркениеттi жекешелендiру саясатының бiрқалыпты жүргiзiлуiне қарамастан кәсiпкерлiктiң, әсiресе өндiрiс, өнеркәсiп аясындағы кәсiпкерлiктiң ойдағыдай дамымай отырғаны белгiлi.

Себебi бюрократиялық аппараттың әлi де азаймауы, мемлекет, қоғам мүддесiн көздейтiн жекешелендiру саясатын жергiлiктi және басқа деңгейде айтарлықтай жүзеге асырмауы, сондай-ақ салық салмақтарының кемiмеуi.

Қазақстанда кәсiпкерлiк қызметтiң субъектiлерi заң жүзiнде белгiленген. Олар: Қазақстан Республикасының азаматтары мен заңды тұлғалары, сондай-ақ шетелдiк жеке және заңды тұлға резидентгер болып табылады. Кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын жеке тұлға-азамат заңды тұлға құрып немесе құрмай айналыса беруiне болады. Ал ұжымдық кәсiпкорындар, кооперативтер немесе әкiмшiлiк-аумақтың кәсiпкерлiк қызметтерi өз меншiктерiнiң негiзiнде заңды тұлға құру арқылы кәсiпкерлiкпен айналысады. Ендi аздап осы кәсiпкерлiктiң мәнi мен маңызына тоқталайык, Бұл жөнiнде бұрыннан қалыптасқан дәстүрлi көзқарастардан бөлек келешегi бар концепцияда адамның мынадай iс-қимыл-әрекетi өзiнiң сипатына байланыста мынадай екi негiзгi типке: бастапқы базистiк еркiн-ерiктi қызметке және қондырма ерiксiз қызметке бөлiнедi делiнген.

Сол бiрiншi ерiктi қызмет кәсiпкерлiкке жатады, өйткенi ол қызметтi жүзеге асырушы тұлғаның мүддесiне, жүзеге асыру жолдары мен әдiстерiн таңдау еркше, мақсат еткен нәтижесiне жетуiне, өзiнiң қаражат-мүлкiне негiзделген. Бiрақ қанша ерiктi қызмет болғанымен заңда бөлiненген шектен шықпаулары қажет. Өйткенi мемлекет мүддесiне, яғни ұйымдасқан қоғам мүддесiне зиян келуi мүмкiн.

Мемлекет тарапында жүзеге асырылатын қызметтерге тұлғаның жұмысқа кiруi ерiктi сипатта болғанымен, басқару қызметi басқарушы органның мүддесiне соған жету жолында жүзеге асыратын фукнцияларына, әдiстерiне және т. б. негiзделгендiктен қызмет iстеу ерiксiз болып табылады.

Кәсiпкерлiк мемлекеттiң экономикасының басты элементi болып есептелiнедi, себебi ол өндiрiс аясындағы экономикалық кызмет ретiнде басқарушы қызметтен ерекшеленедi, мемлекеттiң өзi саяси билiктiң субъектi және мемлекеттiк меншiк иесi болғандықтан тiкелей шаруашылық кәсiпкерлiк (коммерциялық) қызметтерге араласпайды, ол тек әзiрше (мүмкiндiгiнше толығымен жекешелендiрiлген) жұмыс атқарып, қызмет көрсетiп жатқан мемлекеттiк кәсiпорындар, шаруашьшық ұйымдары арқылы кәсiпкерлiк қызметке араласады.

Бұл турасында ҚР Азаматтық Кодексiнiң 10-бабында дәл айтылған сияқты1. "Кәсiпкерлiк-меншiк түрлерiне қарамастан, азаматтар мен заңдар тұлғалардың, тауарларға (жұмысқа, кызметке) сұранымды қанағаттандыру арқылы пайда немесе табыс табуға бағытталған, жеке меншiкке (жеке кәсiпкерлiк) не мемлекеттiк кәсiпорынды шаруашылық басқару құқығына (мемлекеттiк кәсiпкерлiк) негiзделген ынталы қызмет". Кәсiпкерлiк қызмет кәсiпкердiң атынан, оның тәуекелiмен және мүлiктiк жауапкершiлiгiмен жүзеге асырылады. Осыған орай кәсiпкерiнiң кiм екенi жөнiнде түсiнiк бере кету қажет. Кәсiпкер деп өз атынан және өз қаражаттары (меншiктi немесе қарызға алған) есебiнен тауарлар мен өнiмдердi өндiру, сату немесе сатып алу жөнiндегi жұмыстарды орындау және кызмет көрсету арқылы пайда табу мақсатындағы қызметтi (кәсiпкерлiк кызметтi) ұдайы (тұрақты) негiзде жүзеге асыратын азаматты немесе заңды тұлғаны айтамыз2.

Мемлекет тарапынан кәсiпкерлiк қызмет еркiндiгiне кепiлдiк берiлген, кәсiпкерлiктi қолдау мен қорғауды мемлекет, мемлекет атынан өкiлеттi органдар қамтамасыз етедi.

Кәсiпкерлiк қызметте әрбiр жасалатын өрекет (iс-қимыл) жөнiнде

арнайы нормативтiк-құқықтық экономикалық маңызы бар акт қабылдау арқылы оны реттеу қажет.

Кәсiпкерлiктiң дамуына мол сенiм, мемлекет тарапынан кепiл,

экономикалық негiз ретiнде-жеке меншiк нысаны, құқықтық негiзгi

ретiнде-заңдар бар.

Кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке тұлғалар заңды тұлға құрмай-ақ осы қызметпен айналысуға патент алған кезден бастап

кұқылы. Патент бiр мезгiлде азаматтық кәсiпкер ретiнде тiркелгенi жөнiндегi куәлiк және кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруға құқық

беретiн лицензия болып табылады.

Ал шаруа (фермер) қожалығы құрамында; мердiгерлiк шарт және өзге

де азаматтық-кұқықтық шартгар негiзiнде бiр жолғы жұмыс атқаратын; көтерме және бөлшек сауда желiсiнен басқа өздерiне тиесiлi мүлiктi, сондай-ақ өндiрiлген, өнделген, сатып алынған өнiмдердi, оған қоса импорттық өнеркәсiптiк және азық-түлiк тауарларын сол үшiн арнайы бөлiнген жерлерде немесе комиссиялық дүкендер арқылы сатумен айналысатын азаматтар: жұмыс iстеп, қызмет көрсетудiң түсiмi жылына ең төменгi жиырма жалақы жиынтығынан аспайтын азаматтар мемлекеттiк тiркеуден босатылады, яғни кызметтерiн заңды тұлға құрмай жүзге асырады.

Кәсiпкерлiк кызметi жүзеге асыратын заңды тұлғаларға мемлекеттiк кәсiпорындар, толық серiктестiктер, сенiм (коммандитiк) серiктестiктерi, жауапкерпiлiгi шектеулi серiктестiктер, қосымша жауапкершiлiгi бар ерiктестiктер, өндiрiстiк кооперативтер жатады.

Сонымен Қазақстан Республикасындағы кәсiпкерлiк қызмет екi түрлi бөлiнедi деп айта аламыз. Оны шағын және орта кәсiпкерлiк, яғни жеке кәсiпкерлiк сондай-ақ мемлекеттiк кәсiпкерлiкке бөлу кәсiпкерлiктiң экономикалық негiзiнiң заңды маңызын бiлуге және реттеуге себiн тигiзедi. Кәсiпкерлiктiң түрлерi заңдар арқылы белгiленедi, сондықтан олар оның құқықтық негiзi болып табылады.

Мысалы, заң жүзiнде кәсiпкерлiктiң түсiнiгi берiлген және жоғарыда аталған субъектiлерден басқа да қызмет түрлерi мен субъектiлер туралы айтылған қызмет түрлергне мыналар жатады: инновациялық қызмет; ойын бизнесi; шоу-бизнес; венчурлiк фирмалар; шағын кәсiпкерлiк инфракұрылымы3.

Субъектiлер: заңды тұлға құрайтын жеке адамдар және қызметкерлердiң орташа жылдық саны 100 адамнан аспайтын және активтерiнiң жалпы кұны орта есеппен бiр жыл iшiнде алпыс мың еселенген есептiк көрсеткiштен аспайтын, кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын заңды тұлғалар болып табылады.

Мемлекеттiк кәсiпкерлiктiң бiр түрi ретiнде әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң меншiгi негiзiнде жүзеге асырылатын қызметi айтуға болады.

Казiргi кезде меншiктiң екi тұрi көрсетiлген: мемлекеттiк және жеке меншiк (мемлекеттiк емес меншiк) . Жеке меншiк азаматтардың, мемлекеттiк емес заңды тұлғалардың және олардың бiрлестiктерiнiң меншiгi болып табылады. Ал коғамдық ұйымдар мен дiни бiрлестiктерiнiң меншiктерiн қайда қосуға болады деген сауалға, жеке меншiкке деп айта аламыз.

Ал егер аралас жеке меншiк, мемлекеттiк меншiкке негоделген кәсiпкерлiк болса бақылау пакетi мемлекеттiк емес құрылымның қолында болған жағдайда ғана қызмет кәсiпкерлiк болып есептелiнедi.

Мемлекет меншiк несi ретiнде кәсiпкерлiк қызметтiң субъектiсi бола адмайды. Сондықтан аралас меншiк бар жердегi мемлекеттiк заңды тұлға өзiнiң шаруашылықты жүргiзу кұқығын жүзеге асырушы кәсiпкер ретiнде көрiнiс табады. Мемлекет кәсiпкерлiктi дамыту барысында кәсiпкерлiкпен айналысатын мемлекеттiк органдардың қызметтерiн бақылап, шектеп және тежеп отырады.

Кәсiпкерлiк тек жеке меншiкке ғана негiзделiп қоймай, сонымен қатар шаруашылықты жүргiзу құқығына да негiзделедi. Алғашқы кездерде кәсiпкерлiк жеке немесе шағын кәсiпорындар деп аталған болатын және заң жүзiнде олардың құқығы да белгiленген едi.

Сонымен, кәсiпкерлiк қызметтiң басты белгiсi оның жеке меншiкке негiзделе отырса ерiктi және еркiн сипатта жүзеге асырылуы. Бiрақ кәсiпкер ретiнде мемлекет аумағында жұмыс атқаруына байланысты өз азаматымыз, шетел азаматы, азаматтығы жоқ тұлға болсын, сондай-ақ кандай да заңды тұлға болмасын өздерiнiң жүрiс-тұрыстарын реттейтiн заңдарға мойын ұсынулары қажет және олар сол заңмен белгiленген шеңберден шықпауға тиiстi. Ендi кәсiпкерлерге берiлген кейбiр құқықтар жөнiнде тоқтала кетейiн:

1. ҚР Заңдарына қайшы келмейтiн кәсiпорындар мен ұйымдардын кандай-да болмасын түрлерiн құру;

2. Өздерiнiң мүлiгiмен және заңды негiзде алынған мүлiктермен өзге шаруашылық субъектiлерiнiң қызметтерiне қатысу;

3. Екi жақтың келiсiмi бойына заңды тұлғалар мен азаматгардың мүлiктерiн пайдалану;

4. ҚР Заңдарына қайшы келмейтiндей контракт немесе езге де шарттар негiзiнде қандай-да болмасын мөлшерде жұмыскерлердi жалдау немесе жұмыстан босату;

5. Банк мекемелерiнде өз ақша каражаттарын сақтау үшiн шоттар ашу, есеп айырысу, несиелеу және кассалық операцияларының барлық түрлерiн жүзеге асыру;

6. Жұмыскерлерiнiң еңбектерiне ақы төлеу нысандарын, жүйесiн, және мөлшерiн сондай-ақ олардың басқа да табыстарын белгiлеу;

7. Шаруашылық қызметтерiнiң бағдарламасын қалыптастыру, шығарылған өнiмдi (жұмысты, кызметтi) тұтынушылар мен алып жеткiзушiлердi (сатушыларды) таңдау және шарт негiзiнде мемлекеттiк мұқтаждықтарды қанағаттандыру үшiн жұмыстарды және жеткiзу қызметтерiн орындау;

8. Заңды тiкелей көрсетiлген жағдайлардан басқа кездерде өз тауарларының (жұмыс, қызметтерiнiң) тарифтерiн, бағасын расценкаларын өз бетiнен белгiлеу;

9 Өздерiнiң меншiк нысандарына негiзделiнген мемлекеттiк кәсiпорындардың мүлiктерiн толығымен немесе жартылай сатып алу, өзге де мүлiктердi алу және оларға байланысты мүлiктiк құқықтарды иелену;

10. Салықтар мен басқа да мiндеттi төлемдердi төлеуден қалған кәсiпкерлiк қызметтiң табыстарын, пайдаларын еркiн пайдалану;

11. Мөлшерлерi бойынша шектелмеген табыс алу (табу) ;

12. Сыртқы экономикалық қатынастардың қатысушысы болу және валюталық операцияларды жүзеге асыру;

13. Әлеуметтiк сақтандыру және әлеуметтiк қамсыздандыру жүйелерiн өз беттсрiмен таңдап алу арқылы қолдану.

Негiзiнде кәсiпкерлiк қызмет, оның iшiнде шағын және орта кәсiпкерлiк бәсекелесу рыногының өте маңызды өрi таптырмас факторы болып саналады. Бұл кәсiпкерләктiң, әсiресе шағын кәсiпкерлiктiң басты сипаты кандай да болмасын бағыттағы рынок сұраныстарына өте икемдi түрде ат салысуға қабiлеттiлiгiнiң болуы.

Бұл жерде бiрден айта кететiн жәйт, кәсiпкерлiктiң негiзгi қағидасы: "мұқтаждықты сұраныс арқылы табу және оны өнiм шығару немесе қызмет көрсету арқылы қанағаттандыру" тек шағын кәсiпкерлiктiң арқасында айтарлықтай дәрежеде жүргiзiледi. Оның себебi, бiрiншiден, рыноктардың қажеттi бөлiктерiнде әрекетенедi; екiншiден, олар әрқашанда тұтынушыларға жақын тұрады; үшiншiден сұраныстарды қанағаттандыруға өте бейiмделген; төртiншiден, олардын тұрғылықы халықты жұмыспен қамтамасыз етуi; бесiншiден, бұл кәсiпкерлiк түрi тiкелей кәсiпкердiң басқаруымен қызметiн жүргiзе бередi (басқа басқарушы кадрларды кажет қылмайды) .

Бiрақ экономика аумағында, халық шаруашылығында осындай бiр сарынмен жүре беруге тағы болмайды. Демек бұл жағдай шағын, орта және iрi кәсiпорындарды ұтымды ұштастыруды қажет қылады. Осыған орай алға қойылатын мақсат - қазiргi кезеңде кәсiпорынның орташа көлемiн төмендету және жаңа типтегi шаруашылық кешенiн құру арқылы өте икемдi, ұсақ (сериялы) өнiмдердi шығаруға бейiмделген өндiрiстi аз шығынмен көп өнiм шығаруға бiрте-бiрте ауыстыру. Осы жоғарыда көрсетiлген ерекшелiктердi бiрiктiру мүмкiндiгi тек iшкi фирмалық кәсiпкерлiк құрылымдарды, яғни шағын, айтарлықтай ерекшеленген толық немесе жартылай құрылған функциялары бар бөлiкелер құру жолымен және өндiрiстi үзбей жаңартып отыру арқасында туындайды.

Шағын кәсiпкерлiктi дамытудың құқыктық базасы ҚР азаматтық кодексi сондай-ақ тағы басқа ҚР Заңдары, Заңға сәйкес нормативтiк актерiлерi болып табылады.

Кәсiпкерлiктi дамыту проблемаларын шешу жолдары Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан-2030" көпжылдық бағдарламасында көрiнiс тапқан болатын. Мысалы, Н. А. Назарбаев: "үкiметтiң әлi де орын алып отырған сауда мен өндiрiске әкiмгершiлiк араласуын жоюға; жылжымайтын мүлiктi, қалған ұсақ және орта кәсiпорындар мен агроөнеркәсiп кешенiн қоса алғанда, жекешелендiру процесiн аяқтауға тиiспiз . . . "4, "ең алдымен фермерлер мен нағыз жеке шаруашылықтар үшiн кредиттерi арзандатамыз; . . . шағын және орта бизнестi дамытамыз; . . . қызмет көрсету саласын, әсiресе туризмдi белсендi дамытамыз деп стратегиялық бағыттарды атап көрсеткен болатын5".

Кәсiпкерлiктiң түсiнiгiн, дамуын, т. б. ерекшелiктерiн бiршама сипаттап өтсек те, басталу кезеңiнде көзделетiн мәселелер қалыс қалып қойған сияқты. Мысалы, шағын кәсiпорын-фирманы алайық. Фирманың жұмысын ойдағыдай бастау үшiн, кәсiпкер өзiнiң қызметiне немесе аткаратын мiндеттерiне қарамастан рыноктың, макро және микроэкономиканың жалпы негiздерiн мiндеттi түрде бiлуге тиiстi.

Кәсiпкерлiктiң кағидаттары жөнiнде айтарымыз бұл жерде бiз көптеген жылдар бойы көрiнiп табатын тұрақты қағидаттарды көре алмаймыз. Себебi бәрi рыноктың болуына байланысты. Тек қана бiр кағида тұрғылықты болып саналады, ол "тұтынушыларды көздей отырып өндiру, қызмет көрсету". Жаңағы айтқан шағын фирмамыз кәсiпкерлiктiң жүйесi ретiнде көз алдындағы көптеген байланыстарды мүлiк жiбермей қадағалап отырады. Сол байланыстардың субъектiлерi мыналар болып есептелiнедi".

1) маңызды бәсекелестер; 2) маңызды сатушылар; 3) маңызды сатып алушылар; 4) корпорациялар; 5) кәсiподақтар; 6) орталық жөне жергiлiктi билiк органдары; 7) азамзттық ұйымдар (қоғамдар), т. б.

Шағын фирма көптеген нысаналаулар мен шектеулердiң, реттеушi нормалардың, құқықтық талаптардың, әлеуметтiк сұраныстардың iшiнде қызмет атқарады. Олардың ең бастысы, әрине, кәсiпкерләк туралы Заңдар мен заңға сәйкес нормативтiк актiлер болып табылады. Ал қалғандары: кәсiпкерлiк дамыту мақсаты; менеджмент қағидаттары; фирманың даму сатылары және дәстүрi; технология және ғылыми техникалық професс; жалпы адамзаттық сипаттағы критерийлер мен құндылықтар және мәдениет.

Форманың басқару моделiне жоспарланған мәселелерге жету, өндiрiс мәдениетi және әлеуметтiк әдiлетiлiк талаптарын орындау жатады.

Шағын фирманы дамыту мақсатына рыноктың аясын және фирманың қаржылық тұрақтылығын жатқызуға болады.

Түсiнiктi етiп айтсақ осы екi жай, яғни рыноктық потенциал мен фирманың потенциалы мақсатын белгiлеу (каздеу) кезiнде есепке алынады. Фирманың потенциалы пайда, айналым, қорлар мен инвестициялар, шығындарды отеу дөрежесi мен сипаты және т. б. болып табылады. Ал рыноктың потенциалы - оның өсу көрсеткiлi және фирмадағы үлесi.

Мақсаттар екi түрде көрiнiс табады:

  1. саңдық;
  2. сапалық.

Сандық мақсаттарға мыналар жатады: қаржылық - капитал және өткiзу (сату) кұрылымы; экономикалық пайда және рентабельдiлiк; рыноктық айналым, өсу және рыноктағы үлес.

Сапалық мақсаттар мыналар: өнiмнiң сапасы; фирманың тәуелсiздiгi; фирмадағы әлеуметтiк жағдайлар.

Басқару механизiмiнiң құрылымы: материалдық шаруашылық; өндiрiс (өнiм) ; өткiзу; қызметшiлер; капитал мен инвестиция; ақпараттан тұрады.

Басқару жүйесiнде үш функция, әрқашанда, жүзеге асырылады: ұйымдастыру; жоспарлау; бақылау - қадағалау. Жоспарлау екiге бөлiнедi: стратегиялық жоспарлау, бақылау - қадағалау. Яғни ұзақ мерзiмдiк мақсаттарға жетуге бағьпталған жоспарлау; тiкелей жоспарлау - фирмадағы басқарудың орта деңгейiн қамтиды, бақылау кәсiпкерлiктiң әлсiз жақтарын жою, резеретердi ашу жөне т. б. сияқты қызмет атқарады. Кәсiпкерлiктi айтарлықтай жүзеге асыруға тигiзетiн жоспарлар жүйесi тағы бар.

Олар өздерiнiң құрылымы мен әзiрлену тәртiбi бойынша мынадай

болып келедi:

1. Өткiзу жоспары бiрнеше жылға белгiленедi және тұтынушылар топтары мен рынок есепке алынады.

Айналым жоспары өткiзу жоспарының көрсеткiштерi бойынша есептелiнедi. Саны өнiмнiң бағасына көбейтiледi. Өндiрiс жоспары да өткiзу жоспарынын көрсеткiштерiне байланысты әзiрленедi. Технологиялық принциптер сипатталады және уақыт пен жұмыс күшiне деген мұқтаждық анықталады. Инвестициялар жоспарында қызметкерлер, олардың мамандықтары, төлем төртiбi мен принциптерi есептелiнедi.

Материалдық - техникалық жабдықтау жоспары өндiрiс көлемi мен ассортименттерге байланысты есептелiнедi. Материалдық запастар жоспары бойынша ағымдағы материалдық запастар анықталады. Дайын өнiмдер запасының жоспары бойынша қоймадағы дайын бұйымдардың запасы анықталады. Қаржылық жоспар бойынша қанша капитал және оларды қайдан алуға болатыны белгiленедi. Тез өткiзу жоспары күнделiктi қызметтi жүзеге асыруға қажеттi қаражат мөлшерi жөнiндегi мәлiметтерден тұрады.

Жоспарлық баланс кәсiпорынның қаржылық жағдайын оның қарыздарымен салыстырудан тұрады.

Осы аталған факторларға қоса, айтарлықтай жеткiлiктерге жету үшiн мына жайларды бiлу қажет:

  1. шағын фирма шығаратын өнiмдер мен тауарларға және көрсететiн қызметтерге деген сол аумақтағы өнеркәсiптiң, ауыл шаруашылығының және халықтың нақты және болжамдалатын мұқтаждықтарын анықтау;
  2. стратегиялық мақсаттарды есепке ала отырып фирманың оны қанағаттандыру жөнiндегi мүмкiндiгiпн есептеу (талдау) ;
  3. ұтымды, тиiмдi түрде жарнаманы пайдалану;
  4. көрсетiлетiн қызметтiң және өндiретiн өнiмнiң түрлерiн, тiзiмiн кеңейту;
  5. өнiмдердi ойдағыдай өткiзудi және қызмет аясын кеңейтудi қамтамасыз ету мақсатында әрiптестермен келiссөз жүргiзу6.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпкерлік құқық пәнінен дәрістер кешені
Кәсіпкерлік құқық ұғымы
Кәсіпкерлік қатынастардың субъектілері
Шағын кәсіпкерліктің белгілері мен түсінігі
Кәсіпкерлік шарттың белгілері мен қызметтері
Кәсіпкерлік қызметтің құқықтық реттелуі
Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу туралы
ҚР-ғы кәсіпкерліктің негізгі ұйымдастыру формалары
Жеке кәсіпкерлік туралы
Кәсіпкерлік туралы ұғым
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz