Ақпараттар оқығандағы артикуляцияның және дикцияның қажеттілігі


Пән: Журналистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

әл - Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті

Журналистика факультеті

Ақпараттар оқығандағы артикуляцияның және дикцияның қажеттілігі

Қабылдаған: Алтынбек Халықов

Орындаған: Айнұр Бөлебай

Алматы 2007ж

Артикуляция

Сөзді анық та, нақты сөйлеу үшін дауысты, дауыссыз дыбыстарды дұрыс айту керек. Сөйлеуге қызмет ететін аппарат арқылы әр түрлі дыбыстау қозғалыс орнын артикуляция дейміз. Диафрагмалық тыныс алуда дем сыртқа шығады, сол сәтте әрбір дыбыстың өз қимылы, артикуляциясы болады. Дем алғанда кеудені ауамен толтырып, сол сәтте өкпеміздің төменгі жағын да ауаға толтырып, диафрагмамызды тартамыз, сонда ауа көп болып толады. Кеудемен алынған демді ұстап тұрамыз да, диафрагмалық демді қысқа, дыбыссыз, төменгі дауысты дыбыстар У, Ы, И, О, Э, А арқылы шығарамыз. Демді сыртқа әр дауысты дыбыспен шығаруды бірнеше рет жасаған соң, өкпедегі қалған демді дауыссыз дыбыстың бірімен (Х, Ф, С, Ш, Щ) шығару керек. Дауысты және дауыссыз дыбыстарды дәл айтсақ дұрыс дем аласыз.

Дауыс жақсы болу үшін: 1. Дауыс қою керек

2. Артикуляция

3. Дикция

Артикуляция (ерін жаттығуы) :

  1. Алдыңғы ерінді алға шығару (қайта жинау)
  2. Үстіңгі ерінді көтеру, түсіру.
  3. Алдыңғы ерінді көтеру, түсіру.
  4. Сүйірлеп шығарып, жоғары-төмен қозғалту.
  5. Алға шыққан ерінді оңға-солға қозғалту.
  6. Сүйірленген ерінді сағат тілімен айналдыру.

Тіл жаттығуы:

  1. Тілді босату (а; ә; е; о; )
  2. Тілді таңдайға апару (р-ды айту)
  3. Ауыз ішінде тілді оңға-солға қозғалту.

Сөйлеу аппаратының қимылы

Дауысты дыбыстарда

Дауысты дыбыстар артикуляцияда ауа ішке қарай дыбыссыз мұрын арқылы өтеді. Ал, ауа сыртқа қарай жаймен дыбыссыз жылы шығады.

У дыбысы - Ы, И дыбысын айтқанда, ауа жоғарғы, төменгі екі тістің ортасын ала шығады. Дыбыс жоғарғы тіске тисе ысқырып шығады. Соған сақ болған дұрыс. О, Э, А - дыбыстарын айтуды үйренбес бұрын, 2 ерінді жымқырып тұрып, көмейді керіп ашу қажет. Ол үшін мұрынды қысып тұрып, 2-3 рет М (м-м-м) деп дыбыстаймыз: О, А, Э, Е.

Дауыссыз дыбыстарда

Дауыссыз дыбыстар да дауысты дыбыстар сияқты демнің дұтыс шығуына қарай лайықты тиіс. Дауыссыз дыбыстар айтылар кезде сөйлеу аппаратының (езу, ерін, тіл) қай бөлігі бұған қатысатынын және дауыссыз дыбыстардың қайсысына демнің екпіні қалай, қандай түрде керек екенін анық білген жөн. Әрбір дауыссыз дыбысты айтып жаттыққан кезде ауызекі сөйлегендей емес, анық әрі күш түсіре айтылсын. Дауыссыздарды айтқан кезде демнің дауыс шымылдығына қарй (дем күшпен шыққанда) және ауыз қуысына жайылып кетпеуін (ауа баяу шыққан кезде) қадалаған дұрыс.

П, Б, Т, Д, К, Г, Ғ - дауыссыз дыбыстары ауаның қысқа қозғалысымен жасалады.

Х, Л, Р, Н, Ң, М, В, Ф, З, Ж, Ш, Щ, С - дыбыстарын да ауаның күшінен басқа үннің созылмалығы бар. Бұл дыбыстарды диафрагмалық тыныс алумен қоса кеудемен де тыныстауға дағдыландыруға болады.

Жаңылтпаштар мен мақал-мәтелдер

Артикуляциялық жаттығуларды жаңылтпаштар мен мақал - мәтелдер арқылы толықтыруға болады. Қысқа жаңылтпаштар диафрагмалық деммен, ал ұзын жаңылтпаштар кезде демімен айтылады.

Ерін дауыссыз дыбыстарымен айтылатын жаңылтпаштар мен мақал - мәтелдер ерні қиын қозғалатындар үшін қажет. Ал тілдік дауыссыздары бар жаылтпаштар тілдің нығайып, ыңғайға тез көнуіне өбі тимек.

Бүлдіргенді бүлдірген,

Бүлдірген де күлдірген,

Күлдірген де бүлдірген,

Бүлдіріп алып күлдірген,

Дейді енді бүлдірген.

От бетінде май балқаймақ,

Ол қабал майқаймақ,

Балдан тәтті май балқаймақ.

Шерлі сал шерлі шалды іздепті,

Шерлі шал шерлі салды іздепті.

Ұстап қара қарындашын,

Ұштап қарындашын қарындасын,

Ұсынды қарындасын қарындашын.

Шуақтаған батамды,

Шуға апарып шудаладым.

Шудалаған шудасын,

Суға салдым, судан алдым, суға малдым.

Ей, Тайқарбай дегенде

Бай Тайқарбай

Малыңды ақ шалғынға жай Тайқарбай.

Тарқарбай, Марқайбайлар толып жатыр,

Сенің айтқан Тайқарбайың қай Тарқарбай?

Дикция

“Әрбір сөздің жеке-дара, бөлекше анық айқындалғаны дәлірек айтқанда, мүсіндік мәнерде қырланып өткірлегені абзал”.

Летунов Ю.

Дауыс қою жаттуғуларымен да қоса жасаған дұрыс. Дикция деген латын сөзі “айтылу”, “айту” екенін білеміз. Дауысты, дауыссыз дыбыстардың біріккен кездегі айтылуы. Дикциялық жаттығуларға дауысты дыбыстарды мына ретімен айтып үйренеміз:

А-Я Э-Е Ұ-Ү
О-Е Ы-И О-Ө
У-Ю А-Ә

Дауыссыз дыбыстарды дауысты дыбысқа қосып үйренеміз:

ПА-ПЯ, ПО-ПЕ, ПУ-ПЮ, ПЭ-ПЕ

ПЫ-ПИ, ПА-ПӘ, ПҰ-ПҮ, ПО-ПӨ

ТЬ, ДЬ деген жіңішке дауыссыз дыбыстардың айтылуы кімде-кімге қиындық тигізсе, мына дауыссыздар мен дауысты дыбыстардың қосындысына көңіл аударғаны жөн. ТЯ, ТЕ, ТИ, ДЯ, ДЕ, ДЮ, ДИ. Ал Ц, Ш, Ж дауыссыздармен қосылатын бүкіл дауысты дыбыстар жазылғанда жуанданып жазылады, ал айтылғанда жіңішкеріп ЦИ, ШИ, ЖИ болып оқылады. Термин сөздерде немесе адам аттарында кездеседі.

Мысалы: жазылуы айтылуы

Цытата Цитата

Жыгалов Жигалов

Егер тіліміздің еркін қозғалысын жаттықтыру үшін артикуляциялық қимылды Т әрпі арқылы дауыссыз+дауысты - дауыссыз буындарды үнсіз айтсақ, тат, тот, тут т. т. ал дикциялық жаттығуларда тіл шапшаңдығы үшін Р - дыбысын қосуға болады.

ПРА - ПРЯ - ПРӘ, ПРО - ПРЕ, ПРУ - ПРО, ПРЭ - ПРЕ, ПРП - ПРИ, ПРҰ - ПРҮ, ПРО - ПРӨ.

Мына кестені де айтып жаттыққан өте пайдалы:

ТАДИТА - ТАДИТЯ, ДАТИДП - ДАТИДЯ

ТАДИТО - ТАДИТЕ, ДАТИДО - ДАТИДЕ

ТАДИТУ - ТАДИТЮ, ДАТИДУ - ДАТИДЮ

ТАДИТЭ - ТАДИТЕ, ДАТИДЭ - ДАТИДЕ

ТАДИТЫ - ТАДИТИ, ДАТИДЫ - ДАТИДИ

Жоғарға еріннің артикуляциясы және дикцияға:

ДРДА - ДРДЯ, ДРДЫ - ДРДИ, ДРДО - ДРДЕ,

ДРДҰ - ДРДҮ, ДРДУ - ДРДЮ, ДРДӨ - ДРДО, ДРДЭ - ДРДЕ

Бір дауысты дыбысқа 4 бірдей дауыссыз дыбыс қосып жаттығу да пайдалы. Мысалы: БРБРАР соңғы Р - дыбысында тіл анық дірілдеп естілсін.

ЛБЛБАЛЬ - соңғы ЛЬ-ді айтқанда тіл бөлінеді.

БТТТБАБ - Т дыбысының үшеуі де соңғы дауысты дыбыста анық естілгені қажет. Ол әсіресе сөздің аяғын жеп қоюшылар үшін пайдалы (глаталь) .

ВЗВА, ВЗРА, ФСТРА, ФСТКА, ФКСТА қосындылары әсіресе сөздерімізді анық, ашық айту үшін таптырмайды. Сөйлеу аппаратымыз қисынға келмей, тіліміз икемге келмей, жағымыз ашылмай жатқандарға міне, осы сияқты дыбыс тіркестері өте пайдалы.

Дикциямен жұмыс істеу

Дикция, жоғарыда айтқанымыздай, бұл - дыбыстың анық айтылуы. Әрбір оқушының сөйлеудегі жеке қасиеті оқулықта берілген жаттығуларды таңдауға, жаттығулармен ұзақ жұмыс жүргізуге мүмкіндік береді.

Егер оқушының сөз сөйлеуінде кемшілік (дыбысты анық айтпау) болса, онда ең алдымен әрбір дыбыспен жеке дара дайындалу қажет, яғни, дыбыстың дұрыс әрі анық айтылуына ерекше мән берген жөн. Және басты назарды анық айтылған дыбыстардын құралған сөздерге емес, оның нақты айқындалған мағынасына аударуы керек.

Дикциямен жұмыстың келесі кезеңі - сөйлемдегі сөз. Сөйлеммен жұмыс істеп жатқанда, айтылатын ойдың нақты, анық болуын қадағалау өте орынды. Бұл кезде орфоэпиялық және логикалық сауаттылық талап етіледі.

Сөйлеммен дикциялық жаттығу кезінде бір-бірмен байланысты, қиылысқан сөздердің анық айтылуына ереше көңіл бөлінген дұрыс. Мысалы, ол бара алмайды, ол кеше келе алмады. Бұл сөздер ол баралмады немесе ол кеше келалмады деп айтылуы мүмкін. Яғни кейбір дыбыстар түсіп қалады.

Ал өлең-жыр, тақпақтармен жаттығу кезінде оның шығармашылық мән-мағынасын түсіну қажет.

Дикциямен іс жүзінде жұмыс істеу

Дыбыстау мүшелеріне: ерін, тіс, иек, тіл, кішкене тіл, көмей жатады. Дикцияны тәрбиелеуге арналған бірнеше жаттығулар бар.

Ерінді жаттықтыратын жаттығулар

1-жаттығу. Екі ерінді Ө әрпін айтқандай алға қарай ұмсындырыңыз, бұл жаттығуды жасағанда тіл және тіс өз қалпында болуы қажет.

2-жаттығу. Тісті көрсетпей, езу тартыңыз.

3-жаттығу. Алдымен тек жоғары тісті көрсетіңіз, төменгі тісті төменгі ерінмен жауып тұрыңыз. Енді осы жаттығуды керісінше жасап көріңіз.

4-жаттығу. Екі еріннің қалыпты жағдайын сақтап тұрыңыз да, сонан соң ерніңізді әуелі сәл жоғары, төмен қозғаңыз.

5-жаттығу. Енді екі ерінді сүйірлеп алып, әуелі оң жаққа, сонан кейін сол жаққа бұрып көріңіз. Иек қозғалмасын.

Тіл жаттығулары

Сөздің анық шығуына тілдің тікелей қатысы бар. Тіл ауыр, икемсіз болса, жаңылтпашты, қиын сөздерді айтуға кедергі жасайды. Мұндай кемшіліктерден де жаттығулар жасай отырып арылуға болады. Сонымен, жаттығу түрлеріне көңіл аударыңыз

1-жаттығу. Ауыз екі елі ашық, бірақ ендігі көңіл - тілдің қимылына ауады. Тіл ұшы жай ғана тіске тиіп жатсын, ауызды ашқанда көмейдегі кішкене тілді көтеріп, дауысты дыбыстарды еркін шығарыңыз (дыбыс тамақта болмасын) .

2-жаттығу. Тіл ақырын көтеріліп, жоғарғы тіске тиіп (иек қозғалмайды), қайта орнына келуі тиіс.

3-жаттығу. Енді тіл жоғарғы көмейге қарай жиырылсын. Сонда тілдің астындағы көк тамырларына күш түсіп, р әрпі сөйлемде анық шығатын болады.

4-жаттығу. Тілді жиырып алып, біресе оң ұртқа, біресе сол ұртқа тигіземіз (ауыздың жағдайы бұрынғысынша) .

Барлық дыбыстардың дикциялық айқындылығын бақылап, тексеруге арналған жаттығулар

Жаттығуларды денені шынықтырғандай, күнде бір мезгілде жасаған дұрыс, әсіресе таңғы жаттығулармен ұштастырса пайдасы зор. Жаттығуды жасағанда, әуелі 1-2 минут аралығында, сөйтіп, уақытты бірте-бірте ұзартыңыз да, сол күннен бастап тыныс алудағы өзгешеліктерге, үніңізге, дауыс екпініне, сөйлеу мәнеріңізге көңіл бөліңіз. өзіңізде байқалған кемшіліктерді түзетуге тырысыңыз.

Дауысты дыбыстарды күн сайын айтып жаттықтырған дұрыс. Айтқанда дыбыстың деммен шығуына, тамаққа қалмауына көңіл бөлеміз. Бір жуан, бір жіңішке дыбысты әуелі дауысты қаттырақ, сонан соң үнді баяулатып, одан кейін үнсіз, тек ерін қозғалысымен (қимылмен), жалықпас үшін ерінді өзгертіп айтуға болады.

Негізінде иектің, ауыздың қимылына көңі бөлген жөн.

А - а, ә - а, о - а

О - ө, о - ә, о - ө, о - ә

Ы - і, і -ы, ы - і, і - ығ

Ұ - ү, ұ - ү, ү - ү

Е - и, и - е

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Музыкалық білім беру тарихы
ӘДЕБИ СӨЙЛЕУ НОРМАЛАРЫ
Балалар дауыстарының теориялық негіздері
Ана тілі сабақтарында бастауыш сынып оқушыларын мәнерлеп оқуға үйрету жолдары
Тіл дамыту жұмысының баланың ақыл ойының дамуына әсері
Ағылшын тілі сабағында аутенттік материалдарды қолдана отырып сөйлеу қабілетін қалыптастыру
Көмекші мектеп бастауыш сынып оқушыларының оқу дағдысының ерекшеліктері
Сөйлеудің бұзылысы мен патологиясы
Мәнерлеп оқуды үйрету
Мәнерлеп сөйлеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz