Жүрсін ерман поэзиясының көркемдік сипаты
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4.6 бет
Негізгі бөлім
І тарау. Ж. Ерман поэзиясының жанрлық . тақырыптық
сипаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7.28 бет
1.1. Ақын поэзиясындағы адам және қоғам.
1.2. Ұлытау жырлары немесе ақын поэзиясындағы туған жер тақырыбы.
1.3. Жүрсін Ерман поэзиясындағы сезім сырлары.
ІІ тарау. Ж. Ерман поэзиясының көркемдік
ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .29.45 бет
2.1.
2.2.
Қорытынды.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі.

Өнер мұраты – халықты бір-бірімен жақындастырып, рухани жағынан үндестіру. Оның ішінде, әдебиет – халықтың ой-санасын өсіріп, кемелдендіреді. Әдебиет халықтың рухани асыл қазынасы болғанымен, оны жасайтын халық ішінен шыққан дарын иелері.Сондықтан да жеке адамдар жасаған әдебиет туындыларын сандаған ұрпақ оқып,одан ұлағатты ой, өнеге-үлгі алады. Тәлімдік, тағлымдық тұстары мол. Поэзияның өнер мүлкі ретінде қыр сыры мол жанр. Сезімнен тыс поэзия болмайды. Оның ішінде лирика тікелей сезімдік туынды екені мәлім. Алайда, әр ақынның сол сезімді поэзияға өзек етуінде эстетикалық арсеналдары түрліше.
Ақын – қоғамдық тұлға. Ақынның әдебиеттен алатын орны ақынның өмір сүрген қоғамдық ортасымен, заманымен тығыз байланысты. Ақын шығармаларының құны өзі өмір сүрген замандағы қоғам мен өмір шындығын қаншалықты көрсете білді, қоғамға қаншалықты әсер ете алды, сонымен өлшенсе керек. Адам жанының тереңіне бойлай білуді қажет ететін лирика жанрының басты ерекшелігі – ой мен сезімнің тең қабысып отыруы. Ал, нағыз лирик осы қос қасиетпен оқырман жүрегін сәулелендіріп отыруы тиіс. Бұл әрине, қалам ұстаған кез-келген қаламгердің қолынан келе бермейтін, тек сирек талант иесіне ғана бұйырар шығармашылық бақыт.
Бұл ретте әрине, аға буын өкілдері: Ә.Тәжібаев, Д. Әбілев, А. Тоқмағамбетов, М. Әлімбаев, Х. Ерғалиев, Ғ. Қайырбеков, С. Мәуленов, С. Сейітов, Т. Әбдірахманова, К. Салықов, Қ. Бекхожин, Қ. Шаңғытбаев, т.б. азаматтық-философиялық түйін-тұжырымдарға толы өлең-жырлары, О. Сүлейменов пен М. Шахановтың азаматтық мәселелерге батыл үн қосуы, сол секілді Т. Молдағалиев, С. Жиенбаев, Қ. Жұмағалиев, Ж. Нәжімеденов, С. Иманасов, Ө. Нұрғалиев, Қ. Мырза Әлі, М. Мақатаев, К. Мырзабеков, Ж. Әбдірашев, Ш. Сариев, Т. Медетбек, Ұ. Есдәулет, И. Сапарбай, И. Ғайып, С.Тұрғынбеков, Ж. Ерман, А. Егеубай, А. Әлім, С. Адай т.б. өмірі мен өнерге адалдық танытып, қазақ өлеңін дамыту ісінде қайсар мінез бен қаламгерлік қарымдылық көрсетуі көңіл қуантады.
Қазіргі қазақ поэзиясында өзіндік көзқарасы мен қолтаңбасы бар, ізденіс пен ізгілікке жаны құштар, жүрегі жырға, көңілі нұрға толы талантты ақындардың бірі – Жүрсін Ерман.
Қазақ әдебиеті тарихының күрделі дәуірлерінде XX ғасырдың 60-90 жылдарының алатын орны ерекше. Аталмыш кезеңде қоғамдағы сәл де болса “жылымықтың” нәтижесінде қаламгер санасында бастау алған сілкініс пен серпіліс қазақ романдарының дүниеге көптеп келуіне мүмкіндік берді. Бұл кезеңдегі қазақ поэзиясы дүниедегі аса құдіретті, күрделі жаратынды – Адамның жан әлеміне үңілумен, адам болмысына назар аударумен ерекшеленді.

1. Поспелов Г.Н. Проблемы исторического развития литературы. – М.: Просвещение, 1972. – 325 с.
2. Қазақ поэзиясындағы дәстүр ұласуы. – Алматы: Ғылым, 1981. – 320 б.
3. Гуляев Н.А. Теория литературы. – М.: Высшая школа, 1985. – 288 с.
4. Қамбаров Қ. Ерлік эпосы. – Алматы: Жазушы, 1979. – 216 б.
5. Шәріп А. Қазақ поэзиясы және Ұлттық идея. – Алматы: Білім, 2000. – 336 б.
6. Тілепов Ж. Елім деп еңіреген ерлер жыры. – Алматы: Білім, 1995. – 315 б.
7. Қаратаев М. Эпостан эпопеяға. – Алматы: Ғылым, 1969. – 444 б.
8. Қазақ поэзиясының антологиясы (ХХ ғасырдың бас кезі). – Алматы: Ғылым, 1992. – 488 б.
9. Шапай Т. Ой түбінде жатқан сөз // Бүгінгі лирика бағдары. – Алматы: Жазушы, 1989. – Б. 194-196.
10. Қайырбеков Ә. “Өлеңдегі “мен” – нен өрбіген ой” // Беталыс. – Алматы: Жалын, 1984. – Б. 53-55.
11. Гинзбург Л. О литературном герое. – Ленинград: Советский писатель, 1979, 220 с.
12. Қуандық Мәшһүр–Жүсіпов. Өлең сөздің патшасы. – Алматы: Жазушы, 1991, 216 б.
13. Тимофеев Л.И., Гураев С.В. Словарь литературоведческих терминов. М., 1974.
14. Поспелов Г.Н. Лирика. – Москва.: Издательство Мосвовского университета, 1976, 205б.
15. Мүсірепов Ғ. Заман және әдебиет. – Алматы: Жазушы, 1982. -252 б.
16. Жұмалиев Қ. Стиль – өнер ерекшелігі. – Алматы: Жазушы, 1966. -260б.
17. Алпысбаев Қ. Көркем шығарманы талдау жолдары. – Алматы: Республика баспа кабинеті. 1992.
18. Әдебиеттануға кіріспе. Құрастырған: Мақпыров С. – Алматы: Ана тілі, 1991. -247 б.
19. Веселовский А. Н. Историчиская поэтика. – Москва: Просв, 1989.
20. Гринбрг И.А. Три грани лирики. – Москва: Сов писатель, 1975.
21. Қамбаров Қ. Ерлік жырлары. – Алматы: Білім, 1974.
22. Тәжібаев Ә. Өмір және поэзия. – Алматы: Жазушы, 1960. -485б.
23. Тілепов Ж. Қазақ поэзиясының тарихилығы. – Алматы: Ғылым, 1994. -312б.

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Филология факультеті
Қазақ әдебиеті кафедрасы
Диплом жұмысы
Жүрсін Ерман поэзиясының көркемдік сипаты
Орындаған 4 курс студенті ___________________Г.Керимбекова
Ғылыми жетекші:
ф.ғ.к.., доцент ___________________ К. С.Ахмет
(қолы, күні)
Норма бақылаушы:
Ф.ғ.к., доцент ___________________П. Бисенбаев
(қолы, күні)
Кафедра меңгерушісінің
рұқсатымен қорғауға жіберілді:
ф.ғ.д., профессор ___________________З. Қ. Бисенғали
(қолы, күні)
Алматы, 2009
Жұмыстың көлемі: 50 бет
Пайдаланылған әдебиеттер саны: 36
Жұмыстың мақсаты: қазіргі қазақ поэзиясының көрнекті тұлғасы Ж.
Ерманның ақындық әлемін лирикалық өлеңдері арқылы қарастыру. Сол арқылы
танымал тұлғаның әдеби процестегі орын-үлесін, ізденіс арналарын, көркемдік
мұраттарын, қаламгерлік нысанасын зерделеу. Ақын әлеміне ену, ізденіс
арналарына назар аудару, тақырыпты меңгеру, образды ашу, көркемдік амал-
тәсілдерді қолдану мүмкіндіктеріне мән беру. Біз бітіру жұмысын жазу
барысында біз мынандай мақсатты көздедік.
Жұмыстың нысаны: Ж. Ерманның жыр кітаптары.
Жұмыстың зерттеу әдісі: Диплом жұмысын жазу барысында талдау, салыстырмалы
жинақтау, қорыту әдістер басшылыққа алынды.
Жұмыстың дерек көздері: Зерттеу жұмысын жазу барысында поэзия туралы
көптеген шетел және қазақ ғалымдарының ғылыми-зерттеу еңбектеріне сүйендік.
Сонымен бірге ақын Ж. Ерман поэзиясы туралы әр жылдарда жазылған
мақалалар да назардан тыс қалмады.
Жұмыстың жалпы сипаттамасы: Бірінші тарауда ақын Жүрсін Ерман поэзиясының
өзге ақындарға ұқсамайтын қырынан және ақындық тақырып табиғатын, жанрлық
көркемдік жүйесін айқындауға талпындық. Ақын туралы жазылған әдеби
сындар мен түрлі сипаттағы мақалаларға сүйене отырып, Ж. Ерман
поэзиясындағы тың ізденістер мен көркемдік құралдарды игерудегі шеберлігі
пайымдалды. Сондай – ақ ақын өлеңінің тақырып ерекшеліктеріне де
тоқталдық.
Екінші тарауда Жүрсін Ерман поэзиясының идеялық-көркемдік ерекшеліктерін
ашып, тың ізденістер мен көркемдік құралдарды игерудегі шеберлігін
пайымдауға талпыныстар жасалынады. Сонымен бірге, ақын көзқарасы мен
колтаңбасы, ізденіс мұраттары,өлең өрісі мен өрнектеріндегі өзіндік
өзгешеліктер, ой-сөз жүйесі, көркемдік таным арналары зерделенеді.
Тірек сөздер: позия, лирика, ақындық шеберлік, көркемдік ерекшеліктер,
т.б.
Жұмыстың құрылымы: Кіріспеден, негізгі екі бөлімнен, қорытындыдан және
пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Мазмұны
Кіріспе ––––––––––––––––––––––––––––––––––– ––––––––––––––––4-6 бет
Негізгі бөлім
І тарау. Ж. Ерман поэзиясының жанрлық – тақырыптық
сипаты ––––––––––––––––––––––––––––––––––– –––––––––––––––7-28 бет
1.1. Ақын поэзиясындағы адам және қоғам.
1.2. Ұлытау жырлары немесе ақын поэзиясындағы туған жер тақырыбы.
1.3. Жүрсін Ерман поэзиясындағы сезім сырлары.
ІІ тарау. Ж. Ерман поэзиясының көркемдік
ерекшеліктері ––––––––––––––––––––––––––––––––––– ––––––29-45 бет
2.1.
2.2.
Қорытынды.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі.
Кіріспе
Өнер мұраты – халықты бір-бірімен жақындастырып, рухани жағынан
үндестіру. Оның ішінде, әдебиет – халықтың ой-санасын өсіріп,
кемелдендіреді. Әдебиет халықтың рухани асыл қазынасы болғанымен, оны
жасайтын халық ішінен шыққан дарын иелері.Сондықтан да жеке адамдар жасаған
әдебиет туындыларын сандаған ұрпақ оқып,одан ұлағатты ой, өнеге-үлгі алады.
Тәлімдік, тағлымдық тұстары мол. Поэзияның өнер мүлкі ретінде қыр сыры мол
жанр. Сезімнен тыс поэзия болмайды. Оның ішінде лирика тікелей сезімдік
туынды екені мәлім. Алайда, әр ақынның сол сезімді поэзияға өзек етуінде
эстетикалық арсеналдары түрліше.
Ақын – қоғамдық тұлға. Ақынның әдебиеттен алатын орны ақынның өмір
сүрген қоғамдық ортасымен, заманымен тығыз байланысты. Ақын шығармаларының
құны өзі өмір сүрген замандағы қоғам мен өмір шындығын қаншалықты көрсете
білді, қоғамға қаншалықты әсер ете алды, сонымен өлшенсе керек. Адам
жанының тереңіне бойлай білуді қажет ететін лирика жанрының басты
ерекшелігі – ой мен сезімнің тең қабысып отыруы. Ал, нағыз лирик осы қос
қасиетпен оқырман жүрегін сәулелендіріп отыруы тиіс. Бұл әрине, қалам
ұстаған кез-келген қаламгердің қолынан келе бермейтін, тек сирек талант
иесіне ғана бұйырар шығармашылық бақыт.
Бұл ретте әрине, аға буын өкілдері: Ә.Тәжібаев, Д. Әбілев,
А. Тоқмағамбетов, М. Әлімбаев, Х. Ерғалиев, Ғ.
Қайырбеков, С. Мәуленов, С. Сейітов, Т.
Әбдірахманова, К. Салықов, Қ. Бекхожин, Қ. Шаңғытбаев, т.б.
азаматтық-философиялық түйін-тұжырымдарға толы өлең-жырлары, О. Сүлейменов
пен М. Шахановтың азаматтық мәселелерге батыл үн қосуы, сол секілді Т.
Молдағалиев, С. Жиенбаев, Қ. Жұмағалиев, Ж.
Нәжімеденов, С. Иманасов, Ө. Нұрғалиев, Қ. Мырза Әлі, М. Мақатаев, К.
Мырзабеков, Ж. Әбдірашев, Ш. Сариев, Т. Медетбек, Ұ.
Есдәулет, И. Сапарбай, И. Ғайып, С.Тұрғынбеков, Ж.
Ерман, А. Егеубай, А. Әлім, С. Адай т.б. өмірі мен өнерге адалдық
танытып, қазақ өлеңін дамыту ісінде қайсар мінез бен қаламгерлік қарымдылық
көрсетуі көңіл қуантады.
Қазіргі қазақ поэзиясында өзіндік көзқарасы мен қолтаңбасы бар,
ізденіс пен ізгілікке жаны құштар, жүрегі жырға, көңілі нұрға толы талантты
ақындардың бірі – Жүрсін Ерман.
Қазақ әдебиеті тарихының күрделі дәуірлерінде XX ғасырдың 60-90
жылдарының алатын орны ерекше. Аталмыш кезеңде қоғамдағы сәл де болса
“жылымықтың” нәтижесінде қаламгер санасында бастау алған сілкініс пен
серпіліс қазақ романдарының дүниеге көптеп келуіне мүмкіндік берді. Бұл
кезеңдегі қазақ поэзиясы дүниедегі аса құдіретті, күрделі жаратынды –
Адамның жан әлеміне үңілумен, адам болмысына назар аударумен ерекшеленді.
“Аталған жылдар аралығындағы қазақ әдебиетінің ұлттық көркем өнердегі
терең тамыры нәзік арқаудан нәр тарта дамуға талпынған бет-бағдары болатын.
Бұл жылдар аралығындағы лирика шын мәнінде тасты жарып шығып гүл атқан
қызғалдақтай көзге ыстық тартқаны рас” 1.106. Шынында да осы жылдары
поэзиямыздың жаңа дәуірі басталды. С. Жиенбаев, М.
Мақатаев, Ф. Оңғарсынова, Ж. Нәжімеденов, Қ.
Мырзалиев, К. Ахметова, О.Сүлейменов, Т.Молдағалиев,
Т. Айбергенов т.б. өздерінің ақындық таланттары арқылы қазақ
өлеңдеріне үлкен серпіліс, жаңа өрлеу кезеңін ала келді.
Өмірі мен өнерін өлең-ғұмырға сыйғызған ақынның көп жылдық
шығармашылық еңбегінің әр алуан кезең еншісінен орнын ойып алып, әдебиет
майданы күрескерлерінің қаламына ілігуінің өзі де заманға сай заңдылық.
Осы жылдар поэзиясының ізін басып, өнердегі өзіндік мінезімен алдыңғы
топтан көрінетін Ж. Ерман поэзиясы – біздің бүгінгі жұмысымыздың басты
арқауы да. Бұл орайда Ақын қуанса, шын қуанып, мұңайса, шын мұңаяды. Оның
бір жырдан екінші бір жырға көшіп отыратыны лирикалық кейіпкерінің жан-
дүниесіндегі толқыныстар ауыл, аймақ, керек десеңіз кейде ұлт пен ұлыс
шекарасынан шығып, жалпы азаматтық толғаныстар кеңістігіне көтеріледі. Ол
аспанмен тілдессе де, жермен сырласса да, бір қызығы, сені досыңмен
сөйлестіргендей, тілдестіргендей ерекше бір халге бөлейді деген
Ш.Айтматовтың пікірінен біраз нәрсе аңғарылады 2,12.
Абай әлеміне еркін еніп, оның өлең сөздегі дәстүр -өнегесін лайықты
жалғастырған қазақ ақындары Шәкәрім, Мағжан, Сұлтанмахмұт т.б. көркемдік
рухани мәселелерді ,адам мен оың еңбегін ,өмір тұрмысын терең
толғады.Ұлттық поэзияның ұлы мұраттарын бар қырынан ашып, биік белестерге
көтерген – С. Мұқанов, Ә.Тәжібаев, Т. Әбдірахманова, С. Мәуленов, Ғ.
Қайырбеков, М. Әлімбай, М. Айтхожина, Ф. Оңғарсынова, А. Бақтыгереева, Н.
Оразалин, О.Сүлейменов, Қ. Мырза Әлі, Қ. Бұғыбаева, М. Шаханов, Т.
Медетбек, Ө. Нұрғалиев, С. Иманасов, Р. Ниязбек, Ж. Әбдірашев, К.
Мырзабеков, А. Егеубаев, Ж. Жақыпбаев, Ұ. Есдәулетов, Е. Раушанов, И.
Ғайып, Т. Оразбаева, Б. Серікбаев, Г. Салықбаева, Т. Әбдікәкімов, Н.
Мәукенлы, т.б. ізденіс-еңбектері, көзқарас эволюцияары, кеше-бүгін
мәселесін жырлаудағы амал-тәсілдері қалың көптің көңілінен шығып, рухани
нәр сыйлады. Аталған ақындар шоғырының бел ортасында өлең -өнердің өз өкілі
– осы буын жасаған поэзияны жалғастырып, өзіндік даралығымен келген
ақынның бірі – Жүрсін Ерман.
Қалыптасқан ұғым бойынша, лирика дегеніміз – ақынның ойы мен сезімінің
ұштасып келіп тұтас көрінуі. Лириканың предметі де, бейнелеп айтар ойлары
да, бейнелеп көрсетері де – ақынның өз көңіл-күйі. Н.А.Добролюбов өзінің
И.Никитин өлеңі туралы жазған мақаласында лирикаға орай мынадай тұжырым
айтады: Лирикалық өлеңде, – дейді сыншы, – ақын өзінің табиғатты немесе
өмірдегі белгілі бір құбылыстан алған тікелей сезім-түйсігін айтып береді.
Бірақ мұндағы нәрсе – сол түйсіктің өзі де, оны ақынның енжар қабылдауы да
мес, ақынның сол сыртқы әсерге іштей ұйып, құлай ықылас қоюында 3, 112.
Ұлттық поэзия патшалығына өзіндік өрнек, өзгешеліктерімен келген,
адамдық, ізгілік иірімдерін нәзік лиризиммен, терең тебіреністі
толғамдармен еркін жырлаған – ақын Жүрсін Ерман уақыт талаптарын жіті
зерделеді. Қайсы бір тақырыпты да тереңнен толғап, ақыл-парасат нұрын,
көңіл күнделігін, жан-жүрек сәулесін молынан түсірді. Өлең өрімі, өрнектері
арқылы уақыт алға тартқан келелі мәселелерді, тәуелсіздік талаптарын
жүректен қозғады. Атамекен мұратын, ел-жұрт тағдырын, адам әлемін алуан
ізденіс, түрлі салыстырулар арқылы шебер де шешен жеткізеді. Біздіңше Ж.
Ерманның ақындық өнері – талант қуатымен, көркемдік нәрімен, сыр-сезімге
толы шындық сипаттарымен даралана түседі. Мұны ізденіс іздері де, қолтаңба
мәнері де бедерлей түседі.
“Әр заман поэзиясының өзіне лайық күйі бар, өзіне лайық үні бар, –
дейді ғалым М. Базарбаев. Адам баласының бүкіл тарих бойына ілгері өсіп
дамуы қаншалықты тынымсыз, толассыз жүріп жатқан процесс болса, көркем
бейне жүйесімен ойлау, дүниені образбен танып баяндау, суреттеу өнері де
тоқтаусыз дамып, жаңаланып, жақсарып келе жатқан құбылыс. Қоғамдық сананың
бір түрі ретінде көркем әдебиет қай ғасырда болса да, сол заманғы
адамдардың бір-біріне деген қатынасын, ой-арманын, дүниетанымын байқатпақ”
4, 26.
І тарау
Ж. Ерман поэзиясының жанрлық – тақырыптық сипаты
Әдебиетте қалыптасқан қанша жанр болса, соның барлығының атқаратын
қызметі – өмір шындығын әр қырынан танытып, көркем шындықтың суретін салуға
септігін тигізу. Осы жағынан алып қарағанда, әр жанрдың, әрине, өзге ұтымды
жақтары бар.
Көркем әдебиеттің негізгі саласының, жанрының бірі – лирика. Лирикада
ой мен сезім бірлесіп, терең қабысады. Оған тартымды күш-қуат дарытатын
терең оймен суарылған, нәрленген жалынды сезім әсерсіз, құрғақ қағида-
тұжырымдар арқылы берілсе, оқырманды тебірентпейді. Өмір, дүние, адам
тағдыры туралы үлкен толғаныстан тумаған жай сезімшілдік лириканы
жандандыра алмайды.
Жүрсін Ерман шығармашылығының ең басты жанры – лирика. Лирикада ой
мен сезім бірлесіп, терең қабысады. Оған тартымды күш-қуат дарытатын терең
оймен суарылған, нәрленген жалынды сезім әсерсіз, құрғақ қағида тұжырымдар
арқылы бірлесе, оқырманға әсер етпейді. Өмір, дүние, адам тағдыры туралы
үлкен толғаныстан туылған жай сезімшілдік лирикасы жандандыра алмайды.
Себебі, лирикаға жан беретін сезімнің аты, нәзіктігі. Лириканың басқа
жанрлардан айырмашылығы да осында. Шыншылдық пен сезім байлығы, ойшылдық –
оның өмір танудағы, адамды танып бағалаудағы үлкен байлық. Қай кезде
қандай тақырыпты жырласа да ақын осы жолдан тайған жоқ. Өлең әр күйде, әр
жағдайда жазылып оның болмысын аша түседі.
Лириканың басқа жанрлардан айырмашылығы да, өзіндік артықшылығы да
бар. Академик Зәки Ахметов: “Лирикалық шығармада негізінен алғанда жеке
адамның көңіл-күйі, сезімі суреттеледі. Нағыз лирикалық туындылар жеке
адамның жан-дүниесін, толғанысын, тағдырын бейнелеп, сол арқылы бүкіл
ортаны, қоғамды, заманды сипаттап береді” 5, 21, – дейді.
Ақын тудырған өлең-жырлардың өрімі де әлеуметтік, философиялық, көңіл-
күй әуендеріне айналып, жалпы адамзаттық, дүниетанымдық көзқарасын баян
етеді. Лирикаға тән қасиеттердің бірі – адам сезіміне әсер берер отты,
жалынды эмоциялық сезімталдық екені белгілі. Құрғақ баяндау немесе сезімге
құрылмаған жай әншейінгі жалаң тұжырым музыкалық шығарма тудыра алмайды.
Жүрсін Ерман поэзиясының басты ерекшелігі – нәзік сезімге, ойлы толғанысқа
құрылумен ерекшеленеді. Таңдаған тақырыбының түп-төркінін терең зерттеп,
баянды барлап барып, сезім сырын шерту – ақын шеберлігінің бір қыры. Ақын
кейіпкерлері кімнің атынан сөз алса да оқырман есінде ұзақ сақталатын
ерекше мінез даралығымен өзгешеленеді.
Біздің бүгінгі бітіру жұмысымыздың басты арқауына айналып отырған ақын
Жүрсін Ерман жырларының басты бір ерекшелігі – ақын өлеңдерінде ойшылдық
сарынның молдығы. Өмір бар жерде күрес, тартыс бар. Күрес, тартыс азапсыз
өткен емес.
Ақынның:
Ақыннан ес кететін,
Жырдан – маза.
Керегі не дақпырттың құр даңғаза:
Таңда машқар болғанда, әр пендеге
Анық болса бір әділ тұрған жаза?!
Даңқымды емес, тәңірім, антымды бер,
Болжамасам халімді – халқым күлер.
Кешейін қойдан қоңыр тірлігімді –
Өзінің шамасы мен шарқын білер.
Жайдақталып кеткенмен заманатым,
Өңмеңдеумен шықпасын жаман атым.
Шұға жауып жатса да көктен жерге
Қалғып кетпе, қазақы қағанатым! 6, 14, –
деп айтылатын алғашқы жыр жинағынан-ақ, өзінше үні бар, өлеңге қояр талабы
бар, өмірге деген махаббатын, толғаныстарын өлеңмен жеткізе білетін ақын
екендігін байқатады. Ақынның қай өлеңін алып қарасақ та батылдық пен
еркіндік қатар тұрады. Қай тақырыпқа қалам тартпасын, ақын өлеңдерінің
бағдаршысы болып шындық тұрады.
Бұғын десең – бұғындық,
Жығыл десең – жығылдық.
Аярлықтың майынан
Жүрек кілкіп, шығындық.
Ойсыраған ойымды ұқ:
Теспей бітеу сойылдық.
Шөліркедік шындыққа,
Өтірікке тойындық.
Болса әбден жігер құм,
Мықтысы ғой шідердің.
Көкбөрідей қазақты
Қоян етіп жібердің 6,31 .
Жүрсін Ерман поэзиясы мынау алмағайып боямасыз дүниенің сыр-сипатын,
болмыс-бітімін, өксігі мен өкінішін, қайғысы мен мұңын, қуанышы мен шуағын
сөз етеді. Өмір сәттері, қоғам, заман жайлы сезімдері өлең жолдарымен
кестеленеді.
Осы тұста ақын Қ.Мырзалиевтің мына бір бағалы пікірін келтіре кетсек:
“Меніңше, жақсы өлең – мазасыз тебіреністен шығады. Өзім жазған поэмалар
мен жақсы деген өлеңдерім – өз жанымды тербетіп, маза бермеген ойдан,
қиялымды дүбірлеген әуендерден туса керек. Жаным сүйген тақырып жүрегімді
тербейді де, жазбасқа қоймайды. Шын тебіреністен туған өлең – асқардан
ақтарылған тас бұлақтай тегіреуінді болуға тиісті. Не жазса да ақынның өз
мінезі, өз мені болуы шарт. Мені жоқ ақын, жасық ақын. Ал өзі жасықтың
– сөзі жасық” 7,29.
Алдым бұлдыр.
Құлап келем қауғадай салдыр-күлдір
Бір кісідей кештім бе бұл ғұмырды
Ағаш егіп,
Үй салып,
Қалдырдым ба ұл?
Үміт артып ататын таңға аса бір,
Тәнге саулық тілеймін,
Жанға сабыр.
Бәрі жалған екенін біле тұра,
Алдағым кеп тұрады,
Алдаса өмір!, –
деп кең тыныстап кейінде қалған өмірге шолу жасайды. Осы екі шумақтың
арасында халқымыз бастан кешкен өмір жатыр, онда ақынның өз бояуымен
өрнектеп салған қолтаңба ізі жатыр. Ақын өлеңдерін оқи отырып өткен
жылдарды қаз-қалпында көз алдымызға елестетеміз.

Өмірде ақынға тақырып болмайтын құбылыс жоқ. әңгіме сол құбылыстың
ішіне үңіл қарап, сырын ашып нағыз ақындық қуатпен, зерделі шеберлікпен
өрнектей білуде.
Ақын Жүрсін Ерман шығармашылығындағы басты тақырыптар – атамекен, ел
– жер мұраттары , достық пен жастық жырлары көркемдік –рухани мұраттар
тұсынан кемел де келісті сипаттарымен әр буын өкілдерінің талап –
талғамдарына жауап беріп келеді. Ақын ізденісі мен көзқарас мұраттарынан
жаңа уақыт бедері, тәуелсіздік талаптары кеңінен көрініс береді. Әсіресе,
ұлт мұраты, демократия тағлымы, адам мен оның еңбегін аялау мен бағалау
сипаттары айқын. Кезең көріністері, мезгіл әуендері де нанымды өріс алады.
Талант – күрделі құбылыс. Орыс әдебиеті теориясын зерттеуші
Н.А. Гуляев талант жөнінде : Это – комплекс творческих сил и
способностей человека, обеспечивающих прежде всего эстетическую сторону
писательского труда, образную, эмоциональна выразительную специфику
хужожественного произведения, – дейді 8.106. Ал қазақтың ұғымымен,
талант – ана сүтімен бойға даритын туа біткен қасиет. Ақындық та солай.
Заман талабы өзгеруі мүмкін, бірақ оның өлеңдері бәрібір оқылады.
Жүрсін Ерман өлеңдерінің басым көпшілігі адам мен қоғам жайында, яғни
Ел мен Жер тағдыры. Ақын осындай терең тақырыптың терең қатпарларына
үңіліп, біз біле бермейтін тылсым құпияларын ашуға тырысады. Жүрсін
ақынның “Бас” деп аталатын үлкен философиялық мәнге ие өлеңі бар.
Тиіп басым тасқа
Кейде ашиды миым.
Дұшпаным көп болса
Ие болу қиын.
Көрешегін көрмей
Көрмес, сірә, көрге.
Мен игенмен жерге
Ұмтылады Ол төрге!
Қадірімді кісі
Біле түссін дей ме?!–
Ойға толып іші
Сықырлайды кейде 6, 63, – дейді.
Өлеңнің ішінде басы артық бірде-бір сөз жоқ. Ал көтерер салмағы
қорғасындай ауыр.
Ақын лирикасы толысу, кемелдену сатысынан өте келе, тақырып әуені
байсалды, байыпты түрге енеді. Ақынның әлеуметтік лирикасынан насихат,
ғибрат өнегесі байқалады. Бұл да болса, сөз жоқ, автордың қоғам өміріндегі
саясатпен байланысты жалпы жұрттық қызметінің әсерінен, ықпал-әрекетінен
туындап жататын табиғи процесс болса керек.
Дүниетаным – табиғатқа, жаратылысқа деген қоғам мен адамзат ақыл-
ойының дамуы жөніндегі көзқарастар жүйесі. Жеке адамның дүниетанымы ең
алдымен қоғамдық болмысты бейнелейді. Жүрсіннің “Алматыдағы арбакеш”
аталатын жай ғана тұрмыстық тақырыптағы шағын ғана бір өлеңі бар. Оны оқи
бастағаннан-ақ, мұндайды екі күннің бірінде кезіктіріп жүрміз, бізден асып
не айта қояр деген де күдік қылаң бере көлденеңдей кеткенін байқайсың.
Әйтсе де оқи бастасаң “асығы алшы түспей ашқарын жүрген адамның арбакеш
болып Алматының жарымын тасыған күйкі тірлігі емес, арғы түбінде кісілік
болмысты төмендетпей:
Тек, көңілім, кірленбе,
Білем әзір бағамды.
Жұрт сөз тасып жүргенде
Мен тасыдым адамды, – дейтін қоғамдық астар жатқанын аңғарар едік.
Болымсыздың өзінен боталы түйедей ой тапқан ақын көңіліне тағы да риза
болар едің”, – дейді ақын поэзиясының кейбір сипаттары жөнінде ақын С.
Иманасов 9, 4.
Ақынның лирикасы жеке басының сезім иірімдерін, көңіл-күйін
жырлаумен шектелмей, қоғамға тән құбылыстар мен адамға тән мінез-
құлықтардың табиғатын ашуға, өмірдің қиын да күрделі тұстарын зерделеуге,
адам санасы мен ғалам байланысының сырлы жұмбақтарын тануға көмектеседі.
Мына заман, қай заман – залым заман,
Кешегіден бүгінгі халім жаман.
Үмітіміз күл болып көкке ұшты да,
Жігеріміз құм болды жалындаған.
Тағдырының тізгінін пері ұстаған,
Мына заман, қай заман – теріс заман?
Сайтан адам алшаңдап өмір сүріп,
Қорғалайды күн үшін періште-адам 6, 26, – деген Жүрсін ақын заманның
ащы шындықтарын терең барлап, батыл сөйлейді, еркін жырлайды, көркем
суреттейді.
Нешеме жыл өтсе де, неше ғасыр
Қарға қыран болмайды, есек – асыл.
Бір сілкінбей қойдың-ау, ей, ағайын,
Бүгін басыр көздерің кеше басыр.
Нұқымаған кім қалды, жекімеген,
Қозғалмайсың сен оған етіп елең.
Аят оқып аңырап отырасың
Перзентіңнің басында шетінеген.
Болғаны ма басыңа баянды азап?
Батыр сенің қасыңда қоян ғажап.
...Басыңа кеп мен азан шақырайын:
– Бастырылып жатырсың, оян қазақ! 6, 27, – деген ақынның осы бір
өлең жолдары ХХ ғасыр басында өмір сүрген алаш ақындарымен сарындас, рухани
тұтастықта жазылғандай әсер қалдырады. Жүрсін ақын атақты қазақ ақыны,
қайраткер М. Дулатовтың “Оян, қазағын” ХХІ ғасырда қайта тірілткендей. ХХ
ғасыр басындағы қазақ қоғамының “оянуы” мен “оятуға” ерекше еңбек еткен
қоғамдық ой-сана көшбасшыларының болмысына үңілу – бүгінгі ұрпақтың ең
басты парызы. Осыны терң түсінген ақын Алаш орда ақындарының идеясын шамасы
жеткенше өз жырларына тірек етіп ұстанады.
Жүрсін Ерман поэзиясындағы орны бөлек өлеңдерінің бірі – “Абайға мұң
шағу” топтамасындағы “Жиырма теңге”.
Абай аға, мен дел-сал болып тұрмын,
Жанарыңа сенің де толып тұр мұң.
Оқулықтан көретін дидарыңды
Енді ақшаның бетінен жолықтырдым, – дей келіп,
Түсінем ғой бәрін де...
Бірақ аға,
Не бетімді айтамын жыр – Анаға?
Енді сені жұмсаймыз шай-пұлға да,
Араққа да жұмсаймыз, сыраға да.
...Сенің құның болғанда жиырма теңге,
Менің құным көк тиын ағайынға!... – деген түйін жасайды. Осы сарындас
төбе шымырлатар қуатымен, шымыр шындығымен, поэтикалық типтілігімен көкейге
қона қалатын жырлар Жүрсін ақында аз емес. Ақынның мұндағы басты мақсаты –
оқырманының көкірегінде бұғып жатқан ойды ояту болса, ақын әрдайым осыған
ұмтылады, ақындық күш-қуатын осы жолға жұмсап отырады. адам бойындағы
табиғи нышандарға оқушы зейінін аудару арқылы асыл мен жасықтың ара жігін
ашып, нарқы мен парқын саралайды. “Ұлытаудан оралдым” атты ақын ағасы
Т. Молдағалиевке арнаған өлеңінде ол:
Бәйгеге жалғыз атын қосып інің,
Оралды Ұлытаудан осы бүгін.
Көңілге қаяу түскен жағдайы бар
Айырып қасы кімін, досы кімін.
Құлансың тауып жүрген жырақтан нәр,
Деп едің алдында інім, бір ақпан бар.
Шын екен.
Мені қайтсын,
Мен түгілі
Шалқадан Шоқанды да құлатқандар! – дейді.
Кейбір пенделік қылықтарға нали отыра, тағы бір тұста кейбір
кеуделердегі шайыр болып қалған татты шайып кетіріп, сананы сілкіп алып
отыратын от қызулы орнықты ойларға, нұрлы сезімге қарай қайта ойысады.
Қалай етсе де көлеңке мен күнгейлердің тізгінін тең ұстап, жақсылықтың
бәріне сүйңіндір де біледі, өмір сәнін кетірер келеңсіз құбылыстарға жирене
қарауға дағдыландырады. Жүрсін поэзиясындағы драмалық тартыстың терең
идеялық күш-қуаты міне, осында.
Ақын Жүрсін Ерманның тәуелсіздік кезеңіне дейін жазған дүниелері бір
төбе болса, еліміз егемендік алғаннан бергі шығармалары ақынның
шығармашылығының шыңы деуге болады. Ол тәуелсіздікке тәубе айтумен ғана
шектелмей, сол тәуелсіз елде белең алған кейбір келеңсіздіктерге жаны
ауыра, жанұшыра алаңдаушылық танытады. Өзінің азаматтығын таныта біледі.
Еркі өзінде егемен
Ел боламыз деген ең.
Жұрт бал жалап жатқанда
У ішемін неге мен?!
Кім басымды кеміткен,
Кім бөтенге теліткен?
өз қасығым аузымды
таба алмайды неліктен?!
Жан-жағына жалтақтап
Жасық қалай жол таппақ?
Жалпақ шешей боламыз
Қашанғы біз жалтақтап?! 6, 29.
Бұл – екінің бірі айта беретін жасық сөз емес, ақиқатты ғана айтар
ақынның аузынан ғана шығатын жасын сөз. Қазіргідей заманның тек жақсылығын
ғана жырлауды міндетім деп санайтын кейбір ақындарша керек кезінде бұғып
қалмай, турасын айтады. Тура сөйлеу, ақиқатты ғана айту – ақындықтың басты
шарттарының бірі болуға тиіс.
Тістей-тістей тілімді
Тілім әбден тілінді.
Атам қазақ туып па ең
Бұға бер деп ұлыңды?
Шырмауыққа шатылдық.
Сатып біттік. Сатылдық.
Қанжар жатса қалтада
Кімге дәрі татулық?
Тұз сепкендей жараға
Сөздің соңын сарала:
Доңыз үріп қораға,
Құл жүреді жораға 6, 30, – деген мұндай өлең жолдарынан дәл бүгінгі
уақыттың, яғни ақынның өзі өмір сүріп отырған орта, заман шындығы,
қоғамдық келеңсіз жайттар мен зиянды әрекеттер барынша анық көрінеді.
Ақын өлеңдерінің баршасы, негізінен, ойлары, сезімдері мұң кеткен
үздіксіз бұлқыныстағы лирикалық Меннің жүрек жарды ащылы-тұщылы
толғаныстарынан, монологтарынан тұрады. С.Мұқановтың: Менсіз ақын
оригиналды ақын бола алмайды. Мені жоқ ақын өмірдің әрбір көрінісін өз
жанының елегінен өткізіп, сол көрініске өзінің менін қоса жырлайтын ақын
10,336, – деген пікірін ескерсек, Жүрсін Ерманды өзіндік мені
қалыптасқан ақын деп айта аламыз.
Айбар болар алашқа таусылды ма ер
Намыс оты лапылдап, жансын жігер.
Көк байрақтың астында табысуға
Ата қазақ сен бізге дауысыңды бер!
Терезеңнің дауыс бер теңдігіне,
Керегеңнің дауыс бер кеңдігіне.
Дауысыңды бер тәуелсіз қазақстан
Еңсең түспес егемен елдігіңе!
Күтер болсаң арайлы таңды асыға,
Жығылмасқа тағы да жамбасыңа.
Дауысыңды бер, айбарлы Әнұранға,
Дауысыңды бер еліңнің таңбасына! 6, 133.
Әрине, ел мен жер тағдыры тек қана Жүрсін Ерманның қаламына ғана
серік болды десек қателсеміз. “Егер бүкіл Жерге сызат түсер болса, сол
сызат алдымен ақындардың жүрегін басып өтеді” деген екен Генрих Гейне.
Жүрсін жырларындағы тәуелсіз елдің арман-мұңы ақынның өзімен замандас
көптген ақындардың келелі тақырыптарының біріне айналды. Қазіргі
кезеңдерде Жүрсін ақынмен қанаттас, замандас болып, қатар келе жатқан: Ө.
Нұрғалиев, И. Сапарбай, Н. Оразалин, К. Ахметова, Т. Медетбек, С.
Иманасов, Р. Ниязбек, Ұ. Есдәулетов, Е. Раушанов, И. Ғайып, Н.
Айтұлы, А.Әлім, С.Адай, т.б. сынды көптеген ақындар бүгінгі тәуелсіз елдің
баянды болашағы, арманына арналған алуан-алуан жыр жинақтарын дүниеге
келтірді.
Мәселен, ақын К. Ахметованың тәуелсіздіктен кейінгі жылдарында
жазылған “Құт кітабындағы” өлеңдері Жүрсін ақынның ел, жер тағыдыры
турасындағы жырларымен үндес келетіндігін байқадық. Күләш ақынның
өлеңдеріне байыппен назар аударар болсақ, халық перзенті, елден үлкен
еместігі, оқырманмен бірге екендігі айқын аңғарылады. Мұны “Кездесу” деген
өлеңінен байқаймыз. Халқын сүю ,оның болашағына алаңдау қаламгердің ғана
емес.кез келген азаматтың міндеті ісі болса керек. Біреу өз сүйіспеншілігін
ерен еңбегімен, екінші біреу өнерімен дәлелдесе, ақын өлеңмен айтып
жеткізеді. Күләштің халқына деген махаббаты алабөтен.
Қазақты жамандама қазақ бала!
Халық қой қазақ деген, аз – ақ қана!
Мәңгілік Ай астында, Жер үстінде,
Қазақтың жанашыры қазақ қана!
Қамалдай беріктікті құт санайды,
Қасынан опасыздар шықса – қайғы.
Қазақтың бар болмысы бөлек, дара,
Тағдыры ешкімге де ұқсамайды 11, 17 бет, -
деп өз ұлтын қанатымен су сепкен қарлығаштай шыр-пыр болып қорғайды. Жас
ұрпаққа халқын қорламауды, елін кемсітпеуді насихат етеді.
Жүрсін ақын да адамның рухани бостандығын, елдің азаттығын, қоныстың
құттылығын көздің қарашығындай аялап, ұрпаққа аманаттайды. Ел, халық,
Отан, Жер деген қасиетті ұғымдарды қанына сіңіріп, жүрегіне құйып отырады.
Ақынның бүкіл шығармашылығының алтын арқауы да осы – адамгершілік
құндылықтар.
Жүрсін ақынның “Махамбет және біз” атты өлеңіндегі:
Жан бағуға жол тауып жарайтындай,
Ақиқаттың жатқанда бәрі айтылмай.
Біздің күйкі тірлікке исатайым
Тас төбемнен түнеріп қарайтындай!
...Өсекші өлең,
Отырсың сыр ақтартып.
Жақтырмайтын жанбыз біз сұрақты артық.
Махамбеттен – кететін бір-ақ тартып,
Бара жатыр арамыз жырақ тартып.
Күн өткізіп желікпен,
Сауықпенен,
Қызығымды сайраннан тауып келем.
Махамбетке ұқсасақ – арман қайсы,
Ұқсайтыным аз ба деп қауіптенем! 12, 31, – деуі жай айтыла салған
ой емес. Мұның астарында ақын орындайтын адалдыққа, жарасымды тірлікке,
еркіндікке алаңдау бар. Алаңдау неден туындайды? Өмірдің, адамдардың
алалығынан, әділетсіздіктің айқастыруын, жазықсыз жапа шеккен біреуден
жетімдік естуден туындайды.
Осындай ой, ақындық алаңдаушылықтарды, махамбет ақынға жүгінуді Жүрсін
ақынның замандасы ақын Н. Оразалин өлеңдерінен де кездестіреміз.
Уақыттың бүгінінде жасы келген...
Бұрыл!
Қара жолыңа басып өткен.
Ұлы Абайын сойылға жығып жұртты,
Махамбеттің семсерде басы кеткен 13, 52, – деген Н. Оразалин
мейірімнің соңынан ерген қатыгездік барын, өмірдің соңында өлім барын
ескере отырып, әділет пен адалдықты жеңу үшін, әркім өз қуатын жұмсауы
қажеттігін меңзейді.
Жүрсін ақын тағы да:
Көңіл қошы болғанда
Кей күні ағам:
– Махамбетке ұқсайсың, – деді маған.
Оңашада айнаға көз тастасам-
шынында да Махаңмын
Айнымаған.
Алдайды деп аңқаулау елімді кім
Жұртың үшін түн ұйқың бөлінді мың.
Махамбетті қинаған сол уайым
Иінімнен басады менің бүгін!, – деп Махамбетше толғанса, ақын
Н. Оразалин де:
Бәрі болдым...
Абай болып ауырдым,
Махамбет боп кештім талай ауыр түн.
Ай астында енді Нұрлан болып бір,
Мына тамыз,
Қараша – күз,
Сәуірдің,
Сөзін айтсам жарар еді дәуірдің?! 13,29, –
деп ақын тайсалмай Дәуірдің сөзін айтқысы келеді.
Қос ақын да өмірді өле сүйгендіктен де жастық жалынмен алты құрлықты
аралап, Махамбетше жарқылдайды, ғасыр жүгін көтермекке Абайша толғанады,
қалың қауымға Қасымша қарсы тұрады, замана зердесін Мұқағалиша бедерлейді.
Бұлайша ұлыларға ұқсау, ұлылардан үйрену жақсы-ақ... Сонымен бірге,
көптеген ақындардың поэзиясында Махамбет есімі хан-бектерден тайсалмайтын
батыр белгісінде, тарихи тұлға ретінде, адуынды ақын ретінде, тіпті ақынның
әділдік іздеп алдына жүгініп төрешісі ретінде де жиі көрініс табады.
Атақты сыншы В.Г. Белинский: “Ақын бәрінен бұрын адам, сонан соң өз
дәуірінің перзенті ”, - деген екен. Осы пікірге сүйенсек, Жүрсін
өлеңдерінде өз дәуірінің көзге көрінетін, кейде көрінбейтін неше алуан
құбылыстары сөз болады. Ақын өлеңінде егемен елінің ертеңіне алаңдаушылық
басым. Жүрсін Ерман поэзиясының басты тақырыптары – ел мен жер тағдыры,
адам мен оның еңбегі,елдік пен ерлік, уақыт пен кеңістік, дала мен қала,
жыл мезгілдері, ғашықтық ғаламаттары болып табылады. Оның лирикасындағы
ізденіс арналары – ауқымды да ағысты, тақырыптары – іргелі де мәнді,
көзқарас пен қолтаңба мәнерінен ақиқатты ту ету, шынайы шындыққа табан
тіреу айқын байқалса, мазмұн құрылымынан – ұлт пен ұрпақ мұраттарынан
адалдық, ел мен жерге берілгендік, адамдық істі ардақтау, кісілік пен
кішілікке ден қою, тарих пен танымға, дәстүр мен дінге, діл мен тілге т.б.
көркем де кемел, шебер де шешен жырлайтыны айқын танылады. Ақынның

еместігі, оқырманмен бірге екендігі айқын аңғарылады.
Қазіргі қоғамда адам, жер, әлем, орта, жеке адам тағдыры мәселелері
көтерілуде. Ақынның лирикалық туындыларында өмір шындығы және қаһарман
әлеміне кең орын беріледі. “...Адам бар жерде поэзия бар. Табиғаттың
таңғажайып құбылыстарын алдымен сезініп, алдымен ләззаттанып, алдымен
жиіркенетін де сол адам десек, ендеше поэзияның бүкіл болмысының өзі сол
адамның ақыл-парасаты мен сезім-түйсігінен жаралған. Демек, адамның
қатысуынсыз поэзия жоқ. Барлық табиғатымен өмірдің өзі тұнып тұрған поэзия
дейміз, алайда сол өмірді, сол керемет табиғатты көретін көз, сезетін сезім
керек. Демек, шынайы поэзия – адам сезімінің анатомиясы да, шын ақын соның
зертеушісі. Шынайы ақын - өз халқының шаттанса, шаттығы мен қуанышы;
жыласа, көкірек шерімен көз жасы”, - дейді ақиық ақын Мұқағали Мақатаев
өзінің “Қазақ жырының бір жылы” атты мақаласында 14, 215 .
Осы пікірде айтылғандай, ақын қай тақырыпты жырласа да барынша
шынайы, көркем жырлауды мақсат етеді. Ақынның байқампаз назарынан ешбір
құбылыс таса қалмайды. Әсіресе, өзі өмір сүріп отырған орта, заман шындығы,
қоғамдығы келеңсіз жайттар мен зиянды әрекеттер өлеңде барынша айқын
көрінеді.
Ақын Жүрсін Ерман творчествосын зерттей отырып, оның қазақ
поэзиясындағы өзіндік қолтаңбасы, өзіндік мінезі бар, өзіндік Мені бар
ақын екендігіне көз жеткіздік.
2. Ұлытау жырлары немесе Жүрсін Ерман поэзиясындағы туған жер тақырыбы
Ақын Жүрсін Ерман өлеңдерінің тақырыбы сан алуан, ол тақырып
таңдамайтын ақын. Алайда тақырыптың ақын шығармашылығындағы алар орны
ерекше екені белгілі. “Тақырыпты эстетикалық биік талғам деңгейінде
нанымды, сенімді игеру қаламгердің профессионалдық шеберлігіне, идеялық-
эстетикалық мұратына, дүниетанымдық көзқарасы мен творчестволық позициясына
тікелей қатысты” 15, 168, десек Жүрсін Ерман көтерген тақырыптың қай-
қайсысының да тереңнен сыр тартатындығы анық.
Адам баласының бүкіл жарық дүниеге, барша жанға деген жанашырлық,
сүйіспеншілік сезімі өзінің оймақтай ауылын,ес біліп, етек жапқанда көңіл
көзі түскен туған табиғатын жақсы көруден басталса керек. Өзінің аршасы мен
шыршасын, тобылғысы мен түзгінін кие тұтпаған адам басқаның ауласындағы
қайыңды қастерлей алмайды. Өз туған жерінің тауы мен жылғасын, құралайы мен
ұларын, наурызы мен қарашасын ақын керемет өрнектейді.
Қазақ поэзиясында, қазақ әдебиетінде өзіне ғана тән мақамы, қолтаңбасы
бар, бірақ “ақынмын, құдаймын” деп кеуде қақпайтын, өлең деген киелі
өлкеге ат басын аз бұрса да, саз бұратын Жүрсін ерман поэзиясы қазақтың сөз
түсінетін оқырманы, сөзді бағалай білетін оқырманы үшін қадірлі. Жүрсін –
аудармашы, журналист, айтыс өнерін қайта жандандырып, ұйымдастырушысы.
Ұлытауым, ұлығым,
ұлтым менің,
Ұран ілер басыңа бұлт
ілмегін.
Ұларыңды ойлама,
ұлыңды ойла,
Бауыры бүтін бар дейсің
бұл күнде кім,
Ұлытауым, ұлығым
Ұлтым менің, – деп жырлаған туған жері – Ұлытау Жүрсін Ерман
өлеңдерінің басты тақырыбы, негізгі лейтмотиві де. Оның “Ұлытауға бардың
ба?” атты жыр кітабы да бар.
Ұлытаудың ұлдары-ау, ұлытаудың,
Құлағыңа жете ме үні таудың?
Ұлар қашқан күндерді ұмыт аулым
Ұнжырғасы түспесін ұлы таудың!, – дейді ақын осы аттас өлеңінде.
Туған жер тарихы, атамекенге деген құрмет бәрі әдемі үйлесіп тұр.
Негізінен, Жүрсін ақынның бұл өлеңдерінде туған жерінің небір ғажап
сұлулығы әр қырынан суреттелмегенімен, ақынның кіндік қаны тамған жерге
деген сүйіспеншілігіне еріксіз назар аударасың. Барлығымызға бала кезден
таныс туған жерге деген сағыныш ақын санасында мәңгілік сақталып қалған.
Оған деген перзенттік сезімін ақын шынайы сүйіспеншілікпен жарқын жеткізе
алған. Біз де ақынмен бірге табиғаттың бойында ғана емес, өзгені де,
жанында болып жатқан құбылыстарды көреміз. Көңіл-күй, сезім – өлеңінің
негізі.
Жүрсін ақын Ұлытауды ақындық айшыққа айналдыра жырлайды. Ұлытау –
ұлттық символ. Жыр әлеміндегі Жүрсін соққан Ұлытау мұнарасы тым биік.
“Жүрсін Ерманның бүкіл болмысы – далалық болмыс” , – дейді сыншы А.
Егеубаев ақын поэзиясын талдай келе. Есіліп сөйлеп, көсіліп жүретін ортада
өскен оған қала тым тар, тым шектеулі. Даланың жөргегіне оранып, даланың
бесігінд бөленіп өскен оның жыры да, сыры да тіпті мұңы да – сол Дала” 16,
294.
Дала – қазақ поэзиясындағы символдық бейне. Дала мен қазақ әу бастан
егіз жаратылған. Бірінсіз екіншісін елестету мүмкін емес. Байқап қарасақ,
ұлт тарихында қандай да бір қырғын шайқастар болса, ол да Дала үшін,
ұлтарақтай жер үшін болыпты. “Дала – қазақ поэзиясының тақырыбы болудан
бүгінгі өлең тәжірибесіне сүйенсек, тым биіктеп кеткен. Дала – бір немесе
бірнеше ақынның емес, поэзиямыздың барлық буын өкілдерінің шығармаларына
өзек болатын, өздеріне шабыт беретін Муза, ақындық айдыны. Өйткені, дала –
грузиндердің тауы сияқты халқымыздың, ұлтымыздың символы. Халқымыздың
ұғымында дала кеңдік, кеңістікке баланады. Дала бейнесі символдық образ
күйінде қазақ мінезіндегі кеңдікті, кеңпейілдікті ғана еме, толайым
табиғатын тұтас, жаратылысын жан-жақты көрсете алады”, – дейді
әдебиеттанушы ғалым Б. Кәрібозұлы 17, 21.
От жақпаймыз күйелеш күл шығарып,
“Құдығымыз” көрген жоқ бір суалып.
Көршің итпен сөйлесіп отырады
Иланбасаң үйіне кірші барып.
Елдегілер еткенмен осыны аңыз
Біз ішінде жүрген соң – шошынамыз.
Төрт қабырға – қыстауың
Ал жаз шықса
Балкон деген жайлауға асғамыз.
Ие болар кезеңде бір атаға
Мейманыңа беретін құр атала.
Желдегенде бабарың – саяжайың,
Шөлдегенде табарың – сырахана 6, 294, –
деп жырлаған Жүрсін ақын туған жерге деген сағынышын өзгеше пішінде
білдіреді. Ақын өлеңдерін оқи отырып жетпісінші, тоқсаныншы жылдары қаз-
қалпында көз алдымызға елестетеміз. Сол жылдардағы көңіл-күй, сезім
оралымдары, туған жерге, ағайын-туғанға деген кіршіксіз махаббат, бейбіт
өмірге, бейқуат тірлікке деген қанағат әр өлеңінде жарасымын тауып әдемі
суреттелген. Әсіресе, туған жерге,туған ауылына арналған ақын өлеңдері
ерекше шабытпен жазылған. әр шумақтан, әр жолдан ақын жүрек сағынышы аңқып
тұрады. Оның жырында арзан сөз, құр жылтырақ кездеспейді, оның сағынышы
мүлде басқаша жолдар арқылы жеткізіледі. Шеберлік деген, міне осы.
... Өзінің жасап солай бар амалын,
Анашым айтушы еді жорамалын.
“Таза бас туған жердің топырағын,
Жете гөр қадіріне Жер – Ананың”
Көңілді бастық бүгін өрекпіген,
Білемін енді басқа деректі мен:
Ұшынған ұллы дәуір сырқатымен
Ұшықтау жердің өзін керек білем!, 12, 8 –
деп тебіренді ақын өзінің “Жерұшық” атты өлеңінде. Сол туындысында:
Құшақтап туған жерді жатқанымда,
Естуші ем жүрегімнің дүрсілдеуін, - дейді ақын. Өмірге, азаматтық
тағдырға өлеңмен кіріп, өлеңмен келе жатқан жанның сөзі.
Ақын жырларында көңіл-күй, сезім оралымдары, туған жерге, ағайын-
туғанға деген кіршіксіз махаббат, бейбіт өмірге, бейқуат тірлікке деген
қанағат әр өлеңінде жарасымын тауып әдемі суреттелген. Әсіресе, туған
жерге, туған ауылына арналған ақын өлеңдері ерекше шабытпен жазылған. Әр
шумақтан, әр жолдан ақын жүрек сағынышы аңқып тұрады.
Жүрсін Ерман жырларына тек қана Ұлытау ғана арқау болмаған. Оның туған
жер, отан, атамекен тақырыптарына өзек боларлық бірнеше жырлары бар. Атап
айтар болсақ, “Сауран”, “Сырдария”, “Гольфстрим”, “Ата жұртым Бескесік”,
“Жыңғылды көң”, т.б. сынды өлеңдерінде қазақ жерінің небір ғажайып
сұлулығы жыр арқауына айналған.
Аңсап ем айлар бойы бұл күнді мен,
Ақыры жеттім саған,
“Жыңғылды көң”.
Иіскесем шашақталған шырпыңнан бір
Жаныма болатындай мың күндік ем.
“Жыңғылды көң”.
Картада жоқ ондай ат.
Көңілден келесің тек жоғалмай-ақ,
Ей, інім, отырмысың ағаңды аяп?
...Байғыздар там ішінде жағы сембей
Бағыштап отырғандай маған да аят! 6, 93.
Ақын өзін толқытпаған жайды жазбайды. Тек тұла бойын шымырлатып өткен
күн, келер шақтарды елестетердей әсер берген құбылыс қана оның жүрек
қаламынан жыр туғызады. Осы көңіл дүниесінің қалт еткен қас-қағым сәтті
табиғаттың көңіл әлемімен көмкеріледі де, адам мен жаратылыстың бұл күнде
жер үстінен қашқақтап бара жатқан үйлесімін табады. Ақын шумақтарының
өзінен-ақ лирикалық кейіпкердің ішкі жан әлемін көреміз.
1.3. Жүрсін Ерман поэзиясындағы сезім сырлары
Ақын шығармашылығының негізгі, түп қазығы лирикадан танылады.
Лирикалық поэзияның күрделі де қуатты бай түрін жасаған ақынның ең әуелгі
ерекшелігі өмір шындығын көркемдік сатыға көтеріп, дамытып, қоғамдық
құбылыстардың қым-қиғаш күрделі суреттерін лирикалық туындының қысқа
қайырымды мазмұнына шеберлікпен сыйғыза алуында. Демек, лирикалық туындыға
тән әр сәтте жарқ еткен құбылыс пен сезім сәттерін шағын шумақтарға
сыйдырып, сырлы сөзбен сурет салу – ақын талантының бір ғана қыры. Жүрсін
Ерман стиліне тән осы қасиет ақын өлеңдерінің өмірінде бастан-аяқ байсалды
қалпын сақтап отырады. Образ жасауда ақынның өзіне ғана тән даралық сипат
ерекшеліктері барлығы аңғарылады. Қас қағым сәттік өмір көрінісі ақын
жырларында көркемдік әрді иеленіп, образдық суреттер тудырады. Ақын
кейіпкерлері қоғамның, заманның үнін танушы сан түрлі характерлі бейнелер
сапында көрінеді.
Поэзия мен махаббат – бір – бірінен айрылмайтын егіз ұғым. Сондықтан,
әр елдің әдебиетін, әсіресе поэзиясында көп ұшырасатын, мәңгілік тақырып –
махаббат. Бірақ, әр халықтың жан – дүниесінің құрылымына, әрбір ақынның ой
– түйсігіне қарай, махаббатты әркім өзінше жырлайды. Жүрсін ақын
поэзиясының басты ерекшеліктерінің бірі– оның адамгершілік, ар, намыс, сол
арқылы адамға деген сүйіспеншілік пен аяушылық, мейірім, махаббат
тақырыптарын үнемі қозғап отыруы.
Қазақ поэзиясындағы лирикалық тұлға проблемасын зерттеуші-ғалым
Тұрсынжан Шапай қазіргі әдебиеттану ғылымында жиі қолданылып жүрген
лирикалық қаһарман, ақынның мені сияқты ұғымдардың әрқайсысының өзіндік
сипатын анықтауға біршама еңбек жасады. Бұл турасында ғалым Өлеңдегі
лирикалық субьект орта дүниетаным, авторлық дербес сана көрінісі бола
отырып, әрқилы адамдық кейіп, мінез-қалып әлеуметтік-психологиялық түрлі
саналар арқылы айтылатын жайлар бар. Мәселен, ол өлең мазмұнына құрылысшы,
қойшы, ғашық жігіт, мұңлы қыз, қария немесе жас бала т.с.с. кейпінде
көрініп, әр қайсысы өз өрісімен парасат-пайым дәрежесінде ой толғап, сыр
шертуі мүмкін. Олар бәрін ақынның лирикалық тұлғасымен тұтастықты жеке
лирикалық кейіпкер деп қарауымыз әбден заңды. Ал енді ақын оқырман алдына
ешқандай лирикалық маскасыз шығып, нақты ақындық, адамдық болмысымен
көрініп, бүркемесіз өз атынан сөз алса ше? Ақындық мен атауын, біздіңше,
дәл осы жағдайда қолдану орынды 18, 16, - дейді. Сондай-ақ, лирикалық
тұлға – ақынның бүкіл шығармасындағы көп контексіндегі айқындалатын бейне
болса, лирикалық кейіпкер жеке фрагментаралық тексте, кез-келген жеке
лирикалық өлеңде көрініс тапқан авторлық дербес сананың көркемдік тұрпаты,
– деген ой айтады.
Ақын ой өлеңдеріндегі лирикалық кейіпкердің жан сыры жыл өткен сайын
жаңа сапада жаңғыра береді. Оның өлеңдері адам жанын әр сәттік жай-күйін
дөп басудың үлгісін көрсетеді.
Жүрсін лирикасындағы жиі кездесетін, көбірек жырланған тақырыптардың
бірі — адам өмірі, заман сыры, уақыт деңгейі, табиғат, достық, махаббат
туралы ойлар. Тақырыптық жағынан махаббат лирикасы – поэзияның ғасырдан-
ғасырға, ұрпақган-ұрпаққа жетіп, үздіксіз жырланып келе жатқан мәңгілік
тақырыптарының бірі. Осындай мәңгілік тақырыпқа ақын Жүрсін Ерман да қалам
тарпай қалмапты.
Таттым да бақыт бал дәмін,
өзімді өзім алдадым.
Сүймеген өмір – қасірет,
Сүйіп те тынши алмадым.
Патшамын, кейде пақырмын,
Аңызақ қинап аһ ұрдым.
...Махаббатымның шөлінде
Шөліркеп келе жатырмын.
Саған деген ынтық менің сезімім,
Аспан толған ауа сынды өлшеусіз.
Саған деген менің ықыласымды
Аңғармайсың–
Жұтқанындай ауаны 12, 18, – деп келетін дәстүрлі махаббат жжырлары,
сезім– сырлары Жүрсін ақында көп-ақ. Әдебиеттанушы-ғалым Асқар Егеубайдың
сөзімен айтар болсақ, “Сезім сахарасына енгенде сыбызғыдай сызылтып жыр
әуезінің өзгеше бір пернелерін термелеп өтеді. Душанбенің хош иісті жұпар
исі де, ұшақ терезсінен телмірген көктің зеңгір тұнығы да ақын жүрегін
шымырлатады. Ондайда әуезді өлеңді шашып-төгіп лақтырып тастай береді.
Баяғының сал-серісіндей. Өлең туса қағазға төгу, кестелеп шегу қиынға
түсетіндей” 16, 3.
Неміс философы Я.Ницще: Лирикалық образдары – ақынның өзінен басқа
ешкім де емес, тек бұл өлеңнің әр қилы формада обьективтенген тұрпаты,
сондықтан осынау ұлан ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz